Мектепке дейінгі балалардың құрастыру шығармашылығының білім дағдыларын дамыту


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   

Тақырыбы « Мектепке дейінгі балалардың құрастыру шығармашылығының білім

дағдыларын дамыту».


Мақсаты:

Мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру шығармашылығының білім дағдыларының әрекеттерін дамытудың тиімді жолдарын қарастыру.

Міндеттері:

- мектепке дейінгі балаларға зерттеу жүргізіп, және құрастыру әрекеттерін дамытудың кейбір ерекшеліктерді анықтау және оның тиімді жолдарын айқындау;

- мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекеттері негізінде құрастыру қабілеттері мен шығармашылығын дамытатын әдіс-тәсілдерді айқындау.

Зерттеу обьектісі:

Мектеп жасына дейінгі баланың құрастыру әрекеттері негізінде құрастыру қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастыру, қолдану мүмкіндіктері.

Зерттеу заты:

Балалардың жас ерекшелігіне байланысты құрастыруларды ұйымдастыру. Әр түрлі ойындар арқылы әлемді тани білуді, ақпаратты қабылдауды, талдауды, қоршаған заттар мен құбылыстарды салыстыра отырып, қорытындылау.


Мазмұны

Кіріспе

  1. Теориялық бөлім1 жастан 3 жасқа қараған балалардың құрастыру шығармашылығын дамыту3 жастан 5 жасқа дейінгі балалардың құрастыру шығармашылығын жан- жақты дамытуҚұрастыру әрекетінің түрлері5-6 жастағы балаларға арналған құрастыру әрекеттері
  2. Тәжірибелік бөлім

2. 1 1-3 жасар балалармен өткізілетін сабақтар.

2. 2 3-5 жасар балалармен өткізілетін сабақтар.

2. 3 5-6 жасар балалармен өткізілетін сабақтар

Тұжырымдама

Пайдаланылған әдебиеттер

Қосымшалар

Кіріспе

Құрастыру және құрылыс ойындары мектепке дейінгі жастағы балалардың жан-жақты дамуына ықпал ететін тәжірибелік іс-әрекеттің маңызды түрлерінің бірі болып табылады. Ол балалардың қызығушылығы мен талап-тілектерін, ынта-ықыластарын қанағаттандырады, ойлауын дамытады, құрастырудың міндеттерін өздігінен шешу дағдыларға қалыптастырады.

Ортаңғы топтағы құрастыру іс-әрекеті барысында (құрылыс материалдары, лего конструкторлар. қағазбен, табиғи заттармен) балалар құрылыс материалдары-мен құрастыруға, қағаздан әртүрлі заттар жасай алуға, табиғи және қажетсіз, қалдық заттармен жұмыс жасай білуге, ұжымдық еңбек нәтижесіне жете білуге үйренеді. Балалардың көркемдік талғамы дамытылып, өмірдегі, айналасындағы әсемдікті сезіне білуге және оны өзінін құрастыру іс-әрекетінде бере білуге үйренеді.

Балаларға құрастыру іс-әрекетін үйрету - айналадағы заттар мен құбылыстарды таныстырудан басталады. Олар қоршаған ортаға бақылау жасауға, мақсатты түрде табиғаттың және адамдардын қолдарымен жасалған заттардың пішінін, көлемі мен түстерін ажырата алуға, қарай көруге, зерттеу жасауға үйренеді. Нәтижесінде әлемді тұтас кабылдауға, бейнелі образдар жасауға дағдыланады. Ұсынылған технологиялық картаны жан-жақты қарап, зерттеу жүргізгеннен кейін, оны қалай жүзеге асыру керектігін ойланып, құрылыс материалдарымен, кағазбен, табиғи материалдармен немесе қажетсіз заттармен қалай жұмыс жасауға болатынын ойланады. Әдістемелік құралда пайдаланылған әдіс-тәсілдер «орындалу ретімен» балаларды ойлануға, шығармашылықпен өздігінен әрекет етуге, тірек сызбаларды қолдана отырып өз ойын іске асыруға көмек бере алады. Түрлі түсті, көлемі мен пішіндері әртүрлі құрылыс материалдары: текшелер, призмалар, брусоктар, пластиналар, кірпіштер, цилиндрлер, конустар, тағы басқаларынын ұсақ және ірі бөліктерін пайдалана отырып, балалар белгілі бір заттарды ретімен құрастыруға үйренеді. Олардың көру, сипап сезу, қимыл-қозғалыс арқылы сенсорлық қабілеттері дамытылып; түс, көлем, пішін және заттардың сапасы туралы түсініктері қалыптасып, оны кеністікте дұрыс орналастыруға жаттығады.

Құрылыс материалдарымен жұмыс жасауда балалар кірпіштерді көлденең, тігінен, қырынан қойып, бірінің үстіне бірін қойып, жанына, алдына, артына қоюды және олардың түсі, көлемі, пишініне қарай бір-біріне үйлестіре орналастыруға, біріктіруге, оларды берік орнатуға, құрылыстардың құрылымына қарай онын негізгі бөліктерін, қосымша бөліктерін дұрыс орналастыра білуге үйренеді. Оған мысал ретінде ұсынылған тақырыптар: «Көп қабатты үйлер», «Біздің қаладағы көше», «Жиһаз», «Көпір», «Ұшақ», «Қайықтар», «Біздің балабақшаның ауласы», «Хайуанаттар бағы» т. б.

Қағазбен құрастыру - көркемдік іс-әрекеттің түріне жатады. Ортаңғы топта қағазбен жұмыс жасаудың әртүрлі техникалары: қағазды умаждау, бүктеу, жырту, бүктеу сызығы бойынша сындыру, орау т. б. түрлері бойынша төмендегідей тақырыптарда: «Кітапша», «Жүзім», «Қошақан», «Мерекелік ашықхаттар», «Құс», «Ағаштар», «Үйлер», «Саябақта» т. б. жұмыс жасайды.

Табиғи материалдармен жұмыс жасауда балаларға алдын ала дайындалған табиғи материалдар беріледі (шырша бүрлері, жаңғақтар, жапырақтар, дәндер, ұлу қауашақтары т. б. ) және олардан жасайтын заттардың негізгі, жеке бөліктерін құрастырып, оларды ермексазбен біріктіреді. Тақырыптары: «Жапырақтардан жасалған балықтар», «Кірпі», «Саңырауқұлақтар», «Тышқандар», «Пингвиндер», «Инеліктер», «Көбелектер», «Балапан» т. б. Педагогтін міндеті - табиғи материалдармен жұмыс жасауда олардың ерекшеліктерін байқай отырып, оның сапасына мән беру, балаларды өте бай табиғи бояулар мен әсемдікті сезіну арқылы алуан түрлі көркем бейнелер жасауға үйрету.

Қажетсіз, қалдық заттардан құрастыру арқылы әртүрлі қызықты бейнелер жасау балалар үшін тәжірибе жинақтауға, шығармашылықпен әрекет етуге, заттарды үнемді әрі тиімді пайдалануда маңызы зор. Ондай заттарға: әртүрлі көлемдегі қораптар, кақпақтар, сусын, шырындар мен сүттің, йогурттың босаған құтылары, «Киндер сюрприздің» сыртқы қораптары, дискілер, кір қыстырғыштар, жіптер, сіріңке қораптары т. б. Мұндай заттармен жасауға ұсынылатын тақырыптар: «Қанқыз», «Жүк машинасы», «Жаңажылдың ойыншықтар», «Сылдырмақ», «Аққала», «Желкенді қайық», «Қағаз майлыққа арналған стақандар», «Ертегі» т. б. Қажетсіз заттармен жұмыс істеудің негізгі әдіс-тәсілдері бүктеу, желімдеу, жапсыру, біріктіру т. б. жұмыс жасау қағидалары алдындағы басқа құрастыру іс-әрекетіндегідей балалар жеке бөліктерін қарап көреді, негізгі бөліктер мен ұсақ бөлшектерін ажыратып алады, олардың көлемі, пішіні, түсіне сәйкес құрастырудың тиімді жолдарын қарастырады.

Құрастыру іс-әрекетімен айналысудың маңызды қағидаларының бірі: балалармен жеке және ұжымдық жұмыстарды тиімді ұйымдастыру - еңбек нәтижесіне жетуде, оның мазмұнын дұрыс бере білде, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда өнімді еңбек етуге ықпал етеді. Сондай-ақ, құрастыру іс-әрекетін басқа іс-әрекет түрлерімен: ойын, сурет салу, мүсіндеу, жапсыру, музыка т. б. тығыз байланыстыра, сабақтастыра білу де педагогтің шеберлігіне байланысты болмақ және ол балалардың іс-әрекетке қызығушылығын оятады, танымдық белсенділігін арттырады. Бұл құрастыру іс-әрекетіне балалардың ынта-ықыласын туындатып, ойын арқылы сөйлеуге, өз пікірін айтып жеткізе білуге, жасаған заттарын сипаттап айтып беруге, педагогпен диалогты қарым-қатынас жасауға, құрбыластарымен өзара келісімге келуге, дербес әрекет етуге септігін тигізеді.

Баланың жеке тұлға ретінде қалыптасуы сәби кезінен басталады. Ол үшін балаға барлық жағдай жасалуы керек. Өмірге келген әрбір бала бақытты болуы тиіс. Бұл-баланың басты құқығы. Балалар-еліміздің бүгіні мен ертеңі. Мемлекетіміздің басты байлығы, әрі тірегі. Сондықтан балаға тиісті дәрежеде жағдай жасап, денсаулығын жақсартып, өмірін гүлдендіріп, саналы тәрбие мен сапалы білім беру-біздің басты мақсат.

Тәрбие баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс-әрекет-ойын. Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылысиармен, адамдардаң еңбегімен, қарым-қатынасымен танысады. Елбасымыздың Жолдауында еліміздегі барлық мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді арттыру мақсатында «Балапан» бағдарламасы әзірленіп, оны іске асыру жұмыстары тапсырылғаны баршамызға мәлім. Замана алға қойған бұл міндеттерді өз мәнінде шешу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мазмұнын түбегейлі жаңарту көзделуде. Қазіргі өмірдің өзінен туындап отырған талаптарды орындау, жаңашылдыққа жаршы болу үзіліссіз тәрбие негізінің бастау бұлағы - мектепке дейінгі ұйымдардан басталғаны орынды. Бала тәрбиесі отбасынан бастау алады десек те, ғылымға негізделген әдіс-тәсілмен берілетін тәлім-тәрбие ісі көбінесе балабақшадан басталып, мектепте жан-жақты педагогикалық өрісін табады. Әсіресе, балабақшадағы тәрбие бала табиғатына ерекше әсер етіп, оған өмір бойы өшпестей із қалдырады.

Тәрбиенің сан алуан келелі мәселесін шешетін, қарапайым дағдыларды бала санына орнықтыратын алғашқы білім баспалдағы балабақша.

Балабақшаның күн тәртібінде түрған өзекті мәселе - баланың денсаулығы, тәртіпті де ақылды бала өсіру, алғашқы білім нәріне жол ашу. Осыған орай, бүгінгі қоғам мүддесіне лайықты, жан - жақты жетілген, бойында ұлттық сана қалыптасқан парасатты азамат тәрбиелеп өсіру - отбасының, балабақшаның, барша халықтың міндеті.

Кішкентай бүлдіршіндеріміздің алғашқы даму кезеңі, білім мен тәрбие берудің алғашқы сатысы - балабақша. Балалардың білім алуға, еңбекке, қоршаған ортаға бейімі, адамдармен қарым-қатынасы, сөз қорының, ойлау қабілетінің дамуы мектепке дейінгі кезеңде қалыптасады. Баланың жеке басының тұлға ретінде дамуы көптеген жағдайларға байланысты. Ол баланың өзін қоршаған ортасы, қарым-қатынасы (үлкендермен және құрбыластарымен) ойын, балабақшадағы іс-әрекеті баланың психикалық дамуына ықпал етеді. Бұл баланың айналадағы дүниеге, заттар мен құбылыстарға жауапкершілікпен қарауға деген түсініктерін дамытады.

Мектепке дейінгі балалардың құрастыру қабілеттері мен шығармашылығын қалыптастару қазіргі таңда ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Ғалым-педагогтар мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру әрекетінің дамуын жан-жақты әлі де қарастыруды қажет етеді деген пікірлер айтуда.

Бала мектепке келгенде қабылдау, ойлау және есте сақтау қабілеті жоғары дәрежеде болуы тиіс. Сондықтан балаға мектепке дейін бейнелеу қабілетін дамыту маңызды. Ол үшін арнаулы дәлелденген, тәжірибе жүзінде еске асырылған нәтижелі іс-әрекеттер жасалынуда.

Осы жасқа лайықты ойлау, есте сақтау қабілеті мен ақыл-ой және ересек адамның парасатты қамқорлығынсыз баланың талабы толығымен ашылмай қалуы мүмкін. Мектепке дейінгі балалық шақта есте сақтау, бейнелеу қабілеті біршама дербестікке ие болады. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін дамыту баланың ес процесінің қалыптасу өрісіне бір деңгейде көрініс бермейді, сондықтан да оны белсенді түрде ынталандыра білуіміз шарт. Мектепке дейінгі балалардың өмір сүру қалпы, оның есте сақтау және ойлай білу дәрежесімен тығыз байланысты. Сондықтан да есті дамыту - үлкен өзгеріс есті-бала алдында есте қалдыру, бейнелеу мақсатын қойып, тиісті тәсілдер қолдануды бастайтын (мысалы, есте қалдыру үшін іс-әрекетті бірнеше рет қайталайды) арнайы мнемикалық іс-әрекетің болуы дейді. Мектепке дейінгі балалардың есте сақтау, бейнелеу қабілетіне тән заңдылықтар да қазіргі таңда зерттелінуде.

Мектеп жасына дейінгі балалардың құрастыру қабілетінің рөлі, ойлау процесіне қарағанда маңызды болмаса онан кем емес.

Мектепке дейінгі балалардың бейнелеу қабілетінің жоғары болатындығын ғалымдар кеңінен қарастырды.

Мектеп жасына дейінгі ересек балалар тек педагогтың басшылығымен біртіндеп қана бала бейнелеу құралдарын меңгереді.

Балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін зерттеушілер - Е. А. Флерина, Н. П. Сакулина, Т. С. Комарова, Т. Г. Казакова, Н. Б. Халезова және басқалар живопись пен скульптурада суретші пайдаланатын көптеген әсерлі құралдарға белгілі бір дәрежеде мектеп жасына дейінгі баланың шамасы келетінін атап айтады.

Бір өнерге деген қабілеттілік адамның өзіне тән ерекшелігі болып табылады, мұның өзі оны жануарлар әлемінен бөліп шығарып, болмысты пайдалануға ғана емес, сонымен бірге оның турін өзгертуге де мүмкіндік береді.

К. Маркс іс-әрекет деген осы қабілетті көрсете келіп, былай деп жазды: «Хайуанат материяны өзі жататын түрдің өлшеміне және қажетсінуіне ғана сәйкес қалыптастыраса, ал адам кез келген түрдің өлшемі бойынша өндіре алады және ол барлық жерде затқа тиісті өлшем бере алады; осының арқасында адам әсемдік заңдылығы бойынша да материяны қалыптастырылады» [38] .

Адамның кез келген еңбек қызметі әрқашан ол қызметінің мақсаттарын ұғынумен, ақырғы нәтижені болжай білумен байланысты, мұның өзі іс-қимылдың әдісі мен сипатын анықтап, адамның ерік- жігерін жұмылдырады.

Балалар шығармашылығының мүмкіндіктері мен өзіндік ерекшеліктері дұрыс түсіну педагогтан жалпы өнер саласындағы қызметтің қандай сипаты барын, көркем образды жасау үшін суретші қандай әсерлі құралдарды пайдаланатын, оның шығармашылық қызметінің қандай кезеңдерді барын білуді талап етеді.

Өнердің белгілі бір түрінде дағдыларды меңгеру шығармашылық үшін қажетті шарт болып табылады, өйткені мұнсыз суретші ойға алған образдарын нақты формада көрсете алмайды.

Шығармашылық ойларды жүзеге асыру үшін сондай-ақ еңбексүйгіштік қажет. Мұнсыз ең тамаша ойдың өзі жүзеге аспай қалуы мүмкін. Адамның барлық күш жігері алға қойған мақсатты жүзеге асыруға жұмылдырылып бағытталуы тиіс. И. Е. Репин: «Тіпті данышпандық талант кезінде де тек ұлы еңбекқорлар ғана өнерде форманы барынша жетілдіруге жете алады. Еңбекке қойылған осы бір қарапайым талап кез-келген данышпанның базасын құрайды» - деп жазған болатын.

Әрбір суретшінің шығармашылық процесі әр түрлі. Мұның өзі әркелкі, кейде образ жасаудағы ұзақ жол болуы мүмкін. Сондықтан бұл процестегі негізгі кезеңдерді ғана белгілеп өтуге болады.

Шығармашылықтың бастапқы кезеңі идеяның, ойдың пайда болуы болып табылады. Алғашқыда ол айқын, нақты емес болуы, оның нақтылап, идея нақты мазмұнға айналуы үшін уақыт талап етілуі мүмкін. Бұл ойды пісіру шығармашылық қызметтің екінші кезеңі болып табылдаы.

Үшінші кезең - ойды жүзеге асыру, мұның барысында онан әрі нақтылау, және мазмұн жасау, оны нақты формаларда көрсету жүреді.

Шығармашылық процесс көркем образдың пайда болуымен аяқталады. Бұл шығарманың онан әрі өмір сүруі оның қоғамдық маңызына - көпшілік адамдарға ықпалы, олардың ойлары мен сезімдерін тәрбиелеуіне байланысты болады. Сондықтан көркем шығарма неғұрлым жетілдірілген сайын, оның қоғамдық маңызы бағалы болады.

Сонымен, көркем шығармашылық дегеніміз қоршаған болмысты тану мен образды бейнелеп берудің күрделі процесі болып табылады.

Балалар шығармашылығын дамытудың өзіндік ерекшеліктері неде?

Балалар қоршаған дүниемен таныса отырып, оны өз іс-әрекетінде - ойнағанда, сурет салғанда, мүсін жасағанда, әңгімелегенде және т. б. қайталауға тырысады. Бұл тұрғыдан алып қарағанда бейнелеу іс-әрекетінің мүмкіндігі бай, өйткені өзінің мәні жағынан оның жаңғыртушылық және жасампаздық сипаты бар. Бұл арада бала қоршаған дүниеден алған өз әсерлерін қайталауға, қиялындағы образдарды беруге, оларды алуан түрлі материалдардың көмегімен нақты формаға көрсетіп беруге мүмкіндік алады.

Көркем шығармашылық үшін қажетті жағдайлармен байланысты мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу іс-әрекеті процесінің ерекшеліктерін қарап көрелік.

Мектеп жасына дейінгі ересек балаларда қабылдау мақсатқа бағытталған сипатқа ие болады. Олардың көпшілігі көзбен көріп сезінуге негізделеді, олардың көмегімен бала түсті, көлемді, форманы қабылдай алады. Бірақ балада тәжірибе әлі онша үлкен болмағандықтан, тек көру арқылы толық қабылдай алмайды, сондықтан неғұрлым толық елестетуге мүмкіндік беретін сезім түйсігі және басқа түсінулерді қабылдауға кіргізу қажет.

Дүниені көре білуге баланы үйрету - тәрбиеші міндеттерінің бірі. Ал мұның өзі балаларға байқампаздықты, көргенгі ой елегінен өткізе білуін дамыту, яғни балалардың бойында ойлау, пікір айту, талдау, қорытындылар шығару қабілетін дамыту деген сөз.

5-6 жастағы бала айналасындағы объектілерді қабылдай отырып, олардың ерекшеліктерін бөліп алуға, талдауға, жинақтауға, өз қорытындыларын жасауға тырысады. Бірақ әзір бұлар үстірт дәрежелі, көбіне сурет үстінде жұмыс жасауда елеулі маңызы жоқ детальдар қызықтырады. Мұның өзі олардың зат туралы түсінігінің сипатына да, суреттегі немесе мүсіндегі бейнелеуге де әсерін тигізеді.

Мектепке дейінгі ересек жасқа қарай балада барған сайын аналитикалық - синтетикалық ойлау дәрежесі көбірек дамиды, мұның бейнелеу процесі үшін маңызды мәні бар.

Тірек - сызба


I Теориялық бөлім

  1. 1 жастан 3 жасқа қараған балалардың құрастыру шығармашылығын дамыту.

Балаларға құрылыс материалының бөліктерін бірінің үстіне бірін қоюға үйрету: текшені текшеге (мұнара), текшеге призманы (үйшік), цилиндрге жарты шарды (саңырауқұлақ) және т. б., бөлшектерді үстел үстіне орналастыру (жол, поезд) . Кірпіштерді тігінен бір қатарға қойып, ұзын қабырға (шарбақ), бірінің үстіне бірін қойып биік қабырға (биік шарбақ) жасауға, текше мен кірпіштерді пайдаланып, көрсете отырып, қарапайым құрылымдар (үстел, орындық, диван, кереует) жасауға үйрету.

Пластина үстіне кірпіш пен текше қойып, автомобиль құрастыруға, кірпіштерден кең немесе тар көшелерді жасауға үйрету. Балаларды құрылыс міндеттерін түсінуге, сюжетті пішіндерді қолдана отырып, құрастырылымдармен ойнауға үйрету.

Балаларды құрылыс материалдарынан күрделі құрастырылымдар жасауға үйрету: екі текше мен пластинадан орындық, қақпа, тігінен қойылған кірпіштер мен пластиналардан шарбақ жасау. Орнықты (орындық) және орнықтылығы аз (қақпа, үйшік) негізде қоршау жасау. Сюжетті ойыншықтармен ойнау үшін құрастырылымдарды қолдануға үйретуді жалғастыру.

1 жас 9 айдан бастап сюжетті ойындар үшін жиһаздар құрастыра білуге үйрету: екі кірпіштен диван, бір кірпішті жатқызып, екі кірпішті жанына қойып кереует жасау; міндеттері мен құрылымы әртүрлі екі зат құрастыру: үстел - орындық, кереует - орындық, текшелер мен кірпіштерден баспалдақ жасау, үш қырлы призма мен төрт кірпіштен сюжетті ойыншықтарға үйшік жасау. Баланың дербес ойынына қажетті сюжетті ойыншық жасауда «сюжетті құрастырулар», құрастырылымдарды жасауды қолдану (адам, жануарлар мен көлік түрлерін бейнелейтін. орнықты пішіндер) .

Жыл соңында бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- екі текше мен пластинадан орындық, қақпа; тігінен қойылған кірпіштер мен пластиналардан шарбақ құрастыруды;

- орнықты (орындық) және орнықтылығы аз (қақпа, үйшік) негізде қоршау жасауды;

- сюжетті ойыншықтармен ойынға арналған құрылыстарды пайдалануды;

- сюжетті ойыншықтармен ойындар үшін жиһаздар жасауды;

- құрылымы және қолданылуымен ерекшеленетін екі түрлі заттарды бір мезгілде құрастыруды білуі тиіс.

Ерте жастағы топтарда ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті мен балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыру:

- бала денсаулығына, эмоционалдық жай-күйіне, жан-жақты дамуына қамқорлық жасау;

- топта тәрбиеленушілерге адамгершілік пен тілектестік қарым-қатынасын құру;

- осы жастағы балаларға тән түрлі іс-әрекет түрлерін барынша көп қолдану, оларды кіріктіру;

- тәрбиелеу және оқыту процесстерін шығармашылықпен ұйымдастыру;

- білімдік материалдарды қолданудың вариативтілігі;

- отбасы және мектепке дейінгі ұйым жағдайында балаларды тәрбиелеу мен дамыту жолдарын үйлестіру есебінен құрылады.

Ересектер мен балалардың бірлескен іс-әрекеттері «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта» білім беру салаларының кірігуі аясында ұйымдастырылады.

Педагогикалық процесс келесі компоненттерден тұрады:

1. ҚР МЖМБС 1. 001-2009 базалық оқу жоспарына сәйкес ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.

2. Балалардың өмірі мен тәрбиесін күн тізбелік кезеңдерінде, еркін дербес қозғалыс іс-әрекеттерінде, ойында, ересектермен көркем-тілдік іс-әрекетте ұйымдастыру.

Ерте жастағы балалардың тіршілік әрекетін ұйымдастыруда күн тәртібін тұтастай және оның әрбір элементін нақты орындау, топта жарыққа, ауаға, температуралық режимге, жиһаздар мен жабдықтарды іріктеу мен орналастыруға қойылатын физиологиялық-гигиеналық талаптар негізгі болып табылады.

Сергектік уақытында баланың жас ерекшелігіне сәйкес ақыл-ой, дене және эмоционалдық жүктемелерді, сонымен қатар толық демалуды қамтитын әрекет түрлерін орынды кезектестіру қажет.

Күн тәртібінде шынықтыру шараларына, сергіту жаттығуларына және музыкалық үзілістерді өткізуге уақыт бөлінуі тиіс.

Тәрбиеші қызметінің басты бағыттарының бірі - балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігін арттыру. Әртүрлі қимыл-қозғалыс балада жағымды көңіл күй туғызып, шаршаудың алдын алады, бұлшық етке түсетін күшті кезектестіруді қамтамасыз етеді. Күн бойында (мысалы, серуенде) тәрбиеші бақылау, қимылды немесе дидактикалық ойындар ұйымдастырады. Педагог балалардың жағымды эмоционалды жай-күйін қолдай отырып, дербес ойындар мен мазмұнды іс-әрекеттерге бағыттай келе, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінде меңгерген білімдерді бекітіп, алған тәжірибесін қолдануға үйретеді.

Ерте жастағы балалар арасында дене және жүйке жүйесі мен психикасының дамуында ерекшеліктер байқалады, сондықтан тәрбиеленушілердің әрекеті мен демалысын ұйымдастыруды саралап қарау маңызды. Ол дәрігерлік-педагогикалық бақылау нәтижесіне, әр баланың денсаулығына және оның жүйке жүйесі мен даму деңгейінің ерекшелігіне байланысты іске асырылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мектеп жасына дейінгі үлкен балалардың сөйлеуін тікелей оқу іс-әрекетінде және күнделікті өмірде дамыту құралы ретінде фольклордың шағын түрлерін пайдаланудың тиімділігін негіздеу
«Мектеп жасына дейінгі балаларды мазмұнды суретке үйрету»
Балалардың бейнелеу қабілеттерін қалыптастыру
Түрлі сипаттағы музыкалық шығарманы ажыратуға, кейбір балалар композиторларының шығармаларын атауға үйрету
Бейнелеу өнерін үйретуде карикатура әдісі арқылы ересек топтағы балалардың танымын дамыту
Мектеп жасына дейінгі балалардың бейнелеу және құрастыру әрекеттерін дамыту
Бейнелеу өнерінің тарихы
Мектеп жасына дейінгі балаларды жапсырмалауға үйрету арқылы шығармашылығын дамыту
Мектепке дейінгі оқыту бағдарламаларының мазмұны мен міндеттері
Балабақшадағы құрастыру жұмыстары мен өткізу жолдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz