Қазақстан экономикасының жағдайы



Кіріспе 3
1. Қазақстан экономикасының тарихы 4
2. Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық 5
Қорытынды 15
Пайдаланған әдебиеттер 16
Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.
Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.
1. «Егемен Қазақстан» газет, № 101-1046 30 сәуір 2003ж
2. «Егемен Қазақстан» газет, № 100, 29 сәуір 2004 ж
3. «Егемен Қазақстан» газет, № 56,4 ақпан 2006 ж
4. «Егемен Қазақстан» газет, № 62,21 наурыз 2006 ж
5. «2003-2015 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының индустриалбды-инновациялық даму стратегиясы».
6. «Қазақстан-2030» Президенттің Қазақстан халқына жолдауы
7. Ө.Қ. Шеденов, Ү.С. Байжомартов, Б.А. Жүнісов, Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе 2004ж
8. Мәуленова С.С. тағы басқалары Экономикалық теория – Алматы, 2003.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Қазақстан экономикасының тарихы 4
2. Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық 5
Қорытынды 15
Пайдаланған әдебиеттер 16

Кіріспе
Қазақстан экономикасы - Қазақстанда нақты жұмыс істейтін нарықтық экономика құрылған. 2006 жылғы мамырда экономикадағы жұмыспен қамтылғандар саны 7991,4 мың адам болды. Өнеркәсіптің жетекші салаларының қатарына түсті және қара металлургия жатады. Қазақстанның мысы, қорғасыны, мырышы және кадмийі сапасының жоғары деңгейде болуына байланысты әлемдік нарықта сұранысқа ие және бәсекеге қабілетті.
Қазіргі таңда экономикалық дамудың негізгі көзі елдің шикізат әлеуетін пайдалану болып табылады. 1985 жылмен салыстырғанда көміртегі шикізатын өндіру көлемі 225 пайызға өсті, ал дүние жүзі бойынша бұл көрсеткіш 1,3 есеге жуық өсті. 2005 жылы мұнай өндіру (газ конденсатын қоса алғанда) 61,9 млн. тоннаға, табиғи газ өндіру 25,2 млрд текше м болды. Қазақстанда болашақта ашық кен орындарын игеру есебінен 2015 жылға қарай 150 млн. тонна мұнай және 79 млрд текше м газ мөлшерінде көмірсутегі шикізаты өндіріледі. 2009 жылдан бастап мұнай өндірудің негізгі өсімі Каспий шельфінде байқалады деп көзделіп отыр.
Еуропа елдері Қазақстан экспорты көлемінің негізгі бөлігін алады. Қазақстан ірі отын-энергетикалық өңір болып табылады. Еуропа елдері арасында Қазақстан экспортын негізгі тұтынушылар Швейцария, Италия, Польша, Германия болып табылады. Еуропа елдеріне экспорт жасау мұнай, ферроқорытпалар, металлургия өнеркәсібі өнімдерін, бидай сату есебінен артып отыр. Азия өңіріндегі елдерге қазақстандық өнімдерді жеткізу көлемі ұлғайды, онда негізгі тұтынушылардың бірі қытай өнеркәсібі болып табылады.
1998-2005 жылдар аралығында ЖІӨ-нің нақты көлемі 1,8 есе артты, ал ЖІӨ-нің орташа жылдық өсімі 9,1% болды. 1998-2005 жылдары ЖІӨ-нің жан басына шаққандағы көлемі 2,5 есе артты. Қазақстанның ЖІӨ-нің көлемі 2006 жылы 76 млрд. долларға жетті, ол жан басына шаққанда 5,1 мың АҚШ долларын құрайды.
Қазақстанның қаржы жүйесі ТМД елдерінің ішіндегі ең озық жүйенің бірі деп танылды. Банк секторы өз дамуында Достастықтың басқа елдерінен айтарлықтай алдыңғы қатарда келеді. Қазақстан банктерінің жиынтық активтері (50 млрд. АҚШ долларынан астам) Украина банктерінің жиынтық активтеріне теңеседі. Қазақстан Шығыс Еуропа елдерінің бірқатарынан алдыңғы қатарда. Қазақстанның капиталы сыртқы нарықта белсенді орын алуда, 2005 жылы бұл көрсеткіш 15 млрд. АҚШ долларына жетті. Қазақстан тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды, сыртқы қолайсыз жағдайларға тәуелділікті төмендетуді қамтамасыз ету үшін бірінші болып Ұлттық қор құрды. 2001 жылдан бастап барлық мұнай түсімдерінің 60% Ұлттық қорда жинақталады. Аталған қордың көлемі 2005 жылдың соңындағы 8 млрд долларға қарағанда, 2006 жылы 14,5 млрд. АҚШ доллары болды. Елдің алтын валюталық қоры Ұлттық қорды қоса есепке алғанда 2006 жылғы 30 қарашада 15,086 млрд. АҚШ долларына дейін өсті.

1. Қазақстан экономикасының тарихы
Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерiсiне дейiнгi кезеңде көшпелi мал ш-на негiзделдi. Мал жыл бойы өрiсте бағылады. Жер көшпелi қауымның ортақ меншiгi болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншiкте болды. Шын мәнiнде малдың иесi жайылымға да иелiк еттi. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттiлiгi жойылған кезеңнен бастап, әсiресе, 1891 ж. Дала ережесi өмiрге енгiзiлгеннен кейiн, көшпелi ш-тың сипаты өзгердi. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелiлердiң едәуiр бөлiгiн жерсiз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуiр қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгердi. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлiнген жерлердiң шекарасы айқындала бастады.
9 ғасырың аяғы мен 20 ғ-дың басында көшпелi ш-ты дағдарыс шарпыды. Бұқараның кедей топтары қайыршылыққа ұшырап, мал басы кемiп кеттi. Көшпелiлердiң кедейленген бөлiгi отырықшыға айналды. Дағдарыстың тереңдей түсуiне патша өкiметiнiң ең шұрайлы жерлердi тартып алып, қоныс аударушыларға берген отаршылдық саясаты қатты әсерiн тигiздi. Шын мәнiнде бұл байырғы халықты ата мекендерiнен күшпен ығыстырып, құнарсыз жерлерге қуу болды. 1917 жылға дейiн патша үкiметi қазақтардан 45 млн. гектардан астам жердi тартып алып, iшкi Ресейден келген жаңа қоныс тебушiлерге алып бердi. Патша үкiметiнiң қоныс аудару саясаты жергiлiктi халықтың экон. мүдделерiне нұқсан келтiрдi. Ол қазақтардың ата-бабаларының құнарлы қоныстарын қоныс аудару қорына күшпен алып қосу арқылы жартылай отырықшы мал ш-на және егiншiлiкке бейiмделмеген қазақ көшпелiлерiнiң табиғи дамуын тежедi. Көшпелi ш. дағдарысы құнары аз аймақтарға ығысқан жұрттан мал ш-н анағұрлым тиiмдi жүргiзудi, сондай-ақ, егiншiлiк пен отырықшылыққа көшу мәселесiн шұғыл күн тәртiбiне шығарды. Қазақ халқының жерге қоныстану, оны пайдалану жолындағы күресi, атап айтқанда, жердi әдiл бөлу, орталықтан көшiрiп келген шаруаларға кепiлдi жер телiмдерiн қазақтардан тартып алып берудi доғартуға ұмтылу аса маңызды мәселелердiң бiрiне айналды. Қазақтардың Мемл. Думаға, басқа да мекемелерге жазған көптеген арыздарында жер иелену құқықтарының нақты еместiгi салдарынан көшпелi ш-тар жағдайының тиянақсыз болып отырғандығы атап көрсетiлдi. Мұның өзi олардың еңсесiн түсiрдi, ертеден орныққан үй-жай, қора-қопсыларынан айрылып, шөл және шөлейт, басқа да қолайсыз аймаққа қайта орнығуға, шаруашылықты жетiлдiруге деген ықыласын кемiттi. Отырықшылыққа көшу қазақ шаруалары үшiн қиын үдерiс болды. Жер иелену құқығымен қоса бұған белгiлi бiр мөлшерде қаржы-қаражат та қажет едi. Ал патша үкiметi қандай да бiр көмек көрсетуден бас тартты. Осындай себептерге байланысты қазақ жерiнде отырықшылыққа көшу кең таралмады. Бұл үдерiс егiншiлiктi дамытуға анағұрлым қолайлы жағдайлары бар солт.-шығыс облыстарда, қоныс аударған орыс шаруаларымен тығыз араласқан жерлерде өрiс алды. Сөйтiп, Қазақстанда әрқилы табиғи-геогр. және тарихи жағдайларға байланысты шаруашылықтың көшпелi, жартылай көшпелi және отырықшы сияқты үш түрi қалыптасты. Соңғы екеуiнде шөп шабу мен егiншiлiктi дамыту нәтижесiнде а. ш. машиналары пайдаланыла бастады. Қазақ ауылдарында бұл машиналарды алдымен бiрлесiп, кейiнiрек жекелеген адамдар несиеге сатып алды. 1908 ж. тек Ақмола облысының қазақтарында 6160 шөп шабатын машина болды.
Тауар-ақша қатынастары қазақ ауылына дендеп енiп, бiр жағынан, шаруалардың шаруашылық қызметiнiң ауқымын кеңейттi, екiншi жағынан, өсiмқорлық сауда-саттықтың дамуына жол ашты. Дәулеттiлер бүкiл малды, қауымдық жерлердi өз қолдарына шоғырландырып, барлық су көздерiн, қыстақтар мен жайлауларды иемденiп алды. Қазақ қоғамының көпшiлiгi iс жүзiнде өндiрiс құрал-жабдығы жоқ кедейлер едi. Сауда-саттықты кәсiп етушiлер мен өз шаруашылығында жалдама еңбектi пайдаланушылардың қатары молайып, саудагерлiк-кәсiпкерлiк өрiс алды. Сөйтiп, қазақ жерiндегi нарықтық қатынастардың алғашқы нышандарының шаруашылыққа, шаруаның жеке тұтыну қажетiне ықпалы күшейдi.
Тауар-ақша қатынастарының дамуына, қазақ ауылының экономикасындағы басқа да өзгерiстерге байланысты, жер жекелеген адамдардың жеке меншiгiне айнала бастады. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Қазақстан экономикасында әр түрлi экон. ұстындардың астасуы байқалды.
2005 жылғы қаңтар-қараша аралығында Қазақстан Республикасының сыртқы сауда айналымы ұйымдастырылмаған сауданы қоспағанда 41016,4 млн. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сұраныстың және жоғары экспорттық бағалар нәтижесінде экспорт 25197,4 млн. АҚШ доллары болды. Тұрақты ішкі сұраныстың қалыптасуы нәтижесінде импорт 15819 млн. АҚШ долларын құрады.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында сыртқы сауда географиясы негізінен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығымен шектелсе, ол қазір айтарлықтай кеңейді. 2004 жылы Қазақстанның тауар айналымы құрылымында бірінші орынға ЕО-қа мүше елдер, Ресей, Швейцария және Қытай шықты.

2. Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық

Республикадағы саяси және экономикалық тұрақтылық, қолайлы инвестициялық жағдай дүние жүзіндегі Қазақстанның жоғары рейтингінің сақталуына ықпал етті.
Жылы
Жалпы ішкі өнім
АҚШ долларының айырбас бағамы
Инфляция индексі
(2000=100)
Жан басына шаққандағы ЖІӨ
(АҚШ деңгейінің % үлесі)
1995
78,014,200
61.11 теңге
64
3.81
2000
102,599,902
142.26 теңге
100
3.53
2005
147,453,000
132.88 теңге
140
9.01
Қазақстан бүгінгі таңда ТМД елдерінің ішінде бірінші болып Moody's Investors Service, Standard & Poor's и Fitch Rating's Ltd сияқты жетекші халықаралық рейтингтік агенттіктердің инвестициялық класс рейтингін алды.
2005 жылғы 20 желтоқсанда Fitch Rating's рейтингтік агенттігі Қазақстан Республикасының инвестициялық рейтингін шетел валютасындағы ұзақ мерзімді облигациялар бойынша ВВВ деңгейіне дейін және ұлттық валютадағы ұзық мерзімді облигациялар бойынша ВВВ+ деңгейіне дейін жоғарылатты, сондай-ақ шетелдік валютадағы қысқа мерзімді облигациялар бойынша Ғ3 деңгейін растады. Бұл ретте барлық берілген рейтингтер тұрақты екені болжанып отыр. Осы агенттіктің соңғы есебіне сәйкес, Қазақстанда минералдық ресурстардың қомақты қорының болуы оның экономикалық келешегі зор екенін айқындайды.
Қазіргі уақытта Қазақстан Бүкіл әлемдік банктің жіктеуі бойынша, кірісі орта деңгейден жоғары елдердің тобына жатады. Тұрмыс сапасының негізгі көрсеткіштерін салыстырсақ, соңғы 10 жыл ішінде қазақстандықтардың ақшалай табысы орта есеппен 5 есе өсті; орташа айлық жалақы 6 есеге жуық өсті; ең төменгі жалақы 25 есе өсті; ең төмен жалақы мөлшері 25 есе; зейнетақының орташа айлық мөлшері 4,6 есе артты.
2006 жылғы мамырдағы жұмыссыздық деңгейі 7,7% мөлшерінде қалыптасты (2005 жылғы мамырда - 8,2%). Мемлекеттің 2005 жылы тегін медициналық көмектің кепілді көлеміне бөлінген шығыстары 2003 жылмен салыстырғанда 1,7 еседен астам өсті.
Қазақстан экономикасы көне заманнан бастап Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде көшпелі мал ш-на негізделді. Мал жыл бойы өрісте бағылады. Жер көшпелі қауымның ортақ меншігі болып саналып, қазақ шаруалары оны қауымдасып пайдаланды. Мал жеке меншікте болды. Шын мәнінде малдың иесі жайылымға да иелік етті. Қазақстан Ресейге қосылған, одан мемлекеттілігі жойылған кезеңнен бастап, әсіресе, 1891 ж. Дала ережесі өмірге енгізілгеннен кейін, көшпелі ш-тың сипаты өзгерді. Тауар-ақша қатынастарының дамуы көшпелілердің едәуір бөлігін жерсіз қалдырды, ал шұрайлы жайылымдық алқаптар ауқаттылардың қолына шоғырланды. Көшу ұзақтығы едәуір қысқарып, табынның құрылымы және малды бағып-күту жағдайлары өзгерді. Тұрақты тұрғын үйлер мен мал қоралары пайда болды. Болыстар мен ауылдарға бөлінген жерлердің шекарасы айқындала бастады.
19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында көшпелі ш-ты дағдарыс шарпыды. Бұқараның кедей топтары қайыршылыққа ұшырап, мал басы кеміп кетті. Көшпелілердің кедейленген бөлігі отырықшыға айналды. Дағдарыстың тереңдей түсуіне патша өкіметінің ең шұрайлы жерлерді тартып алып, қоныс аударушыларға берген отаршылдық саясаты қатты әсерін тигізді. Шын мәнінде бұл байырғы халықты ата мекендерінен күшпен ығыстырып, құнарсыз жерлерге қуу болды. 1917 жылға дейін патша үкіметі қазақтардан 45 млн. гектардан астам жерді тартып алып, ішкі Ресейден келген жаңа қоныс тебушілерге алып берді. Патша үкіметінің қоныс аудару саясаты жергілікті халықтың экон. мүдделеріне нұқсан келтірді. Ол қазақтардың ата-бабаларының құнарлы қоныстарын қоныс аудару қорына күшпен алып қосу арқылы жартылай отырықшы мал ш-на және егіншілікке бейімделмеген қазақ көшпелілерінің табиғи дамуын тежеді. Көшпелі ш. дағдарысы құнары аз аймақтарға ығысқан жұрттан мал ш-н анағұрлым тиімді жүргізуді, сондай-ақ, егіншілік пен отырықшылыққа көшу мәселесін шұғыл күн тәртібіне шығарды. Қазақ халқының жерге қоныстану, оны пайдалану жолындағы күресі, атап айтқанда, жерді әділ бөлу, орталықтан көшіріп келген шаруаларға кепілді жер телімдерін қазақтардан тартып алып беруді доғартуға ұмтылу аса маңызды мәселелердің біріне айналды. Қазақтардың Мемл. Думаға, басқа да мекемелерге жазған көптеген арыздарында жер иелену құқықтарының нақты еместігі салдарынан көшпелі ш-тар жағдайының тиянақсыз болып отырғандығы атап көрсетілді. Мұның өзі олардың еңсесін түсірді, ертеден орныққан үй-жай, қора-қопсыларынан айрылып, шөл және шөлейт, басқа да қолайсыз аймаққа қайта орнығуға, шаруашылықты жетілдіруге деген ықыласын кемітті. Отырықшылыққа көшу қазақ шаруалары үшін қиын үдеріс болды. Жер иелену құқығымен қоса бұған белгілі бір мөлшерде қаржы-қаражат та қажет еді. Ал патша үкіметі қандай да бір көмек көрсетуден бас тартты. Осындай себептерге байланысты қазақ жерінде отырықшылыққа көшу кең таралмады. Бұл үдеріс егіншілікті дамытуға анағұрлым қолайлы жағдайлары бар солт.-шығыс облыстарда, қоныс аударған орыс шаруаларымен тығыз араласқан жерлерде өріс алды. Сөйтіп, Қазақстанда әрқилы табиғи-геогр. және тарихи жағдайларға байланысты шаруашылықтың көшпелі, жартылай көшпелі және отырықшы сияқты үш түрі қалыптасты. Соңғы екеуінде шөп шабу мен егіншілікті дамыту нәтижесінде а. ш. машиналары пайдаланыла бастады. Қазақ ауылдарында бұл машиналарды алдымен бірлесіп, кейінірек жекелеген адамдар несиеге сатып алды. 1908 ж. тек Ақмола обл-ның қазақтарында 6160 шөп шабатын машина болды.
3. Тауар-ақша қатынастары
Тауар-ақша қатынастары қазақ ауылына дендеп еніп, бір жағынан, шаруалардың шаруашылық қызметінің ауқымын кеңейтті, екінші жағынан, өсімқорлық сауда-саттықтың дамуына жол ашты. Дәулеттілер бүкіл малды, қауымдық жерлерді өз қолдарына шоғырландырып, барлық су көздерін, қыстақтар мен жайлауларды иемденіп алды. Қазақ қоғамының көпшілігі іс жүзінде өндіріс құрал-жабдығы жоқ кедейлер еді. Сауда-саттықты кәсіп етушілер мен өз шаруашылығында жалдама еңбекті пайдаланушылардың қатары молайып, саудагерлік-кәсіпкерлік өріс алды. Сөйтіп, қазақ жеріндегі нарықтық қатынастардың алғашқы нышандарының шаруашылыққа, шаруаның жеке тұтыну қажетіне ықпалы күшейді.
Тауар-ақша қатынастарының дамуына, қазақ ауылының экономикасындағы басқа да өзгерістерге байланысты, жер жекелеген адамдардың жеке меншігіне айнала бастады. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында Қазақстан экономикасында әр түрлі экон. ұстындардың астасуы байқалды.
Столыпиннің аграрлық реформасы Қазақстанға қоныс аударушылардың шаруашылығында жеке меншікті қалыптастыруға негізделді. Қоныс аударушылар жаңа қоныстарда жерді қауымдасып пайдаланды, көптеген жұмыстарды бірлесіп атқарды. Орыс кулактары хуторлық шаруашылық жүргізді. Шұрайлы жерлерді кесіп алып, тағылықпен пайдаланды. Қоныс аударғандардың анағұрлым жетілген еңбек құралдары және егіншілік мәдениетінде жинақтаған едәуір тәжірибесі болды.
Халықтан жиналатын түрлі алым-салықтар жылдан-жылға өсе түсіп, еңбекшілерге ауыртпалық әкелді. Сол кезеңдегі елге салынған негізгі салық түрлері: мемл. төлемдер (түндік басы алымы, земство жарнасы), болыстық жарналар (шығын, қарашығын, т.б.), натуралды міндеткерліктер. Түндік басы алымы (түтін салық) мемл. жерді пайдаланғаны үшін төленетін салық-рента болатын. Ресми түрде ол халықтың әл-ауқатына қарай салынуға тиіс болса, іс жүзінде билеп-төстеушілер оны түндік иелерінің бәрінен бірдей мөлшерде алып отырды. Шығын салығы болыстың және болыс кеңсесінің мұқтаждарына жарату үшін жиналды. Оның көлемін алдын ала білу мүмкін емес еді, өйткені оны кез келген сылтаумен, тіпті сылтаусыз да жинай беретін. Ақшасы жоқтығынан кедейлер өсімқорларға жүгінуге мәжбүр болды, мұның өзі алым-салық ауыртпалығын бұрынғыдан әрі күшейтті.
Қазақстанда қолөнері кәсібі ғасырлар бойы көшпелі ш-пен байланысты дамыды. Өздері тұтынатын қажетті өнімнің көбісін әр отбасы өзі немесе ағайын-туыс, көрші-қолаң көмегімен өндірді. 19 ғ-дың 2-жартысында қолөнерді (киіз үй, ер-тұрман, зергерлік бұйымдар, т.б. жасау) негізгі кәсібі еткен шеберлер мен ісмерлер пайда бола бастады. Олар ауыл-ауылды аралап жүріп жұмыс істеді. 19 ғ-дың аяғы мен 20 ғ-дың басында өндірушілер тауарды тұтынушылардың тапсырысы бойынша ғана емес, базарға сату үшін де өндіретін майдагерлік дами бастады.
Қазақ еліне орыс капиталының енуі өлкеде өнеркәсіптің дамуына түрткі болды. Қарағанды көмір кеніші, Успен мыс өндірісі, Спасск мыс қорыту з-ты, Қалба алтын кен орындары, т.б. ірге көтерді. Кәсіпкерлер өлкенің аса бай табиғи қорларын рәсуа етіп, бей-берекет пайдаланды. А.ш. өнімдерін өңдейтін: тері илеу, былғары жасау, май шайқау, май айыру, сабын қайнату, т.б. өнеркәсіп орындары дами бастады. Әдетте, мұндай кәсіпорындар қарапайым ғана техникасы және 3 - 5 жұмысшысы бар жартылай қолөнерлік шағын майдагерлік сипатта болды. Бұл кезеңде а. ш. шикізатын өңдейтін қарапайым қолөнер шеберханалары мен ұстаханалары сипатындағы алғашқы ұлттық өнеркәсіп орындары қалыптасты. 1900 ж. Қазақстанда 2668 өнеркәсіп болса, 1913 ж. олардың саны 6000-ға жетті. Орыс капиталынан кейін іле-шала Қазақстанға (әсіресе 19 ғ-дың аяғында), негізінен кен өнеркәсібіне, шет ел капиталы да ене бастады. Орыс және шет ел монополияларының Қазақстандағы акцион. капиталы 71 млн. сомға жетті. Ол негізінен кен және мұнай өнеркәсіптерін қамтыды. Зауыттарды, кеніштер мен бай кен орындарын иемденіп алған шетелдіктер Қазақтанда өндіріс салаларын дамытуды мақсат етпеді. Олар мүмкіндігінше мол пайдаға кенелуді ғана көздеді. Осы кезеңде Қазақстанның едәуір жерінде темір жол тартылды (қ. Темір жол көлігі), Сібір және Орынбор - Ташкент темір жолы салынды. 1917 ж. оның жалпы ұз. 2793 км-ге жетті. Мұның өзі Қазақстанның түрлі аудандарының арасындағы экон. байланыстарды күшейтуге мүмкіндік ашты. Солт. аймақтарда саудалық егіншілік аудандары және бүкіл Қазақстан аумағы бойынша тауарлы мал ш. аудандары пайда болып, Қазақстан а. ш-ның тауар-ақша қатынастарына тартылуы күшейе түсті. Т. ж. ст-лары мен аймақтардан ішкі аудандарға жүк таситын және жүк алып қайтатын жергілікті көлік, пошта байланысы кәсіпкерлік қызмет аясына айнала бастады. Кәсіпқой жүк тасушылар пайда болды, ал қазақ кәсіпкерлері ұстап отырған пошта бекеттерінде 8 - 10 ат айдаушыға дейін жұмыс істеді. Алайда, өнеркәсіп пен көліктің дамуы өте төмен деңгейде қалды. Өлкенің жалпы ұлттық табысындағы өнеркәсіп өнімінің өзіндік үлес салм. 10%-дан аспады. Капитал, маман жұмыс күші, байланыс және көлік құралдары жетіспеді. Оның үстіне патша өкіметі қазақ өлкесін өзінің шикізат көзі, тауар өткізетін рыногі, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық өсудің жаңа моделі
Қазақстанның экономиканың қозғайтын күші шикізат
Мемлекеттің қаржылық жоспарлары
Оңтүстік Қазақстан облысының әлеуметтік – эконмикалық дамуының орны мен ролі
Аймақтық экономика дамуының теориялық негіздері
Ұлттық экономикаға инвестиция тартуды ынталандыру
Аймақ экономиканың дамуын мемлекеттік реттеу
Италия экономикасының құрылымы
Нарықтық экономиканың мақсаттары
Қазақстан Республикасының қалыптасу және даму стратегиясы
Пәндер