Педиатрия негіздері


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе3

1. Педиатрия негіздері4

2. Педиатрияны зерттеу әдістері4

3. Педиатрияның тарихы6

Қорытынды7

Қолданылған әдебиет тізімі8


Кіріспе

Педиатрия (грек. paіdos - бала және іatreіa - емдеу ) - медицина ғылымының балалар ауруларын зерттейтін саласы. Бала организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, бала ауруларының себептерін анықтау, емдеу, олардан сақтану, сондай-ақ, нәрестені туғанға дейін және туғаннан кейін дұрыс күту, тамақтандыру әдістерін қарастырады.

19 ғасырдың 2-жартысынан педиатрия өз алдына ғылым саласы ретінде дами бастады. Оның дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын дәрігерлері У. Кадоган, Г. Армстронг , т. б. болды.

19 ғасырдың аяғында Парижде Педиатрия мектебі ашылды, ол бүкіл Еуропаға педиатрлар дайындайтын орталыққа айналды. Ресейде 1866 жылы орыс педиатры А. Н. Тольский (1832 - 1891) алғаш Педиатрия клиникасының негізін салды. Қазақстанда Педиатриялық зерттеулерді A. И. Авенирова бастады.

1933 жылы оның басшылығымен Қазақ медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) Педиатрия кафедрасы ашылып, мұнда туберкулез, безгек, күл, полиомиелит, т. б. аса қауіпті бала ауруларына қарсы шаралар іздестірілді. Қазір зерттеу жұмыстарымен Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы, сондай-ақ, республикадағы медициналық академиялар мен Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының Педиатрия кафедралары шұғылданады.

Педиатр-дәрігерлердің саны - 6 мыңнан астам (2005) . Республикада травматология және ортопедия саласында, туа біткен аномалия, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, өкпе хирургиясы, реанимация және белсенді терапиямен емдеу әдістері жетілдірілді ( К. Ормантаев, К. Қожақанов , т. б. ), операциядан кейінгі ішек резекциясынан сақтану жолдары табылды ( З. Аханзарипов ), балалардың туа біткен обструктивті уропатиясын хирурггиялық жолмен емдеу ретроспективті тұрғыдан зерттеліп, бұрыннан қолданылып жүрген хирургиялық коррекция тәсілдері жетілдірілді ( І. Мәжібаев, Б. Майлыбаев ) . Ревматизм мен жүре біткен жүрек ақауының ( Б. Хабижанов , т. б. ) және эндокриндік сырқаттарды ( Р. Базарбаева ) анықтау, емдеу әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Жас нәрестелерге арналған сүт тағамдарының (“Балдырған”, “Балбөбек”, т. б. ) тұңғыш рет кешенді клиникалық-гигиеналық негіздемесі зерттелді ( Ә. Машкеев , т. б. ) .

Қазір Педиатрия саласы бойынша республикада ғылыми орталықтар құрылуда. Онкогематология орталық та тұңғыш рет балалардағы жедел лейкоз, апластик анемия және қатерлі ісікқан ауруларын емдеудің жаңаша бағдарламасы енгізілді ( К. Омарова, т. б. ), неонатология орталық қалыптасты ( Т. Чубакова ) .

1. Педиатрия негіздері

Педиатрия -сау және науқас бала денсаулығы жөніндегі ғылым. Педиатрия ғылымы физиология, диетология, гигиена, баланың туғаннан бастап жыныстың жетілуі кезеңіне дейінгі патологиясы мен емдеуді қарастырады. Қазіргі заманғы педиатрия аурудың профилактикасына, балалар гигиенасының үлкен назар аударуда. Мектепке дейінгі гигиена алғашқы және мектепке дейінгі жастағы балалардың денсаулығына және дамуына әсер ететін сыртқы орта факторларын зерттейді. Мектепке дейінгі гигиена бала денсалуғыны нығайту, олардың дамуын, мектепке дейінгі ұйымдарда дұрыс тәрбиелену үшін бағытталған іс- шараларды қарастырады.

Педиатрия негіздері және мектепке дейінгі гигиенасынң зерттеу нысаны болып:

  • Алғашқы және мектепке дейінгі жастағы балалардың жас ерекшеліктері;
  • Балалардың физиологиялық дамуын және денсаулығы;
  • Балалар ауруларының профилактикасын; бала ауруларын алдын- алу;
  • Сәтсіз жағдайда жарақат алғандағы балаларға көрсетілетін алғашқы көмек; жарақаттың себептері,
  • Жеке мүшелер гигиенасын; әртүрлі жастағы балалардың рационалды күн тәртібі;
  • Дене тәрбиесі және дене шынықтыру; денені шынықтыру, таңғы жаттығуды ұйымдастыру;
  • Балаларды гигиеналық тәрбиелеу; ата- анаға және қызметкерлерге санитарлық ақпарат беру; мектепке дейінгі ұйымдарда медициналық қызмет көрсету;
  • Балалардың тамақтануының гигиеналық негіздері:тамақтану нормалары, бала тамақтандыруды ұйымдастыру; тамаққа қойылатын гигиеналық талаптар
  • Бала ауруларын алдын алу табылады.

Педиатрия негіздері және мектепке дейінгі гигиена пәні биология, медицина, педагогика, психология, эпидемиология, офтальмология, отолорингология ғылымдарымен тығыз байланыста.

Педиатрия негіздері және мектепке дейінгі гигиена пәнінің мақсаты - мектепке дейінгі ұйымдарда аурулардың профилактикасы. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін балаларда пайда болатын аурулардың себептерін, оларды жұқтыру жолдары, симптомдарын білу керек.

2. Педиатрияны зерттеу әдістері

Педиатрия негіздері және мектепке дейінгі гигиена пәнінде қолданылатын әдістер:

  • Табиғи гигиеналық эксперимент- қоршаған сыртқы ортаның балаға әсерін, балалының өмірлік жағдайын дұрыс қалыптастыруды қарастыру ;
  • Зерттелетін факторға жауап қайтаратын бала организмінің реакциясын қарастыруды -физиологиялық, биохимиялық; клиникалық әдістер арқылы анықтайды;
  • Салыстырмалы- дені сау және науқас бала организмінің қызметін, әртүрлі жастағы бала организмінің қызметін қарастырады.
  • Математикалық статистика баланың динамикалық қозғалысын, физиологиялық дамуын;
  • Лабораториялық эксперимент- диагнозды нақты анықтау үшін.
  1. Жас ерекшеліктерді сипаттау

Балалар жас ерекшеліктеріне сипаттама:

  • Жаңа туған нәресте- кіндігі түскенше
  • Емузілі бала- 1 жасқа дейін;
  • Ерте балалық шақ- 1-3 жас-

Алғашқы балалық шақ - 4-7 жасқа дейінгі;

Екінші балалық шақ:

  • Ұлдар- 8-12 жас
  • Қыз-8-11 жас

Жасөспірімдік шақ:

Ұл бала- 13-16 жас

Қыз бала- 12-15 жас

Есею кезеңі:

Боз бала- 17-21 жас

Бойжеткен- 16-20 жас.

Жас кезеңдері:

1-10 күн- жаңы туған кезеңі

емізулі кезең

ясли- балалық шақ кезеңі 1- 3 жас

мектепке дейінгі кезең 3-7 жас

мектеп кезеңі: кіші- 7-10 жас, орта 11-14 жас, жоғарғы- 14-18 жасқа дейін

Мектепке дейінгі ұйымдар 2 жастан бастап 7- жасқа дейін ұйымдастырылады.

Топ, жасы
Топтағы орын саны
Топ, жасы:

1ясли

Кіші-2 ай-1 жас

Орта 1- 2 жасқа д

Жоғары-2 жастан-3 ж дейін- бірінші кіші топ

Топтағы орын саны: 20
Топ, жасы:

Мектепке дейігі:

Кіші топ- 3-4 жас

Орта топ -4-5 ж дейн

Ересектер тобы 5-6 жас

Дайындық тобы+ 6-7 жас

Топтағы орын саны: 25

Бала денсаулығы мен физиологиялық дамуы

Физиологиялық даму- балалының өсу мен дамуындағы процесстерді сипаттайтын организмнің функционалдық және морфологиялық қасиеттердің жиынтығы. Антропометриялық зерттеулер қолданылады.

Денсаулық топтары
Денсаулық жағдайы
Денсаулық топтары: І
Денсаулық жағдайы: Дені сау балалар.
Денсаулық топтары: ІІ
Денсаулық жағдайы: Дені сау, бірақ аурудан соң кейбір функционалдық және морфологиялық ауытқулары бар. Жиі вирустық аурулармен ауратын, көру қабілеті нашар балалар.
Денсаулық топтары: ІІІ
Денсаулық жағдайы: Физикалық жетіспеушіліктері бар, жарақаттың салдары бар балалар
Денсаулық топтары: IV
Денсаулық жағдайы: Еңбекке деген бейімделуі төмен, науқас балалар
Денсаулық топтары: V
Денсаулық жағдайы: 1 және 2- топ инвалид балалар

Балардың дәрігерлік тексерілуі:

1 жасқа дейін- ай сайын; 1-3 жасқа дейін- үш айда 1 рет; 3-7 жасқа дейін жарты жылда 1 - рет. Науқас, инвалид балаларды жиі қарайды. Дәрігерлік тексерудің барлық нәтижелері балалың жеке карталарында тіркеледі.

3. Педиатрияның тарихы

Педиатрияның тарихына көз жүгіртетін болсақ : бұл мамандық жеке өз алдына тек ХІХ ғасырдың бірінші жартысында ғана қалыптаса бастаған. Оның туған күні деп 1802 жыл Париж қаласында тұңғыш балалар ауруханасының ашылу күні деп саналады. Алайда, ежелгі заманда да, орта ғасырларда да Гиппократтан бастап өзге де ғалымдар бала ағзасының ерекшелігін, осы педиатрия мамандығына ерекше көңіл бөлу керектігін айтып, баланың тамақтануын, гигиенасын, балалар ауруларын алдын алу мен оларды емдеу жолдарын зерттегендері белгілі.

Мамандықтың әлеуметтік маңыздылығы: Медицинаның қажет емес дейтін саласы жоқ. Ал балаңыздың денсаулығын қадағалаушы дәрігер педиатрдың орны ерекше. Ата-ана вакцинацияның не үшін қажет екендігін, баланың эмоционалды проблемаларын біле бермеуі мүмкін. Бірақ оларды қашанда «Біздің сәбиіміз дұрыс дамып келеді ме?» деген сұрақ мазалайды. Осындай сұрақтарға жауап беріп, баланың ағзасындағы өзгерістерді бірден анықтай алатын дәрігер - педиатр.

Қазақстандағы педиатрия

Қазір Қазақстанда 6 жоғары медициналық оқу орындарында Педиатрия факультеті бар.

Қорытынды

Педиатрия - медицина ғылымының бала­лар ауруларын зерттейтін саласы. Бала ор­ганизмінің анатомиялық-физиологиялық ерек­шеліктерін, бала ауруларының себептерін анық­тау, емдеу, олардан сақтану, сондай-ақ, нә­рес­тені туғанға дейін және туғаннан кейін дұрыс күту, тамақ­тандыру әдістерін қарас­ты­рады. Маман­дардың айтуынша, педиатрия тек қана білім емес, балаларға, олардың ата-ана­ларына сауатты кеңес берумен де айналысады. Енді елімізде педиатрия қызметі қалай дамуда дегенге келейік. Салыстыру үшін арғы жылдарға бармай-ақ, 2005 жылды алайық. Сол жылы Қазақстанда педиатр дәрігерлер саны 6 мың екен. Десек те, сол кездің өзінде балалар дәрігері жетіспейтін. Бұл көрсеткіш 2014 жылы 6265 болып, оның 4942-сі қалалық жерде жұмыс істесе, 2015 жылы неантологтармен бірге педиатрлар саны 5554-ті құрап, оның 4357-сі қалалық педиатр болған. Ал ауылдық жерлерде балалар дәрігері 2014 жылы небәрі 1626-ны, 2015 жылы 1197-ні құраған. Бұл көптеген ауылда балалар дәрігері аты­мен жоқ деген сөз. Соның салдарынан бала­сын құшақтаған анаға қалаға, аудан, облыс орталықтарына сабылуға тура келуде. Егер 2016 жылы елімізде 18 жасқа дейінгі бала саны 5 млн 460 мың 449 болса, оның 2 млн 288 мың 113-і 5 жасқа дейінгі бөбектер екенін, олар­дың 75 пайызы ауылдық жерде, 25 пайызы ғана қала­да тұратынын ескерсек, мәселенің сон­ша­лықты тығырыққа тірелгенін түсіну қиын емес. Осы ретте даярланған мамандар бойынша ресми деректер елімізде педиатрдың тапшы екен­дігін айқын көрсетеді. Мәселен, 2012 жы­лы 10 мың адамға төрт педиатрдан, 2015 жы­лы Аты­рау, Батыс Қазақстан, Павлодар об­лыс­­тарын­да 10 мың адамға бір педиатрдан келген. Ал ба­лаларға медициналық жәрдем көрсетудің ұйым­дас­тырушылық ұстанымы бойынша учаске­лік педиатр-дәрігер 800-1000-ға дейін тіркел­ген аумақтағы балаларға қызмет көрсетуі керек екен. Тағы бір айта кетерлік жайт, соңғы жыл­дары елімізде педиатр мамандығына қызығу­шылық танытатын студенттер күрт кеміген. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметі бойынша, Қазақстанда 2012 жылы - 742, 2013 жылы - 453, 2014 жылы бар-жоғы 7 педиатр ғана оқу орнын тәмәмдаған. Бүгінде өңірдегі ауылдардың 25 пайызы ғана педиатр­мен қамтылған. Жалпы, балалар­ға медициналық жәрдем көрсетудің ұйым­дас­­тырушылық ұстанымы бойынша бір пе­диатр-дәрігерге 15-20 баладан келсе, қазір 30-40-қа жетіп жығылады. Ал мұндайда сапа­лы емдеу жайында айтудың өзі қиын. Бала өлімі үш есе кемігенмен, олардың ауру­ға шалдығуы, созылмалы дертпен ауыру көр­сет­кіші керісінше 22 пайызға артқан. Мұ­ның бәрі ересектерді емдеп үйренген дәрі­гер­лердің балаға нақты диагноз қоюының қиын­дауынан дейді. Екіншіден, білімді, білікті пед­иатр­лар жалақысы жоғары жеке меншік кли­никаларға кеткен. Үшіншіден, бұрынғы тәжірибелі педиатрлардың жасы келіп, ұрпақ сабақтастығы үзілген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны
Педиатрия туралы жалпы түсінік
Балалар мен жасөспірімдер гигиенасының мазмүны, міндеттері, даму тарихы
Жиі ауыратын балаларды диспансерлік бақылау
Басқа бюджеттердің есебінен ашылған лимиттер
Балалық шақтың кезеңдері. Балалар жүйелері мен мүшелерінің анатомо-физиологиялық ерекшеліктеріне жалпы мінездеме
Отандық педиатрияның қалыптасуы және даму кезеңдері
Педиатрия дамуы. Қазақстандағы педиатрия
Педиатрия даму тарихы
Педиатрия кәсібінің ерекшелігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz