Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныс: мақсаттары, міндеттері, күштері және басқару негіздері


Пән: Алғашқы әскери дайындық
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Азаматтық қорғаныстың мақсаттары:

- әр қоғамдағы ең басты және бағалысы - адам. Сондықтан барлық қорғану шараларында адамдардың кауіпсіздігін ескерту - негізгі мақсат. Адамды қорғай білу - мемлекет үшін маңызды. Сондықтан халықты қорғау адамның өмірін сақтап қалу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету азаматтық қорғаныс жүйесінің негізгі жұмысы.

- халықтың еңбегімен жасалған барлық байлықты сақтап қалу. АҚ ережелерінде олар сенімді түрде қорғалуы қажет деп көрсетілген.

Азаматтық қорғаныс міндеттері:

- халықты жаппай қыру құралдарының(ядролық, химиялық, бактериялық) зардаптарынан сақтап қалу;

- төтенше жағдайда өндіріс орындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету;

  • зардапқа ұшыраған адамдарды құтқару және қалпына келтіру жұмыстарын жеделдетіп жүргізу;
  • апат болған, қираған жерлерде барлау жұмыстарын жүргізу;
  • зардап шеккен адамдарды іздестіру, құтқару, оларға қажетті көмек көрсету;
  • төтенше жағдайда шыққан өртпен күресу, олардың өршуіне жол бермеу;
  • өндірістік орындардағы апаттық көрші тұрғын объектіге зиянын келтірмеуін көздеу және қалпына келтіпу;
  • адамдарды және техникаларды басқа да объектілерді улы, бактериялық, химиялық заттардан санитарлық тазалықтан өткізу;
  • территорияны, техниканы, киімді, тамақты, улы радиактивті заттардан, бактериялардан қорғау.

Азаматтық қорғаныстың күштері:

  • ҚР АҚ әскери күштері - Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын Азаматтық қорғаныстың әскери бөлімдері;
  • АҚ территориялық жасақтары - аудандарда, қалаларда, облыстарда құрылады жәнетиісті Азаматтық қорғаныстың бастықтарына бағынады. Ұйымдар территориялық құрамалар құруға негіз болады;
  • АҚ обьектілік жасақтары - ұйымдарда, тұрғылықты жерлер бойынша құрылады және әдетте солардың мүдделері үшінпайдаланылады. Төтенше жағдайларды жою басшысының шешімі бойынша объектілік құрамалартиісті аумақтардың (территорияның) мүдделерін көзлейтін міндеттер орындауға тартылуы жұмылдырылуы мүмкін.
  • АҚ және ТЖ қызмет жасақтары - Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімімен құрылатын, әкімдер, орталық және жергілікті атқарушы органдар құратын республикалық, облыстық, аудандық, қалалық Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтері құрамалары;
  • жедел-құтқару отрядтары (жасақтары) - жол қатынасы қиын аудандарда және аса күрделі объектілерде іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған республикалық, облыстық, қалалақ, аудандақ құрамалар.

Жер сілкінетін аймақтарда АҚ жасақтары бір құтқарушыға он адамнан, өндіріс региондары үшін, су басатын және өрт болатын аймақтарда бір құтқарушыға 15-20 адамнан келетін есеппен құрылады.

Қамтамасыз ету жасақтары:

  • байланыс
  • материалдық-техникалық қамтамасыз ету;
  • көліктік;
  • қоғамдық тәртіпті сақтау;
  • жануарларды және өсімдіктерді қорғау;
  • т. б

Бейбіт жағдайда ТЖ зардаптарын жою үшін бұрыннан құрылған АҚ жасақтарынан және штаттағы арнаулы жасақтардан шұғыл әрекет ету отряды құрылады.

Шұғыл әрекет ету отрядының құрамы:

-облыста 150 адамнан аз емес;

-қалада 100 адамнан аз емес;

-ауданда 50 адамнан аз емес.

Жасақтардың максималды дайындыққа келу уақыттары:

-шұғыл әрекет ету отрядтары үшін - 2 сағаттан көп емес

-негізгі құтқару жасақтары үшін - 4 сағаттан көп емес

-басқа жасақтар үшін - 6 сағаттан көп емес.

АҚ жасақтарын жасақтауда жасақтар құрамына кірмейтін категориядағы адамдар:

-1, 2, 3 топтағы мүгедектер:

-аяғы ауыр әйелдер;

-8 жасқа дейінгі балалары бар әйелдер

Азаматтық қорғаныстың басқару ұйымдары:

  • республикадағы азаматтық қорғаныс штабы;
  • облыстық, қалалық, аудандық штабтар;
  • министрлік бойынша жергілікті жердегі мекемелерде;
  • АҚ штабтары немесе қызметкерлері;
  • азаматтық қорғаныс ұйымының кезекшілік қызметкерлері мен байланыс органдары.

Азаматтық қорғаныстың күштеріне жататындар:

  • азаматтық қорғаныс әскерлері;
  • ауқымдық не министрліктерге бағынатын жасақшылар;
  • арнайы жасақшылар.

Басқару органдары:

  • Қазақ Республикасының Прьемер-министрі;
  • республикалық азаматтық қорғаныс штабы;
  • төтенше жағдай жөніндегі комиссия;
  • облыс әкімі;
  • қала әкімі;
  • аудан әкімі;
  • әр мекемедегі бірінші басшы (3-сурет) .

Мекеменің басшысы осы мекеменің төтенше жағдай кезінде дайындығы үшін, құтқару жұмыстарының ұйымдастырылу жұмыстарына жауап береді. ТЖ-дың зардабын жоюға жауапты адам.

Азаматтық қорғаныс жүйесі территориялық және өндірістік негіздері бойынша құрылады.

Территориялық - дегеніміз әр облыс, қала, аудан территориясында құрылады.

Өндірістік - дегеніміз жұмыс саласындағы әр министрлік бойынша жергілікті жерде солардың басшылығымен жұмыс жасайтын азаматтық қорғаныстың орындары болады.

Азаматтық қорғаныс күштерiнiң құрамы . Азаматтық қорғаныс күштерi Азаматтық қорғаныстың әскер бөлiмдерiнен, аумақтық, объектiлiк құрамалар мен Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар қызметтерiнiң құрамаларынан, мемлекеттiк өртке қарсы қызмет бөлiмшелерiнiң жедел-құтқару отрядтарынан тұрады.

Азаматтық қорғаныс күштерi бейбiт уақытта төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнiндегi Мемлекеттiк жүйенiң құрамдас бөлiгi болып табылады, ол туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.

Құтқару жұмыстарын жүргiзу кезеңiне Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң бөлiмдерi мен бөлiмшелерi, ведомстволық мамандандырылған авариялық-құтқару, авариялық-қалпына келтiру, әскерилендiрiлген және басқа да құрамалар бөлiнуi мүмкiн, олар жұмыстарды орындауды құтқару жұмыстарының жалпы басшысының жедел басшылығымен жүзеге асырады.

Бөлiнген күштер оқып-жаттықтырылған, техникамен, жабдықтармен жарақтандырылған және iздестiру-құтқару жұмыстарын дербес жүргiзуге сақадай-сай болуға тиiс.

Азаматтық қорғаныс күштерiн пайдалану тиiстi деңгейлердегi Азаматтық қорғаныс бастықтарының шешiмi бойынша жүзеге асырылады

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныс жүйесі: құрылымы, мақсаттары, міндеттері және басқару
Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныс жүйесінің мақсаттары, міндеттері және құрылымы
Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныс жүйесі: рөлі, мақсаттары және басқару құрылымы
Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныс жүйесінің құрылымы, мақсаттары және басқару ұйымдары
Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныс: ұйымдастыру, негізгі міндеттері және қорғаныс шаралары
Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныс: міндеттері, құрылуы және жұмыс істеу принциптері
Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныс жүйесінің рөлі, құрылымы және басқару принциптері
Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныс жүйесі: құрылымы, міндеттері және төтенше жағдайларда қолданылатын қорғау шаралары
Азаматтық қорғаныс шаралары: күштері, құрылымы, даярлау және халықты қорғау
Қазақстан Республикасындағы азаматтық қорғаныс: шешілу деңгейлері және тұрғындардың төтенше жағдайлардағы іс-әрекеттері мен міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz