Адам– саясаттың субъектісі мен объектісі



1 Субъект
2 Саясат субъектісі
3 Саяси жүйедегі адам құқығы мен бостандығы
Адам– саясаттың субъектісі мен объектісі. «Субъект» - деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. «Объект» - деп, субъектінің танымдық және басқа іс-әрекетті неге бағытталса, соны айтады. «Тұлға» деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз әрекетіне жауап беретін, еңбек етіп қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады. Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайы мен іс-әрекетіне, саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп, белгілі адам, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді. Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатынасады, саясаттың субъектісіне айналады.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Адам - саясаттың субъектісі мен объектісі. Субъект - деп белсенді іс-әрекет жасаушы, сана мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады. Объект - деп, субъектінің танымдық және басқа іс-әрекетті неге бағытталса, соны айтады. Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы іс-әрекет ете алатын, өз әрекетіне жауап беретін, еңбек етіп қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады. Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайы мен іс-әрекетіне, саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп, белгілі адам, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді. Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатынасады, саясаттың субъектісіне айналады. Саясат пен кәсіби айналыспайтын орташа адам саясатың толық субъектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені, ондағы қайшылықтардың неден туғанын және оларды жою жолдарын, өз басының пайдасы әлеуметтік мүдденің мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінін білу керек. Саясатқа қатысу шамасына қарай оларды мынадай түрлерге бөлуге болады.Саясатқа айтарлықтай әсер етпейтін, оған селқос қарап, белсенділік білдірмейтін қоғамның қатардағы қарапайым мүшесі.Қоғамдық ұйымға, қозғалысқа мүше болатын, бірақ саяси жұмысқа тура арласпайтын азамат. Саяси ұйымдардың мүшесі болып есептелетін, саяси өмірге саналы түрде, өз еркімен тікелей араласатын адам. Қоғамдық, әсіресе саяси қайраткер. Саяси қызметтің арқасында күн көрәп, табыс тауып, оны өмірінің мақсатына айналдырған кәсіби саясаткер. Ұйымдастырушы, идеялық, ресми не бейресми, абырой, бедел, ең соңғы саты болып саналатын саяси басшы, көсем. Адамның саяси өмірге қатысуға мүмкіндіе беретін құқығы конституциялық сипаттағы қарапайым демократиялық еркіндікке тікелей байланысты. Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материялдық, әлеуметтік-мәдени,саяси-құқықтық алғышарттар қажет.Ең алдымен, адамның ішер тамағы, киер киімі, жатар орны, тұрмыс жағдайы, белгілі бір дәрежеде білімі, кәсіби дайындығы, саяси мәдениеті болуы керек. Мемлекеттің жақсы тұрмысы оны демократиялық негізде тиімді басқаруға керекті көпшілікке жоғары білім, кәсіби дайындықты қамтамасыз етеді. Білімді адамның мәдениеті де жоғары болады. 3.Саяси жүйедегі адам құқығы мен бостандығы. Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелердің бірі- жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқығы деп адамның белгілі игілік алуын қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығына оған өз қалауынша орындауға мүмкіндік беретін, мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптеріжатады
Күнделікті өмірде саясат туралы көптеген сөзтізбегі колданылады. Олар қоғам саясаты, экономикалық, мемлекеттік, партиялық саясат, нарықтық, рухани, діни, халықаралық саясат, т.б; Демек, қоғам көлемінде сан алуан саясаттар іске асырылады екен, ал осы саясаттарды қоғамда жүргізетін адам жай адам ғана емес, әлеуметтік мүддені, материалдық және рухани құндылықгарды билік арқылы бөлетін, өзара қатынаста болатын адамдар. Олай болса, адамдардың әлеуметтік бірлігі, нақтылы адамның саяси өмірі белгілі қоғамдық салада өзара байланыстылықта өтеді. Олардың нәтижесі - мүддені, адамның іс-әрекетін материалдандыру. Сонымен қатар саяси сала қоғамның дамуы мен өмір сүруінің факторы есебінде қоғамдық және саяси өмірдің процестеріне де әсер етеді.
Саяси сала адам іс-әрекетінің шартты, дербес, көп қырлы және күрделі саласы. Ол саяси билік қатынасының мына түрлерін қамтиды -- зандылық, атқарушылық және соттық. Саяси сала қоғамдық өмірдің және оның дамуының қозғаушы күшінің бірі. Бірақ оның ерекше саяси мазмұны мен формасы бар. Саяси билікті анықтау және қайтабөлу адамдардың әлеуметтік бірлігін іске асырудың нақтылы механизмін табуға негізделеді. Саяси саланын, баска да салалардың өзара қарым-катынасының мазмұнын аныктау көп жағдайда саяси режимге байланысты. Сондыктан саяси режим және саяси сала іштей өзара байланысты құбылыс. Саяси режим -- саяси және коғамдық өмірді ұйымдастырудың және оның өмір сүруінің тәсілі. Мәселен, тоталитарлык саяси режим коғамдық әмірді күштеп реттеумен, кысым көрсетумен, коғам мен жеке адамды мемлекеттің жұтуымен, қоғамдық сананың саяси билікке бағынуымен, халықты саяси биліктен, меншіктен, жалпы адамзаттык мәдениеттен ажыратумен сипатталады. Біз 70 жылдан астам уақыт осындай режимде өмір сүрдік.
Қазақстан Республикасында мемлекеттік өкімет билігі оның заң шығару, аткару және сот билігіне бөлу принципіне негізделген. Соған сәйкес мемлекеттік органдар өз өкілеттігі ауқымында іс-әрекет жасайды.

Саясат субъектісі ретіңнде жекеліктің қалыптасу ерекшеліктері талданады. Саяси әлеуметтендіру, қазіргі қоғамдардағы өлеуметтік страратталу процестері, олардың саясатқа ықпалы анықталады. Бұл тұжырымдама бойынша билік басқа адамдардың жүріс - тұрысын, өзін өзі ұстауын өзгерту мүмкіндігіне негізделген іс - әрекеттің негізгі түрі. Саясат субьектісінің құрамы іс-әрекеттерінің түрлері, тәсілдері, көздеген мақсат - мүдделері және т.б. Олар қоғамның нақты, тарихи жағдайымен айқындалады. Саясаттың субъектілері. Оған азаматтар, әлеуметтік топтар, ұлттар, қоғамдық саяси ұйымдар, мемлекет, тіпті жалпы қоғам жатады.
Сонымен саясаттың субъектілерінің 2 түрі болады:
1) әлеуметтік 2) институционалды.
Саясаттың әлеуметтік субьектісі дегенде адамдардың өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына, іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі бір өзгерістер енгізетін, саясатты жасайтын адамдарды, ұйымдарды, не әлеуметтік топтарды айтады. Оларға мыналар жатады:
- Тұлға, әлеуметтік топтар мен таптар, бірлестіктер, мысалы ұлттық бірлестік. Олар мемлекеттік билікті жүзеге асыру процесіне қатысады немесе оған ықпал етеді.
- Жалпы әлеумет - ұлттар, элита, бұқара, маманданған топтар саясаттың әлеуметтік субъектілеріне жатқызылады.
- Жекелеген тұлғалар - саяси лидер, қарапайым азаматтар. Олар әлеуметтік денгейдегі субъектілер.
Ал адамдар қоғамда көбінесе ұжымдасып ұйымдасып өмір сүреді. Олар әр түрлі әлеуметтік (мысалы: отбасы, шіркеу, кәсіподақтар) және саяси институттар (мысалы: мемлекет, саяси партиялар, БАҚ, халықаралық ұйымдар - БҰҰ, Европалық парламент, ОБСЕ және т.б.) болып қалыптасады. Олар институционалды денгейдегі субъектілер.
Саяси институттар - құрылысы жағынан ұйымдасқан, бір орталыққа бағынатын ұйымдар болып келеді. Ерекше өкілділіктерге ие, атқарушы ақпараты бар саяси ұйым, мекемелердің бәрін институционалды субъектіге жатқызамыз. Соның ішінде Г.Алмондтың айтуынша негізгі институционалдық субъект ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам - әлеуметтік саясаттың объектісі ретінде
Саяси биліктің негізгі белгілері, билік субъектісі және объектісі
Адам өміріндегі саясаттың ролі
Саяси партияның қызметтері
Саяси психология
Адам және саясат
Саясаттану ғылым және оқу пәні
«Қоғамдық білім негіздері»
Саясаттану пәні - әрі ғылым, әрі өнер ретінде
Саясаттың негізгі түсініктемелеріне салыстырмалы талдау жайында
Пәндер