Ақыл-ой кемістігі



Кіріспе 3
1. Ақыл.ой кемістігінің динамикасы 4
2. Интеллектісі бұзылған балаларға көмек көрсетудің даму тарихы 5
Қорытынды 7
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 8
Ақыл-ой кемістігі – бұл диффуздық сипатқа ие бас ми қыртысының органикалық зақымдалуымен шартталған таным іс-әрекетінің тұрақты қайтымсыз бұзылысы. Қалыпты қалыптасқан мидың зақымдалуы нәтижесінде пайда болған ақыл-ой кемістігін (3 жастан кейін) деменция деп атайды. Бас миының жарақаттарынан, әртүрлі орталық жүйке жүйесі ауруларының нәтижесінде қалыптасқан психикалық қызметтердің жойылуына және ерте қалыптасқан дағдылардың жоғалуына әкеледі. Мысалы, деменциясы бар 4 жастағы балада, онда фразалық сөйлеудің, өзін-өзі күту дағдыларының жойылуы және ойынға, суретті салуға деген қызығушылықтары төмендеуі немесе жойылуы арқылы көрінеді. Танымдық үдерістеріне қарағанда, көбінесе зейіннің, естің тез бұзылуы байқалады.
1. Дефектологический словарь.М.,1970.
2. Основы дефектологии. В.А.Лапшин, Б.П.Пузанов.М.,1991.
3. Основы специальной психологии. Под ред. Л.В. Кузнецовой.М.,2003.
4. Психология аномальных детей и подростков – патопсихология. М.- Воронеж.,1996.
5.Выготский Л.С. Собр.соч. в 6 т. М., 1983, 5т.
6.Годфруа Ж. Что такое психология? М.,1992, 2т.
7.Основы специальной психологии. Под ред. Л.В. Кузнецовой.М.,2003.
8. Выготский Л.С. Собр.соч.:в 6 т.М.,1983,т.5
9. Лебединский В.В. Нарушения психического развития у детей.М.,1986.
10.Пожар Л. Психология аномальных детей – патопсихология.М.,1996.
11.Столяренко Л.Д. Психология. Ростов-на-Дону, 1998.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Ақыл-ой кемістігінің динамикасы 4
2. Интеллектісі бұзылған балаларға көмек көрсетудің даму тарихы 5
Қорытынды 7
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі: 8

Кіріспе
Ақыл-ой кемістігі - бұл диффуздық сипатқа ие бас ми қыртысының органикалық зақымдалуымен шартталған таным іс-әрекетінің тұрақты қайтымсыз бұзылысы. Қалыпты қалыптасқан мидың зақымдалуы нәтижесінде пайда болған ақыл-ой кемістігін (3 жастан кейін) деменция деп атайды. Бас миының жарақаттарынан, әртүрлі орталық жүйке жүйесі ауруларының нәтижесінде қалыптасқан психикалық қызметтердің жойылуына және ерте қалыптасқан дағдылардың жоғалуына әкеледі. Мысалы, деменциясы бар 4 жастағы балада, онда фразалық сөйлеудің, өзін-өзі күту дағдыларының жойылуы және ойынға, суретті салуға деген қызығушылықтары төмендеуі немесе жойылуы арқылы көрінеді. Танымдық үдерістеріне қарағанда, көбінесе зейіннің, естің тез бұзылуы байқалады. Есейген сайын олардың патологиялық белгілері төмендейді. Ақыл-ой кемістігімен қатар болатын орталық жүйке жүйесінің аурулары бар адамдарды ерекше топқа жатқызуға болады: шизофрения, эпилепсия және т.б. Осы аурулардың қарқынды төмендеуі нәтижесінде, психикалық бейнелер жойылады, ақыл-ой кемістігі тереңдейді және де ауыр дәрежеге жетеді. Оларда эмоционалдық-ерік саласының, іс-әрекеттің және жалпы тұлғалықтың спецификалық ерекшеліктері пайда болады. Уақытылы емдеу аурудың қарқынды төмендеуін болдырмауға немесе тежелуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде балаларда жиі ақыл-ой кемістігімен қатар психопатологиялық синдромдармен күрделінген болады: гипердинамикалық, психологиялық тәрізді, эпилептикалы, неврозды тәрізді.

1. Ақыл-ой кемістігінің динамикасы

Ақыл-ой кемістігі клиникалық белгілеріне байланысты оның үш дәрежесін ажыратады: дебил (миақы, мешеулік, әлсіз, қауқарсыздық), имбецил (милау, өз бетінше өмір сүре алмайды) және идиотия (мәңгүрт,нақұрыс). Дебилдік дәреже (миақы, қауқарсыздық) - (латын тілінен "debilis"-әлсіз, қуатсыз) олигофренияның жеңіл дәрежесі. Дебилдердің интеллектуалдық коэффициенті (IQ) 50-70-ті құрайды. Ересек дебилдердің психологиялық дамуы 8-12 жастағы баланың дамуына сәйкес келеді. Дебилдердің интеллектуалды дамуының зақымдалу деңгейіне байланысты: орташа, жеңіл және ауыр түрлері анықталған. Мешеулік ерте балалық шақтан біліне бастайды. Бұл балалар бастарын ұстауды, отыру, жүру және сөйлеуді өте кеш бастайды. Балалық шақта сөз қоры жетілмеген, қысқа болады. Бірақ, жылдар өте, егер дебилдік жеңіл түрінде болса және асқынбаса, көп нәрсеге үйренеді және психикалық жетіспеушіліктері азая бастайды. Дебилдіктің жеңіл түрінде балалардың сөздік қоры жеткілікті, олар жалпы мектепте де оқи алады, бірақ мәліметтерді ұғыну оларға қиын болады, әсіресе математика амалдарын игере алмайды. Дебилдер қарапайым еңбекпен ғана шұғылдана алады. Дебил балалардың танымдық әрекетінің бұзылуы қиын түсініктерді талдап, қорытуға қабілетсіз екендігін көрсетеді. Олар маңызды, басты істі жалпыдан айыра алмайды; абстракты ойлауы нашар дамыған немесе мүлдем жоқ; нақты-жазылу, көрнекі құралдар арқылы ғана қабылданатын нәтижесіз ойлау басым болады. Бірақ кейбір балалар интеллектісінің жетіспеушілігіне қарамастан, көп нәрсені аңдамай (механикалық түрде) жаттап алумен, еліктеушілікпен кемістіктерін аз да болса толықтырып, жеңілдетеді. Бірақ оларда инициатива, өз бетінше шешім қабылдау байқалмайды, барлық психикалық үдерістерде селсоқтық, енжарлық, мән бермеушілік байқалады. Дебилдер өз беттерінше өмір сүруге бейім, бірақ көбіне басшылық пен қолдауды қажет етеді, тек айтқанды ғана істейді. Олар өз-өздеріне қарапайым қызмет көрсете алады, интеллектуалды іскерлікті қажет етпейтін жерде белгілі, қарапайым мамандандықты игеруге де қабілеттері жетеді және осы істерімен белгілі мөлшерде интеллектісінің жетіспеу- шілігін бүркемелейді. Оларда жанұя, бала да болады. Бірақ, жоғарыда айтылғандай, ол балалар тұқым қуалайтын кемақылдылыққа ұшыраған бала болуы да мүмкін.
Имбецил (милау) (латын тілінен "imbecillus" - әлсіз, елеусіз) - бұл психикалық дамудың орташа зақымдануы. Ересек имбецилдің психикалық дамуы салыстырып қарағанда 3-7-жастағы қалыпты дамыған баланың деңгейіне сәйкес. Интеллектуалды коэффициенті (IQ) 20-50, ауыр имбецилдік кезінде 20-35, ал жеңіл кезінде 35-50. Имбецилдердің барлық психикалық процестері баяу, селқос. Имбецилдер жұмысқа жарамсыз, тек өздеріне қарапайым қызмет етеді, білім алуға қабілетсіз, бірақ жай сөздерді түсінеді, ал өздерінің сөздік қорлары аз, сөйлеу әрекеті нашар дамыған. Имбецилдердің сөздік қоры небары 200-300 қарапайым сөздерден құралған. Логикалық ойлау, тұжырымдау және абстракты түсінік - оларға тән емес. Ойлауы өте төмен деңгейде, нақтылық жоқ және тиянақсыз. Кейбір имбециалдерде жақсы механикалық есте сақтау қалыптасуы мүмкін, бірақ олар санау, оқу, оқығанының мағынасын түсінуге және жазуға бейім емес. Имбецилдердің ортаға бейімделуі үйреншікті, жақсы таныс жағдайда ғана болуы мүмкін. Олар ең оңай жұмыс әдістері - үй жинау, кір жуу, ыдыс жуу немесе ең қарапайым өндірістік процестерді еліктеу әрекеті арқасында ғана үйренуге қабілетті. Олар ынтасыз, бір әрекеттен екіншіге әзер ауысады, сондықтан еркін әрекеттенуге қабылетсіз, олардың эмоцио- налды реакциялары өте әлсіз және бірыңғай. Имбецил дәрежесіндегі кемақыл балалар үздіксіз қамқорлықпен арнайы бақылауды қажет етеді. Олар еркін өмір сүруге бейімделмеген. Жағдайдың аз-кем өзгеруі имбецилді тығырыққа тіреп, олар таныс емес жағдайда сасқалақтап, мүшкіл және өте жәрдемсіз болып қалады.

2. Интеллектісі бұзылған балаларға көмек көрсетудің даму тарихы

Интеллект дамуының бұзушылығы олардың тәрбиесі және оқытылуы үш үлкен кезеңге бөлінеді: Қазан төңкерісінен кейін, КСРО-да және қазіргі уақытта. Әрбір кезең нақты бағыттармен ерекшеленеді. Қазан төңкерісіне дейін қоғам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психикалық дамуы тежелген балаларды түзету әдістерін қарастыру
Интелектісі бұзылған балаға арнайы білім берудің мемлекеттік стандарты негізінде тұжырымдар
Зияты зақымдалған балаларды жалпы білім үрдісіне қосу
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНІҢ ТҮЗЕТУШІЛІК БАҒЫТЫ
АҚЫЛ ОЙ КЕМІСТІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Ақыл-ой кемтарлығына ұшыраған балалардың психикалық дамуының ерекшеліктері
Ақыл ойы дамуында кемістігі бар балалардың қарым – қатынасындағы психологиялық ерекшеліктер
Дефектология
Ерекше білім беру қажеттілігіне анықтама беру. Ерекше білім қажет ететеін балалар тобы
ДЕФЕКТОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Пәндер