В. И. Вернадский мен А. Л. Чижевскийдің еңбектері туралы ақпарат



КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Вернадский Владимир Иванович
1.1. Ғалымның өмірбаяны мен еңбек жолы
1.2. Биосфера және ноосфера туралы В.И. Вернадский iлiмi
1.3. Негізгі еңбектері

2. Чижевский Александр Леонидович
2.1. Өмір жолынан мағұлматтар
2.2 А. Л. Чижевскийдің ғылыми еңбектері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Владимир Иванович Вернадский (1863-1945)-академик, жаратылыстанушы, биологиямен геологияның сферасындағы мәселелермен айналысқан. Геохимия, биогеохимия, радиогеологияның негізін калаған. Жердiң барлық экожүйелерi планетаның бетiн алып жатқан бiр үлкен экожүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Бұл әлемдiк экожүйенi биосфера деп атайды. Жер бетіндегі биомдар ретінде тундралардың , ормандардың, шөлдердің және т. б. жеткілікті болуы қажет. Биосфера туралы iлiмдi орыс геохимигi В.И. Вернадский жасады. Ол алғаш рет тiршiлiктiң физикалық табиғатқа әсер ету масштабын бағалады.
1. Химическое строение биосферы Земли и ее окружения/ В.И. Вернадский. М.: Наука, 1965. 374 с.
2. Биосфера/ В. И. Вернадский. М.: Мысль, 1967. 376 с.
3. Размышления натуралиста: Пространство и время в неживой и живой природе/ В. И. Вернадский. М.: Наука, 1975. 175с.
4. Биосфера и ноосфера/ В.И. Вернадский. М.: Наука, 1989. 261с.
5. Аэроионы и жизнь. Беседы с Циолковским/ М.: Мысль, 1999. 716 с.
6. Асқарова Ұ.Б. Экология және қоршаған ортаны қорғау: Оқу құралы. 90б. Алм. 2004.
7. Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. 192б. Алм. 1997.
8. Дәрібаев Ж.Е. Экология: оқулық. 2005.
9. Баешев А. Экология және таза су проблемалары. 2003.
10. Экология /Т.С. Оспанова, Г.Т. Бозшатаева/ - Алматы, Экономикс 2002г.
11. Төлеуханов С. Биофизика: оқу құралы. – А.: Қазақ университеті, 2011. – 312 б.
12. Артюхова В.Г., Биофизика: Учебник для вузов. – М.: Академический Проект; Екатеринбург: Деловая книга, 2009. – 294 с.
13. Самойлов В.О. Медицинская биофизика: Учебник. – СПб.: СпецЛит, 2004. – 496 с.

Пән: Астрономия
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

СӨЖ
Тақырыбы:
В. И. Вернадский мен А. Л. Чижевскийдің еңбектері

Орындаған: Толегенова З.
Тексерген: Кулбаева М. С.

Алматы. 2017 ж.
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Вернадский Владимир Иванович
1.1. Ғалымның өмірбаяны мен еңбек жолы
1.2. Биосфера және ноосфера туралы В.И. Вернадский iлiмi
1.3. Негізгі еңбектері

2. Чижевский Александр Леонидович
2.1. Өмір жолынан мағұлматтар
2.2 А. Л. Чижевскийдің ғылыми еңбектері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

Владимир Иванович Вернадский (1863-1945)-академик, жаратылыстанушы, биологиямен геологияның сферасындағы мәселелермен айналысқан. Геохимия, биогеохимия, радиогеологияның негізін калаған. Жердiң барлық экожүйелерi планетаның бетiн алып жатқан бiр үлкен экожүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Бұл әлемдiк экожүйенi биосфера деп атайды. Жер бетіндегі биомдар ретінде тундралардың , ормандардың, шөлдердің және т. б. жеткілікті болуы қажет. Биосфера туралы iлiмдi орыс геохимигi В.И. Вернадский жасады. Ол алғаш рет тiршiлiктiң физикалық табиғатқа әсер ету масштабын бағалады.
Чижевский Александр Леонидович (1897-1964)- Әлемдік деңгейдегі көрнекті биофизик-ғалым. Гелиобиология мен аэроионификацияның негізін салушы. Академик. Профессор. Әуесқой-суретші, ақын. Алғаш рет Ғарыш пен Күннің Жерде жүріп жататын үрдістерге, ең алдымен, тіршілік үрдістеріне әсерін орыс ғалымы А.Л.Чижевский түсіндіріп берді 1915 жылы 18 жастағы А.Л.Чижевский астрономия, химия және физика салаларын бар ынтасымен зерттей отырып, Күн бетіндегі дақтардың түзілуі мен осы кезде жүріп жатқан бірінші дүние жүзілік соғыста ұрыс қимылдарының синхрондығы қарқындағанына назар аударды. А.Л.Чижевский астрономия, биология және тарих ғылымдары бойынша түрлі ғылыми зерттеулер жүргізе отырып, Күннің белсенділігінің Жердегі биологиялық және әлеуметтік үрдістерге тікелей әсер ететінін анықтады.

Жұмыстың мақсаты: В. И. Вернадский мен А. Л. Чижевскийдің еңбектерін тереңдетіп зерттеу және толық мағұлмат жинау.

Нысаны: ХХ ғасырдың атақты ғалымдары В. И. Вернадский мен А. Л. Чижевский

Жұмыстың теориялық-әдіснамалық негізі: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің кітапханасы қорындағы аталған ғалымдардың төл еңбектері .

Өзектілігі: Қос ғалымның еңбектерінің биофизика саласындағы маңыздылығы мен пайдасы

Бұл жұмыста ХХ ғасырдың атақты ғалымдары В. И. Вернадский мен А. Л. Чижевскийдің еңбектері қарастырылған. Олардың қызығушылықтары салыстырылып, әрқайсысының ғылыми жолдары жеке-жеке сараланған.
Жұмыс барысында көп ізденіс жасалып, тақырып жан-жақты зерттелген.
Ғалымдардың еңбектері қазақ тіліне аударылмағандықтан, В.И.Вернадский мен А.Л.Чижевскийдің әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің қорында бар кітаптары қысқаша аударылып, олар жайлы аздаған мәліметтер ұсынылып отыр
НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Вернадский Владимир Иванович
(12.03.1863 - 6.01.1945)
Кеңес минералогы, кристаллограф, геохимик, биогеохимик, радиогеолог, СССР ҒА академигi (1912 жылдан), УССР ҒА академигi (1919 жылдан), оның алғашқы президентi (1919-1921). Петербургте туылған. Петербург университетiн бiтiрдi (1885). Ф.Ульяновпен бiрге студенттiк халықтық үйiрмесiне қатысты. 1886-1888 жылдары Петербург универитетiнiң Минералогиялық мұражайында жұмыс жасады. Шет елде жұмыс жасады (1889-1890). 1890 жылдан - приват-доцент, 1898-1911 жылдары Москва универстетiнiң профессоры. Патша өкiметiнiң реакциялық саясатына қарсы наразылық белгiсi ретiнде университеттен кеттi. 1914 жылдан бастап Петербург ҒА геологиялық және минералогиялық мұражайдың директоры. СССР ҒА Ресейдiң табиғи өндiргiш күштерiн зерттеу Комиссиясының ұйымдастырушысы мен төрағасы (1915-1930), ол комиссиядан бiрнеше институттар ашылды. 1917-1921 жылдары Украинада жұмыс жасады. 1919 жылы УССР ҒА алғашқы Химиялық лабораториясын қалады, кейiн ол УССР ҒА Жалпы және биорганикалық химия институты деп өзгердi. 1922-1939 жылдары өзi ұйымдастырған Мемлекеттiк Радий институтының директоры, 1928-1945 - СССР ҒА геохимиялық мәселелер Лабораториясының директоры, ол 1947 жылы геохимия және аналитикалық химия институты болып өзгердi. 1927 жылы СССР ҒА Тiрi заттар бөлiмiн ұйымдастырды, кейiн 1929 жылы ол Биохимиялық лаборатория болып ауысты (1927-1945-директоры).
Вернадскийдiң ғылыми қызығушылығы жан-жақты. Геохимияның негiзiн қалаушы бола отырып, Жердiң құрамы мен құрылысының заңдылықтарына алғаш зерттеулер жүргiздi (Жер қыртысы, гидросфера және атмосфера). Жер қыртысындағы химиялық элементтердiң миграциясын және оның эволюциясындағы радиоактивтi элементтердiң алатын орнын зерттедi. Геохимиялық процестердегi тiрi заттардың алатын рөлi туралы теорияны жасады (1923). Оның жұмыстары қазiргi геологияның, минералогияның, гидрогеологияның дамуының негiзгi бағыттарын анықтады.
Биология саласында негiзгi зерттеулер жүргiздi. Өмiрiнiң соңғы 20 жылын жануар және өсiмдiк организiмiнiң химиялық құрамын зерттеуге арнады. Тау жыныстарының желдену процесiндегi микроорганизмдердiң алатын орнын, кейбiр организмдердегi бiрнеше элементтердiң концентрациялану құбылысын және олардың пайдалы қазбалар орындарының түзiлуiне қатысуын айтып өттi. Биосфераға анықтама бердi (1926). Биосферадағы тiрi организмдер жиынтығын тiрi зат деп атады.
К.А. Тимирязевтың күн сәулесiнiң өзгеруiнде өсiмдiктiң ролi туралы жұмыстарына сүйене отырып, тiрi зат күн сәулесiн трансформациялап, биорганикалық материяны үздiксiз алмасуға қатыстыруын көрсететiн iлiм жасады. Биосфера iлiмiнiң негiзiн қалаушы, биогеохимияның негiзiн қалаушылардың бiрi. Көп еңбектерi жаратылыстану және ғылым тарихының философиялық мәселелерiне арнады. Кеңес геохимиктерiнiң мектебiн жасады.
Чехославакия (1926) және Париж (1928-ж.бастап) ҒА-ның мүшесi, Югославия ғылыми академиясының және өнерiнiң және де көптеген ғылыми қоғамдардың мүшесi (1928 ж.бастап).
СССР Мемлекеттiк сыйлығының иегерi (1943). СССР ҒА Президиумы сыйлықтар және В.И. Вернадский атындағы (1963) Алтын медалiн тағайындады. Оның атымен (1947) СССР ҒА геохимия және аналитикалық химия институты аталған.
Биосфера туралы В.И. Вернадский iлiмi
Жердiң барлық экожүйелерi планетаның бетiн алып жатқан бiр үлкен экожүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады. Бұл әлемдiк экожүйенi биосфера деп атайды. Жер бетіндегі биомдар ретінде тундралардың , ормандардың, шөлдердің және т. б. жеткілікті болуы қажет. Биосфера туралы iлiмдi орыс геохимигi В.И. Вернадский жасады. Ол алғаш рет тiршiлiктiң физикалық табиғатқа әсер ету масштабын бағалады.
Биосфера термині ғылыми әдебиеттерге 1875 ж. австрия геологы-ғалымы Эдуард Зюсс енгізген. В. И. Вернадский (1863-1945) бұл терминді пайдаланды және биосфера туралы ілімді жасады. Егер биосфера түсінігімен, Зюсс бойынша, жер қабығының 3 сферасындағы (қатты, сұйық, газ тәрізді) тірі ағзалары байланыстырылса, ал В. И. Вернадский бойынша ең басты роль тірі ағзаларды геохимиялық күштерге бөлінеді.
Биосфера туралы түсінік және оның компонентттері.
Биосфераның негізгі қасиеттері:
1) Биосфера- орталықтанған жүйе. Биосфераның орталық буыны тірі ағзалар (тірі заттар) болып табылады. (антропоцентризм)
2) Биосфера-ашық жүйе. Биосфераның өмір сүруі сырттан келетін энергиясыз мүмкін емес. Биосфера әрқашан күн сәулесі түседі.
3) Биосфера-өзін-өзі реттелуші жүйе. Бұл жүйеге ұйымдастық гомеостаз тән.
4) Биосфера-көп түрлілікпен сипатталатын жүйе. Көптүрлілік кез-келген экожүйенің және биосфераның тұрақтылығын негізгі шарты.
5) Биосфераның маңызды қасиеті - заттар айналымын қамтамасыз ететін механизмдердің болуы және соларға байланысты жеке химиялық элементтердің және олардың қосылыстарының таусылмастығы.
Биосфера ұғымын 1876 жылы австралиялық гелог Эдуард Зююс өзінің альпі тауларының шығу тарихы туралы кітабының соңғы тарауында жер шарының қабаттары жайында баяндағанда ең алғаш пайдаланды. Бірақ оны ғылым ретінде дамытпады. Биосфера концепциясының негізгі қағидаларын 1926 жылы В. И. Вернадский тұжырымдады.
Жердегі энергия көзі күн болғандықтан, күш тірі организмдер жердің екі қабығы литосфера мен гидросфераның жоғарғы қабаттарына тараған. Литосфера тірі организмдер болмашы ғана тереңдкте енеді.
Тірі организмдер литосфераның бетінен атмосфераның төменгі, бірнеше сантиметрден бірнеше метрге дейінгі биіктіктегі қабатарна тараған.
Гидросферада ең беткі қабатынан табанына дейін тіршілік тараған.
Биосфераның әуеге қарай өршуін негізінен сұйық күйіндегі судың тапшылығы мен көмірқышқыл газының парционалдық қысымының төмендігі шектейді.

Биосфераның әр түрлі бөліктерінде тіршіліктің дамуын әр түрлі заттар шектейді. Шөлді жерлерде су күйіндегі сутегі мен оттегінің тапшылығы шектейді. Ашық мұхитта игерілуі тың гирототық түріндегі кездесетін темір. Биосфераның биотикалық бөлігі, абиотикалық бөліктің басқарушысы болады. Биотикалық жүйеде басқару қызметін комсулинттер атқарады. Өйткені жүйенің тұрақтылығы осы консулинттерге байланысты.
В.И. Вернадскийдiң айтуы бойынша, биосфера -- жалпы планеталық қабықша, тiрiшiлiгi бар және оның әсерiне ұшырап отырған Жер бөлiгi. Биосфера құрлықтың, теңiздiң және мұхиттың барлық ауданын алып жатыр, және тiрi организмдер қызметiмен жасалынған жыныстары бар Жер бөлiгi кiредi.
Атмосферада тiршiлiктiң жоғарғы шегi озонды экранмен анықталады -- озон газының 16-20 км биiктiгiндегi жұқа қабат. Ол Күннiң қауiптi ультракүлгiн сәулесiн ұстап қалады. Мұхитта тереңдiгi 10-11 км-ге дейiн тiршiлiк бар. Жердiң қатты бөлiгiнiң 3-7 км тереңдiгiне дейiн белсендi тiршiлiк болады (мұнайлы жердегi бактериялар). Организмдердiң қызметiнiң тұнбалы жыныстар түрiндегi нәтижесi одан ары қарай тереңдiкте де болады.
Тiрi организдердiң миллиард жылдар бойы белсендiлiгi, зат алмасу, өсуi, көбеюi бiздiң планетамыздың осы бөлiгiн өзгерттi. Барлық түрлер организмдерiнiң барлық массасын В.И.Вернадский Жердiң тiрi заты деп атады. Тiрi заттың химиялық құрамына да өлi табиғат құрамына кiретiн атомдар кiредi, бiрақ мөлшерi әртүрлi. Тiрi заттар зат алмасу барысында химиялық элементтердi табиғатқа шығарады. Сөйтiп, биосфера химизмi өзгередi.
В.И.Вернадский жер бетiнде үздiксiз қызмет ететiн химиялық күш жоқ, сондықтан тұтас алынған тiрi организмдерден басқа өте құдiреттi күш жоқ деп жазды. Миллиардтаған жыл бойы фотосинтездеушi организмдер Күн энергиясының көп мөлшерiн байланыстырып, химиялық жұмысқа айналдырады. Оның қорының бiр бөлiгi геологиялық даму барысында таскөмiр және тағы басқа тыңайған жерiне жиналды. Фотосинтез нәтижесiнде атмосфераның оттегiсi жиналды. Ертедегi Жердегi атмосферада басқа газдар: сутегi, метан, аммиак, көмiрқышқыл газы болды. Оттегi нәтижесiнде озонды экран түзiледi. Бұл газдың молекуласы оттегiнiң 3 атомынан тұрады және молекулярлы оттегiге ультракүлгiн сәулесiнiң әсерiнен түзiледi. Сонымен, тiршiлiктiң өзi атмосферада бұл сәулелердiң көп мөлшерiн ұстап қалатын қорғаныш қабатын түздi.
Қазiргi атмосфераның көмiрқышқыл газының көп бөлiгi көптеген тiрi заттардың тыныс алу процесiнде немесе органикалық жануда түзiледi. Атмосфералық азот тiршiлiк қызметiнiң нәтижесiнде, яғни бiрнеше топырақ бактерияларының белсендiлiгi нәтижесiнде түзiледi.
Тiрi заттар көмегiмен Жердiң көптеген тау жыныстары түзiлдi. Организмдер кейбiр элементтердi қоршаған ортадағы мөлшерiне қарағанда, көп мөлшерде сiңiрiп, жинақтайды. Мысалы, көптеген теңiз түрлерi қаңқаларында кальций, кремний немесе фосфорды жинайды, және суқоймаларының түбiнде тұнба жыныстарын: әктас, бор, кремнилi сланц, фосфориттердi түзедi. Мұндай жыныстар органогендi деп аталады, өйткенi оларды тiрi организмдер түзедi.
Тiршiлiк құрлық бетiнде топырақ қабатын түзедi. Топырақта минералды компоненттер, органикалық заттар және көптеген микро -- және микроорганизмдер өзара байланысқан, оны В.И. Вернадский табиғаттың биокосты денелерiне жатқызды. Мұндай биокосты құрам дүниежүзiлiк мұхит суында да бар, ол жерде зат алмасу өнiмдерi мен мекендеушiлер өте көп.
Тiрi организмдер құрлықтағы тау жыныстарының желденуi мен бұзылуында үлкен роль атқарады. Олар -- өлi органикалық заттардың негiзгi бұзушылары. Сөйтiп, тiршiлiк өзiнiң өмiр сүру кезеңiнде Жер атмосферасын, мұхит суынының құрамын өзгерттi, озонды экран, топырақ, көптеген тау жыныстарын түздi. Жыныстардың желдену жағдайы өзгердi, өсiмдiк жамылғысы жасайтын микроклимат үлкен роль атқара бастады, Жер климаты да өзгердi.
1926ж. Орыс минералогы В. И. Вернадский 2 лекциясы жарыққа шықты. Сол лекцияларда ол Зюсстың еңбектерінен кейін 50 жылдан соң биосфера концепцияларының негізгі қағидаларын тұжырымдады. Биосфера ретінде Вернадский жер қыртысының бүкіл геологиялық тричы бойында тірі оргаизмдердің әсеріне ұшырыған барлық қабаттарын түсінді.
Биосфера - Жер шарының айрықша қабығы. 1-ден биосфера сұйық күйдегі судың мөлшері айтарлықтай көп. 2- ден, оған Күн энергиясының тасқыны ықпал етеді, 3- ден , биосфера үшін сұйық, қатты және газ күйіндегі заттардың бөліну беттерінің болуы тән.
Жердегі энергия көзі күн болғанда, күллі тірі организмдер жердің 2- щі қабығы литосфера жіне гидросфераның жоғарғы қабаттарында таралған. Бірақ биосфера жарық жететін жерлермен шектелмейді. Литосфераға тірі организмдер болмашы тереңдікте ғана енеді. Олардың негізгі бөлігі топырақтың жоғарғы, қалыңдығы ондаған сантиметр қабатында шоғырланған, тек бірен - сарандығы ғана бірнеше метрге төмендейді (өсімдік тамыр, жауын құрты). Жарық болмағандықтан жасыл өсімдіктер литосфераның терең, қабаттарына ене алмайды. Тірі организмдер литосфераның бетінен атмосфераның төменгі қабаттарына таралады. Атмосфера мен литосферадай емес, гидросфера ең беткі қабаттарынан табанына дейін тіршілікке толы.
Ноосфера - ақыл қабаты. Ноосфера гректің ноос- ақыл сөзінен шыққан, ақыл қабаты деген ұғымды білдіреді. Адам биосфераға әсер етеді және адам ақылынан жиі ауып кетеді. Ноосфера туралы ілім Вернадскийдің ғылымы іс- әрекеттерімен байланысты. Француз математигі Э. Леруа 1927 жылы ноосфера туралы ұғымды енгізді. Вернадский биосфераны оқытуды дамыта отырып ноосфера ұғымына терең ғылыми маңыз берді. Ол ортаны және қоғамды құруда маңызды рөл атқарды. Ноосфера биосфера дамуының жоғары стадиясы деп қарау керек. Ол ондағы адамзат қоғамының дамуымен байланысты. Адамзат табиғат заңдарын таниды, техниканы жоғарғы деңгейіне дамытатын тұғырлы планеталық күш.
Жер ғаламшарындағы органикалық дүние эволюциясының бірнеше кезеңдерін ажыратады. Бірінші кезең -- заттардың биологиялық айналымы пайда болып, биосфераның қалыптаса бастауы. Екінші кезең -- тіршіліктің күрделене түсіп, көп жасушалы организмдердің пайда болуы. бұл екі кезеңді ғылымда биогенез, яғни тіршіліктің толық мәнінде пайда болу кезеңі деп атайды. Биосфера эволюциясының үшінші кезеңі -- адам қоғамының пайда болуымен ерекшеленеді.
Биосфера эволюциясының келесі жаңа кезеңі -- қазіргі деңгейі. Мұны ғылымда ноосфера кезеңі деп атайды. Грекше "noos" ақыл-ой, сана, "sphaira" -- шар деген ұғымды білдіріп, "саналы қабық" деп аталады. Ноосфера -- адамның санасы, ақыл-ойы шешуші рөл атқаратын биосфераның жаңа эволюциялық деңгейі.
Ноосфера ұғымын ғылымға 1927 жылы француз ғалымдары Э.Лepya мен П.Тейяр де Шарден енгізді. Олардың ұғымы бойынша ноосфера биосферадан да жоғары деңгейдегі, бүкіл ғаламшарды қамтитын "ойлау қабығы".
1930 -- 1940 жылдары В.И. Вернадский ноосфера туралы ілімді дамытып, терендете түсіндірді. Ол ноосфераны биосфера эволюциясының жаңа сапалы деңгейі, биосфера мен адам қоғамының байланысында пайда болған деп қорытынды жасады.
В.И. Вернадскийдің пікірі бойынша: "Ноосфера -- табиғат пен қоғам заңдылықтары өзара бірігіп әсер ететін біртұтас жоғары жүйе". Биосфераның ноосфераға ұласуы кезінде бүкіл адамзат бірігіп шешетін мәселелерге ерекше көңіл бөлу қажеттігін ғалым атап көрсетті. Ноосфера кезінде бүкіл адам баласының ақыл-ойы, санасы, ғылымы және әлеуметтік еңбегі бір арнаға түсуі керек. Адам мен табиғат арасындағы қарым-қатынасты адамның саналы ақыл-ойы басқарған кезде ғана жеңіске жетеді деп атап көрсетті. Ноосфера кезінде табиғат пен қоғам арасындағы өзара байланыс айқын байқалады. Бұл кезде бүкіл адамзат үшін ғылымды дамытып, табиғаттың да, қоғамның да бір-бірімен үйлесімді өркендеуіне жол ашылу керек. Бұл кезде әрбір жеке тұлғаның да өсуіне көңіл бөлінеді. Биосфераның ноосфераға ауысу кезеңіне орыс ғалымы М.И.Будыко терең талдау жасаған (1984 ж.). Ол биосфераның қалыптасуында адамзат қоғамының біртұтас екендігін ұмытпау керектігін ерекше ескертті. Қазіргі кезде ғылыми-техникалық прогресс бүкіл Жер шарын қамтып отыр. Энергияның жаңа көздерін бүкіл адамзат бірлесе отырып, пайдалануға басты назар аудару көзделуде. Ноосфера кезінде Жер бетіндегі барлық халықтың тіршілік деңгейін және қоғамның қажетін көтеру үшін биосфераның қалыпты жағдайын сақтауға айрықша көңіл бөлінеді.
Соңғы жылдары экологиялық мәселелер -- бүкіл адамзатты толғандырып отырған күрделі мәселелердің біріне айналып отыр. Қоғамның өркендеп дамуы, табиғат байлықтарын ұқыпты пайдаланумен тығыз байланысты. Қазір табиғат байлықтарын дұрыс пайдаланбаудан және технологиялық процестердің жетілмегендігінен қоршаған ортаның ластануы адамның денсаулығына да қауіп төндіруде. Адам денсаулығын сақтау, адамның үзақ өмір сүруіне кажетті жағдай жасау -- қоғамның басты міндеті. Ол үшін қоғам мен табиғат арасындағы үйлесімді байланысқа ерекше назар аударылады. Осыған сәйкес казіргі кездегі әлеуметтік экология ғылымының басты мәселесінің бірі -- адам денсаулығына зиянды жағдайларды болдырмау. XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап ауқымды түрде экология ғылымы да қалыптасып келеді. Оның зерттейтін басты бағыттарына да әлеуметтік экология және адам экологиясы жатады.

Негізгі еңбектері:

В.И.Вернадский, "Проблема Времени, Пространства и Симметрии. 1920-1942"
"В. И. Вернадский: Pro et Contra. Антология литературы о В.И. Вернадском за сто лет
В.И.Вернадский, "Автотрофность человечества" .
В.И.Вернадский, "Живое вещество"
В. И. Вернадский, "Химическое строение Биосферы Земли и ее окружения"
В. И. Вернадский. Размышления натуралиста: Пространство и время в неживой и живой природе.
В. И. Вернадский . Биосфера и Ноосфера
В. И. Вернадский. Биосфера (Избранные труды по биохимии)
Русское масонство в царствование Екатерины II. Пг., 1917.
Очерк истории права Русского Государства XVIII -- XIX вв. Прага: Пламя, 1924
Русская история. -- М.: Аграф, 1997. -- 542 с.
Древняя Русь. -- Тверь -- М.: Леан; Аграф, 1996Россия в средние века Тверь. Тверь -- М.: Леан; Аграф, 1997
Русская историография. -- М.: Аграф, 1998.
Московское царство. В 2-х чч. Ч. 1. Тверь -- М.: Леан; Аграф, 1997.
Московское царство. В 2-х чч. Ч. 2. Тверь -- М.: Леан; Аграф, 1997. Монголы и Русь. Тверь -- М.: Леан; Аграф, 1997.



1. В.И. Вернадский
Химическое строение биосферы Земли и ее окружения
Академия наук СССР, Институт геохимии им. В.И. Вернадского

Издатетельство Наука
Москва, 1965

Бұл жұмыс ұлы ғалым В. И. Вернадскийдің ғылыми жолдағы өзекті жұмыстарының бірі емес, бірегейі. Автордыңның өзі осы шығарманың биосфераны зерттеуге арналған жұмыстарының және барлық ғылымға қосқан үлесінің нәтижесі болуын қалаған.
Кітап ауқымды түрде ойластырылған және көптеген маңызды мәселелерді қамтиды . Бұл жұмыс автордың 72 жасында, яғни 1935 жылы басталған, кейін көптеген өзгерістерге ұшырап, біршама түзетулер орын алған. В. И. Вернадский бұл жұмысты 1940 жылдан бері нақтылап қолға алды және ол, негізінен, соғыс ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
В.И. Вернадский мен А.Л. Чижевскийдің еңбектері
Орыс христиан философиясы
Орыс космизмiнiң пайда болуы
«Қазіргі жаратылыстану концепциялары» курсы бойынша дәрістер
Сарыарқа
ФИЛОСОФИЯ ПӘНІ БОЙЫНША СЕМИНАР САБАҚТАРЫНА ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Ортаның факторларына организмдердің адаптациясы
Адамзат қоғамының эволюциясы
Еуразияшылдық пәнінен емтихан билеттерінің жауаптары
Экологияның қалыптасуы мен дамуы
Пәндер