«Шахта-қабат» сүлбесі бойынша қарағанды көмір кені аймағындағы №25 қабаттағы көмірді өндіру жобасын қарастыру


Кіріспе
Халық шаруашылығының болашақтағы дамуы көмір технологиялық және энергетикалық отын түрлерінің бірі болып қала береді деп болжамдар жасалуда. Көмірдің басым бөлігі жер астында өндіріліп жатыр. Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік дамуы жоспарларында көмірді өндірудің бұл тәсілін одан әрі жетілдіру жолдары қарастырылады.
Нарықтық экономикаға өту кезеңінде тау-кен кәсіпорындары жұмысының тиімділігін бағалаудың жаңа көрсеткіштері негізге алына бастады. Мұндай көрсеткіштерге шахтаның рентабельділігін жоғары көтеру, өндіріс шығындарын төмендету, материалдық шығындарыды мейлінше қысқарту көрсеткіштері жатқызылады. Өнім қабаттарын тазарту жұмыстарын жетілдірудің басты мақсаты тазарту забойына түсетін жүктемені жақын арада 6 мың т/сөт, ал келешекте 10 мың т/сөт дейін жеткізу. Тазарту забойына түсетін жүктемені 6 мың т/сөт дейін көтеру цифрі кездейсоқ жағдайда таңдалған жоқ. Отандық және шетелдік мамандардың пайымдауынша шахталарда қазіргі заманғы тау-кен қондырғыларын пайдалану жағынан қарастырғанда бұл цифр тазарту забойы рентабельділігінің “нөлдік” деңгейі болып саналады. Бұл жаңалық кәсіпорын жұмысын бір тазарту забойына ауыстырып, “шахта-лава” сүлбесін қолдануға, тау жұмыстарының концентрациялану деңгейін, өндіріс тиімділігін жоғары көтеруге мүмкіндік береді. Тау жұмыстары концентрациясын жоғары көтерген сайын үлестік күрделі шығындар және тау жұмыстары бойынша һндірістік негізгі қорлар мөлшері төмендейді, шахтадағы өткелдерге және транспортқа жұмсалатын еңбек және еңбек құралдары шығындары қысқартылады, нәтижесінде жұмыстардың бұо түрлері бойынша жалпы еңбек және қаржы шығындары едәуір төмендетіледі.
Тазарту забойына түсетін жүктеменің жоғары болуы учаскені игеруге жұмсалатын уақыттың қысқаруымен сипатталады. Көмір қазып алынатын учаскенің берілген мөлшерлерінде тауарлық өнімнің көлеміне қатысты жұмсалатын пайдалану шығындары учаскедегі көмір неғұрлым жылдам алынған сайын төмен бола береді. Учаскедегі көмірді толығымен қазып алу уақытының қысқартылуы, яғни, шахта жағдайында кешенді -механикаландырылған лаваға түсетін жүктеменің көбеюіне тек негізгі және қосымша өндіріс процестерінде қолданылатын қондырғыларды жаңадан техникалық қаруландыру, сондай-ақ, қызмет көрсететін персоналдың және инженерлік-техникалық жұмысшылардың кәсіби біліктілігінің жалпы деңгейін көтеру арқылы ғана қол жеткізуге болады. Қазіргі таңда жұмыс істеп жатқан кәсіпорындардың техникалық модернизациясы, реконструкциясы, жаңа техника мен технологияларды енгізу, ескіріп қалған қондырғыларға модернизация жұмыстарын жүргізу негізгі қорлардың берілісін, табысты, еңбек өнімділігін жоғары көтерудің, өнімнің өзіндің құнын төмендетудің, соның арқасында кәсіпорынның тиімділігін жоғары көтерудің негізгі факторлары болып саналады.
Қауіпсіздік ережелері талаптарына сәйкес көмір шахталары бақылау, апаттық жағдайда шахтаның қай жағында жұмыс істеп жатқанынан қарамастан барлық адамдардға дер кезінде хабарлау жүйелерімен, апатқа ұшыраған адамдарды іздестіру құралдарымен, сондай-ақ, шахтаға қызмет көрсететін апаттық-құтқарушы ұйыммен тікелей телефон, балама байланыс құралдарымен жабдықталуы тиіс [2] .
Ұсынылып отырған курстық жұмыстың мақсаты «шахта-қабат» сүлбесі бойынша Қарағанды көмір кені аймағындағы №25 қабаттағы көмірді өндіру жобасын қарастыру, нақты тау-геологиялық жағдайда көмірді өндірудің тиімді жолдарын, тазарту жұмыстарының технологиялық сүлбесін және кешенді механикаландыру құралдарын таңдау, Қарағанды көмір кені жағдайында сымсыз дубль байланыс жүйесін енгізу.
Алға қойылған міндеттерді шешу берілген жобада негізінен тау жұмыстарын жүргізу технологиясын жетілдіру, жаңа техниканы қолдану, көмірді өндіру жұмыстарының қарқынын, тазарту забойына түсетін жүктемені жоғары көтеру арқылы жүзеге асырылады. Апаттық жағдайда қалған адамдардың іздестірілуін қамтамасыз ету мақсатында байланыстың дубль жүйесі ретінде Қарағанды көмір кені аймағы жағдайында «Granch SM WLAN» сымсыз байланыс желісін пайдалану нұсқасы қарастырылады
- Шахта өрісінің геологиялық сипаттамасыШахта туралы жалпы мәліметтер
Қарағанды көмір кені аймағында тас көмір кеніштерін игеру жұмыстары атқарылады. «Казахстанская» шахтасы өзінің дербес желдету жүйесі, транспорты, көмірді сұрыптап, темір жол вагондарына тиейтін жеке шахта түрінде қабылданған.
Кен аймағы аралық және ишановскі свиталарынан шөгінділетінен түзілген 14; 16; 17; 20; 21; 21a; 23; 24; 28; 29в. п. ; 29н. п. ; 30 өнім қабаттарынан тұрады. Көмірдің маркасы - Т.
- Стратиграфия және литология
«Казахстанская» кен орнының көмір қабаттары құмдақ қабатынан 35 м төмен, және 35 - 45 м жоғары орналасқан құмдақ қабатының аралығындағы Верхне-балахонскі подсериясымен ( P bl) берілген. Шөгінділердің қалыңдығы 830 м шамасында болады.
Аралық қабаттар ( P1 pz ) құмдақ қабаттарынан 28 жоғары орналасқан. Бұл қабаттар негізінен құмдақтардан түзілген, кейбір учаскелерінде гравелит, алевролит, көмірлі алевролиттер араласқан. Свитаның қуаттылығы 240 м. көлденең қимасында көмірдің 8 қабаты анық көрінеді, олардың үш қабаты жұмысшы (28; 29; 30 )
Ишановскі (P1 i) шөгінділері 12 қабаттың топырағына дейін орналасқан. Төменгі жағы алевролиттерден араласқан күйдегі құмдақтың аса қуатты қабаттары жатыр. Шөгінділердің қалыңдығы 340 м. көлденең қимасында көмірдің 10 қабаты көрінеді (14a; 16; 17; 19; 20; 21; 21a; 23; 24; 27), олардың ішіндегі 14а; 16; 17; 21; 23 қабаттары өнеркәсіпте қолдануға жарамды.
- Қабаттардың сипаттамалары
Барлық көмір қабаттары гумустық матовый және жартылай матовый көмірлерден тұрады. Құрамында аз мөлшерде жылтыр және жартылай жылтыр көмір маркалары да ұшырасады. Көмірлердің құрылымы тығыз, текстурасы жолақты немесе штрих түрінде болады. Заттық құрамы жағынан қарастырғанда көмірлер негізінен ксилен-фюзендік дюрендерден, сирек жағдайда кларен-дюрендерден түзілген, арасында витреннің линзалары немесе жолақтары да кездеседі.
1. 1-кесте
"Казахстанская" шахтасы филиалындағы көмір қабаттарының сипаттамалары
Толық қуатты
лығы ,
орташа, м
Көлемі
салмағы
т/м 3
Күлді
лігі
А d
%
Ұшқыш заттардың шығысы
V г
%
Күкірт
S
%
Жылу мөлшері
Q ккал/кг
Қабат
х
мм
3, 5-4, 3
4
0, 7-1, 8
1, 4
3. 87-5. 09
4, 8
0. 94-1. 90
1, 6
Қабат 25
Қабат тозаң жағынан қауіпті емес, бірақ өздігінен жалындап жана бастауы мүмкін. 300 м тереңдігінде тау соққылары қаупі бар және 300 м тереңдігінде кенеттен көмір және газ лақтырыстары болуы қаупі байқалады. Сондай -ақ, қабатта орнын ауыстыру амплитудасы 2, 0 м дейін баратын «Взброс» типіндегі дизъюнктивтік ауытқулар орын алады. Құлау бұрышы 11 - 16 0 , гипсометриясы - әлсізтолқынды.
Өнім қабатының тікелей шатыры (қалыңдығы 2, 5 - 8, 0 м) түйіршектік алевролит (беріктік коэффициенті f = 4 - 5) .
Негізгі шатыры - қалыңдығы 20 м дейінгі алевролитпен (f= 6 - 8) аралас күйдегі ұсақтүйіршекті құмдақ, .
Тікелей топырақ қабаты - қатпарланған қара-сұр алевролит (f=4-5; m=1, 5-8, 0 м) .
- Шахтаның өндірістік қуаттылығыШахтаның жұмыс режимі
Жобада шахтаның төменде ұсынылып отырған жұмыс режимі қабылданған:
Жыл бойындағы жұмысшы күндер саны 300
Бір ай ішіндегі жұмысшы күндер саны 25
Тәулік бойындағы жұмысшы ауысымдар саны 4
соның ішінде көмір өндіру ауысымдары 3
жұмысшы ауысымның ұзақтығы:
жер астындағы жұмыстарда 6 сағат
жер бетіндегі жұмыстарда 8 сағат
жұмысшы аптасының ұзақтығы:
шахта үшін 7 күн
жұмысшылар үшін 5 күн
- Шахта өрісінің өнеркәсіптік қорларыШахта өрісінің өнеркәсіптік қорлары
Өнеркәсіптік қорлары
Мұнда: Z бал - шахта өрісінің баланстық запастары, т;
С - көбею коэффициенті, құлау бұрышы 45 о дейін, С = 0, 75 - 0, 85
Шахта өрісінің баланстық қорлары төменгі формуламен есептеледі:
Мұнда: S - шахта өрісінің созылу ұзақтығы, м ;
Н - шахта өрісінің құлау тереңдігі, м ;
∑ P - қабаттардың сомалық өнімділігі ( т/м 2 ) .
Мұнда: m 1 , m 2 , m n - жұмысшы қабаттарының қалыңдығы;
γ 1 , γ 2 , γ n - чәйкес жұмысшы қабаттары көмірінің тығыздығы.
∑P =4×1, 37+1, 4×1, 39 +4, 8×1, 3+1, 6×1, 44=15, 97 т/м 2
Z бал = 2250×2000×15, 97 =71865000 т.
Z пром = 0, 8×71865000 = 57492000 т.
- Шахтаның өндірістік қуаттылығы және қызмет ету мерзімі
Шахтаның көмір өндіру мүмкіндіктерін анықтайтын негізгі фактор - тау жұмыстарының орындалуы. Шахтаның тау жұмыстарын орындау мүмкіндігі тау жұмыстарының концентрациялану (шоғырлану) қарқындылығына байланысты және забойларды өнім қабаттары бойымен симметриялық үлестірілуінде забойлардың жұмыс істеп жатқан желілерін тиімді орналастыру шартының орындалуына қарай төменгі формула бойынша анықталады:

Мұнда: N кг - горизонт қанаттары бір мезгілде жұмыс істеп жатқан кездегі саны (1) ;
N пл. - горизонттағы (қабаттағы) өнім қабаттарының саны, N пл. = 1
Nв. п. - қабаттағы көмір қазылатын өрістер саны (панельдер, блоктар), (1) ;
Nо. з . - көмір қазылатын өрістердегі тазартылатын забойлар саны (панельде, блокта), Nо. з . =1;
Ао. з. сут. ср - тазартылатын забойға түсетін жүктеменің қабат бойынша орташа мөлшері, т/сөт ;
N дн. - кәсіпорындағы бір жыл бойындағы жұмысшы күндер саны, Nдн. = 300.
Ао. з. сут. ср = 1200 × 4, 0=4800 т
Кәсіпорынды бір тазартылатын забойға және “шахта-лава” сүлбесіне жұмыс істеуге ауыстыру үшін тазартылатын забойға түсетін жүктеменің орташа мөлшері 6 мың т/сөт төмен болмауы тиіс.
А г. в. = 0, 001(1· 1· 1· 1· 6000 ·300) = 1800 мың т/жыл,
Жобада шахтаның өндірістік қуаттылығы ретінде шахтаның өндірістік қуаттылығының типтік жылдық мағынасы қабылданады - А г = 1, 8∙ 10 6 т/жыл
Шахтаның қызмет ету мерзімі төменгі формула бойынша есептеледі:

Т
р
=
=32
жыл
Шахтаны толық пайдалану мерзімі болады:
Мұнда: Т осв. - жобалық қуаттылықты игеру мерзімі, 2 жыл;
Т ст. - тау жұмыстарының әлсіреу мерзімі, 2 жылға тең деп қабылданады;
Алғашқы екі жылда және кенді игеру жұмыстары бәсеңдей бастағанда шахтаның өндірістік қуаттылығы 50% шамасында болады. Шахтаны тұрақты толық пайдалану мерзімі:
Т ст. = Т р. - 0, 5(1+2 ) =32-0, 5(2+2) =30 жыл,
Т п = 2 + 32 + 2 = 36 жыл .
Тазартатын забойлардың жұмыс істеп жатқан желісі төмендегі формула бойынша анықталады:

Мұнда: К д - жұмыс істеп жатқан забойлардан көмірді өндіру коэффициенті, 0, 94;
V год - тазартылатын забойлардың желісінің орташа есеппен жылдық жылжытылуы;
Р ср - қабаттың орташа өнімділігі, т/м 2 ;
К оч - тазартылатын забойлардан көмірді өндіру коэффициенті.
Мұнда: γ ср - көмірдің орташа тығыдығы, 1, 37;
m в - қабаттағы өндірілетін көмірдің қуаттылығы;
Р ср = 4. 0∙1, 37=5, 48 т/м 2 .
Тазартылатын забойлардың желісінің орташа есеппен жылдық жылжытылуы

Мұнда: N дн - бір жыл ішіндегі жұмысшы күндер саны, 300;
К ц - көмір қазылатын учаскедегі көмірді өндіру коэффициенті;
L - тазартылатын забойлардың орташа ұзындығы, 220м.
=1523
м.
Жұмыс істеп жатқан забойлардың саны мына формуламен есептеледі:

Жоба бойынша шахтада жұмыс істеп жатқан забойлардың саны n з =1 деп қабылданады. Шахтада жұмыс істеп жатқан забойлардың желісі болады:

- №25 қабатты ашу және дайындауШахтаның технологиялық сүлбесін таңдау
Шахтаның технологиялық сүлбесі деп негізгі және қосымша өндірістік процестерді жүзеге асыратын тазартатын, көлік, желдету, өнім қабаттарын ашатын қондырғылар жиынтығын, сондай-ақ жер бетінде орналасқан қондырғылар кешенін айтады.
Бірінші нұсқа: №6 өнім қабатының шахта өрісін ашу жұмыстары панельдік даярлау сүлбесін қолданатын еңкіш бағаналармен атқарылады.
Екінші нұсқа: №6 өнім қабатының шахта өрісін ашу жұмыстары әр горизонт бойынша жеке даярлау сүлбесін қолданатын вертикальды бағаналармен атқарылады.
3. 1- кесте
Шахтаның технологиялық сүлбесінің сапалық сипаттамасы
«Шахта «Казахстанская» ААҚ филиалының жағдайына қарай 3. 2-кестесінде нұсқалардың балдық сараптамасы берілген
3. 2-кесте
Нұсқалардың сандық (балдық) бағалануы
- Күрделі шығындарды есептеу. Құрылыс жұмыстарының ұзақтығы және жер астында орналасқан қондырғылар мен қазбалардың толық құны
№25 өнім қабатындағы тау-құрылыс жұмыстарын жүргізу уақыты мына формала бойынша есептеледі:

мұнда W - шахтаны пайдалануға берілген кездегі көмір қазылған жолдардың ұзақтығы, м ;
V - жер астындағы қондырғылар салу жұмыстарының жылдамдығы, м/мес.
3. 3-кесте
№25 пласт және № 1 нұсқа бойынша шахта қазбаларын жүргізу ұзақтығы мен шығын мөлшері
Көлемі,
м
Жалпы құны,
тг.
Монтаждық
камера 23-1
№ 6 қабат бойынша шахтадағы жер астында орналасқан қондырғылардың жалпы құны 883623000 тг болады. Шахтаның жер бетіндегі қондырғылардың құны - жер астындағы қондырғылардың 25% құрайды:
С пов = 0, 25∙883623000=220905750 тг .
Құрылыс жұмыстарының толық құны болады:
С г. в. = 883623000+220905750=1104528750 тг .
3. 4-кесте
№ 2 нұсқа бойынша шахта қазбаларын жүргізу ұзақтығы мен шығын мөлшері
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz