Қазақ әдебиеті



1 Төл әдебиетіміздің шырқау биіктері
2. Ә.Кекілбаевтың өмірі мен саяси қызметі
3. Әбіш Кекілбаевтың суреткерлік шеберлігі
4. Ә.Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
Қорытынды
Қазақ әдебиеті ежелгі дәуірінен бергі дамуының әрбір кезеңінде асыл сөздің өркен жаюына ерекше әсер етіп, өз уақытындағы әдебиеттің сан тарам желісінің түп қазығына айналып, есімі тұтас кезеңді түгел танытып тұрар қадау-қадау шығармашылық тұлғалар баршылық. Төл әдебиетіміздің шырқау биіктері – Асан Қайғы мен Бұхар, Дулат пен Махамбет, Абай, Шәкәрім, Мағжан, Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Мұхтарлар қазақ сөз өнері ұлылығының символы іспеттес.
ХХ ғасырдың 60-70 жылдары қазақ әдебиетінің қайта өркендеу дәуірі болды десек қателесе қоймаспыз. Кезінде, көзі тірісінде «Алыптар тобы» атанып, елдің, қоғамның рухани көсемдеріндей болған Мұқтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин сынды әйгілі суреткерлердің ізін баса, өкшелес келген Жұбан Молдағалиев, Сырбай Мәуленов, Тахауи Ахтанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Ілияс Есенберлин қазақ әдебиетін дамудың жаңа кезеңіне көтерумен бірге қоғам қайраткелері ретінде танылды. Әдеби шығармалар үздіксіз сұранысқа ие болып, қоғамның қозғаушы ірі күшіне айналды. Әдебиеттің, әдебиет қайраткерлерінің қоғамда мәртебесі артты, беделі өсіп, тұрақтанды. Адамдар олардың зиялы сөз, саналы ойына құлақ асты. Зейін қойды.
1. Әшімбаев С. Шындыққа сүйіспеншілік. Алматы: Жазушы, 1993. -497 б.

2. Қазақ әдебиетінің тарихы. Он томдық. 9-том. Алматы: ҚАЗақпарат., 2005. -998 б

3. Тоғысбаев Б., Сужикова А. «Тарихи тұлғалар» «Алматыкітап» ЖШС, 2005 ж. 70 б

4. Әбіш Кекілбайұлы 8 том, Алматы «Өлке» баспасы 1999 ж, 51б

5. «Егемен Қазақстан». 24 шілде, 2009 ж, Серік Қирабаев «Суреткер»

6. «Егемен Қазақстан». 25 тамыз, 2009 ж. Темірхан Медетбек «Шыңырау»

7. «Егемен Қазақстан». 1996 жыл, Қуаныш Сұлтанов «Кекілбаев кеңістігі»

8. «Егемен Қазақстан». 16 қыркүйек, 2016 ж, Өтеген Оралбайұлы «Шандозды сағынғанда...» Халқымыздың біртуар перзенті Әбіш Кекілбайұлын еске алғанда жадыма түскен жазбалар

9. «Қазақ әдебиеті» № 51 (1) (3477) Әулие Әбіш әлемі

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Қазақ әдебиеті ежелгі дәуірінен бергі дамуының әрбір кезеңінде асыл сөздің өркен жаюына ерекше әсер етіп, өз уақытындағы әдебиеттің сан тарам желісінің түп қазығына айналып, есімі тұтас кезеңді түгел танытып тұрар қадау-қадау шығармашылық тұлғалар баршылық. Төл әдебиетіміздің шырқау биіктері - Асан Қайғы мен Бұхар, Дулат пен Махамбет, Абай, Шәкәрім, Мағжан, Сәкен, Ілияс, Бейімбет, Мұхтарлар қазақ сөз өнері ұлылығының символы іспеттес.
ХХ ғасырдың 60-70 жылдары қазақ әдебиетінің қайта өркендеу дәуірі болды десек қателесе қоймаспыз. Кезінде, көзі тірісінде Алыптар тобы атанып, елдің, қоғамның рухани көсемдеріндей болған Мұқтар Әуезов, Ғабит Мүсірепов, Сәбит Мұқанов, Ғабиден Мұстафин сынды әйгілі суреткерлердің ізін баса, өкшелес келген Жұбан Молдағалиев, Сырбай Мәуленов, Тахауи Ахтанов, Әбдіжәміл Нұрпейісов, Ілияс Есенберлин қазақ әдебиетін дамудың жаңа кезеңіне көтерумен бірге қоғам қайраткелері ретінде танылды. Әдеби шығармалар үздіксіз сұранысқа ие болып, қоғамның қозғаушы ірі күшіне айналды. Әдебиеттің, әдебиет қайраткерлерінің қоғамда мәртебесі артты, беделі өсіп, тұрақтанды. Адамдар олардың зиялы сөз, саналы ойына құлақ асты. Зейін қойды.
Осы тұста келіп қосылған жас толқынның екпіні де, сарыны да, әуезі мен үні де ерекше қуатты еді. Олардың өрнегі, қайраткерлігі, қоғам ісіне араласқан қайраткерлігі де жаңа серпінге толы болды. Шоғыр жұлдыздар қатарында Әнуар Әлімжанов, Олжас Сүлейменов, Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев, Сайын Мұратбековтің әрқайсысы бір ой мен сөздің сәнін түзеген жасауды керуендей әсер қалдыратын. Оларға ілесе саясат сахнасына Фариза Оңғарсынова, Мұқтар Шаханов, Нұрлан Оразалин көтерілді. Ендеше өзімізге етене жақын өткен ғасырдың екінші жартысындағы жас толқыннан қазақ сөз өнерінің биіктігі мен кеңдігін айқындайтын анық өлшем кімнің шығармашылығы болмақ деген де, ауызға алдымен алынар суреткер - бітімімен алдыңғы толқын ұлы ағалардың бар адами-азаматтық, шығармашылық-қайраткерлік қасиеттері түгел табылатын сан қырлы саңлақ дарын Әбіш Кекілбайұлы.
Әбіш Кекілбайұлы - ақын, прозашы, драматург, әдебиеттанушы, сыншы, тарихшы, философ, сценарист, энциклопедист, өлкетанушы, жаратылыстанушы, дінтанушы, өнертанушы, аудармашы, редактор, депутат, аса көрнекті мемлекет қайраткері. Тәуелсіздікке тізесі бүгілгенше қызмет еткен азамат. Бір адамның бойына осыншама білім мен білікті, ой мен зейінді кім берді деген сұрақ көп жанның қызығушылығын тудыратыны рас. Әдебиеттегі жолын ақындықтан бастаған Әбекеңнің ұлттық мектебі тарихы талайға кететін, жеті жұрт келіп, жеті жұрт кеткен киелі Маңғыстаудың бағзы баянынан да, жаңғырған жапан даланың заман ашқан аянынан да тәлім алған.
Ғылыми жобаны жазу барысында алдыма мынадай мақсат қойдым: жаһандану дәуірінде өмір сүріп жатқан өскелең жас ұрпаққа Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, отандық әдебиет классигі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлының өнегелі өмір жолымен таныстыру, қазақ халқының салт-дәстүрін, мәдениетін, тарихын қастерлеуге, оның шығармаларындағы тарихи тұлғалардың адами қасиеттерін дәріптеу, адам жанын ізгілендіру мақсаты көзделді. Жұмыстың міндеті: Әбіш Кекілбайұлының тарихи шығармаларына талдау жасау, тарихи тұлғалардың бейнесі арқылы тарихи тұлғалардың рух жігерін дәлелдеу, тарихи тұлғалардың ұлылығын, қадір қасиетін, тарихтағы алатын орнын сипаттау арқылы достарым мен замандастарымды адами қасиеттерге, өзін-өзі тануға тәрбиелеу, зерттелген материалды бір жүйеге келтіру. Ғылыми жобаны жазу барысын екі кезеңге бөлдім. Бірінші кезеңде аудандық, мектеп кітапханаларына барып, Әбіш Кекілбайұлының өмірі, шығармашылығы туралы мәліметтерді жинақтау арқылы зерттеудің алғышарттары, негізгі мақсаты мен міндеттері анықталды. Екінші кезеңде жинақталған дереккөздерді, материалдарды, естеліктерді негізге ала отырып ғылыми тұжырымдама жасалды.

2.1. Ә.Кекілбаевтың өмірі мен саяси қызметі

Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, отандық әдебиет классигі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев 1939 жылы 6 желтоқсанда Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы Оңды ауылында дүниеге келген.
1962 жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірді. Қазақ әдебиеті, Лениншіл жас газеттерінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі болып жұмыс істеген. 1970-1975 жылдар аралығында Қазақфильм киностудиясында бас редактор, 1975-1984 жылдары Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің мәдениет бөлімінің нұсқаушы, сектор меңгерушісі, 1984-1986 жылдар аралығында Қазақ ҚСР Мәдениет министрінің орынбасары, 1986-1988 жылдары Қазақстан жазушылар одағы басқармасының 2-ші хатшысы, 1988-1990 жылдары Қазақ ҚСР тарихы және мәдениет ескерткіштерін қорғау қоғамы Орталық Кеңесі президумының төрағасы қызметтерін атқарған.
1990 жылдан бастап Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бөлім меңгерушісі, 1991 жылы Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесінің мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы болды.1992-1993 жылдары Егемен Қазақстан газетінің бас редакторы болды. 1990 жылы Қазақстан Республикасының он екінші және он үшінші шақырылған Жоғарғы Кеңесінің депутаты, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Ұлттық саясат, мәдениетті және тілді дамыту жөніндегі комитетінің төрағасы болып сайланды. Қазақстан Республикасының он үшінші шақырылған Жоғарғы Кеңесінің Төрағасы болып сайланды.
1995 жылғы мамырдан Қазақстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік кеңесшісі. Сол жылы желтоқсанда бірінші шақырылған Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып сайланды. 1996 жылғы қазаннан 2002 жылғы қаңтар аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметтерін атқарды.
2002-2010 жылдарда Парламент Сенатының депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болды.
Алғашқы Алтын шуақ атты өлеңдер жинағы 1962 жылы жарық көрді. Одан кейін Бір шөкім бұлт, Дала балладалары, Дәуірмен бетпе-бет, Тырау-тырау тырналар, Бір уыс топырақ, Үркер, Елең-алаң, Құс қанаты, Мартовский снег, Заманмен сұхбат, Үш белес, Талайлы
Тараз, повестері мен әңгімелері, эсселері мен романдары, әдеби-философиялық, публисцистикалық жинақтары, қаһармандық драмалық дастаны оқырмандарға жақсы таныс.
Ә.Кекілбаев Г.Мопассанның Пьер мен Жан, Өмір романдарын, Ш.Айтматовтың Ерте қайтқан тырналар повесін қазақ тіліне аударды.
Л.Толстойдың Соғыс және бейбітшілік роман-эпопеясын, И.Буниннің бірқатар шығармаларын тәржімалауға қатысты. В.Шекспирдің Король Лир Ромео мен Джульетта М.Кәрімнің Ай тұтылған түн басқа да шығармалар Ә.Кекілбаевтың аудармасы арқылы республика театрларының репертуарына енді.
Құрмет белгісі (1989), Отан (1999), Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев (2004) мемлекеттік наградаларымен, Содружество (2003) орденімен, сондай-ақ төрт медалмен марапатталды. 1987 жылы Қазақстанның Абай атындағы мемлекеттік сыйлығының, 1995 жылы Президенттік Бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының лауреаты, 2009 жылы Қазақстанның Еңбек Ері атанды.
1990 жылғы сайланған Жоғарғы Кеңес депутаттарының үлесіне еліміздің егемендігі туралы тұңғыш Декларация, бір жылдан кейін мемлекеттік Тәуелсіздік туралы, тілдер туралы заңдар, тәуелсіз елдің тұңғыш Конституциясын қабылдау бақыты тиді. Міне, осы тағдырлы шешімдерді талқылау, қабылдау барысының ең кереғар пікірталас додасының дәл
ортасында Әбіш Кекілбаевтың нанымды деректері мен ұтымды, өтімді сөздері депутаттарды тек ымыраға келтіріп, бір ауыздан дауыс беруге жұмылдырып қана қоймай, Жоғарғы Кеңестей мемлекет институтының мәртебесін, беделін халық алдында көтеріп отырды.Ол Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Бостандық ұлтты бодандықтан да қатты сынайды деп, осынау ұлтымыз ішінде жас тәуелсіз мемлекеттің Ақордасының керегесі кең, уығы тең, шаңырағы биік болуына Елбасымен бірге барлық күшін жұмсады.
2015 жылғы 10 желтоқсанда 76 жасында Қазақстанның Еңбек Ері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, отандық әдебиет классигі, көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбайұлы Кекілбаев кенеттен қайтыс болды.
Саналы ғұмырын елін, жерін, Отанын сүюге, мемлекетімізді нығайтуға арнаған, қазақ руханиятының өсіп-өркендеуіне үлес қосқан Алаш жұртының ардақтысы Әбіш Кекілбаевтың жарқын бейнесі халқымыздың жадында мәңгі сақталып қалады.

2.2. Әбіш Кекілбаевтың суреткерлік шеберлігі

Әбіш Кекілбаев - заманымыздың бір заңғар тұлғасы. Ә.Кекілбаевты біздің қазақ оқушысы, қазақ қоғамы ең алдымен ақын, жазушы ретінде таныды. Ол толғанса-роман, көсілсе көркемсөз туады. Өндіріп, өнімді жазатын суреткер. Суреткер деген үлкен атақ. Суреткер деп еңбиік дәрежедегі сапалы шығарма жасаушыны айтады. Суреткердің еңбегі шығармашылық тұтастығымен, ойын және өзі діттеген шындықты көркем түрде суреттей алуымен, оны жанды бейнеге айналдыру өнерінің жоғарылығымен , талғамының биіктілігімен мойындалуға тиіс. Ф.Достоевский Жазушының суреткер ретінде танылуы оның жақсы жаза алғандығының белгісі деген. Оның айтуы бойынша, романшының көркемдік биік таланты образдар арқылы бейнеленген ойдың салмақтылығымен өлшенеді. Оны оқырман да дәл сол қалпында түсіне алуға тиісті. Жазушының көркем жазуы деген сөз-оның жақсы жазарлық қабілеті мол деген сөз. Шын талантты адам шығарма сыртын жылтыратып әрлеу, мәнерлеу, сырлау дегеннің бәрін жоққа шығарады. Шынай көркемдік дегеніміз өмірдің өзіндей қарапайым қалпын сақтайды. Ол шындықтың сырын да, жарқын суретін де, әдемілігін де көз алдына жайып салады. [3]
Ә.Кекілбаевтың жазушы ретінде ерекшелейтін өрнекті де көркем тілі. Ол өз ойын бейнелі жеткізуге, әрбір нәрсені жанды суретке айналдыруға өте ұста. Ұлттық тілдегі сиқырлы сөз саптаулар мен әдеби нәрсені жанды суретке айналдыруға өте ұста. Ұлттық тілдегі сиқырлы сөз саптаулар мен әдеби тілдегі мың иірімді оралымдарды қиюын тауып қиюластырып, ой мен суретті дәлдікпен бере білу осыны танытса керек. Суреткер тілінің поэтикалық қуаты өте зор. Сылдырлап өңкей келісім, тас бұлақтың
суындай деп Абай таныған келісім бір-бірімен байланысатын жазушы сөйлемдері арқылы әсем жарасым тауып, жүрекке қонып, көңілге ұялап, бойды аралап, тамырдағы қызу қанды лүпіл қақтырып, ойды оятады.
Көркем әдебиеттің жаны-көркем образ десек, жазушы шеберлігінің хас белгісі көркем бейне жасаудың түрлі әдіс-тәсілдерін кеңінен қолданып, ең бір тиімді тәсілдерді тап басып тани алуында. Көркем бейне сомдаудың сыры адамның ішкі әлемінің, яғни жан дүние шындығын ашумен тығыз байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, Әбіш Кекілбаев - адам болмысына терең бойлаудың сан тарау көркемдік тәсілдерін шеберлікпен меңгерген суреткер. Жазушы кейіпкерлері қарапайым ғана адамда болғанымен, олардың адами жан дүние құбылысының мәнін ашар өзіне ғана тән өмірі мен тіршілігі, тағдыры мен мінез-құлқы бар. Сондықтан да жазушы ішкі әлем ирімдерінің тереңіне бойлап, кейіпкерінің іс-әрекетіне жеке басындағы түрлі сезім халдерін сипаттай отырып баға береді. Сөйтіп, өз көркемдік шешімімен көркемдік шындық үшін тағдыр талқысына салған кейіпкерлерінің ішкі толғанысын, жан күйзелісін, жүрек тебіренісін қара сөз құдіретінен жаралған толғауды ой арқылы өреді.
Заман сырын жан-дүниесімен сезіну, мұқтаждықты, халық тілегін терең оймен барлау - ұлы жазушыға тән қасиет. Ол бүгінгі адамды танып қана қоймайды, оның алдындағы өмірмен, жалғастықты өмір сабағын үйренумен сабақтастырады. Қоғамдағы ұнамсыздықты, білімсіздікті көреді. С.Торайғыров айтқандай, Қараңғылықтың көгіне күн болуды армандайды, алдымен, адам ретінде жетіледі, ақыл-ой алыптарын игереді. Көргенін суреттеумен шектелмей өмір құбылыстарын ойшылдықпен талдайды.
Ә.Кекілбаев жүріп өткен, игерген жол да осы жол. Оның жазғандары - қазақ өмірі, халқының тағдыры, оның көргені мен басынан кешкені, кешегісі мен бүгінгісі, солардың бір-бірімен сабақтастығы. Жазушы суреттеуінде қазақ елі, оның тіршілігі - жалпы адамзат тіршілігінен бөлек, оқшау өмір емес, соның бір бөлігі. Оның тарихы да, рухани өмірі де әлемдік өркениетпен байланыста. Халықтың сол ұзақ өмірінің бүгінгі қорытындысы - қазақтардың тәуелсіздігі болса, Әбіш мұрат еткен шындықтың өзі де сол екенін оның шығармашылық жолын танып барып түсінеміз. Ә.Кекілбаев шығармаларында екі үлкен тақырыптық жүйе бар. Бірі - аңызда сақталған дала халықтарының рулық және таптық талас-тартыстары да, екіншісі - қарапайым, халық ортасының тіршілігі, оның адамдарын суреттеу талабы.
Ә.Кекілбаев суреттеген халық аңыздары жазушының өзі өскен ортада көп айтылып, санаға жатталып қалған шындыққа негізделеді. Жазушы тарихтың, көшпелі тіршіліктің сүреңсіз әдет-ғұрыптары мен салттарын бүгінгі оқырман көз алдында тірілтті. Тарих сабағы жақсылықтан ғана тұрмайтынын, ұрпақты одан безіндіретін, өзін аулақ ұстауға үйрететін ауыр оқиғалар сабағы болатынын көрсетті. Солардың қатарында ел арасы жауласушылығының қатігездігі, дәлелсіз, себепсіз қақтығысқан араздық сезімдері, ар-намыс дегенді жамылып, соны сылтау етіп рушылдықты, бөлінушілікті күйттеген сол заманның ұғым-түсініктері айқын ашылады. Ел мен елдің , көрші халықтардың осындай ойсыз жауласушылығын тоқтатар күшті зорлыққа зорлықпен жауап беруден іздеу мүмкін емес еді. Ол өмірі бітпейтін зорлықтарды тудырар еді. Сондықтан Әбіш қол күшіне емес, ой күшіне жүгінеді. Ол зорлықшының санасына сәуле түсіріп, ойландыратын өнер күшін таңдайды. Бұл Әбіш ойдан шығарған дүние емес. Халық ұғымына сіңген аңыздық сипаттағы сюжеттер болатын. Әбіш осыны Маңғыстау қазақтары мен түркімендер арасындағы жауласушылық оқиғаларына ыңғайлап Күй атты хикаятында пайдаланады.
Әбіш Кекілбаевтың таза қазақ өміріне арналған шығармаларына қарай ойыссақ, оларда туған халқының кең далада қиыншылық астында өмір кешкен, бірақ тіршілікке деген құрметі мен тілеуін жоғалтпаған өкілдерімен танысамыз. Жазушы олардың күрделі тіршілігінің жағдайларына, сыры мен толғаныстарына үңіледі. Сол арқылы өмір сүрудің мән-мағынасы жайлы ойлануға итермелейді. Қазақ өмірі қашанда даламен, туған жермен, атамекен-қоныспен байланысты. Құмды даланың жұтаңдығына көніп, тағдырына табандылық көрсеткен, қайратты, жаны таза, парасаты мол адамдар - Әбіш шығармаларының негізгі кейіпкерлері. Олардың бәрі қарапайым халық өкілдері, даланың табиғатымен туысып кеткен, кешегі қазақы тіршілікке көнбіс, қайсар ұлы мен қызы. Бүгін біз қазақы мінез-құлықтарды іздегенде Әбіш жасаған осы бейнелерге, соларды ашуға, тануға көмектесіп тұрған этнографиялық детальдар мен адам өмірінің ішкі иірімдеріне үңілеміз. Олардың ішінен ескінің көзіндей, тұрмысы ауыр болғанымен, көңілі сара Тілеуді (Бір шоқ жиде), күйеуі майданда қаза тауып, жалғыз ұлды жеткізген қайсар кемпірді (Құс қанаты) танимыз. Ұлы Отан соғысы кезіндегі ел басына түскен ащы шындықты шынайы қалпында көз алдына жайып салған Бір шөкім бұлт хикаятының эпиктік танымы өзгеше.

2.3. Ә.Кекілбаев шығармаларындағы тарихи тұлғалар бейнесі
Өткен күндердің ащы шындығын көрсету арқыл келешекке де жарық сәуле түсіруге болады. Оның тарихи тақырыпқа жазған шығармаларының
өзекті ойы, біздіңізше, осындай
Геральд Бельгер

Әбіш Кекілбаевтың тарихи тұлғаларға арналған еңбектерін негізінен екіге бөліп қарауға болады. Бірінші, әдеби-көркем шығармаларындағы тарихи тұлғалар (Сүйінғара, Бекет Ата, Шыңғыс хан, Ақсақ Темір, Әбілқайыр хан т.б). Екінші, ғылыми зерттеулерінде қамтылған тарихи тұлғалар. Олар негізінен: Қарабура, Шотан батыр, Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Әбілқайыр, Барақ сұлтан.. Ә.Кекілбаевтың Ханша дария хикаясының тақырыбы - Шыңғыс хан. Соңғы кездері қазақ жұртында Шыңғыс хан туралы екі түрлі көзқарас бар. Біріншісі Шыңғыс хан шабуылынан кейінгі қыпшақ тайпалары ғана емес,көптеген халықтардың саяси және экономикалық жағдайының нашарлауын, әлсіреуін, яғни зардабын көрсетеді. Екіншіден, Шыңғыс ханда жақтайтын, яғни оның жаулап алушылық саясатының прогрессивтік мәні жөнінде пікір айтушылар бар., жалпы, Кеңес Одағына қараған елдердің тарихында монғол-татар шапқыншылығы деген термин мықтап қалыптасты. Шын мәнінде ол монғолдың да, татардың емес, Шыңғыс ханның шапқыншылығы. Монғол тілдес халықтар түркі тілдес халықтармен салыстырғанда өте аз еді. Қазір монғол тілдес халықтар (Қалқа, қалмақ, бурят, ойрат, торғауыт, дүрбіт т.б) саны түркі халықтарынан бірнеше есе аз және бұрын да, қай заманда да солай болған. Ал қазіргі Монғолияның мемлекеттік тілі - қалқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік кезеңдегі «Қазақ әдебиеті» газеті
Газет бетіндегі атаулардың синтаксисі
Қазақ әдебиет тарихын қай дәуірден, кімнен бастау керек деген мәселеде
БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНІҢ ҚАЛЫПТАСУ, ДАМУ ЖОЛДАРЫ
Газет тілінің қазақ тіл білімінде, орыс тіл білімдерінде зерттелуін саралау
Балалар әдебиетінің қалыптасу тарихы
Қазақ әдебиетінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін оқыту
Оқыту үрдісінде халық ауыз әдебиеті үлгілерін пайдаланудың маңызы
Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарындағы әдебиет туралы айтыстар. ҚазАПП тұсындағы тұрпайы социологиялық сындар. Соғысқа дейінгі әдеби мұраны игеру мәселесі
Т.Жомартбаевтың публицистикалық шығармалары. Уәйіс Шондыбайұлы шығармашылығының зерттелуі. Қайым Мұхамедханұлының Абайтануға қосқан үлесі
Пәндер