Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорынның орны
1 Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
2 Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
3 Өндірістің экономикалық және әлеуметтік тиімділігі.
4 Кәсіпорынның негізгі капиталы

Қазақстан ТМД елдері арасында өндіріс деңгейін алға қоюға тырысқан алғашқы ел. 1999 ж бастап соңғы жылдары елімізде экономикалық және әлеуметтік даму тұрақты қарқында дамып келеді: ЖІӨ көрсеткіштері, нақты табыс пен тұрғындардың еңбек ақысы, өсіп, инфляция мен жұмыссыздық деңгейі төмендеді.
ҚР мұнай өнеркәсібі
Қазақстанның отын энергетикалық кешенінің экспортқа бағытталған салалары – мұнай және газ өнеркәсібі.
Бұл салалардың өзі тағы екіге бөлінеді: мұнай және газ өндіру және мұнай – газ өңдеу.
Қазақстан мұнай қоры бойынша әлемде 13 орында, ал өндіру көлемі жағынан 26 орында, ол 6 орынға дейін көтеріле алады.
Мұнайды экспорттау. Қазіргі кезде шетелге мұнай өңделмеген күйінде шығарылады, ал елге мұнай өнімдері көптеп әкелінеді. Бұдан қандай мәселені көруге болады: тасымалдаудың ең негізделген тиімді жолын табу және мұнайды қайта өңдеу мәселесі.

ДӘРІС КЕШЕНІ
1 тарау. Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорынның орны
1-тақырып (2 сағат).
Қазақстан Республикасы экономикасының даму сипаттамасы және оны мемлекеттік реттеу
Дәріс мақсаты - ҚР ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын, экономика салалары мен кешендерін, экономиканы мемлекеттік реттеу мен сыртқы экономикалық қызметті қарастыру
Дәріс сұрақтары
1. ҚР экономикасының даму жағдайы.
2. ҚР экономикасының салалық құрылымы
3. Экономиканы мемлекеттік реттеу
4. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері
1. ҚР экономикасының даму жағдайы
Қазақстан ТМД елдері арасында өндіріс деңгейін алға қоюға тырысқан алғашқы ел. 1999 ж бастап соңғы жылдары елімізде экономикалық және әлеуметтік даму тұрақты қарқында дамып келеді: ЖІӨ көрсеткіштері, нақты табыс пен тұрғындардың еңбек ақысы, өсіп, инфляция мен жұмыссыздық деңгейі төмендеді.
ҚР мұнай өнеркәсібі
Қазақстанның отын энергетикалық кешенінің экспортқа бағытталған салалары - мұнай және газ өнеркәсібі.
Бұл салалардың өзі тағы екіге бөлінеді: мұнай және газ өндіру және мұнай - газ өңдеу.

Мұнайды өндіруде қандай проблемалар бар: мұнай скважиналарын пайдалануды жетілдіру және мұнай өндірудің жетілдірілген технологиясын енгізу, Бузачи жартылай аралдағы жаңа кен орындарын игеруді тездету.
Қазірде Қазақстанда ірі мұнай шығаратын орындар: Теңіз, Карашығанақ, Өзен және басқалар.
Қазақстанның өнеркәсібінде салалық құрылымында ОЭК үлесі - 27,1%, оның ішінде мұнайгаз өнеркәсібі - 17,7% және мұнай өңдеу - 4,1%.
Мұнай өндіруде ҚР Статистика Агенттігі мәліметтері бойынша ТМД елдері арасында Ресейден кейін екінші орында, ал әлемдік қауымдастыққа кіретін 90 елдің ішінде бірінші отыздыққа кіреді. Қазір Қазақстан жылына 50 млн.т. шамасында мұнай өндіреді және оны 150 млн.т. дейін жеткізу мүмкіндігі бар.Ішкі тұтыну көлемі 20-25 млн.т. құрайды. Алайда көп өндіруді тасымалдайтын құбырлардың жеткіліксіздігі тоқтатып тұр. Мұнай өңдейтін үш зауыт бар, олар Атыраус, Павлодарс, Шымкент мұнай өңдеу зауыттары. Олардың үшеуінің қуаты жылына 19,4 млн.т. мұнай өңдейді..
2003-2015 жж арналған Индустриалдық инновациялық Стратегияда мұнай газ өндірісіне елеулі назар аударылған.
Қазақстан табиғи газ қоры бойынша әлемде он бесінші орында. Мамандардың бағалауы бойынша, 2015 жылға қарай газ өндіру 53,7 - 58,6 млрд.м3 жетеді деп болжануда.
Республика алдында табиғи газды т иімді пайдалану жөнінен екі негізгі мәселені шешу қойылған: газ экспортын өсіру және қазақстандық тұтынушыларды газбен тұрақты қамтамасыз ету. Оның бәсекелестері Узбекистан, Түркіменстан, Әзірбайжан Ресей, әзірше олар европалық нарықты қамтамасыз етуде.
Газ өнеркәсібіндегі негізгі мәселе - ішкі тұтынуды қам тамасыз етуде негізгі газ қорының батыс аймақта болуы, ал негізгі тұтынушылар Қазақстанның оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында және орталықта орналасқан.
Казахстан бүгінде газды Россия, Узбекистан, Туркмениядан импорттайды..
Копания ЗАО КазТрансГаз 2000 жылы құрылды, оның шаруашылық қызметі газды құбырлар арқылы тасымалдау, ішкі және сыртқы нарықта газды сату, республикада құбырларды жасау, қаржыландыру, салу, пайдалану. СП КазРОосГаз арқылы қазақстандық газ епропалық нарыққа шығарылуда..
ОЭК көмір, энергетика салалары да кіреді. Табиғи отын ресурстарының 47,9% мұнай және газ конденсаты алса, 40,7%-тас көмір, 11,4%- табиғи газ алады . Газ нарығында 66,9% меншікті газ өндіруден және 33,1 импорт газдан тұрады.
ТМД елдері арасында көмір қоры мен өндіру бойынша үшінші орында, халық санының жан басына шаққанда өндірілетін көмір санынан бірінші орында. Қазақстанның орталық аймағында (Қарағанды), Солтүстік Шығыс аймағында (Павлодар) - 96,2% көмір өндіріледі.
Геологиялық қоры 51 млрд.т., 40% шамасында кокстелетін көмір алады..
Қазақстан жалпы әлемдік экспортталатын көмірдің 3%-ын алады.
Электроэнергетика
Энергоресурстардың негізгі қоры республиканың Шығыс Қазақстан және Оңтүстік Қазақстанда гидроэнергетикалық өнеркәсібі, отын энергетикалық өнеркәсібі Солтүстік және Орталық Қазақстанда орналасқан.
Химия өнеркәсібі
Ауыр индустрияның бір бөлігі, халық тұтынатын тауарлар мен өнеркәсіп салаларына қажетті материалдарды өндіріледі.Негізгі бағыттары: фасфориттер мен фосфор тыңайтқыштарын өндіру, қара және түсті металлургияның күкірттік газдарын жою (утилизациялау), мұнай химия синтез өнімдерін өндіру, түрлі тұздар өндіру. Негізінен химия және мұнайхимия салалары дамыған.
Біріншісіне Тау химия өндірісі, негізгі (органикалық емес), органикалық химия, химикалық реактивтер; лак бояу, химиялық-фармацевтикалық, тұрмыстық химия, микробиологиялық химия
Екіншісі синтетикалық каучук, органикалық синтетика, мұнай өнімдері, техникалық көмірсутегі. Саланың негізгі кәсіпорындары: Актюбинский химический завод, Актюбинский завод хромовых соединений, горнохимический завод Каратау, Таразский суперфосфатный завод. Основное предприятие отрасли АОКазфорфат. Актауский завод пластмассовых изделий, АО Аралтуз, АО Павлодартуз и т.д.
Металлургия кешені
Кен өндіру мен металлургия өнеркәсібі Қазақстан экономикасының мұнай мен газ өнеркәсібі сияқты негізгі өнеркәсіп саласы болып табылады. Тау кен - металлургия кешеніне 70 тен астам кәсіпорындар мен ұйымдар кіреді.
Қазақстан экономикасы жылына 8,9 % өсті, бұл ТМД елдері және Шығыс Европа елдеріне ( РФ - 7,1%, Украина -5,3%, Венгрия-4,4%, Румания -3%, Польша-2,7 ) қарағанда әлдеқайда жоғары. Қазақстан экономикасының құрылымы қазіргі уақытта нарықтың құрылымға жақындап келеді.
Функционалдық мәнінде экономиканы өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар арасындағы өзара байланыстағы күрделі жүйе ретінде қарастыруға болады.
ҚР сыртқы экономикалық дамуы деңгеиі оның халықаралық қатынастар мен сыртқы экономикалық байланыстарға түсуін қажет етеді. Еліміздің ха еңбек бөлінісіне қатысуы өндіріс тиімділігін көтеруде маңызды рөл атқарады. Сондықтан да СЭБ ерекше көңіл бөлу қажет.
Қазақстандағы СЭБ мынадай халық шаруашылық тапсырмаларын шешуге мүмкіндік береді.
1) Экономикалық дамуды интенсивтілендіру мен оның тиімділігін көтеруге;
2) Өндіріс сапасын жақсартуға, өнеркәсіптің прогрессивті технологиялық және экономикалық қатынастағы салаларының өсу қарқынының жеделдеуіне, сонымен бірге халық шаруашылық құрымын жетілдіруге мүмкіндік туғызады.
Қазақстанда әлемдік экономикалық одақтастыққа ену үшін қажетті алғышарттардың бәрі бар: шикізаттық, өнеркәсіптік, алыл шаруашылық, кадр потенциялы мен еліміздегі қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығы.
Қазақстан әлемде 130 астам елмен байланыс жасайды. Қазақстан экспортының 40% астам ЕО ( Европалық Одақтастық ) елдеріне бағытталған.
Қазіргі уақытта Қазақстан экспорты құрылымдық шикізатпен толығуы алаңдаушылық туғызып отыр, ол әлемдік сауда тенденцияларына сай емес. Шикізат бағыты Қазақстанды әлемдік нарыққта қолайсыз жағдайда ұстап отыр
Сонымен бірге облыс минералды өнімдер сатып алады- 40%, машина құрал-жабдықтары мен транпорт құралдары -30%, металлургиялық өнімдер -10%, химия өнеркәсібі өнімдірі- 8 %.
Нәтижесінде импорттан экспорт басым бола отырып, 2003 ж сыртқы сауда балансының сальдосы қосылғаны байқалады. 2005 ж ол 307,4 млн. көлемінде болып, 2004 ж мен салыстырғанда ол 86 млн. - ға өскен.
1993ж біздің облыс экономикасына 745,7 млрд. тг. инвестиция тартылған. Негізгі үлесті Қарашығанақ алады. 2003 ж инвестиция көлемінің едәуір азайғаны байқалады. Бұл Қарашығанақ жобасының 2 этапының аяқталуымен байланысты.
2. ҚР экономикасының салалық құрылымы
Қазақстан экономикалық материалдық базасын күделі салалар кешені құрайды. Мұнда өнеркәсіп негізгі рөл атқарады. Өнеркәсіп материалдық өндірістің басты және жетекші саласы. Өнеркәсіп (әсіресе, ауыр индустрия ) экономикадағы ұдайы өндірісті ұлғайтудың негізі болып табылады. Ауыр индустрия озық технологиялар мен өнеркәсіптің өндірістің барлық сплаларын, ауыл шаруашылық транспорт, байланыс, құрылыс, сауданы жабдықтайды.
Өнеркәсіптің дамуы өндіргіш күштерді рационалды орналастыруға, еліміздің экономакалық аймақтарының дамуына, табиғи ресурстарды мақсатты пайдалануға алып келеді. Өнеркәсіп еліміздің қорғанысын күшейтудің негізі болып табылады, себебі ол қазіргі уақыттағы алдыңғы қатарлы барлық техника түрлерін шығарады.
Экономикалық бекітуіне қарай өндірістік өнеркәсіп 2 топқа бөлінеді:
oo Өндіріс құрал-жабдықтардан шығарушы салалар ( А тобы )
oo Тұтыну заттарын өндіруші өнеркәсіп ( Б тобы).
Республикада маңызды салалардың бірі мұнай айдау, оның үлесі өнеркәсіптік өндірісте -5% құрайды.
Мұнайды өндеу кеңінен үш аймақта шоғырланған:
ОҚО (43%) , Атырау облысы (28%) және Павлодар (25%),2000-2004 ж орташа 1 жылға өндіріс өсімі республикада 8,7%.
Өнеркәсіптік өнімдер өндірісінің өндірісі бойынша облысымыз республикада 1 орын алады 130,5%.
Өндіріс көлемінде ең үлкен үлесті тау кен өндірісі алады (86%). Бұл салада физикалық көлем индексі 133,8%. газ өндірісі есебінен болды.
Даму бағыттары біріншіден газ өндіруші өнеркәсіп пен машина жасау кәсіпорындары өсінуі байланысты.
3. Экономиканы мемлекеттік реттеу
Кәсіпкерлік іс-әрекет пен ел экономикасы дамуы белгілі бір деңгейде мемлекеттік саясатқа байланысты. Өзінің іс-әрекетімен мемлекет бұл процестерді жеделдетуі немесе мүлдем тоқтатып тастауы мүмкін.
Нарықтық экономика қолайлы артықшылықтарына қарамастан, барлық экономикалық және әлеуметтік процестерді тұтас қоғам мен әр адам мүддесіне қарай автоматты реттей алмайды. Ол табыстың әлеуметтік әділ бөлінуін қамтамасыз ете алмайды, еңбек құқығын кепілдендірмейді, қоршаған ортаны қорғауды көздемейді, қоғамның аз қамтылған тұрғындарына жәрдем ете алмайды.
Жеке бизнес қоғам мен мемлекеттік үшін өте қажетті, бірақ жоғарғы табыс әкелмейтін салалар мен жобаларға капитал салуға мүдделі емес. Нарықтық экономика және басқа да өзекті мәселелерді шеше алмайды. Сондықтан да кез-келген елде экономика қалыпты дамуы үшін мемлекет сәйкес жағдайларды қамтамасыз етуі қажет.
Мемлекет негізгі мынадай қызметтерді атқаруы қажет.
1. Құқықтық негіз жасау. Мемлекеттік меншік құқығын анықтаушы, кәсіпкерлік іс-әрекетті реттеуші, өнім сапасын қамтамасыз етуші заңдарды жасап қабылдайды. Құқықтық негіз көмегімен мемлекет кәсіпкерлік субъектілер арасында қатынастарды реттеуші заңды ойын ережесін бекітеді.
2. Елдегі құқық тәртібі мен ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Мемлекет әр азамат, тұтас қоғамның және нарықтық экономиканың барлық субъектілерінің құқығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуі қажет. Егер де мемлекет өзінің бұл қызметін тиісінше атқармайтын болса, елде қылмыстық жағдай дамуына мүмкіндік береді, мафия, коррупция, жемқорлық, сыбайластық және т.б. негативті жағдайлар кәсіпкерлік іс-әрекет, жалпы экономика дамуына кедергі болады.
3. Экономиканы тұрақтандыру. Тұрақтандыру дегеніміз - экономиканың тұрақты дамуы, яғни негізгі макроэкономикалық көрсеткіштердің оптималды ұстап тұру. Мысалы: Жалпы Ұлттық өнім(ЖҰӨ) көлемі, инфляция мен жұмыссыздық деңгейі, бюджет тапшылығы және т.б.
Экономиканы тұрақтандыруды қамтамасыз ету үшін мемлекет сәйкес фискальды, қаржы-несие, ғылыми-техникалық және инвестициялық саясатты жүргізу арқылы қолдағы бар барлық рычагтар мен әдістерді пайдалану қажет. Тек қана инфляцияның өзінің мынадай кері әсері бар:
- ұлттық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін төмендету, бұл төлем балансы тапшылығы, өнеркәсіп өндірісі төмендеуі, жұмыссыздық өсуіне алып келеді;
- ақшаның шет елге кетуі, әсіресе шет ел валютасы;
- валюта девальвациясы, ол импорттық тауарлар бағасы өсуіне алып келеді;
- азаматтар жинақ қорларының құнсыздануы;
- инвестициялық белсенділікті төмендету;
4. Әлеуметтік қорғау мен әлеуметтік кепілдікті қамтамасыз ету.
Мемлекет белсенді әлеуметтік саясат жүргізуі керек. Мұның мәні барлық жұмыс істеушілерге ең төмен еңбекақыны, жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны, зейнетақыны және т.б. аз қамтылған азаматтарға көмекті қамтамасыз ету.
5. Бәсекені қорғау. Нарықтық экономикада бәсеке ең негізгі реттеуші құрал болып табылады. Ол экономиканы барлық сферасындағы прогресс негізі. Бәсеке жағдайында сатып алушылар-қожайын, нарық қызметшісі. Монополия жағдайында бұл күрт өзгереді де, сатып алушылардың қызметіне айналады.
6. Шаруашылық заңдылықты жасау, қабылдау және оның орындалуын ұйымдастыру, кәсіпкерліктің құқықтық негіздерін, салық салу, банк жүйесін құру. Бұл қызметтерін орындау үшін мемлекет қолда бар барлық рычагтары мен әдістерін пайдаланады.
Мемлекет экономикаға, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар болған жағдайда араласады. Олар позитивті немесе негативті болуы мүмкін. Мемлекеттің экономикаға араласу жағдайларына мыналар жатады: ұлтық қауіпсіздік талаптары, қоғамдағы әлеуметтік қиындықтар, экономикадағы негативті құбылыстар(өндіріс құлдырауы, инфляция, жұмыссыздықтың жоғары деңгейі, бюджет тапшылығы, әлемдік нарықта отандық тауарлардың бәсекеге қабілетсіздігі, инвестициялық құлдырау), қоршаған ортаның ластануы.
Жағдайлары мен алғышарттарын білу мемлекет араласуына толық шарт емес, ол сонымен бірге мемлекет сапалық жағдайын бағалайтын критерий, белгілерін білуі керек.
Жұмыссыздық. Бұл нарықтық экономиканың бөлінбес элементі. Оның жұмыс күні деңгейінің 4-6 болуы қалыпты саналады, жұмыссыздықтың табиғи деңгейі болып есептеледі. Табиғи фрикциондық және құрылымдық жұмыссыздық жатады. Бұл жұмыссыздық тиімді жұмыс іздеумен, маусымдық үзіліспен, мамандыққа деген сұраныс өзгеруімен сипатталады. Сондықтан мемлекет мұндай жұмыссыздықты оның табиғи деңгейінен асқанда ғана реттеуі қажет.
Инфляция. Инфляция дегеніміз - тауарлар мен қызметтерге бағаның өсуі, ол жұмыссыздықтан да күрделі құбылыс. Тауарлар мен қызметерге баға әрқашан тұрақты болмағандықтан да, инфляция әлемнің барлық еліне тән. Сондықтан да белгілі бір деңгейге дейін ол өте қауіпті емес. Мемлекеттің қолданатын шаралары инфляция деңгейіне байланысты болады. Инфляцияның 2 типін көрсетуге болады: сұраныс инфляциясы; өндіріс шығындары өсуімен немесе жиынтық ұсыныс төмендеуімен байланысты инфляция.
Бюджет тапшылығы. Бюджет тапшылығы дегеніміз - мемлекет шығындарының оның табысынан артып кетуі. Мұның белгісі ретінде жалпы ұлттық өнімдегі тапшылық үлесі алынады.
3. Мемлекет өзінің қызметін орындау мен экономиканы реттеуде әкімшілік(тікелей) және экономикалық(жанама) әдістерді пайдаланады. Нарықтық экономикасы дамыған елдердің әлемдік тәжірибесі экономиканы реформалауда (кризис) дағдарыс жағдайында мемлекет ролі төмендейтінін көрсетті. Кез-келген жағдайда мемлекет кәсіпкерлік іс-әрекетке әсер етуде басты ережені ұстануы керек нарықтық негізді бұзып алмауы қажет. Кәсіпкерлік іс-әрекетті мемлекеттік реттеудегі экономикалық әдістер әкімшілік әдіске қарағанда неғұрлым тиімді келеді. Экономиканы реттеудегі мемлекеттің негізгі рычагтары мыналар: салықтар, табыс пен ресурстарды қайта бөлу, баға қалыптастыру, мемлекеттік іс-әрекет, несие-қаржылық механизмдер т.б.
Егер де экономикалық әдістер өз нәтижесін бермеген жағдайда мемлекет әкімшілік әдістерді қолдануға мәжбүр болады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей әкімшілік әдістерді мына облыстарда қолдану тиімді:
- табиғи мемлекеттік монополия (негіздік ғылым, қорғаныс және т.б.)
- қоршаған ортаны қорғау және ресурстарды пайдалану;
- сертификаттау, стандарттау, метрология;
- әлеуметтік саясат: кепілдендірілген төменгі еңбекақы; жұмыссыздыққа жәрдемақы және т.б.
- сыртқы экономикалық іс-әрекеттер (экспортты лицензиялау мен несиелендіру, импортты мемлекеттік бақылау);
Мемлекеттің фискальдық саясаты.Мемлекеттің фискальдық саясаты дегеніміз - экономиканы тұрақтандырып дамыту мақсатымен мемлекеттік бюджетпен салық салуды реттеу.
Өндіріс құлдырауы кезінде жиынтық сұранысты арттыру үшін мемлекет қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға және түрлі мемлекеттік бағдарламаларды жүргізу шығындарын арттырады. Экономиканы көтеру үшін мемлекет тұрғындар мен кәсіпорындарға салықты азайту арқылы әсер етеді. Бұл жағдайда тұрғындардың тұтыну бұйымдарына сұранысы артады, кәсіпорындар қаржысының негізгі бөлігін инвестицияға жұмсайды, нәтижесінде экономика тұрақтанады.
Мемлекеттік шығындардың төмендеуі кей жағдайларда мемлекеттік бюджет тапшылығына әкеледі, бұл инфляциялық процестерді тежейді.
Мемлекеттің фискальдық саясаты ең біріншіден экономикалық ауытқуларды реттеуге бағытталған.
Қаржы-несие саясаты. Қаржы-несие саясаты дегеніміз - мемлекеттің банк процентін,ақша массасын мақсатты басқару. Бұл саясаттың мәні мемлекет ақша массасы мен проценттік ставкаға әсер етеді, ал олар тұтынушы мен инвестициялық сұранысқа әсер етеді.
Қаржы-несие саясатын жүргізуде Қазақстанның орталық банкі басты роль атқарады. Қалыптасқан экономикалық жағдайға қарай проценттік ставканы реттей отырып, ол коммерциялық банктерге несие беру мүмкіндігін молайтады немесе кемітеді.
Мемлекет экономика өсуімен инфляцияға құнды қағаздарды сату мен сатып алу арқылы әсер етеді. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей ақша-несие саясаты мен бюджеттік саясат мемлекетпен бірге және байланысты жүргізілуі керек. Сонда ғана ол ел экономикасы мен кәсіпкерлік іс-әрекетке тиімді әсер етеді.
Ғылыми-техникалық саясат. Ғылыми-техникалық прогресті жеделдету экономиканы көтеру мен елімізді қуатты-индустриалды мемлекетке айналдырудың маңызды факторы. Мысалы, Жапонияның әлемдегі ең алдыңғы қатарлы позицияға шығуы аз мерзім ішінде осы ҒТП негізделген мақсаттық мемлекеттік саясатты жүргізуге байланысты.
Мемлекеттің бірыңғай ғылыми-техникалық саясаты дегеніміз - ғылым мен техниканың кешенді дамуын қамтамасыз ететін, оның нәтижелерін халық шаруашылығына енгізуге бағытталған шаралар жүйесі.
Қазіргі уақытта қоғам мойындаған ғылым мен техника дамуының мынадай бағыттары бар: өндірісті кешенді автоматтандыру, халық шаруашылығын электрлендіру, жаңа материалдар мен олардың өндірісінің технологиясын жасау, биотехнология, атом энергетикасы және т.б. Бірыңғай ғылыми-техникалық саясатты жүргізу үшін мемлекет негізінен мынадай құралдарды пайдаланады: білім беру мен академиялық ғылым сферасын мүмкіндігінше қаржыландыру, прогрессивті амортизациялық және инвестициялық саясаты.
4. Кәсіпкерлік: нысандары мен түрлері
Нарықтық қатынастар көпдеген адамдардың өз ісіне деген табиғи ұмтылуды тудырып, өздерінің меншіктерін артыра түседі. Ең соныңда бұл қызметтің ерекше түрі- кәсіпкерліктің пайда болуына әкеп соғады.
Оның көмегімен адмдар тәуекелге бел буып, мүлікті жауапкершілікті сақтай отырып, пайда табу жолын көздейді. Кәсіпкерлікті шығармашылық күш-жігерді жүзеге асыруға, экономикалық және ұйымдастыру ісіне тапқырлыққа, жанашылыққа байланысты. Кәсіпкерлікті жаңа тұрғыдан түсіндіргенде мынадай екі жағдайға: біріншіден, коммерциялық бағыт-бағдарға, тәуекелге бел буушылық пен дертікке, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге, кездескен кедергілерді жеңе білуге; екіншіден, экономикада, ұйымдастыру ісінде тапқырлық пен жаңашылдық танытуға, ғылыми-техникалык прогреске жетуге тікелей қатысты.
Кәсіпкер қабылданған заңға қайшы келмейтін қызметтін қандай да болмасын түрімен айналыса алады. Олар: шаруашылық-өндірістік, сауда-көтерме сату, жаңартпашылық, көрсетілетін концултациялық және комерциялық делдалдық, сол сияқты құнды қағаздар операциялар.
ҚазақстанРеспубликасында кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:
* Қазақстанның азаматтары;
* Шетел мемлекетінің азаматтары;
* Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы).
Кәсіпкердің мәртебесі заңды және занды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердін кепілдіктері ұлттық зандармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының реттелетіндер:
* Кәсіпкерлік қызметпен айналысуқұқығы, кәсіп-орындар құру және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;
* Барлық субъектілердің рыногтағы материалдық, еңбек, ақпарат және табиғи ресурстарға қол жеткізудің тедік құқығы;
* Меншік түрлеріне және ұйымдастыру-құқықтық формасына қарамастан кәсіп орын қызметінің тендік жағдайы;
* Кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
* Кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін тандау;
* Нарықтық манополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төмен беру өзгешілігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерцйялық және оржылық болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіне ерекшелігі, өзгешілігі, демек өзіндік технологиясы болады.
Өндірістік кәсіпкерлікке-тұтынушылардың кейінен сатып алуына тиісті өнім өндіру, жұмыстар жүргізу және қызмет көрсету, жинау, өндеу және ақпарат беру, рухани құндылық жасау тағы тағыларға бағытталған қызметтер жатады.
Өндірістік кәсіпкерліктің мүделік өрісі едәуір түрліше және оны іске асыру үшін қаржылық және материалдық ресурстар, ал кейде олар көп мөлшерде қажет болады. Өндірістік кәсіпкерлік қызметінің нәтежесі мол өнім өндіру және оны сату мүмкіндігі болып табылады.
Комерциялық кәсіпкерлікке - қызмет түрін сипаттайтын, оның мазмұның мәнің анықтайтын тауар-ақша қатынастары, тауар-айырбастау операциялары жатады. Мұның өндірістік кәсіпкерліктен айырмашылығы - мұнда өнім өндіруге - байланысты өндірістік ресурстарды қамтамасыз ету қажеттілігі тумайды. Технологияның бастапқы сатысы ретінде, не сатып алу, нені қайта сату жәнеқай жерде екенің таңдай білу қажет. Бұл мәселелерді іске асыру, ең алдымен тауар бағасының өткізу бағасы жағдайында көтерме сатып алу бағасы елеулі жоғары болуы керек екеніне сүйену қажет.
Қаржылық кәсіпкерлік - комерцйялық кәсіпкерліктің бір түрі, солай болғандықтан оның сатып алу, сату объектісі айрықшылығы - тауар болып есесптеледі: ақшалар, валюта, құнды қағаздар (акциялар, облигациялар, вексельдер, кепілдіктер және т.б), яғни бірдей ақшаларды сату тікелей немесе жанама формада мүргізіледі. Солай болғандықтан қаржылық кәсіпкерлік - бұл комерцияның бір түрі, онда қаржылық кәсіпкерінің технологиялық мәмілесі комерциялық технология мәмілесімен ұқсас болады, айырмасы тек тауар-қаржы актифті болып саналады.
Кәсіпкерлік, жоғарыда айтылғандай, кәсіпорынның экономикалық дамуының маңызды факторы. Сонымен бірге ұлттық экономиканы одан әрі дамытуға да аса басты ықпал етеді. Сонғысын мына жағдаймен түсіндіріге болады:кәсіпкерлік өзінің мәнін жеке түсіну негізінде (әрбір азаматтың өзінінң материалдық жағдайын одан әрі жақсартуға талаптануы) шағын және орта бизнесті дамыту формасы арқылы жалпы тудырады.
Шағын кәсіпорынның ел экономикасындағы рөлі аса үлкен. Біздің республикадағы шағын кәсіпкерліктің үлесі кезде 90%-ке жетеді.
2000 жылдың 1 қантарындағы мәлімет бойынша республикадағы 372 мыңан астам шағын кәсіпкерлік жұмыстары қамтылғандардың саны - 1,4 ммлн. Адамды құрады.
2-тақырып (2 сағат)
Кәсіпорын шаруашылық объектісі ретінде
Дәріс мақсаты- кәсіпорынның шаруашылық объектісі ретіндегі атқаратын қызметін, өндірістік құрылымын қарастыру.
Дәріс сұрақтары:
1. Кәсіпорын: мәні, оның міндеттері және құрылу тәртібі
2. 2 Кәсіпорын түрлері.
3. Кәсіпорынның өндірістік құрылымы және оған әсер ететін факторлар
4. Өндірісті ұйымдастыру түрлері (типтері)
5. Өндірістік бағдарлама және оның көрсеткіштері
0.1 Кәсіпорын: мәні, оның міндеттері және құрылу тәртібі
Кез келген елдің экономикасы ұлттық шекара шеңберінде өзара байланысты салаларды біріктіретін кешенді білдіреді. Экономика деп қолда бар шектеулі ресурстарды барынша тиімді пайдалануды айтады. Қандай да бір экономиканың негізін өндіріс құрайды. Өндірісте экономикалық өнім өндіріледі, атап айтқанда, кәсіпорында өнім өндіріледі, жұмыстар жасалады, қызмет көрсетіледі, яғни тұтынудың негізі жасалып, ұлттық байлық көбейтіледі, жұмыскерлер өндiрiс-құрал-жабдықтарымен тығыз байланыста болады.
Кәсiпорын деп пайда алу және оны көбейту мақсатында бәсекеге қабілетті тауарлар мен қызметтердi өндiрумен, өткiзумен айналысатын заңды түрде құрылған дербес шаруашылық субъект немесе заңды тұлғаларды айтады.
Кәсіпорынның басты мақсаты барынша жоғары пайда алу. Осы мақсатқа жету үшін кәсіпорын алдына төмендегідей міндеттер қойылады:
қолда бар өндірістік мүмкіндіктерді пайдалана отырып сұранысқа сай және жоғары сапалы өнім шығырып, қызмет көрсету және оны жүйелі түрде жаңартып отыруы қажет;
өндірістік ресурстарды ұтымды пайдалану;
кәсіпорынның стратегиясы мен тактикасын жасау және жағдайлардың өзгеруіне қарай оған түзетулер енгізу;
өндіріске, еңбекті ұйымдастыруға және басқаруға алдыңғы қатарлы жаңалықтарды енгізіп отыру;
кәсіпорын жұмыскерлерінің жағдайын жасау, олардың біліктілігін арттыру, еңбек ұжымындағы әлеуметтік-психологиялық ахуалды жоғары деңгейде ұстауы қажет.
Кәсіпорын коммерциялық, яғни пайда алуға бағытталған, оның пайда табуға ұмтылмайтын коммерциялық емес ұйымдардан айырмашылығы осында.
Коммерциялық ұйым деп өз қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс келтіруді көздейтін ұйымды айтсақ, ал мұндай мақсат ретінде табыс келтіре алмайтын және алынған таза табысын қатысушыларына үлестірмейтін ұйым коммерциялық емес ұйым деп аталады. Коммерциялық ұйымдар мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив нысандарында ғана құрыла алады. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға мекеме, қайырылымдылық қорлар, қоғамдық бірлестік, тұтыну кооперативі, қоғамдық қор, діни ұйымдар нысандарында құрыла алады және басқа қорларды, қоғамдық бірлестіктер, діни ұйымдар және т.б. жатады.
Қазіргі заманғы кәсіпорын - күрделі ұйымдасқан құрылым. Нарықтық экономика жағдайында өнеркәсіптік кәсіпорынды ұйымдастырудың үш негізгі бағыттарының маңыздылығы арта түседі. Олар:
- өндiрiстi ғылыми ұйымдастыру;
- еңбектi ғылыми ұйымдастыру;
- басқаруды ғылыми ұйымдастыру.
Өндiрiстi ғылыми ұйымдастыру кәсiпорында ұтымды техникалы-технологиялық жүйе құру мақсатында жүргізіледі. Бұл сенiмдi әрi тиiмдi жұмыс жасайтын өндiрiстiк құрал-жабдықтар мен технология, сондай - ақ, жұмыскерлердiң техникалы-ұйымдастырылған өзара байланыстарын айтуға болады.
Еңбектi ғылыми ұйымдастыру - ұжымда дұрыс қалыпты қарым-қатынас орнату. Оған жоғары өнiмдi, тиiмдi шығармашылық еңбек ету үшiн жағдайлар жасау бойынша шаралар жүйесi кiредi. Бiрақ еңбектi ғылыми ұйымдастыру мүмкiншiлiктерi кәсiпорынның техникалы-технологиялық жағдайына, оның қаржылық және экономикалық активтерiмен шектелген.
Басқаруды ғылыми ұйымдастыру - бұл кәсiпорынның материалдық кiшi жүйесi мен адам ресурсына мақсатты түрде әсер етуiн қамтамасыз ететiн техникалық, экономикалық және гуманитарлық жүйе. Ол моральдық-технологиялық, экономикалық әсер алу мақсатында жоғарыда айтылған жүйелердің өзара байланысуына ықпал етедi.
Кәсіпорынның құрылу тәртібі:
Кәсіпорын құрылмастан бұрын бірқатар кезеңдерден өтеді. Ең басында құрылғалы отырған жаңа кәсіпорын құрылтайшыларының құрамы анықталып, құрылтай құжаттары жасалады: кәсіпорынның жарғысы, кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық нысаны көрсетілген, кәсіпорынды құру және оның қызметі туралы келісім. Сонымен қатар қоғам директоры мен ревизия комиссиясының төрағасын тағайындау жөніндегі қатысушылар жиналысының хаттамасы жасалады.
Бұдан кейін банкте кәсіпорынның уақытша есеп шоты ашылады, оған кәсіпорын тіркеуден өткеннен кейін отыз күннің ішінде жарғы қорының 50% түсу керек. Кәсіпорын қандай салада, қандай қызметпен айналысатынын нақты белгілеп, оны тіркелген кезде берген өтінішінде анық көрсетеді.
Кәсіпорын жергілікті билік органдарында тіркеледі. Тіркелу үшін төмендегідей құжаттар тапсырылады:
1. тіркелу жөнінде құрылтайшының немесе құрылтайшылардың өтініші;
2. кәсіпорынның жарғысы;
3. кәсіпорын құру туралы шешім (құрылтайшылар жиналысының қаулысы, хаттама №1 );
4. кәсіпорын құру және жұмыс жасау жөніндегі келісім;
5. мемлекеттік жарнаны төлегендегін растайтын куәлігі.
Жергілікті билік органдарынан (ҚР Әділет департаменті) тіркелгені жөніндегі куәлікті алғаннан соң жаңа кәсіпорын жөнінде барлық құжаттар ҚР Қаржы министрлігіне кәсіпорындардың Мемлекеттік реестріне тіркеу үшін жіберіледі.
Қорытынды кезеңде құрылтайшылар өздерінің салымдарын толықтай жасап, банкте тұрақты есеп шотын ашады. Жергілікті салық департаментінде тіркеліп, кәсіпорынның дөңгелек мөрін және бұрышты штампқа тапсырыс беріп, алады. Осыдан кейін жаңа құрылған кәсіпорын дербес заңды тұлға ретінде өз қызметін бастайды.
1.2 Кәсіпорын түрлері.
Кәсіпорындар меншік жағдайына байланысты: мемлекеттік, жеке, кооперативтік, ұжымдық болып бөлінеді.
Мемлекеттік кәсіпорындарға шаруашылық жүргізу құқығына және оралымды басқару құқығына негізделген (қазыналық кәсіпорын) кәсіпорындар жатады. Мемлекеттік кәсіпорынның мүлкі бөлінбейді және оны салымдар (үлестер, жарналар) бойынша, соның ішінде кәсіпорын қызметкерлерінің арасында бөлуге болмайды. Мемлекеттік кәсіпорын уәкілетті мемлекеттік органның шешімі бойынша құрылады, таратылады және қайта ұйымдастырылады. Мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық капиталының мөлшері оның құрылтайшыларымен анықталады. Бірақ, берілетін кәсіпорындар мүлкінің жалпы құнынан артпауы қажет және кәсіпорындарды мемлекеттік тіркеу күніндегі белгіленген 10000 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем болмауы керек.
Шаруашылық жүргізу құқығына негізделген кәсіпорын өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлкімен жауап береді. Ол мемлекеттің міндеттемелері бойынша жауапты болмайды және мемлекет те оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Мұндай кәсіпорын мүлікті иеленеді, пайдаланады және өкім етеді және меншік иесі кәсіпорынды құру, қайта ұйымдастыру және тарату, оның қызметінің мақсаттары мен пәнін анықтау, мүліктің сақталуы мен пайдалануын бақылауды жүзеге асыру мәселелерін шешеді, сондай-ақ, табыстың бір бөлігін алуға құқығы бар.
Оралымды басқару құқығымен мемлекет мүлкіне ие болған кәсіпорын қазыналық кәсіпорын деп аталады. Ол Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша құрылады. Оралымды басқару құқығына негізделген кәсіпорынның фирмалық атауында кәсіпорынның қазыналық болып табылатындығы көрсетілуі тиіс. Қазыналық кәсіпорын меншік иесінің тапсырмалары мен өз қызметінің мақсаттарына сәйкес мүлікті иеленеді және пайдаланады. Ол меншік иесінің келісімімен ғана мүлікке өкім ете алады. Егер құқықтық актілермен өзгеше белгіленбесе қазыналық кәсіпорындар өнімді өз бетінше сатады. Мемлекеттік кәсіпорындардың жарғылық қоры мемлекеттік тіркелгенге дейін меншік иесімен толық төленеді. Егер қаржылық жылдың аяғында таза активтердің құны жарғылық қордың мөлшерінен аз болса, онда уәкілетті орган жарғылық қорды азайтуға міндетті және бұл туралы кәсіпорын кредиторларына хабарлауы тиіс. Мемлекеттік кәсіпорындар оған шаруашылық жүргізуге мүліктің бір бөлігін беру жолымен еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруы мүмкін.
Өндіріс кооперативтері - азаматтардың еркін түрде біріккенін білдіретін заңды тұлға. Өндірістік кооператив азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызметі үшін мүшелік негізде олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі. Кооперативтің құрылтайшылары екеуден кем болмауы тиіс. Өндірістік кооператив заңды тұлға статусын иеленеді және міндеттемелері бойынша қосымша (жәрдем беру) жауапты болады. Өндірістік кооперативтер мүшелікке кіру мен шығудың еркіндігі, мүліктік (пайлық) жарна енгізу міндеттілігі, басқарудың демократиялылығы, өзара көмек және оның мүшелелері үшін экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету, өндірістік кооперативтің қызметі туралы ақпаратқа қол жетушілік сияқты қағидалар негізінде жұмыс істейді. Өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары бастапқы капиталды қалыптастырады және кооператив қызметін құру мен ұйымдастыруға, сондай-ақ, шығындарды жабуға арналады. Өндірістік кооперативтердің жарғылық қоры мен резервтік қорының мөлшері жарғыда белгіленеді. Егер өндірістік кооперативтің жарғылық қоры оның мүліктік жарналары негізінде қалыптасса, резервтік қоры жыл сайынғы табыстан аударымдар жасау арқылы құрылады. Сонымен бірге, өзінің өндірістік - шаруашылық қызметі мен әлеуметтік дамуына өзге де ақшалай және материалдық қорлар құра алады. Өндірістік кооперативтің ерекше қасиеттерінің бірі оның мүшелерінің жеке еңбектік қатысуы болғандықтан - таза табысы да кооператив мүшелері арасында еңбекке қатысуына сәйкес бөлінеді. Өндірістік кооператив таратылса немесе кооператив мүшесі одан шығатын болса өз пайын бөліп ала алады. Өндірістік кооператив өз мүшелерінің шешімі бойынша шаруашылық серіктестік болып қайта құрылуы мүмкін.
Жеке кәсіпорындар жеке меншік құқық негізінде жұмыс жасайтын кәсіпорындар. Жеке кәсіпорын азаматық мүлкінен, алынған табыстан, несиеден және басқа да заңды көздерден құралады.
Ұйымдастыру - құқықтық формаларына байланысты: серіктестік, акционерлік қоғам, өндірістік кооператив, мемлекеттік, жеке, жанұялық, т.б. болып бөлінеді.
Шаруашылық серіктестік деп жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйымды айтамыз. Шаруашылық серіктестіктер толық серіктестік, сенім (командиттік) серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік және қосымша жауапкершілігі бар серіктестік нысандарында құрыла алады.
Толық серіктестік шаруашылық серіктестіктердің негізгі нысандарының бірі болып табылады. Толық серіктестік деп мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестікті айтамыз. Толық серіктестіктің қатысушысы - серіктестіктің борышы бойынша оған өзі кіргеннен кейін немесе кіргенге дейін пайда болғанына қарамастан жауап береді.Толық серіктестікке қатысушының өз үлесін (үлесінің бір бөлігін) оның басқа қатысушыларына немесе үшінші жақтарға қалған барлық қатысушылардың келісімімен ғана беруге болады.
Серіктестіктің тағы бір нысаны - сенім (командиттік) серіктестігі. Серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушыларымен қатар, серіктестіктің мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын қатысушыларды да енгізетін серіктестік сенім серіктестігі деп аталады. Сенім серіктестігінің ісін басқаруды толық серіктестер жүзеге асырады. Ал салымшылардың басқаруға қатысуға,сондай-ақ сенімхат болмаса оның атынан әрекет жасауға құқығы жоқ. Ол толық серіктестіктің қатысушысы бола алмайды..
Сенім серіктестігінің жарғылық капиталы оның қатысушылары - толық серіктестер мен салымшылар салатын салымнан құралады және қатысушылардың жарғылық капиталға салымдарын енгізу сәтінде 50 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек. Сондықтан жарғылық капиталдағы салымшылардың үлестерінің жиынтық мөлшері 50%-дан аспайды. Ал, жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері 100 айлық есептік көрсеткіш болып белгіленген.
Серіктестіктердің ішінде кеңінен тараған және едәуір қолайлы нысаны жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп - бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестікті айтамыз. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты залалдарға өздерінің қосқан салымдарының шегінде тәуекел етеді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарын біріктіру жолымен құрылады және серіктестікті мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар табыс етілген күнгі 100-айлық есептік көрсеткіштің мөлшерінен кем болмауы керек .
Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп - қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал, бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестікті айтамыз. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда оның серіктестік міндеттемелері жөніндегі жауапкершілігі қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына қарай бөлінеді. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке де жауапкершілігі шектеулі серіктестік туралы ережелер қолданылады. Яғни, қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің жарғылық капиталының ең төменгі мөлшері де салымдар енгізу күніндегі 100 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы керек .
Акционерлік қоғамдар. Қазақстан Республикасының Акционерлік қоғамдар туралы заңына сәйкес акционерлік қоғам деп - өз қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлғаны айтады. Ал, акция - акционерлік қоғам шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатысу, ол бойынша дивиденд және қоғам таратылған жағдайда оның мүлкінің бір бөлігін алу құқығын куәландыратын бағалы қағаз. Акционерлік қоғамның ашық акционерлік қоғам және жабық акционерлік қоғам деген түрлері бар.
Ашық акционерлік қоғам - акциялары бағалы қағаз нарығында олардың белгілеген бағасына сәйкес келетін баға бойынша еркін айналатын акционерлік кәсіпорын. Жабық акционерлік қоғам - акциялары тек құрылтайшылары арасында ғана таратылатын акционерлік қоғам.
Кесте 1.1 - Кәсіпорындардың түрлі белгілері бойынша жіктелуі
Кәсіпорындардың ұйымдық-құқықтық нысандары
Толық серіктестік, сенім (командитті) серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік (қосымша жауапкершілігі бар серіктестік), акционерлік қоғам, өндірістік кооперативтер, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz