Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері


ЖОСПАР

Кіріспе3

1. Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері, еңбекшілердің жеке гигиенасы4

2. Өндірістік санитария және адам тіршілік әрекетіндегі химиялық және биологиялық қауіпсіздік туралы жалпы ұғымдар6

Қорытынды8

Пайдаланған әдебиеттер9


Кіріспе

Өндірістік санитария- бұл жұмыскерлерді олардың денсаулығын қорғау жайлы еңбек жағдайын жасау мақсатында зиянды өндірістік факторларды зерттейтін, техникалық және гигеналық шаралар жүйесі.

Еңбек гигенасы- бұл адам ағзасына, зиянды ортаның әсер етуін зерттейтін ғылым. Еңбек жағдайын, гигеналық нормативтерді және профилактикалық шараларды құруға бағытталған жүйе.

Өндірістердегі көп орынды алатын, негізгі зиянды факторлар келесілер: жоғары шаңдылық және жұмыс аймағының жоғары газдылығы; жұмыс аймағының немесе қондырғы бетінің төменгі немесе жоғары температурасы; жұмыс аймағындағы жоғарғы немесе төменгі ауа қозғалысы мен ауа ылғалдылығы; шу деңгейінің жоғарылығы, діріл деңгейінің жоғарылығы; әртүрлі электр магниттік сәулеленудің деңгейінің жоғарылығы, табиғи жарықтың аздығы немесе жоқтығы; жұмыс аймағының жеткіліксіз жарықтандырылуы және басқад факторлар.

Зиянды факторлардың мөлшері мен шамасы оның өндірісітк үдірістерінің специпикасына байланысты.

Тиімді жұмыс жағдайын құру үшін, жұмыс орнында санитарлы - гигеналық шарттарды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін, өндірістік саниатрия сұрақтары және өндірістік жарақат пен кәсіби ауруларды төмендету қатері мәселелері зор маңызға ие болады.

Өндірістік санитария дегеніміз - еңбектің дұрыс гигиеналық жағдайын жасайтын, жұмыстың адам ағзасына зиянды әсерін жоятын, кәсіби сырқаттардың орын алуына жол бермейтін санитарлық-техникалық шаралардың жүйесі.

Ондай шараларға мыналарды жатқызуға болады:

Жұмыс орнында қажетті микроклиматтың қамтамасыз етілуі;

Шаңның, будың және газдың ағзаға зиянды әсерін жою;

Жұмыс орнында шу мен дірілдің мөлшерін азайту немесе жою;

Жұмыс орнының тиісті жарықтылығын қамтамасыз ету;

Радиоактивтік заттардан сауықтыру жұмыстарын жүргізу;

Температурасы нормадан жоғары немесе төмен жұмыс орындарында еңбектің арнайы жағдайын жасау;

Санитарлық- тұрмыстық бөлмелердің болуы және оның қажетті заттармен жабдықталуы;

Еңбекшілерді арнайы киімдермен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;

1. Өндірістік санитарияның маңызы мен міндеттері, еңбекшілердің жеке гигиенасы

Өндірістік санитария дегеніміз - еңбектің дұрыс гигиеналық жағдайын жасайтын, жұмыстың адам ағзасына зиянды әсерін жоятын, кәсіби сырқаттардың орын алуына жол бермейтін санитарлық-техникалық шаралардың жүйесі.

Ондай шараларға мыналарды жатқызуға болады:

  1. Жұмыс орнында қажетті микроклиматтың қамтамасыз етілуі;
  2. Шаңның, будың және газдың ағзаға зиянды әсерін жою;
  3. Жұмыс орнында шу мен дірілдің мөлшерін азайту немесе жою;
  4. Жұмыс орнының тиісті жарықтылығын қамтамасыз ету;
  5. Радиоактивтік заттардан сауықтыру жұмыстарын жүргізу;
  6. Температурасы нормадан жоғары немесе төмен жұмыс орындарында еңбектің арнайы жағдайын жасау;
  7. Санитарлық- тұрмыстық бөлмелердің болуы және оның қажетті заттармен жабдықталуы;
  8. Еңбекшілерді арнайы киімдермен және жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету;
  9. Өндіріске жаңа техниканы, технологияны енгізу және автоматтандыру, еңбекті кешендерді жарақтандыруға көшу.

Қорыта айтқанда, өндірістік санитария еңбек гигиенасының талаптарына сүйене отырып, еңбекте еңбекшіге дұрыс және зиянсыз жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған санитарлық-гигиеналық, емдеу-профилактикалық және ұйымдастыру-техникалық шараларын жасайды. Сондай-ақ, әрбір адам өндірісте өзінің гигиенасын да сақтай білуі тиіс. Жұмыс уақытының, тамақтанудың, демалудың, тазалық сақтаудың, өзін-өзі күте білудің, т. с. с. жеке гигиеналық шаралардың дұрыс орындалуы, өндірісте зақымдану мен сырқаттануды болдырмаудың өте қажетті шаралары. Өйткені, жеке гигиенаның бұзылуы тек қана сол адамның денсаулығына ғана емес, басқа бірге жұмыс істейтін адамдардың денсаулығына зиян келтіруі, тіпті жұқпалы аурулардың тарауына себеп болуы мүмкін. Сондықтан, өндірістік гигиенамен қатар әр адамның өзінің жеке гигиенасын сақтауының маңызы зор.

Жалпы алғанда, өндірістік зиянды факторларды үш топқа бөлуге болады:

  • өндірістің жалпы жағдайынан туындайтын факторлар. Мысалы: жұмыс орнындағы өте жоғары немесе өте төмен температура, ауаның жоғары ылғалдылығы, бөлмедегі ауа алмасуының жоғары жылдамдығы, т. с. с. факторлар;
  • технологиялық үдеріске байланысты факторлар. Мысалы: жұмыс орнындау кезінде пайда болатын шаңдар, булар, газдар, діріл, шу, радиоактивті жарық, т. с. с. факторлар;
  • еңбек үдерісіне байланысты факторлар. Мысалы: жұмыс кезінде адамның бұлшық еттеріне күш түсіретін, шаршататын факторлар, яғни дененің жүктелуі.

Осы факторлардың әрқайсысы адам ағзасына әр түрлі әсер етіп, олардың жұмыс қабілетін төмендетуге немесе науқасқа шалдығуына әкеліп соқтырады.

Енді осы факторлардың әрқайсысына белгіленген санитарлық нормалар қандай?

  1. Жылу (13-28C) . Ауаның температурасына қосымша жұмыс орнының әрбір м3 көлеміне сағатына 20килокалориядан аспайтын жылу бөлінетін орындар еңбектің қалыпты жағдайы жасалған орындар деп аталса, 20килокалориядан жоғары жылу бөлінетін орындар - еңбектің ыстық жағдайында жұмыс істелетін орындар болып есептеледі. Мұндай орындарда еңбекке ақы төлеу де, оларға жағдай жасау да жоғары болады.
  2. Ауаның ылғалдылығы. Жұмыс орнында ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 30-75 пайыз аралығында болуы тиіс.
  3. Ауаның қозғалу жылдамдығы 0, 2-1, 0 м/с аралығында болуы тиіс.
  4. Шаң. Ауаның құрамындағы кремний тотығы /SiO2/ 70%-дан жоғары болған жерде шаңның мөлшері 1мг/м3-ден аспауы керек, ал кремний тотығы /SiO2/ 70%-дан кем жерде 2 мг/м3-ден аспауы тиіс. Ал ауаның құрамында кремний тотығы жоқ болса 10 мг/м3-ге дейін шаң зиянсыз болып есептеледі.
  5. Бу мен газ. Бу мен газ, негізінен, минералды тыңайтқыштардан, жанар-жағармайлардан тарайды. Олардың мөлшері төмендегіден аспауы тиіс:
  • Аммиак 20 мг/м3
  • Бензин 100 мг/м3
  • Мышьяк 0, 3 мг/м3
  • Күкірт қышқылы 1, 0 мг/м3
  • Күкірт сутегі 10, 0 мг/м3
  • Шай 3, 0 мг/м3
  1. Шу. Адамдардың қарапайым сөйлесуі 40децибел мөлшерінде шу шығарады. Бұл норма болып есептеледі. Ал көшеде өтіп бара жатқан жүк автомашинасы 105-110 децибел шу шығарады.

Адам 80 децибел шуды ауыр қабылдайды, ал 120 децибел шу адамның миын жарақаттайды.

  1. Діріл. Дірілдің амплитудасы 1, 3мм болса - жиілігі 2 гц.

Дірілдің амплитудасы 0, 3 мм болса - жиілігі 4 гц.

Дірілдің амплитудасы 0, 05 болса - жиілігі 8 гц.

Дірілдің амплитудасы 0, 01 болса, жиілігі 31, 5 герцтен аспауы тиіс.

2. Өндірістік санитария және адам тіршілік әрекетіндегі химиялық және биологиялық қауіпсіздік туралы жалпы ұғымдар

Өнеркәсіпте тиімді санитарлы-техникалық жағдайларды жасау - еңбек ұжымдарының денсаулығын, қауіпсіздік жағдайларды, еңбектің өнімділігін және жалпы өндіріс байланысыты жоспарлау. Өндірістік бөлмелерге, жұмыс орындарымен микроклиматқа қойылатын жалпы тазалық сақтау талаптары санитарлы нормалары мен ережелері өнеркәсіп бөлімі үшін арналған санитарлы нормаларында көрсетілген.

Адам ағзасына әсер ететін өндірістік жағдайларды кешенді зерттеу, сонымен қатар оларды жақсартуда жүргізілетін шараларды өңдеуді және енгізуді еңбек тазалығы және өндірістік саниртария қамтамасыз етеді.

Егер технологиялық үрдіс дұрыс ұйымдастырылмасы, онда жұмысшының денсаулығына және жұмыс қабілетіне өндірістік ортаның зиянды факторлары ( температура, ауа ылғалдылығы, өтпе желдер, шу, тербелулер, шаң және т. б. ) әсер етеді.

Еңбекті қорғау және санитарлы - сауықтыру шаралардың шарттарын жақсартудың кешенді жоспарын қабылдау және жүзеге асыру кәсіби зиянды факторларды жобаға және еңбек жағдайын жақсартуға анық мүмкіндік береді.

Еңбек тазалығының құрама бөлігі болып еңбек физиологиясы жатады, ол адамның еңбек іс әрекетімен байланысты ағзадағы физикалық үрдістердің жүруін зерттейді. Еңбек физиологиясының мақсаты физиологиялық көз қарас бойынша еңбектің тиімді ұйымдастырылуын табу болып табылады.

Кәсіпорындарда еңбек жағдайларын жетілдіру технологиялық үрдістерді қазіргі заманғы техникамен қамтамасыздандыру, зиянды факторларды тауып оларды жою, және сақтандыру және қорғану шараларын өткізе отырып тиімді ету жолдарымен жүзеге асырылады.

Өндірістік санитария деп зиянды өндірістің факторлардың жұмысшыларға әсерін төмендететін немесе жоятын ұйымдастыру шаралары мен техника - механикалық жабдықтардың жүйесі.

Зиянды факторларға жұмысшылардың жұмыс қаблетін төмендететін немесе ауруға соқтыратындары жатады.

Пайдаланылатын заттардың токсикалық әсері және жұмысшылардың жеке қорғану шаралары. Токсикалық заттар және олардың адамға әсері.

Химиялық өндірістерде пайдаланылатын заттар, өндірісті және еңбекті дұрыс ұйымдастырмағанннан, профилактикалық шаралардың бұзылғанынан жұмысшыларға зиянды әсер етеді. Оларды өткір немесе созылмалы улануға және кәсіби ауруларға соқтырады.

Өткір уланулар зиянды заттың тезарада жоғары концентратциясының организмге әсерінен шығады. Олардың белгілері тез арада көрінеді, сондықтан уланғандарға 1-ші медециналық көмек беріп, уланудың себебін жоюға мүмкіншілік береді. Уланудың созылмалы түрі-зиянды заттардың аз концентратциясымен ұзақ уақыт бойы алатын әсері, оның организмде жинақталу қабілеті бар.

Уланудың белгілері апталар, айлар өткенде көрінеді және олар кей кезде созылмалы ауруларға апарады. Мысалы, сынап көп уақытқа дейін белгілері білінбейді сондықтан созылмалы улануға соқтырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары білімі бар мейірбикенің мамандығы, біліктілік талаптары және қызметтік міндеттері
ЖШС "Восток нан комбинаты" кәсіпорнында сапа менеджмент жүйесін енгізу. Бас инженердың қызметі
Мәдениетті басқару
Шалабай ЖШС - Өндірістік тәжірибе бойынша есеп ( Ветерианриялық медицина )
Індеттану және жұқпалы аурулар
Жапырақты орман ағаштарының зиянкес жәндіктерінің түрлері және келтіретін зияны
Өндірістік ғимарат каркастарын тұрғызу
Мырышты жабынды жағу желілері
Судағы заттарды нормалау
Матаның талшықтық құрамы мен құрылысы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz