Жаһандық экологиялық проблемалар


Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 2

  1. Құқықтың пайда болуы мен дамуы . . . 3Құқық туралы негізгі түсініктер . . . 7
  2. Экология . . . 9Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі мен проблемалары . . . 102004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасын әзірлеудің өзектілігі және басымдықтары . . . 12

3 Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мақсаты, негізгі міндеттері мен қағидаттары . . . 12-13

3. 1Экологиялық қауіпсіздіктің мақсаты . . . 13

3. 2 Экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің негізгі қағидаттары . . . 13

4 Жаһандық экологиялық проблемалар . . . 14

4. 1 Климаттың өзгеруі . . . 14

4. 2 Озон қабатының бұзылуы . . . 15

4. 3 Биоәртүрлілікті сақтау . . . 15

5 Ұлттық экологиялық проблемалар . . . 17

6 Экология құқығының түсінігі, пәні және әдістері . . . 19

7 Экологиялық құқық негіздері . . . 22

8 Пайдалынған қайнар көздер . . . 33

КІРІСПЕ

Құқық дегеніміз мемлекетте қолданылатын барлық құқықтық нормалардың: құқықтық ғұрыптардың, әділеттілік үлгілердің, мемлекеттің құқықтық ережелерінің жиынтығы болып табылады. Құқықта заңдар ерекше орын алады. Мемлекеттік үкімет билігінің жоғарғы органдары қабылдаған нормативтік актілер заң деп есептелінелді. Заң ең жоғарғы юрисдикциялық күш болып табылады. Мұның мәнісі - мемлекеттік органдар қабылдаған нормативтік актілер заңда негізделуге және заңға қайшы келмеуге тиіс деген сөз.

Заңдар адамның құқықтық дәрежесін анықтайды. Құқық тек заңдардан ғана тұрмайды. Құқық дегеніміз - белгілі бір мемлекетте қабылданған және қолданылып жүрген барлық құқықтық нормалардың белгілі нормативтік құқықтық актілерді де көрсетеледі. Конституцияда, заңдарда мемлекеттік органдарға нормативтік құқықтық актілер қабылдау жөнінде өкілдік беріледі. Президент - нормативтік жарлыќтар, Үкімет - нормативтік қаулылар, Министрліктер - нориативтік буйрықтар, жергілікті мемлекеттік органдар нормативтік шешімдер т. б. қабылдайды.

Сөйтіп құқық туралы сөз қозғалғанда, нақты мемлекеттегі қолданылып жүрген нормативтік актілердің барлығы еске алынады. Мұның өзі - объективтік мағынадағы, яғни дербес біртұтас құбылыс ретінде өмір сүреді деген мағынадағы құқық. Құқықты субъектілердің (адамдардың) өз игілігі үшін мемлекет тарапынан кепілдік берілген белгілі бір қимыл-әрекеттерді істеу жөніндегі заңдық мүмкіндігі ретінде қолданылады. Мысалы, өмір сүру құқығы, денсаулығын сақтау құқығы, білім алу құқығы т. т.

  1. Құқықтың пайда болуы мен дамуы

Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы обьективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырды. Малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келіп, адамның тәжірибесі өсіп молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді:

  1. Малшылық
  2. Жер игеру
  3. Өндірістік
  4. Саудагерлер тобы

Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Сөйтіп қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды. Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. Олар төмендегі негізгі обьективтік заңдардың - қосымша өнімнің пайда болуы; жеке меншіктің қалыптасуы; топтар мен таптардың арасындағы күрестің басталуы әсерінен туындайтын қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін өмірге мемлекет пен құқық келді.

Құқықтың дамуы - адам қоғамының дұрыс өмір сүруінің негізгі обьективтік заңдылықтарының бірі. Ол - әлеуметтік нормалардың қалыптасып, қоғамдағы қарым-қатынастарды реттеп, басқаруы және әлеуметтік нормалардың (әдет-ғұрып, салт-дәстүр, мораль, діни нормалары) қоғамның даму процесінде бірте-бірте құқықтық нормаларға айналуы. Сонымен, қоғамда мемлекеттің өзі қабылдаған, бекіткен құқықтың жаңа түрлері пайда болды: заң, заңға тәуелді келісімдер, шарттық нормалар, заң күші бар соттың шешімдері.

Құқық мемлекетпен бірге қоғамның объективтік даму процесінің нәтижесінде өмірге келді. Алғашқы қоғамдағы әлеуметтік нормалар: әдет - ғұрып, салт - дәстүр, мораль, діни өсиеттер, мемлекеттік жүйеде бірте - бірте екінші қатардағы нормаға айналып, құқық әлеуметтік негізгі нормаға айналды. Адам қоғамы мыңдаған жылдар өмір сүріп келді. Сол көне заманнан ғалымдар құқық пен мемлекет қашан пайда болды, қалай дамып келеді: - деген мәселелермен шұғылданып, ғылыми зерттеулер жақсы білу қоғамды дұрыс, сапалы реттеп - басқаруға өте қажет.

Құқық екі жолмен дамыды. Біріншіден, мемлекеттік қоғамдық меншікті реттеу моралдық-діни нормаларға сүйенді. Мысалы, Индияда Ману заңына сүйенді, ал мұсылман елдерінде - Құран заңы. Екіншіден, жеке меншік бағытындағы қатынастарды мемлекеттік органның өзі бекіткен нормалар арқылы реттеп, басқарды.

Енді мемлекеттің және құқықтың пайда болуы туралы теориялардың мазмұнына қысқаша тоқталып өтейік.

Теологиялық теория - мемлекет пен құқық Алланың әмірімен қалыптасып, дамып келеді деп түсіндіреді.

Реалистік теория - құқықтың дамуы өзінің эволюциялық ішкі себептері арқылы өзгеріп, ескеріп, жаңарып жатады. Оның дамуына сыртқы жағдайлардың әсері мол болады - деп уағыздаған. Бұл теорияны құқықтың бірлігін, дамуын, оның мемлекетпен байланысын субъектілердің құқығының міндеттері болатын және мемлекеттің бақылауын қостайды.

Әлеуметтік теория - ХХ ғасырда қалыптасқан теория. Бұл теория құқықтық қатынасты адамдардың құқықтық тәртібін жан - жақты ғылыми тұрғыдан зерттеуді жақтайды. Өкілдері Эрлих, Леон Дюги, С. М. Муромцев, Г. Н. Шершеневич, Р. Паунд. Құқықтық әлеуметтік мазмұнын зертеуге көңіл бөленді, құқықтық мемлекетті жақтайды.

Нормативтік теория - құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым - қатынасын реттеп, басқарып, адамдардың мүдде - мақсатын орындау деп түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат идеологияға қоспай зерттеуді жақтайды. Құқықтың белгі - нышандарын жақсы зерттеуді, құқықтық мемлекетті жақтады. Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді, бақылауды ұсынады. Бұл теорияның, өкілеттері: Р. Штаммлер, Г. Кельзен, П. И. Новгородцев.

Материалистік теория - құқық саяси - экономикалық үстемдік жүргізетін таптың мүдде - мақсатын қорғайтын нормативтік актілердің жиынтығы. Құқықтың мазмұны екі элементтен тұрады - деп түсіндіреді: экономикалық базис пен үстем таптың мүддесі.

Бұл теорияның тарихи даму процесін 3 кезеңге бөлуге болады: Бірінші кезең - құқықтың мазмұнын түсіну және оның қоғам дамуындағы мазмұны; екінші кезең - құқықтың болашағына көз - қарасы; үшінші кезең - марксистік көз - қарасты бұрмалау.

Бірінші кезеңде ғылымның құқықтың мазмұнын түмінуі дұрыс еді - құқықтың экономикалық және таптың күреспен тығыз байланыста болуы. Екінші кезеңде - буржуазиялық мемлекетпен құқық теориясының мазмұнын біржақты зерттеп, оның процестік рөлін, маңызын дұрыс түсіндіреді. Қоғамның болашағын құқықтық мемлекетпен байланыстырмады. Ушінші кезеңде кейбір елдердің басшылары марксизмнің мазмұнын бұрмалап, өздерінің әкімшілік - әміршілік, тоталитарлық саясатын қорғау үшін пайдаланды.

Жоғарыда көрсетілген құқық теорияларының жеке алғанда дұрысы да, бұрысы да баршылық. Бірақ барлығының мазмұнын біріктіргенде бірнеше дұрыс қорытынды тұжырымдар шығаруға болады:

  • Құқық әлеуметтік құбылыс, онсыз дамыған қоғам болшақ емес;
  • Құқық қоғамдық және жеке адамдардың мүдде - мақсатын қорғайтын негізгі құрал;
  • Құқық меншіктің барлық түрлерін қорғайтын негізгі куш;
  • Құқық мемлекетті қалыптастырған және оның бақылауындағы, қоғамдық тәртіпті қорғайтын құрал.

Сонымен, құқық жеке тұлғалардың экономикалық, саяси, әлеуметтік т. б. бостандығын, теңдігін қорғайтын негізгі құрал. Құқық қоғамның объективтік дамуын қамтамасыз етіп, өндіріс пен сұраныстың ара - қатынасын зерттейтін негізгі күш - құрал.

Табиғи теория - бұл теорияны жақтаушылардың пайымдауынша, мемлекетті, құқықты ешкім ойлап тапқан жоқ, олар адамның өзі сияқты табиғаттан бастау алып, әділеттілікке негізделген абсолюттік ұғымдар деп атайды. Бұл теорияның мазмұны көне дәуірде қалыптасқан. Теорияның мазмұны - адамдардың табиғи және мемлекеттің өмірімен байланысты құқықтары мен бостандықтарын ешкім шектей немесе жоя алмайды - деп түсіндерген. Цицерон - табиғи бостандыққа, құқыққа қарсы келетін мемлекеттік заң болуға тиіс емес - деген. Табиғи теорияны орта ғасырлардың ғалымдары: Локк, Руссо, Монтескье, Гольбах, Радищев т. б. өте жақсы дамытқан. Дамыған елдерде табиғи әлеуметтік норма мен құқықты бір - біріне қарсы қоюдың негізі жоқ. Олар қоғамды бірігіп басқарады.

Тарихи теория - осы теорияны ұстанғандар мемлекет пен құқық тарихтан бастау алып, тарихпен бірге жетілді дейді. Бұл теорияның өкілдері құқық адамдардың рухани сана - сезімнің даму процесінен өмірге келіп, қалыптасады деп түсіндіреді. Оған мемлекеттің қатысы жоқ - деп уағыздаған. Адамдар субъективтік жолмен табиғи бостандықтар мен құқықтарды жоя алмайды, тек қоғамның даму процесінен қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормаларды өзгертіге болады. Бұл теорияның өкілдері : Густав Гуго, Карл Савинын, Фридрих Пухта, Штиль т. б.

Патриархалдық теория - мемлекет адамдардың отбасы тәжірибесінен қалыптасқан азаматтардың саналы түрде өздерінің мүдде-мақсаттарын іске асыру үшін біріккен одақ деп түсіндіреді. Күрделі ірі патриархалдық отбасы басшысы бірте-бірте мемлекеттің басшысына айналған. Отбасы басшысы - әке, мемлекеттің басшысы - монарх.

Психологиялық теория - адамдардың психологиялық біріккен көзқарасы, іс-әрекеті, мінезі, тәртібі - бәрі келісіп, ұжымдық түрде басқарады деген тұжырымды қолдайды және тағы басқалар. XX ғасырдың басында жақсы дамыған теория. Теорияның негізгі мазмұны: құқық адамдардың психикасының ішкі құрылысында қалыптасып олардың сыртқы іс - әрекетіне, жұмысына әсер етуі. Адамның ішкі сана - сезімі мен сыртқы тәртібінің, мінезінің, іс - әректінің байланысын Петрижицский этикалық сана деп атайды. Бұл теория құқықты екі түрге бөледі: жеке тұлғалық (автономдық) және оң жағымды ( позитивтік ) . Жеке тұлғалық құқық - жеке адамның ішкі ұятынан қалыптасатын елегізу, қатты қиналу. Оң жағымды позитивтік құқық - басқа адамның беделіне, абыройына сенушіліктен қалыптасатын психикалық көзқарас.

Нормативтік теория - құқық әлеуметтік өмірдің сыртқы қарым - қатынасын реттеп, басқарып, адамдардың мүдде - мақсатын орындау деп түсінеді. Заң ғылымы құқықтың жеке өзін саясат пен идеологияға қоспай зерттеуді жақтайды. Құқықтың белгі - нышандарын жақсы зерттеуді, құқықтық мемлекетті жақтады. Нормативтік актілерді жоғарыдан төмен қарай сатылап зерттеуді, бақылауды ұсынады. Бұл теорияның, өкілдері: Р. Штаммлер, Г. Кельзен, П. И. Новгородцев.

Қазақ жерінде алғашқы қауымдық қоғам заманында рулық қауым пайда болып, ұзақ ғасырлар бойы адамдар туыс, қандастығы ұйымның шеңберінде өмір сүрді. Бұл аймақта мекендеген көшпелі тайпаларда мемлекеттің құрылуы ғасырларға созылып, ол ерекше күрделі түрлер арқылы қалыптасты, ал барша жұрт ертеден келе жатқан ауызша заңдар жүйесі “ әдет ” заңына бағынып келген.

1465 жылы тарихта тұңғыш дербес қазақ хандығының негізі қаланып, Жәнібектің ұлы Қасым ханның тұсында көркейіп, қуатты мемлекетке айналды. Қасым хан қазақтың құқықтық әдеттерін жүйелеп « Қасым салған қасқа жолды » тұжырымдап берді. Ол бес тараудан тұратын:

  1. Мүлік заңдары ( мал, мүлік, жер дауы мәселелері ) .
  2. Қылмыс заңдары ( кісі өлтіру, ел шабу, мал талау, ұрлық мәселелері ) .
  3. Әскери заңдар ( қосын, аламан, әскери міндет, тұлпар ат, қара қазан мәселелері ) .
  4. Елшілік жоралары ( майталмандық, шешендік, сыпайылылық, әдептілік) .
  5. Жұртшылық заңы ( ас, той, мереке, жасауыл және т. б) .

Қоғамның даму барысы қазақ заңдарының одан әрі жетілуіне әкеп соқты. Осындай міндетті Есім хан ( 1598 - 1645 жж. ) бұрынғы қазақ заңдарына, әдеттеріне жаңадан дем беріп, әсіресе, әскери заңдардың беделін күшейтті. Бұл әрекет жоңғар қалмақтарының басқыншылығына тойтарыс беруге бағытталды. Есім хан өзінің заңдар жинағында ежелгі құқықтық әдеттерді қаз - қалпында сақтағаны үшін оған халық «Есім ханның ескі жолы» деген ат берді.

Өз заманында Тәуке хан ( 1680 - 1718 жж. ) дәуір ыңғайына сай бейімдеп қазақ заңдарын жинап, топтастырып, мемлекеттік дәрежеге көтерді. Тарихта бұл заңдар «Тәуке ханның жеті жарғысы » деген атпен белгілі. Жеті жарғыда бұрынғы әдеттерге қосымша жаңа ережелер, қағидалар енгізілді.

Бұл тарихи құжатта мемлекеттік, әскери іс, шаруашылық, қылмыс, діни, жұртшылық, отбасы және неке мәселелері қамтылды.

  1. Құқық туралы негізгі түсініктер

Құқық әлеуметтік нормалардың ерекше жүйесі болып, мемлекетпен бірге өмірге келіп, қоғамды реттеп - басқарып отырды. Олар қоғамның, обьективтік даму процесінің талабына сәйкес қалыптасты. Бірақ әр елдің ерекшеліктеріне сәйкес құқық пен мемлекеттің нысаны әртүрлі, мазмұны бірдей болды. Бұл жерде қайталап өтейік, - құқық пен мемлекеттің өмірге келуінің, қалыптасуының негізі обьективтік заңдары: қосымша өнімнің пайда болуы, жеке меншіктің қалыптасуы, тараптардың арасында курестің басталуы, қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару ушін құқық пен мемлекеттің өмірге келуі. Бұл обьективтік даму процесі қоғамның алдына қойған талаптар қойды:

  • Қоғамның әкімшілік - территориясында тұрақты тәртіп қалптастыру қажет болды;
  • Қоғам бірнеше тапқа, топқа бөлініп, олардың арасында қайшылықтар басталып, оны реттеп, қоғамды басқару керек болды;
  • Ру мен тайпалардың мемлекеттік бірлестіктердің арасындағы қайшылықтар күреске айналып, курес соғысты өмірге әкелді. Міне, бұл курес - қайшылықтарды бейбітшілік жолмен шешіп, реттеу қажет болды.

Қоғамның обьективтік даму процесінің бұл талаптарын іске асыру үшін құқықтық нормаларды қарқынды, сапалы дамытып, қарым - қатынастарды тағы басқа құбылыстарды реттеу жұмыстары басталып, қоғамның жақсы дамуына жағдай жасалды.

Енді құқықтың түсінігіне және мазмұнына келсек, оның санқырлы түсінігі, санқырлы мазмұны бар деуге болады. Ол қоғаммен бірге дмалектикалық даму процесінде болғандықтан, оның мазмұны санқырлы бағытта дамып, байып отырды. Ғалымдар құқықты зерттегенде бір - екі қырынан мазмұнын анықтап әр түрлі қорытынды тұжырым жасап отырды. Мысалы, Аристотель құқықты саяси шындық, әділеттік, - деді. Орта ғасырдың ғалымдары - құқық діни норма, Ж. Ж. Руссо - құқық қоғамдық билік - деп тусіндірді. Осы пікірлердің бәрі дұрыс.

Құқық адамдардың өмірімен тығыз байланыста дамиды:олардың бостандығын қалыптастырады, мінез - құлқына, іс - әрекетіне, тәртібіне, сана - сезіміне жан - жақты әсер етеді, мүдде - мақсаттарының іске асуына

қолайлы жағдай, қамқорлық жасап қорғайды. Адамдардың жекелік топтық және қоғамдық қарым - қатынастарын реттеп, басқарып отырады. Осы тұрғыдан алсақ, құқықтың мазмұны, түсінігі - адам қоғамын басқарудағы құқықтық нормалардың ішкі тұрақты, сапалы мәні, маңызы. Бұл түсініктемеде құқықтың құндылығын, маңыздылығын айрықша көрсетіп отыр. Бұл түсініктеме дұрыс бірақ жеткіліксіз.

Құқық қоғамды реттеп басқарудағы негізгі құрал; құқық қоғамдағы бостандықты, әділеттікті теңдікті, адамгершілікті қалыптастыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттік билікті, қоғамның саяси - экономикалық, мәдени - әлеуметтік даму процесінің даму бағыттарын анықтап отыратын негізгі құрал; құқық мемлекеттің ішкі - сыртқы істердегі егемендігін қамтамасыз ететін негізгі құрал т. б. Бұл пікірді жалғастыра беруге болады.

Сонымен, құқық дегеніміз мемлекет орнатқан және оның күшімен қорғалатын, жалпыға бірдей қоғамдық қатынастарды реттейтін тәртіп ережелерінің ( нормалардың ) жиынтығы. Құқықтың түсініктері бірнеше, бірақ мазмұндары біреу - ақ.

Құқық мазмұнының негізгі элементтері:

  • қоғамның және адамдардың мүдде - мақсатын қорғау, орындау;
  • қарым - қатынастарды реттеп, басқару;
  • қоғамды дағдарысқа ұшыратпай, экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдениеттік т. б. бағытын дамытып, нығайту;
  • мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың құзыретін, ара - қатынасын реттеп, басқару;
  • халықаралық қатынастарды реттеп, басқару.

Құқықтың екі түрлі түсінігі болады: біріншісі - құқықтың обьективтік түсінігі қоғамның обьективтік дамуына сәйкес жаңа қатынастардың қалыптасуы; екіншісі - құқықтық субьективтік түсінігі обьективтік қалыптасқан қатынастарды реттейтін, басқаратын нормативтік актілерді уақытында қабылдап бекіту.

Құқықтың негізгі функциялары: реттеу және қорғау.

Құқықтың реттеу функциясы - нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын анықтап отыру. Құқықтың қорғау функциясы - нормативтік автілердің қоғамдағы қарым - қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тыйым салу.

2. ЭКОЛОГИЯ

Экология тірі ағзалардың бір-бірімен және қоршаған ортамен қарым-қатынасын зерттейтін биология ғылымының саласы. «Экология» (гр. Oikos - үй, тұрақ, мекен; logos - ғылым) терминін ғылымға алғаш 1866 ж. Неміс ғалымы Эрнест Геккель енгізді.

Экологиялық зерттеу обьектісіне биологиялық макрожүйелер (популяция, биоценоз, экожүйе) және олардың кеңістіктегі динамикалық өзгерістері жатады.

Экология ғылымының мақсаты - биосфера шегінде әлемдік жағдайларды бақылай отырып, ондағы тіршіліктің тұрақтылығын сақтау, адам-қоғам-биосфера арасындағы қарым-қатынастарды үйлестіре отырып, табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды нооэкологиялық тұрғыдан негіздеу.

Экология ғылымының негізгі міндеті - популяция, биоценоз және экожүйені динамикалық зерттеу, экологиялық үрдістердің заңдылықтарын ашу, индустриализация және урбанизация жағдайындағы ғаламшар проблемаларын зерттеу.

Экология биологияның саласы ретінде ХІХ ғ. Ортасында пайда болғанмен, жеке ғылым ретінде ХІХ ғ. Аяғы мен ХХ ғ. Басында қалыптасты.

Жаратылыс туралы көптеген мәліметтер антика дәуірінің ғалымдары Гераклитттің, Гипократтың, Аристотельдің еңбектерінде келтіріледі. Мысалы, Аристотель «Жануарлар тарихы» деп аталатын еңбегінде өзі білетін 500-ден астам жануарларды зерттеп, мінез-құлығына талдау жасайды.

Аристотель шәкірті Т. Эрезийский қазіргі Жерорта теңізінің жағалауындағы өсімдіктерге топырақтың және ауа райының әсерін баяндады.

XV ғ. Аяғы мен XVI ғ. Басы Ұлы географиялық ашылулар дәуірі деп аталады. 1492 ж. Итальян теңіз жүзушісі Христофор Колумб Американы ашты. 1498 ж. Португалдық Васко до Гамма Африканы айналып, теңіз жолымен Индияға жетті. Ал 1519-1521 жж. Фернан Магеллан бастаған испандықтар тұңғыш рет жер шарын айналып шықты. Бұл саяхаттар жер туралы білімнің кеңеюіне септігін тигізді.

XVІІІ ғ. Соңы мен XІX ғ. Басында қоршаған ортаны зерттеушілер саны арта түсті. 1807 ж. Гумболдь Орталық және Оңтүстік Америкада жүргізген көптеген зерттеулері негізінде «Өсімдіктер географиясы туралы ойлар» еңбегін жарыққа шығарды. Онда ғалым өсімдіктердің өсуі мен өркен жаюы ауа-райы жағдайына, температураға байланысты екенін ашып көрсетті.

Бертін келе бұл ойлар орыс ғалымы К. Ф. Рульенің, Н. А. Северцевтің, А. Н. Бекетовтың еңбектерінде тереңдетіле түсті. Экологиялық ғылымның одан әрі дамуына Ч. Дарвин, В. В. Докучаев, В. И. Вернадский, В. Н. Сукачев, Н. Ф. Реймерстің үлесі жоғары болды.

Экология ғылымының даму кезеңдері:

І кезеңде (1707-1924 жж. ) экология ғылымының алғышарттары қалыптасты;

ІІ кезеңде (1924-1980 жж. ) экология ғылымы дара ғылым деңгейіне көтеріліп, өзінің зерттеу салаларын, мақсат-міндеттерін жетілдіре түсті;

ІІІ кезеңде (1980-2000 жж. ) экология әлеуметтік, саяси-экономикалық, нарықтық жағдайлар мен мәселелерді зерттейтін деңгейіне жетті.

Экологияның дербес ғылым болып қалыптасуы 19 ғ. 2-ші жартысына сәйкес келеді.

«Экология» гректің oicos - үй және logos - ғылым сөзінен шыққан, яғни дәлме-дәл мағынасы экология - «өз үйіңдегі ағзалар» туралы ғылым.

«Экономика» сөзі де (гректің oiconomike) oicos түбірінен шыққан, яғни үй шаруасын жүргізу. Бұл екі пән өте тығыз байланысты, бірақ соңғы кезде бұл көзқарас мағынасын жойған.

Экологияның зерттеу әдістері:

1. Негізгі теоретикалық әдістерге сипаттама, жүйелік анализ, моделдеу жатады.

2. Негізгі эмпирикалық әдістерге бақылау, салыстырмалы талдау, эксперимент (лабораториялық, далалық) және мониторинг жатады.

2. 1 Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігінің жай-күйі мен проблемалары

Қазақстандағы тәуелсіздік жылдары экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүлде жаңа мемлекеттік жүйесінің құрылуының және қалыптасуының, Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы атқарушы органдардың жақсы ұйымдастырылған және аумақтық таралған жүйесін - қоршаған ортаны қорғау мен табиғат пайдалануды басқарудың жылдары болды. Бұл қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруды және дәйекті іске асыруды қамтамасыз етті.

Алайда, Қазақстанда көптеген онжылдықтар бойы қоршаған ортаға төтенше жоғары техногендік салмақ түсіретін, табиғат пайдаланудың көбінесе шикізат жүйесі қалыптасты. Сондықтан әзірге экологиялық жағдайдың түбегейлі жақсаруы әзір бола қойған жоқ әрі ол бұрынғысынша биосфераның тұрақсыздануына, оның қоғамның тіршілік әрекеті үшін қажетті қоршаған ортаның сапасын оның қолдау қабілетін жоғалтуына апаратын табиғи жүйелердің тозуымен сипатталады.

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негіздері Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 30 сәуірдегі өкімімен мақұлданған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына енгізіліп, онда өтпелі кезеңнің экологиялық басымдықтары, атап айтқанда, жекешелендірудің экологиялық проблемалары, табиғат қорғау заңнамасының, мемлекеттік бақылау және сараптаманың, табиғат пайдаланудың экономикалық тетіктерінің, қоршаған орта мониторингінің жүйесін құру қажеттілігінің мәселелері қарастырылған болатын.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық проблемалардың салдары
Әлемдік мұхит проблемалары
Ғаламдық жылынуды болжау әдістері
Ядролық апаттар
Климаттың өзгеруі жайында
Адамзат өзекті мәселелері және БАҚ
Табиғи фактардың климат өзгерісіне әсері
Жаратылыстанудың мақсаттары
Қазіргі өркениеттің жаһандық мәселелерін шешудегі ғылым мен техниканың рөлі
Жаһандағы қауіпсіздік мәселесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz