Сыйға тарту шартының түсінігі



1. Сыйға тарту шартының түсінігі. 3
2. Сыйға тарту шартының мазмұны. 6
Қорытынды 7
Пайдаланған әдебиеттер 8
Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттенеді, не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді.
Қайтарымсыздылық – сыйға тарту шартының ең негізгі белгісі болып табылады. Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы міндеттеме болған кезде шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды. Сыйға тарту (кей кездері) белгілі жағдайларда азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік аймағындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру қызметін атқарады. Сыйға тарту шарты – мүлікке билік жүргізудің заңды амалы. Ол мүлікті ерікті беру актісін бекітеді және меншік құқығының ауысуын реттейді. Осы арқылы сый алушының айналадағыларға қатысты мүдделері қамтамасыз етіледі және ол өзіне берілген құқықты заңсыз араласудан қорғау қабілетіне ие болады. Енді түпкілікті және біржола заттың иесінің ауысуы болады. Сондықтан, сыйға тарту шарты мерзімсіз болып табылады.
1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. Алматы, 2003.
2. Азаматтық құқық. Жайлин Ғ.А., Оқулық, Ерекше бөлім. 1 том.- Алматы: Заң әдебиеті.-2005.- 90-110 б
3. Гражданское право: Учеб. / Под ред. М.К. Сулейменова, Ю.Г. Басина. Алматы, 2000.
4. Басин Ю.Г. Избранные труды по гражданскому праву (Сер. Классика казахстанской цивилистики). Алматы, 2003.
5. Басин Ю.Г. Принципы гражданского законодательства Республики Казахстан // Гражданский кодекс РК (Общая часть) – толкование и комментирование. Алматы, 1996. Вып. 1.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1. Сыйға тарту шартының түсінігі. 3
2. Сыйға тарту шартының мазмұны. 6
Қорытынды 7
Пайдаланған әдебиеттер 8

1. Сыйға тарту шартының түсінігі.

Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе беруге міндеттенеді, не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді.
Қайтарымсыздылық - сыйға тарту шартының ең негізгі белгісі болып табылады. Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы міндеттеме болған кезде шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды. Сыйға тарту (кей кездері) белгілі жағдайларда азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік аймағындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру қызметін атқарады. Сыйға тарту шарты - мүлікке билік жүргізудің заңды амалы. Ол мүлікті ерікті беру актісін бекітеді және меншік құқығының ауысуын реттейді. Осы арқылы сый алушының айналадағыларға қатысты мүдделері қамтамасыз етіледі және ол өзіне берілген құқықты заңсыз араласудан қорғау қабілетіне ие болады. Енді түпкілікті және біржола заттың иесінің ауысуы болады. Сондықтан, сыйға тарту шарты мерзімсіз болып табылады.
Сый тартушы сый алушының арасындағы қатынастары (не себептен сыйлағаны) әртүрлі болуы мүмкін, оларды анықтаудың сыйға тарту шарттың жарамсыз деп тану кезінде маңызы болады. Қазіргі жағдайда сыйға беру маңызды әлеуметтік функцияларды атқарады. Ұйымдар мен азаматтардың сандары өсе түсті, олар басқа тұлғаларға көмек ретінде олардың өмір сүруі үшін аса қажетті заттарды қайтармсыз береді. Мысалы: азық-түлік, киім-кешек. Білмі беру, денсаулық сақтау ұйымдарына қолдау берілуде, кей-кездері сыйға тарту шет ел элементінің қатысуымен де жүргізіледі. Қоғамды әрі қарай адагершілік тұрғысына тарту барысында сыйға тарту қатынастары басқа да азаматтық-құқықтық қатынастар қатарынан нақты орын алады.
ҚР АК бір уақтылы кәсіпкерлік сипаттағы қатынастарды реттегеннен сыйға тарту шарты осы кодекс ретте көзқарасынан үйренізшіс болып көрінеді. Сөзсіз, ақша-мүліктік қатынастарында қайтарымсыздыққа орын жоқ болып көрінеді.
Ал, егер сауда саттық құқықтық нормаларынан бөлек азаматтық құқыққа тоқталсақ, онда сыйға тарту шарты басқа шарттық құқықтық қатынастарын арасында да салмақтылау көрінер еді.
Шартта азаматтық-құқықтық ықпалы бір екені көрінеді, егер қазіргі шет ел және құқық жүйесіндегі шартты саралауға жүгінетін болсақ, сыйға тарту шарты басқа шарттармен сатып алу-сату, айырбас және т.б. коммутативті шарт болып табылады. Мұндай шарттың мәнісі бойынша шартты жасасқан кезде әр тараптың пайдасы мен шығыны мүмкін.
Қолданыстағы азаматтық заңнамаға сәйкес сыйға тарту шарты реалды немесе консенсуалды шарт болуы мүмкін. Бұл едәуір өзгеріс осы қоғамдық қатынастарды реттеу барысында пайда болған. Кеңес Одағы уақытындағы азаматтық заңнамада сыйға тарту шарты тек қана реалды болуы мүмкін еді. Сыйға тарту шартына қатысушылары өздерінің еріктері бойынша реалды немесе консенсуалды мінез беруі жалпы алғанда қазіргі заман талабына сай келеді. Басында айтылғандай мұны меншік иесінің өзінің мүлкіне билік ету мүмкіншіліктерінің бірі ретінде бағалауға болады.
Мүлік шартты жасасу сәтінде берілетін болса, онда сыйға тарту шарты реалды болып келеді. Ал басқа жағдайда, егер мүлік болашақта берілетін болса, онда ол консенсуалды болып табылады. Әлдекімге затты немесе мүлікті құқықты тегін беруге уәде ету не әлдекімді мүліктік міндеттен босату уәдесі егер ол уәде тиістінысанда жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегін беру не оны мүліктік міндеттен босатуға айқын ниет білдірген болса, сыйға тарту шарты болып саналады және уәде берушіні босатпай тастайды.
Сыйға тарту шартының қайтарымсыздығы жоғарыда атап кеткендей оған қарсы берілетін заттың немесе құқықтың болмауында көрініс табады. Ал егер мүлікке ақы төленетін болса және ол бірнеше мәрте өз құнынан аз төленетін болса да бұл шартты сыйға тарту деп қарастыруға болмайды.
Заңнамада басқа адамның ауыртпалығы бар мүлікті беруге болмайды деп көрсетілмеген. Сонда да М.В. Елисеевтің пікірі онша нақты емес. Оның ойынша, берілетін мүлікке сыйға берушінің өзінің де құқықтарының ауыртпалығын орнатып сыйға тарту шартын жасауға болады.
Біріншіден мүлікті бергенге дейін оған иесінің ауыртпалығы болмайды. Бұл жерде несие беруші мен борышкер бір тұлға болып қалуына байланысты міндеттеменің тоқтатылу ережесін ұқсастық бойынша қолдануға болады. Екіншіден, сый әдейі өз пайдасына ауыртпалық орната отырып, осы арқылы сыйға тарту шартының қайтарымсыздығы талабын бұзады. Бұл айтылған дәлелдеріміз мүлікке бұрынғы ие құқықтарының ауыртпалығы болуы мүмкінкіндігін мүлдем жоймайды. Бірақ бұл ауыртпалықтар шарт негізінде емес, заң негізінде болу керек және шектелген мөлшерде, жағдайда ғана қолданылады. Мысалы: ортақ меншік режиміндегі, кондоминиумдегі, меншік иелерінің, заңды сервитутпен байланысты ауыртпалықтарынан құтыла алмайсыз. Бірінші екі жағдайда ауыртпалық өзара болып келеді. Үшіншіде сый алушының жер учаскесі қасында орналасқан сый берушінің жер учаскесіне қызмет етуі мүмкін. Сый алушыға басқа да мүліктік міндеттер жүктелуі мүмкін. Сыйды берген соң сый беруші оны жалпыға пайдалы мақсатта қолданылуын міндеттеуі мүмкін. Сыйға тарту шарты біржақты шарт болып танылады және негізгі құқықтар сый алушы тарабында болады. Сый беруші шарт бойынша негізгі міндеттерді жүзеге асырады.
Сыйға тарту шартының нысаны. Сыйға тарту шартының азаматтық айналымдағы ерекшеліктеріне қарай заң шығарушы шарт нысанына арнайы талаптар қояды. Егер нақты сыйға тарту шарты жасалса, жалпы ереже бойынша ауызша нысанда жасалады, бұл жағдайда ҚР АК-нің 151, 152-баптарының нормалары қолданылады.
Заң кейбір нақты сыйға тарту шартын жазбаша түрде жасауды талап етеді. Жазбаша нысанда жасау, егер сыйға тартушы заңды тұлға болып және сый мөлшері он айлық есептік көрсеткіштен асатын болса талап етіледі. Мұндай талап заңды тұлғаның балансындағы мүліктің тіркелу ережелерімен байланысты. Егер мүлік заң негізінде қайтарымсыз берілсе онда тиісінше дәлелдемелерде болу керек (чек немесе құжаттардың болмауы анық), ал кері жағдайда заңды тұлға органдары жетіспеушілік үшін жауапты болады. Бірақ бұл міндетті талап емес, сыйға тартудың жазбаша нысанын сақтамаған жағдайда шарт жасалғаны басқа да жазбаша жасалған құжаттармен дәлелденуі мүмкін. Сыйға тартуды заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұратын жұмысшыларды материалдық нысанындағы көтермелеуден ажырата білу керек, бірақ та мұндай қатынастар еңбек заңымен реттелмеген бөлігінде сыйға тарту нормаларымен реттелуі мүмкін.
Алдағы уақытта сыйға тарту уәде беру - консенсуалды шарт болып табылады және әрқашан жазбаша түрде жасалады. Осы шарттың заң талап ететін жай жазбаша нысанының сақталмауы оның жарамсыздығына әкеп соғады.
Сыйға тарту шартының элементтері. Қазіргі кезде сыйға тарту шартының пәні болып зат сонымен қатар мүліктік құқықтар да табылады. Нақты сыйға тарту затын көрсетпей-ақ өзінің барлық мүлкін сыйға тартуға уәде беру жарамсыз болады. Бұл жағдайда сыйға тарту пәні болмайды.
Қандай да бір игілікті қайтарымсыз алу әрқашан сыйға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сыйға тарту шартының жалпы сипаттамас
Сыйға тарту шартын жасасу шарттары
Жалға алу шарты
Тауар жеткізілімі келісім шарты
Азаматтық құқық (Ерекше бөлім)
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Жылжымайтын мүлік экономикасында тұрғын үйлердің алатын орны
Тасымалдау шарттың түсінігі мен жүйесі
Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері
Ақысыз шарттар
Пәндер