Қорғаныш құралдары


ЖОСПАР

Кіріспе3

1. Арнаулы қорғаныш киім4

Қорытынды6

Пайдаланған әдебиеттер7


Кіріспе

Қорғаныш құралдары жаппай жою қаруының зақымдаушы факторларынан адамдарды қорғауға арналған . Олар жеке және ұжымдық қорғаныш құралдары болып бөлінеді.

Жеке қорғаныш құралдары радиоактивтік заттар мен биологиялық құралдардың организм ішіне, тері қабаты мен киімге түсуінен қорғауға арналған. Оларға тыныс органдарын қорғау құралдары (сүзгіш газтұмылдырықтар, тұмылдырықтар, шаңға қарсы бүркемелер, мақта, дәке таңғыштар) мен теріні қорғау құралдары (Л-1 жеңіл қорғаныш костюмі) жатады.

а) Сүзгіш газтұмылдырықтар. Дем алу органдарын, көз бен бет терісін улағыш, радиоактивтік заттар мен биологиялық құралдардан қорғауға арналған. Бұдан басқа противогаз толымына противогазды сақтап, алып жүруге арналған сөмке, (ылғал сіңірмейтін ) тоқыма қап, сөйлесу құрылғысы бар қорап және көзілдірік әйнектерін буланудан сақтайтын терлемейтін пленколар қорабы кіреді.

Сөмке газтұмылдырықты алып жүруге және сақтауға арналған. Оның бүйірінде екі сырт қалтасы бар. Қақпақшалы қалта химияға қарсы жеке пакетті салуға, екіншісі терлемейтін пленаклар мен запас қаңылтақтар қорабын салуға арналған.

Сүзгіш тұмылдырықтар. Сүзгіш тұмылдырықтар адамның тыныс органдарын қорғайтын жеке құралдарға жатады. Газтұмылдырықпен салыстырғанда бұл құрал жеңіледелген үлгіде жасалған.

Тұмылдырық ауаны жұтатын және шығаратын екі клапанды маскадан, мұрын қысқышынан және жүгеннен тұрады. Тұмылдырықтың мөлшерімен өлшемі иекке қарай үш түрлі болады. Әр адам өзіне шақ тұмылдырықты таңдауы үшін бет ұзындығын өлшеу керек: 109мм-1 рост; 109-119мм - 2 рост; 119мм -дан жоғары -3 рост

Жалпы әскери құрама қорғаныш костюмі

Ядролық, химиялық, бактериологиялық зақымдану кезінде және Күшті әсер ететін улы заттардың таралуы жағдайында адамдардың бүкіл денесін қорғау ең басты мәселе. Теріні қорғау құралына: Л-1 жеңіл қорғау костюмі, теріні қорғайтын комбинезон, жалпы әскери қорғау костюмі жатады.

Теріні қорғау құралдары: а) Л-1 костюмі, б) комбинезон, , с) жалпы әскери қорғау костюмі.

Л-1 жеңіл костюмі капюшонды койлектен, шалбар мен шұлғау, екі қолғап, подшлемниктен тұрады.

Л-1 костюмының размерлері:

I- бойы 165 см-ге дейінгі,

II-бойы 165- 172см-ге дейінгі,

III- бойы 172см-ден жоғары адамдарға арналған .

Костюмнің салмағы шамамен 5 кг

1. Арнаулы қорғаныш киім

Арнаулы қорғаныш киімнің мынадай түрлері болады: жеңіл костюм, комбинезон, күрте мен шалбардан тұратын костюм және алжапқыш.

Комбенизон өлшемі Л-1 костюмімен бірдей .

Жалпы әскери қорғау комплектісі қорғау плащынан, шұлық, қолғаптан тұрады. Плащтың, капюшонның жеңі болады.

Плащтың өлшемі мынандай :

бойы 165см адамдарға - I өлшем,

бойы 165 - 170см-ге адамдарға - II өлшем,

бойы 170 - 175 см адамдарға - III өлшем,

бойы 175 - 180см адамдарға - IV өлшем,

бойы 180см -ден жоғарылары үшін - V өлшемдер лайық келеді. Плащ салмағы шамамен 1, 6 кг.

Новое изображение

Теріні қорғаудың сүзгілі құралы - сүзгілі киімдер комплектісінен тұрады. Бұл киім мақта-мата комбенизонынан тұрады. Ол комбенизонге арнайы химиялық қоспалар сіңдірілген. Ол қоспа УЗ-ды денеге өткізбейді.

Жаппай жою қаруын қолдану мен ұрыс әрекеттерін жүргізу кезінде жеке қорғану құралдары үш жағдайда болуы мүмкін: «жорықтық», «дайын», «ұрыстық

«Жорықтық» жағдайда
«Дайын» жағдайда
«Ұрыстық» жағдайда
«Жорықтық» жағдайда:

«Жорықтық» жағдайда

жеке құрам жаяу ретте немесе жеңілдеттірілген жабдықпен (киім-кешек қапсыз және шинельсіз) ашық машиналарда қимылдау кезінде қорғаныш плащын жабдық үстіне қапшыққа салып арқада тасымалдайды. Арнайы қапшыққа салынған қорғаныш шұлығы мен қорғаныш қолғабы белдікте оң жақ бүйірде болады.

Танк және басқа жабық машиналарда қимылдау және әрекет жасау кезінде қорғаныш плащы қорғаныш шұлығы мен қолғап бірге бүктеліп, арнайы қапшыққа салынып, әрбір әскери қызметшімен өзінің жанына, орындық астына немесе командир көрсеткен басқа жерге қойылады.

«Дайын» жағдайда: «Дайын» жағдайда қапшықтар жоқ кезінде плащты жазылған түрде арқада тасуға болады.
«Ұрыстық» жағдайда:

«Ұрыстық» жағдайда жалпы әскери қорғаныш толымының қорғаныш плащын жеңге киілген жамылғы ретінде немесе комбинезон ретінде падалануға болады.

Комбинезон ретіндегі қорғаныш плащ зақымданбаған жерде (бойтасаларда) тиімді.

Тыныс органдарын қорғаудың қарапайым құралдары

Тыныс органдарын қорғайтын қарапайым құралдарға мақта-дәке таңғыштар мен шаңға қарсы мата маскалар жатады. Олар тыныс органдарын радиоактивтік шаң мен биологиялық аэрозольдерден қорғау үшін қолданылады.


Қорытынды

Мақта -дәке таңғышын төмендегідей жолмен дайындалады: ұзындығы 100 см, ені 50 см дәке кесіп алынады; дәке ортасына 30х20 см мөлшеріне қалыңдығы шамамен 1-2 см мақта салады; мақта салынбаған дәкенің бос жерлерін ұзына бойына екі жағынан түреді; дәкенің шетін екі жағынан (шамамен 30-35 см етіп дәл ортасынан, екі бау жасап қайшымен қыяды) . Таңғыш иекті, ауыз бен мұрынды жауып тұруға тиіс. Көзге шаңға қарсы көзілдірік киеді.

Шаңға қарсы мата маска корпустан және бекітпеден тұрады (корпус 4-5 қабат матадан тұрады) . Корпус пен бекітпені үлгіге не сызбаға қарап пішеді. Масканың корпусында қарайтын тесік ойып оған қайсібір мөлдір материалдан қаңылтақ не әйнек орнатылады. Маска басқа үстіңгі тігіске орнатылатын резеңке таспамен тығыздалып тұрады; бекітпенің төменгі тігіске тігілген баулары, масканың корпусының жоғарғы түйіндеріне бекітілетін көлденең резеңке масканың жылжып кетпей тығыз тұруына себептеседі.

Жеке қорғаныштың медициналық құралдары . Жеке қорғанудың медициналық құралдарына жеке дәрі қобдишасы (АИ -2) және химияға қарсы жеке пакет жатады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке қорғаныс құралдарының материалына койылатын талаптар
Ақпаратты қорғау - ақпараттық қауіпсіздік
Электр тоғынан қорғану құралдары
Электр зақымдануынан қорғану шаралары
Шу мен дірілдің, ультрадыбыстың адам организіміне әсері туралы
Компьютерлік желілердегі ақпараттық қорғау
Жеке қорғаныс құралдары ұжымдық қорғаныс құралдары
Ақпараттық қауіпсіздік жайында
Ақпараттық қауіпсіздіктің әдістері мен әрекеттері
Жергілікті компьютерлік желідегі ақпараттық қорғау ұйымы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz