XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік ойлар



1 Әлеуметтану ғылыми пән ретінде
2 Әлемдік әлеуметтанулық ойлардың даму тарихынан
3 XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы әлеуметтік ойлар
4 Ы.Алтынсариннің әлеуметтік ойлары
5 Абайдың әлеуметтанулық көзқарастары
6 Әлихан Бөкейханның әлеуметтанулық көзқарастары
7 Ахмет Байтұрсынұлының әлеуметтік ойлары
Әлеуметтік өзара әрекеттестіктегі тұлға мен адамдардың әлеуметтік әлемі туралы ғылымды, яғни әлеуметтануды түсіну және игеру үшін ең бірінші «қоғам» категориясынының мәнін ашып алуымыз керек. Өйткені осы бір ұғымды күнделікті өмірде сан рет қайталасақ та, оның құдыретті мағынасына, адамзаттың дамуындағы айрықша рөліне жеткілікті көңіл бөле бермейміз.
Қоғам – адамзат дамуының белгілі бір тарихи кезеңінде өз қажеттерін канағаттандыру мақсатында тұрақты және біртұтас қалыптасқан, әлеуметтік нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде өзара байланысқа, қарым қатынасқа түскен, өзін өзі басқарып, өзін өзі жетілдіріп отыратын, әлеуметтенген адамдардың жиынтығы. Бұл анықтамада бірнеше принципті мәселелер бар. Олар қоғамның тарихи құбылыс екендігі, адамдардың өз қажеттіліктерін қанағаттандыратын қауымдастығы, белгілі әлеуметтік нормалар мен ережелер негізінде өзара байланыс, қарым қатынасқа түсетіндігі, қоғамның өзін өзі басқарып, өзін өзі жетілдіріп отыратындығы және бұл адамдардың ынтымақты, еркін бірлестігі екендігі. Бұл қоғам туралы түсінікті баянды ете түседі.
Қоғам әлеуметтік философия, тарих, антропология, этнография, әлеуметтану, саясаттану, дінтану, демография және т.б. қоғамдық ғылымдардың барлығының зерттеу объектісі болып табылады. Ал қоғамдық ғылымдардың зерттелетін объектісінің объективті ерекшеліктері, белгілері мен үдерістері және солардың кешенді ойластырылуының диалектикалық бірлігі оның пәнін айқындайды. Мысалы, әлеуметтік философия әлеуметтік құрылым мен дамудың жалпы теориясын зерттейтін болса, әлеуметтану осы дамудың нақты көріністерін зерттейді. Саяси экономика қоғамның бір саласын – экономикалық қатынастарының жүйесін, психология – психологиялық құбылыстарды, құқықтану - заңның қоғамдағы орнын, рөлін зерттесе, әлеуметтану қоғамның бір ерекше қасиетін - әлеуметтілігін зерттейді. Тарих адамзат қоғамының өткен оқиғаларын зерттесе, саясаттану саяси үдерістер мен құбылыстарды, демография – халық санағының негізгі тенденцияларын, яғни туылым мен өлім жітімнің сандық көрсеткіштерін зерттейді.
Күнделікті өмірде «қоғамдық» және «әлеуметтік» ұғымдарды қатар немесе бірінің орнына бірін пайдалану бар. Ғылыми тұрғыда бұлай ету дұрыс болмайды, өйткені бұл екі ұғым бірдей емес, өзіндік ерекшеліктері бар. Әлеуметтік бұл жеке адамдар немесе әлеуметтік топтар арасындағы өзара әрекеттің нәтижесінде пайда болатын құбылыстар мен үдерістер. Ал «қоғамдық» кеңірек ұғым, бұл қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, мәдени, идеологиялық және т.б. салаларындағы қатынастарды қамтиды.
2. Әлеуметтану ғылымының зерттейтін объектісі мен пәнін айқындамай, оны толық танып, білу мүмкін емес. Бұл екі ұғым бірімен бірі тығыз байланысты, бірінсіз бірі жоқ, дегенмен олардың өзіндік ерекшеліктерін айқындай отырып қана оларды бірін бірінен ажыратуға болады. Әлеуметтанудың обьектісі дегеніміз бізді қоршаған объективті нақты өмір, ол адам, оның алуан түрлі бірліктері (отбасы, әлеуметтік топ, ұйымдар мен институттар, т.б.) мен барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, мінез құлқы т.б.
Жалпы ғылымның пәні не дегенге тоқтай кеткен артық болмас. Ол, бір жағынан, зерттеу объектісінің өзіндік өзгешіліктері, белгілері мен үдерістерінің диалектикалық синтезі болса, екінші жағынан, оларды тұжырымдамалық тұрғыдан пайымдау болып саналады. Олай болса, әлеуметтанудың пәні деп адамдардың немесе әлеуметтік ұйымдардың бірігіп, еңбек етуін, жалпы материалдық, рухани іс-әрекеттерін, олардың арасындағы алуан түрлі қатынастарды, бір-бірімен әрекетін, түрлерін жан-жақты, терең танып, білуді айтамыз.
Әлеуметтанудың пәні туралы алуан пікірлер бар. Мысалы, О.Конт әлеуметтанудың пәні адамзат мағынасындағы қоғам десе, Г.Спенсер әлеуметтанудың пәнін адамдардың қарым қатынастарының туындысы ретіндегі әлеуметтік топтың құрылуы, дамуы, құрылымы және функциясы дейді. М.Вебердің пікірінше, әлеуметтанудың пәні – адамдардың әлеуметтік әрекет үстіндегі әлеуметтік мінез құлқы дей отырып, ол әлеуметтануды әлеуметтік әрекетті түсіндіретін ғылым деп санады. Ал Э.Дюркгейім әлеуметтанудың пәні әлеуметтік институттар, ол әлеуметтік фактыларды зерттейді дейді. Бұл арада жоғарыдағы атақты әлеуметтанушылардың әлеуметтану пәніне нақты анықтама беруді мақсат етпегенін, әр қайсысы оның негізгі қырларын атағанын ескеруіміз керек. Сондықтан әлеуметтану пәнінің басты міндетін әлеуметтік жүйелерді өзіндік ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау, олардың іс-әрекет, қызмет ету тәсілдерін анықтау, әрбір әлеуметтік объектінің байланысы мен қатынастарын, бір біріне әсер етуін зерттеу деп тұжырымдауға болады.
3. Енді "Әлеуметтану" ұғымының шығу төркініне зер салайық. Ол латын тілінің "Soсіеtаs" қоғам және гректің 1оgоs — ілім, ұғым деген сөздерінің қосындысы «Социологиядан» шыққан. Бұл ұғымды XIX гасырдың ортасында атақты француз әлеуметтанушысы Огюст Конт енгізді. Осы жерде «Социология» сөзіне қарағанда «Әлеуметтану» ұғымының өз пәніне әлде қайда жақын екенін, қазақтың «әлеумет» деген сөзі қашаннан ел, жұрт, халық деген мағыналарды білдіретінін ескерте кеткен артық болмас. Бұлай деуіміздің себебі осы кезге дейін қазақша қолданыста «Социология» дегеннен арыла алмай келеміз.
Әлеуметтану ғылымында "әлеуметтік" ұғымның орны бөлек. Ол (әлеуметтік қатынас, әлеуметтік сала) адамдардың күнделікті өмірлік қажеттерін ( тамақ, киім, тұрғын үй, қауіпсіздік, ұрпақ жалғастығы, рухани өсу және т.б.) қанағаттандыру мақсатындағы өзара әрекеттің нәтижесінде пайда болады. Осы қарым қатынастың барысында әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер айқындалады және нығаяды, құндылықтар, нормалар мен ережелер, жасалады, әлеуметтік институттар құрылады, сөйтіп қоғамның әлеуметтік жүйесі қалыптасады.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
І тақырып. Әлеуметтану ғылыми пән ретінде
1. Қоғам туралы түсінік.
2. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.
3. Әлеуметтанудың категориялары мен заңдары.
4. Әлеуметтанудың құрылымы мен қызметі.
5. Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысы.
1. Әлеуметтік өзара әрекеттестіктегі тұлға мен адамдардың әлеуметтік
әлемі туралы ғылымды, яғни әлеуметтануды түсіну және игеру үшін ең бірінші
қоғам категориясынының мәнін ашып алуымыз керек. Өйткені осы бір ұғымды
күнделікті өмірде сан рет қайталасақ та, оның құдыретті мағынасына,
адамзаттың дамуындағы айрықша рөліне жеткілікті көңіл бөле бермейміз.
Қоғам – адамзат дамуының белгілі бір тарихи кезеңінде өз қажеттерін
канағаттандыру мақсатында тұрақты және біртұтас қалыптасқан, әлеуметтік
нормалар мен әдет-ғұрыптар негізінде өзара байланысқа, қарым-қатынасқа
түскен, өзін-өзі басқарып, өзін-өзі жетілдіріп отыратын, әлеуметтенген
адамдардың жиынтығы. Бұл анықтамада бірнеше принципті мәселелер бар. Олар -
қоғамның тарихи құбылыс екендігі, адамдардың өз қажеттіліктерін
қанағаттандыратын қауымдастығы, белгілі әлеуметтік нормалар мен ережелер
негізінде өзара байланыс, қарым-қатынасқа түсетіндігі, қоғамның өзін-өзі
басқарып, өзін-өзі жетілдіріп отыратындығы және бұл адамдардың ынтымақты,
еркін бірлестігі екендігі. Бұл қоғам туралы түсінікті баянды ете түседі.
Қоғам әлеуметтік философия, тарих, антропология, этнография,
әлеуметтану, саясаттану, дінтану, демография және т.б. қоғамдық
ғылымдардың барлығының зерттеу объектісі болып табылады. Ал қоғамдық
ғылымдардың зерттелетін объектісінің объективті ерекшеліктері, белгілері
мен үдерістері және солардың кешенді ойластырылуының диалектикалық бірлігі
оның пәнін айқындайды. Мысалы, әлеуметтік философия әлеуметтік құрылым мен
дамудың жалпы теориясын зерттейтін болса, әлеуметтану осы дамудың нақты
көріністерін зерттейді. Саяси экономика қоғамның бір саласын – экономикалық
қатынастарының жүйесін, психология – психологиялық құбылыстарды, құқықтану
- заңның қоғамдағы орнын, рөлін зерттесе, әлеуметтану қоғамның бір ерекше
қасиетін - әлеуметтілігін зерттейді. Тарих адамзат қоғамының өткен
оқиғаларын зерттесе, саясаттану саяси үдерістер мен құбылыстарды,
демография – халық санағының негізгі тенденцияларын, яғни туылым мен өлім-
жітімнің сандық көрсеткіштерін зерттейді.
Күнделікті өмірде қоғамдық және әлеуметтік ұғымдарды қатар немесе
бірінің орнына бірін пайдалану бар. Ғылыми тұрғыда бұлай ету дұрыс
болмайды, өйткені бұл екі ұғым бірдей емес, өзіндік ерекшеліктері бар.
Әлеуметтік - бұл жеке адамдар немесе әлеуметтік топтар арасындағы өзара
әрекеттің нәтижесінде пайда болатын құбылыстар мен үдерістер. Ал қоғамдық
кеңірек ұғым, бұл қоғамдық өмірдің экономикалық, саяси, мәдени,
идеологиялық және т.б. салаларындағы қатынастарды қамтиды.
2. Әлеуметтану ғылымының зерттейтін объектісі мен пәнін айқындамай,
оны толық танып, білу мүмкін емес. Бұл екі ұғым бірімен-бірі тығыз
байланысты, бірінсіз бірі жоқ, дегенмен олардың өзіндік ерекшеліктерін
айқындай отырып қана оларды бірін бірінен ажыратуға болады. Әлеуметтанудың
обьектісі дегеніміз - бізді қоршаған объективті нақты өмір, ол адам, оның
алуан түрлі бірліктері (отбасы, әлеуметтік топ, ұйымдар мен институттар,
т.б.) мен барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі, мінез-құлқы т.б.
Жалпы ғылымның пәні не дегенге тоқтай кеткен артық болмас. Ол, бір
жағынан, зерттеу объектісінің өзіндік өзгешіліктері, белгілері мен
үдерістерінің диалектикалық синтезі болса, екінші жағынан, оларды
тұжырымдамалық тұрғыдан пайымдау болып саналады. Олай болса,
әлеуметтанудың пәні деп адамдардың немесе әлеуметтік ұйымдардың бірігіп,
еңбек етуін, жалпы материалдық, рухани іс-әрекеттерін, олардың арасындағы
алуан түрлі қатынастарды, бір-бірімен әрекетін, түрлерін жан-жақты, терең
танып, білуді айтамыз.
Әлеуметтанудың пәні туралы алуан пікірлер бар. Мысалы, О.Конт
әлеуметтанудың пәні адамзат мағынасындағы қоғам десе, Г.Спенсер
әлеуметтанудың пәнін адамдардың қарым-қатынастарының туындысы ретіндегі
әлеуметтік топтың құрылуы, дамуы, құрылымы және функциясы дейді. М.Вебердің
пікірінше, әлеуметтанудың пәні – адамдардың әлеуметтік әрекет үстіндегі
әлеуметтік мінез-құлқы дей отырып, ол әлеуметтануды әлеуметтік әрекетті
түсіндіретін ғылым деп санады. Ал Э.Дюркгейім әлеуметтанудың пәні -
әлеуметтік институттар, ол әлеуметтік фактыларды зерттейді дейді. Бұл арада
жоғарыдағы атақты әлеуметтанушылардың әлеуметтану пәніне нақты анықтама
беруді мақсат етпегенін, әр қайсысы оның негізгі қырларын атағанын
ескеруіміз керек. Сондықтан әлеуметтану пәнінің басты міндетін әлеуметтік
жүйелерді өзіндік ортақ белгілеріне қарай жіктеу, топтау, олардың іс-
әрекет, қызмет ету тәсілдерін анықтау, әрбір әлеуметтік объектінің
байланысы мен қатынастарын, бір-біріне әсер етуін зерттеу деп тұжырымдауға
болады.
3. Енді "Әлеуметтану" ұғымының шығу төркініне зер салайық. Ол латын
тілінің "Soсіеtаs" қоғам және гректің 1оgоs — ілім, ұғым деген сөздерінің
қосындысы Социологиядан шыққан. Бұл ұғымды XIX гасырдың ортасында атақты
француз әлеуметтанушысы Огюст Конт енгізді. Осы жерде Социология сөзіне
қарағанда Әлеуметтану ұғымының өз пәніне әлде қайда жақын екенін,
қазақтың әлеумет деген сөзі қашаннан ел, жұрт, халық деген мағыналарды
білдіретінін ескерте кеткен артық болмас. Бұлай деуіміздің себебі осы кезге
дейін қазақша қолданыста Социология дегеннен арыла алмай келеміз.
Әлеуметтану ғылымында "әлеуметтік" ұғымның орны бөлек. Ол (әлеуметтік
қатынас, әлеуметтік сала) адамдардың күнделікті өмірлік қажеттерін ( тамақ,
киім, тұрғын үй, қауіпсіздік, ұрпақ жалғастығы, рухани өсу және т.б.)
қанағаттандыру мақсатындағы өзара әрекеттің нәтижесінде пайда болады. Осы
қарым-қатынастың барысында әлеуметтік мәртебелер мен рөлдер айқындалады
және нығаяды, құндылықтар, нормалар мен ережелер, жасалады, әлеуметтік
институттар құрылады, сөйтіп қоғамның әлеуметтік жүйесі қалыптасады.

Сонымен әлеуметтік дегеніміз қоғамдағы жеке тұлғалар мен олардың
белгілі бір тобының белгілі бір кеңістік пен уақыттағы қатынастары мен іс-
әрекеттерінің жиынтығы. Осындай бір немесе бірнеше әлеуметтік белгілермен
бірлескен адамдар жиынтығын әлеуметтік топ дейді. Мысалы, жұмысшы, шаруа,
зиялылар, студенттер, зейнеткерлер, ауыл адамдары, қазақтар, орыстар,
немістер және т. с. с. Өзінің қоғамдағы орнына байланысты олар бір уақытта
әртүрлі әлеуметтік топтардың мүшесі бола алды. Мысалы, студент, ол қазақ,
ол астана тұрғыны т. б.
Әлеуметтану ғылымының негізін салушы Огюст Конт тұңғыш рет қоғамды
әлеуметтік жүйе ретінде қарастырды. Ол жүйенің тұтас, бөлінбейтін сипатын
және оның бөліктерінің өзара тәуелділігін атап көрсете отырып, әлеуметтік
жүйенің кез келген сан алуан бөліктерінің бір-біріне үздіксіз оң және кері
ықпал ететінін атап көрсетті.
Енді қоғамның әлеуметтік жүйесінің элеметтеріне арнайы көңіл бөле
кетелік. Мұны білу - маңызды мәселе. Әлеуметтік жүйенің негізгі элементтері
адамдар, ұйымдар, мекемелер, институттар, әлеуметтік құбылыстар, үдерістер,
әлеуметтік нормалар мен ережелер, оларға негізделген өзара байланыстар мен
қарым-қатынастар, өзара ықпалдасу. Бұларды жете ұғынбай, жалпы әлеуметтану
ғылымын терең түсінуге болмайды.
Әлеуметтанушылардың әлеуметтік жүйе адамдардан тұрмайды, олардың қарым-
қатынастарынан тұрады дегенін басшылыққа ала отырып, әлеуметтік жүйенің
маңызды деген жеке компонеттеріне арнайы тоқтай кеткен жөн.
Әлеуметтік байланыстар – белгілі бір адамдар немесе адамдар тобының
арасында нақты бір уақытта пен кеңістікте бірлесе қызмет етуді білдірсе,
әлеуметтік қарым-қатынастар деп адамдар және топтар арасында болатын
салыстырмалы түрдегі біршама тұрақты байланыстарды айтамыз. Кез келген адам
өз өмірінде сан қилы байланыс, қатынастарға түседі, мәселен, ол өзінің
отбасымен, туысқандарымен – туыстық қарым-қатынаста болса, құрбыларымен -
достық, жолдастық, өндірісте — еңбек; билік орындарымен - саяси қарым-
қатынас болады. Ал әлеуметтік өзара ықпалдасу жеке адамдар мен адам
топтарының бір-біріне әсер немесе ықпал ету болып табылады. Саналы адам бір-
бірімен байланыс, қарым-қатынаста, өзара ықпалдастықта әлеуметтік жүйенің
аса маңызды компоненттері – әлеуметтік нормалар мен ережелер, яғни
конституцияға, заңдарға, қаулы-қарарларға, әдет-ғұрыптарға т.б. сүйенбей
отыра алмайды.
Әлеуметтік жүйенің маңызды компоненттерін, әсіресе практикалық
сабақтарда нақты мысалдар келтіре отырып, жан-жақты түсіндірген орынды.
4. Әлеуметтанудың ғылыми пән ретіндегі қалыптасуында оның категориялары
шешуші рөл атқарады. Категориялар, яғни, жалпы ұғымдар әлеуметтік өмірдің
нақты шыңдығын, әлеуметтік құрылымдардың дамуындағы қатынастарды,
байланыстарды және өзара ықпалдастықты бейнелейді, әлеуметтік құбылыстар
мен үдерістердің өзара іс-қимылын, әрекетін көрсетеді.
Әлеуметтанудың категориялары алуан түрлі, бірақ бір-бірімен тығыз
байланыста болады. Олар әлеуметтік әрекеттің, яғни объектінің мәнді
жақтарын, өзіндік белгілері мен қасиеттерінің бәрін қамтиды: "әлеуметтік
жүйе", "әлеуметтік байланыс", "әлеуметтік қатынас", "әлеуметтік үдеріс",
"әлеуметтік тұлға", "әлеуметтік бірлік", "әлеуметтік құрылым", "әлеуметтік
ұйым", "әлеуметтік институт", "әлеуметтік бақылау", "әлеуметтік басқару";
"әлеуметтік ережелер" (бұған құқықтық ережелер, оның жартылай бөлігі);
"әлеуметтік стратификация", "әлеуметтік рөл", "әлеуметтік мәртебе",
"әлеуметтік тәртіп", "әлеуметтік сана", "әлеуметтік талап-тілек",
"әлеуметтік топ", "әлеуметтік мүдде", "әлеуметтік тұтыну", "әлеуметтік
қауіпсіздік", "әлеуметтік қорғау", "әлеуметтік белсенділік", т.б. Осылардың
көмегімен нақтылы өмірдің үлгілері мен әлеуметтік мәні айқындалады.
Әлеуметтану басқа қоғамдық ғылымдардың категорияларын да пайдалана
береді. Мысалы, әлеуметтік философиядан, театр өнерінен, құқықтық ғылымнан
қоғам, адам, индивид, прогресс, құбылыс, үдеріс, мәртебе, рөл, құқық т.б.
ұғымдарды алуға болады.
Категориялар әлеуметтанудың заңдарына қызмет етеді де, соларды
қалыптастырады. Әлеуметтануда әлеуметтік жүйенің іс-әрекетінің, қарым-
қатынастарының мән-мағынасын, белгілі бағыт-бағдарын көрсететін бес негізгі
заңы тұжырымдалған:
1. Әлеуметтік құбылыстардың бірімен-бірі байланыста, қатар өмір
сүретінін анықтаушы заңдар. Мысалы, өнеркәсіптің дамуы қаланың халқын
көбейтіп, ауыл шаруашылығын қысқартуға әкеледі, ал қала халқында бала саны
азаяды, ажырасу көбейеді. Егер "А" құбылысы болса, ол әр уақытта "Б"
құбылысын қажет етеді.
2. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі байланыстар мен
қарым-қатынастардың себеп-салдарларын анықтайтын заң. Мысалы, әлеуметтік
қауымдастық қоғамдық және жеке мүдделерді сәйкестендіру, үйлестіру
негізінде жүзеге асады, өмір сүреді.
3. Әлеуметтік құбылыстардың даму тенденцияларын (яғни, бағыттарын)
анықтайтын заң. Мысалы, өндіргіш күштердің өзгеруі өндірістік қатынастардың
жаңаруын талап етсе, өндірістік қатынастардың дамуы өндіргіш күштердің
артуына алып келеді.
4. Әлеуметтік құбылыстардың арасындағы алуан түрлі ықпалдастықты, әсер
етуші күштерді анықтайтын заңдар.
5. Әлеуметтік құбылыстардың арасында болуы мүмкін ықтимал байланыстар
мен қатынастарды анықтайтын заңдар. Мысалы, атомның бөлшектелуі туралы
заңның адамзат баласына келтірер пайдасы мен зияны туралы пікірлер.
5. Қазіргі әлеуметтану әлеуметтік құрылымның әртүрлі фрагменттерінің
(тұтас қоғамнан бастап топтар мен ұйымдарға дейін) қарым-қатынастарын
зерттеу үшін танымның толып жатқан әдіс-тәсілдерін пайдаланатын теориялық
және қолданбалы болып екіге бөлінеді.
Теориялық әлеуметтану негізінен академиялық сипатта болады. Өйткені ол
әлеуметтанудың теориялық жағын зерттей отырып, әлеуметтанулық білімнің өзін
дамытады, оның әлеуметтік шындықты танытатын негізгі прнициптері мен
категорияларын жасайды, әлеуметтанулық танымның әдістемелік жағын байытады,
әлеуметтік дамудың үдерістерін байыптауды. Теориялық әлеуметтану жаңа
білім, сипаттама, түсініктеме бере отырып, әлеуметтік шындықты танытады,
жаңартуға ықпал етеді.
Теориялық әлеуметтанудың зерттелетін объектінің көлеміне қарай үш
деңгейі бар:
- іргелі, жалпы әлеуметтанулық теория болмаса макроәлеуметтану;
- орта деңгейдегі теория, яғни әлеуметтанудың салалары (отбасы, білім,
дін, мәдениет т.б, әлеуметтануы);
- микродеңгейдегі әлеуметтану болмаса микроәлеуметтану (кіші топтардың,
топтық қатынастардың, жеке тұлғалардың әлеуметтанулық теориясы).
Қолданбалы, яғни эмперикалық әлеуметтану тікелей нақты әлеуметтік
объектілерді зерттеумен, эмперикалық мәліметтер мен фактыларды жинаумен,
соның негізінде практикалық ұсыныстар мен академиялық сипаттағы кең көлемде
теориялық тұжырымдар жасаумен байланысты. Ол қоғам дамуының реалды
үдерістері туралы түсінік береді, әлеуметтік саясатты болжаумен,
жобалаумен, қалыптастырумен айналысады, әлеуметтік басқарудың тәжірибесі
үшін ұсыныстар дайындай отырып, әлеуметтік шындыққа, әлеуметтік
қауымдастыққа әсер етеді.
Әлеуметтану ғылымының маңызы оның функцияларымен айқындалады. Басқа
ғылымдар сияқты, ол да ең алдымен танымдық қызмет атқарады. Әлеуметтану
қандай да бір деңгейде болмасын, ол әр уақытта әлеуметтік шындық туралы
жаңа білімнің көкжиегін кеңейтіп, қоғамның, оның құрылымының фактылары мен
дамуының, қызметі мен өзгерістерінің заңдылықтарын танытады.
Әлеуметтану әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді бақылау қызметін
атқарады. Ол болмаса әлеуметтік қысым, әлеуметтік дағдарыс және
катаклизмдер көбейіп кетуі мүмкін. Көптеген елдерде атқарушы мекемелер мен
билік өкілдері, саяси партиялар және алуан түрлі бірліктер өздерінің
мақсатты саясаттарын жүргізуде әлеуметтанудың барлық мүмкіншіліктерін
пайдаланып отырады.
Әлеуметтану әртүрлі әлеуметтік құрылымдар мен құбылыстардың даму
болашағын, бағытын анықтайды, яғни ғылымға негізделген болжау қызметін
атқарады. Еліміздің жаңа, нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты болуы
мүмкін оң және кері құбылыстарды болжап шешуде әлеуметтанудың маңызы зор.
Мысалы, нарықтық қатынастардың еңбекші бұқара халыққа беретін
мүмкіншілігінің ауқымы, әлеуметтік құбылыс пен үдерістердің дамуындағы
баламалы түрлер, оң және теріс жақтарының арасалмағы мен арақатынастары
және т.б.
Әлеуметтану қоғамның экономика, саяси, рухани және т.б. салаларында
әлеуметтік даму жоспарын жасау қызметін атқарады. Аймақтық, аудандық, тіпті
еңбек ұжымдарының әлеуметтік жоспарларын жасағанда әлеуметтік зерттеуден
алынған жаңа деректерді, фактілерді, кеңес-ұсыныстарды, т.б. кеңінен
пайдаланады.
Әлеуметтану әрбір әлеуметтік объектілерді басқару қызметінде
практикалық мақсаттарды шешу үшін пайдаланатын әлеуметтік ұсыныстар,
жобалар мен жаңа технологиялар дайындайды.
Әлеуметтану қоғамда тәрбиелік - идеологиялық функция да атқарады. Ол
адамдардың арасындағы қарым-қатынастарды, байланыстарды одан әрі жетілдіру
мақсатында әлеуметтік-саяси, адамгершілік, діни сипаттағы әртүрлі идеяларды
насихаттайды, олардың сана-сезімдерін, мінез-құлықтарын, тәртібін
жақсартады. Сөйтіп ол қоғамдық қатынастарды жетілдіріп, гуманистік
(адамгершілік) функцияны да атқарады.
5. Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар қоғамды нақтылы зерттеу объектісі
тұрғысынан алып қарайды. Олардың әрқайсысы қоғамды объект ретінде
зерттейді. Алайда, олардың өзара айырмашылықтарын зерттейтін пәні арқылы
анықтауға болады. Мысалы, саяси экономика қоғамның бір саласын –
экономикалық жүйесін, саясаттану - қоғамның саяси қатынастарын, психология
– психологиялық құбылыстарды, құқықтану - заңның қоғамдағы орнын, рөлін
зерттесе, әлеуметтану – қоғамның әлеуметтік қырларын, оның әр түрлі
салаларының қызметтерін ашып береді.
Қоғамды бір тұтас жүйе ретінде алып қарайтын ғылымдар жалпы ғылымдар
деп аталады (оған тарих пен әлеуметтану жатады), ал қалғандары жеке
қоғамдық ғылымдарға жатады, себебі олар жеке қоғамдық құбылыстар мен
үдерістердің зерттеуін жүргізеді. Осы қоғамдық ғылымдардың әрқайсысының
объектісі, оқитын заты – қоғам, ал пәні сол қоғамның әр түрлі жақтары,
салалары болып табылады. Мысалы, әлеуметтану қоғамның бір ерекше қасиетін -
әлеуметтілігін, экономиканың, саясаттың, құқықтың, мәдениеттің және
тәрбиенің әлеуметтік қырларын анықтап береді.

Бақылау сұрақтары.
1. Қоғам ұғымын қалай түсінесің?
2. Қоғамдық ғылымдардың басты зерттеу объектісі не?
3. Әлеуметтану ғылымының зерттеу объектісі мен пәні не болып табылады?
4. Әлеуметтік және әлеуметтік топ деген ұғымдарды түсіндірші?
5. Қоғамның әлеуметтік жүйесі дегеніміз не?
6. Әлеуметтік жүйе дегеніміз не және оның негізгі элементтерін атаңыз?

7. Әлеуметтік байланыстарды қалай түсінесің?
8. Әлеуметтік өзара ықпалдасуды қалай түсінесң?
9. Әлеуметтік қарым-қатынастар дегеніміз не?
10. Әлеуметтік қатынастардың саяси, экономикалық және басқа
қатынастардан айырмашылығы неде?
11. Әлеуметтанудың категориялары мен заңдарының байланысы қандай?
12. Әлеуметтанудың құрылымы мен фунцияларын атаңыз?
13. Әлеуметтанудың басқа гуманитарлық ғылымдармен байланысы туралы не
айтасың?
ІІ тақырып. Әлемдік әлеуметтанулық ойлардың даму тарихынан
1. Антикалық және Ортағасыр дәуіріндегі әлеуметтік ойлар.
2. Жаңа заман мен Ағартушылар дәуіріндегі әлеуметтік тұжырымдамалар.
3. Әлеуметтану ғылымының дамуындағы классикалық кезең.
а). Огюст Конт – әлеуметтану ғылымының негізін салушы.
ә). Герберт Спенсердің әлеуметтану ғылымына қосқан үлесі.
б). К.Маркстің негізгі әлеуметтанулық ілімдері.
в). Э.Дюркгейм мен М.Вебердің әлеуметтанулық тұжырымдары.
1. Қандай ғылым болса да қоғамдық қажеттіліктен туатыны белгілі.
Әлеуметтанудың да пайда болуының, дамуының, қалыптасуының өзіндік
алғышарттары тікелей қоғам туралы ой-тұжырымдармен байланысты болды.
Алғашқы қауымдық құрылыста қоғамдық құбылыстар мен үдерістерді
түсіндіру көбіне мифтік сипатта болды да, әлеуметтік қатынастарды
философиялық тәсілдермен талдаудың алғашқы элементтері Ежелгі Египетте,
Қытайда, Индияда, антикалық Грекияда және т.б. ертедегі мемлекеттерде
басталды.
Ғылымдар атасы философия тарихында әлеуметтанудың бастауын танытатын
толып жатқан әлеуметтанулық ойлар дүниеге келді. Оларды дамытуға елеулі
үлес қосқан сол кездің Конфуций, Сократ, Платон, Аристотель сияқты
ғалымдардың әлеуметтік философиясы туралы ойлары теориялық әлеуметтанудың
тууына алғышарт дайындады.
Қытайдың ұлы фиолсофы және алғашқы әлеуметтік утопиялық жобаның авторы
Конфуцийше (б.з.б.552 – 479 ж.), мемлекет ізгілікті, үлкен жақсы отбасы
іспеттес құрылуы керек, ал басқарушы әкей сияқты азаматтар жөнінде
қамқорлық жасауы, сол сияқты азаматтар да оны құрметтеп, туысқанындай бірін
бірі жақсы көруі қажет. Ол қоғамда әлеуметтік үйлесімділік принципін
ұсынды, мемлекетті тірі организм санады.
Біздің жыл санауымыздан бұрынғы ІV ғасырда өмір сүрген гректің ұлы
ойшылдары Платонның Мемлекет және Аристотельдің Саясат, кейін Гоббстің
Левиафан, Монтескьенің Заңдар рухы және Гегельдің Құқық фиолософия
сияқты еңбектерінде әлеуметтік құрылым, азаматтық қоғам, мемлекет пен
құқық, басқару формалары, жеке меншік, өндіріс пен сауда, құқық пен
тұлғалардың типтері туралы мәселелер және т.б. күн тәртібіне қойылып,
белгілі шешімдерін тауып, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер, адамдардың өзара
карым-қатынастары зерттеліп, олар қорытылып, қоғамды (мемлекет ретінде
түсінді), оның әлеуметтік саласын одан әрі жетілдіруге бағытталған
практикалық ұсыныстар жасалды. Шындығына келгенде осылар кейін теориялық
әлеуметтанудың негізгі мәселелері болды.
Платонның Мемлекет туралы еңбегінде Қоғам басшысынан бастап
бұзылады деп, ол зиялылардан адамгершілік тазалықты талап етті. Қоғамды
билеудің негізгі құралы билік жасау емес, бедел деді. Оның ойынша, адамдар
бірігіп қана өз қажеттіліктерін өтей алады. Бұл үшін олардың біреулері
егіншілікпен, екіншілері тігіншілікпен, үшіншілері құрылыспен, төртіншілері
етікшілікпен және т. с. с. айналысады. Осы бірігудің арқасында қоғам,
мемлекет пайда болады. Платон мемлекет адамдардың бәріне әділ болуы керек
деп көрсетті.
Ал Аристотель мемлекетті - қауымның дамыған түрі, ал кауымды —
отбасының дамыған түрі санады. Оның пікірінше, адамдар мемлекетке белгілі
бір игілікке жету үшін бірігеді, сондықтан мемлекеттің негізгі мақсаты
қоғамда көптің бәріне ортақ игіліктер мен әлеуметтік әділеттікке жету болып
табылады. Аристотель мемлекеттің дұрыс түріне әкімдер халық, ел пайдасын
ойлаған, билік қоғамға қызмет істеген мемлекеттерді алды. Ол қоғамдық
игілікті көздеген мемлекетті дұрыс мемлекет деп саналады.
Орта ғасырда әлеуметтанулық ойлар дінмен тығыз байланыста, өзара
әрекеттістікте дамыды. Сондықтан әлеуметтік өмір діни догмалармен
түсіндірілді. Дегенмен кейбір ойшылдар өз кезіндегі қоғамның құрылуын,
әлеуметтік құбылыстар мен үдерістерді түсіндіруде қалыптасқан діни таным
ауқымынан шыға алды. Мысалы, италияның монахы Фома Аквинский (1225-1274)
әлеуметтік теңсіздік пен қоғамның әлеуметтік құрылымының күрделенуін қол
өнер кәсібі өндірісінің және сауда, алыс-берістің дамуымен түсіндірді. Ал
араб философы Ибн-Халдун (1332-1406) өзінің еңбектерінде өндірістің,
сауданың, қалалардың өсуімен қоғамның әлеуметтік құрылымы өзгеретінін атап
көрсетті.
2. Әлеуметтану ғылымының алғышарттары ретінде адамзат өркениеті
дамуының бет бұрыс кезеңі феодализмнің ыдырауы және жаңа буржуазиялық қарым-
қатынастың дамуы болды. Бұл кезең әлеуметтік тұжырымдардың жаңа деңгейге
көтерілуімен сипатталады. 1651 жылы жарық көрген өзінің Левиафан... атты
кітабында белгілі ағылшын философы Томас Гоббс (1588-1679) қоғамдық
келісім тұжырымдамасын баяндайды. Бұған байланысты мемлекет құдайдың
құдіреті емес, адамдардың (қоғамның) туындысы. Қоғам бейбітшілік пен
тәртіпте өмір сүруді қамтамасыз ету мақсатындағы адамдардың өзара
келісімінің нәтижесінде пайда болған. Сонымен қоғам мен мемлекет
ұғымдарының ара жігін ашуға алғашқы қадам жасалды.
Әлеуметтанулық ойлардың дами түсуінде Ағартушылар заманы мен Ұлы
француз революциясының тарихи орны бөлек. Тамаша ойшыл, либерализмнің
негізін салушы Джон Локк (1632-1704) қоғамдық келісім туралы тұжырымдаманы
ары қарай дамыта отырып, тұлға, қоғам және мемлекет сияқты ұғымдарды алғаш
рет жеке-жеке қарастырды, тұлғаның қоғам мен мемлекеттен басымдығын
көрсетті.
Француздың атақты ғалымы Шарль Луи Монтескьенің де қоғам туралы
ойларының жаңа ғылымның, яғни әлеуметтану ғылымының қалыптасуындағы рөлі
ерекше. Оның Заңдар рухы туралы (1748) басты еңбегі шын мәнісіндегі
әлеуметтанулық еңбек болды. Сол себепті замандастары Монтескьені
әлеуметтану ғылымы жоқ кездегі әлеуметтанушы деп атаған. Ол тарихты үдеріс
ретінде танып, қоғамдық құбылыстардың заңдылығын айқындағысы келді.
Монтескье қоғам заңдары оған сырттан келмейді, оны ешкім де алып келмейді,
олар оның өзінің ішінде болып жататын жеке әлеуметтік құбылыстар деп
түсінді. Әлеуметтанулық көзқарас тұрғысынан Монтескье ұсынған биліктің
бөліну принципі туралы идеялар маңызды болды. Ал басқарудың үш түрі -
демократия, аристократия, деспотия буржуазиялық-демократиялық
мемлекеттердің саяси құрылымының негізіне алынды.
Әлеуметтанулық ой-пікір ары қарай Ф.Бэкон,Ж.-Ж. Руссо, А.Гельвеций, Э.
Кант, Сен-Симон және т.б. еңбектерінде дами түсті. Мысалы, Сен-Симон (1760-
1825) өзінің ғылыми еңбектерінде өнеркәсіп өндірісі мен қоғамның
әлеуметтік құрылымын зерттеуге ерекше көңіл бөлді. Ол саясат – физика
сияқты позитивті ғылым, сондықтан оны табиғи және ғылыми әдістермен
зерттеуге болады. Сен-Симон пікірінше, халықтың ахуалы саяси тәртіппен
қатар меншіктің нысанына, өндіріс тәсілі мен қоғамның (таптық құрлымына)
жағдайына қатысты.
3. Әлеуметтану әлеуметтік философия қойнауында жетіліп, өз алдына дербес
ғылым ретінде XIX ғасырдың 30-40-жылдары бөлініп шықты. Ол теориялық
жағынан толысып, тәжірибелік жағынан ілгері дамыды. Сөйтіп әлеуметтану
ғылымының дамуында клссикалық кезең басталды.
Бұл кезеңнің ірі өкілі, әлеуметтану ғылымының негізін салған атақты
француз философы Огюст Конт болды. Ол өзінің ұстазы Сен-Симонмен бірге
Қоғамды қайта құру үшін қажетті ғылыми жұмыстар жоспарын жасай отырып,
объективті бақылаулар мен жаратылыстану ғылымының, оның ішінде физиканың
әдістеріне негізделген қоғам туралы жаңа ғылым жасауды мақсат етті. Конт
қоғам туралы ғылым жаратылыс ғылымдары сияқты позитивті фактыларға
негізделуі керек, ал механика заңдарын қоғамды зерттеуде пайдалануға болады
деп есептеді. Ол жаңа ғылымды алдымен әлеуметтік физика деп атады. Кейін
1839 жылы 6 томдық "Позитивтік философия курсы" атты еңбектің ескертпесінде
Конт әлеуметтік құбылыстарды зерделеуге қатысты жаңа терминді пайдалануға
тәуекел ететінін туралы жазды. Ол термин Социология (Әлеуметтану) деген
атқа ие болады.
Огюст Конт алғашқылардың бірі болып, қоғамды организм сияқты жүйе
ретінде қарастырды. Ол жүйенің тұтас, бөлінбейтін сипатын және оның
бөліктерінің өзара бағыныштылығын, бір-бірімен тұрақты байланыста, қарым-
қатынаста болып, үздіксіз оң және кері ықпал ететінін атап көрсетті.
О. Конт пікірінше, жалпы адамзат танымы өзінің дамуында міндетті түрде
үш сатыдан өтеді. Мұны ол адамдардың интеллектуалды ақыл-ойының, санасының
дамуының теологиялық, метафизикалық (ойлау әдісі, құбылыстарды өзгермейді,
бірі-бірімен байланысы жоқ деп есептейді) және позитивистік (оң, жағымды)
кезеңдерін тұжырымдаумен түсіндіреді.
Бірінші теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан
бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың
бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады, ол "абсолюттік білімге
ұмтылады".
Екінші метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300 - 1800) адам
санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың мән-мағынасын, қалыптасуының
басты амалдарын абстракциялар жолымен түсіндіруге тырысты. Сөйтіп бұл
үшінші кезеңді (1800 жылдан бастап), адамның интеллектуалды дамуының ғылыми
түрін, яғни позитивистік кезеңді дайындады. Ал үшінші кезеңнің негізгі
белгісі - мұнда ақыл-ой заңдарды қарапайым зерттеуге жүгінеді.
О.Конт қоғамның ілгері дамуының негізінде адамзаттың ақыл-ойының дамуы
жатыр деп санады. Сондай-ақ ол ақыл-ойдың дамуы – адамзаттың дамуының басты
принципі деп есептеді.
Әлеуметтік құбылыстарды зерттеуде О. Конт бірнеше әдіс-тәсілдерді
ұсынды. Ол әлеуметтік фактілерді бақылау әдісіне үлкен мән берген, өйткені
бақылау ғылымға объективтілік сипат береді. Оның еңбектерінде "бақылау"
сөзінің екі мағынасы (кең және тар) байқалады. Кең мағынада ("жалпы бақылау
өнері) бақылау позитивті әдіснаманы сипаттап, еркін құрылымға қарсы
тұратын әмбебап амал болып табылады. Тар мағынада бақылау әлеуметтануда
қолданылатын ғылымның басты үш әдісінің (таза байқау, тәжірибе,
салыстырмалы әдіс) бірі болып табылады. Белгілі бір мағынада әлеуметтанудың
барлық әдістері осы бақылаудың түрлері болып есептеледі.
Конттың ойынша, адамзат дамуы эволюциясының барысын, қоғамның түрлі
жүйелерінің шынайы сабақтастығын" анықтауға мүмкіндік беретін
әлеуметтанулық салыстыру бірнеше әдіс-тәсілдерден тұрады. Біріншісі -
адамдар мен жануарлар қауымдастықтарын салыстыру. Бұл әдістің құндылығы
әлеуметтік ынтымақтастықтың неғүрлым қарапайым және әмбебап зандарын
анықтауға мүмкіндік беретіндігінде. Екіншісі - жер шарының әртүрлі
аймақтарындағы адамзат қоғамының өмір сүру жағдайларын салыстыру. Бұл әдіс
қазіргі халықтар арасындағы неғүрлым өркениетті ұлттардың бұдан бұрынғы жай-
күйлерін анықтап, "адамзаттың іргелі дамуының қажетті және тұрақты тепе-
теңдігін" негіздейді. Конт салыстырудың үшінші түрін "адамзаттың әртүрлі
жүйелік жай-күйін тарихи салыстыру" немесе "тарихи әдіс" деп атаған.
Әлеуметтік ғылымның "нағыз негізін" құрайтын бұл әдістің мәні адамзат
эволюциясының әр кезеңін салыстыруда және адамзаттың әртүрлі жай-күйіне
дәйекті баға беруінде жатыр.
Зерттеудің үшінші "объективті" әдісі - тәжірибе. Конт әлеуметтануда,
физикадағы сияқты, құбылыстарды жасанды ету арқылы тікелей тәжірибе жасау
мүмкін емес деп есептеген. Бірақ мұнда "жанама" тәжірибе бар, оның мәні
қоғамдағы жалпы даму нормаларының бұзылуында жатыр. Әлеуметтануда,
биологиядағы сияқты патологиялық (тірі организмдегі ауру үдерісі мен
жағдайын) құбылыстарды талдау нағыз тәжірибе болып табылады.
Огюст Конт шартты түрде әлеуметтануды әлеуметтік статика және динамика
деп екіге бөлді. Біріншісінің объектісі - "тыныштық қалпындағы" қоғам,
екіншісінікі - "қозғалыс күйіндегі" қоғам болып табылады. Бұл екі түсінік
биологиядан алынған. Әлеуметтік статика - әлеуметтік организмнің құрылымын
зерттейтін әлеуметтік анатомия болса, әлеуметтік серпін - әлеуметтік
организмнің үдерісін, оның дамуын қарастыратын әлеуметтік физиология. Осы
әлеуметтік динамикада қоғамның ілгері дамуы туралы теория одан әрі
жетілдіреді.
Конт өзінің талдауларында алғашқы кезекте негізгі қоғамдық өмірдің
тұтаса түсуі үшін қызмет ететін қоғамдық институттарға - отбасына,
мемлекетке, дінге ерекше көңіл бөлді.
4. Әлеуметтанудың отаны Франция болғанымен, мұнда бұл ғылым ары қарай
дами алмады. О. Конттың позитивті әлеуметтануы одан әрі ағылшын
әлеуметтанушысы Герберт Спенсер (1820—1903 ж.ж.) ілімінде дамыды. Бұған Ч.
Дарвиннің биологиялық түрлердің пайда болу теориясы ғылыми негіз болды.
Осыны басшылыққа ала отырып, Г.Спенсер, біріншіден, қоғамды биологиялық
организм ретіңде қарастырды, екіншіден, эволюция заңын әлеуметтік даму
үдерісіне пайдаланды.
Ағылшын әлеуметтанушысының ойынша, адам қоғамы тірі организмге ұқсас,
соңдықтан оған биологиялық заңдар тән бола алады. Сол себепті ол өзінің
барлық әлеуметтанулық ой-тұжырымдарына осыны негізге алу арқылы қоғамның
эволюциясын және оның әлеуметтік құрылымын тануды мақсат етті. Ол эволюция
мәнін қарапайым нәрседен күрделіге, бір тектіден әр тектіге өзгеру,
үдемелі қозғалыс ретінде қарастырды. Бұл қоғам дамуының әр кезеңін
зерттеуге мүмкіндік берді.
Спенсер эволюция деп аталған үдеріске мынадай жалпы анықтама береді.
Эволюция дегеніміз - қозғалыстың барысында зат белгісіз, байланыссыз
әртектілік күйінен белгілі, өзара байланысқан әртекті күйге өтетін заттар
интеграциясы (қалпына келу). Кез келген эволюция материяны соның алдындағы
тепе-теңдік, біртекті күйінен шығарып, әртекті бөлшектердің жиынтығына
айналдырудан басталады.
Г. Спенсер қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттей келе, әлеуметтік
институттардың 6 түрін атап, оларға туыстық, білім, саяси, шіркеу, кәсіби
және өндірістік түрлерін жатқызды. Ол әлеуметтанушылардың ішінен алғаш рет
осы ғылымға әлеуметтік өсу, әлеуметтік институт, әлеуметтік құрылым және
функция және т.б жаңа ұғым, терминдерді қосты.
Спенсер әлеуметтануының негізгі ерекшеліктері мыналар: біріншіден,
зерттеуде тарихи-салыстырмалы әдісті кеңінен пайдалану; екіншіден, қоғамды
организм ретінде түсіндіру; үшіншіден, қоғамдық өмірдің эволюциялық
заңдылығы идеясы. Оның пікірінше, қоғамның өндірістік типіндегі
экономикалық бәсекелестік табиғи таңдау рөлін атқарады, соның нәтижесінде
қабілеттілер мен дарындылар ғана ары өмір сүру алады. Ол әлеуметтік
революцияны әлеуметтік жүйенің бірлігін бұзатын, құбылыс, кесел ретінде
қарастырды.
5. Әлеуметтану ғылымының қалыптасуы мен дамуына елеулі үлес қосқан,
бұл танымда айырықша тұжырымдама жасаған Карл Маркс (1818—1883) болды.
Кейбір батыс зерттеушілері К.Марксты ХХ ғасырдың әлеуметтік ойының кіндік
шешесі деп атаған. Бұлай атауға негіз болған оның қоғамның формациялары
туралы ілімі болды. Ол алғаш немістің ұлы философы Гегельдің диалектикалық
әдісін қоғамды зерттеуге қолданды. Ол өз кезіндегі капитализмнің әлеуметтік
құрылымын жан-жақты зерттей отырып, әлеуметтік-саяси қатынастың дамуында
экономикалық факторда, барлық тарихи оқиғалардың негізгі себебі мен шешуші
күші материалдық өндірісте, қоғамның экономикалық дамуының сипатында жатыр
деп атап көрсетті. Содан қоғамның әртүрлі таптарға бөлінуі және олардың
өзара күресі туындайды. Бұл қоғамдық-экономикалық формациялардың пайда
болу, даму және ауысу заңын, прогресс заңын қалыптастырады.
К.Маркс өзінің әлеуметтанулық тұжырымдамасын Саяси экономикаға сын
деген еңбегінің алғы сөзінде қысқаша баяндады. Маркстің қоғам туралы ілімі
тек өндіріс қатынастармен, сондай-ақ бүкіл қоғамдық қатынастардың
өндірістік сипатымен ғана шектелмейді. Маркс қоғамның мемлекеттік
құрылымына қатысты әлеуметтік, саяси аспектілерін айқындай отырып, оның кең
құрылымын, сондай-ақ өмірдің рухани жағын да көрсетеді. Ол әртүрлі
элементтерден тұратын жүйе ретіндегі қоғамды адамдардың өзара әрекетінің
туындысы деп түсінді.
К.Маркстің әлеуметтану теориясында көптеген бағалы ой-пікірлері мен
тұжырымдарын былай жинақтауға болады: біріншіден, қоғамның объективтік-
материалистік теориясы жасалды, оның дамуы "формация", яғни ерекше бір
құбылыс ретінде қарастырылды; екіншіден, қоғамның даму заңдарын
түсіндірілгенде, әр уақытта экономика (яғни, өңдіріс тәсілі, оның ішінде
өндіргіш күштер, оларға сәйкес өндірістік қатынастар) ең басты, қозғаушы,
шешуші күш деп саналды; үшіншіден, алғаш әлеуметтік құрылым (яғни, қоғамды
таптарға, топтарға, жікке бөлу) теориясы жасады. Жікке, топқа бөлудің
негізгі, басты белгісі өндірістік құрал-жабдыктарына меншік нысанына
байланысты екенін көрсетілді.
К. Маркс қоғамның әлеуметтік құрылымы таптардың экономикалық
қатынастары арқылы анықталады деді. Осыған орай ол жеке тұлғаны зерттеудің
қажеттілігін айтып, оны қоғамдық қатынастардың жиынтығы деп түсіндірді.
Маркстің әлеуметтану теориясы XIX және XX ғасырдағы әлеуметтанушыларға,
әсіресе Э. Дюркгеймге, М. Веберге және т.б. зор әсер етті. Олар Маркстіқ
теорияның көптеген бағалы, құнды идеяларын өз тұжырымдамаларында кең
қолданды.
Қазіргі әлеуметтану бұл саланың классикалық өкілдерінің бірі, әрі өте
беделдісі, француз әлеуметтану мектебінің негізін салушы Эмиль Дюркгейм
(1858—1917) мұрасына сүйенеді. Еуропада әлеуметтанудың институттену
үдерісі, оның өз алдына пән ретінде болуы Дюркгейм атымен тығыз байланысты.
Ол Әлеуметтану әдісінің ережелері және Өзін-өзі өлтіру. Әлеуметтанулық
әдіс деген іргелі еңбектерінде әлеуметтанулық ғылымның негізіне
эмпирикалық зерттеулер мен әлеуметтанудың қолданбалы сипатына назар
аударып, әлеуметтанулық зерттеудің әдістемесін жасады. Оның
тұжырымдамасында әлеуметтану қоғамдық ғылымдардың ішінде ең басты орынды
алады. Ол тек қана әлеуметтік фактілерді зерттеумен шектелмей, басқа
қоғамдық ғылымдарды әртүрлі ғылыми әдістемелер, теорияларымен
қаруландырады.
Э. Дюркгейм өзінің ең басты "Қоғамдық еңбектің бөлінуі" еңбегінде
әлеуметтік келісім мен ынтымақтастық (теория солидарности) теориясын
зерттеуге арнады. Бұл оның әлеуметтанулық теориясының өзегін құрады. Ол
әлеуметтанудың басты міңдеті - әлеуметтік байланыстар мен қатынастардың
табиғатын, негізін анықтау деп атап көрсетті.
Э. Дюркгейм қоғамда әлеуметтік проблемалар мен шиеленістердің болатынын
білді, алайда оларды үстем таптар арасындағы қатынастарды реттеудің
жетіспеушілігінен болатын нормадан ауытқушылық деп санады. Осы бағытта ол
қоғамдық келісімді нығайтуға ықпал ететін маманданған топ құру идеясын
дамытты. Мұндай топты ол әлеуметтік құрылымның басты элементі деп санады.
Қоғам дамуының XІХ ғ. аяғы мен XX ғ. басындағы өзгерістерге талдау
жасай келе, Э. Дюркгейм қоғамның тұтастығының негізі — ұжымдық сана деп
санады. Оның түсінігінше, әр қоғамда тарихи қалыптасқан салт-дәстүрдің,
көзқарастардың, моральдық ережелердің жиынтығы болады. Қоғам мүшелерінің
көпшілігі осы аталғаңдарды өздерінің күнделікті өмірлеріңде, іс-әрекеттері
мен қызметтерінде басшылыққа алып отырады.
Э. Дюркгейм әдеттегі көне, архаикалық қоғамнан қазіргі индустриалды
қоғамға өту жолын талдай отырып, осы өтпелі кезеңде аномия (яғни, қоғамда
адамдардың тәртібін, адамгершілік қасиеттерін басқарудың төмендеп кетуі)
құбылысының объективті орын алатынын атап көрсетеді. Оның пікірінше, аномия
қоғамның белгілі бір кезеңіңде адамның мінез-құлқының төмендеп, моральдық,
яғни адамгершілік тұрғыдан басқару қиынға соғуынан, қоғамдағы негізгі
әлеуметтік институттардың (яғни, мекеме, ұйымдардың) іс-әрекетінің
тиімсіздігінен және әлеуметтік қайшылықтардан байқалмақ.
Э. Дюркгейм нақтылы әлеуметтік зерттеулер негізіңде адамдардың өзіне
қол жұмсаудағы басты себепті анықтауға тырысады. Оның ойынша, адамның бұл
әрекеті қоршаған әлеуметтік ортаның сипатына (түріне) байланысты болмақ.
Дюркгейм өзін-өзі өлтірушіліктің 4 типін (тұрпатын) анықтап берді, олар:
эгоистік (өз құлқынын ойлаушылық), альтуристік (басқа кісі туралы
қалтқысыз қамқорлық), экономикалық және фаталистік (тағдырдың қайталанысына
сенуге ыңғайлы адам). Бұлардың әрқайсысының өзіне тән құпиясы бар, оның
шешілу жолы жеке адам мен топтың қарым-қатынасына байланысты. Э.
Дюркгеймнің бұл теориялық еңбегі қылмыстық істердің және девианттық
(ауытқу) мінез-құлық әлеуметтануының негізін салуда маңызды болды.
Қоғамдар өмірді зерттеу негізінде Э. Дюркгейм діннің ерекше рөлі туралы
әлеуметтік тұжырым жасады. Ол діннің әлеуметтік бірлікте шешуші рөл
атқаратынын атап көрсетті. Дін қоғамдағы ең құнды, бағалы қасиеттерді
бейнелейді, сондықтан қоғам дінсіз өмір сүре алмайды.
Дюркгейм әлеуметтануды теориялық және әдістемелік жағынан негіздеп оны
өз алдына ғылым болу мүмкіндігіне ие етті. Оның әлеуметтануы әлеуметтік
өмірдің қызметіне байланысты негізінен үш салаға бөлінеді: әлеуметтік
морфология, әлеуметтік филиология және жалпы әлеуметтану.
Әлеуметтік морфология анатомия сияқты, ол қоғамның негізін, оның
құрылымын, материалдық формасын зерттейді. Оның саласына әлеуметтік
ұйымымен байланысты халықтар өмірінің географиялық негізін зерттеу,
халықтың орналасуы, оның көлемі, тығыздығы, аймақтарға бөлінуі кіреді.
Әлеуметтік филиология қоғамның өмірлік көріністерін, жеке әлеуметтік
ғылымдарды қамтиды. Олар: дін әлеуметтануы, мораль әлеуметтануы, құқық
әлеуметтануы, экономика әлеуметтануы, лингвистикалық әлеуметтану, эстетика
әлеуметтануы.
Әлеуметтану дамуының сол тарихи кезеңдегі жемістілігін Дюркгейм
төмендегідей қағидаларымен түсіндіреді:
- қоғамды өзін құрайтын индивидтерден бөлек объективті шындық деп
мойындау;
- әлеуметтік ортаның индивидтердің санасы мен мінез-құлқына әсері;
- моральдің, діннің және таным үдерісінің әлеуметтік табиғатын негіздеу.
7. Қазіргі әлеуметтану ғылымы Батыстың ірі әлеуметтанушысы Макс Вебердің
(1864—1920) әлеуметтік таным әдістемесі мен идеалдық типтер, мәдениет,
этика мен дін әлеуметтануы туралы ілімдері мен ой-тұжырымдарымен көп
санасады. Ол - түсінік әлеуметтануы мен әлеуметтік әрекет теориясының
негізін салушы.
М. Вебердің пікірінше, әлеуметтанудың басты міндеті қоғамның әлеуметтік-
тарихи құбылыстарының субъективтік (яғни, адамның санасына, ойлауына
байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ, адамның іс-әрекетінің, қызметінің
мәнін, мағынасын, мазмұнын терең түсіне отырып, қоғамның даму заңдарының
себебін ашуда болып табылады. Сондықтан әлеуметтану ең алдымен адамның
немесе адамдар топтарының мінез-құлқын және әлеуметтік қызметін зерттеуі
тиіс. Алайда адамның мінез-құлқы мен қызметі әлеуметтанудың зерттеу пәні
болу үшін, біріншіден, адамның және әлеуметтік топтардың мақсаты және оған
жетудің құралдары, екіншіден, басқа субъектілерге бағытталған, яғни өз
әрекеттерінің оларға тигізетін ықпалын және олардың бұған жауап реакциясын
есепке алу керек.
Әлеуметтанулық ғылымның әдістемесі мен таным теориясына Вебердің
қосқан үлесінің орны бөлек. Веберді әлеуметтік ойлау әдісінің данышпан
реформаторы деп атауға толық негіз бар дейді әлеуметтанушылар. Себебі оның
ғылыми танымы әлеуметтануды натурализм принциптері шегінен асырды,
әлеуметтік шындықтың аса күрделі екенін көрсетті.
Әлеуметтанулық зерттеуде алғашқы мәселе индивидтің мінез-құлқы болып
саналады. Мінез-құлықты психология да зерттейді, алайда Вебердің ойынша,
әлеуметтану тұлғаның мінез-құлқын оның әрекетінің белгілі бір
мақсаттылығымен байланыстырады.
М. Вебер саналы әрекет етуші индивид немесе индивидтер өз әрекетін
субъективті мағынамен байланыстырса ғана әрекет бола алады дейді.
Әлеуметтік іс-қимыл, әрекет адамның мінез-құлқымен бірдей, өйткені
әлеуметтік іс-әрекет өзінше жеке-дара өмір сүре алмайды, ол әр уақытта
басқа біреуге бағытталады. Мұнсыз қандай да бір болмасын іс-әрекет, қимыл
әлеуметтік болып саналмайды.
Макс Вебер әрекеттің мүмкін болар төрт түрін көрсетеді. Олардың ең
бастысы, мақсатқа сәйкес келетін іс-әрекет (целерациональное действие).
Сондықтан, М. Вебердің пікірінше, мақсатқа сәйкес келетін әрекет, қимыл
негізгі идеалдық тип болып саналады. Әлеуметтік іс-әрекеттің ақылдылығы,
парасаттылығы, ақылға жеңдірушілігі — тарихи үдерістің басты бағыты.
Екінші құнды-ұтымды әрекет - белгілі бір абсолюттік құндылыққа (этикалық,
эстетикалық, діни, т.б.) саналы түрде жетуге бағытталған әрекет; Мұның
негізіне сөзсіз этикалық, діни немесе белгілі мінез-құлықтың кез келген
басқа басымды құндылығына сенімділік жатады. Үшінші аффектілі әрекет, ол
субъектінің көңіл-күйі мен сезімінен туындайды; Төртінші әрекет, бұл -
көптен қалыптасқан әдет-дағдымен іске асатын әрекеттің түрі.
М. Вебер өзінің әлеуметтанулық зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне
көп көңіл аударады. Соған байланысты оның әлеуметтану теориясы "түсіну,
ұғыну теориясы" деп аталып, әлеуметтану өзінің шығу көзін, қалыптасу
негізін адамның немесе адамдар тобының мінез-құлқынан бастауы қажет.
Адамның мінез-құлқын зерттеу әлеуметтанушыны әр уақытта қызықтырып отырады,
өйткені әрбір адам өзінің тәртібіне, іс-әрекетіне белгілі бір мағына, мән
береді, оны түсінуге тырысады. Осыған орай, әлеуметтану "түсіну" ғылымына
айналады.
М.Вебердің келесі маңызды тұжырымдамасы - идеалды типтер. Оның
пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі) шығармашылық қиял, елес
жемісі. Идеалды тип дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық (яғни,
тәжірибелік) шындықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлануының, ой-
пікірінің жемісінің теориялық құрылымы, идеясы.
М. Вебер өзінің "Протестанттық этика және капитализм рухы" деген
еңбегінде экономиканы дінмен байланыстырып, діни-этикалық нұсқаулардың
экономикалық іс-әрекетке ықпалын түсіндіруге тырысты. Ол осы тұрғыдан діни
сенімдердің, діни этиканың, әсіресе оның адамгершілік қырын экономика
дамуының негізгі ынталаңдыру факторы және адамдардың еңбек сүйгіштігін,
ұқыптылығын, әділеттілігін, белсенділігін және т.б қалыптасуын қамтамасыз
етіп отыратын фактор ретіңде қарады.
Әлеуметтанудың даму жолындағы барлық теорияларды тұжырымдау негізінде
барынша кеңірек әлеуметтік құрылымдарды талдау қажеттілігі туды. Бұл
міндетті Американың атақты әлеуметтанушысы Толкот Парсонс атқарды. Ол
әлеуметтік әрекет теориясын және құрылымдық-функционалдық талдаудың
әдістемесін жасады. Т.Парсонстың ойынша, адамның әлеуметтік әрекеті
рационалды, мақсатты сипатқа ие. Оған бір-біріне тәуелді емес, төрт шартты
әрекеттер жүйесі әсер етеді (биологиялық, мәдени, әлеуметтік және жекелік)
және олардың әрқайсысы белгілі функциялар атқарады. Бұл жүйелердің
қалыптасуын және олардың бір-біріне ықпалын Т.Парсонс институттену үдерісі
деп атады. Бұл әлеуметтік әрекет теориясы онан әрі дамытылып, қазіргі күні
классикалық сипатқа ие болды.
Т.Парсонстың құрылымдық-функционалдық талдаудың әдісі қазіргі
әлеуметтану ғылымының негізгі әдістерінің бірі болып отыр. Оның негізіне
бірі-бірімен байланысты жүйешіктерден тұратын тұтас жүйе ретіндегі қоғам
туралы түсінік алынған. Әрбір жүйешік өзінің жүйеде ие болған орнына қарай
өзіне тән функцияларды атқарады. Олар бірін-бірі толықтыра және өзара
әрекеттесе отырып, әлеуметтік жүйенің бірлігін қамтамасыз етеді.
Бақылау сұрақтары.
1. Конфуций мемлекет туралы не деді?
2. Конфуций қоғамға қандай принцип ұсынды?
3. Конфуций мемлекетті қандай организм деп санады?
4. Платонның қоғам басшысы жөніндег3 ойы қандай?
5. Платон мемлекет туралы не деді?
6. Платон қоғамды билеудің негізгі құралы деп нені атады?
7. Аристотель мемлекеттің негізгі мақсаты неде деп түсіндірді?
8. Аристотельше дұрыс мемлекет қандай мемлекет?
9. О. Контты не себепті әлеуметтану ғылымының негізін қалаушы дейміз?
10. О.Конт қоғамды қандай жүйе ретінде қарастырды?
11. О. Конт әлеуметтік құбылыстарды зерттегеңде қандай әдістерге
жүгінді?
12. Г.Спенсер өзінің әлеуметтанулық тұжырымдарын қандай теорияға
негіздеді?
13. Г.Спенсер қоғамды қандай организм ретіңде қарастырды?
14. Спенсердің әлеуметтанулық көзқарасы қандай?
15. Г. Спенсердің эволюция теориясын қалай түсінесің?
16. К. Маркстің негізгі әлеуметтанулық ілімдері.
17. Э. Дюркгеймнің әлеуметтану жөніндегі ой-пікірлері.
18. Э. Дюркгеймше қоғамның тұтастығының негізін құрайтын не?
19.Э. Дюркгеймнің әлеуметтік теориясының өзегі не болып табылады?
20. М. Вебердің әлеуметтанулық тұжырымдары.
21. Т.Парсонстың әлеуметтану ғылымына қосқан нақты үлесін аташы?

ІІІ тақырып. XIX ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы
Қазақстандағы әлеуметтік ойлар

XIX ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың бірінші жартысында өмір
сүрген Шоқан Уәлиханов (1837-1865), Ыбрай Алтынсарин (1841-1889), Абай
Құнанбаев (1945-1904), Шәкәрім Құдайбердиев (1858-1931), Әлихан Бөкейхан
(1870-1937), Ахмет Байтұрсынұлы (1873-1938) қазақ халқының әлеуметтік
өміріне қатысты мол мұра қалдырды. Әлемдік әлеуметтану ғылымы да сонау
ежелгі грек, қытай, үнді ойшылдарының әлеуметтік көзқарастарынан бастау
алғанын ескерсек, ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың басындағы
қазақ даласының ойшылдарының да пікір-тұжырымдары қазіргі отандық
әлеуметтануға жақсы теориялық та тәжірибелік негіз болатыны шындық.

Ш.Уәлихановтың әлеуметтік көзқарастары
1. Қазақ қоғамның прогрестік даму туралы.
2. Халықтық реформаның жалынды жаршысы.
3. Халық шығармашылығы - халықтың әлеуметтік айнасы.
4. Дін туралы әлеуметтік ой-пікірлер.
1. Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы, ұлы ғалымы Шоқан Уәлиханов
өзінің 30-ға толмаған қысқа өмірінде Орта Азия мен Қазақстан халықтарының
тарихына, географиясы мен этнографиясына қатысты, сондай-ақ бірсыпыра
қоғамдық-саяси тақырыптарға арналған бірталай елеулі шығармалар жазды. Ол
еңбектер орыс, ағылшын, неміс және француз тілдерінде жарияланды. Шоқан,
шын мәнісінде, шығармалары осынша әлем тілдеріне аударылған, ғылымға
сіңірген еңбегін дүниежүзі ғылымы мойындаған тұңғыш қазақ ғалымы болатын.
Ш. Уәлихановтың қоғамдық-әлеуметтік және саяси мәселелерді сөз ететін
Қазақтардың өрісі мен қонысы туралы, Сот реформасы жайында жазба,
Баянауыл округі туралы, Өлкенің үкімет басқару жүйесі мен саяси
жағдайы, "Жоңғар очерктері", "Сахарадағы мұсылмандық туралы,
"Қазақтардағы шамандықтың қалдығы", "Тәңірі" сияқты еңбектерінде және
достарына жазған хаттарында біз оның әлеуметтік көзқарастары көп жағдайда
әлемдік озық идеялармен ұштасып, үңдесіп жатқанын байқай аламыз. Ол қазақты
орыс мәдениетіне жақындату, орыс ғылымына үйрету идеясы арқылы ұлтының
рухани және мәдени өркендеуіне ықпал етуді өзінің азаматтық мұраты деп
білген.
Шоқан Уәлиханов - қоғам дамуының прогресті жолын қолдаушы,
демократиялық бағытты ұстанушы ғана емес, өз халқының артта қалғандығы
туралы ой-толғаныстардың иесі. Ол Ресеймен экономикалық және мәдени
байланысты нығайта түсу қазақ халқының дамуы үшін қажет деп санады,
сондықтан ұлттық шектелушілік пен тұйықтықтың халық мүддесіне жұмыс
істемейтінін жақсы түсінді. Сол себепті қазақ халқының алдыңғы қатарлы
дамыған елдермен жан-жақты байланыста болғанын қалады. Соның ішінде сан
жылдар көрші ел – Ресейдің Қазақстан үшін ерекше маңызы барын ескере
отырып, ол өз халқының ұлттық дербестігін сақтауын ойлады. Ол Халықтың
қалыпты түрде өсуі үшін ол халық дамудың қандай дәрежесінде тұрса да,
өздігімен дамуы, өзін өзі қорғауы, өзін өзі билеуі қажет деп жазды [1, ].
(Ш.Уәлиханов. Көп томдық шығармалар жинағы. Алматы: Толағай групп. 2010.
Т.4. - б.).
Шоқан Уәлиханов патшалық отаршыл өкіметті батыл сынады, оның қазақ
даласына алып келген әділетсіздіктері мен заңсыздықтары жергілікті халықты
қанап, ашықтан-ашық аямай сорып отырғанын ашына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау (1867-1917 жж.)
ХIX ғасырдың екінші жартысы – ХХ ғасырдың басындағы Оңтүстік Қазақстан өңіріндегі сауда жүйесінің дамуы
Қазақ ауылының шаруашылық жағдайы
Тарих ғылымдарының кандидаты
Қазақстан өнеркәсібін игеруге қатысты патшалық саясат
Кітаби ақындар шығармашылығындағы сопылық ілімнің жырлануы. Автораферат
Педагогика тарихы курсының мазмұны
Ежелгі Греция тарихы бойынша деректер
Қоғамдағы саяси ілімдерді қалыптастырудағы ұлы ойшылдардың маңызы мен ролі
Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
Пәндер