Экология проблемаларының артуы


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:
Кіріспе3
1. Қоршаған ортаның ластануы. 4
2. Экология проблемаларының артуы және шиеленісуі4
3. Физикалық ластану5
Қорытынды6
Пайдаланған әдебиеттер7
КіріспеҚоршаған ортаның ластануы - адамға және табиғи экожүйеге зиянды әсер ететін физикалық-химиялық және биологиялық заттардың қоршаған ортаға нұқсан келтіруі. Табиғат құбылыстары мен заңдылықтарына қайшы келетін және оның қалыпты жағдайына нұқсан келтіретін сандық, сапалық және құрамдық өзгерістердің барлығы қоршаған ортаның ластануына алып келеді. Қоршаған ортаның ластануы кейде табиғат құбылыстары әсерінен, негізінен адам әрекетінен пайда болады. Қоршаған ортаның ластануы табиғи және антропогендік болып бөлінеді. Табиғи ластану күшті табиғи процестер салдарынан (жанартау атқылауы, сел жүру, топан су басу, өрт, т. б. ), антропогендік ластану адамның шаруашылық іс-әрекетінің салдарынан қалыптасады. Антропогендік ластануға өндірістік, тұрмыстық қалдықтар мен әр түрлі улы заттардың қоршаған ортаға белгілі мөлшерден тыс шығарылуы, табиғи нысандарды орынсыз пайдалану жатады. Семей сынақ алаңында болған ядролық жарылыстар, Арал өңірінің экологиялық жағдайлары (қ. Арал экологиясы), т. б. қоршаған ортаға нұқсан келтірудің айқын мысалы болып саналады.
Табиғи ортаны ластаушы заттар әр түрлі болып келеді. Ол заттар өз табиғатына, шоғырлануына және адам организміне әсер ету уақытына қарай әр түрлі жағымсыз нәтижелер туғызады. Осындай заттардың қысқа мерзімде болса да адамға әсері адамның басын айналдырады, құсқысын келтіреді, тамағын жыбырлатып, жөтелтеді. Егер де адам организміне осындай улы заттар көп мөлшерде әсер етсе, қатты уланып есінен танады, тіптен өліп кетуі де мүмкін. Ондай улы заттарға ірі өнеркәсіптік қалалардың үстіне желсіз күндері жиналған қара түтіндер немесе өнеркәсіптік кәсіпорындардың қалдықтары мысал бола алады. Электр станциялары, түрлі-түсті металл өндіретін зауыттар, химиялық және мұнайды қайта өңдейтін кәсіпорындар атмосфераға түтін шығаратын үлкен мұржалар арқылы көптеген адам организміне зиянды улы заттарды ауаға шығарады.
Қазіргі кезде ауаны ластайтын улы заттардың 150- ден астамы белгілі. Бұл заттар ауада күн сәулесінің әсерімен бір-бірімен реакцияға түсіп, жаңа қосындылар түзеді.
Өнеркәсібі дамыған елдерде ауаны ластаушы улы заттың бірі күкірттің қос тотығы коксхимия зауыттарымен, тау- кен өндіру және целлюлоза- қағаз өнеркәсіптерінің жұмысы нәтижесінде ауаға шығарылады. Олар ауада ылғалдың әсерінен күкірт қышқылына айналады. Құрамында күкірт қышқылы бар тұман немесе ылғалды ауа адамның, жануарлардың тыныс жолдарының кілегей қабаттарына, терісіне әсер етеді және өсімдік те көп зардап шегеді. Ауадағы күкірт сутек адам организмін улап қана қоймайды, сонымен қатар адамдардың жүйке ауруларын туғызады.
Ауадағы фторлы сутек өте улы. Азық- түліктің құрамындағы фторлы сутек адамды, жануарларды құстырып өте жаман ауру туғызады. Хлорлы сутек пластмасса қалдықтарын жаққанда пайда болады.
XXғ. 60-жылдарынан бастап, экология дамуында жаңа кезең басталды, экология дамуында жаңа кезең басталды, ол барлық елдерде экологиялық зерттеулердің күрт өсуімен сипатталады. Үнемі әртүрлі экологиялық проблемалар бойынша ақпараттар саны өседі. Мысалы, қоршаған ортаның өзгеруі туралы, өсімдіктерді қорғау туралы және т. б. фактілер саны көбейе түсті. Қазіргі кездегі экология адамзат мүддесін ескере отырып, биосфераның бетбұрасын ғылыми түрде негіздеуге ұмтылады. Экология ойлаудың ерекше типін қалыптастырады, ол табиғатты оңтайлы пайдалануға, табиғи ресурстарды қалпына келтіруге, қорғауға және молайтуға бағытталған. Сонымен экология пәнінің арнайы мақсаты мен міндеттері бар. Экология ғылымының ең басты мақсаты - биосфера шегіндегі ғаламдық мәселелерді бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын немесе тепе-теңдігін сақтау.
Экология ғылымының негізгі міндеттері:
- организмдердің бір-бірімен қарым-қатынастары мен қоршаған табиғи ортасын зерттеу;
- табиғи ресурстарды, оларды тиімді пайдалану және қорғаудың ғылыми-теориялық негіздерін жасау;
- адам, қоғам, табиғат арасындағы гормониялық байланыстарды реттеу;
- биосфера шегіндегі географиялық заңдылықтардың тұрақтылығын сақтауды қамтамасыздандыру;
- биосферадағы тіршілікті қалыпты сақтауды ғаламдық ноосфералық деңгейге көтеру;
- көпшілікке үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру және экологиялық санасын, мәдениетін қалыптастыру;
- экологиялық қауіпсіздікті сақтау.
Экология проблемаларының артуы және шиеленісуі, олардың жаһандық экологиялық дағдарыста бірігуі - осының барлығы ғалымдарды қоршаған ортаның бұзылу себептерін зерделеумен және оны құтқару жолдарын іздеумен тығыз айналысуға мәжбүр етті.
Берілген проблема бойынша аса маңызды жұмыстар 1968 ж. экология проблемаларын талқылау үшін ұйымдастырылған Рим клубы (РК) қызметінің нәтижесінде пайда болды.
РК екінші баяндамасының авторлары (1974 ж., М. Мисарович, Э. Пастель) мынадай тұжырымға келді:
- әлемді гомогенді тұтас ретінде емес, өзара байланысқан бөліктерден тұратын ретінде қарастыру керек;
- тұтас бөлік өлімінің орнына әр түрлі облыстарда және әр түрлі себептер бойынша жергілікті апаттар болуы мүмкін;
- әлемдік жүйедегі апаттарды жаһандық масштабта шаралар қабылдаумен тоқтатуға болады;
- проблемаларды жаһандық шешуді теңестірілген дифференциацияланған өсу арқылы жүзеге асыруға болады;
- экологиялық дағдарыс проблемаларын шешудің әлемдік стратегиясын іске асыруды кейінге қалдыру тек қауіпті және қымбат қана емес, сонымен бірге өлімге әкеледі.
Ф изикалық ластану сыртқы ортаның физикалық, температура-энергетикалық, толқындық және радиациялық параметрлерінің өзгеруімен байланысты.
Физикалық ластануға мыналарды жатқызуға болады:
- жылулық;
- шуылдық;
- радиоактивті;
- электрмагниттік;
- жарықтық.
Жылулық ластану - қоршаған ортаға отын-энергетикалық кешен кәсіпорындарының (жылу және атом электрстанциялары) жылулық қалдықтары түсуі нәтижесінде, мұнай өндіру өнеркәсібінің жолай газын жаққанда, мұнай-химия кәсіпорындарының газ алауларынан, тұрғын үй- коммуналдық шаруашылықтағы жылу жылыстағанда судың қызуы. Қала аумақтары аралығындағы ластану көздері: өнеркәсіптік кәсіпорындардың жер астындағы газ құбырлары, жылу трассалары, құрама коллекторлар, коммуникациялар және т. б.
Кез келген жылулық ластану - бұл энергияның өндірісін ұлғайтуға мәжбүр ететін, қымбат тұратын жылу энергиясының шығыны.
Электрмагниттік ластану электр берілістерінің жоғары вольтті желілерімен, қосалқы электр станцияларымен, радио және телехабар беретін станциялармен, сондай-ақ микротолқындық пештердің, компьютерлердің, радиотелефондардың сәуле шығаруымен байланысты.
Биосфераның радиоактивті ластануы - қоршаған табиғи ортада радиоактивті заттар құрамының табиғи деңгейінің жоғары болуы. Ол табиғи да, антропогенді де факторлармен тудырылуы мүмкін (радиоактивті рудаларды қазу, АЭС-тағы апаттар, ядролық қаруды сынау және т. б. ) . 8. 3-кестеде биосфераның радиоактивті ластану факторлары көрсетілген.
Экологиялық ш уыл - қоршаған ортаның ластану түрлерінің бірі, ол шу деңгейінің табиғи аядан жоғары ұлғаюынан тұрады және тірі организмдерге (адамды қосқанда) теріс әсер етеді.
Шу тұрмыстық, өндірістік, өнеркәсіптік, көліктік, авиациялық, көше қозғалысының шуылы және т. б. болады
Қорытынды ... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz