Биофизика саласындағы отандық және шетелдік ғалымдар



1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. Шығу тарихы
2.2.Отандық және шетелдік ғалымдар
5.Қортынды
6.Пайдаланылған әдебиеттер
Отандық ғалымдар және шет елдік ғалымдар биофизика саласын да өте керемет жетістіктерге жетіп жүр.Осы уақытқа дейінгі адам баласының үлкен жаңалықтар ашып жүргені бәрімізге мәлім.Соның ішінде атап кетсек биофизика саласында да жаңалықтар ашылуда.Ғалымдар ойлаптапқан апараттар адам денсауылығына зиянын тигізбей,көп деген адамдар ажал ауызынан аман алып қалып жүр.Міне, осы айтылған апараттарды ойлап тапқан шет елдік және қазақстандық ғалымдар жайлы мәлімет бермекшіміз
Биофизика молекулалық биология, биохимия ғылымдарымен тығыз байланысты. Биофизиканың негізгі салалары радиобиология, биомеханика, биоэнергетика, фотобиология, биолюминесценция, т.б. Жалпы, Қазақстанда биофизикалық зерттеулер XX ғасырдың 60-жылдарында басталды.
1 Ғаламтор желісі

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

РЕФЕРАТ
Орындаған: Құдабек А
Тексерген: Кулбаева М

Алматы 2017 жыл

Мазмұны :
1.Кіріспе
2.Негізгі бөлім
2.1. Шығу тарихы
2.2.Отандық және шетелдік ғалымдар
5.Қортынды
6.Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Отандық ғалымдар және шет елдік ғалымдар биофизика саласын да өте керемет жетістіктерге жетіп жүр.Осы уақытқа дейінгі адам баласының үлкен жаңалықтар ашып жүргені бәрімізге мәлім.Соның ішінде атап кетсек биофизика саласында да жаңалықтар ашылуда.Ғалымдар ойлаптапқан апараттар адам денсауылығына зиянын тигізбей,көп деген адамдар ажал ауызынан аман алып қалып жүр.Міне, осы айтылған апараттарды ойлап тапқан шет елдік және қазақстандық ғалымдар жайлы мәлімет бермекшіміз

Биофизика саласындағы отандық және шетелдік ғалымдар
Биофизика молекулалық биология, биохимия ғылымдарымен тығыз байланысты. Биофизиканың негізгі салалары радиобиология, биомеханика, биоэнергетика, фотобиология, биолюминесценция, т.б. Жалпы, Қазақстанда биофизикалық зерттеулер XX ғасырдың 60-жылдарында басталды. Қазір биофизикамен Онкологиялық және радиологиялық ғылыми-зерттеулер институты, Ботаника және фитоинтродукция институты, "Биоген" жабық акциондық қоғамы, Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, Алматы мемлекеттік медицина университеті шұғылданады. Қазақстанда, әсіресе, радиологиялық зерттеулер жақсы дамыған (С. Балмұқанов, С. Рысқұлова, А. Сейсебаев, Т. Байбекова). Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде лазер технологиясын ауыл шаруашылығында пайдаланып, ауыл шаруашылық дақылдардың тұқымын, егістіктерді, суды гелий-неон лазерінің сәулесімен өңдеу арқылы астықтың өнімін, өсімдіктің әр түрлі кеселге төзімділігін арттыруға болатындығы дәлелденді (В.М. Инюшин, Қ.Өрісбаев, С. Төреханов, т.б.). Суды лазермен активтендіру арқылы өндірістік ластанған судағы ауыр металдардың (қорғасын, сынап, кадмий, никель, т.б.) мөлшерін және органикалық зиянды заттарды азайтуға болатындығы анықталды (Инюшин, Өрісбаев, т.б.) Ауыл шаруашылық дақылдарының биоэлектрлік активтілігі олардың физиологиялық қасиеттерімен (Ф. Полымбетова), ал жүйке жасушасының биоэлектрлік активтілігі жылу реттелу процестерімен (С. Тілеулин) байланыстылығы зерттелді. Клетка мембранасының өткізгіштік қасиеті және оның механизмі (О. В. Есырев), ауыл шаруашылық дақылдарының фотосинтезі зерттелді (В. П. Беденко). Жүн талшығының өсуін реттейтін биологиялық механизмдер ашылды (Э.Б. Всеволодов). Гендік ақпаратты ядродан цитоплазмаға тасымалдайтын молекулалардың бір жерден екінші жерге ауыстырылуын қамтамасыз ететін биополимерлерде байқалатын бірқатар физикалық-химиялық процестер молекулалық биология мәселелерімен байланыстыра зерттелді.Көптеген физиолог ғалымдар қазіргі кезде биофизикалық зерттеу объектілерімен сол кездің өзінде-ақ айналыса бастады. Мысалы, белгілі физиолог И.М.Сеченовтың осы бағыттағы зерттеудің пионеры деп айтуға болады. Ол тыныс алу процесінің динамикасын зерттей отырып, биологиялық ерітінділердегі газдардың еру заңдылықтарын анықтады. Белгілі физик Гельмгольц термодинамика проблемаларын зерттеуде тірі жүйелер энергетикасын түсінуге жол ашты. Ол көру мүшелерінің жұмысы мен нерв бойымен қозудың жылжу жылдамдығын зерттеді.
Физика, коллоидты химия ғылымдарының дамуына байланысты биофизиканың зерттеу шеңбері кеңейе түсті. Осы позиция тұрғысынан сыртқы әсерлерге тірі организмдер реакцияларының механизмдерін түсінуге талпыныстар жасалынды. Биофизиканың дамуына Лебаның мектебі үлкен рөл атқарды. Ол партогенез бен ұрықтану құбылыстарының физикалық-химиялық негіздерін бақылаған. Иондар антагонизмі құбылысының физикалық-химиялық қасиеттері де интерпритацияға ұшырады. Осы проблемалармен байланыста Лебаның "Тірі заттар динамикасы" атты кітабы көптеген тілдерде шығарылды. 1906 жылы бұл кітаптың аудармасы Россияда жарық көрді. Кейінірек қабыну паталогиясындағы иондық және коллоидтық процестердің рөлі жөніндегі Шаденің жұмысы пайда болды. 1921 жылы оның "Физическая химия во внутренней медицине" деген іргелі еңбегі орыс тілінде шығарылды.
1922 жылы СССР-да "Биофизика институты" ашылды. Оны П.П.Лазарев басқарды. Бұл институтта С.И.Вавилов адам көзінің сезгіштігінің, П.А.Ребиндер мен В.В.Ефимов өткізгіштіктің физикалық-химиялық механизмдерін және өткізгіштік пен беттік керілу арасындағы байланыстың, С.В.Кравков түстерді ажыратудың физикалық-химиялық негіздерін зерттеді. Совет Одағындағы биофизиканың дамуына Н.К.Кольцованың мектебі үлкен үлес қосты. Сыртқы ортаның физикалық-химиялық әсерлерінің клеткалар мен олардағы құрылымдарына тигізетін әсерлері жөніндегі мәселелермен оның оқушылары айналысты. Н.К.Кольцованың инициативасымен МГУ-да физикалық-химиялық биология кафедрасы ашылды, оны С.Н.Скадовский басқарды.
30-жылдардың аяғында биологиядағы физикалық-химиялық бағыт СССР ҒА В.Н.Бах атындағы институтында дамыды. А.М.Горький атындағы бүкілодақтық экстер медицина институтында биофизика бөлімі ұйымдастырылды, онда П.П.Лазарев, Г.М.Франц, Д.Л.Рубинштейндер қызмет етті.
К.А.Тимирязевтің фотосинтез шеңберінде жүргізілген зерттеулері - фотобиофизиканың негізін қалады. Тіршілік әрекетімен байланысты әлсіз хемилюминесценциялау, (миогенетические лучи А.Г.Гуревича), фотоактивтік құбылыстар (Радионов С.Ф., Франц) ашылды. Электронды пармагниттік резонанс әдісі (Эавойский Е.К.), фотобиология шеңберіндегі жұмыстар (А.Н.Теренин, В.М.Инюшин) т.б. бұл аталғандар биофизикалық әдістеулердің кейбір мысалдары ғана.
20 ғасырдың 50-жылдарында басында СССР ҒА Биофизика институты мен М.В.Ломоносов атындағы МГУ-дың биология-топырақтану факультетінде биофизика кафедрасы ашылды. Кейінірек биофизика кафедралары А.Жданов атындағы ЛГУ мен басқа университеттер мен медициналық институттарда да ашыла бастады.
Биофизика өзінің дамуында ең күрделі методологиялық принциптер мен аса нәзік эксперименталдық техникаларды басшылыққа алады. Алғашқы биофизикалық зерттеулер 19 ғасырдың аяғы мен 20 ғасырдың басында, яғни К.Тимирязевтің хлорофилл спектрін, профессор А.Гурбичтің клеткалардың митогенетикалық сәулеленудің табиғатын ашу кезеңімен сәйкес жүргізіледі. Ал, А.Л.Чижевский болса, космостық биофизиканың негізін қалады.
1939 жылы Нью-Йоркте биофизика бойынша бірінші халықаралық конгресс өткізілді, оның құрметті президенті болып профессор А.Л.Чижевский сайланды. Биофизиканың дамуына венгер ғалымдары Э.Бауер ("Теориялық биология", 1933, монография) мен А. Сент-Дьердьи ("Кибернетика", 1964, "Субмолекулалық билогияға кіріспе", 1965) үлкен үлестерін қосты. Сент-Дьердьи өз еңбектерінде молекуланы қоршап тұрған электр өрісінің биологиялық процестердегі маңызды рөлі туралы әңгімелейді. Клетка - машина, ол жұмыс істеу үшін энергия қажет. Ол цитология проблемаларын құрылымдық және энергетикалық тұрғыдан зерттейді. Электрондар энергия тасушы молекулаларға қарағанда әлдеқайда тимді қызмет атқарады.
1956 жылдан бастап КазГУ-дың топырақ биологиясы факультетінде А.А.Соколов биофизика курсын жүйелі түрде оқыта бастады. Осы факультеттің деканы Халиловтың басқармасымен профессор Б.А.Домбровский зоология кафедрасында, одан кейін гистология және цитология кафедрасында биофизикалық зерттеулер лабороториясы құрылды. Зерттеушілер тобының құрамына В.И.Инюшин, Н.А.Воробьев, Н.Н.Федорова және басқалар кірді. Олар электронды және флуоресцентті микроскопия, Кирлиан эффектісін, митогенетикалық сәулелену; газ лазерлерінен поляризацияланған қызыл жарықтың биологиялық әсерін зерттеулермен айналысты.
1919 жылы Наркомздравтың Бірінші биоогиялық физика институты ұйымдастырылды. П.П.Лазарев оның директоры болды. Институт штатында 36 ғылыми қызметкерлер және 16 техникалық қызметкерлер болды. П.П.Лазарев (1888-1942) - физик, биофизик, геофизик, қозудың физика-химиялық теориясының негізін қалаушы ғалым.
1966 жылы В.И.Инюшин поляризацияланған монохромдық қызыл жарықтың радиациялық зиянын азайту проблмасы жөнінде кандидаттық диссертация қорғады.
1967 жылы заттың бесінші жағдайы (күйі) - биоплазма тұжырымы пайда болды. Шығыс Қазақстан облысында Серебрянск қаласының маңында жылы осы тақырып бойынша симпозиум өтті.
Биофизиканы біздің еліміз бен шет елдердегі дамуы 20 ғасырдың 40-жылдарының аяғынан басталады. Биофизиканың барынша дамуына Американың Жапонияға қарсы атом қаруын қолдануы себеп болды. Биофизика ғылыми зерттеу институты ашылып, МГУ, ЛГУ және басқа да университеттер мен медициналық институттарда биофизика кафедрасы қалыптасты.
1973 жылы КазГУ-де биофизика кафедрасы ашылып, бұл - Орта Азия мен Қазақстанда ұйымдастырылған алғашқы кафедра болды. Биофизика - биологияның теориялық негізін қалады(биотермодинамика). Биофизика медицинамен, экология проблемаларымен, инженерлік психологиямен, ауылшаруашылығымен, тамақ өндірісімен, геофизикамен және сейсмологиямен тікелей байланысты. Биофизиканың табыстары терапияда, диагностикада, биотехнология мен қоршаған ортаны зерттеуде жаңа әдістемелердің пайда болып, дамуына ықпал етеді.
Биофизика молекулалық биология, биохимия ғылымдарымен тығыз байланысты. Биофизиканың негізгі салалары радиобиология, биомеханика, биоэнергетика, фотобиология, биолюминесценция, т.б. Жалпы, Қазақстанда биофизикалық зерттеулер XX ғасырдың 60-жылдарында басталды. Қазір биофизикамен Онкологиялық және радиологиялық ғылыми-зерттеулер институты, Ботаника және фитоинтродукция институты, "Биоген" жабық акциондық қоғамы, Қазақ мемлекеттік ұлттық университеті, Алматы мемлекеттік медицина университеті шұғылданады. Қазақстанда, әсіресе, радиологиялық зерттеулер жақсы дамыған (С. Балмұқанов, С. Рысқұлова, А. Сейсебаев, Т. Байбекова). Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінде лазер технологиясын ауыл шаруашылығында пайдаланып, ауыл шаруашылық дақылдардың тұқымын, егістіктерді, суды гелий-неон лазерінің сәулесімен өңдеу арқылы астықтың өнімін, өсімдіктің әр түрлі кеселге төзімділігін арттыруға болатындығы дәлелденді (В.М. Инюшин, Қ.Өрісбаев, С. Төреханов, т.б.). Суды лазермен активтендіру арқылы өндірістік ластанған судағы ауыр металдардың (қорғасын, сынап, кадмий, никель, т.б.) мөлшерін және органикалық зиянды заттарды азайтуға болатындығы анықталды (Инюшин, Өрісбаев, т.б.) Ауыл шаруашылық дақылдарының биоэлектрлік активтілігі олардың физиологиялық қасиеттерімен (Ф. Полымбетова), ал жүйке жасушасының биоэлектрлік активтілігі жылу реттелу процестерімен (С. Тілеулин) байланыстылығы зерттелді. Клетка мембранасының өткізгіштік қасиеті және оның механизмі (О. В. Есырев), ауыл шаруашылық дақылдарының фотосинтезі зерттелді (В. П. Беденко). Жүн талшығының өсуін реттейтін биологиялық механизмдер ашылды (Э.Б. Всеволодов). Гендік ақпаратты ядродан цитоплазмаға тасымалдайтын молекулалардың бір жерден екінші жерге ауыстырылуын қамтамасыз ететін биополимерлерде байқалатын бірқатар физикалық-химиялық процестер молекулалық биология мәселелерімен байланыстыра зерттелді.[1]

Елімізде алғашқы бифизикалық зерттеулер 19 ғасырдың аяғы 20 ғасырдың басында К.А. Тимирязевтің хлорофилдің спектрін зерттеуден және проф. А.Г.Гурвичтің клетканың митогенетикалық сәулесін зерттеулерден басталады. Ал проф. А.Л. Чижевский космикалық биофизиканың негізін қалады. 1939 жылы Нью-Йоркте биофизиканың Бірінші халықаралық конгресі болды, оның президенті болып проф. А.Л.Чижевский сайланды. Венгерлік ғалымдар Э. Бауэр (Теоретикалық биология,1935) және А. Сент-Дьерди (Биоэнергетика, 1958, 1964; Субмолекулалық биологияға кіріспе, 19660 және т.б.) биофизиканың дамуына көп үлес қосты. 1919 жылы Наркомздравтың Бірінші биологиялық физика Институты ұйымдастырылды, П.П. Лазарев оның директоры болды. Институт штатында 36 ғылыми қызметкерлер және 16 техникалық қызметкерлер болды. П.П. Лазарев (188-1942) - физик, биофизик, геофизик, қозудың физико-химиялық теориясының негізін қалаушы ғалым. 1956 жылдан бастап ҚазГУдың топырақ биологиясы факультетінде А.А. Соколов биофизика курсын жүйелі түрде оқыта бастады. Осы факультеттің деканы Халиловтың бастамасымен проф. Б.А. Домбровский зоология кафедрасында, одан кейін гистология және цитология кафедрасында биофизикалық зерттеулер лабораториясы құрылды. Зерттеушілер тобының құрамына В.М. Инюшин, Н.А. Воробьев, Н.Н. Федорова және басқалар кірді. Олар электронды және флуоресцентті микроскопия, Кирлиан эффектісін, митогенетикалық сәулелену, газ лазерлерінен поляризацияланған қызыл жарықтың биологиялық әсерін зерттеулермен айналысты. 1966 ж. В.И. Инюшин поляризацияланған монохромдық қызыл жарықтың радиациялық зиянын азайту проблемасы жөнінде кандидаттық диссертация қорғады. 1967 жылы заттың бесінші жағдайы (күйі) - биоплазма тұжырымы пайда болды. Шығыс Қазақстан облысында Серебрянск қаласының маңында 1967 жылы осы тақырып бойынша симпозиум өтті.
Ғалымдар
Иван Петрович Павлов (14 (26) қыркүйек 1849, Рязань -- 27 ақпан 1936, Ленинград) -- орыс ғалым, бірінші орыс Нобель сыйлығының лауреаты, физиолог, жоғары жүйке қызметін және жүйке тізбектерін қалыптастыру ғылымын жасаушы; Ресейдің ең ірі физиологиялық мектебінің негізін қалаушы; ас қорыту физиологиясы бойынша жұмысы үшін Физиология немесе медицина саласындағы Нобель сыйлығының 1904 жылғы лауреаты[2]. Рефлекстер бүкіл жиынтығын: шартты және шартсыз деп екі топқа бөлді.

Петербург ғылым академиясының академигі (1907).
1875 жылы Петербург университетін бітірген.
1879 жылы Мед.-хирург. академияны бітірген.
1890 - 1924 жылы Әскери-медициналық академияның профессоры, сонымен қатар осы жылдары ұйымдастырылған Эксперименттік медицина институтында кафедра меңгерушісі болды.
1925 жылдан өмірінің соңына дейін КСРО ғылым академиясының Физиология институтына басшылық етті.
Оның ұзақ жылғы жүргізілген зерттеулерінің нәтижесінде ас қорытудың механизмі (атақты "Павловтың фистуласы") ашылды (Нобель сыйлығының лауреаты, 1904). Бұл зерттеулер - ас қорыту процесінің физиологиясын зерттеуге ғылыми негіз болды. Павлов жүрек қызметінің реттелуі - төрт орталықтан тепкіш (эфференттік) жүйкелерге байланысты екенін дәлелдеп, ғылымда үлкен жаңалық ашты. Жоғары жүйке жүйесінің қызметін зерттеуді Павлов ас қорыту сілкейінің бөлінуін бақылаудан бастаған (Рефлекс). Павлов адамда бірінші сигнал жүйесімен (бұл жануарларда да болады) қатар, екінші сигнал жүйесі (сөйлей, жаза алатын қабілет) болатынын дәлелдеп берді. Павлов ашқан жаңалықтардың физиология, медицина, педагогика және психологияның дамуы үшін маңызы зор болды.
Полосухин Александр Порфирьевич (9.19.1901, Татарстан Республикасы, Тетюши қаласы -- 4.9.1965, Алматы) -- ғалым-физиолог, медицина ғылымының докторы (1939), профессор (1939), Қазақстан Ғылым Академиясының академигі (1954), Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері (1944). Қазақстандағы физиологтар ғылыми мектебінің негізін салған. Пермь мемлекеттік университетін бітірген (1929). 1938 жылдан Қазақстанда тұрып, еңбек етті. 1938 -- 63 ж. қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетінде кафедра меңгерушісі, декан, директордың орынбасары; 1955 -- 65 ж. Қазақстан Ғылым Академиясының вице-президенті, 1945 -- 65 ж. Физиология институтының директоры болды. Негізгі ғылыми еңбектері адам физиологиясына арналған. Полосухин адамның қан айналысы мен лимфа айналысының реттелу тәртібін зерттеп, естен тану (шок) патогенезіне сипаттама берді, оған қарсы арнайы дәрі (Полосухин сұйығы) ұсынды. Оның басшылығымен силикоз ауруын зерттеу жұмыстары жүргізілді. Ленин, Еңбек Қызыл Ту, "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Шығармалары: Экстрорецептивная и интерорецептивная регуляция кровообращения, дыхания и лимфотока, М., 1952; Материалы по регуляции венозного кровообращения, М., 1955; Избр. труды, А.-А., 1967.
Төлеген Тәжібаев (1910, Сүткент ауылы -- 1964, Алматы қаласы) -- ғалым, педагогика ғылымы докторы, Қазақстан FA академигі (1954), 1935 ж. Мәскеудегі коммунистік тәрбие академиясын, аталған академияның аспирантурасын бітірген. 1938-40 ж. ҚазПИ-да кафедра меңгерушісі, 1940 -- 44 ж. Халық ағарту комиссары, 1944-57 ж. ҚазКСР-нің Сыртқы істер министрі, 1948 -- 53 ж. ҚазМУ-дың ректоры, 1957 -- 61 ж. КСРО-ның Үндістандағы елшісі, 1961 -- 64 ж. ҚазМУ-да педагогика және психология кафедрасының меңгерушісі қызметтерін атқарған. Ол педагогика ғылымы саласында Қазақстандағы тұңғыш доктор және академик. ҚазКСР Жоғарғы Кеңесі II -- IV шақырылымдарының депутаты. "Енбек Қызыл Ту", "Құрмет Белгісі" ордендерімен марапатталған. Қожа тоғай ауылында Тәжібаев атында көше бар.
Шығармалары:
Психология и педагогическая психология К.Д.Ушинского, 1948;
Философские, психологические и педагогические взгляды Абая Кунанбаева, 1957;
Просвещение и школы Казахстана во второй половине XIX в. 1965;
Абай Кунанбаев о воспитании молодежи, 1965;
Педагогическая мысль в Казахстане [1]
Ол Қазақстандағы педогогикалық ой-пікірдің қалыптасуы мен дамуы тақырыбына бірқатар құнды ғылыми еңбектер жариялады. 19 ғасырдың 2-жартысындағы қазақтың демократ- ағартушылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаевтардың педогогикалық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықты жұмыспен қамтудың негізгі тұжырымдамаларының мәні
Қазақстандағы биофизикалық зерттеулердің тарихы және қазіргі жағдайы
Физика мен биология байланысы
ҚР-ның инновациялық дамуының бағыттары мен мәселелері
Биофизика пәні
Қазіргі таңдағы биофизикалық зерттеулердің жетістіктері
Физика саласының медицинамен байланысы
Медицина саласындағы физика
Физика және медицина
В. И. Вернадский мен А. Л. Чижевскийдің еңбектері туралы ақпарат
Пәндер