Айырбас шартының элементтері туралы


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1. Айырбас шартының түсінігі. 3

2. Айырбас шартының мазмұны. 4

Қорытынды5

Пайдаланған әдебиеттер6

1. Айырбас шартының түсінігі.

1. Айырбас шарты бойынша тараптардың әрқайсысы шаруашылық жүргізуді, оралымды басқаруды басқа тараптың меншігіне бір тауарды екіншісіне айырбасқа беруге міндеттенеді (ҚР АК 501-бабы бойынша) .

Айырбас шарты бойынша бір тарап өз тауарын өзге (екінші) тараптың тауарына айырбастайды. Тараптардың әрқайсысы бір біріне тауарды меншікке, шаруашылық жүргізуге, оралымды басқаруға беруге міндеттенеді.

Айырбас шарты Рим құқығында шарт нысаны ретінде сатып алу-сату шартынан бұрын қалыптасқан. Жеке құқықтық қатынастарды құқықтық реттеу Римде сияқты жоғары дәрежеде болмаған қоғамдарда айырбас қатынастары материалдық игіліктерді бөлудің объективті ең басты нысаны болды.

Одақ кезіндегі (кеңес одағы) кезіндегі азаматтық құқықта социалистік ұйымдардың қатысуымен айырбас шарттары өте шектеулі қолданылды. Қазақстан Республикасында қаржы-несие жүйесінің құлдыраған кезде заңды тұлғалардың қатысуымен жасалған айырбас шарты, шарттық қатынастардың негізгі нысандарының бірі болды. Әсіресе, бұл 1993 ҚР ұлттық валютасы енгізілгенге дейін айқын сезілді. Өз кезегінде бартерлік (айырбас) қатынастар қаржы қатынасына кері әсерін тигізді. Сондықтан, бартерлік шарттарға тиым салынатын болды. Қазіргі кезде ҚР АК қабылдауына байланысты мұндай шектеулер қойылуы мүмкін емес, өйткені заңды тұлғаларға, негізінен жеке меншіктегілерге тиісті әрекет қабілеттігіне сәйкес қандай да болсын құқыққа сәйкес қатынастарға кіруіне болады. Бірақ та, сол субъектілер құқықтарын теріс мақсаттарда пайдалана алмайды. Мысалы, егер кәсіпкерлер өздерінің іскерлік белсенділігін жасыру мақсатымен жаппай заттай айырбасқа көшсе, онда бұл заң шығарушы тарапынан теріс бағалануы тиіс.

Айырбас шарты өзінің заңды табиғатына сәйкес консенсуалды, өзара және өтеулі (ақылы) шарт болып табылады. Айырбас қатынастары тек тауарларды басқа бір тауар айырбастағанда емес, сонымен бірге тауарларды белгілі бір қызмет, жұмысқа (оның нәтижесінде) айырбастағанда орын алады, әсіресе егер бір тарап одан белгілі затты жасау үшін материалын артығымен беретін болса. Зат қызметке, жұмысқа айырбасталса, онда мердігерлік қатынастарын, ақылы қызмет көрсету бойынша қатынастардың құқықтық реттелуінің ерекшелігін, туындайтын міндеттемелердің мәнісін ескеру керек болады. Айырбас қатынастарына - бір тауар мен екіншісін айырбастағанда, олардың құны бір-біріне сәйкес келмеуіне байланысты тараптардың бірі қосымша ақшалай өтемақы беретін жағдайларда жатады.

Егер шартта немесе заңнамада өзгеше көзделмесе айырбас шарты сатып алу-сату шартының ережесіне сәйкес жүргізіледі. Сондықтан, бұл мәміленің нысанына, оны мемлекеттік тіркеу бойынша талаптар сатып алу-сату шарты бойынша қойылатын талаптарға тең болып келеді.

2. Айырбас шартының мазмұны.

Айырбас шартында әрбір тарап өзі беретін заттың сатушысы, ол алатын затының сатып алушысы болып келеді. Сонымен қатар, шарт еркіндігінің қағидаты тараптарға өзіне қолайлы құқықтар мен міндеттерді таңдауға мүмкіншілік береді. Сондықтан айырбас шартында бір тараптың екіншісіне қарағанда құқығынан міндетінің көп болуына шек қойылмайды. Бірақ, бұл айырбас қатынастарының түпкі негізіне айтарлықтай әсер етпеуі керек. Айырбас қатынасының мәнісі, яғни бір тауардың орнына өзгесі берілуінің талабы мызғымас болып келеді.

Шарттың әрбір тарабы тиісінше шығындалады, бұл оның тауарын берумен және қарсы қанағаттануды қабылдаумен байланысты болады. Айырбасталатын тауарлардың саны, сапасы, түр-түрі және де жиынтылығы туралы жағдайлар сатып алу-сату туралы жалпы ережелер бойынша анықталады. Егер шарт кәсіпкерлік болса, онда тараптар оған өнім тапсыру туралы ереже қолданылатынын қарастыруы мүмкін. Шартқа сәйкес айырбасталатын тауарлар бір-біріне тең емес деп танылған жағдайда беруге міндеттенген тарп, тауар беру міндетін орындауға дейін немесе одан кейін бағадағы айырманы төлеуге тиіс. Азамат жер ачаскесі мемлекеттік қажеттілігіне алынуына байланысты өз тұрғын үйін бұзуға берген кезде сол азаматқа ерекшелік жасалады. Егер тұрғын үй орнына берілген үйдің құны алғашқысынан қымбат болса, оның бағасының айырмасы меншік иесінен алынбайды.

Тараптар айырбастайтын тауарларды бір мезгілде беруге міндетті. Түсініспеушіліктер туындағанда ҚР АК 286-бабының ережелері қолданылуы керек, қарсы міндеттемелер бір мезгілде орындалуы тиіс деп танылады. Міндеттеменің орындалу мерзімі әдет-ғұрыптармен заңнамада немесе шартта тікелей көрсетілсе, олар әртүрлі мерзімде орындалады.

Айырбас шарты бойынша тараптардың меншік құқығы (шаруашылық жүргізу, оралымды басқару құқықтары) олардың әрқайсысының шарт бойынша міндеттемелігі орындағаннан кейін пайда болады. Бұл норма диспозитивті және тараптармен өзгертілуі мүмкін, сонымен бірге тауар өткізу кезінде мүліктің кездейсоқ бүлінуі немесе жойылуы қауіпі туралы мәселе жеке шешілуі мүмкін.

Егер заңнамамен немесе шартпен өзгеше көзделмесе айырбас шартында әрбір тарап үшінші тұлғалардың кез-келген құқықтарынан тыс тауарды беруге міндетті. Осы міндетті орындамаған жағдайда бір тарап екінші тарпқа тауарды қайтаруға міндетті. Тауарды өз күйінде қайтару мүмкін болмаса, оның құнын қайтаруы тиіс. Бұл шараны қолдану мүдделері бұзылған тараптың қарауына байланысты болып келеді.

Қорытынды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
АЙЫРБАС ШАРТЫНЫҢ ТАРАПТАРЫ МЕН МІНДЕТТЕРІ
Сатып алу шарты
Кəсiпорынды сатып алу-сату шарты
ЖЕТКІЗІЛІМІ ШАРТЫНЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН ОРЫНДАЛУЫ
Сатып алу-сату шартының түсінігі және маңыздылығы
Айырбас шарты туралы жалпы түсінік
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Айырбас шартының түсінігі
Айырбас шарты
Тауар жеткізілімі шарты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz