Орал қаласының тарихы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Кіріспе. 3

1. Орал тарихы. . 4

2. Орал қаласының тарихи ғимараттары. . 6

«Карев» үйі6

Михайло-Архангель соборы. . 7

Атаман үйі8

Ағайынды көпестер-Ванюшиндер үйі9

Қорытынды. . 10

Пайдаланған әдебиеттер. 11

Кіріспе

Орал облысы аумақтық бірлік ретінде 1867-1868 жылдары Ресей патшалығының Қазақстанды әкімшілік басқаруы жағдайында пайда болды.

1219-1221 жылдары қазақ даласы Шыңғысханның басшылығымен монғол шапқыншылығына душарболды. Біздің облыс Алтын Орда мемлекетінің құрамдас бөлігі болды. XV ғасырда Алтын Орда бірнеше әкімшілік аумақтарға бөлінді. Орал облысында тұратын қазақтар Ноғай Орда құрамына кірді. Жүздердің қалыптасу барысындаБатыс Қазақстан жерлерінмекендеген қазақтар Кіші жүздің өкілдерін құрады.

Батыс Қазақстаннан біркездері Ұлы Жібек жолының бір тармағы өткен болатын.

Қаланың қазіргі атауы 1775 жылданбері қолданылып келеді, Патша үкіметі Е. Пугачев бастаған көтерілісті қатыгездікпен басқаннан кейін, шаруа көтерілісі кезіндегі көріністерді халық жадынанжойыпжіберу үшін Екатерина Екіншінің әмірімен Яик өзенінің атауы Орал болып өзгертіліп, алЯицк қалашығы Орал атауынаиеболды.

1833 жылы Орал өңіріне Пугачев көтерілісі мақсатымен ұлы орыс ақыны А. С. Пушкин келеді.

1836-1837 жылдар тарихқа Бөкей хандығындағы ИсатайТайманов және Махамбет Өтемісұлы бастаған қазақ шаруаларының көтерілісімен енді. Жәңгір хан патша өкіметінен көмек сұрады. Казактардың шыққандарды аяусызжазалады. Бір ұрыс кезіндеИсатайТайманов өліп, көптеген жігіттер әскерилердің қолына түсіп, Калмыков түрмесіне қамалады. Көтерілістің рухани көсемі, дауылпаз ақын Махамбет Өтемісұлы қуғын-сүргінге ұшырайды. Осы жылдарыол Оралға үш реткеліпкетеді.

1880 жыл Орал және Орынборарасында халық қозғалысының басталуымен айқындалады. 1894 жылы Орал мен Саратов арасында тар . Бұл өз кезегіндесауда айналымының жандануына ықпал етіп, Ойыл, Темір және Орда ірі жәрмеңкелері пайдаболады.

1. Орал тарихы

Қазіргі Орал шаһарының орнында бұрын да қала болғаны туралы алғашқы мәліметтер ерте орта ғасырларға тиесілі. Алайдажазба және картографиялық дерек көздеріндегі бұл мәліметтер археологиялық қазбалар нәтижесінде 2001 жылы ғана расталды. Осы жылы Орал қаласынан 12 шақырым жерде XIII - XIV ғасырлардан қалған көне қалашықтың орнытабылды. Ортағасырлық қаланы археологтар өзеннің қазақша атауынегізіндешартты түрде «Жайық» депатады.

Көпжылдық зерттеулер 13-14 ғасырларда Алтын Орданың күшеюі кезіндепайда болған бұл шаһардың ірі әскери-әкімшілік және сауда-өнеркәсіптік қала болғанын, әрі осы мемлекеттің билеу жүйесінде ұлыстық басқару орталығы ретінде қызмет еткенін көрсетті. Құрылыстың ізі айқын аңғарылатын алаңның көлемі 8 гектар болса, қорымды қоса алғанда зерттелген аумақтың жалпы көлемі 300 гектарға жуықтайды. Көне шаһардан көптеген тұрғынжайлар, қоғамдық монша, кірпіш күйдіру пештері, шаруашылық орындары анықталды. Шаһардың батысына қарай 2 шақырым жердегі қыраттың үстіндегі қорымнан қалаға қатысы бар бірқатар жерлеуорындарытабылды. Олардың ішіндеекікесене мен мұнараның, өзге де құрылыстардың қалдықтары ерекшеорыналады.

Қуатты әскери-саяси билік қанша өмір сүрсе, қала сонша уақыт тіршілікетті. Алтын Орданың, бұдан соң Ноғай хандығының құлауы сауда-саттық пен қолөнер өндірісінің күрт қысқаруына әкелді. Қала біртіндеп өз маңызын жоябастады. Қаланың жойылуынатонау мен бүліншілік, маргинальды аймақтарға қарай қаптаған қарақшылық топтардың шапқыншылығы әсер етті.

Өмір сүруге қолайлылығы мен қауіпсіздікті сақтау талаптарынасайкелуі Орал өзенінің жағалауынан тұрақты қоныс іздеген казактардың осы жерді таңдауына себепболды. 16 ғасырда пайда болған шағын әскери елдімекен 19 ғасырдың ортасына қарай осы аймақтағы ірі қалалардың бірінеайналды. Қаланың дамуы мен қалыптасуы шаһармен біргепайда болған Жайық, Уральск . Қазіргі кезде қаланың бұл бөлігі казактардың тұрғын үйлері-курень сөзінен шыққан атаумен «Курени» депаталады. 1773-75 жылдары Жайық казактары Емельян Пугачевтың бастауымен болған шаруалар көтерілісінің негізгі өзегіне айналды. Патша үкіметі бұл қарсылықты аяусызбасыпжаншыды. Халықтың жадынан көтерілістің көріністерін жою үшін, Екатерина II бұйыруымен Яик өзені Орал, ал Яицкий қалашығы Уральск деп өзгертілді.

Оралдың қала ретінде қалыптасуы Орал губерниясы құрылған1868 жылғы әкімшілік-аумақтық . Дәл осы уақытан бастап Орал қаласы Қазақстанның батыс өңіріндегі әкімшілік, экономикалық және мәдени орталыққа айналды. Ал Оралдың өзі тас төселген көшелері, әдемі кірпіш үйлері, мәдени, ағарту, медициналық мекемелері бар, саудажелісі дамыған, өнеркәсіптік-көліктік инфрақұрылымы жетілген қала боп бой түзеді. Орыс-украин шаруаларының қоныс аударуы мен отырықшы қазақтардың көшіп келуі нәтижесінде Орал қаласында түрлі таптың, түрлі ұлттың өкілдері көбейді.

Қала өсуінің бастысебебі экономикалық байланыстардың белсендідамуыболды. Бір жағынан Орал шаһары жалпыресейлік нарыққа шықса, екінші жағынан мұнда дала мен қаланың қарым-қатынасының бірыңғай әлеуметтік-экономикалық жүйесі қалыптасты. Оралда мұндай жағдай алдымен Ақпан, ал кейін Қазан төңкерісі нәтижесінде Ресейдепатшабилігі тақтан түскен 1917 жылға дейін сақталды. Державалық биліктенкейін Уақытша үкімет құлаған соң Кеңес билігінің орнығуымен Оралда жаңа кезең басталды. Азамат соғысының қасіреті, 1921-22-ші жылдардағы аштық, 30-шы жылдардағы ұжымдастыру орасан құрбандықтарға душаретті.

Ұлы Отан соғысы жылдарында мұнда КСРО-ның орталық аудандарынан 14 өнеркәсіп кәсіпорны, 20 әскери госпиталь көшірілуімен және әскери құрамалардың жасақталуымен қаланың жаңа келбеті - жұмысшы қала келбеті қалыптасты. Соғыстан кейінгіэкономиканы қалпына келтіружылдары мен тың игеру кезеңінде агроөнеркәсіп секторы қарқынды дамыды. Орал қаласының сапалық өзгеріске ұшырап, заманауикескінгеенуі, көп қабатты үйлер мен ғимараттардың құрылысы қарқын алуы 70-80 жылдарыболатын. Жаңа өнеркәсіптік зауыттардың құрылысы, табиғат байлығының игерілуі, жаңадан келушілердің артуы мен демографиялық дүмпу қаланы күрт өзгертті. Орал абаттандыру жағынан, өмір сүру деңгейі мен тұрмысқа жайлылығы жөнінен өзге қалалардан озабастады. Осы мерзімде халықтың саны 2, 5 есеге өсті.

Кеңес Одағы тарап, Қазақстан Республикасы Тәуелсіз мемлекетболып жарияланған 1991 жылданбастап Орал қаласы тарихының жаңа, жарқын парағы ашылды.

Орал қаласы барлық кезеңде де өзіне шығармашыл тұлғаларды баурайбілді. 1833 жылдың қазанында қалаға келген А. С. Пушкин Емельян Пугачев көтерілісі туралы мәліметтер жинады. В. И. Даль, В. А. Жуковский, Л. Н. Толстой, В. Г. Короленко, М. А. Шолохов сындыорыс әдебиетінің көрнекті өкілдері де Жайық жағасындағы қалашықта болды.

Қазақ мемлекеттілігінің қалыптасуында айрықша орын алған Алаш Орда қозғалысының тарихы да біздің өлкемен тығыз байланысты. Б. Қаратаев, М. Дулатов, А. Байтұрсынов, Ж. Досмұхамедов секілді қазақ зиялыларылибералды-демократия бағыттағы идея ұстанды.

Орал өңірі Құрманғазы, Дәулеткерей, Мұхит, Дина сынды қайталанбас дарын иелерінің, Хадиша Бөкеева, Роза Жаманова, Ғарифолла Құрманғалиев сындыталантты әртістердің, ХамзаЕсенжанов, ТайырЖароков, Қадыр Мырзалиев, Сағынғали Сейітов, Жұбан Молдағалиев секілді қарымды қаламгерлердің, өзге де көптеген тума таланттардың отаны.

Орал қаласы Европа мен Азия шекарасында орналасқан. Қаланың географиялық қолайлы орналасуы қала экономикасының дамуында маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар тұрғындар үшін Еуразиялық Экономикалық одақтың құрылуы мен өңірдегі интеграциялық үрдістердің дамуы жаңа мүмкіндіктерге жолашуда. Еуропа мен Ресейден, Түркиядан Қытайға көлікпен тауартасымалы Орал арқылы өтеді. Бұл өз кезегіндежергілікті өнеркәсіптің өркендеуіне, шағын және орта бизнестің дамуына үлкен әсерін тигізері сөзсіз.

Орал қаласындағы өндіріс орындары ел аймағынан тысқары жерлерге де кең танымал. Каспий теңізінде шекара күзеті мен қорғанысты қамтамасыз етіп жүрген кемелер Оралдағы «Зенит» зауытында құрастырылады. Танымал кәсіпорындардың қатарында өрт сөндірушілер мен коммуналдық қызмет үшін арнайы техника шығаруға машықтанған «Оралагрореммаш» АҚ-ы, мұнай мен газды өндіру мен тасымалдауға арналған жоғары технологиялық жабдықтарды өндіруші Батыс Қазақстан машина жасаукомпаниялары да бар. Бұл кәсіпорындар өндіріс бағдарын өзгертіп, өндірісті технологиялық тұрғыдан жетілдірді.

Қалада жылсайын шағын кәсіпкерлердің саны елеулі өсіпкеледі, жекебизнесінашу он мыңдаған қала тұрғыны үшін тартымдыіскеайналды. Нәтижесінде жаңа жұмыс орындарыашылып, салық түсімдері артуда. Өз кезегінде бұл тұрғындардың әл-ауқаты артуына, шаһар шырайының жақсаруына ықпал етуде. Қала дамуындағы оң өзгерістер, халық санының өсуіне де әсер етті: соңғы 12 жылда тұрғындардың саны үштен бірге көбейіп, 300 мыңға жуықтады. 2030 жылға қарай қала халқының саны жарты миллионға жетедідегенболжам бар.

ОблысРесей Федерациясының 5 облысыменшектеседі және сыртқы шекарасының ұзындығы 1532 км құрайды. Облыс Республика ішінде Ақтөбе және Атырау облыстарыменшектеседі.

Облыстың аумағы 151, 3 мың шаршы километр, яғни республика аумағының 5, 6 пайызын құрайды.

Облыс әкімшілік жағынан 12 ауданға және Орал қаласына бөлінген.

Облыста 2 қала: Орал қаласы - облыс орталығы, 1613 жылы құрылған және Ақсай қаласы - Бөрлі ауданының орталығы, мұнайшылар қаласы, 1936 жылы құрылған, 159 селолық және ауылдық округ, 482 елдімекен бар.

2. Орал қаласының тарихи ғимараттары

«Карев» үйі

Орал қаласы тарихи-мәдениет және сәулет ескерткіштеріне бай. Олардың ішінде 1900 жылы салынып, оның бұрынғы иесі - жергілікті көпес Александр Тимофеевич Каревтің құрметіне Карев үйі деп аталатын ғимарат ең көрнектісі болып табылады.

Ол үйді бастап салған миллионер көпес А. Т. Карев еді. Тарихидеректерге қарағанда қожасы осы үйдің құрылысын тексеріп жүргенде баспалдақтан құлап кетіпмерт болған. Құрылысты оның әйелі Д. Ф. Карева аяқтаған. ЖалпыКаревтер тұқымы бұл үйде тұрмаған, оны жалға, қонақ үйге өткізген

Ғимарат қаладағы ескі құрылыстар арасынан қаланың бір бөлігіне жуық көлемді алып жатқан зәулімділігімен, қалыптан тыс үш биік қабатымен және тағы бір қабат секілді көкке самғаған төбешатырымен ерекшеленеді. Бұл орыстық емескірпіш-тас қалау тәсілімен тұрғызылған Орал қаласындағы бір ғана ғимарат. Ғимараттың алдыңғы беті сылақсыз әшекейлі кірпішпен қаланған. Қабат бойынша бөлінісі қабатаралық ернеумен, тік бөлінісі жауырындық қабырғамен көмкерілген. Екінші қабаттың терезелерікірпішті жақтаулардан, ал үшінші қабаттың терезелері - жақтаулардан, маңдайша кенереден, жиек қабырғадан құрастырылған. Балкон да көзқызығарлық - әшекейлі шойын құйма материалмен қосарлай жиектелген. Ғимаратты түрлендірілген арықтық ернеу тәжілей түседі.

Ғимарат бастапқыда тұрғынжай үшін емес, сауда, кіріс үйіне арналды. Бірінші қабат дүкендерге берілді, екінші қабатқа 1871 жылдың өзінде ашылған кітапханасы бар , үшінші қабат қонақүйлік нөмірлер ретінепайдаланылды.

1908-1909 жылдарыекінші қабаттағы залда «Электро - БиоскопПате» және «Париждық кинематограф» жұмыс істеді.

1914 жылы үйдің жоғарғы қабатына 1912 жылы ашылған .
1919 жылғы Қызыл әскерлердің қаланы қорғау кезеңінде атаулы ғимаратта еріктілермен жұмысшылар дружиналары жасақталды.

1919 жылғы 14 желтоқсанда Карев үйінің екінші қабаты Карл Маркс атындағы Еңбек сарайының пайдалануынаберілді. Азамат соғысынан кейінгі және 50 - шіжылдарды қосып үшінші қабат қонақ үй болып қала берді. Мұнда Орал қаласына келген көптеген даңқты жазушылар: С. Сейфуллин, П. Вершигора, Н. Рыленков, Е. Пермитин, Т. Жароков, Г. Мүсірепов, Х. Есенжанов, А. Алдан-Семенов және басқалар мейманретінде тоқтады.

Кеңес Үкіметі кезінде бұл ғимаратта көптеген мекемелерорналасты. Соның ішінде облыстық «Орал өңірі» және «Приуралье» газеттері де осындаболды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Кеңестік Қызыл Армияның әскерлеріне арналған үлкен әскери госпиталь болды, ал 1944 жылы оған облыстық кітапхана қоныс аударды.

Қазіргі уақытта ғимараттың бірінші қабатынан бастап, екінші және үшінші қабаттарында Ғ. Құрманғалиев атындағы облыстық филармония мен Ж. Молдағалиев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасы орналасқан.

ХІХ ғасырдың бұл ғимарат мемлекет бақылауында.

Михайло-Архангель соборы

Орал қаласының Курени депаталатын көне бөлігінде орналасқан ең көне ғимарат-Михайл-Арханегль соборы. Бұрынғы кездері оның орнындаескі ағаш үйлер мен ағаш шіркеу болған, алайдаолар қаланы өрт жайлағанда жаныпкеткен.

Осындайбір өрттен үйін тастан қалауға шешім шығарады. Шіркеудің құрылысы 1740 жылыбасталып, оны шырақтау рәсімі 1751 жылы өткен. Соборды Мәскеуден келгеншебер Псков-Новогородтық архитектура әдібімен салған және орал казактарының . Осы атауға сәйкес осы шіркеу орналасқан қаланың бас көшесі Үлкен Михайл көшесі деп аталған. Шіркеу қабырғасында Орал қаласына тоқтаған біраз атақты адамдар болған. Солардың бірі орыстың ұлы ақыны А. С. Пушкин.

Ақынды қаланың осы бөлігі қатты қызықтырған, өйткені тарихидеректер мен құжаттарға қарағанда нақ осы арада Е. Пугачевтің көтерілісі болған. Әсіресе осы аймақта орналасқан Михаил Архангель соборы ұлы ақынды аса қызықтырған. Ұлы ақын экипажынан түсіп осы соборды үнсіз аралаған. Іргесы 1740-51 жылдары қаланған Михаил Архангель соборы 1773-1775 жылдары Е. И. Пугачев көтерілісшілерінің бекінісі болған. Көтерілісшілер осы үйде 108 күндей тұрған. Тап осы кездері Собор ғимараты бүліншілікке ұшыраған.

Собордың қасында қоңырау орналасқан 4 қабатты мұнара бар. Бұл мұнара 1861 жылы тұрғызылған. Қазіргі таңда «Ескі собор» атауын алған бұл ғимарат ХҮІІІ-ХІХ ғасыр тарихынан қалған үнсіз мұра. 1930 жылдарыдінисенімге қудалау болғанда бұл ғимарат қойма болған, кейін 1943 жылы Собор дін өкілдеріне қайтарылып, 1961 жылға дейін жұмыс жасады. 1961 жылыдіни қудалау кезінде Собор қайтадан жабылып, ғимарат өлкетану мұражайы болды. Тек 1988 жылданбері ғана ғимарат Шіркеу қызметіне ауысты. ХҮІІІ ғасырдың архитектуралық бұл ғимарат мемлекеттің бақылауында.

Атаман үйі

Орал қаласындағы көптеген ғимараттардың жа нындаілінгенескерткіш тақталар келер ұрпаққа тарих куәсіндей сыр шертеді. Осындайтарихы терең ғимараттардың бірі- бұрынғы Атаман үйі.

Ғимарат 1825 жылы әскери архитектор М. Дильмединоның италияның «палаццо» стилінде салынған. 1830 жылдарға дейін атаман Д. М. Бородиннің меншігінде болған.

Атаман Д. Бородин қайтыс болған соң оның мұрагерлері әскери қазынаға сатқан. Ғимарат 1917 жылға дейін Орал казак әскери атамандарының резиденциясыболды. Осы үйде казак атамандары Орал қаласына келген ең құрметі қонақтарды қабылдап, құрметтеген. Осы үйде Ресейдің болашақ императорлары Александр ІІ-1837 жылы, Николай ІІ- 1891 жылы, В. А. Жуковский, В. И. Даль, Л. Н. Толстой, сондай-ақ А. С. Пушкин де болған. Кеңес Үкіметі кезінде бұл үйде әскери бөлім, кейінненпионерлер Үйі, А. П. Гайдар атындағы балаларкітапханасы да осы үйде болды. Кейінкітапхана басқа ғимаратқа көшіріліп, мұнда өлкетану мұражайының әдеби бөлімі қоныс тепті. Қайта құру жылдары бұл ғимарат күрделі жөндеуге жабылып, жөндеуден өткен соң ІшкіІстер Басқармасының госпиталіболыпашылды. Ғимарат ХІХ ғасырдың архитектуралық ескерткішіретінде мемлекеттің қарауында.

Ағайынды көпестер-Ванюшиндер үйі

ХІХ ғасырдың архитектуралық бұл ғимарат 1880 жылдаршамасында салынған. Ағайынды көпес Ванюшиндер біздің өңірімізге танымаладамдар болған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Батыс Қазақстан сарматтарының зерттелу тарихы
Қазақстанның ірі қалаларының атаулары мен олардың шығу тарихы
Батыс Қазақстандағы мәдени-тарихи ескерткіштер
Орал қаласы – Азиядан Еуропаға, Еуропадан Азияға өтетін сауда жолы
Бақытжан Қаратаевтың қоғамдық - саяси қызметі
Сарматтар мәдениетінің кезеңделу проблемасы
Савромат-сармат тайпаларының археологиялық ескерткіштерінің зерттелу тарихы
Батыс Қазақстан облысы жайлы
XIX ғ. II жартысындағы Түркістан қаласындағы отарлық билік жүйесінің қалыптасуы мен қызметі
Жайық өзенінің экологиялық жағдайы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz