Қасқырлардың түрлері


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қасқырлардың түрлері

Ежелгі замандарда жер бетіндегі ең көп таралған жыртқыш сүтқоректі осы қасқырлар болатын. Олар шөл далалар мен тропикалық ормандарды мекен етті. Қасқыр эволюциясы оларды ұзақ қашықтыққа тамақ іздеп саяхат жасауға мүмкіндік береді. Бірақ көбінесе жұп және жиі үйірлер отырықшы өмір сүріп шекаралары иісті таңбалар арқылы көрсетіледі. Азық іздеген қасқырды барлық жерлерде таулы және даладанда кездестіруге болады. Көбінесе ауылға жақын мал көп жерлерде кездестіруге болады. Соның нәтижесінде ауыл шаруашылығына көп зардабын тигізеді. Соған байланысты қасқырға жыл бойы аңшылық жасауға рұқсат берілген. Қасқырлардың саны қаншама болмасын 200-250жыл ішінде адамның кесірінен мейлінше азайған. 1600 жылы солтүстік Америкада қасқырлардың саны 2 миллион болған еді. 1883-1918 жылдар аралығында АҚШ-тағы Монтано штатының өзінде 80 мың қасқыр атылды. Қазіргі таңда олардың саны бары 65000. Жапония, Британ аралдарында тұқымы қалмаған. Франция және Голландия, Белгия, Дания, Швецария, Орталық Еуропада жоқтың қасы.

Қасқырлардың түрлері мекен ету ортасына байланысты өзгереді. Олардың түстері, дене пішіндері, сонымен қатар қорегіде әр түрлі болып келеді. [15]

Қызыл қасқыр - (лат. Cuon alpinus ) - қасқыр тұқымдасына жататын жыртқыш аң. Қазақстанда Тянь-Шань мен Жетісу (Жоңғар) Алатауында кездеседі. Дене тұрқы 100 - 110 с м, құйрығының ұзындығы 45 - 50 см. Құйрық жүні үлпілдек. Арқасы қызыл қоңыр, екі бүйірі солғын қызыл түсті. Қызыл Қасқыр жаз айларында альпі және субальпі белдеулерінде 2500 - 4000 м биіктікте, таутеке мен арқар жайылатын жерлерде қоныс аударып тіршілік етеді. Баспана ретінде түрлі қуыстар мен басқа аңдардың тастап кеткен індерін пайдаланады. Көбеюі жөнінде деректер аз. Мысалы, Бейжің хайуанаттар паркінде Қызыл Қасқырдың қаңтар айында ұйығып, 60 күннен кейін көбіне 3 - 4 күшік туатыны анықталған. Көбею кезінде үйірімен (5 - 10, кейде 30) жүреді. Қызыл Қасқыр - терісі бағалы аң. Саны өте аз, соңғы 40 жылда Қазақстанда Қызыл Қасқырдың кездескені туралы дерек жоқ. Қызыл Қасқыр Халықаралық табиғат қорғау одағы мен Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. EW санаты - еліміздің жабайы табиғатында жойылып кеткен түр. ХХ-ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап оның мекендеуі жайында нақтылы деректер жоқ. ХТҚО-ң Қызыл тізіміне (ЕN санаты), Ресейдің Қызыл (1-ші санат), Қырғызстанның Қызыл (өтесирек және зерттелмеген, ол туралы ХХ-ғасырдың 50-ші жылдарынан бері деректер жоқ түр) кітаптарына тіркелген. Қызыл қасқыр көптеген аудандарда оте сирек кездескен, тек Тарбағатай, Саур мен Жоңғар Алатауында біршама жиі кездескен. ХХ-ғасырдың 20-21-ші жылдары Алакөл ауданында бір маусымда кейде 6 қасқырға дейін ауланған . Соңғы онжылдықтарда ХХ-ғасырдың 80-ші жылдарыңда қызыл қасқырларды Оңтүстік Алтайда және Батыс Тянь-Шаньда кездесетіні жайында мақалалар жазылды. Олар қойшылар мен аңшылардың ауызені мәліметтері, өкінішке орай ешқандай рәсімделмеген еді. Бұл жағдайларда қызыл қасқырларды сұр қасқырлармен шатастыруы мүмкін, ойткені бұлардың жеке өзгергіштігі жоғары, кейде түсінде қызғылт рең басым болатын аңдар көптеп кездеседі Қызыл қасқырға мекенін жиі ауыстыру тән Шыңғыстау жотасында және Ямынеевауылыпың маңында (Павлодар қаласынан оңтүстікке қарай 70 км) кездескені белгілі . Негізгі жемтігі - таутеке, арқар, елік, кабан, марал, үй малдары. Хайуанаттар паркінде қаңтар - ақпанда үйығады, 2 ай буаз болады. 3-9 болдірік туады. Көбею кезеңінен тыс кезде қасқырлар топқа жиналады және жиі 3-10-нан бірігіп жемтігін аулайды. Жаулары мен бәсекелестері - қасқыр, барыс. [12]

Таралу аймағы Оңтүстік және Орталық Азия мен Шығыс Азияның оңтүстік жартысын қамтиды . Қазақстанда Тянь-Шань, жонғар Алатауы, Тарбағатай, Саур мен Алтай енетін таралу аймағының солтүстік шегі жатыр. ХХ-ғаясырдың бірінші жартысында, аңдардың нақтылы кездескен жерлері Талас, Қырғыз, Іле, Күңгей және Теріскей Алатауларында, Жоңғар Алатауының оңтүстік-батыс сілемдері мен оның орталық (Сарқант) және шығыс (Алакөл ауданы) бөлімдерінде, Семей облысының Майтабай ауылына жақын жерде, Марқакөл маңында, Бұқтырма өзенінің аңғарында еселке алынған . Жартасты шатқалдар, субальпі және альпі шалғындықтары, сырттар, таудың далалы және орманды участкелері, әсіресе теңіз деңгейінен 2500-4000 м биіктікте. Қыс кезінде қасқырлар тұяқты жануарлардың соңынан еріп 800-1500 м биіктікке дейін төмендейді.

Сұр қасқыр-Ganis lupus. Негізі біздің дала сұр қасқыр тұқымы көкбөрітекті азулылардан. Сұр қасқыр көп таралған түрлердің бірі . Зерттеулерге қарағанда иттердің арғы тегі болып табылады. Оның денесінің ұзындығы 160см, дене біктігі 100см. Құйрығының ұзындығы -52см, салмағы-80кг, бас сүйегі-270мм болып келеді. Ертеде Еуразия мен Солтүстік Америкада көп тараған. Қазіргі кезде олардың түрі азайған. Кейбір аймақтарда жойылуға жақын қалған. Қасқырдың көптеген түрлерінің жойылуына және санының азаюына қарамастан адамдар оларды жоюда.

Арабиялық қасқыр -Canis lupus arabs. Араб қасқыры-ірі емес, шөлді далада өмір сүруге бейімделген. Бойының ұзындығы-66см, салмағы-18кг. Құлақтары үлкен, ол денесінің температурасын қалыпты ұстауға көмектеседі. Араб қасқырлары топпен өмір сүрмейді. Бұларды ерекшелігі-олардың ұлуын ешкім естімеген, және олардың ортаңғы екі саусағы біріккен . Коздерінің түсі-сары, кейде қоңыр. Араб қасқыры көптеген үй жануарларына шабуыл жасайды. Соның нәтижесінде шаруалар бұларды уландырады және қақпан қояды. Сонымен қатар бұл қасқырлар қоянмен және кеміргіштермен қоректенеді. Оманда кездеседі және Израилде тараған.

Ньюфаудленд қасқыры-қасқырдың жойылып кеткен түрі. Ньюфаудленд аралында Канададаның шығыс бөлігін мекендеген. Зерттеу бойынша бұл-ұзын, ақ түсті арқасын бойлай қара түсті жолақ орналасқан . Бұл түр жойылып кеткен. Ньюфаудленд аралында және Канаданың шығыс бөлігін мекендеген.

Еуропа тұрғындары -ірі қара малдың өлтірушісі ретінде қараған, соның нәтжесінде бұл қасқырды жою туралы шешім қабылданды. 1839 ж 14 қыркүйекте отарлық үкімет әр атылған қасқыр үшін 5 фунд сый ақы ұсынды.

Ату, қақпан қою нәтжесінде Ньюфаудленд аралының сирей түсті. Ал 1914 соңғы жабайы қасқыр атылды.

Дала қасқыры-аса үлкен емес, Азияның шөлді мекен еткен қасқыр. Қысқа жүнді, ашық-сұр түсті. Қазақстан мен Ресейде кездеседі. Көп зерттелмеген. Көбейгенде аналықтары-3, 4, 5 дейін кейде11-15ке дейін күшіктейді. Ол өзінің сүтінің мөлшеріне қарайды. Әлсіз бөлтіріктерін өзі көзін жояды. Саны аз болса да мықтыларының тірі алып қалады. Көктем бойы анасы оларды қорегін аулауды және аумақпен таныстырады.

Ванкувер аралдық қасқыр-түсі сұр және қара болады. Үйірмен өмір сүреді. Әр үйір, де 5-35 қасқырдан болады. Негізгі қорегі-қара құйрықты елік және Рузвельт еліктері. Бұл қасқырлар өте қорқақ ол адаммен срек кедеседі. Бұл түрлер жойылып бара жатқан түрлерге жатады. [14]

Жапон қасқыры-жапон аралдарында мекен еткен. Бұл түрге екі түр жатады. Бір түрі 1889 жылы жойылып кеткен.

Екінші түрі-Хонсю, Сикоку аралдарында мекен еткен. Бұл түр құтырудан жойылып кеткен. Ең соңғы түрі 1905 жылы өлген.

Еуразиялық қасқыр-жүндері қысқа, қалың. Олардың дене мөлшері мекен ету ортасына байланысты, аталықтары-76кг, аналықтары-70-73 кг болып келеді. Ең ауыр Еуразялық қасқыр Румынияда өлтірілді, самағы-78кг. Жүнінің түсі-ақ, қара, қызыл, сұр кездеседі. Олар үйірмен өмір сүреді. Наурыз айларында шағылысады. Бөлтіріктері алты аптадан соң туылады. Аталығы қорегін апанға сүйреп алып келеді немесе аңды толық жеп құсып береді. Теодор Рузвельт айтуынша Еуразия қасқыры Солтүсік Америка қасқырына қарағанда-күшті және қаһарлы.

Олар:сайғақ, жабайы қабан, елік және үй жануарларына шабуыл жасайды. Сонымен қатар бақа және қоянмен қоректенеді. Еуропаның ең үлкен қорегі-жабайы өгіз, ал Азияда-қодас. Қоректің жетіспеуінен қоқыспен жабайы иттермен бірге қоректенеді.

Англияның көптеген корольдері өздерінің қол астына көптеген аңшыларды ұстаған. Король Эдуард бірінші 1272-1307жылдар аралығында Питер Корбета деген өзінің аңшысына бүкіл қасқырды жоюға бұйрық берген. Сол себепті солтүстік бөлігінде түрлері сиреп кеткен. Шотландялық қасқырлар он сегізінші ғасырда дейін өмір сүреді. Яковтың басқару кезінде саяхатшылар үшін үлкен қауіп болып есептелген. Шотландиялық соңғы қасқыр 1743 өлтірілген.

Ресей Империясының 1890 шыққан дакументінде, 1874 жылы 160 адамды қасқырлар өлтіргені туралы жазылған.

Қазақстанда 1000 жуық аңшы 1000 аса атады. Ал 1988 жылы 16000 қасқырды атып өлтірілген.

Шығыс қасқыры-Онтарио және Канада да мекен етеді. Көлемі-кішірек, денесінің ұзындығы-80см, салмағы-40кг, аналықтарының дене ұзындығы-75 см, салмағы-30кг. Жүніннің түсі-сарғыш-қоңыр түсті, денесінің арқа бөлігінде ұзына бойы қара жолақ орналасқан.

Қызғылт-сары қасқыр-жыртқыш, Бұл түрді қызыл қасқырмен шатастыруға болмайды. Бұл түр сирек кездеседі. Амеркада мекен еткен жиырмасыншы ғасырдың жетпісінші жылдары оларды жою нәтжесінде азайып кеткен. Табиғатта кездеспейді, тек зоопарктерде сақталған. 1988 жылдан бастап бұл түрді қалпына келтіру үшін жұмыс жүргізілуде

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасқыр
Қазақтың ұлттық ойындары туралы
Солтүстік Қазақстандағы аңшылық аңдар биологиясы
Аңшылық құстардың аңшылықта алатын орны
БАЙҚОҢЫР КОМПЛЕКС ЖҰМЫСЫНЫҢ ҚОРШАҒАН ОРТАҒА ЗИЯНДЫ ӘСЕРІ
ЖЕЗҚАЗҒАН ЭКОЛОГИЯСЫ
Алматы қаласы, Әуезов ауданы
Обалардың үйіндісінің астына жылқыны жерлеу рәсімі - скиф мәдениетінің рулық белгісі
Қазақстан жануарлары
Байқоңырдың экологиялық проблемасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz