Фонетиканың зерттеу нысандары



Кіріспе 3
1. Фонетиканың зерттеу нысандары 4
2. Салыстырмалы фонетика 5
3. Лексика туралы жалпы түсінік . 6
4. Есімдіктің лексика.семантикалық сипаты туралы қазақша реферат 8
5. Салыстырмалы.тарихи тіл білімі 10
Қорытынды 13
Пайдаланған әдебиеттер 14
Жеке фонетика белгілі бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Ол зерттеудің мақсатына қарай сипаттама (синхрониялық, статикалық) фонетика және тарихи (диахрониялық) фонетика болып бөлінеді.
Сипаттамалы фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық құрамын қарастырады да, ондағы фонемалар жүйесін және фонемалардың ішкі өзара байланыстарын белгілеп айқындайды. Тарихи фонетика белгілі бір тілдің даму тарихының әр түрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін және өзгерудің себептерін зерттеп айқындауды мақсат етеді. :
Туыстығы жоқ, құрылымы бөлек тілдердің дыбыстық жүйесін салыстыра зерттеу салғастырмалы фонетиканың үлесіне тиеді. М. Қазақ – орыс, қазақ – ағылшын т.б.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан «Материалы к изучению киргизского наречия» («Ученые записки Казанского университета») деген еңбегінен кездестіре аламыз. Одан соң М.Терентьев жазған «Гармматикада» [1] қазақ фонетикасы жөнінен айтарлықтай жаңалық байқалмайды.
1.Аханов К. Тіл білімінің негіздері. -А.,1973,1977,1993, 2002
2.Кеңесбаев І, Мұсабаев Ғ. Қазіргі қазақ тілі.- А.,1962
3.Байтұрсынов А. Шығармалары. Үшінші бөлім. –А., 1989
4. Кеңесбаев І., Мұсабаев Г. Қазіргі қазақ тілі. Лексика, фонетика.- А.,1975.
5.Жүнісбеков Ә. Акустика-артикуляционного характеристики гласных казахского языка. Фонетика казахского ызыка. І-часть. А., 1969. 160 б.
6.Жунісбеков Ә.Гласные казахского языка. А., 1972. 92 б.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Фонетиканың зерттеу нысандары 4
2. Салыстырмалы фонетика 5
3. Лексика туралы жалпы түсінік . 6
4. Есімдіктің лексика-семантикалық сипаты туралы қазақша реферат 8
5. Салыстырмалы-тарихи тіл білімі 10
Қорытынды 13
Пайдаланған әдебиеттер 14

Кіріспе
Жеке фонетика белгілі бір тілдің дыбыстық құрамын, ондағы дыбыс заңдарын зерттейді. Ол зерттеудің мақсатына қарай сипаттама (синхрониялық, статикалық) фонетика және тарихи (диахрониялық) фонетика болып бөлінеді.
Сипаттамалы фонетика тілдің өмір сүріп тұрған дәуіріндегі дыбыстық құрамын қарастырады да, ондағы фонемалар жүйесін және фонемалардың ішкі өзара байланыстарын белгілеп айқындайды. Тарихи фонетика белгілі бір тілдің даму тарихының әр түрлі дәуірлерінде оның дыбыстық құрамының өзгеруін және өзгерудің себептерін зерттеп айқындауды мақсат етеді. :
Туыстығы жоқ, құрылымы бөлек тілдердің дыбыстық жүйесін салыстыра зерттеу салғастырмалы фонетиканың үлесіне тиеді. М. Қазақ - орыс, қазақ - ағылшын т.б.
Қазақ тілінің дыбыс жүйесі жөнінде алғашқы мәліметті Н.И. Ильминскийдің 1860 жылы Қазан қаласында шыққан Материалы к изучению киргизского наречия (Ученые записки Казанского университета) деген еңбегінен кездестіре аламыз. Одан соң М.Терентьев жазған Гармматикада [1] қазақ фонетикасы жөнінен айтарлықтай жаңалық байқалмайды. Онда кейбір дыбыстардың айтылуы мен комбинаторлық түрде алмасуы жайында азын-аулақ мәлімет береді.Түркі тілдерінің фонетика мәселесін зерттеу жайында В.В. Радловтың сіңірген еңбегі аса зор. П.М. Мелиоранский екі бөлімнен құралатын қазақ тілінің грамматикасын жазып, оның алғашқы бөлімін фоне-тика мен морфология мәселесіне арнаған болатын.
Аталған еңбектердің фонети-ка тарауында айтарлықтай жаңалық жоқ, көбіне, бұрынғы айтылған мәселелерді қайталап отырады.
Г. В. Архангельский жазған Грамматикада қазақ тілі дыбыстарының жіктелуі, дыбыстардың өз ара алмасуы, кейде дыбыстардың сөзде айтылмай түсіп қалуы (редукциясы), үндестік заң мен екпін мәселесі қысқаша түрде сөз болады.Қазақ тілі фонетикасының ғылыми негізі А.Байтұрсынов еңбектерінде ойып орын алады. Қазақ фонетика мәселелерін арнаулы жүйеге салып зерт-теу кезеңі проф. Құдайберген Жұбановтан басталады. Проф. Қ. Жұбанов қазақ лингвистикасының ірге тасын қалаушылардың бірі болды. Ол қазақ фонетикасының бір топ мәселелері (атап айтқанда -- тіл дыбыстарының фонологиясы мен жіктелуі, дыбыстардың өзгеру құбылысы, үндестік заң, сөздің буын құрылысы және акцентуация саласы) жөнінде зерттеу жүргізіп, олар туралы белгілі шешімге келеді.
1. Фонетиканың зерттеу нысандары
Адамның қоғамдағы қатынасының ең маңыздысы - тілдік қатынас. Әрбір халықтың өзіндік ерекшелігімен байланысты болатын тілдік қатынас ауызша және жазбаша түрде жүзеге асады. Ауызша тілдік қатынас сөйлеу арқылы орындалады. Сөйлеу - адамзат іс-әрекетінің ерекше формасы. Сондықтан сөйлеу психология, физиология, логопедия, тіл білімі, т.б. ғылымдардың қарастыратын нысаны.
Сөйлеу тілдік бірліктерге сүйенеді. Тілдік бірліктердің ең кішісі және негізгісі - фонемалар. Жеке тұрғанда ешбір мәні жоқ дыбыстар белгілі бір жүйемен тіркесіп сөзді құрайды, яғни сөздің өмір сүру амалы тілдік дыбыстарға тікелей байланысты болады. Кез келген тіл өзінің қалыптасқан фонемалық жүйесі арқылы қарым-қатынас құралына айналады.
Тіл білімнің бір саласы болып табылатын фонетика (грек т. phone - дыбыс) тілдің дыбыстық жүйесін зерттейді. Тіл дыбыстары - күрделі құбылыс. Дыбыс сөйлеу мүшелерінің белгілі бір араласымы (комбинациясы) арқылы жасалады. Дыбыстардың тіркесуі тілде қалыптасқан белгілі бір заңдылықтарға негізделеді.
Фонетиканың зерттеу нысандары:тіл дыбыстарының пайда болуы, олардың жасалуы, тілдің дыбыстық құрамы мен өзіндік ерекшеліктері, дыбыстардың өзара іштей жікелуі, үндесу заңы, дыбыстардың тіркесу ерекшеліктері, сөз ішіндегі дыбыстардың үндесуі, қатар келген дыбыстардың бір-біріне әсер етуі, буын, екпін, орфография мен орфоэпия және олардың арақатынасы, дұрыс сөйлеу, сауатты жазудың принциптері, т.б.

Дыбыстардың жасалуы мен өзгеру заңдылықтарын меңгеру арқылы тілдің лексикалық және грамматикалық бірліктеріндегі құбылыстарға ғылыми тұрғыдан түсінік беруге болады. Сонымен қатар сөздердің пайда болуы мен дамуындағы ерекшеліктерді түсіндіруге, тілдердің туыстығын табуға да фонетиканың беретін мүмкіндігі зор. Сондықтан фонетика тіл білімінің лексика, сөзжасам, морфология, синтаксис салаларымен байланысты.
Тіл уақыт өтуімен өзінің ішкі заңдылықтарымен және сыртқы экстралингвистикалық факторлардың әсерімен дамып отырады. Кез келген тілдің қалыптасқан дыбыстық жүйесі де тарихи даму кезеңдерін басынан өткереді. ХХІ ғасыр қазақ тіл білімінің тарихи кезеңі болып табылады. Қазақ тілінің мемлекет аясында қолданысының кеңеюі тіл мәдениетін жоғарлатуды талап етуде. Тіл мәдениеті фонетика саласын да қамтиды. Мәселен, сөйлеу актісіндегі сөздерді дұрыс дыбыстай білу, жазуда тілдік
нормаларды сақтау, сөйлеуде дыбыстық жүйемізде қалыптасқан заңдылықтарды дұрыс қолданы білу, т.б.
Қазақ тілінің дыбыстық жүйесін жетік меңгеру арқылы тілдің қоғамдық қызметін жетілдіріп, оның ары қарай дамуына дұрыс бағдар беруге болады.
Зерттеу, сипаттау тәсілдерне қарай фонетика сипаттамалы, тарихи, салыстырмалы, салғастырмалы болып бөлінеді.
Сипаттамалы фонетика (синхрониялық және статистикалық фонетика) - тілдің дыбыстық жүйесін өзі өмір сүріп тұрған уақыт тұрғысынан қарастырады. Тілдік дамудың бүгінгі кезеңіндегі дыбыстардың сапалық белгілерін, сандық құрамын, олардың тіркесуін, буын, екпін мәселелерін үндесу заңдылықтарын, орфография және орфоэпия мәселелерін анықтайды.
Бастауыш, орталау, орта және жоғарғы оқу орындарында сипаттамалы фонетика оқытылады. Сипаттамалы фонетиканың негізгі тұжырымдары акдемик I.Кеңесбаевтың 1954 жылы жарық көрген Қазіргі қазақ тілі оқулығында баяндалған. Сипаттамалы фонетиканың зерттеулеріндегі жетістіктер І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Ж.Аралбаев, С.Мырзабеков, Ә.Жүнісбеков, К.Бейсенбаева, З.Базарбаева, т.б. ғалымдардың еңбектерінде айқын көрініс тапқан.
Тарихи фонетика (диахрониялық фонетика) - тілдің дыбыстық жүйесін тарихи тұрғыдан қарастырады. Дыбыстардың даму заңдылықтарын, дыбыстық жүйедегі өзгерістер, буын, екпін, үндесу заңдылықтары әр дәуірдегі жазба ескерткіштер материалдары арқылы айқындалады, - деп М.Томанов атап көрсетедi.

2. Салыстырмалы фонетика
Түркі тілдеріндегі сингорманизм заңдылықтарының ерекшеліктері.
Түркі тілдерін туысқандық, фонетикалық, лексикалық, морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты топтастыру.
Ғылымда әлі зерттелетін қырлары.
Шығыс Хун тілі.
Ұйғыр-оғыз тобы, қырғыз-қыпшақ тобы.
Түркі халықтарының даму тарихында бастарынан өткізген қиян-кескі шытырман тарихи құбылыстардың тілге де әсерін тигізбей қоймайтыны табиғи нәрсе.
Талданған классификацияларда жеке түркі тілдерінің қай группаға жатқызылатыны жөнінде де бірізділік жоқ. Мысалы, қазақ тілі И.Березин еңбегінде оңтүстік немесе қыпшақ группасына жатқызылса, В.Радлов, Г.Рамстедт, Бенцинг, К.Менгес еңбектерінде батыс түркі тілдері тобына,Богородицкийді Орта Азия тілдері тобына, С.Малов жаңа түркі тілдері тобына, Н.Баскаков Батыс Хун тілдері ішінде қыпшақ-ноғай тілдері тобына қосқан. Ал Б. Серебренников ортақ сөздердің лексикалық индексі жағынан қазақ тілі мен қырғыз тілдері өзара жақын дейді.

Салыстырмалы фонетика - тілдің дыбыстық жүйесін туыс тілдердің дыбыстық жүйесімен салыстыра зерттеп, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын қарастырады. Мәселен, қыпшақ тілдері тобындағы қазақ тілінің оғыз тілдері тобындағы түрік тілімен қаншалықты туыстығына, олардың бір-бірінен айырмашылықтарына туыс екі тілдің дыбыстық жүйелерін тарихи фонетиканың аясында салыстыра зерттегенде ғана көз жеткіземіз.
Салғастырмалы фонетика - тілдің дыбыстық жүйесін туыстығы жоқ, құрылымы әртүрлі басқа да тілдермен салыстыра зерттейді.
Қазақ тілі мен орыс тілдерінің немесе қазақ тілі мен араб тілдерінің байланыстылығын тіл дыбыстары деңгейінде зерттеп, олардың ұқсастықтары мен айырым белгілерін анықтау салғастырмалы фонетиканың міндетіне жатады. Салғастырмалы фонетиканың нәтижелері әлемдік қарым-қатынаста қолданылатын ағылшын тілі сияқты қолдану аясы кең тілдерді аз мерзімде жетік меңгеруде пайдалануға болады.
Тіл тарихы, этимология, тілдердің туыстастығын анықтауда, бүгінгі кезеңдегі тілдердің қарым-қатынасындағы мәселелерді шешуде фонетиканың атқаратын қызметі ерекше. Тілдегі дыбыстық ұқсастықтар мен ортақтықтарды ғылыми тұрғыдан білмейінше, жекелеген сөздердің шығу тарихын, даму ерекшеліктерін айқындау мүмкін емес. Белгілі бір тілдің дыбыстық жүйесін жақсы білу арқылы келесі бір тілді оңай меңгерге болады.
3. Лексика туралы жалпы түсінік .

Лексика -- тілдегі барлық сөздердің жиынтығы деген мағынада қолданылады. Бұл термин қазақ тілінде сөздік құрам деген атаумен аталады.
Лексика (гр. lexicos - сөздік) тіл ғылымында сөздік немесе сөздік құрам деп аталады. Кейде бұл термин тілдің әр түрлі қызмет саласындағы сөздередің жиынтығы (кітаби лексика), жазушының (М.Мағауин лексикасы) немесе жеке шығарманың тілі (Абай жолы лексикасы) деген тар мағынада да қолданылады.
Тілдің лексикасын, немесе сөздің құрамын зерттейтін ғылым лексикология деп аталады. Лексикология гректің лексис және логос деген екі сөзінің бірігуінен жасалған. Бүл сөздердің грек тіліндегі мағынасы -- сөз туралы ілім деген ұғымды береді.
Басқа тілдер секілді, қазақ тіл ғылымында да лексика деген термин өте кең ұғымды қатиды. Белгілі бір мақсатқа байланысты қолданылатын сөздердің жиынтығы лексика деп атала береді. Мысалы, ауызекі сөйлеу лексикасы, кітаби лексика, ғылыми лексика, өндірістік-техникалық лексика, ресми іс-қағаздары лексикасы, диалектілік лексика, кәсіби сөздер лексикасы, терминологиялық лексика, көнерген сөздер лексикасы т.б.
Сонымен, лексикология дегеніміз -- тілдің лексикасын, дәлірек айтқанда, тілдегі сөздердің сан алуан мағыналарын, сөз байлығының құралу, толығу, даму жолдарын, сөздердің қолданылу ерекшеліктерін зерттейтін сала.
Лексикологияның ен басты зерттеу объектісі -- сөз. Сөзді грамматиканың негізгі салалары -- морфология мен синтаксис те қарастырып зерттейді. Бірақ, лексиклогия мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа түрғыдан қарастырады.
Тілдегі әрбір сөзде белгілі мағына бар. Мағынасыз сөз болмайды. Сөздің мағыналық жағы семасиологияда қаралады. Семасиология лексиканың сөз мағыналарын және ол мағыналардың өзгеруінің себептерін зерттейтін арнаулы бір саласы болып табылады.
Лексикология сөзді тілдің сөздік құрамының өлшемі -- лексикалық тұлға ретінде қарастырады. Осымен байланысты лексикологияда мағынасы жағынан дара сөздермен барабар келетін тұрақты, фразологиялық сөз тіркестері де қарастырылады.
Лексикология және оның салалары.
Лексикология тіліміздегі сөздерді қарастырғанда, оның мағыналық жақтарын да, құрамын да, олардың шығу төркінін, тарихын да, болмаса сөздерді есепке алып, түрлі сөздіктер жасауды да, тілдегі тұрақты сөз тіркестерін де, говорлар мен жергілікті диалектілерді де, зат немесе қүбылыс ұғымының нақты бір сөзбен аталу себептерін де, жер, cy, елді мекен және py, ел, халық аттарын да, жануарлар мен зоологиялық атауларға байланысты сөздерді де қарастырады. Соған орай лексикология өз ішінен семасио - логия, этимология, лексикография, фразеология, диалектология т.б. көптеген тарауларға бөлінеді.
Лексикологияның ең басты зерттеу объектісі -- сөз. Сөзді грамматиканың негізгі салалары -- морфология мен синтаксис те қарастырып зерттейді. Бірақ, лексиклогия мен грамматиканың әрқайсысы сөзді әр басқа тұрғыдан кдрастырады.
Лексикологияның ең басты зерттеу обьектісі - сөз. Толық мағыналы сөз. Ол лексема деп аталады. Лексикологияның ең басты салалары:
1. Этимология - сөздің шығу тегін, қалай пайда болғанын, уәждемесін зерттейді;
2. Семантика - сөздердің мағынасын және мағыналық категорияларын зерттейді;
3. Лексикография - тілдегі сөздерді жинақтап, әртүрлі сөздіктер құрастырады.
4. Ономасиологияда сөздік қор мен сөздік құрам және оның элементтері тексеріледі.
5. Фразеологияда - тұрақты сөз тіркестері зерттеледі.
6. Терминогия - әр түрлі ғылым, өнер салаларындағы арнаулы сөздерді зерттейді.
Лексикология ғылымы - ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ТҮПКІТЕК ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ ҚАЗІРГІ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ КӨРІНІСТЕРІ
Дыбыс үндестігі
Мектепте фонетиканы оқыту
Ұяң дауыссыздардың түрленім жүйесі
Қазақ тілі дыбыстарының артикуляциялық сипаты
Қазіргі қазақ тілінің фонетикалық жүйесі
Дыбыстың жүйесі- фонетика
Фонема туралы ілімнің алғашқы негізін салушылар. Фонетика ғылымын зерттеуде қолданылатын әдістер
Тіл дыбыстарының түрлері. Дауысты, дауыссыз дыбыстар
Тіл білімі саласының басқа ғылымдармен байланысын меңгерту
Пәндер