Әлеуметтік жұмыстың профилактикасы


Кіріспе3
1. Әлеуметтік жұмыстың профилактикасы4
2. Медициналық профилактика6
3. Медициналық-әлеуметтік профилактика және ерте кешкенді көмек. 8
Қорытынды9
Пайдаланғани әдебиеттер10
Қазіргі уақытта көптеген отбасылар қоғам талап ететін функцияларды толық орындау үшін көмек пен қолдауды қажет етеді. Мұндай көмекті толық емес және көпбалалы, жалғыз басты отбасылар, әскери қызметкерлер, мүмкіндігі шектелген балаларды бағатын, асыранды бала бағатын, мүгедек ата-аналары бар, студенттік, қашқындар, мигранттар, жұмыссыздар т. б. отбасыларқажет етеді.
Бұл бойынша әлеуметтік жұмыс күнделікті отбасылық проблема, отбасындағы позитивті қатынасты дамыту және бекіту, ішкі ресурстарды қалпына келтіру, әлеуметтік-экономикалық қол жеткізген жағымды нәтижелерді және әлеуметтендіруші потенциалды тұрақтандыруға бағытталуы тиіс.
Осыған орай әлеуметтік қызметкер төмендегідей функцияларды орындайды:
диагностикалық (отбасы ерекшеліктерін, оның потенциалын зерттеу) ;
қорғаушылық (отбасын құқылық қорғау, әлеуметтік кепілдікпен қамтамасыз ету, оның құқылары мен бостандығын жүзеге асыру үшін жағдайлар жасау) ;
әлеуметтік-психолого-педагогикалық (отбасы мүшелерін психолого-педагогикалық ағарту, жедел психологиялық көмек, профилактикалық қолдау және патронаж) ;
ұйымдастырушылық-коммуникативтік (қарым-қатынасты, біріккен іс-әрекетті, демалыс, шығармашылықты ұйымдастыру) ;
прогностикалық (мекен-жайлық көмектің нақты бағдарламасын жасау және жағдаятты модельдеу) ;
координациялық (отбасылар мен балаларға көмек департаментерінің, халыққа әлеуметтік, реабилитациялық орталықтар мен қызметтердің, білім беру мекемелеріндегі әлеуметтік педагогтардың, жағымсыз отбасылармен күресетін ішкі істер органдарының күштерін біріктіру, байланысты ұйымдастыру және қолдау) .
1. Әлеуметтік жұмыстың профилактикасыӘлеуметтік жұмыстың негізгі үш бағытын бөліп көрсетуге болады: диагностикалық, реабилитациялық, профилактикалық. .
1. Диагностика отбасы және оның мүшелері туралы ақпарат жинақтайды, талдайды, проблеманы анықтайды.
Отбасын диагностикалау - әлеуметтік қызметкерден төмендегідей принциптерді сақтауды талап ететін, қиын да жауапты процесс.
- обьективтілік, алынатын ақпараттың өзара бірін-бірі толықтыруы және тексеруі;
- клиентоцентризм (проблемаға клиенттің қызығушылығына сәйкес қарау) ;
- конфиденциалдық, әдістер мен әдістемлердің адекваттылығы;
- клиенттің жеке өміріне араласпау құқығын сақтау және ұсынылатын әрекетке оның реакцияларының мүмкін болатын варианттарыналдын-ала көру.
Отбасын диагностикалау - ойластырмаған іс-әрекет пен қорытындылар жасамауды талап ететін ұзақ процесс.
Отбасындағы жағдаяттың дамуын диагностикалау үшін мынадай зерттеу әдістері қолданылады: бақылау, әңгімелесу, анкеталау, тестілеу. Шешім қабылдау, түзету бағдарламаларын жасауға шкалалық, үлестірме қағаздық, проективті, ассоциативті, экспрессивті әдістемелер көмегін тигізеді. Көптеген пайдалы ақпараттарды маман отбасы, оның мүшелеріне қатысты өмірбаяндық және құжаттарды талдау әдістері арқылы ала алады.
Алынған диагностикалық материалдардың негізінде оның мүшелері, жастары, та-аналары мен балаларының білімдері, олардың мамандықтары, ерлі-зайыптылардың жұмыс орындары, отбасы кірістері, денсаулық жағдайлары, тұрмыстық жағдайлары, отбасындағы өзара қарым-қатынастағы негізгі проблемалар туралы мәлімет көрсетілген отбасының әлеуметтік картасын құрастыруға болады. Бұл картада мүмкіндігінше отбасының экономикалық дамуына болжау жасау, көмек вариантын (жедел, тұрақтандырушы, профилактикалық) ұсыну және реабилитацияның қажеттілігін аргументтеу керек. Картаны толтыруға әлеуметтік-педагогикалық паспорттағы мәліметтерді пайдалануға болады.
2 . Реабилитация - бұл отбасындағы жоғалған жағымды жағдайды қалпына келтіру мен жаңаларды қалыптастыруға мүмкіндік беретін шаралар жүйесі. Отбасы және оның мүшелерін реабилитациялау мақсатында әлемдік тәжірибеде отбасылар мен балаларға әлеуметтік қызмет көрсету мекемелері, территориялық орталықтар, медико-психолог-әлеуметтік және мультипәндік кризистік орталықтар қолданылады. Олардың іс-әрекетінің мазмұны отбасы мүшелеріне және жеке адамға олардың ресурстарын көбейту және қолдау, отбасы мүшелерінің басқа құндылықтарға бағыттау, олардың ұстанымдарын өзгерту үшін түрлі көмек түрлерін (заң, медициналық, психологиялық, әлеуметтік) ұсыну. Мұндай мекемелерде отбасы мүшелері мамандардан кеңес алады, топтық сабақтарға қатыса, реабилитациялық бағдарламаларға қосыла алады.
Сонымен қатар реабилитациялық функцияны отбасына көмектің үйге баратын формасына түрлі процестер мен әдістемелер кешені кіреді.
Біріншіден, бұл отбасына және оның мүшелеріне көмектің кризистік варианттары («сенім телефоны», супервизор көмегімен отбасына бару, стационардағы жедел психологиялық көмек) .
Екіншіден, тиісті әлеуметтік қызмет және маман жоқ тұрғылықты жерлердегі көмек. Бұл жағдайда тренингілік топтармен жұмыс, қысымды түсіру әдістемесі, индивидуалдық және топтық кеңес беру, семинарлар жүргізіледі. Жылжымалы бригадалар бағдарламаны жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
Үшіншіден, патронаж . Әлеуметтік жұмыста бұл терминнің мәні кең: бұл ерекше назар аударуды талап ететін, адамдардың кейбір категорияларына арнайы қызмет көрсету жүйесі. Үй жағдайында патронаж ішкі және сыртқы ресурстарды мобилизациялау мақсатымен жүзеге асырылады.
Патронаж белгілі реабилитациялық бағдарламадан өткен адамды үйге қайтаруда үлкен роль атқарады. Бұл жағдайда ол балалар немесе кризистік орталықтағы реабилитация курсы аяқталғанға дейін басталу керек.
Патронаждың төмендегідей кезеңдері бар:
1. Дайындық - отбасына қатысты мәліметтердің барлығымен танысу, әңгімелесу сұрақтарын құрастыру т. б.
2. Кіріспе бөлім - отбасы мүшелерімен тікелей танысу, келу мақсаттары, көрсетілетін көмек туралы айту.
3. Ақпарат жинақтау және бағалау - отбасы құрамы және жағдайы, ондағы өзара қатынас, бала тәрбиелеу әдістері, қаржылық жағдай, отбасы мүшелерінің денсаулығы, бала не ата-ана үшін маңызды оқиғалар туралы мәліметтер жинақтау, әлеуметтік карта толтыру, әлеуметтік қорғау қызметі шеше алатынпроблеманы анықтау.
4. Қорытынды - отбасы мүшелері алдында тұрған проблеманы нақтылау, түйіндеу, болашақ әрекет тактикасын бірігіп таңдау, ұсынылатын көмек түрлері туралы ақпарат беру, әлеуметтік қызметтердің толық меке-жайларын хабарлау.
5. Отбасымен жұмыс жасайтын басқа мамандармен (мектептердің әлеуметтік педагогтары, бала құқығы жөніндегі инспекторлар, білім беру, денсаулық сақтау, ІІБ органдарының мамандары т. б. ) байланыс орнату .
6. Есеп - отбасын зерттеу актісіне тексеру нәтижелерін толық сипаттау, отбасымен болашақ жұмыстың жеке бағдарламасын құрастыру.
Отбасы проблемалары, оның күрделілігі патронаждың түрлі кезеңдерінде минимум-бғдарлама және максимум-бағдарлама деп аталатын бағдарламалар жүзеге асырылады.
Минимум-бағдарламалар отбасындағы өте құнды нәрселерден кенеттен айырылуына байланысты оқиғаларға бағытталған. Мысалы, жақындары, туыстарының денсаулығы, жұмыс, өрт нәтижесінде үйден т. б. айырылу. Мұндай жағдайларда әлеуметтік қызметкердің әрекеті обьективті шектеулерге қарамастан қысқа уақыт ішінде отбасы мүшелерінің қабілеттерінің оптималды қызмет атқаруын қалпына келтіруге бағытталады.
Максимум-бағдарламалар жоғалтқан нәрсенің орнын толтыру қажет кезде ғана емес, өмірлік позицияның бағытын өзгерту, отбасы мүшелерінің мінез-құлықтарын түзету және ауыстыруға қол жеткізу үшін де керек. Әсіресе масштабты өзгерістер түрлі мамандар мен қызметкердің потенциалын біріктіру, ұзақ та ерекше күш салуды талап етеді.
Жоғары айтылған әрекеттерден басқа отбасы және оның мүшелерімен кеңес беру және психотерапиялық жұмыс жүйелі жүргізілуі керек.
Патронажды реабилитация қол жеткізген нәрсені тек бекітудің сәтті формасы ғана емес, сонымен бірге профилактика болып саналады. Реабилитация отбасымен жұмыс істеудің үш деңгейін қарастырады: индивидуалдық (кеңес беру, патронаж), топтық (тренинг, жобалау) және қауымдық (әлеуметтік акциялар, әлеуметтік шығармашылық, бұқаралық мейрамдар) .
2. Медициналық профилактикаМедициналық профилактика немесе алдын-алу отбасының толыққанды қызмет істеуін қамтамасыз ететін, болуы мүмкін проблемаларды тоқтататынпрвентивті шаралардың кешенінен тұрады. Алдын-алудың бір жолы -оқыту және ағартудың арнайы бағдарламасын жасау. Мысалы, отбасы проблемаларын және отбасы тәрбиесін зерттеу ата-аналар көбіне баланың эмоционалдық, интеллектуалдық, физиологиялық қажеттіліктерін қажетті сапалы деңгейде қанағаттандыратын және ұстап тұратын жағдайлар жасау, өзара қатынасты реттеуге қажетті білім мен іскерлік меңгеру мәселелері бойынша мамандардың көмегін қажет ететіндігін көрсетеді.
Ағарту бағдарламасының негізінде ата-аналарды тәрбиелеудің қарапайым шеңберінен тыс тұжырымдамалар мен модельдер алынады. Олар ересектерді түрлі адамдармен қатынаста пайда болуы мүмкін проблемаларды шешу, түрлі жағдаяттардағы мінез-құлық түрін таңдауда өз бетімен жұмыс жасауды кеітуге бағыттайды.
Мысалы, Ю. Хямяляйнен бірнеше модельдерді пайдалануды ұсынады.
А. Адлердің моделі ата-аналардың, отбасының басқа да мүшелерінің мінез-құлқын өзара сыйластық, біріктіру, теңдік принциптерін ескеру арқылы мақсатты және саналы түрде өзгертуге негізделген. Міндет ата-аналарды баланың ерекшелігін сыйлау, оның индивидуалдылығын мойындауға оның істерінің мотивтерін анықтауға үйрету.
Б. Скиннердің оқу-теориялық моделі ата-аналарды жағымды және теріс бекіту арқылы жедел қарқынмен қайта оқыту және үйретуге шақырады. Бұл модельге негізделген бағдарламаның мақсаты ата-аналарды өз баласының мінез-құлқын бақылау біліктілігіне, оны талдау және реттеуге үйрету.
Т. Гордонның сезімдік коммуникация моделі ата-аналарды қарым-қатынастағы диалогтыққа бағыттайды және біліктілікті қалыптастыруға ұмтылады. Біріншіден, белсенді тыңдау, екіншіден, «екеуі де дұрыс» ұстанымын жетекшілік ету және, үшіншіден, балаға өз пікірін білдіруге мүмкіндік беру.
М. Джеймс пен Д. Джонгардтың моделі адам түрліше: балаша, ата-анаша, ересекше әрекет ететін фактіні мойындауға, транзактілік талдауға негізделген. Мұны түсіну отбасы мүшелеріне компромисс, келісім көмегі арқылы өз қарым-қатынасын реттеуге үйретеді.
Алдын-алу элементі ретінде ата-аналарды, отбасының барлық мүшелерін ағарту қиындықты жеңу біліктіліктерін қалыптастыру, қарым-қатынасты реттеу және басқалардың бойында аналогиялық біліктіліктерді жасауға біліктілікке оқытады.
Бұл жағдайда тренингтер отбасы мүшелерінің, ерлі-зайыптылардың, ата-ананың коммуникативтік компетенттілігін дамытуға бағытталған.
Отбасын әлеуметтік қорғаудың экономикалық мазмұны бар және оны әлеуметтік қызметкер өз практикалық іс-әрекетінде жүзеге асырады. Бұл тұрғын үйлік және басқа да көмекпен қамтамасыз ету, транспорттық, коммуникалдық қызмет, медициналық, заң және әлеуметтік көмек, азық-түлікпен қамтамасыз ету, білім беру қызметі сферасындағы қолдау, жұмыспен қамтамасыз ету.
Осылайша, отбасымен әлеуметтік жұмысқа экономикалық, заңдық, психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық астарлар қатысты, және бұл маманнан бұл ғылымдардың негізін білу, олардың технологияларын меңгеруді талап етеді.
Егер мынадай сипаттарға ие болса отбасы жағдайы нашар деп есептеледі: өзін-өзі төмен бағалау, мінез-құлықтың стереотиптілігі, әлеуметтік байланыстардың шектеулігі және өзіндік ерекшелігі, олардың таңдамалылығы және тарлығы, ауру отбасыішілік қатынастардың түрлі этиологиялары. Яғни, жағдайы нашар отбасыға белгілі уақыт аралығында дестабилизациялаушы отбасыдан тыс және отбасыішілік факторлардың ықпалына қарсы тұра алмайтын отбасылар жатады.
Мұндай отбасыларда тұлғаның культы басым, әркімнің назары өзіне бағытталған, қарым-қатынас шеңбері тұрақты емес, отбасындағы кейбір мүшелердің қажеттіліктері орындалмайды.
Мұндай отбасыларда түрлі проблемалар болады. Мұндай отбасыларды былайша бөлуге болады:
ата-аналық міндеттер атқарылмайтын, жақын адамдарды аморальды іс-әрекетке тарту болатын, отбасы мүшелерімен қатал қарым-қатынас жасайтын, отбасы мүшелерінің, әсіресе балалардың денсаулығына қауіп төндіретін қылмыстық отбасылар;
ерлі-зайыптылар, ата-ана мен балалар, аға-іні-апа-сіңлі арасындағы өзара қарым-қатынаста қиыншылықтар бар және дамып отыратын дау-жанжалды отбасылар;
сырттай жағдайы жақсы болғанымен, балалардың мінез-құлқында түрлі девиациялар көрінетін педагогикалық қалыптаспаған отбасылар.
3. Медициналық-әлеуметтік профилактика және ерте кешкенді көмек.МӘП патронаж процесінің негізі болып ерте диогностикамен ерте комплексті көмек болып табылады. ООН ассмблеясының 1993ж 20 желтоқсанда қабылданған мүгедектер үйіне мүмкіндіктерді қамтамасыз ету ережесінде мүгедектер профилактикасының комплексті құрылымын анықтау көзделген.
Мүгедекті алдын алу тек медициналық мінездемеге алғашқы медициналық-санитарлы көмекке тән емес, сонымен қатар бала дамуын ерте қарастыру, психо-физикалық функцияларының қалыптасуында екінші ақаулықтың пайда болу мақсаты мен профилактикалық жұмыстарға тән. Бұл программаның негізгі теоритикалық базасын қалаған Л. С. Выготскийдің ойлау процестерін қалыптсатыруға арналған пркатикалық әрекет түсінігі туралы жұмыстары. Оның теориясындағы даму зонасы және екінші деффект профилактикасы арнайы білім берудегі жаңа зерттеулерге маңызды әсер етуде.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz