Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

ӘОЖ 37. 013. 43:351. 713(574) Қолжазба құқында

ЫБЫШОВА САЛТАНАТ ТУРГЫНБЕКОВНА

Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары

13. 00. 01 - Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы, этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

авторефераты

Қазақстан Республикасы

Қарағанды, 2010
Жұмыс Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде орындалды

Ғылыми кеңесшілері: педагогика ғылымдарының докторы

Аганина Қ. Ж.

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы

Нұрғалиева А. Қ

педагогика ғылымдарының кандидаты,

доцент Омаров С. Қ.

Жетекші ұйым: І. Жансүгіров атындағы Жетісу

мемлекеттік университеті

Диссертация 2010 жылы «__» сағат Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті жанындағы педагогика ғылымдарының докторы ғылыми дәрежесін алу үшін диссертация қорғау жөніндегі БД 14. 50. 05 біріккен диссертациялық кеңесінің отырысында қорғалады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28, Ғылыми кеңестің мәжіліс залы) .

Диссертациямен Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің кітапханасында танысуға болады (100028, Қарағанды қаласы, Университет көшесі, 28) .

Автореферат 2010 жылы «» таратылды.

Біріккен диссертациялық

кеңестің ғалым хатшысы Н. Ә. Мыңжанов


Кіріспе

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміздегі саяси-әлеуметтік, құқықтық-экономикалық өзгерістер, ақпараттық ағымның жедел қарқынмен артуы, әлем кеңістігіндегі білім беру үдерісі дамуының тенденциялары жалпы орта білім берудегі терең өзгерістерді талап етуде. Сол өзгерістердің бірі мектеп білім алушыларының экономикалық мәдениетін, соның ішінде салық мәдениетін қалыптастыру мәселесі болып табылады.

Экономикалық мәдениеттіліктің қоғамға әсер етуімен ерекшеленетін кең функциональдық маңызы бар. Экономикалық мәдениеттіліктің маңызды функцияларының бірі - экономикалық субъектілердің ынта-ықыласы. Нарықтық экономика жағдайында экономикалық кызығушылық адамдардың экономикалық белсенділігін, ынта-ықыласын арттыратын негізгі қозғаушы күш болып табылады.

Елбасының Қазақстан халқына Жолдауларында (2008, 2009, 2010), Қазақстан Республика «Білім туралы» Заңында (2007), Қазақстан Республикасында 2005-2010 жылдарға дейінгі білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында білім мазмұнын тұлғаның өмір талабына сай құзыреттілігін қалыптастыруға қажетті материалдармен толықтыра отырып, жетілдіруді жүзеге асыру жоспарланған.

Мектеп білім алушыларына экономикалық білім беру қазіргі заман талабына сай құзыреттіліктерді қалыптастыруға мол мүмкіндік тудыруда. Ал, жоғары сынып білім алушыларына экономикалық білім беруде олардың салық мәдениетін қалыптастыру сол мүмкіндіктерінің біріне айналуда. Жоғары сынып білім алушыларына тән, олардың әлеуметтік қалыптасу ерекшеліктерін, мінез құлықтарындағы сандық та сапалық өзгерістерін ескере отырып, көпшілік ғалымдар осы жастағы жеткіншектердің салық мәдениетін қалыптастыру қолайлы деп есептейді.

Педагогика теориясы мен тарихында экономикалық білім беру мен тәрбиелеу мәселелері көптеген зерттеулерге негіз болып келеді. Олардың шешімі П. П. Блонский, С. Т. Шацкий, А. С. Макаренко, В. А. Сухомлинский т. б. ғалым-педагогтардың еңбектерінен бастау алған. Бұл ғалымдар жастардың экономикалық дайындығын практикада жүзеге асыру жолдарын қарастырған. Экономикалық білім беруге қатысты зерттеулерге талдау жасай отырып, оларды бірнеше аспектіге бөліп қарастыруға болады.

Экономикалық тәрбиенің философиялық аспектілері ұлы ғұламаларымыз А. Құнанбаев, Ы. Алтынсарин, Ш. Уәлиханов, М. Жұмабаевтардың еңбектерінде көрініс тауып, В. А. Ядов, И. Б. Иткин сияқты Ресей ғалымдардың еңбектерінде орын алған.

Ал экономикалық білім беру мен тәрбиелеудің теориялық-әдіснамалық негіздері А. Ф. Аменд, Б. П. Шемякин, А. Е. Эпштейн, А. Т. Шпак, И. А. Сасова т. б. ғалымдардың еңбектерінде атап өтіледі.

Әлеуметтік және психологиялық негіздерді Н. Д. Левитов, В. Д. Попов, К. Омаров, В. М. Соколинский т. б. еңбектерінен табуға болады.

Ғылымдар негіздерін игеру үрдісінде экономикалық білім беру мен тәрбиелеудің ғылыми-әдістемелік жүйесін Ю. К. Васильев, И. А. Мельничук, П. А. Хроменков т. б. ғалымдар жасады. Мәселен, еңбекке тәрбиелеу үдерісі негізінде экономикалық білім беру және тәрбиелеу мәселелері М. Л. Малышев, В. Б. Белова, К. Н. Катханов, А. Ф. Крючков т. б. еңбектерінде көтеріледі. Ауыл мектебі оқушыларының экономикалық тәрбиесі мәселелері А. С. Нисимчук, Н. М. Атоев еңбектерінде орын алған.

Экономикалық білім және тәрбие беру мәселелерімен генетикалық жағынан байланысқан экономикалық мәдениетті қалыптастыру саласында төмендегі зерттеулер орын алған: экономикалық мәдениет теориясы мен практикасын қалыптастыру әдіснамасы (Л. Н. Пономарев, В. И. Максакова), экономикалық мәдениеттің әлеуметтік тарамы (Л. П. Буева, Т. И. Заславская, М. И. Сергеев), экономикалық тәлім-тәрбиенің мәні, экономикалық ойлау мен сана ерекшеліктері (Л. И. Абалкин, В. С. Автономов, В. А. Семенов), бастауыш мектепте және қосымша білім беруде салық мәдениетін қалыптастыру (В. В. Антонов, А. П. Балакина, И. И. Бабленкова, Н. Д. Дмитракова, А. А. Мохонина және т. б. ) .

Соңғы кезде мектеп білім алушыларына экономикалық білім беру мен тәрбиелеу мәселесіне арналған қазақстандық ғалым-педагогтардың да зерттеулері кең өріс алып келеді. Экономикалық тәрбие мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздерін С. С. Сатыбалдин, Е. М. Арын, Қ. Ж. Аганина, А. А. Саипов; ал экономикалық тәрбиенің экологиялық, әлеуметтік және психологиялық-педагогикалық мәселелерін М. Н. Сарыбеков, К. Жарықбаев, С. Қалиев, А. К. Нургалиева, Қ. А. Сарбасова; ғылыми-әдістемелік жүйесін К. З. Хамитова, М. Анарбаев, Э. И. Қалиева, М. З. Жанбөбекова, Р. А. Садвакасова, Г. Қошанова, А. Ө. Дәулетқұлова, Ш. Сырбаева, С. Б. Нугманова т. б. ғалымдар еңбектерінде зерттеп, ғылыми түрде негіздеген. Еңбекке баулу үдерісі кезінде оқушыларға экономикалық білім мен тәрбие беру мәселесіне Б. Абдикаримов, Г. Т. Хайруллин, Б. К. Момынбаев, М. К. Қаламқалиев, К. А. Дүйсенбаев, А. Мүсілімов, Е. Есенжолов; ал экономикалық мәдениеттілікті қалыптастыру мәселесіне Ш. М. Жарылғапов, Р. С. Амандосова, Р. С. Уталиева; мұғалімдер, студенттер мен жоғары сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатымен экономикалық тәрбие беру мәселесіне А. К. Ахметов, А. Нақпаева, М. Ш. Қадыров, Р. О. Озгамбаева; ауыл мектебі оқушыларының экономикалық тәрбиесі мәселелері Ж. А. Жунисбекова, А. Б. Остаева сияқты ғалымдардың еңбектері арналған. Ал бұл еңбектерде салық мәдениетінің кей аспектілері ғана қарастырылып, оны қалыптастыру мәселесі назардан тыс қалған.

Экономикалық білім беруге қатысты ғылыми зерттеулерге жасалған талдаулар жоғарғы сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру, оны жүзеге асыру механизмін іске қосу мәселесі ғылыми тұрғыда негізделіп зерттелмегенін көрсетіп отыр. Қазіргі заман талабына сәйкес жоғарғы сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі мен осы мәселенің ғылыми тұрғыда негізделіп, ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз етілмеуі арасында қайшылықтар туындауда.

Осы аталған қайшылықтардың шешімін іздестіру зерттеу проблемасын айқындауға және зерттеу тақырыбын «Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары» деп таңдауымызға себеп болды.

Зерттеу нысаны - жалпы орта білім беретін мектептің жоғары сыныптарындағы оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні - жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру.

Зерттеудің мақсаты жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру шарттарын анықтап, теориялық тұрғыда негіздеу және оның тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеу.

Зерттеудің ғылыми болжамы : егер жоғары сынып білім алушыларына экономикалық білім беруде олардың салық мәдениетін қалыптастыру мүмкіндіктері қолданылса, онда жоғары сынып білім алушыларының экономикалық білімі жетіледі, өйткені салық мәдениетін қалыптастыру білім алушылардың білім мазмұнын тиімді меңгеріп, олардың құзыреттілігінің артуына ықпал етеді.

Зерттеу міндеттері :

1) орта мектеп білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың мәні мен мағынасын ашып, теориялық негізін айқындау;

2) жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттарын анықтау;

3) орта мектептің жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделін жасау;

4) жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың әдістемелік құралдарын дайындау және тәжірибелік-эксперимент арқылы тиімділігін тексеру.

Зерттеудің жетекші идеясы : жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру экономикалық білім сапасын заман талабына сай арттыруға мүмкіндік жасап, болашақ еңбек әрекетінде еліміздің әл-ауқатын көтеруіне үлесін қосуына және сыбайлас жемқорлықты болдырмауға ықпал етеді.

Зерттеудiң әдiснамалық және теориялық негiздерi: таным теориясы, іс-әрекет теориясы, құбылыстардың өзара байланысы және жеке адамның таным субъектісі ретінде дамуы туралы философиялық тұжырымдар мен теориялары, біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы, экономиканың даму заңдылықтары, мектеп білім алушыларына экономикалық білім беру әдіснамасы мен теориясы.

Зерттеудiң көздерi: зерттеліп жатқан мәселе бойынша философтардың, педагогтар мен психологтардың еңбектері, педагогика ғылымының тұжырымдамалары, білім беру мен тәрбие мәселелері жөнінде нормативті құжаттар: Қазақстан Республикасының Конституциясы; Қазақстан Республикасы «Білім туралы» заңы, «Қазақстан-2030» стратегиясы, «Жалпы білім беретін мектептерде экономикалық білім беру» тұжырымдамасының жобасы, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері мен оқушыларымен тәжірибелік-педагогикалық жұмыс қорытындылары.

Зерттеудiң әдiстерi: философиялық, психологиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнаулы ғылыми әдебиеттерге теориялық талдау, экономикалық білім беру бағдарламаларын, жеке әдістемелік құралдарды талдау, синтездеу, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, тестілеу, педагогикалық модельдеу, математикалық-статистикалық өңдеу, т. б.

Зерттеудің негізгі кезеңдері :

Бірінші кезеңде (2003-2005 жж. ) философиялық, әлеуметтік, педагогикалық әдебиеттерге зерттеу мәселесі бойынша талдау жасау негізінде оқу үдерісінде мектеп білім алушыларының экономикалық білімін қалыптастыру мәселесі зерттелді; зерттеудің әдіснамалық негізі мен негізгі теориялық ережелер анықталды; жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың педагогика ғылымындағы зерттелуі қарастырылып, педагогикалық алғышарттары айқындалды, зерттеудің ғылыми аппараты құрылып, зерттеу бағыттары белгіленді.

Екінші кезеңде (2006-2008 жж. ) білім алушылардың экономикалық білімін жетілдіру негізінде салық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары, компоненттері, көрсеткіштері мен өлшемдері айқындалып, құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды; оқу бағдарламалары мен жоспарларына талдау жасай отырып, жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру бағдарламасы жасалынды; дайындалған әдістемелердің тиімділігін негіздеу мақсатында тәжірибелік - педагогикалық эксперимент өткізу жоспары құрылды.

Үшінші кезеңде (2009-2010 жж. ) жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыруға қатысты ғылыми тұжырымдар мен әдістемелердің тиімділігін негіздеу мақсатында тәжірибелік жұмыс атқарылды: тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелеріне талдау жасалды, қорытынды шығарылды. Диссертациялық жұмыс жүйеленіп, жинақталды.

Зерттеудің негізгі базасы: Астана қаласындағы Ғ. Орманов атындағы №7 мектеп гимназиясы, Алматы қаласының Ауезов ауданындағы №119 мектеп-лицейі, Алматы облысының Жамбыл ауданының Сұңқар, Жайсан, Үңгіртас, Көкқайнар мектептерінде және Казақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы және теориялық мәнділігі:

  • орта мектептің жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың мәні мен мағынасы анықталып, теориялық негіздемесі жасалды;
  • жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары анықталды;
  • салықтық мәдениетін қалыптастырудың компоненттері, көрсеткіштері мен өлшемдері анықталып, соның негізінде құрылымдық-мазмұндық моделі құрылды.

Зерттеудің практикалық мәнділігі: жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған ғылыми-зерттеу материалдары, мектепке енгізуге практикалық көмек ретінде төмендегі материалдар ұсынылды:

  • «Салық мәдениеті негіздері» жоғары сынып оқушыларына арналған факультативтік курс бағдарламасы;
  • «Салық мәдениетін қалыптастыру» атты оқу құралы;
  • «Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру» атты мұғалімдерге арналған арнайы курс бағдарламасы;
  • «Экономикалық теория пәнінен тест тапсырмалар» атты оқу құралы;
  • «Экономикалық теория негіздері» атты жоғары оқу орны студенттеріне арналған оқу құралы;
  • «Экономикалық теория (қашықтықтан оқыту) » атты оқу құралы.

Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:

1) Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың анықталған мәні мен мағынасы оның теориялық негізін айқындайды;

2) Экономикалық білім беру негізінде жоғарғы сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық шарттары салық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған экономикалық тәрбиенің мақсатын нақтылау; салық мәдениетінің озат идеяларын ашу; салық мәдениетінің экономикалық, құқықтық және адамгершілік мәдениетінің элементтерімен өзара байланысын қамтамасыз ететін экономикалық тәрбиенің мазмұнын логикалық құру; экономикалық тәрбиенің қазіргі жағдайдағы салық қатынасы саласымен байланысын анықтау; салық мәдениетін қалыптастыру процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету болып табылады;

3) Жоғарғы сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру компоненттері, өлшемдері мен көрсеткіштері анықталған құрылымдық-мазмұндық моделі негізінде жүзеге асырылады;

4) Тиімділігі тәжірибелік эксперимент барысында дәлелденген, жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған әдістемелік жүйе білім алушылардың экономикалық білімін жетілдіруге мүмкіндік жасайды.

Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: бастапқы позицияның әдіснамалық негізделуімен, теория мен практика жетістіктерінің қолданылуымен, ғылыми аппараттың зерттеу мақсаттары мен міндеттеріне сәйкестілігімен, зерттеуге жүйелі қадамның жасалуымен, нәтижелерге сапалық және сандық талдау жасаумен, тәжірибелік тексерумен, ғылыми-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілген.

Зерттеу нәтижелерінің талқылануы және жүзеге асырылуы: Зерттеудің негізгі нәтижелері Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің ғылыми-әдістемелік кеңесінде, профессор-оқытушыларының ғылыми-әдістемелік бірлестіктерінде, экономика және педагогика кафедраларының кеңейтілген отырысында және әдістемелік семинарларда, білім беру жүйесі кадрларының біліктілігін арттыру Республикалық институтының курстарында, Алматы қаласы мұғалімдерінің тамыз конференциясында, халықаралық және республикалық (Алматы - 2000, 2002, 2005, 2008, 2010, Астана - 2007, Санкт-Петербург - 2006, 2010, Көкшетау - 2008, Тараз - 2008, Бішкек - 2010, Новосибирск - 2010), ғылыми-практикалық конференцияларда талқыланды. Сонымен қатар зерттеу нәтижелерінен арнайы курс бағдарламасы, оқу құралдары шығарылып, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің білім беру мен ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған журналдарда («Білім әлемінде» (2009, 2010), «Қарағанды университетінің хабаршысы» (2010), Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің хабаршысы (2010), «Қазақстан педагогикалық ғылымдар академиясының хабаршысы» (2010), «Қазақстан кәсіпкері» (2010), «Қазақстан педагогикалық хабаршысы» (2010), т. б. ) жарияланған 29 еңбектерде көрініс тапты.

Диссертация құрылымы: диссертация кіріспеден, екі тараудан, зерттеудің тұжырымдамасы келтірілген қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады.

Кіріспе бөлімінде зерттеудің тақырыбы, оның көкейтестілігі негізделді, теория мен практикада мәселенің зерттеу дәрежесі сипатталды, зерттеудің мақсаттары мен міндеттері көрсетілді, нысаны мен пәні анықталды, зерттеудің болжамы, ғылыми жаңалығы, практикалық мәні, жүргізілген зерттеу жұмысының кезеңдері анықталды.

« Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың теориялық негіздері » атты бірінші бөлімде педагогика ғылымы мен практикада білім алушылардың экономикалық білім беру мәселесінің педагогика ғылымдар саласындағы зерттеулерге сүйене отырып, салық мәдениетін қалыптастыру ғылыми-теориялық тұрғыда негізделді. Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру компоненттері, көрсеткіштері мен өлшемдері белгіленіп, құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды.

« Жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың әдістемелік мүмкіндіктері » атты екінші бөлімде жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастырудың әдістемелік мүмкіндіктері анықталып, оқу курстарының бағдарламалары жасалды, тәжірибелік-педагогикалық эксперимент барысы және оның нәтижелері көрсетілді.

Қорытынды бөлімде теориялық талдау мен тәжірибелік зерттеудің нәтижесі бойынша негізгі қорытынды жасалды.

Қосымшада зерттеу нәтижелерінің қорытындыларын көрсететін материалдар берілді.

Негізгі бөлім

Еліміздегі әлеуметтік-экономикалық өзгерістен туындап отырған экономикалық білімді жетілдіруге деген қажетттілік бұл мәселеге қатысты ғылыми зерттеулерді жан-жақты талдауды қажет етуде. Осыған орай, еліміздің болашағы - жас жеткіншектердің экономикалық мәдениетін, соның ішінде салық мәдениетін қалыптастыру мәселесі кезек күттірмес мәселеге айналуда. Сонымен қатар, бұл мәселеге қатысты әдебиеттерге жасалған талдаулар, осы күнге дейін салық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің ғылыми-зерттеу нысаны, пәні болмай отырғанын көрсетіп отыр. Еліміздің өркендеуі, халқымыздың әл-ауқатының дамуы, көлеңкелі экономиканың өріс алмауы, осы салық мәселесінің дұрыс орнығып, азаматтарымыздың салық мәдениетінің қалыптасуына тікелей байланысты. Демек, жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру, бәсегеге қабілетті болашақ ұрпақ тәрбиесінің өзекті бір саласы деуге болады.

Дамыған елдердің тәжірибесі көрсетіп отырғандай нарықтық экономика жағдайында мемлекеттің қаржылық негізі шаруашылық субъектілерден және халықтан жиналған салық болып табылады. Салықтар мемлекеттік құрылымның дамуымен бірге пайда болып, мемлекеттік бюджеттің кіріс негізін құрайтын негізгі құрал екені белгілі. Мемлекеттің бюджет кіріс көзінің 85-90 пайызы тек салықтардан тұрады. Салық төлеуден бас тартушылар, яғни көлеңкелі экономика өкілдері, мемлекет бюджетінің артуына кері әсерін тигізе отырып, ел экономикасының дамуына кедергі келтіреді.

Өскелең ұрпақтың салық мәдениетін қалыптастыруда ғылыми, берік жүйе жоқтың қасы. «Салық», «Салық жағынан сауаттылық», «Салық білімі» ұғымдарының кейбір нышандары айрықша көрсетіліп, қолданылады, бірақ «Салық мәдениеті» ұғымының мәні, орны, жалпы қызметі жетерліктей айқындалмаған. Өмірде болып жатқан өзгерістерге қарамастан халық тапқан қаражаттарының бір бөлігінен айрылып, не үшін үкіметке салық төлеуге мәжбүр болатынын ұғына бермейді.

Ал жоғары сынып білім алушыларына экономикалық білім беруде олардың салық мәдениетін қалыптастыру бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу мүмкіндіктерінің біріне айналуда. Жоғары сынып білім алушыларына тән, олардың әлеуметтік қалыптасу ерекшеліктерін, мінез құлықтарындағы сандық та сапалық өзгерістерін ескере отырып, көпшілік ғалымдар осы жастағы жеткіншектердің салық мәдениетін қалыптастыру қолайлы деп есептейді. Жоғары сынып білім алушылары экономикалық білім негіздерінен сауаты бар, экономикалық қарым-қатынастан хабардар, сонымен қатар нарық қатынасындағы қолайсыз жағдайларға төтеп бере алады. Осыған орай, жоғары сынып білім алушыларының салық мәдениетін қалыптастыру қажеттілігі артып отыр.

Салық мәдениетін қалыптастыру мәселесінің зерттелуін салық мәдениетін қалыптастырудың тарихи деректерінен, сонау Әмір Темір (1333 жыл) басқа деректерде (1336 жыл) заманынан бастауға болады. «Темір жарғысының» маңызды элементі - экономикалық мәселелер. Соның негізінде обьективті көрсеткіші бар салық салу жүйесін жасап шығарды.

Темірдің салық жинау принципінде: ауқатты салық төлеуші мемлекетті байытады делінген. Сондықтан да ол жер өңдеу ісіне, кедейленген жер иесіне қатты көңіл бөлді, жер өңдейтін құрал саймандар бөлді, арықтың, жолдың дұрыс күйде болуын қадағалады, көпірлер, керуен сарайларын салды, саяхатшылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Демек, сонау заманннан бастап, салық жүйесінің қалыптасуына негіз салынған.

Салықтар - бұл ертеде пайда болған, мемлекетпен алынатын міндетті төлемдер. Салық мәселесі мен салық салудың бай тарихы бар. Салыққа ғылыми көзқарас ХVІІ-ХІХ ғасырларда пайда болды. Зерттеу барысында А. Смит, Ф. Аквинский, К. Маркс, АҚШ-тың мемлекеттік қайраткері және ғалымы Бенджамин Франклин, Шарль Монтескье және т. б. ғалымдардың салық туралы пікірлеріне талдау жасалынды.

Халқымыздың ғалым ағартушылары А. Құнанбаев, Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаевтардың еңбектерінде экономикалық мәдениет мәселелері көрініс тапқан. Оқушылардың экономикалық тәрбие мәселесіне арналған бірқататар жұмыстарда еңбекке оң көзқарас пен қоғамдық меншікке ұқыптылық арасындағы байланысты қалыптастыру қарастырылды.

Қоғам қайраткері Т. Рысқұлов қаржы және салық саясатына - халық шаруашылығына басшылық жасаудың маңызды және шешуші тетігі ретінде қарады. Салық саясатының мақсаты - халықтың түрліше әлеуметтік топтарының табысын салық салу арқылы реттеу болатын. Жалпы экономикалық саясат жылдарында қала мен ауылдың арасындағы сауда мен айырбас республика экономикасын көтерудің маңызды шарасы болды. Т. Рысқұлов үкімет жетекшісі болып сайланғаннан соң республикадағы салық саясатын жан-жақты зерттеп, тұжырымдады.

Әлемдегі көптеген экономист ғалымдардың еңбектерінде салық тақырыбы, оның маңыздылығы, қоғамның дамуындағы рөлі, экономикадағы алатын орны кең және терең зерттелген. Нарықтық қатынастары дамыған елдерде салықтар экономика мен әлеуметтік хал-аһуалын тұрақты дамытудағы реттеушілік қасиеттері бюджеттік қатынастар мүмкіншілігіне тікелей басқару әдістері ретінде қолданылады.

Салық ауыртпалығын жеңілдетуді жүргізу әртүрлі меншіктегі экономиканың өсу мүмкіндігін туғызу болса, көлеңкелі экономиканың қысқарып, болашақтағы ЖҰӨ негізі бюджеттік кірістердегі салық түсімдерін молайтуда.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру
Қазіргі кезеңдегі жалпы білім беру орта мектептердегі экономика негіздерін оқытуың мазмұны мен ерекшеліктері
Қазіргі кезде мектепте экономикалық білім беру
Оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру
Колледж білім алушылардың кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыру ерекшелігі
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін қалыптастыру
Білім алушылардың шығармашылық қабілетін дамытудың маңыздылығы
МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОНОМИКА НЕГІЗДЕРІ ПӘНІН ОҚЫТУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жасөспірімдердің денсаулық сақтау технологияларын оқыту үдерісінде қалыптастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz