Инфузориялар типі


Кіріспе3
1. Инфузория отряды4
2. Кірпікшелі инфузориялар4
Қорытынды7
Пайдаланған әдебиеттер8
Инфузориялар типі екі класқа бөлінеді. Кірпікшелі инфузориялар - Ciliata және сорғыш инфузориялар - Suctoria. Кірпікшелі инфузориялардың кірпікшелері тіршілік циклының барлық кезендерінде болады, ал сорғыш инфузориялардың даму циклының алғашқы кезеңінде ғана кірпікшелері болады да, содан кейін жойылады
Инфузориялар күрделі қарапайымдылар болып табылады. Дене пішіні әртүрлі, 30-40 мкм-ден 1000-2000 мкм дейін. Қозғалу органоиды - кірпікшелері. Кейбіреулерінің корғаныстық қызмет атқаратын ерекше кұрылымдары - трихоцисталары болады. Оларда қарапайым ауыз куысы (цистостом), жасушалық жұтқыншақ кездеседі. Қ оры тылмаған ас калдығы ерекше тесікше - қылаулатқыш арқылы сыртқа шығарылады.
Инфузорияларда 2 ядро кездеседі: біреуі - үлкен макронуклеус, екіншісі - кіші микронуклеус. Макронуклеус зат алмасу, өсу т. б. вегетативтік қызметтер атқарады, ал микронуклеус - жыныстык көбеюге қатынасады.
Көбеюі жыныссыз және жыныстық жолдармен жүреді. Жыныстық процесс конъюгация күйінде болады. Ол үшін 2 дара бір-бірімен жанасып аталық жыныс ядроларымен алмасады. Содан кейін аталық және аналық ядролар өзара қосылады, ал инфузория даралары бір-бірінен ажырасады.
Бұл кластың өкілдері ішінен адам паразиті болып тек балантидий саналады. Инфузориялар типiнiң өкiлдерiнiң құрылысы күрделi және көбею процесi де күрделi. Инфузориялар класының кең таралған түрлерiнiң бiрi - инфузория - туфелька. Оның протоплазмасында спецификалық функцияларды орындайтын күрделi органеллалар орналасқан.
Инфузория - туфелька ағынсыз су қоймаларында кездеседi. Оның пiшiнi созылыңқы. Клетка жұқа пелликула қабатымен қапталынған. Пелликуланың астында эктоплазманың түссiз қабаты орналасқан эктоплазмада кiрпiкшелер шығатын кинетосомалар орналасқан. Эктоплазма мен эндоплазманың шекарасында М-фибриллалар немесе мионемалар деп аталатын микрофиламенттер орналасқан. Олардың жиырылуының нәтижесiнде инфузория-туфельканың пiшiнi өзгередi. Оның вентральды жағында дененiң алдыңғы бөлiмiнде перистом орналасқан. Ол тарылып жұтқыншаққа айналады, жұтқыншақ клеткалық ауызбен немесе цистостоммен аяқталады. Эндоплазмада ас қорыту вакуольдерi түзiледi. Қорытылмаған заттар экзоцитоз процесiнiң нәтижесiнде қылаулатқыш арқылы шығарылады.
Инфузориялар - бұл типке көп ұсақ кірпікшелері бар қарапайым жәндіктер жатады, 7000-нан астам түрі белгілі. Бұлардың ерекшелігі - денесінде екі түрлі ядросының болуы - үлкен вегетативті ядро макронуклеус және кішкене генеративті - микронуклеус.
Эндоплазмада екi жиырылғыш вакуольдер орналасады. Олар дорсальды жағында дененiң алдыңғы және артқы бөлiмдерiнде орналасады. Әр жиырылғыш вакуольдiң айналасында цитоплазмадан су келiп тұратын бiрнеше радиальды каналдар бар. Радиальды каналдар орталық каналға жiбередi, ал орталық вакуоль сыртқа шығарады. Артқы жиырылғыш вакуоль жиi жұмыс жасайды, себебi жұтқыншақ аймағында интенсивтi эндоосмостың әсерiнен клеткаға көп су кiредi.
Дене пішіні түрліше болып келеді. Өлшемі 30-40мкм-ден 1000-2000мкм дейін. Қозғалу органоидтары болып кірпікшелері саналады. Кейбіреулерінің қорғаныстық қорғаныстық қызмет атқаратын- трихоцисталары болады. Оларда қарапайым ауыз қуысы- цитофаринкс кездеседі. Қорытылмаған ас қалдығы ерекше тесікше- қылаулатқыш арқылы сыртқа шығарылады.
Құрылысы. Инфузорияларда 2 ядро кездеседі: біреуі үлкен-макронуклеус, екіншісі кіші-микронуклеус. Макронуклеус зат алмасу, өсу және т. б. вегетативті қызметтер атқарады, ал микронуклеус- жыныстық көбеюге қатысады.
Көбеюі. Инфузориялардың көбеюі жыныссыз және жыныстық жолдармен жүреді. Жынысық процесс конъюгация күйінде болады. Ол үшін 2 дара бір- бірімен жанасып аталық және ядроларымен алмасады. Содан кейін аталық және аналық ядролар өзара қосылады, ал инфузория даралары бір- бірінен ажырасады.
2. Кірпікшелі инфузорияларКірпікшелі инфузориялар тұщы суларда, теңіздерде, планктонды, су түбінде, су өсімдіктерінде немесе теңіз жағасындағы құмның арасында (псаммофильді түрлері) тіршілік етеді.
Паразит инфузориялар да кездеседі. Денелерінің ұзындығы 30 - 40 мкм-нан 1 мм-ге дейін.
Кірпікшелі инфузориялардың денесін (өмір бойы) кірпікшелер қаптап тұрады. Кірпікшенің құрылысы талшықтың құрылысына өте ұқсас. Кірпікшенің ортасында қалың орталық 2 фибрилла, ал қалған 9 фибриллалар екеуінің айналасында орналасқан.
Фибрилдер кинетосомаға жалғасады. Кірпікшелілер жыныссыз және жынысты - конъюгация жолымен көбейеді.
Инфузориялардың көп таралған белгілі түрлерінің біреуі - инфузория туфелька немесе парамеция - Paramaecium caudatum. Ұзынша сопақтау болып келген, тұщы суларда өздігімен қозғалып жүретін күрделі құрылысты қарапайым жәндік.
Денесін кірпікшелер біртегіс жауып тұрады, тек артқы жағында кірпікшелері ұзындау болады. Кірпікшелері қозғалу қызметімен бірге асты ауыз тесігіне жеткізу қызметін де атқарады.
Ауыз ойықтың айналасында толқын тәрізді әрдайым қозғалып тұратын мембранелла орналасқан. Цитоплазмасы эктоплазма және эндоплазмаға бөлінген. Эктоплазма қабаты сыртынан мықты майысқақ пелликуламен қапталынған. Пелликула екі сыртқы және екі ішкі мембранадан құралған. Пелликуланың сыртын алты бұрышты, қатар орналасқан құрылым жауып тұрады, соған байланысты парамеция денесінің пішіні өзгермейтін тұрақты болып келеді.
Пелликуланын, астында бір-бірімен ұштасып жатқан фибрилл торы болады - олар тірек қызметін атқарады. Эктоплазма қабатында қорғаныш қызметін атқаратын қысқа таяқшалар - трихоцисталар орна-ласқан. Олар тітіркенген кезде ұзын, серпінді жіпше түрінде сыртқа атылады.
Инфузория денесінің алдыңғы жағында ауыз ойығы немесе перистомы болады. Перистомның түп жағында ауыз тесігі - немесе цитостом орналасқан, ол "жұтқыншақка - цитофаринкске жалғасады. Жұтқыншақ цитоплазмаға ашылады. Инфузориялар ұсақ организмдермен қоректенеді (бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен) .
Перистом айналасындағы кірпікшелердің қозғалуы нәтижесінде қоректік заттар сумен бірге ауыз тесігіне және жұтқыншаққа түсіп жатады. Жұтқыншақтың түбінде ас қорыту вакуольдері қоректік затқа толып, цитоплазмаға ауысады. Ас қорыту вакуольдері дененің ас қорыту циклозы (айналымы) жолымен қозғалады, ферменттер арқылы асты қорытып, плазмаға өткізіп тұрады. Сіңбеген қалдықтарды арнайы тесігі арқылы (қылаулатқыш) шығарып тастайды. Ac қорыту вакуольдердің құрылуы сыртқы температураға байланысты. Қоршаған ортасы неғұрлым жылы болса вакуольдің түзілуі де тез болады, инфузорияның қоректенуі де жиілейді.
Барлық инфузориялардың жиырылғыш вакуольдері эктоплазма және эндоплазманың арасында орналасқан. Олардың қызметі амеба мен талшықтылардың жиырылғыш вакуольдері сияқты үнемі жиырылып, осмос қысымын реттейді, зәр шығарады және тыныс алады. Бірақ ин-фузория вакуольдерінің құрылысы күрделі. Оларды вакуольдің өзі немесе орталық резервуар және оны қоршап жатқан жұлдыз тәрізді қосымша вакуольдер құрайды. Орталық резервуар қосымша вакуольдермен түтіктер арқылы және қоршаған ортамен арнайы зәр шығаратын тесік арқылы жалғасады.
Цитоплазмадағы артық сұйық заттар қосымша вакуольдеріне жиналып, түтікшелер арқылы орталық вакуольге немесе резервуарға құйылады. Резервуар жиырылып сұйықтарды арнайы тесікпен сыртқа шығарады. Туфельканың алдыңғы және артқы жағындағы орналасқан вакуольдері кезектесіп жиырылады.
Цитоплазмада екі ядро орналасқан. Үлкен - макронуклеус және кіші - микро¬нуклеус. Макронуклеус хроматинге бай, үрме бұршақ дәні тәрізді, көбеюден басқа денедегі барлық қызметті реттейді, сондықтан да макронуклеус вегетативті ядро деп аталады. Макронуклеустің ойыс жағында кішкене микронуклеус орналасқан, ол тек қана көбею қызметін атқарады, сондықтан ол - генеративті ядро. Пара¬меция барлық инфузориялар сияқты жыныссыз жолмен көлденең бөлініп, көбейеді.
Жыныссыз жолмен бірнеше рет бөлінген инфузория, енді жынысты жолмен көбеюге көшеді. Жынысты көбею жолы конъюгация деп ата-лады. Коньюгацияның копуляциядан айырмашылығы - екі ядроның қосылуы.
Конъюгация кезеңі екі инфузорияның бауыр жағымен бірігуінен басталады. Бүлардың пелликулалары аздап ісінеді, сондықтан инфузориялар бір-біріне тығыз жанасып тұрады. Бұндай инфузорияларды коньюганттар деп атайды. Пелликулаларының жанасқан жері еріп, сол жерде цитоплазмалық көпіршік пайда болады. Макронуклеус ядролары да еріп кетеді. Инфузорияның екеуінің де микронуклеусі екі рет бөлінеді, сөйтіп әрқайсысында төрт ядро пайда болады. Олардың үшеуі еріп кетеді, ал қалған төртінші ядро тағы да 2-ге бөлінеді - біреуі үлкен, екіншісі кішкентай. Бұларды пронуклеус деп атайды. Үлкен пронуклеус аналық ядро, жылжымайтын стационарлық, ядро, кіші пронуклеус қозғалуға қабілетті, кезбе - аталық жыныс ядро. Бұдан кейін екі ифузорияның аталық, кезбе ядролары цитоплазмалық, көпіршік арқылы бір-бірімен алмасады, сөйтіп стационарлық аналық ядросымен қосылады. Бұл процесс кариога¬мия немесе конъюгация деп аталады. Конъюгация нәтижесінде ұрықтанған синкарион деп аталатын диплоидты ядро құрылады, яғни коньюгацияның соңында эр инфузория синкарионға ие болады. Синкарион түзілгеннен кейін конъюгацияға қатысқан инфузориялар ажырап кетеді. Ажырап кеткен инфузорияларды - эксконьюганттар деп атайды. Енді әрбір эксконьюганттың синкарионы 3 рет бөлінеді. Соның нәтижесінде 8 ядро пайда болады, 8 ядроның үшеуі еріп кетеді, ал қалған 5 ядроның біреуі - микронуклеус, төртеуі макронуклеустер. Бұл жағдайда инфузория тіршілік ете алмайды, сондықтан оның денесі екіге бөлінеді. Макронуклеустер бөлінбей екеуден әрқайсысына өтеді, ал микронуклеус бөлініп екі есе кішірейіп әрқайсысына өтеді. Екіге бөліну арқылы пайда болған инфузориялардың әрқайсысында енді екі макронуклеус және бір микронуклеусы болады. Осындай инфузориялар тағы да екіге бөлінеді. Макронуклеустер бөлінбей әрқайсысына біреуден өтеді, ал микронуклеус тағы да бөлінеді. Тек осыдан кейін әрбір инфузорияда кәдімгі ядро аппараты түзіледі, үлкен макронуклеус және кіші микронуклеус. Сөйтіп конъюгация нәтижесінде екі жанасқан инфузориядан 8 жас инфузориялар пайда болады. Бір эксконьюганттан 4 жас инфузориялар пайда болады.
ҚорытындыИнфузории , немесе кірпікшелілер [1] (лат. Ciliophora ) - күрделі қарапайымдылар болып табылады.
Дене пішіні түрліше болып келеді. Өлшемі 30-40мкм-ден 1000-2000мкм дейін. Қозғалу органоидтары болып кірпікшелері саналады. Кейбіреулерінің қорғаныстық қорғаныстық қызмет атқаратын- трихоцисталары болады. Оларда қарапайым ауыз қуысы- цитофаринкс кездеседі. Қорытылмаған ас қалдығы ерекше тесікше- қылаулатқыш арқылы сыртқа шығарылады.
Инфузорияларда 2 ядро кездеседі: біреуі үлкен-макронуклеус, екіншісі кіші-микронуклеус. Макронуклеус зат алмасу, өсу және т. б. вегетативті қызметтер атқарады, ал микронуклеус- жыныстық көбеюге қатысады.
Инфузориялардың көбеюі жыныссыз және жыныстық жолдармен жүреді. Жынысық процесс конъюгация күйінде болады. Ол үшін 2 дара бір- бірімен жанасып аталық және ядроларымен алмасады. Содан кейін аталық және аналық ядролар өзара қосылады, ал инфузория даралары бір- бірінен ажырасады.
Инфузориялар коньюгациядан басқа жынысты - автогамия жолымен де дамиды. Автогамия кезеңі коньюгацияға өте ұқсас, бірақ инфузориялар бір-бірімен жанаспай, ядро құбылысы тек қана бір инфузорияда өтеді. Автогамия кезінде бір инфузорияның макронуклеусы ыдырай бастайды да, түгел еріп кетеді. Осы кезде микронуклеус 2 рет бөлінеді. Бұл микронуклеустың бөлінуі мейоз жолымен жүреді. Хромосоманың жиынтығы гагшоидты болады. Микронуклеустың екі рет бөлінуі нәтижесінде 4 ядро пайда болады. Олардың үшеуі еріп кетеді, ал қалған ядро тағы да бөлініп, екі ядро түзейді: біреуі үлкен, екіншісі кішкентай. Бұларды пронуклеус, яғни жынысты ядро деп атайды. Үлкен пронуклеус - аналық ядро, жылжымайтын, стационарлық ядро, ал кіші пронуклеус - аталық, жылжымалы ядро. Аталық ядро осы жерде аналық ядромен қосылып, ұрықтанған ядро - синкарион пайда болады. Осы процесті автогамия деп атайды. Инфузорияның синкарионы үш рет бөлінеді. Соның нәтижесінде пайда болған сегіз ядроның, конъюгация кезіндегідей, үшеуі еріп кетеді, ал қалған бес ядроның біреуі - микронуклеус, төртеуі - макро¬нуклеустер. Конъюгация кезіндегі сияқты, бұдан кейінгі инфузорияның екі рет бөліну кезінде микронуклеустер бөлінеді, ал макронуклеустер бөлінбей жас инфузорияларға тарап кетеді. Сөйтіп автогамия нәтижесінде бір инфузориядан төрт жас инфузориялар пайда болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz