Табыстар мен шығыстардың ұғымдары және есептілігінің ұйымдастырылуы


ЖОСПАР
Кіріспе3
I. Табыстар мен шығыстардың ұғымдары және есептілігінің ұйымдастырылуы4
1. 1 Табыстар мен шығыстар, олардың мәні, мазмұны4
1. 2 Табыстар мен шығыстардың есептілігінің ұйымдастырылуы5
II. Табыстардың бухгалтерлік есебі6
2. 1 Жылдық жиынтық табыстың есебі6
2. 2 Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан түсетін табыстардың (зияндардың) есебі14
ІІІ. Шығыстардың бухгалтерлік есебі18
3. 1 Кезең шығыстарының есебі18
3. 2 Негізгі емес қызметтер бойынша шығыстардың есебі21
Қорытынды24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі25
Кіріспе
Бүгінгі таңда ел экономикасының нарықтық жолға көшуіне байланысты жаңа кәсіпкерлік қызметтердің пайда бола бастауына сәйкес әрбір мекеменің, кәсіпорынның және фираманың табыстары мен шығыстары бухгалтерлік есеппен байланысты есептеліп отырады.
Негізгі және негізгі емес қызметтерден алынған табыс жылдық жиынтық табысты құрайды. Табыс сондай-ақ тауарлы -материалдық запастарды сатқаннан, қызмет көрсеткеннен, кәсіпорынға жататын активтерді пайдалануға беруден, пайыздардан, (проценттерден) роялтиден және дивиденттерден алынуы мүмкін. Табыс өнімдерден, тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады, олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім шартта (контрактіде) анықталады.
Шығыстар өнім өндіруге кетеді және олар өндіріс көлеміне тәуелді емес, тұрақты сипатқа ма, сатылған өнімнің көрсетілген қызметінің нақты бір түрімен байланысты емес. Шаруашылықты жүргізуші адам еш нәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды.
Табыстар мен шығыстар негізгі және негізгі емес қызметтерден алынады.
Табыстар мен шығыстардың ұйымдастырылуы:
- Жылдық жиынтық табыстың есебі;
- Негізгі қызметтен (әрекет етуден) түскен табыстың есебі;
- Негізгі емес қызметтен (әрекет етуден) түскен табыстың есебі;
- Сатылған тауарлардың (қызметтердің, жұмыстардың) өзіндік құнының есебі;
- Негізгі емес қызметтер бойынша шығыстардың есебі;
- Кезең шығыстарының есебі;
- Төтенше жағдайлардан және тоқтатылған операциялардан түсетін табыстардың (зияндардың) есебі.
I. Табыстар мен шығыстардың ұғымдары және есептілігінің ұйымдастырылуы
1. 1 Табыстар мен шығыстар, олардың мәні, мазмұны
Жалпы, табыстар болып - белгілі бір мекеменің немесе кәсіпорынның күнделікті өндірістен түсетін пайдасын қарастырамыз, ал шығыстар - осы өндірістен өнім, яғни пайда алу үшін жұмсалған шығындары және де ол өндіріске қажетті құрал - жабдықтары, материалдар және шикізатқа т. б. жұмсалынатын қаржылай активтер болып табылады.
Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көресеткен қызметтерден алынады, олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім шартта (контрактіде) анықталады. Ал, мәлімеден шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәліменің) құндарын өлшейді. Сатып алушылардың алған активтері үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісім шарттарында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларына көңіл бөледі: есептеу, шындық, яғни, ескі жақты да бірдей көру, сақтық жасау т. б. Тауарлардан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәлімеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғанын және қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда; мәлімемен байланысты экономикалық олжаны және соны субъектінің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал, бұл сатушының сатқан тауары үшін келісім - шартта көрсетілген (айтылған) соманы сатып алушының төлейтіндігі туралы сенімін білдіреді.
Көрсеткен қызметтен және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:
- есеп беру күніне мәліменің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;
- мәлімені жүргізу кезінде жұмсалған шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.
Субъект барынша дәлдік деңгейде табысын анықтай алады, ол: мәлімеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсіліне, күтілетін компенсациясына әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәлімеге қатысушылармен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді.
Қызмет көрсетудің, яғни мәліменің нәтижесінде үлкен деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, табыс жұмсалған шығыс мөлшерінде танылады, яғни ол сол шығыстың орнын жабады.
Өнім өндіруге кеткен шығыстардан кезеңдік шығыстар емес, тұрақты сипатқа ие, сатылған түрімен байланысты емес, шаруашылық жүргізуші субъект еш нәрсе өндірмесе де, белгілі бір кезеңдердің барысында кезең шығыстарын жасайды.
Кезең шығыстарына мыналар жатады:
- жалпы және әкімшілік шығыстар;
- пайыз бойынша шығыстар;
- тауарлар мен материалдық запастарды сату бойынша шығыстар.
1. 2 Табыстар мен шығыстардың есептілігінің ұйымдастырылуы
Табыстар мен шығыстар туралы есептілік мекеменің қаржы шаруашылық қызметінің қорытындыларын көрсетеді және келесі мақсаттар үшін қолданылады:
- Инвесторлар мен кредиторларға қажетті аппараттарды дайындайды;
- Ақшалай ағымның өзгерістерін болжайды.
Осы есептіліктегі табыстар 2 әдіс арқылы анықталуы мүмкін:
- Капиталға жету әдісіне таза активтерді қолданады;
- Келісім шарттар әдісі бойынша табыстар мен шығыстар шоттарын қолдану арқылы пайдалылар мен зияндар белгіленеді.
Кәсіпорынның қаржы шаруашылық нәтижелерінің есептілікте тіркеген кезде келесідей халықаралық стандарттар қолданылады:
- «Аралық қаржылық есепкерлік»- Қ. Е. Х. С. -34.
- «Консолидацияланған қаржылық есепкерлік және туынды компанияларға жасалған инвестицияның есебі»- Қ. Е. Х. С. -27.
- «Қаржылық есепкерлікті ашып көрсету»- Қ. Е. Х. С. -1.
Аталған стандарттарға сәйкес табыстар мен шығыстар туралы есептілік келесі бөліктерден тұрады:
- Сипаттамасы бойынша -екі жақты болады: табыстар мен шығыстар;
- Функциялары бойынша - көрсеткіштердің категорияларына байланысты:
а) операциондық қызметтердің қорытындылары: Негізгі және негізгі емес табыстары мен шығыстары;
б) шығыстардың жіктелуіне байланысты өндірістік шығыстар өткізу бойынша шығындар әкімшілік шығындар.
Келтірілген есептілікте реттелмейтін баптар көрсетіледі, оларға қосымша табыстар мен шығыстар қатыстырылады және есептік мерзімнің соңында жиынтық табыс пен зиян шотына кіргізіледі.
Табыстар мен шығыстар туралы есептілік 2 түрлі болуы мүмкін:
- Бөлінбеген табыс есептілік ретінде, бұл жерде таза табыстар немесе зиян табыстардың түзетілуі бөлінбеген пайда шоты белгіленеді.
- Акционерлік капитал туралы есептіліктің 2-ші бөлігінде табыстар мен шығыстар тіркеледі.
II. Табыстардың бухгалтерлік есебі
2. 1 Жылдық жиынтық табыстың есебі
Табыс дайын өнімдерден, сатып алынған тауарлардан және көрсеткен қызметтерден алынады, олардың сатылу құны тараптар аясында жасалған келісім- шартта (контрактіде) анықталады. Ал мәлімеден шығатын табыс сомасы бағасынан немесе сатудан жасалатын жеңілдіктерін ескере отырып, олардың (мәліменің) құндарын өлшейді. Сатып алушылырдың алған активтер үшін төлеген сомасын сату құны деп атайды. Сату құнын анықтаған кезде, тараптар өздерінің келісімшарттарында бухгалтерлік есептің мынадай басты қағидаларына көңіл бөледі: есептеу, шындық, алаламау, яғни, екі жақты да бірдей көру, сақтық жасау т. б. Тауарды сатқаннан түскен табыс келесі жағдайды сақтаған кезде танылады: табыс сомасын үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағалағанда, яғни екі тарап та мәлімеге қатысқан кезде, сатушы қандай соманы сұрап отырғаннын және қандай соманы сатып алушы төлейтіндігін білген жағдайда; мәлімемен байланысты экономикалық олжаны алушы төлейтіндігін білген жағдайда; мәмілемен байланысты экономикалық олжаны және соны субъектінің алу ықтималдығы бар болуы мүмкін. Ал бұл сатушының сатқан тауары үшін келісім -шартта көрсетілген (айтылған) соманы сатып алушының төлейтіндігі туралы сенімін білдіреді.
Келесі шарт сатушыдан сатып алушыға өтетін меншік құқығы болып табылады, бұл әдетте берілген кезден басталады, ал егер сатушы меншік иесі ретінде құқығын және міндеттемесін сақтаған болса, онда ол сатылған болып табылмайды және табыс міндеттемесін сақтаған болса, онда ол сатылған болып табылмайды және табыс танылмайды; мәліме бойынша күтілетін шығын үлкен нөлдік деңгейдегі бағалауды қажет етеді.
Көрсеткен қызметтен және орындалған жұмыстан алынған табыстар, мына жағдайларды қоспағанда, тауарды сатқаннан алынатын табыс ретінде танылады:
- есеп беру күніне мәміленің аяқталу кезеңі үлкен деңгейдегі дәлдікпен анықталса;
- мәмілені жүргізу кезінде жұмсалған шығыстары да, мәмілені аяқтау үшін қажет шығыстары да үлкен деңгейдегі дәлдікпен бағаланса.
Субъект барынша дәлдік деңгейде табысын анықтай алады, ол: мәмілеге қатысушылармен төлем жағдайы мен тәсіліне, күтілетін компенсациясына әрбір тараптың құқығына қатысты мәселелер бойынша мәмілеге қатысушылармен ортақ шешімге келген жағдайда қол жеткізеді.
Мәміленің сипатына қарап оның аяқталу кезеңін анықтаған кезде мына әдістердің бірін пайдаланады:
- белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша жасалған шығыстардың пайыздық қатынасы;
- белгілі бір күнге жалпы мәміле бойынша орындалған қызметтің пайыздық қатынасы;
- орындалған жұмысты талдау.
Аралық негізде жасалатын төлемдер, яғни сатып алушылардан алынған аванстар, табыс болып танылмайды.
Қызмет көрсетудің, яғни мәміленің нәтижесінде үлкен деңгейдегі дәлдікпен табысты анықтау мүмкін болмаған жағдайда, табыс жұмсалған шығыс мөлшерінде танылады, яғни ол сол шығыстың орнын жабады.
Негізгі қызметтен (әрекет етуден) түскен табыстың есебі . Негізгі қызметтерден түскен табыстардың есебі 70-бөлімшесінің «Негізгі қызметтен түскен табыстар» шоттарында ұйымдастырылады. Бұл топқа мына төмендегі синтетикалық, әрі пассивтік шоттар жатады:
6010 - «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоты . Бұл шотта өнімді сатудан, орындалған жұмыстардан және сыртқа көрсетілген қызметтерден түсетін табыстар көрсетіледі. Аталған шотты өнімді, жұмыстарды және қызметтерді жасайтын материалдық өндіріс саласындағы кәсіпорындар пайдаланады. Есепті кезең бойы 6010 - шоттың кредитінде дайын өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатудан түскен табыс сомалары жинақталады.
6010 - шоты бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясы төменде келтірілген.
Қатар
№
Шоттар
Корреспонденциясы
Дайын өнімді, жұмыстарды және қызметтердің сатудан түскен табыс сомасы есепті кезеңнің аяғында 5430 «Өткен жылдардағы пайда» шотына көшіріліп жазылады. Бұл кезде 6010-шоты дебеттеледі де, 5430 - шоты кредиттеледі.
6010 - «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоты. Бұл шотта алынған тауарларды сатудан түскен табыстар көрініс табады. Бұл шотты сауда, сондай-ақ жабдықтау, делдалдық саласында және сыртқы сауда жұмысын ұйымдастыруда қолданады. Саудамен, делдалдық қызметпен және экспорттық-импорттық операциялармен айланысатын кез келген өнеркәсіптік, ауылшаруашылық және басқа кәсіпорындар жоғарыда келтірілген 6010-шот бойынша жасалған корреспонденциямен бірдей болып келеді.
6010 - «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс » шоты. Шотты құрылыс-монтаждау, геологиялық барлау, жобалау-зерттеу және ғылыми-зерттеу кәсіпорындары мен ұйымдары тапсырыс берушілердің жұмыстарын орындағаннан түскен табысты көрсету үшін пайдаланады. Аталған шот, кәсіпорындар келтірілген жұмыстардың түрлерін орындалуы қарастырылған болса ғана пайдалана алады. Шоттарының корреспонденциясы 6010-шот бойынша жасалған шоттардың корреспонденциясымен бірдей болып келген.
6010 - « Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс » шоты. Шотты теміржол, автокөлік, әуе жолы, теңіз жолы, су жолы және көліктің басқа да түрлері (метро, трамвай, троллейбус) жүктерді және жолаушыларды тасымалдау бойынша тиісті қызметтерінен түскен табыстарды есепке алу үшін қолданады. Шоттарының корреспенденциясы 6010-шот бойынша келтірген шоттардың корреспонденциясымен бірдей болып келеді.
6010- « Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс » шоты мүлікті жалға бергеннен түсетін табыстар туралы ақпараттарды жинақтауға арналған.
Мүлікті жалға бергені үшін алынатын жал төлемін есептегене 6010 «Өнімдерді сатудан және қызмет көрсетуден алынатын кіріс» шоты кредиттеледі де, мына төмендегі шоттар:
1220 - «Еншілес ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 1240 «Филиалдар мен құрылымдық бөлімшелердің қысқа мерзімді дебиторлық берешегі», 1230 «Қауымдастырылған және бірлескен ұйымдардың қысқа мерзімді дебиторлық берешегі» -бас және тәуелді серіктестердің есептелген жал төлемінің сомаларына;
2180 - «Өзге ұзақ мерзімді дебиторлық берешек» - әр түрлі жалға алушылардың есептелген жал төлемінің сомаларына;
3520 - «Алдағы кезеңдердің кірістері» -қазіргі есептік кезеңге жатқызылмайтын, алдын ала төленген (1040-ші т. б. шоттардың дебеті, 3520- шоттың кредиті) жол төлемінің сомаларына дебеттеледі.
6010 - шотта есепке алынған табыстар жыл аяғында 5430 - «Жылдық жиынтық табыс (зиян) » шотына көшіріліп жазылады, яғни 6010-шоттың дебеті, 5430- шоттың кредит бойынша көрсетіледі.
6010- «Байланыс ұйымдарының көрсеткен қызметтерінен түскен табыс» шоты; 6010-«Сақтандыру компанияларының қызметінен түскен табыс» шоты; 6010- «Инвестициялық қызметтен түскен табыс» шоты . Бұл шоттар экономиканың тиісті салаларында алынған табыстардың есебіне арналған. Алынған табыстардың сомаларының көрініс беруі 6010-ші және басқа шоттарда есепке алынған өнімді (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен табыстардың көрініс беруімен бірдей болып келеді. Сақтандыру төлемдері сақтандыру келісім шарты бойынша немесе сақтандыру полисі бойынша реттеледі, сақтандыру төлеміне жататын сома 1210 шотының дебетінде және 6010 шотының кредитінде көрініс табады, содан әрі қарай сақтандырудан түскен сақтандыру төлемі ақша қаражаттарын есептейтін шоттардың дебетіне, 1210 шотының кредитіне жатқызылады. Жылдың аяғында 6010 шот жабылады (6010- шотының дебеті, 5430-шоттың кредиті) .
6010 -«Негізгі қызметпен түскен басқа да табыстар» шоты . Бұл шотта негізгі қызметті жүзеге асырудан келген, жоғарыдағы келтірілген шоттарда есепке түспеген табыстар көрініс табады.
Мұндай табыстарға кәсіпорын қызметінің басқа түрлері бойынша жасалған өнімді, жұмыстарды және қызметтерді сатудан (өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы т. б. өнімін сатудан) түскен табыстар жатады. 6010- шоттағы табыстарды көрсету жөніндегі жазбалар 6010-ші және 6010-ші шоттар бойынша келтірілген жазбалармен бірдей болып келеді.
6010- шоттың кредиті бойынша негізгі қызметтен түскен басқа да табыстардың сомасы көрсетілуі мүмкін.
Жылдың аяғында 6010- шотта есепке алынған табыстардың сомалары негізгі табыс шотына көшіріліп жазылады (6010- шоттың дебеті, 5430- шоттың кредиті) .
6010- Өнімдерді сатуда және қызмет көрсетуден алынатын кіріс шоттар бойынша талдау есебі ведомоста бір айда және жыл басынан брі алынған табыстардың басынан аяғына дейін жинақталған түрлері бойынша жүргізіледі.
Негізгі емес қызметтен (әрекет етуден) түскен табыстың есебі. Негізгі емес қызметтен түскен табыстың есебін есептеу үшін шоттардың Бас жоспарының «Негізгі емес қызметтен түскен табыстың есебі» деп аталатын бөлімшесі арналған және оған келесі пассивтік күрделі шоттар жатады. 6210-«активтердің шығуынан түскен кірістер» шоты «Материалдық емес активтерді сатудан түскен табыс» материалдық емес активтерді сатудан келген табыстарды жинақтауға арналған.
Материалдық емес активтерді сатқан кезде мынадай шоттардың корреспонденциясы жасалады (қысқартылып алынған) .
Қатар
№
Сомасы,
теңге
Шоттар
корреспонденциясы
Материалдық емес активтер сатылады:
- қалдық құнына
- тозған (тозу) сомасы
- босатылған (босату) құнына
17
3
211000
Жыл соңында, 6210 және 7410 шоттарында есептелген сомасы, жиынтық жылдық табыс (зиян) шотына есептен шығарылады:
- табыс
- -шығыс
211000
17
6210 - шоты «Негізгі құралдарды сатудан түскен табыс» негізгі құралдарды сатудан түскен табыстарына жинақтауға арналған.
Негізгі құралдарды сатқанда мынадай шоттардың корреспонденциясы жасалады (қысқартылып алынған) .
Қатар
№
Сомасы,
теңге
Шоттар
корреспонденциясы
Негізгі құралдар сатылады:
- қалдық құнына
- негізгі құралдардың тозу сомасына
- босатылған (босату) құнына
3
5
39
Жыл соңында, 6210 және 7410 шоттарында есептелген сомасы, жиынтық жылдық табыс (зиян) шотына есептен шығарылады:
- табыс
- -шығыс
39
3
6210 - шоты «Бағалы қағаздардың сатудан түскен табыс» бағалы қағаздарды сатудан алынған табыстар туралы ақпаратты жинақтауға арналған.
6210 - шот бойы жасалған шоттардың корреспонденциясы төменде келтірілген (қысқартылып алынған) .
Қатар
№
Жылдың аяғында бағалы қағаздарды сатудан алынған табыстардың сомасы жиынтық табыс шотына көшіріліп жазылады:
-табыс
- шығыс
87
6
6120 - «Дивиденттер бойынша кірістер» шоты ұзақ мерзімді жалға берілгеннен қарыздарды (заемдарды), сатып алынған бағалы қағаздарды, пайыз түрінде алынған табыстарды, акция бойынша алынған дивиденттерді есептеуге арналған.
Пайыз түрінде алынатын табыстар 5 БЕС сәйкес активтерден алынатын шынайы табыстарды уақытша қатынастық негізінде ескереді. Мысалы, субъектің тауарды сатып алушыларда 24% жылдық мөлшердегі векселі бар делік. Қарыз сомасынан вексель бойынша ай сайынғы табысы 2% (24/12) құраған. Табыстан төленетін дивидендтер акционерлердің оны алуы туралы құқы белгіленсе ғана танылады.
Акциялар бойынша дивиденттерді, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша есептелінген пайыздарды, берілген қарыздарды алған кезде келесі шоттар корреспонденциясы жасалады.
Қатар
№
Сомасы,
теңге
Шоттар
корреспонденциясы
Кәсіпорынға тиісті акциялар бойынша дивиденттері, алынған бағалы қағаздар үшін пайызы, ұзақ мерзімді жалға үшін төленетін жалға ақысы есептелінеді
Өткен есепті кезеңдерінде алынған табысы яғни 611 «Болашақ кезеңдерінің табыс» шотында ескерілген сомасы, осы есептік кезеңге жатқызылады (алдын ала төлеген жалға төлемі)
Атаулы (номиналдық) құнынан төмен бағаға алынған бағалы бағалы қағаздардан түскен табыс сомасына
Жылдың аяғында, алынған табыс сомасы, жиынтық табыс шотына көшіріліп жазылады
Алынған табыстар 5430 - «Өткен жылдардағы пайда» шотына көшіріліп жазылғаннан кейін 6110 -«Сыйақылар бойынша кірістер» шоты жабылады.
6250 - «Бағамдық айырмадан түскен кірістер » шоты айырбасталатын конверттелетін шетелдік валюталарына шаққандағы теңге бағамының өзгерісі кезеңде пайда болатын бағамдық айырманы есепке алуға арналған.
Бағам айырмашылығынан алынған табысқа шоттардың мынадай корреспонденциясын құрайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz