Әлеуметтану бойынша дәрістер



1 Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік теориясы
2 Тұлға әлеуметтік жүйенің негізгі элементі
3 Отбасы әлеуметтануы
4 Мәдениет әлеуметтануы
5 Дін әлеуметтануы
6 Саяси әлеуметтану
ХІХ – ХХ ғасырда теориялық әлеуметтануда қоғамның құрылымы мен дамуы туралы екі – марксистік және позитивистік көзқарас болды. Марксистік ілім бойынша, қоғамның құрылымы жеке меншікке негізделген негізгі екі таптың күресімен айқындалады. Барлық экономикалық, саяси, әлеуметтік адамгершілік және тіпті эстетикалық қарым қатынастар таптық мүдделер мен олардың күресіне байланысты. Ал қоғамның құрылымы туралы позитивистік тұжырым (трактовка) экономикалық және әлеуметтік саяси қатынастардың субъектілерінің диапозонын кеңейтуге ұмтылып, оны тек өзара күрес жағдайымен ғана емес, жарасымдылық пен өзара тәуелділік арқылы түсіндірді.
ХХ ғасырда осы тұжырымдама стратификация және әлеуметтік мобильділік теориясына айналды. Оны жасауға М.Вебер, П.Сорокин, Т.Парсонс, Р.Мертон және т.б. белсене қатысты. Олар таптық түсінікті алып тастамай, әлеуметтік құрылымның негізгі элементі ретінде ғылыми айналымға жік немесе страта деген түсінік ендірді. Бұл бірнеше белгілермен ерекшеленген әртүрлі жіктердің қосындысы ретінде ұсынылды. Мұндай белгілерге табыс (доход), кіріс, білім, бедел (престиж), ақпарат пен билікке ие болу жатты. Осылардың негізінде әлеуметтік жіктің жоғары, орташа және төменгі сияқты басты үш деңгейі айқындалды. Бұл жіктердің (қауымдастық) арасындағы қарым қатынас, қызмет ету ерекшеліктері, өзгерістері мен дамуы әлеуметтік құрылымның басты өзегі саналып, ол әлеуметтік стратификация теориясы деп аталды.
Сөйтіп қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға тағы басқа жіктелуі батыстық әлеуметтануда көбінесе әлеуметтік стратификация деген терминмен белгіленеді. "Страт" латын тілінде жік, қабат деген сөзден туған, ол геологияда жер қыртысының қабаттарын білдіреді. Әлеуметтік құрылымды зерттегенде әлеуметтік жіктелу теориясы қоғамдағы барлық топтарды қарастырып, олардың қоғамдағы жағдайын айтарлықтай толық және терең сипаттайтындай белгілерді (өлшемдерді) басшылыққа алады: меншікке ие болудың сипаты, табыстың мөлшері, мұрагерлік, білімнің деңгейі, мамандық мәртебесі, биліктің аумағы, ұлттық ерекшеліктер және т.б. Егер топтар бір белгінің негізінде жіктелсе (мысалы, табысының мөлшеріне немесе билік жүргізуге қатысына қарай т.т.) ол бір өлшемдік жіктеуге жатады. Егер бірнеше белгінің негізінде болса, ол көп өлшемдік жіктелу болып саналады.
Феодалдық қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі жіктерге (сословиелерге) ғана бөлінген болатын. Жіктік мәртебелер атадан балаға мұра ретінде беріліп отырған. Жоғары жікке дворяндар, дін иелері, ал төменгі жікке — қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір жіктен екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасыңда кейбір жағдайда некенің орын алуы және төменгі жіктегі адамдарының сіңірген еңбектеріне байланысты билік тарапынан оларға жоғары жіктік мәртебені сый ретінде беру сияқты жағдайлар орын алған.
VIII—XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде "тап" деген ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екеңдігін мойындалды. Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылғанымен кейін К. Маркс және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің экономикалық себептеріне терең назар аударылды.
К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Ол таптардың пайда болуының экономикалық себептерін - қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншікті ашып көрсетті. Қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың, сондай-ақ таптың белгілерін бойына толық сіңіре қоймаған әлеуметтік жіктердің болатыны атап көрсетілді. Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары бар, ал буржуазиядан айырмашылығы — меншік иесі емес. Олай болса, бұл топты өз алдына бір тапқа жатқызу қиын. Интеллигенция да әлеуметтік топқа жатады. Өйткені бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері аз және олар шығу тегі жағынан да әртүрлі таптардың өкілі болуы мүмкін.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
V тақырып. Әлеуметтік стратификация және әлеуметтік мобильділік теориясы
1. Қоғамның әлеуметтік топқа жіктелуі.
2. Әлеуметтік стратификация теориясы және оның мәні
3. Әлеуметтік мобильдік және оның түрлері.
4. Қазіргі Қазақстандағы әлеуметтік стратификация мен әлеуметтік
мобильділік үдерісі.

1. ХІХ – ХХ ғасырда теориялық әлеуметтануда қоғамның құрылымы мен
дамуы туралы екі – марксистік және позитивистік көзқарас болды. Марксистік
ілім бойынша, қоғамның құрылымы жеке меншікке негізделген негізгі екі
таптың күресімен айқындалады. Барлық экономикалық, саяси, әлеуметтік-
адамгершілік және тіпті эстетикалық қарым-қатынастар таптық мүдделер мен
олардың күресіне байланысты. Ал қоғамның құрылымы туралы позитивистік
тұжырым (трактовка) экономикалық және әлеуметтік-саяси қатынастардың
субъектілерінің диапозонын кеңейтуге ұмтылып, оны тек өзара күрес
жағдайымен ғана емес, жарасымдылық пен өзара тәуелділік арқылы түсіндірді.
ХХ ғасырда осы тұжырымдама стратификация және әлеуметтік мобильділік
теориясына айналды. Оны жасауға М.Вебер, П.Сорокин, Т.Парсонс, Р.Мертон
және т.б. белсене қатысты. Олар таптық түсінікті алып тастамай, әлеуметтік
құрылымның негізгі элементі ретінде ғылыми айналымға жік немесе страта
деген түсінік ендірді. Бұл бірнеше белгілермен ерекшеленген әртүрлі
жіктердің қосындысы ретінде ұсынылды. Мұндай белгілерге табыс (доход),
кіріс, білім, бедел (престиж), ақпарат пен билікке ие болу жатты. Осылардың
негізінде әлеуметтік жіктің жоғары, орташа және төменгі сияқты басты үш
деңгейі айқындалды. Бұл жіктердің (қауымдастық) арасындағы қарым-қатынас,
қызмет ету ерекшеліктері, өзгерістері мен дамуы әлеуметтік құрылымның басты
өзегі саналып, ол әлеуметтік стратификация теориясы деп аталды.
Сөйтіп қоғамның түрліше әлеуметтік топтарға, қауымдастықтарға тағы
басқа жіктелуі батыстық әлеуметтануда көбінесе әлеуметтік стратификация
деген терминмен белгіленеді. "Страт" латын тілінде жік, қабат деген сөзден
туған, ол геологияда жер қыртысының қабаттарын білдіреді. Әлеуметтік
құрылымды зерттегенде әлеуметтік жіктелу теориясы қоғамдағы барлық топтарды
қарастырып, олардың қоғамдағы жағдайын айтарлықтай толық және терең
сипаттайтындай белгілерді (өлшемдерді) басшылыққа алады: меншікке ие
болудың сипаты, табыстың мөлшері, мұрагерлік, білімнің деңгейі, мамандық
мәртебесі, биліктің аумағы, ұлттық ерекшеліктер және т.б. Егер топтар бір
белгінің негізінде жіктелсе (мысалы, табысының мөлшеріне немесе билік
жүргізуге қатысына қарай т.т.) ол бір өлшемдік жіктеуге жатады. Егер
бірнеше белгінің негізінде болса, ол көп өлшемдік жіктелу болып саналады.

Феодалдық қоғамдағы адамдар жоғары және төменгі жіктерге
(сословиелерге) ғана бөлінген болатын. Жіктік мәртебелер атадан балаға мұра
ретінде беріліп отырған. Жоғары жікке дворяндар, дін иелері, ал төменгі
жікке — қолөнершілер, шаруалар, көпестер жатқан. Бұл аталған жүйеде бір
жіктен екіншісіне өту шектелгенімен, олардың арасыңда кейбір жағдайда
некенің орын алуы және төменгі жіктегі адамдарының сіңірген еңбектеріне
байланысты билік тарапынан оларға жоғары жіктік мәртебені сый ретінде беру
сияқты жағдайлар орын алған.
VIII—XIX ғасырларда Батыс Еуропа ойшылдарының еңбектерінде "тап" деген
ұғымның мәні негізделіп, қоғамда таптардың бар екеңдігін мойындалды.
Бастапқы кезде таптар деген ұғымның саяси мазмұны баса айтылғанымен кейін
К. Маркс және М. Вебер еңбектерінде қоғамдағы таптық жіктелудің
экономикалық себептеріне терең назар аударылды.
К. Маркс өз заманында таптар туралы ілімді одан әрі дамытып, өзінің тап
күресі туралы теориясын негіздеді. Ол таптардың пайда болуының экономикалық
себептерін - қоғамдық еңбек бөлінісі мен жеке меншікті ашып көрсетті.
Қоғамда негізгі және негізгі емес таптардың, сондай-ақ таптың белгілерін
бойына толық сіңіре қоймаған әлеуметтік жіктердің болатыны атап көрсетілді.
Мысалы, жұмысшы ақсүйектерін алсақ, олардың жұмысшылардан артықшылықтары
бар, ал буржуазиядан айырмашылығы — меншік иесі емес. Олай болса, бұл топты
өз алдына бір тапқа жатқызу қиын. Интеллигенция да әлеуметтік топқа жатады.
Өйткені бұл топтың да белгілі бір тапқа ұқсас белгілері аз және олар шығу
тегі жағынан да әртүрлі таптардың өкілі болуы мүмкін.
К. Маркс қоғамды таптарға жіктеумен ғана шектелген жоқ. Ол капиталистік
өндіріс тәсіліне жан-жақты талдау жасап, бұл қоғамдағы қанаудың мәнін
түсіндірді және өзінің тап күресі туралы теориясын негіздеді. Маркстік ілім
тапты құрайтын басты белгілерге: адамдар тобының өндіріс жүйесінде алатын
орнын; олардың өңдіріс құрал-жабдықтарына қатынастарын; еңбекті
ұйымдастырудағы адамдар арасындағы қарым-қатынасты; қоғамдық байлықтан
алатын үлестің көлемі мен оны алудың әдісін; қоғамдық өңдірісте бір топтың
басқа адамдардың еңбегін қанауын жатқызады. Бүл белгілердің таза
экономикалық сипаты болғандықтан, таптар тек экономикалық категория ретінде
көрінеді.
М. Вебер қоғамның тапқа жіктелуінің объективтік экономикалық негіздері
бар деген К. Маркстың ойымен келісе отырып, басқа да факторларды атап
көрсетеді. Біріншіден, М. Вебер таптық айырмашылықтар тек меншіктің болу,
болмауымен байланысты емес, сол сияқты адамдардың жоғары білімінің болуына,
мамандық түріне, кәсіби дәрежесі мен шеберліктеріне де байланысты дейді.
Екіншіден, М. Вебер адамның мәртебесін - саяси партияға, яғни билікке
қатынасуын да жіктеудің өлшемдеріне енгізеді.
М. Вебердің қоғамдағы тапқа бөлінуге әсер ететін осы факторларды
ескере отырып, 4 түрлі таптарды атап көрсетеді. Олар: капитал иелері;
интеллектуалдар мен менеджерлер, басқарушылар; дәстүрлі ұсақ буржуазия;
жұмысшы.
Ғалымдардың көпшілігі стратификациялық құрылымның негізі жіктік
өлшемдерден туындайтын адамдар арасыңда болатын табиғи және әлеуметтік
теңсіздік екендігін мойындайды. Бұл адамдардың табиғи жаратылыс (жыныс, жас
мөлшері, темперамент, терісінің түсі, бойы, ақыл-ойының деңгейі, т.б.)
ерекшеліктерінен туады. Мәселен, ақыл-парасатымен, күш-қайратымен
ерекшелінетін адамдар көпшілікке ықпал етіп, оларды өзіне бағынышты етуге
ұмтылады.
Ең көлемді қоғамдық еңбек бөлінісі еңбектің аграрлық және өнеркәсіптік
салаларға бөлінуімен байланысты болды. Мұның өзі қала мен село өмір
салтының қалыптасуына, халықтың территориялық-аймақтық жағынан жіктелуіне
әкелді. Қала өмірінің селоға қарағанда бірқатар артықшылықтары бар. Атап
айтсақ, еңбектің мазмұны мен түрлерінің сан алуандығы, тұрмыстық және
мәдени қызмет көрсету салаларының, саяси және басқару орталықтары мен
бұқаралық ақпарат жүйесінің, ғылым мен білімнің кеңінен дамуы қалаларға тән
сипаттық белгілер.
Қоғамдық еңбек бөлінісі ой еңбегі мен дене еңбегінің арасындағы
айырмашылықтың пайда болуына, соның нәтижесінде қоғамда білімі мен кәсіби
деңгейлері жоғары адамдар тобының қалыптасуына ықпал етті.
Қоғамдағы әлеуметтік теңсіздік иерархияға негізделген және ол адамдар
мен топтардың вертикалды бағытта, яғни тік сызық бойында бір топтың екінші
бір топтан жоғары немесе төмен сатылы орналасуынан көрінеді. Мұндай
жіктелудің себептерін Р. Дарендорф тұтас қоғамды басқарушылар мен
басқарылушыларға жіктей отырып, "билік" және "бедел" деген ұғымдардың
негізінде түсіндіреді. Ол басқарушылардың өзін басқарушы меншік иелері және
меншіктері жоқ бюрократ-менеджерлерге жіктейді. Автор сонымен қатар
басқарушылар: жоғарғы топ - жұмысшы ақсүйектерден, төменгі топ - мамандық
дәрежесі төмен жұмысшылардан тұрады және басқарушылар мен жұмысшы
ақсүйектердің ассимиляциясының нәтижесінде "жаңа орта тап" қалыптасады
деген қорытындыға келеді.
2. XX ғасырдың екінші жартысында Батыс елдерінің ғалымдары әлеуметтік
стратификация құбылысын одан әрі тереңірек зерттеуге кірісті. Ғалымдардың
пікірінше, капиталистік қоғамда таптар арасындағы қайшылықтар бәсеңдеп,
жұмсара түседі. Олар сонымен қатар қоғам мүшелерінің түрлі топтарға,
таптарға, жіктерге бөліну үдерісі тереңдей түскенін атап көрсетті. Осындай
жан-жақты әлеуметтік зерттеулердің арқасында қоғамдағы түрлі әлеуметтік
топтардың, таптардың және страталардың арасындағы қарым-қатынасты реттеуге
байланысты ұсыныстар негізделді.
Бұл кездегі әлеуметтік стратификация теориясының көрнекті өкілдерінің
бірі П.А. Сорокин болды. Ол қоғамдағы адамдардың иерархиялық жоғары және
төменгі топтарға жіктелуіне әсер ететін факторлар ретінде құқықтық
артықшылықтардың, жауапкершілік пен міндеттердің, байлық пен жоқшылықтың,
билік пен ықпалдың тең бөлінбеуінен болады деп түсіндіреді. Автор сонымен
қатар бүл аталған өлшемдер өмірде бір-бірімен сабақтас екендігін ескертеді.
Қолдарында үлкен байлығы бар жоғары экономикалық топтардың өкілдері сонымен
қатар жоғары саяси және кәсіби топтарға да жа-
тады дейді. Яғни, байлығы бар адамның билікке, жоғары кәсіби топтарға
енуіне мүмкіндігі мол немесе керісінше билігі бар адамның жоғары кәсіби
дайындығы да бар, байлығы да бар деген сөз.
Ал американдық әлеуметтанушы Т. Парсонс қоғамда әлеуметтік жіктелу
факторларын үш топқа біріктіреді. Біріншісіне - адамның туа біткен табиғи
белгілеріне байланысты факторлары: этникалық тегі, жыныстық, жастық
ерекшеліктері, туыстық байланыстары, дене бітімі мен интеллектуалдық
қабілеті және т.б.; Екіншісіне - қызмет түрі, мамандығы және кәсіби
деңгейі; Үшінші топқа меншік, материалдық және рухани құндылықтар мен
артықшылықтарды жатқызады.
Ғалымдардың көпшілігі әлеуметтік стратификация үдерісінде осы аталған
өлшемдер мен факторлардың шын мәнінде орын алып отырғанын атап көрсетеді.
Қоғам дамуының бір кезеңінде бұл өлшемдердің біреуі маңыздырақ болса,
келесі бір кезеңде екіншісінің маңызы арта түседі. Мәселен, кеңес
қоғамындағы иерархиялық жіктелу үдерісінде саяси факторлардың маңызы зор
болды. Билік саласыңда қызмет ету, партияға мүше болу, саяси шешімдерді
қабылдауға қатынасу сияқты факторлар жоғары топ адамдарын қалыптастырды.
Сондықтан жоғары билік адамдарының байлық пен меншікке қол жеткізуде
мүмкіңдіктері кең болды
Ресей Ғылым Академиясының "Әлеуметтану институты" жүргізген зерттеулер
нәтижесінен қазіргі қоғамдағы әлеуметтік жіктелуге есер ететін факторлардың
төмендегі иерархиясын байқауға болады. Респонденттердің 91,3%-ы әлеуметтік
жіктелудегі басты фактор ретінде "билікті" атап көрсетсе; табыс көлемін —
91,2%-ы; меншікті — 64,8%-ы; көлеңкелі экономика немесе заңға қарсы іс-
әрекеттерді — 52,7%-ы; білімді — 35,1%-ы; қабілет пен талапты - 34,6%-ы;
мамандық түрін - 30,1-ы; адамның шығу тегін — 25,0% і., ұлттық тегін —
14,5%-ы атап көрсеткен.
Зерттеудің нәтижесінен бұл қоғамда билікке қатынас, табыс көлемі,
меншіктің болуы сияқты факторлардың әлеуметтік жіктелу үдерісінде жоғары
маңызға ие болып отырғанын көруге болады.
Әрине, әлеуметтік стратафикация үдерісінде білім деңгейі, кәсіби
шеберлік, жоғары мәртебе (престиж) деген өлшемдердің маңызы зор екенін
естен шығармауымыз керек. Бұл қазіргі нарық заманында айрықша көрінуде.
Соңғы кезде әлеуметтанушылар қоғамның 4 жіктен тұратын моделіне
тоқталды, олар мыналар: жоғары тап; орта тап; жұмысшы табы; төменгі тап.
Жоғары тапқа ірі меншік иелері - қаржы және өнеркәсіп магнаттары, жоғары
билік элиталары - мемлекет президенттері, премьер-министрлер, министрлер,
жеке ведомстволар мен мекемелер басшылары, яғни жоғары категориядағы
шенеуніктер жатады. Бұлар - қоғамдағы шамадан тыс байлығы бар, қоғамның
экономикалық және саяси өмірінде шешуші рөл атқаратын топ. Қоғамдағы
олардың үлес салмағы аз, дамыған елдерде олар шамамен халықтың 1%-ын
құрайды.
Кейбір елдерде жоғары тапқа білім және мәдени дәрежелері, қоғамдағы
мәртебелері де жоғары шенді әскери топтар мен шығармашылық интеллигенцияның
танымал өкілдері де жатады.
Орта таптың қоғамдағы алатын орны ерекше. Бұл тапқа қоғамдағы әртүрлі
әлеуметтік топтардың, мамандықтардың өкілдері жатады. Алдыңғы қатарлы
дамыған елдерде олар халықтың 50-60 пайызын құрайды. Олар қоғамдағы
әлеуметтік тәртіп пен тұрақтылықтың тірегі десек те болады. Өйткені орта
тап қоғамның жоғары мамандық иелерінен тұратын негізгі интеллектуалдық күші
болып саналады.
Орта таптың өкілдері - ғалымдар, жазушылар, суретшілер, діни
қызметкерлер, оқытушылар, дәрігерлер, заңгерлер, орта және шағын кәсіп
иелері, маманданған жұмысшылар, т.б. Орта тап адамдарының тұрақты, сенімді
қызмет орындары, жоғары табыстары және заман талабына сай өмір салттары
бар. Олар көп еңбек етеді, кейбіреулерінің меншіктері (жер, құңды қағаздар,
қозғалмайтын мүліктері, т.б.) бар, яғни олар экономикалық және саяси
тұрғыдан қарағанда тәуелсіз адамдар. Бұл топтың адамдары "жақсы өмірге
қажырлы еңбектің, күш — жігердің, білімнің нәтижесінде жетуге болады"
дегенді басшылыққа алады.
Бұл жерде айта кететін бір жағдай — орта таптың да өз ішінде адамдардың
билікке қатынастары, табыстарының көлемі, кәсіби және білім деңгейлеріне
қарай жіктелетіндігі. Олар: а) жоғары орта тап; ә) орташа орта тап; в)
төменгі орта тап.
Жұмысшы табының қазіргі кездегі бейнесі өткен дәуірдегіден мүлдем
басқа. Ғылыми - техникалық прогресс заманында жұмысшы табы еңбегінің
мазмұны, сипаты өзгерді. Олар механикалаңдырылған және автоматтандырылған
өндіріс салаларында - зауыттар мен фабрикаларда, ауыл шаруашылық
кәсіпорындары мен халыққа қызмет көрсету салаларында еңбек етеді. Бұл тап
өкілдерінің тұрақты табыстары, белгілі бір дәрежеде білім және кәсіби
дайындықтары бар.
Төменгі тап - құрамы жағынан сан алуан. Оларға арнайы мамандықтары жоқ
жұмысшылар, жұмыссыздар және люмпеңдер (қайыршылар, босқыңдар,
қылмыскерлер, т.б.) жатады. Бұлардың көпшілігінің тұрақты табыс көздері
болмағандықтан, олар абсолюттік кедейшілік жағдайда өмір сүреді.
Сонымен, әлеуметтік стратификация кез келген қоғамға тән құбылыс. Барлық
қоғам мүшелерінің арасындағы жаппай теңдік орнататын эгалитарлық (француз
тілінде еgalite-теңдік) қоғам орнату мүмкін емес екеңдігін әлемдік даму
тәжірибесі дәлелдеп отыр.
3. Қоғам ілгерілеп дамыған сайын оның құрылымы да өзгеріп отырады.
Сонымен қатар белгілі бір елдегі адамдардың белгілі бір топқа жатуын қатып-
семіп қалған, өзгермейтін құбылыс деп қарауға болмайды: ол үздіксіз
өзгеріс, қозғалыста болады. Мұндай өзгеріс, қозғалысты әлеуметтануда
әлеуметтік мобильділік деп атайды. Оны ғылыми жағынан тұңғыш негіздеп,
арнайы теориясын жасаған П. Сорокин. Осыған байланысты атақты әлеуметтанушы
әлеуметтік кеңістік туралы түсінікті де ғылыми айналымға ендірді.
"Әлеуметтік мобильділік" деп, қоғамдағы жекелеген индивидтер мен
адамдар тобының бір әлеуметтік жағдайдан екінші әлеуметтік жағдайға орын
ауыстыруын айтамыз. Ол төменнен жоғары көтерілу, әлде жоғарыдан төмен
құлдырау не болмаса бір деңгейдегі топтан екіншіге өту болуы мүмкін.
Сондықтан оның екі типі болады, олар: вертикалды, яғни тік сызықтың бойымен
болатын және горизонталды немесе көлденең сызық бойындағы мобильдіктер.
Вертикальды мобильдік - бір стратадан екінші бір стратаға ауысуының
нәтижесіңде индивидтің әлеуметтік жағдайының өзгеруі. Вертикалды мобильдік
жоғары өрлеу және төмен құлдырау, яғни кері кету бағытында болады.
Британ әлеуметтанушысы Э. Гидденс вертикальды мобильдікке жан-жақты
талдау жасаған. Ол Британ қоғамындағы төмен құлдырау мобильдігінің
себептерін адамның психологиялық күйзеліске ұшырауынан (мысалы, жақын
адамынан айырылу, сәтсіздіктерге ұшырау, т.б.) және соған байланысты
индивидтің өзінің бұрынғы мәртебелік дәрежесінен айырылуынан деп
түсіндірген. Мобильдіктің бұл түріне индивидтің жұмысынан босауы да жатады.
Горизонталды мобильдікте — индивид бір әлеуметтік позициядан екіншісіне
ауысады. Бұл ауысу тек көлденең сызық бойында болады да оның әлеуметтік
жағдайына ешбір өзгеріс әкелмейді.
Әлеуметтік мобильділік жеке немесе ұжымдық болуы мүмкін. Ұжымдық
мобильділік қоғам өмірінде, құрылысында ірі өзгерістер тудырады. Бұл
экономикалық немесе саяси-идеологиялық салада кездеседі.
Әлеуметтік мобильділік құбылысының екі өлшемі бар. Олар — мобильдіктің
жылдамдығы және көлемі. Әлеуметтік мобильділіктің жылдамдығы белгілі бір
уақыт аралығындағы тік бағыттағы әлеуметтік дистанцияның (сатылар саны)
немесе жеке иңдивидтің осы бағытта жоғары өрлеуі немесе төмендеуіндегі
экономикалық, саяси, кәсіби жіктердің санымен өлшенеді. Мәселен, біреулер
қысқа мерзімде жоғары мәртебеге ие болса, екінші біреулердің ондай дережеге
көтерілуі үшін бірнеше сатылардан өтуі және бұл үдерістің ұзақ уақытқа
созылуы мүмкін.
Алдыңғы қатарлы дамыған елдерде халықтың үштен екі бөлігі мобильді болып
келеді және жеке вертикалды өрлеу бағытындағы мобильдіктің көлемі жоғары.
Американ әлеуметтанушылары П. Блау мен О. Дункан дамыған елдердегі
әлеуметтік мобильдіктің қарқынын зерттеу нәтижесінде АҚШ-да тік жоғары
бағыттағы мобильдік басым деген қорытындыға келген. Батыс ғалымдары
постиндустриалдық қоғамдарда "төменгі" және "жоғары таптардың" үлес
салмағына қарағанда "орта таптың" үлес салмағының өсіп отырғандығын айтады.

Әлеуметтік мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны неге байланысты деген
сұрауға ғалымдар: біріншіден, ол жеке тұлғаның сапалы қасиеттеріне
байланысты деп жауап береді. Шын мәнісінде, өзінің кәсіби деңгейін,
әлеуметтік-экономикалық жағдайын өзгертіп, жоғары мәртебеге ие болуы үшін
әрбір индивидтің қажымай-талмай еңбек етуі, әрдайым жоғары ұмтылуы қажет.
Екіншіден, жеке адамның тік өрлеу бағытында бір әлеуметтік жағдайдан екінші
жағдайға ауысуына қоғамның жалпы даму дәрежесі, оңдағы мүмкіндіктер ықпал
етеді. Қуатты экономикасы мен демократиялық саяси жүйесі бар елдерде жеке
адамның әлеуметтік топтардың жан-жақты дамуына кең мүмкіндіктер бар. Ол
елдерде мобильдіктің жылдамдығы мен қарқыны да жоғары.
П.А. Сорокиннің сөзімен түсіндірсек: "Егер мобильділік абсолютті түрде
әркімнің еркіне байланысты құбылыс болса, онда қоғамда әлеуметтік жіктер де
болмас еді. Қоғам бұл жағдайда бір қабатты екінші қабаттан бөліп тұратын
едені мен төбесі жоқ ғимаратқа ұқсас болар еді. Олай болса барлық қоғам
жіктерге бөлінеді. Қоғам өзінше бір "елеуіш" тәрізді, яғни онда индивидтер
мен топтарды белгілі бір өлшемдерге байланысты іріктеп, жіктеу бар. Соның
нәтижесінде біреулер әлеуметтік сатымен жоғары көтеріледі, ал, екінші
біреулер төменгі сатылардан орын алады".
4. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында Қазақстанның әлеуметтік
құрылымы бұрын-соңды болмаған күрделі өзгерістерге ұшырап отыр. Егемеңдік,
тәуелсіздік алған уақыттың ішінде республиканың әлеуметтік құрылымында жаңа
таптар, топтар, жіктер пайда болды. Олар: бизнесмендер, кәсіпкерлер,
фермерлер, банкирлер, алуан түрлі жеке фирмалардың, дүкендердің, қонақ
үйлерінің, мейманханалардың және т.б. жеке меншік иелері. Тіпті бұдан басқа
да өзгерістер бар. Қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік-экономикалық топтар
екінші бір топтарға ауысып, өтіп жатыр, демографиялық жағдай, ел-жұрттың
миграция мәселелері мен үдерістері де ерекше болып отыр. Жалпы алғанда,
негізінде лауазымды қызметке, табысқа және экономикалық жағдайға байланысты
қоғамда топқа, жікке бөлінушілік күшейе түсуде. Осылардың нәтижесінде
Қазақстанда ауқатты, дәулеті орташа, кедей адамдар пайда болды. Қоғам
мүшелерінің бұлайша жіктелуіне меншік формасының өзгеруі, жалпы нарық
қатынастарының орын алуы ықпал етті.
Осы жағдайларды ескере отырып, Қазақстаңдағы әлеуметтік иерархияны
шартты түрде жоғары тап, орта тап, төменгі тап деп бөлуге болады. Алайда
бұлардың өзі бір текті емес, әртүрлі деңгейде.
Нарықтық экономика Қазақстанның әлеуметтік құрылымына зор әсер етіп
отыр, өйткені меншік нысанының алуан түрлілігі жалпы экономиканың одан әрі
бөлшектелінуін күшейтті. Осыларға сәйкес меншіктің жеке, корпоративтік,
акционерлік, ұжымдық, жартылай жеке, жартылай мемлекеттік және т.б. сияқты
жаңа типтері қалыптасуда. Орта, кішігірім мекемелерге, сауда үйлеріне,
мейманханаларға, дүкендерге, әртүрлі акционерлік қоғамдарға қожалық ететін
топ пайда болды.
Қазақстанда меншік иелері – ірі, орта және шағын кәсіпкерлікпен
айналысатын бизнесмендер тобы қалыптасу үстінде, олар қоғамның ілгерілеп
дамуына елеулі ықпал ететін заңды әлеуметтік-экономикалық құбылыс. Бірақ
олардың көлемін санмен көрсету әзірге қиын. Еліміздің экономикалық, саяси,
әлеуметтік тұрақтануында орта және шағын бизнестің рөлі зор.
Жалпы алғанда, қазіргі Қазақстан қоғамында бір таптың, топтың, жіктің
екінші бір тапқа, топқа, жікке ауысуы және көлденең сызықтары арқылы даму
түрлері біршама жиі болып отыр. Мысалы, республикада бұдан 4-5 жыл бұрын
орташа табысы бар немесе кедей адамдар қазіргі уақытта бай коммерсанттарға,
бизнесмендерге, кәсіпкерлерге, банкирлерге айналды, көбі өз алдына мекеме,
мейманхана, қонақ үйлердің, дүкендердің және т.б. қожайындары болды. Бірақ,
бұлардың кейбіреулері қайтадан қарыздар болып, кедейшілікке ұшырады. Мұндай
құбылыстардың болып тұруы республикада нарықтық экономиканың әлі
тұрақсыздығымен, қоғамдағы демократиялық үдерістердің әлсіздігімен,
әлеуметтік әділеттілік принциптерінің тиісінше қорғалмауымен,
заңдылықтардың қатаң сақталмауымен, қоғам мүшелерінің құқықтарының
бұрмалануымен түсіндіруге болады.
Қазіргі қазақ қоғамының кейбір стратификациялық даму бағыттарын былайша
белгілеуге болар еді. Жұмыспен қамтылу құрылымында өзгерістер баяу жүріп
жатыр. Өндіріс орындары мен ауыл шаруашылық саласының артта қалуы адамдарды
өз бетімен жұмыс табуға мәжбүрлеп отыр. Мүліктік белгілер бойынша қатты
бөліну жүріп жатыр. Ең байлар және ең кедейлер жіктері жылдам қалыптасуда.
Қоғамның әлеуметтік сипатын анықтайтын орта таптың қалыптасуы баяу жүруде.

Әлеуметтік мобильдік өкімет мекемелерінде де орын алады. Бұлар саясаттың
өзгеруіне, парламенттің, үкіметтің, жергілікті басқару ұйымдарының жиі
ауысуына, саяси реформалар мен басқарудың жаңа оңтайлы түрлерін
іздестірумен, т.б. тікелей байланысты. Соның нәтижесінде біреулер бүгін
министр немесе депутат болса, ертең жәй қызмет атқаруға мәжбүр болады
немесе жұмыссыздар қатарына қосылады. Бұл үдеріс дамыған Еуропа еддерінде 2-
5%-дан артпайды. Ал, ТМД елдерінде, оның ішіңде Қазақстанда бұлар 15-25%-ға
дейін көтерілген.
Қалалардағы тұрмыстық қызмет көрсету саласында жұмыс, қызмет
істеушілердің саны көбеюде. Кейбір дамыған елдерде бұл салада 50%-дан астам
жұмысқа қабілеті бар адамдар істейді. Бұл құбылыстың да алуан түрлі
себептері бар. Олардың бастылары: көптеген өндіріс орындары ғылыми-
техникалық прогрестің жетістіктерін, әсіресе, автоматтандыру, кибернетиканы
кеңінен қолданып, көптеген жұмыс қолын өндірістен босатты, олар жұмыссыз
қалды. Сондықтан олар тұрмыстық, қызмет көрсету саласында еңбек етіп жүр.

Бақылау сұрақтары
1. Әлеуметтік стратификация нені зерттейді?
2. Әлеуметтік жіктер дегенді қалай түсінесің?
3. "Әлеуметтік мобильділік" деп нені айтамыз?
4. Вертикальды мобильдік дегеніміз не?
5. Горизонталды мобильдікті қалай түсіндіресің?
6. Әлеуметтік стратификация теориясының көрнекті өкілі кім?
7. Таптың белгілерін бойына толык сіңіре қоймаған аралық топтарды қалай
атайды?

VI тақырып. Тұлға - әлеуметтік жүйенің негізгі элементі

1. Тұлғаның әлеуметтанулық түсінігі.
2. Тұлға - әлеуметтік өмірдің субъектісі мен объектiсi.
3. Тұлғаның әлеуметтік құрылымы.
4. Тұлғаның әлеуметтенуі.
5. Тұлғаның әлеуметтік мұраты.

1. Тұлғаның әлеуметтік жүйенің негізгі элементі екені алдыңғы
тақырыптардан белгілі. Алайда оның әлеуметтік мәні студенттерге жете мәлім
емес. Мұны білу үшін "адам", "индивид", тұлға" деген ұғымдардың арасындағы
мазмұндық айырмашылықты, бір жағынан жалпы философиялық, екінші жағынан
нақты-ғылыми мағыналарын біліп алуымыз керек.
"Адам" деген — адамзат баласының жер бетіндегі басқа биологиялық
организмдерден өзгеше қасиеттерін сипаттайтын жалпылама ұғым. Ол – адами
қасиеттері қоғамда, әлеуметтік ортада қалыптасатын, іс-әрекет, мінез-құлық
үдерісінде жекелік қасиеті көрінетін белсенді де саналы қызмет иесі. Адам
туған күнінен бастап әлеуметтік ортамен тығыз байланыс, қатынаста болып,
сол ортаның (топтың, ұйымның, алуан түрлі басқа қауымдастықтардың) сана-
қабілеттерін мен мәдени құндылықтарын өзінің бойына сіңіруі қажет.
Адам деген кім деген мәселеге әлі еш ғылым толық жауап берген жоқ.
Сондықтан да француздың атақты биолог-ғалымы, хирург-тәжірибешісі, Нобель
сыйлығының лауреаты Алексис Каррель өзінің бір кітабына Адам - бұл
бейтаныс деп ат қойған. Адам феномені сан ғасыр зерттеліп келеді, бірақ ол
туралы мағлұмат әлі жеткіліксіз.
"Иңдивид" адам тегінің нақты өкілі, әлеуметтануда жеке адамның
әлеуметтік сапаларын айқындау үшін пайдаланады. Жеке адам (индивидуалдық)
- бұл әр адамның өзіне ғана тән жеке-дара қасиеттерінің жиынтығы.
Сәби туғанынан әлі тұлға емес, ол адам тегінің өкілі. Ол тұлға болу
үшін негізгі екі шарт қажет: 1) биологиялық, генетикалық дамудың алғы
шарттары; 2) әлеуметтік ортаның болуы. Сондықтан тұлға құрылымында үш
деңгей бар: биологиялық, психологиялық және әлеуметтік (немесе
социомәдени). Әлеуметтанулық тұрғыдан нағыз маңыздысы үшінші деңгей болып
табылады. Әлеуметтік ортасыз сәби жан-жақты тұлға болып дами алмайды.
Тұлға деп қоғамдық өмірдін тарихи жағдайлары қалыптастырған, саналы
іс-әрекет және қарым-қатынас жасаушы, айналадағыны танып-білуші, елеулі
әлеуметтік сапалар иесі жеке адамды айтамыз. Бұл адамның әлеуметтік
тәжірибе игерген деңгейін айқындайтын әлеуметтік сипаттамасы.
Адам әлеуметтену үдерісінде әлеуметтік қасиеттерге ие болып тұлғаға
айналады. Егер адам әртүрлі жағдайлармен (психикалық науқас болып немесе
қоғамдық ортада өмір сүрмесе) әлеуметтік сапаны игере алмаса, ол тұлға бола
алмайды.
Әрбір адам қоғамдық қатынас жүйесінде толып жатқан әлеуметтік
байланысқа түсіп, көптеген мәртебелер мен әртүрлі рөлдер атқарады, белгілі
идеялар, сезімдер, мінез-құлық ерекшеліктерінің иесі болады. Әлеуметтануда
тұлғаның әлеуметтік сапалары маңызды болып табылады. Сондықтан қайталанып
отыратын елеулі әлеуметтік сапалар иесі тұлғаларды зерттеу үшін оларды
типтендіреді, яғни белгілі бір әлеуметтік топқа жатқызады.
Тұлғаның әлеуметтік типі – бұл белгілі бір әлеуметтік қауымдастыққа
жататын көптеген индивидтерге тән әлеуметтік сапалар жүйесі, жиынтық
көрінісі. Мысалы, азиаттар, кавказдықтар, еуропалықтар, студенттер,
жұмысшылар, ардагерлер, оқытушылар және т.б. Тұлғаны типтендіру әртүрлі
негіздерде жүргізілуі мүмкін. Мысалы, мамандығына не қызметіне, тұратын
жеріне, жас ерекшеліктеріне, әлеуметтік белсенділіне және т.б. сәйкес:
экономист, қалалық, жас, басшы, т.т. дегендей.
Тұлғаларды типтендіруде аса маңызды негіздер әлеуметтік мәртебелер мен
рөлдер болып саналады. Мысалы, отбасындағы ата мен әженің, әке мен ананың,
аға мен апаның мәртебелері мен соған сәйкес рөлдерін айтуға болады.
2. Тұлға проблемасы қоғамдық ғылымдардың зерттеу объектісіне жатады.
Мәселен, философия тұлғаны таным мен шығармашылықтың, іс-әрекеттің
субъектісі ретінде қарастырса, психология оны психикалық қасиеттер мен
үдерістердің: мінез-құлық, темперамент, қабілет және т.б. тұрақты жиынтығы
ретінде зерттейді. Әлеуметтану тұлғаны әлеуметтік өмірге белсенді түрде
араласатын, әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі, иесі
ретінде қарастырады.
Тұлға - әлеуметтанудың объектісі де. Объект дегеніміз бізді қоршап
тұрған объективтік нақтылы өмір, ол қоғам, адамдар, оның алуан түрлі
бірліктері (отбасы, топ, тап, әлеуметтік мекемелер, ннституттар, мемлекет,
т.б.), тіпті адамның өзі, оның барлық іс-әрекеті, қызметі, санасы, тәртібі,
т. б.
Тұлғаның даму және қалыптасу заңдылықтары, қоршаған ортамен қарым-
қатынасы, т. б. әлеуметтанудың өзекті проблемалары. Сондықтан әлеуметтану
тұлғаның қоғам өмірінің барлық дерлік салаларындағы қызметін (отбасы,
экология, саясат, құқық, білім беру мен тәрбие, мәдениет, т.б.) өзінің
зерттеу пәніне жатқызады.
Тұлға проблемасын зерттеуде әлеуметтану өзіне тән көптеген
категорияларды пайдаланады. Категориялар (жалпы ұғымдар) өмірдің нақтылы
шындығын, әлеуметтік құрылымның дамуындағы маңызды жақтарды, ондағы
қатынастар мен байланыстарды бейнелейді. Категориялар бір-бірімен тығыз
байланыста болады. Мысалға, әлеуметтік жүйе, әлеуметтік байланыс,
әлеуметтік қатынас, әлеуметтік үдеріс, әлеуметтік тұлға, әлеуметтік
ұйым, әлеуметтік рөл, әлеуметтік мәртебе және т.б.
Тұлғаны зерттеу үдерісінде әлеуметтануға тән әдістер кеңінен
пайдаланылады. Олар: сұрыптау, бақылау, сұрау, құжаттарды талдау, сараптау,
модель (үлгілеу), тест, т. б. Осы әдістерді пайдалана отырып, зерттеуші
тұлғаны жан-жақты зерттей алады.
Адам қоғамдық-саяси өмірге белсене қатысу арқылы өзінің барлық
қабілетін дамытуға мүмкіндік алады. Бұл үшін материалдық, әлеуметтік-
мәдени, саяси-құқықтық алғышарттар қажет. 1. Ең алдымен, адамның ішер
тамағы, киер киімі, жатар орны, тұрмыс жағдайы болуы керек. Шетелдің
зерттеушілерінің анықтағанындай, қоғам бай болған сайын, ол демократиялық
дамуға бейім келеді. 2. Мемлекеттің жақсы тұрмысы оны тиімді басқаруға
қажетті жоғары білім, кәсіби дайындықты қамтамасыз етеді. Сондықтан белгілі
бір дәрежеде тұлғаның білімі, кәсіби дайындығы, саяси мәдениеті болуы
қажет. Бұл қасиеттер бір-бірімен тығыз байланысты. Білімді адамның
мәдениеті де жоғары болады.
Тұлғаның қоғамдық өмірге белсенді қатысуына саяси-құқықтық алғышарттар
да әсер етеді. Оған қоғамдағы демократиялық үдеріс, заңдылыққа негізделген
тәртіп, жоғары саяси мәдениет, билік құрылымдарының әлемдік стандартқа
сәйкес қалыптасуы, саяси басқару шешімдерін қабылдап, іске асыруда қоғам
мүшелерінің қатысуы және т. б. жатады. Сондықтан шын демократиялық мемлекет
өз мүшелерінің жалпы мәдениетін, оның ішінде саяси сауатын көтеруге
тырысады.
3. Күрделі теориялық проблемалар қатарына тұлғаның әлеуметтік құрылымы
жатады. Оны психикалық, субъективтік сапалардың жиынтығынан тұрады деп
қарау жеткіліксіз. Тұлғадағы ең басты нәрсе - оның әлеуметтік сапасы.
Сонымен тұлғаның әлеуметтік кұрылымы деп индивид кірген қауымдастық пен
бірлестіктің ықпал етуімен оның алуан түрлі қызметі үдерісінде қалыптасатын
және өмір сүретін объективтік және субъективтік әлеуметтік қасиеттердің
жиынтығын айтамыз.
Тұлғаның әлеуметтік құрылымының көптеген маңызды элементтері бар. Оның ең
біріншісі сана. Бұл тұлғаның әлеуметтену үдерісінде қалыптасады. Сана
индивидтің әлеуметтенуіне және қоғамның әлеуметтік өміріне қатысуы үшін
қажетті білім, тәжірибе, әлеуметтік нормалар, құндылықтар, мінез-құлық
қалыптарын игеруге мүмкіндік береді. Екіншісі, өмір салтынан туындаған
еңбек, қоғамдық-саяси, мәдени-танымдық, отбасы-тұрмыстық қызмет түрлері.
Бұл жерде еңбек тұлғаның әлеуметтік құрылымын анықтайтын ең басты, мәнді
буыны болып саналады. Үшіншісі, тұлғаның шығармашылық қызметке
қабілеттілігі, білімі, дағдылары. Қалыптасқан тұлғаны индивидтен
шығармашылық қабілеттері ерекшелейді. Төртіншісі, тұлғаның рухани дүниесі,
яғни материалдық және рухани саладағы объективтендірілген адам қызметінің
амалдары мен тәсілдері, коғамның мәдени құндылықтарын меңгеру дәрежесі.
Бесіншісі, тұлғаның өмірде басшылыққа алатын адамгершілік нормалары мен
принциптері. Алтыншы элементі, ол адамның мінез-құлқының басты бағытын
анықтайтын принцип болып есептелетін сенім. Осы құрылымдық элементтер
белгілі дәрежеде әрбір тұлғаға қатысты болады. Өйткені әрбір тұлға қоғамдық
өмірге қатысады, білімді меңгереді, оларды басшылықка алады.
Тұлғаның әлеуметтік құрылымы әрдайым өзгеріске түсіп тұрады. Себебі оны
қоршаған әлеуметтік орта - туыстары, достары, таныстары, қоғам және т.б.
өзгеріп отырады. Тұлға жаңа ақпарат, жаңа білім алады. Бұл білімдер сенімге
айналады. Сенім өз кезегінде адам қылықтарының сипатын анықтайтын болады.
Әрбір қоғам өз мүддесін, ұстанған қағидаларын жүзеге асыруға күш-
жігерін, бүкіл білімі мен тәжірибесін жұмылдыратын жетілген тұлғаның болуын
қалайды. Бұл мақсат күнделікті өмірде білім беру мен тәрбие жүйесі,
бұқаралық ақпарат құралдары және т.б. арқылы жүзеге асады. Тұлғаны
қалыптастыру - қиын, әрі ұзақ мерзімге созылатын үдеріс. Солай дегенмен де
объективтік жағдай бірдей болғанымен, әртүрлі субъективтік себептерге орай
тұлғалардың қалыптасуы әртүрлі типте болуы мүмкін.
4. Адамдар туғанынан өмірге бейімделіп тумайды. Ол туа салып өзіндік
меніне ие болмайтыны белгілі. Адам біртіндеп білімін кеңейтеді,
толықтырады. Өмірден әлеуметтік тәжірибе жинайды. Бір дәуірден екінші
дәуірге мұра ретінде келе жатқан мәдениеттің үлгілерін, ұлттық
құндылықтарды, алдыңғы ұрпақтың өнегесін үйренеді. Мұндай үдерісті ғылым
тілінде әлеуметтену дейді.
XIX ғ. аяғында Америка әлеуметтанушысы Ф. Гидденс, француз
әлеуметтанушысы және психологі Г. Тар тұлғаның әлеуметтік ортаға байланысты
қалыптасуын әлеуметтену дей отырып, осы ұғымды ғылыми айналымға енгізді.
Индивид жалпы адами, құқықтық және кәсіби-квалификациялық
ережелерді, әлеуметтік мінез-құлықтың нормалары мен принциптерін, рухани
құндылықтар мен идеалдарды, дағдылар мен үрдістерді, ептілік пен
шеберлікті, әлеуметтік сапа-қасиеттерді, білім мен біліктілікті игерудің
арқасында әлеуметтік байланыстардың, институттардың және қарым-
қатынастардың мүшесі бола алады. Сөйтіп адам өзін-өзі, өзінің
мүмкіндіктерін, іс-әрекетін объективті бағалай алуды, яғни өзін өз көзімен
ғана емес, өзгенің көзімен де қарай алатын интеллектуалды дағдыны
қалыптастырады.
Әлеуметтену адамның өмір бойына тән және өзінің мазмұны жағынан екі
жақты үдеріс. Бір жағынан, қоршаған орта адамдардың көзқарастарына, іс-
әрекеттеріне тұрақты әсер етеді. Сөйтіп адам әлеуметтік тәжірибе жинайды.
Екінші жағынан, ол құндылықтар мен нормаларды игеруі керек.
Сонымен әлеуметтену деп адамның қоғамдық сананы игеруін, мінез-құлық
нормалары мен ережелерді, ілімдерді, рухани құндылықтарды бойына сіңіріп,
оларды өзінің ішкі-сезім күйіне айналдырып, соның негізінде белсенді іс-
әрекет иесі болуды айтады.
Әлеуметтенудің негізгі факторлары: биологиялық (тектілік жағынан
жағымды не жағымсыз қасиеттер), психологиялық (мінез-құлық ерекшеліктері,
жадының сапасы, әлеуметтік нормаларды игеру үдерісіндегі интеллектуалды
негіздердің болуы не болмауы), экономикалық (отбасының материалдық жағдайы,
тұрмыстық ахуал т.б.), әлеуметтік (индивидтің жақын әлеуметтік ортасы:
отбасы, оқу орыны, армия, замандас-құрдастары т.б.).
Адамдарды қоршаған көптеген әлеуметтік құрылымдардың ішінен ең бірінші
адамның өзінен бастап мынандай негізгілерді атауға болады: адам, отбасы,
ұжым (топ), қауымдастық (жік, тап, халық, ұлт, конфессия және т.б.), ұйым
(мекеме) және институт (мемлекет, құқық, білім, өнер, денсаулық сақтау
және т.б.).
Әлеуметтену ұзақ та күрделі үдеріс. Ол мынандай кезеңдерден түрады:
мектепке дейін (қоршаған әлемге, басқа адамдарға эмоционалды-сезімдік
қатынас, ойындар арқылы тәжірибелік іс-әрекет пен дағдыға үйрену, тіл
ұстарту), мектеп кезі (білім алу, мәдениетке үйрену, интеллект болып
қалыптасу), мектептен кейін (жұмысшы мамандығын игеру, орта немесе жоғары
арнаулы білім алу, еңбек етуге дайындалу), белсенді еңбек ету кезеңі (еңбек
ұжымына кіру, іскерлік қатынас дағдысын игеру, іскерлік бәсекелестігі
ережесін меңгеру, табысқа ұмтылу, өзінің мәртебесін көтеру және материалдық
игілікке жету), зейнеткерлік жас (жеңіл еңбекке көшу немесе тиісті қарым-
қатынас пен мінез-құлық формасына сәйкес еңбектен толық босау).
Әлеуметтену қоғамның даму дәрежесіне байланысты, тәуелді. Қоғамдағы
қабылданған саяси түсініктер, мәдени құндылықтар, әлеуметтік-экономикалық
факторлар адамға әсер етеді. Дегенмен әлеуметтенуде әлеуметтік
институттардың рөлі күшті. Мысалы, мемлекет пен партияның рөлі ерекше.
Әлеуметтенуге ақпарат құралдары көп ықпал жасайды. Олар адамға тікелей
ықпал етіп, мәдени құндылықтарға деген қатынасын қалыптастырады, бір
идеалды негіздеп, қорғап, екіншісіне тойтарыс береді, адамзаттың ғасырлар
бойы қалыптастырған қазыналарын, алдыңғы ұрпақтың өмірлік тәжірибесін соңғы
ұрпаққа жеткізіп, тұлғаны тәрбиелейді.
Әлеуметтенудің негізгі институтары.
1). Әлеуметтену ең алғаш отбасынан басталады. Парсонс әлеуметтенудің
бастапқы құралы отбасы десе, қазақ "ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің"
деп тегін айтпаған. Үйде қалыптасқан көзқарас көбіне өмір бойына адамның
жадында қалады.
2). Әлеуметтенудің келесі сатысы – білім жүйесі (балабақша, мектеп,
арнаулы және жоғары оқу орындары). Бұл кезде жалпыға бірдей негізгі
қазыналар мен көзқарастарды оқушылар оқып біледі. Жастар ұйымдарына қатысып
алғашқы өмірлік тәжірибелер жинайды. 16 жастан сайлауға қатыса бастайды,
азамат атанады, іс-әрекетіне толық жауап береді. Көбісі жоғары оқу орнына
түсіп, терең білім алады.
3). Еңбек ету институттары (материалдық өндіріске қатысу, әртүрлі еңбек
ету салалары, кәсіби мамандықты игеру, басқару ісіне қатысу).
4). Рухани сала институты (философия, ғылым, дін, өнер, мәдениет,
бұқаралық ақпарат құралы).
5. Тұлғаның әлеуметтену үдерісінде оның өмірлік ұстанымы, мақсат-
мұраты, белсенділігі, қоғамдық қызметтің белгілі бір түріне бейімділігі,
мінез-құлқы ерекше орын алады. Өмірлік тәжірбе көрсетіп келе жатқанындай,
белсенді, алдына нақты мақсат қоя білетін, өзінің рухани мүмкіндігін
молынан пайдалана білетін адам әруақытта табысқа жетіп отырады. Ал өмірдің
қалыптасқан ығына қарай жүріп, өз мүмкіндігін жетілдіргісі келмейтін
адамдар көп нәрседен ұтылады.
Сонымен тұлғаның мұраты әлеуметтенудің объективті жағдайларын тиімді
пайдалануға ұмтылу, өзінің жеке дара қабілеті мен мүмкіндіктерін алға
қойған мақсаттарға жетуге тұрақты жұмылдырып отыру болып табылады.
Өмірде алға мақсат қоя білу де мәнсіз емес, алайда оған жете білу әлде
қайда маңызды. Ал мақсат дегеніміз не? Бұл – қызметтің нәтижесінен идеалды,
ойша асып түсу, сондай-ақ соған жетудің амалдары мен жолдары.
Өмірлік мұраттарды шартты түрде негізінен төрт түрге бөлуге болады: 1)
келешегін айқындайтын білім, мамандық алу; 2) соның нәтижесінде тұрмыста
қолайлы жағдай жасауға ұмтылу; 3) қызметте өсу, жаңа лауазымға ие болу,
жақсы жалақы алу; 4) өзінің білімі мен білігін, қабілеті мен белсенділін
үнемі көтеріп отыру.
Әрине, өмірлік мұратты таңдау, мақсатты жүзеге асыру бірнеше
факторларға: 1) қоғамдағы объективті жағдайларға байланысты; 2) индивидтің
қандай әлеуметтік топқа жатуына; 3) тұлғаның өзінің әлеуметтік-
психологиялық сапаларына байланысты. Бұл факторларды тарқатып айту қажет.

Бақылау сұрақтары
1. Тұлға ұғымының түсінігі.
2. Адам, индивид, тұлға деген ұғымдардың арасындағы
айырмашылықтар қандай?
3. Тұлғаның әлеуметтік типі дегеніміз не?
4. Тұлға құрылымының негізгі компоненті қандай?
5. Әлеуметтік мәртебе және әлеуметтік рөл ұғымдарының анықтамасы
айтыңыз?
6. Тұлғаның әлеуметтенуі деген не және оның мәні.
7. Тұлғаның қалыптасуына әсер етуші күштер қандай?
8. Тұлғаның әлеуметтік мұраты неде?

VII тарау. Отбасы әлеуметтануы

1. Отбасы қоғамның элементарлық ұясы ретінде.
2. Отбасы мен неке түсініктерінің анықтамасы.
3. Отбасы мен некенің құрылымы және тарихи типтері.
4. Отбасы мен некенің әлеуметтік функциясы.
3. Қазіргі отбасы мен неке дамуының кейбір мәселелері.

1. Отбасы - қоғамның өте маңызды, адамға бақыт, толық мәнді тыныс-
тіршілік әкелетін әлеуметтік құрылымының негізі. Қазақ Отан отбасынан
басталады деп жайдан-жай айтпаған. Сондықтан отбасын зерттеу
әлеуметтанудың басты міндеттерінің бірі болып табылады.
Отбасы дегеніміз не, оның пайда болуы мен өзінің даму жолында қандай
кезеңдерден өтті, міне, осының бәрі зерттеушілерді ежелден қызықтырып
келеді. Сонау Платон, Аристотельден бастап, Конт, Спенсер және басқа әр
кезеңнің зерттеушілері қоғамның құрылымын айқындаймын деп отбасына соқпай
кете алмады. Аристотель мемлкеттің пайда болуын тікелей отбасының кеңею
үдерісімен байланыстырады. Егер туыстық (род) алғашқы отбасының пайда
болуының бастауы болса, онда алғашқы отбасы адам қоғамының пайда болуының
бастауы болған.
Отбасы – неке мен туыстық сезімге негізделген одақ, тұрмыстық бірлік,
өзара жауапкершілік пен қолдауға, басқалармен үйлесімді өмір сүруге
үйрететін әлеуметтік өмір мектебі.
Әлеуметтану отбасын екі жақты - шағын әлеуметтік топ және әлеуметтік
институт ретінде қарастырады. Біз отбасын шағын әлеуметтік топ ретінде
қарастырғанда зерттеу пәніміз отбасы ішілік қарым-қатынастар болады. Ал
әлеуметтік институт ретінде зерттегенде бізді ең бірінші отбасы мен
мемлекеттің өзара әрекеттестігі, сондай-ақ отбасының әлеуметтік функциялары
қызықтырады.
Отбасының негізі заң жүзінде бекітілетін еркек пен әйел арасындағы
қарым-қатынастардың тарихи шартты формасы неке болып табылады. Ол адамның
әлеуметтік-табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмір қажеттілігі,
әйел мен еркектің өзара түсінісу, еріктілігі негізінде құрылған, олардың
өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін бірлігі.
Қоғамның ең алғашқы институттарының бірі - отбасының аса маңыздылығы
оның атқаратын үш негізгі қызметінен көрінеді. Біріншісі, отбасы қоғамның
өз-өзінен көбейіп, ұрпақ жалғастығын қамтамасыз етіп отыратын ерекше
әлеуметтік институт. Екіншісі, отбасы қоғамның мәдени мұрасын бір ұрпақтан
екінші ұрпаққа жалғастырады. Үшіншісі, отбасы қоғамдық игіліктерді өндіруге
қатыса отырып, өзінің өмірлік қажеттіліктерін қамтамасыз етеді.
Отбасы некеге карағанда күрделі жүйе, себебі ол жұбайларды ғана емес,
олардың балаларын, басқа туыстарын да біріктіреді. Оның қалыптасуы мен
дамуы әлеуметтік, таптық, ұлттық әдет-ғұрып сипаттарына, өмір сүру
ортасындағы ізгілікті қарым-қатынастарға, қоғамның мәдени дәрежесі мен
материалдық жағдайына байланысты.
Отбасының тұрақтылығы мен бақыттылы болашақ ерлі-зайыптылардың некенің
адамгершілік және құқықтық негіздерін терең түсінуімен, олардың бірге өмір
сүруге психологиялық даярлығымен, қоғам алдындағы жоғары жауапкершілікті
ұғынуымен, күнделікті тұрмыстық және шаруашылық дағдыларды игеру
деңгейлеріне байланысты болады. Орыстың ұлы педагогы К.Д. Ушинский:
Еңбексіз, тыңғылықты, байыпты еңбексіз отбасы бақытты бола алмайды деген.

Отбасы әлеуметтік институт есебінде - адам қоғамының қалыптасуымен
бірге пайда болған әлеуметтік құбылыс. Оның негізін құрайтын неке
сүйіспеншілік пен махаббаттың іс жүзіне асуы болып табылады. Қазақстан
Республикасының Ата Занында: Занда белгіленген жасқа толған еркектер мен
әйелдердің некелесіп, отбасын құруға құқығы бар. Неке ерлі-зайыптылардың
ерікті түрде келісуіне және құқық теңдігіне негізделеді—деп көрсетілген.
Некеге тұру біздің елімізде азаматтық хал актісін тіркеуден (АХАТ)
басталады. Бұл қазіргі азаматтық заңдардан туындаған. Некенің заң жүзінде
немесе діни ұйымдар арқылы тіркелуі жұбайлардың екі жақты міндеттерін
қалыптастырады, жауапкершіліктерін арттырады, ерлі-зайыптылардың арасындағы
барлық адами-құқықтық қарым-қатынастарды реттейді.
Ертеректе неке суын ішу мешіт арқылы да іске асырылған. Қазір әлемнің
көптеген елдерінде шіркеуде тіркеледі. Бұл біздің өмірімізге де еніп
келеді.
Некеге тұру жасы біздің Конституциямызда 18 деп көрсетілген, Украина
мен Өзбекстанда 17 жас. Көптеген елдерде әйелдер үшін неке жасы кем:
Францияда 15 жас (еркектер үшін 18 жас), Италияда тиісінше 14 және 16 жас,
ГФР-де 16 және 21, АҚШ-та (әртүрлі штаттарда) 14—18 және 15—21 жас.
Бірқатар мұсылман елдерінде (мыс, Сауд Арабиясында, Йемен Араб
Республикасында) көп әйел алуға заң бойынша рұқсат етіледі.
2. Адамдардың өз ұрпағын жалғастыруға табиғи құштарлығы некеден,
отбасын құрудан басталады. Неке - тарихи кезеңдерге сай қалыптасқан, қоғам
негіздейтін және реттейтін, ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттерін
белгілейтін ресім. Жаңа ұрпақтың тұлғасы мен рухани жетілуі көп дәрежеде
некелік қатынастың сипатына байланысты. Ал некенің әлеуметтік мәніне
саясат, құқық, мораль, дін әсер етеді.
Қоғам неке тәртібін реттеумен қатар, оны қорғау жөнінде өзіне белгілі
дәрежеде міндет алады, некелескен жұбайларға өз балаларын материалдық
жағынан қамтамасыз етуге, тәрбиелеуге, демек, отбасының болашағы үшін
жауапкершілік жүктейді. Некенің тұрақтылығы ерлі-зайыптылық және ата-аналық
парызды сезіну, өзара сыйласу және өзара көмекке көп байланысты. Үйлену
дегеніміз - өз құқығыңның жарымын азайтып, міндеттіңді екі есе көбейту
деген сөзді Онеро де Балзак жайдан-жай айтпаған.
Некенің алғашкы түрлері жайында әртүрлі жорамалдар бар. Кеңес
ғалымдарының көпшілігі былай деп санайды: әуелде, алғашқы адам табыны
дәуірінде неке болмаған. Ол кезде талғамсыз жыныстық қатынас (промискуитет)
үстем болды: әрбір әйел сол табындағы кез келген еркекпен, әрбір еркек кез
келген әйелмен жыныстық қатынас жасаған. Орта және палеолит дәуірінде,
рулық құрылыс тұсында, экзогамия (ру ішінде некелесуге тыйым салу) және
топтық неке пайда болды, бұл жағдайда бір топтағы барлық еркектер басқа
топтағы барлық әйелдермен жыныстық қатынас жасауға ерікті болды. Оқтын-
оқтын жеке жұп болып ұшырасу тарай келе, рулық құрылыс дамыған кезде, жұп
неке пайда болды, яки жұбайлар бір жұп болып бірікті. Бұл кезде топтық
некенің сарқыншақтары сақталды (сорорат, полигамия). Дамыған неолит дәуірі
мен онан кейініректе, металдар дәуірінде, рулық құрылыс ыдырау барысында,
патриархалдық отбасы пайда болды, ерлі-зайыптыларды бір-бірімен берік
біріктірген дара неке қалыптасты, сөйтіп отбасы тұтастығы қамтамасыз
етіліп, ол алғаш рет қоғамның экономикалық ұясына айналды. Әртүрлі қоғамдық
құрылыс жағдайында некенің сол құрылысқа тән бірқатар өзіндік әлеуметтік-
құқықтық сипаты болды. Мыс, құл иеленушілік қоғамда ерікті азаматтар үшін
ғана неке танылды, ал құлдардың ерлі-зайыптылық тұрмысы тек қана бірге
тұрушылық деп саналды.
Алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырау кезінде пайда болған отбасылық қауым
әлеуметтік топ және шаруашылық негіздерінің біріне айналды. Отбасы
өндірістік қатынастарға, оның ішінде меншіктік қатынастарға тікелей тәуелді
болды. Мәселен, некелік қатынастардың алғашқы тарихи формасы полигамия, ал
өндіріс құрал-жабдықтарына жеке меншіктің пайда болуына байланысты ол
моногомиялық (бір некелік) отбасымен ауысқан.
Отбасының әлеуметтік мәні, пайда болуы және даму кезеңдері туралы
ғылымда әртүрлі қағидалар мен пікірлер, белгілі ағымдар болды.
Швейцариялық құқық тарихшысы И. Я. Бахофен ( "Материнское право") неке мен
отбасының тарихи жағынан үнемі өзгеріп отыратындығын дәлелдеп, бір некелі
отбасынан бұрын көп некелі қатынастардың болғанын, патриархаттан бұрын
рудың өмірінде әйелдің экономикалық және рухани билігінің басым болғанын
көрсетеді.
Ағылшын этнографы Л. Морган өзінің басты Көне қоғам (1877) кітабында
алғаш рет отбасы тарихын барынша дұрыс бағытта ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасы шағын әлеуметтік топ және әлеуметтік институт ретінде
Экономикалық әлеуметтану
Саясаттану сабағы және оның негізгі ұғымдары
Экономикалық әлеуметтану немен айналысады
ЖАСӨСПІРІМДЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕЛУІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Діннің әлеуметтік құрылымы
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Әлеуметтану зерттеулері
Діннің әлеуметтік өмірдің феномені ретіндегі мәні
Огюст Конт
Пәндер