Ақыл ойы кем балалардың жеке-педагогикалық ерекшеліктері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе3

1. Ақыл ойы кем балалардың жеке-педагогикалық ерекшеліктері. 4

2. Ақыл-ойы бұзылған балаларға көмек көрсетудің даму тарихы5

Қорытынды7

Пайдаланған әдебиеттер8

Кіріспе

Ақыл-ой кемістігі - бұл диффуздық сипатқа ие бас ми қыртысының органикалық зақымдалуымен шартталған таным іс-әрекетінің тұрақты қайтымсыз бұзылысы. Қалыпты қалыптасқан мидың зақымдалуы нәтижесінде пайда болған ақыл-ой кемістігін (3 жастан кейін) деменция деп атайды. Бас миының жарақаттарынан, әртүрлі орталық жүйке жүйесі ауруларының нәтижесінде қалыптасқан психикалық қызметтердің жойылуына және ерте қалыптасқан дағдылардың жоғалуына әкеледі. Мысалы, деменциясы бар 4 жастағы балада, онда фразалық сөйлеудің, өзін-өзі күту дағдыларының жойылуы және ойынға, суретті салуға деген қызығушылықтары төмендеуі немесе жойылуы арқылы көрінеді. Танымдық үдерістеріне қарағанда, көбінесе зейіннің, естің тез бұзылуы байқалады. Есейген сайын олардың патологиялық белгілері төмендейді. Ақыл-ой кемістігімен қатар болатын орталық жүйке жүйесінің аурулары бар адамдарды ерекше топқа жатқызуға болады: шизофрения, эпилепсия және т. б. Осы аурулардың қарқынды төмендеуі нәтижесінде, психикалық бейнелер жойылады, ақыл-ой кемістігі тереңдейді және де ауыр дәрежеге жетеді. Оларда эмоционалдық-ерік саласының, іс-әрекеттің және жалпы тұлғалықтың спецификалық ерекшеліктері пайда болады. Уақытылы емдеу аурудың қарқынды төмендеуін болдырмауға немесе тежелуге мүмкіндік береді. Қазіргі кезде балаларда жиі ақыл-ой кемістігімен қатар психопатологиялық синдромдармен күрделінген болады: гипердинамикалық, психологиялық тәрізді, эпилептикалы, неврозды тәрізді.

1. Ақыл ойы кем балалардың жеке-педагогикалық ерекшеліктері.

Мектепке дейінгі ақыл-ойы кем балалардың тұлғалық сферасының барлық аспектілері баяу, үлкен ауытқумен қалыптасады. Балаларға эмоционалдық дамуының артта қалуы тән.

Ерік сферасы оларда бастапқы қалыптасқан кезеңде орналасқан.

Ақыл-ойы кем балалардың өзін-өзі бағалауын экспериментті зерттеу жоғарылау шағының тұрақсыздығын белгілейді, бірақ оның жасына байланыстылығы бар. Мектепке дейінгі балалар үшін, темпераменттік ерекшеліктері деңгейінде тән-моторлық белсенділіктің жоғарылығы, жоғары алаңдаушылық, көңіл-күй бұзылуы. Оларға қорқыныш, көбінесе ерте жастағы балалар үшін сипатты: ертегі кейіпкерлерінің қорқыныштылығы, жануарлар, қараңғылық.

ПДТ(ЗПР) балалар эмпатияның деңгейі бойынша қалыпты дамыған құрдастарына, ақыл-ойы кем балаларға қарағанда жақын.

Ақыл-ойы кем балаларға қарағанда, ПДТ (ЗПР) балалар алдын-ала оқу іс-әрекетінің сипаты туралы дұрыс көріністер жеткілікті. Бірақ бұл нақты емес, қалыпты дамыған құрдастарына қарағанда, олар көбінесе, мектепке дейінгі өмірге іс-әрекет алгоритмін сақтауын қалайды.

2. Көмекші мектеп оқушыларының өзара тұлғалық қарым-қатынасын зерттеуде, көмекші мектептің бастауыш сынып оқушылары арасындағы қарым-қатынасының өзіндік құрылымына қарамай, сол заңдылықтар бойынша дамиды, яғни жалпы мектеп оқушылары арасындағы қатынастары сияқты және ойын, еңбек, оқу, интернатта бірігіп өмір сүру процессіндегі әлеуметтік қарым-қатынасындағы қажеттіліктеріне байланысты. Әр оқушыға ұжымда жағымды эмоционалдық өзін сезінуін және адекватты өзін бағалауын қалыптастыру және жеке өзара қатынас сферасындағы деңгейін қамтамасыз ету қажет.

Оқушылар арасындағы өзара тұлғалық қарым-қатынасын зерттегенде, көмекші мектеп оқушылары мен жалпы мектеп оқушыларының арасындағы өзара қарым-қатынасы дамитын және жинақталатын, жалпы заңдылықтар анықталды. Одан басқа, көмекші мектептің жоғарғы сынып оқушыларының көбісі тұлғалық қатынастар жүйесінде өзінің бағалауының адекваттылығы және ұжымдағы өзінің орнын дұрыс бағалауын қалыптастыру белгіленеді.

2. Ақыл-ойы бұзылған балаларға көмек көрсетудің даму тарихы

Интеллект дамуының бұзушылығы олардың тәрбиесі және оқытылуы үш үлкен кезеңге бөлінеді: Қазан төңкерісінен кейін, КСРО-да және қазіргі уақытта. Әрбір кезең нақты бағыттармен ерекшеленеді. Қазан төңкерісіне дейін қоғам ойшылдары, философтар, педагогтер, дәрігерлер ақыл-ойы кем тұлғаларды тәрбиелеу және емдеу туралы өз ойларын жеткізеді. Ерекше көзқарастар А. И. Герценде, Белинскийде, Чернышевскийде, Добролюбовта болды, тек Добролюбов қана «икемі аздардың» жағдайын ашып, оларға шыдамдылық танытты. Ақыл-ойы кем балалар саны жылдан-жылға көбейе береді, бірақ оларға оқыту және тәрбиелеу көмек беруі қолға алынбады, ал сондай көмектер болған уақытта, олар тек жеке пайдасында және қамқорлық жолдарында ғана жүзеге асырылды. Олигофренопедагогика дамуында үлкен рөлді дәрігер-психиатрлар атқарды (В. И. Яковенко, И. Г. Игнатьева, П. И. Ковалевский) . Ақыл-ойы кемтарларды оқыту мен тәрбиелеудің маңызды рөлін Ресейде 2-съезде орыс іскерлік, технологиялық және кәсіби білім арқылы көрсетті. Қазіргі заманғы дефектология үшін үлкен қызығушылықты Г. И. Россолимоның сөз сөйлеуі тудырды. Революция съезінде көмекші мектептің іс-әрекетінің көптеген сұрақтары көрініс тапты. Терең ақыл-ой кемістігі бар балаларға көмек көрсетуді дамытумен ұйымдастыруда үлкен рөлді Е. К. Грачеваға (1866-1934) берілді. ақыл-ойы кем балаларды оқыту және тәрбиелеу шарттарын қалыптастыру; дәрігерлік - педагогикалық кездесуді даярлау; қажетті оқу бағдарламасын құрастыру. Революция съезінде көп сұрақтар арнайы ретінде мектептерде табылды. Ақыл-ой кемістігі бар балалардың терең көмек көрсетті және олар үлкен рөлі пайда болуына Грачева жатады. Ақыл-ой кемістігі бар балалар ұйымының пайда болуына үлкен үлесін қосқан орыс ғалымы Е. К. Грачева (1866-1939) . Грачева алғаш рет Ресейде идиот және эпилептик балаларға арналған балалар үйін ашты. В. П. Кащенко (1870-1943) анамальды балаларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесін ұйымдастырудың белсенді қатысушысының бірі болды. Дәрігер В. П. Кащенконың кемістіктері бар балаларға арналған мектеп-санаториі бұл уақыттарда емдеу тәрбиелеу және оқыту жолдарымен балалардың даму жетістіктері түзетіліп, оларды пайдалы өмірге еңбекке дайындаған, алғашқы емдеу - тәрбиелеу мекемесі болып есептеледі. Бұл ОЖЖ әр түрлі бұзылыстары балаларды оқытумен тәрбиелеу сұрақтары бойынша ғылыми әдістемелік орталықтардың бірі болды. Кащенко дәрігері ғылыми-әдістік орталығы сол уақытта ең алғашқы орталықтарының бірі болып табылады. қарқынды дамуына өз үлесін қосқан ғалым Граборов А. Н. (1885-1949) . 1915 жылы Граборов ғалымы Петербург қаласында ең алғаш рет жеке меншік мектеп-пансионатты ашты, уақыт өтегеле пансионат орталық арнайы мектеп деп есептелді. Ақыл-ой кемістігі бар балаларды тәриелеу және оқытуды дамытуда осы кезең ең басты болып есептелді. 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін бұзықтылыққа қарсы күресу жолдары қарастырылды. Осы уақытта дефектологияда ең маңызды мәселе болып бүкіл Ресейлік съезд болып саналды. Осы съездің негізгі мәселесі болып балалар диферентілері мен күресу шаралары есептеледі. 1966 жылдан бастап арнайы мектептерде белгілі әдістер арқылы жаңа арнайы пәндері енгізілді. Қазіргі уақытта түзету мектепке керекті оқулықтар, дидактикалық жәрдем мен безендірілген.

Қорытынды

Ақыл-ойы кемістігінде тұрақты қайталанбайтын психикалық бұзылыстары, бірінші кезекте интеллектуалды дамуының органикалық шартталған жетіспеушілікпен немесе бас миының ерте зақымдануымен байланыстылығын түсіну қажет. Ақыл-ойы кем балалар жалпы мектепте оқуға қабілетсіз. Ақыл-ойы кемдіктің ауыр сатысындағы балалар мектеп білімдерін және дағдыларын меңгеру жағдайында емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дефектология негіздері
ЗИЯТЫ ЗАҚЫМДАЛҒАН БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ ҮРДІСІНІҢ ТҮЗЕТУШІЛІК БАҒЫТЫ
Зият ауытқуларының түрлері
Дефектология пәнінің негізі
«Ақыл-ой кем балалармен коррекциялық түзету әдістерін жүргізу»
Психикалық дамуы тежелген төменгі сынып оқушыларының үрдісін ұйымдастыру
Аномальды балалар
Ақыл - ойы бұзылған бастауыш сынып оқушыларының қызығушылықтарын қалыптастырудың ерекшеліктері
Дефектология негіздері пәнінен лекция тезистері
Кемтар балаларға психологиялық көмек көрсету мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz