Тарихы терең - Таразым!


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Тарихы терең - Таразым!

Ежелгі қалалардың біріне Тараз қаласы жатады. Қазақстанның бұл ежелгі қаласы тарихта көптеген атпен қалған: Талас, Тараз, Яны-Тараз, Наманган-Көше, Аулие-ата, Мирзоян, Жамбыл. Қаланың 2000 жылдық тарихы тікелей осы аттармен байланысты. Сол кезеңді қысқаша шолып өтейік.

Көптеген жылдар бойы ғалымдар Тараздың құрылған жылы жайында пікірталаста болды. Архелогиялық жазбаларға жүгінсек бұл қалаға халық б. э. 1 ғасырында қоныстана бастаған. Ірі ғалымдардың бірі, шығыстанушы В. В. Бартольд Тараз қаласы б. э. д. салынған деген. Өкінішке орай жазбалардың аздығынан Тараз туралы толық мәлімет жоқ. Дегенмен, архелогиялық қазбалардың деректеріне жүгіне отырып, біздің ежелгі қаламыздың қай жылы кіммен соғылғанын білуге болады.

Б. э. д. 1 ғасырдың соңында Талас пен Сырдария өзендерінің маңында Қаңлы көшпенді халқының мемлекеті өмір сүрген. Халық саны 600 000 адам, оның ішінде 120 000 әскер болған. Олар Жетісуда өмір сүрген Үйсіндермен жаугершілікте болған. Үйсіндер Қаңлыларды қыспаққа алғаннан кейін Қаңлылар Ғұндармен одақ құрмақшы болып, Ғұндардың билеушісі Чжи-Чжиді шақырады. Бұл оқиға жайында Л. Н. Гумилевтің «Б. э. д. 36 жылдағы Таластағы соғыс» дерегінде көрсеткен. Жазба деректерінде б. э. д. 55 жылы Ғұн мемлекеті солтүстік және оңтүстікке бөлінгендігі айтылады. Манғолияның солтүстік батысында, Қырғыз-Нұр өзенінің маңында Чжи-Чжи өзінің мемлекетін құрады. Осы жерден ол Үйсіндерге шапқыншылық жасаған. Чжи-Чжи мен Оңтүстік ғұндардың басшысы арасында бәсекелестік туындайды. Бұл кезде Чжи-Чжидің Қытаймен де ара-қатынасы нашар еді. Осындай жағдайда жүрген Чжи-Чжиге Қаңлылардың басшысының Таласқа шақыруы өте қолайлы ұсыныс болатын. 3000 қолмен келген Чжи-Чжи Үйсіндерге қарсы соғыста Қаңлы мемлекетіне көмектесе алмады. Сөйтіп, Чжи-Чжи мен Қаңлылардың ара-қатынасы үзіледі. Чжи-Чжи Талас өзенінің бастамасында қалып, өзіне қала соға бастайды. 500 жұмысшының қолымен 2 жыл соғылған қала мықты бекініс болып шықты. Қаланың дуалы екі қабаттан тұрды - сыртқы қабаты ағаш, ішкі қабаты лайдан соғылған. Кейбір деректерге сүйенсек, Талас деп атанған бұл қаланың соғылуына Марк Крассаның бүлінген армиясынан қалған Римнің легионерлері де жұмыс істеген. Чжи-Чжидің күшеюі Қытай империясын дүрліктіре бастады, сөйтіп олар соғысқа дайындала бастады. Қытай қолжазбаларында осы соғыстар жайлы көп деректер жазылған: Чжи-Чжи өз атымен көпке танымал болды. Ол Үйсіндерді басып алып, Қаңлыларға шабуыл жасамақшы болады. Оның әскері жақсы соғысатын, көп жеңіс

Тараз - Қазақстан қалаларының ішіндегі ең ежелгілерінің бірі, тіпті ол VІ ғасырдың деректерінде кездеседі. 568 жылы Талас өзені жағасындағы қалада түрік қағаны Дизабула өзінің керемет ставкасында Византия елшісі Земархты қабылдаған. Бұл туралы В. Бартольдтың «Орта Азияға ғылыми мақсатпен сапардың есебі» кітабында жазылған. 629 жылы Сюань-Цзян Тараз (ежелгі аты - Далосы) қаласының Цзяньцюаннан батысқа қарай 140-150 ли қашықтықта тұратынын және оның шеңберінің 8-9 ли екендігін айтады. Қалада әртүрлі елдерден келген көпес-саудагерлер мен хусилардың (согдийлықтардың) тұратыны және олардың тілі мен әдет-ғұрыптарының, заңдарының Қытайдағы сияқты болатыны туралы жазылған (Зуев Ю. А. Суяб туралы Қытай деректері. 91б. ) . Біз бұл деректерді Тараз қаласының аса ертеден келе жатқан қала екендігі жайлы мәлімет үшін беріп отырмыз.

Тараздың VІІ ғасырда осы Ұлы Жібек жолында маңызды рөл атқарғаны жайлы мағлұматтар ежелгі шежірелер мен географиялық шығармаларда кездеседі. Қала 751 жылы арабтардың, 766 жылдан бастап қарлұқ қожалығының, ІХ ғасырдың аяқ шенінде саманидтердің қол астында болады.

893 жылы Исмаил ибн Ахмад Таразға соғыс ашып, ақыры Тараз әмірі жауға бас иеді, Исламды мойындайды. ІХ-Х ғасырларда Тараз қаласының егіншілік алқаптың, Талас Алатауындағы күміс руднигінің жанында орналасқандығы оның экономикалық және мәдени өрлеуіне мүмкіндік жасады. Х ғасырдың географы Максидидің жазуы бойынша «Тараз - бау-бақшалы, қалың елді, оры, төрт қақпасы және қонысталған рабаты бар үлкен бекітілген қала».

Х-ХІ ғасырларда Жетісуды, Оңтүстік Қазақстан мен Орта Азияны қараханидтер династиясы жаулап алғаннан соң, Тараз жаңа мемлекеттің бір қожалығының астанасына айналады. Ислам діні үстемдігінің нәтижесінде ХІ ғасырда жаңа үлгідегі Айшабибі, Қарахан, Бабажы-хатун мазарлары салынды. Р. Вильгельмнің деректері бойынша, ХІІІ ғасырда болған моңғол шапқыншылығы қарсаңында Тараз қолдан қолға ауысқан. Ол тіпті моңғолдардың қолына түспес үшін Мухаммед хорезмшахтың әмірімен талқандатылған да, ХІІІ ғасырдың орта шенінде қала қайтадан қалпына келтірілген. Жалпы Тараз қала ретінде ХV ғасырға дейін өмір сүрген, бірақ оның орнындағы отырықшы қоныс ХVІІІ ғасырға дейін болған.

Осы тұста пайда болған жаңа қала, Қарахан әулетінен шыққан Ша Махмудтың мазары төңірегіне салынғандықтан, Әулиеата деп аталды. Ал 1936 жылы қаланың аты Мирзоян болып, одан соң, 1937 жылы Жамбыл болып өзгертілді. Халықтың талап-тілегін ескере отырып, ел Президенті Н. Назарбаев 1997 жылғы 8 қаңтардағы Жарлығымен қалаға тарихи аты - Тараз атауы қайтарылып берілді. 2002 жылы 25-26 қыркүйекте Тараз қаласының 2000 жылдығы тойланды. Тараз бүгінде мәдени-экономикалық жағынан өркендеген, жергілікті халық «жер жәннаты» деп атайтын шағын да болса көрікті, берекелі, ырысты қалаға айналды.

Тараздың негізін қалаушы - Шажа.

Тараз қаласының негізін қазіргі жыл санауымыздан бұрынғы 42-41 жылдары қалаған ғұн шаньюі, яғни билеушісі лақабы қытайшадан оқылғанда Чжи-чжи немесе чих-чих яки че-че деген сияқты болғандықтан біраз қазақ жазушылары, ғалымдары оны шөже деп аударып ұсынып жүр. Шындығында бұл билеушінің өз есімі мүлдем басқаша. Чжи-чжи - билеуші болғаннан кейін алған лақабы. Ал, түркі дәстүрінде мемлекет басшылары таққа отырғанда әдетте Күнби, Арыстан немесе Бура (Буғра), Шыңғыс деген сияқты лақаптар алғандығы белгілі. Ал, Шөже құстың балапаны ғана. Қытай сияқты алып империяны кезінде тітіреткен, тіпті алты мың километрлік Ерен қабырға - қорған салдыруға мәжбүр еткен ғұн империясының билеушісін сарыауыз балапан шөже атымен атау еш жөнге келмейді. Сондықтан да біз осы ұлы билеуші лақабын 1998 жылы Алматыдағы «Санат» баспасынан шыққан «Талас - Тараз» тарихи деректі романымызда Шажа деп атаған едік. Өйткені Шажа бүркіт пен қарақұстың будан болуынан шыққан қыран құс. Осы орайда халқымыздың «Қыран құстың буданы - Шажа, ақсүйектің буданы - Қожа» деген мәтелін еске алуға болады. Сондықтан да Тараз қаласының 2000 жылдық тарихи жолдары халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Тараз қаласының негізін салған ғұн билеушісінің лақабын бұдан былай тек Шажа деп жазуға келіссек деген ұсыныс көптеген ғалым, жазушы ағаларымыз тарапынан кең қолдауға ие болып ұйғарылуды.

Тараздың тарихи-археологиялық деректері сонау тас және қола дәуірлерінен желі тартады. Бұған қазба жұмыстары кезінде табылған шақпақтас, қырғыштар, жаңқалар мен кішкентай нуклеустар дәлел бола алады. Сонымен қатар Талас өңірінен табылған тас қоршаулар мен мәйіті өртелген жерлеу орындарының іздері, жерлеу мүліктерінің, жалпақ орақ, төске тағатын әртүрлі әшекейлер мен білезіктердің табылуы, бүгілмелі үлгідегі қола пышақтар, керамика сынықтары жоғарыда айтқанымыздай, тас және қола дәуірінен хабар беріп, осы өңірлерде тіршіліктің болғандығын айғақтайды.

тарих тараз-3

Ал Тараздағы Жамбыл кірпіш зауыты аумағынан кездейсоқ табылған үлкен тас дәнүккіш, тас келі, ұңғылы қола шот, түп жағы үшкірлеу шар бүйірлі қазандар да бұл жерде отырықшы мәдениеттің болғандығын білдіреді. Мұны Тараздың солтүстігінен табылған ұңғылы жебе ұшы мен жауынгердің қола мүсіні айғақтай түседі. Осылайша сан түрлі археологиялық зерттеу жұмыстардың барысында табылған құнды дүниелер ұлы өркениеттердің белгісіндей біздің заманымызға жетіп, тарихтан сыр шертіп келеді.

тарих тараз-1

ХVІ ғасырға тиесілі жазба деректерде Талас өңірі бірнеше қалалардың үйіндісі ретінде суреттелетінін тарихшылар үшін де, археологтар үшін де пайдалы дерек ретінде қарастыруға болады. Мәселен, бұл жөнінде Мұхаммед Хайдар Дулатидың: «Моңғолдар даланы Янги Тараз деп атайды, олар мұны шамасы бірнеше қалалардың ізімен айтады, онда күмбездер, минареттер мен медреселердің ізі мен белгілері бар, осы ежелгі қалалардың бірі Янги, ал қалғандары қалай аталды» деп жазған сөзі бар.

Бүгінгі таңда көне қаланың зертте­луінің екі ғасырға жуық тарихы бар екендігі анықталып отыр. ХІХ ғасырдың 30-жылдарында ша­һарды бірінші болып зертте­ген француз ғалымы М. Картмер болса, одан кейін 1867 жылы П. И. Лерх, 1880-1898 жылдары В. А. Каллаур, 1890 жылы Е. Ф. Кален, 1893-1894 жылдары В. В. Бартольд, 1894 жылы В. П. Лаврентьев деген ғалымдар зерттеп, қала туралы табылған деректер мен мәліметтерді өз еңбектерінде атап өтті. Жалпы, біздің заманымызды кешегі өткен ұлы дәуірлермен байланыстырып, рухани, мәдени жағынан мәнін арттырып тұрған қала жайында бүгінгі таңда тарихи дереккөздер, мағлұматтар мол. Оның барлығын бір мақаланың көлемінде айтып шығу мүмкіндігі болмағандықтан, солардың кейбіреулеріне ғана тоқталуды жөн көрдік.

Ежелгі Тараздың орны қазіргі қаланың орталық базары астында болғандықтан, ол біраз уақыт зерттеу жұмыстарынан тыс қалып келгені мәлім. Ал бүгінгі таңда зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп келеді. Алдағы уақытта археологтардың қолына қала туралы жаңа әрі тың деректер түсетіні сөзсіз.

Шаһарға әр кезде жүргізілген зерттеу жұмыстары барысында көптеген ғимараттардың орны, атап айтсақ тұрғын үй, монша және тағы басқа да сәулеттік құрылыс орындары табылды. ХІ ғасырға жататын монша Қазақстан аумағынан табылған моншалардың ең ежелгілерінің бірі саналады. Өзіндік жоспарлануы мен қабырғасындағы өрнекті сылағы ескерткіштің маңыздылығын арттырып отыр.

тарих тараз-2

Тоғыз жолдың торабы

Таразға қатысты тарихи ең­бектер не дейді? Енді соған тоқталайық.
Талас өңіріндегі тайпалар туралы құнды мәліметтерді қытай саяхатшысы Чжан-Цяньның жазбаларынан кездестіруге болады. Чжан-Цяньның хабарламалары ежелгі қытай тарихын сипаттаудағы Орта Азия елдерін суреттеуге негіз болды. Осы жазбаның негізінде біздің заманымыздың 27 жылы қытай тарихшысы Баньгу «Цянь-Хань Шу» атауымен «Үлкен Хань әулетінің тарихын» құрастырды. Осы тарихта Талас өзені алғаш рет айтылып, отанымыздың тарихына тікелей байланысты ірі оқиғалар атап көрсетіледі.

Чжи-чжи басшылығындағы ғұндар бөлінгеннен кейін Қаңлы мемлекеті иелігіне қоныстанады. Кейінгі археологиялық зерттеулер Талас өңірінде б. з. д. І ғ. - б. з. V ғ. аралығында қаңлы тайпа­ларының өмір сүргендігін дәлелдеп отыр. Қытай деректерінде кездесетін Да-луй сөзі бұл ежелгі қытай транскрипциясы бойынша Талас өзенінің атауын білдіреді. Сонымен қатар Тараз және Талас өңірі туралы деректер Византия, Персия, Үндістан, Қытай елдерінің қатысуымен VІ ғасырда болған тарихи оқиғаларда атап көрсетіледі. Мәселен, 568 жылы соғды Маниах бастаған түрік елшілігі Византияда болғанда, ал түрік қағаны Дизабулдың (түрікше Істеми қаған) астанасында Византиядан шыққан император ІІ Юстинның Земарх Киликийский бастаған елшілігін қабылдайды. Тараз қаласында олар Византия елшілігін қабылдап, қайтар жолда Земарх Дизабулды (Істеми) сасанидтік Иранға қарсы жорыққа алып барады. Мұны ортағасырлық Тараздың мәдени қабатынан табылған византиялық алтын солида (теңге) дәлелдейді. Беткі жағында (аверс) І Юстинианның жоғарғы жағы бейнеленген, дулыға киген, оң қолында найза болса, сол жағын қалқан жауып тұр. Артқы жағына (реверс) ұзын әрі жалпақ крест ұстап тұрған хитондағы жеңіс әйел құдайы бейнеленген.

572 жылы Жетісу жерінен Қара Шұрын Датқа өтеді. Тараз бұрынғысынша астаналық қала мәртебесін сақтап, Түрік мемлекетінде айтарлықтай орын алғандығын осы уақытта болған оқиғалар дәлелдей түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалар композиторлары
Тарихи өлкетану курсының жұмыс бағдарламасы.
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі
Тарих толқынындағы көне қалалар
Зат есімнің денотаттық және сигнификаттық мағынасы
Уақыф сөзінің тілдік мағынасы
Халық шығармашылығының публицистикалық қыры
12 жылдық білім беру жүйесінде мектепалды даярлау
ҒЫЛЫМИ НЕГIЗДЕЛГЕН КIТАП НЕМЕСЕ ЖЕТIРУ ТАЙПА БIРЛЕСТIГIНIҢ ТАРИХЫ
Жырау және тарих
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz