Соқыр және көзі нашар көретін оқушылардың зейінін тұрақтандыру деңгейін анықтау


БАЯНДАМА
Түзету пәнінің мұғалімі: Елеуова А. И
Соқыр және көзі нашар көретін оқушылардың зейінін тұрақтандыру деңгейін анықтау және дамыту жолдары
Көз өмір айнасы. Көз арқылы жер бетіндегі барлық адам баласы қоршаған орта туралы көптеген мәлімет алады. Адам көз көру қабілеті арқылы заттардың түсі, көлемі, пішіні туралы түсінікті, олардың өзара орналасуын біледі, әрі 80%ақпаратты алады.
Көру қызметі адамға кеңістікті бағдарлау, өзінің қозғалыс аймағын кеңейту, әлеуметтік тәжірибесін байыту сияқты құндылықтарды меңгеру үшін өте қажет. Көру адамдардың қызмет түрінің әр түрлі болуына байланысты басқа адамдармен қарым-қатынас орнатуында да маңызды рөл атқарады.
Көру мүмкіндігі шектелген жандарға осындай өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін олардың психологиялық және физиологиялық ерекшеліктерін терең біліп қызмет ету үшін тифлопедагогиканың басты мақсаты.
Тифлопедагог (typhlos(грек сөзінен -зағип, logos-оқыту немесе ғылым) негізгі мәселеге талдау жасай отырып, көру мүмкіндігі шектеулі балаларға психологиялық, педагогикалық, медициналық зерттеу жолдарын айқындап, көру қабілетінің бұзылу себептерін, психикалық және педагогикалық ауытқуларын анықтау, оларды толықтыру, кемістігі бар сезім мүшелерін түзету және қалпына келтіру жолдарын анықтап, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына көмектеседі.
Тифлопсихология сенсорлық кемістігі бар балалардың психологиялық дамуын қарастывратын арнайы психология бөлімі. Тифлопсихологияның негізгі бөлімдері:
1. Көру кемістігі бар балалардың психикалық көріністері мен даму заңдылықтарын ашу.
2. Соқырлар мен нашар көретіндерге тән өзіндік құбылыстарын ажырату.
3. Көру кемістігінің пайда болу уақыты мен паталогиялық белгілерін, деңгейін анықтау және оның психикаға енетін әсерін зерттеу.
Нашар көретін балалар кейбір тітіркендіргіштікпен, тұйықтықпен сипатталатын мінез-құлқындағы ерекшеліктермен ерекшеленеді. Бұл жетіспеушілік көру кемістігі салдарынан ойында, оқуда, құрдастарымен қарым-қатынаста болатын қиындықтармен түсіндіріледі. Сондықтан нашар көретін балалар оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайын талап етеді. Егер де нашар көретін бала жалпы білім беретін мектепте оқи бастаса, оның жұмыс қабілеті басқа оқушыларға қарағанда тез артта қала бастайды. Егер оның үлгерімі оның мүмкіндіктерінен төмен болса, онда бұл үлгере алмаушылыққа алып келеді.
Көру жүйесінің бұзылу деңгейіне, оның белгілеріне, пайда болу уақытына, компенсация мүмкіндігіне байланысты нашар көретіндерге арнайы оқыту мен тәрбие жүйесі құрылған. Нашар көретін балаларды оқыту жағдайы әлсіз көру қабілетін сақтай алатын, оның көру арқылы қабылдауын жақсартатын, ауыртпалық түсірмейтін жағдайда болу керек. Оған көруді түзететін офтальмолог ұсынған құралдарды қолдану жатады: кәдімгі және арнайы көзілдіріктер, жұмыс істейтін жердегі жарық беретін құралдар, арнайы оқулықтар, көру жұмысының күнтізбесін сақтау жатады. Көру кемістігінің компенсациясы ретінде оқытудың тифлотехникалық және аудиовизуальды құралдарды кең қолданады. Оптикалық тузету құралдарынан басқа да аудиовизуальды құралдар және аппараттар, есте сақтау құрылғылары бар электронды-оптикалық жүйелер қолданылады. Нашар көретін балалар арнайы мектеп-интернатта, нашар көруге арналған арнайы сыныптарда оқиды. Нашар көретіндермен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының әдісі қалыпты жағдайдағы балалармен жүргізілетін әдістен ерекшеленбейді. Нашар көретін балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының негізігі міндеті-әлсіз көру жүйесін сақтау және оны ары қарай дамыту. Осыған байланысты нашар көретіндер оқитын оқу бөлмелері жарықпен қамтамасыз етілген. Оқу бөлмесінің терезелерінде ашық түсті перделер ілінген. Оқу бөлмесінің қабырғалары жасыл, көк түс беретін сырлармен боялған. Арнайы нашар көретін балаларға арналған бір оындықты парталар оқу, жазу, сурет салу барысында олардың дұрыс отыруына жағдай жасайды және кітап пен дәптерді көзбен керекті арақашықтыққа қоюға мүмкіндік береді. Нашар көретін балаға үлкен шрифпен жазылған кітаптар қолданылады. Жазуға үйрету жолдары арнайы сызықтармен бөлінген дәптерлер қолданылады. Нашар көретіндерге арналған көрнекі оқулықтар балалардың елестетуін анықтауға және көзді сақтауға әсер етеді. Мұндай оқулықтарда суреттер, схемалар анық көрсетілген. Сабақ барысында әр түрлі диафильмдерді, дыбыс жазатын және дыбыс шығаратын аппаратты қолдану жақсы нәтижелерді береді.
Көзі көрмейтін және нашар көретін баланы тәрбиелеу мен оқытуда жанұядан дамытудың ерекшеліктерін, психикалық қызметте қалыптасқан ақаулардың алғашқы әсерлерінен қозғалыс, әлеуметтік, оқу және басқа да білімдерді білу талап етіледі. Кеңістіктегі даму бағыты мен қалыптасу әдіс, тәсілдері қоршағанәлемнің пайда болуы мен құралдарын қабылдау, қарым-қатынас жасаумен құрдастарымен, үлкендермен араласу, өзін-өзі күту. Сақталған сезімнің көмегімен баланың қоршаған ортаны тану. Туа біткен көруі бұзылғандардың психикалық дамуы көретін балалардың дамуы сияқты заңдылықтардан тұрады, бірақ көзбен шолу бағдарлауының болмауы қозғалыс сферасына айтарлықтай үлкен әсер етеді. Көруі бұзылғандар үшін өзіне тән бағдарлануы дыбысқа реакция беру болып табылады. Көруі бұзылған балаларда дыбыс - бағдарланудың негізгі функциясы.
Соқырлық - сезім мүшелерінің (талдағыштардың) бірінің кемістігі. Соқырлармен тәрбие жұмысын жүргізген кезде мұға-лімдер олардың басқа сезім мүшелерін (естуін, сипауын, көру түйсігін) одан әрі дамыту қажет десе онда олар қателеседі. Ғылыми әдебиеттерде, ел арасындагы аңыз-әңгімелерде соқырлардың музыкаға бейімділігі, ал олардың кейбіреулері туғаннан музыкаға бейім екендігін көрсетеді. Бұл пікірдің шындығы әрине асыра айтушылық. Соқырлар осы уақытқа дейін бірде-бір музыкалық шығарма авторы емес, олар тек шіркеуде, көшелерде жалбарынды өлең айтумен ғана шектеледі. Дене мүшесінің кемістігі биологиялық жағынан өзге мүшелерімен толықтырылады және ол бұл дүниеден өткенінше сақталады деген лакап сөз ел арасында кең тараған. П. Трошин кемтар балаларды зертгеп, олардың сау мүшелерінін ерекше артық дамымайтындығын анықтаған.
Соқыр балалардың мінез-құлқы тіршілік ету жағдайына икемделіп, олармен тәрбие істерін жүргізу нәтижесінде сыртқы ортамен шартты байланыс жасалып, олардың кеміс мүшесіне өзге қызметін өзге сау мүше атқаратын болады. Соған орай тәрбие істерінің психологиялык механизмі кеміс балалар да дені сау балалардікімен бірдей. Соқыр баланың сипау сезімі, саңыраудың көру мүшесінің жоғары түрде жетілуіне жаңадан жасалып отыратын шартты байланыстарға сәйкес бір мүшеден екінші мүшеге ауысып отыратындығы. Соқырдың сезімталдығы мен саңыраудың көргіштігі дені сау балалармен салыстырғанда өте жоғары болуы туа пайда болған қасиеттері емес, мұндай ерекшеліктер өмір тәжірибесі мен дағдылану тәжірибесі негізінде қалыптасып отыратын қасиеттер.
Соқыр адамның саусақтарының сипап оқуы және қаптаған Л. Браиль әрпімен жазылған шығыңқы ңүктелерді мұқият тануы арқылы әрбір ңүктенің орналасу тәртібіне орай бөлек әріпті білдіріп, сол дыбыстардан сөз құралады. Сөздер сөйлемге айналады. Бұл процесс сау адамдрдың Браиль Луи (1809-1852) -әлемге әйгілі француздың соқырларды оқыту жөніндегі педагогі. Соқырлар үшін өз атымен белгілі жазу, оку әдістерін ойлап тапқан. Үш жасынан соқыр. Л. С. Выготский оның әріптері бойынша оқып үйренудің кәдімгі әріптерден айырмашылығы жоқ дейді. Көзбен көріп оқығанына ұқсас және психологиялық жағынан олардың бірінен-бірінің ешқан дай айырмашылығы жок.
Хат танымайтын сауатсыз адамга кітап беті шимай-шатпақ болып көрінеді. Сол сияқты Браиль шрифтары да біздерге түсініксіз. Бұл ретте мәселенің мәні сезім мүшелерінің жақсы жетілуіне орай оның сауаттылығы мен тәжірибесіне байланысты. Браиль нүктелерін шапшаң айырып оларды дұрыс қабылдауына байланысты. Көзі көретін адамдар да нүктелерді соқырлар сияқты тез арада үйренуге болады. Сол сияқты ерінді қимылдатып сөйлеуді де үйрену қиын емес. Саңырау мұндай тәсілді пайдаланып «көзімен естуді» үренеді. Мұңдай ерекшелік көздің айрықша жаратылуында емес, оның сауаттылыры мен ойлау қабілетінің еріннің қимыл-қозғалысына қарап, оны әрбір затпен салыстыра отырып оқуына икемділігінде
Туа болған соқырдың қайғысы жүре біткен соқырдың қайғысынан аз болса да, оның өмір бойы өкініші өшпейді, -дейді Щербина (1916, 39 б. ) . Және ол өзінің басынан кешкен мынадай бір жағдайға тоқталады. Соқырлар мектебінде тәрбиеші 8 жастағы баланың қолына қасық беріп оған тамақ ішкізеді, бірақ ол үйінде өздігінен тамақтануға үйретілмегендіктен қолына қасық ұстауды да білмеген (бұл да сонда, 40 б. ) . Сондықтан тәрбие гигиенасына сәйкес соқыр баламен жасалатын қарым- қатынас дені сау баламен бірдей болу керек. .
Дене бітімі қисаюының алдын-алу жаттығулары
Бұзылу сатысы
Күжірейген арқа. Омыртқаның кеуде жағындағы жоғарғы бөлігі көбірек қисайып кетеді. Иықтары қусырылып, арқасы күжірейіп, қарны шартиып салбырап тұрады.
Еңкіш дене . Адамның бойында өте жиі кездесетін мін. Мұндай жағдайда жалпы кеуде сүйегінің қисайып кеткендігі байқалады. Әдетте, еңкіш адамның жауырыны томпайып, төсі ішке қабысып, иық пен бас алға еңкейеді, қарны қампиып тұрады. Еңкіш адам бойын тік ұстап көп жүре алмайды, себебі бұлай жүргенде тез шаршап қалады.
Қайқы бел. Дене құрылысының бұзылуы. Дененің мұндай кемістігінде мойын, кеуде, бел омыртқалардың анатомиялық қисықтығы айқын болып тұрады. Дененің бұл кемістігінің себептері, біріншіден - омыртқаның бүгіліп - жазылып тұратын бұлшық еттерінің дұрыс жетілмеуі және мешел ауруының белгісі. Екіншіден, адамның жамбасы сыртқа шығып тұрады.
Сколиоз - омыртқаның бір бүйірге қарай қисаюы (туа және жүре пайда болады)
Лордоз - омыртқа бағанасының алға қарай майысып, қисаюымен сипатталады
Бүкірлік, кифоз - омыртқа бағанасының (әдетте кеуде бөлімінің) дөңестеніп қисаюы.
Пайда болу себебі
Дұрыс отырмаудан, жүруден
Ішкі мүшелердің ауруынан
Салмақты бір жаққа түсіруден
Үнемі жұмақ төсекке жатудан
Қозғалыстың аз болуына
Алдын алу
o Дұрыс бірқалыпты отыруға дағдылану
o Емдік массаждар қабылдау
o Салмақты омыртқа жотасына бірдей түсіру
o Ауыр жүкті бір қолмен көтермеу
o Түзу жүру
o Иықтың бір деңгейде болуы
o Тазалықты сақтау
o Дұрыс тамақтану
o Шынығу
o Көңілді жүру
o Сәнді киіну
Жалпақтабандылық - адам табанындағы ойыстың түгелдей немесе жартылай тегістеліп, жалпайып кетуі.
Бұзылу сатысы
1, 2, 3 дәрежелі жалпақтабандылық
Пайда болу себебі
o Үнемі биік өкшелі аяқ - киім кию
o Тар аяқ - киім кию
o Аз қозғалыс
o Артық салмақ
Алдын алу
Аяқ - киімді таңдап кию
Жалаң аяқ жүру
Арнайы массаждар қабылдау
Шынығу
Гиподинамия - аз қозғалу, жеткiлiксiз қимыл белсендiлiгi.
Жүк көтергенде баланың дене мүшелеріне ауыртпалық күш біркелкі түсуі керек. Төменгі класс оқушылары кітаптарын арқаға асатын сөмкемен алып жүргені орынды. Сөмкені өне бойы бір қолымен алып жүруге болмайтынын естен шығармаған жөн. Жұмыс кезінде, сабақ орындағанда партада отырғанда кеудені тіремей, аяқты айқастырмай, еденге түзу ұстап, қолды шынтақ буыны арқылы үстелдің үстіне бос ұстау сымбаттың бұзылмауына себеп болады. Үстел үстінде шынтақтан көзге дейінгі аралық 30-35 см болу керек. Бұл үшін үстель, парта мен орындықтың биіктігі әр адамның денесінің ұзындығына сай болуын ескертеді.
Жалпақ табандылықтан сақтану. Адамның табанының ортасы көтеріңкі, ойыс болып келуінің маңызы зор. Бұл оның жүрісін жеңілдетіп, шаршатпайды, қайта секіргенде, жүгіргенде денеге серпімділік беріп, соққыны әлсіретеді. Адам ұзақ уақыт ауыр жұмысты аяғымен тұрып істегенде (аяққа күш түскенде), тар және өкшесі биік аяқ киім кигенде жалпақтабандылық пайда болады. Жалпақтабанды адам жүргенде және тұрғанда тез шаршайды. Мұндай жағдайға ұшырамау үшін жалаң аяқ, аяқтың ұшымен жүріп, суда жүзумен жаттығу, жүгіріп, секіріп, түрлі ойындармен көбірек айналысады. Аяқ киімнің өкшесі 3-5см аспауы керек.
Көру қабілеті төмен нашар көретін балалардың дене сымбаттылығын сақтау
Баланың денсаулығына және дамуына әсер беретін - дене шынықтыру. Мектепке дейінгі баланың үйлесімді дамуы дене тәрбиесіз мүмкін емес. Әлеуметтік, экономикалық, демографиялық, мәдениеттілік және тағы да басқа жағдайлардың арасында ықпалдың қарқындылығы бойынша дене тәрбиесі ерекше орын алады.
Көру қабілеті бұзылған мектепке дейінгі балалардың дене тәрбие негізі олардың қимыл белсенділігінде жатыр. Оның барлығы бір үлкен жүйені көрсетеді:
1) дене шынықтыру сабақтары;
2) таңғы жаттығу;
3) сергіту сәттер, сабақтардың арасындағы үзілістер;
4) қимылды ойындар;
5) серуендегі физикалық жаттығулар;
6) жүзу сабақтары;
7) шынығу шаралар;
8) түскі ұйқыдан кейін тың алу жүгіріс;
9) дене шынықтырулық ойын - сауықтар;
10) дене шынықтырулық мерекелер;
11) өз еркімен қимыл белсенділігі;
12) алдын - ала шаралар (дәрігердің кепілдеуі бойынша) .
Дене тәрбиесінің әрбір түрінде өзіне тән маңыздылығы бар. Қимыл белсенділігі мектепке дейінгі балалардың тәртібі мен өмір салтының маңызды бөлігі болып табылады. Ол балалардың дене тәрбиесін ұйымдастыруына, олардың қимылдық дайындығы деңгейіне, өмірдің жағдайларына, жеке ерекшеліктеріне, дене құрылысына және өсіп келе жатқан организымының мүмкіншіліктеріне байланысты. Дене шынықтырумен жүйелі түрде шұғылданат балалар әрқашанда шат, жарқын және жұмысқа қабілеті жоғары болады.
Қимыл белсенділігі көру қабілетінің дәрежесіне байланысты. Балалардың көру бұзушылықтарының ең жиі кездесетін түрлері - амблиопия мен қитарлық. Олар көру жүйесінің бірнеше қабілеттерімен сипатталады: көру өткірліктің, бинокулярлық көру бұзушылықтарының әртүрлі дәрежесімен; көзқарастың бекітуімен; түстер ажыратуымен.
Түрлі көру бұзушылықтары бар балалардың психикалық және физикалық дамуында, қимыл - қозғалыс қабілеттерінің қалыптасуында екінші рет ауытқушылықтар пайда болады. Қимылдардың дамуына оқыту мен дене тәрбиесінің жағдайлары көру қабілеті нашар балалардың сау балалармен қарым - қатынасы маңызды әсер береді. Ойын барысында қимыл белсенділігі дамытылады, сондықтан қимылдар дамуында қайта ауытқушылықтар байқалмайды.
Көру қабілеті бұзылған кезде балаларда дене бітімі бұзылғаны, омыртқаның қисайғаны, қолдары мен басқа мүшелерінің қимылдары сәйкестенбегені байқалады. Физикалық дамуында кемшіліктер байқалады: жылдамдық, ептілік, дәлдік азая бастайды. Көру қабілеті бұзылған балалардың қимыл белсенділігінің даму процесінің тиімділігі қимыл бұзушылықтарының коррекция бойынша жұмысының кешендік ұйымдастыруын талап етеді. Бұл жұмыстың маңызды шарты сабақтағы және сабақтан тыс жұмыстың бірлігі, физикалық даму үшін жағымды жағдайлар жасауы, қимыл саласының қалыптасуы болып табылады.
Физикалық жаттығулар жасауында балалар көру бұзушылықтардың клиникалық түрлері бойынша 2 топқа бөлінеді. Бірінші топқа жақыннан көруі, амблиопия мен көз қитарлығы бар балалар жатады. Екінші топқа - көру жүйесінің атрофиясы, алыстан көруі, альбинизм, амблиопия төмен дәрежесі бар балалар жатады. Әрбір топқа көру мен денсаулық жағдайына сәйкес жаттығулар таңдалады. Бірінші топтың балаларына биік пен ұзындыққа секіру, заттардан секіру, иық пен қолдарында тұру, барынша қарқынды жүгіру, шаңғы мен коньки тебу қарсы дәлел. Екінші топтың балалары арнайы мамандандырылған мектепке дейінгі мекемелердің физикалық тәрбие бойынша бағдарламаның барлық жаттығуларын орындауға болады. Бірақ көзі төмен көретін балаларға барлық кездейсоқ жағдайларда дене шынықтыру сабақтарына абайлап қарауын еске алып отыру керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz