Диплом алды іс-тәжірибенің апталық есебі


М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ» ФАКУЛЬТЕТІ
«БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» КАФЕДРАСЫ
Фк-13-5к3 тобының студенті Жұмабай Мөлдірдің
Диплом алды іс-тәжірибеден өткен
есеп жұмыстары
Іс-тәжірибе базасы: Д. И. Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейі
Жетекшісі: аға оқытушы Г. Тұрабаева
Шымкент, 2017 ж.
Мазмұны
Диплом алды іс-тәжірибенің апталық есебі . . .
Кiрiспе
3
4
1
1. 1
2
2. 1
2. 2
Іс - тәжірибе өтілетін орын жайлы мәлімет . . .
Зертханалық аудиторияда техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері . . .
Аналитикалық шолу . . .
Ағаш және бұта өсімдіктерінің түрлерін жинақтау . .
Экожүйелердің тұтастық қасиеттерін зерттеу құрылымдары………. . ….
5
5
6
6
11
3
3. 1
3. 2
4
4. 1
4. 1
Зерттеудің әдістері . . .
Орман шаруашылығына жарықтың сүрек өсіміне және сапасына әсері…
Бағалы ағаш және бұталарды өсірудің агротехникасын зерттеу……….
Зерттеудің нәтижелері . . .
Ботаникалық бақ өсімдіктерін жіктеу
Ағаштар мен бұта тұқымдарын питомникте өсіру.
Қорытынды. .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
15
15
16
18
18
19
23
25
Диплом алды іс-тәжірибенің апталық есебі
I - апта
Мен іс-тәжірибенің алғашқы аптасында, диплом алды конференцияға қатысып іс-тәжірибенің міндеттері мен мақсаттарымен таныстым.
Университеттің өкімімен 13. 03. 2017ж - 15. 03. 2017 аралығында диплом алды іс-тәжірибеден Д. И. Менделлев атындағы №15 мектеп-лицейіне жетекшіммен барып, мектептің басшысымен кездесіп, мектеп ережесімен және күнделікті тәртіптерімен таныстым. Мектептегі жетекшім Қалиев Медет.
Кафедрадан тағайындалған жетекшім аға оқытушы Г. Тұрабаеваның тапсырмалары мен жұмыс түрлерімен таныстым.
II - апта
Диплом алды іс-тәжірибеде алдыма қойған мақсаттарыма жету үшін зерттеу әдістерімен танысып, бірнеше ғылыми-әдебиеттерге сілтеме жасадым.
Д. И. Менделлев атындағы №15 мектеп-лицейінің техника қауіпсіздігімен таныстым. Бекітілген сыныппен таныстым.
III - апта
Мектепте жетекшілік жасаған биология пән мұғалімі Қалиев Медеттің кеңесімен «Мектептегі биология пәнінде жалпақ жапырақты ағаш тұқымдарының селекциясын зерттеу» талдау жасап, өзіме таныс емес мәліметтер арқылы талдау жасадым.
IV - апта
Бұл аптада, өзім өткен сабақтардың кемшіліктерімен жетістігіне биология пән мұғалімі Қалиев Медеттің көмегімен анализ жасадым.
V-апта
Диплом алды іс-тәжірибенің есебін дайындау.
Диплом алды іс-тәжірибеде жүргізілген зерттеу жұмысы:
Дербес тапсырма бойынша: «Мектептегі биология пәнінде жалпақ жапырақты ағаш тұқымдарының селекциясын зерттеу»мақсатында жұмыстар жүргізілді.
1. Диплом алды іс-тәжірибенің дербес тапсырмалары бойынша дайындалған тақырыптар:
Диплом алды іс-тәжірибеде жүргізілген зерттеу жұмыстарын зерттеу объектісі ретінде 13. 03. 2017ж - 15. 03. 2017ж мерзімі аралығында
Мектеп - лицейінде биологияны тереңдетіп оқытатын сыныпты алдық.
Ғылыми жетекшінің басшылығымен диплом алды іс-тәжірибе барысында орта сынып оқушыларына биология пәнінің оқытушысы толықтырған мәліметтерге сүйене отырып, «Мектептегі биология пәнінде жалпақ жапырақты ағаш тұқымдарының селекциясын зерттеу»тақырыбында, оқушыларға дәрістер оқылды. Зерттеу жұмысының материалдары диплом жұмысының мазмұнына енгізілді.
Кіріспе
Мен Жұмабай Мөлдір ФК-13-5к3 тобының студенті, диплом алды іс-тәжірибемді Шымкент қаласындағы №15 Д. И. Менделеев атындағы мектеп лицейінде 13. 03. 17-15. 04. 17ж., аралығында өткіздім. Мен іс-тәжірибеге күнделікті барып отырдым. Менің іс-тәжірибелік жұмысымда 9 а - сынып оқушыларын биология пәніне баулу болды. Оларға ғылыми әдебиеттермен қалай жұмыс жасау керектігін таныстырдым. Оқушылармен бірге мектеп кітапханасында қазіргі таңда биология саласындағы өзекті тақырыптармен және дипломдық жұмысымның тақырыбына сай жұмыстар жүргіздім.
Өзіміздің оқу орнына қарасты кітапханамызда жетекшіммен бірге оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін қандай методтармен жұмыс істегенім дұрыс жайлы мағұлматтар жинадым. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба жұмыстарының түрлілігімен таныстым. Және де дипломдық жұмыстың тақырыбына сай зерттеу жасадық. Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Мектептегі биология пәнінде жалпақ жапырақты ағаш тұқымдарының селекциясын зерттеу» осы тақырыпқа қажетті материалдармен жұмыс жасау барысында зерттеулер жүргізілді.
Осы аталған мәліметтер жайлы деректер қорын зерттеумен болдым.
- Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмыстың жоспарына сәйкес әдебиеттермен танысу.
- Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау» қатысты әдебиеттерден материалдар жинау.
- Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша өзіндік зерттеу жүргізу.
- Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмысын зерттеу нәтижелеріне анализ жасау.
- Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмыстың тарауларын құрастыру және қорытындылау.
Мен іс-тәжірибенің алғашқы аптасында №15 Д. И. Менделеев атндағы мектеп лицейінің тарихымен, тахникалық қауіпсіздігімен және биология пәнінен сабақ беретін пән мұғалімдерімен, 9 а сынып оқушыларымен және оның сынып жетекшілерімен таныстым.
9 а сынып оқушыларына биология пәнінен сабақ беру барысымен құжаттарымен таныстым. Мектеп кітапханасында жетекшіммен бірге отырып дипломдық жұмысымның тақырыбына сәйкес әдебиеттермен танысып оларға шолу жасадым. Осылайша диплом алды іс-тәжірибемде бес аптада мектеп қабырғасында биология пәнінен сабақ беруге қажетті құжаттарды қалай дайындау керектігін, оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулуды және дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты жұмыстар жүргізілді.
- Іс - тәжірибе өтілетін орын жайлы мәлімет
№15 Д. И. Менделеев атындағы мектеп - лицейінің тарихи анықтамалығы.
Д. И. Менделеев атындағы №15 мектеп - лицейі 1967 жылы №15 Н. К. Крупская атындағы орта мектебі болып құрылған.
15 мамыр 2000 жылы Шымкент қаласы әкімінің №667 шешімімен Д. И. Менделеев атындағы орта мектебі болып аталды. Оңтүстік Қазақстан облысынық Әділет басқармасының қайта тіркеу туралы №11957 - 1985 - ГУ санды куәлігімен 25 қазан 2001 жылы Д. И. Менделеев атындағы №15 химия-биологиялық мектеп-лицейі болып аталды.
Оңтүстік Қазақстан облысынық Әділет басқармасының қайта тіркеу туралы №11957 - 1958 - ММ санды куәлігімен 8 желтоқсан 2009 жылы Д. И. Менделеев атындағы №15 мектеп - лицейі мемлекеттік мекемесі болып қайта тіркелді.
Қазіргі уақытта мектеп директоры Саржанова Жанар Ержанқызы болып тағайындалған. Ол мұғалім Д. И. Менделеев атындағы №15 мектеп - лицейінде қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарады. Ол білікті де білімді маман.
№15 Д. И. Менделеев атындағы мектеп-лицей директорының ҒӘЖ орынбасары Жекеева Наталия Борисовна. Ол мұғалім бізге практика бойынша мектептегі жауапты адам. Жекеева Наталия Борисовна мектепте орыс сыныптарына химия пәнінен сабақ береді.
1. 1 Зертханалық аудиторияда техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері
1. Биология кабинеті - бұл мектептегі арнайы жабдықталған оқу кабинеті, ғылыми - әдістемелік, психикалық-педагогтік оқу және тәрбие үрдісін жүргізуге арналған. Кабинеттегі жұмыс осы көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
2. Биология кабинеті Мемлекеттік «Білім» бағдарламасын, Қазақстан Мемлекетінің Білім туралы Заңын, жалпыға бірдей орта білім беру мемлекеттік стандартын жүзеге асыруға арналған.
4. Кабинет демонстрациялау, зертханалык жұмыстар жүргізуге лайықталып оқу құрал - жабдықтарымен, жиһазбен, техникалық құралдармен, көрнекіліктерімен, оқу әдістемелік жинақтармен жабдықталады.
5. Кабинет жабдықталуы оқушыларға рухани - танымдық және эстетикалық тәрбие беруге жағдайластырылған, сонымен катар биология кабинетінің санитарлық жағдайы да талапқа сай қалыптасқан.
6. Кабинет сабақ басталардан 15 минут бұрын ашық тұруы
2 Аналитикалық шолу
2. 1 Ағаш және бұта өсімдіктерінің түрлерін жинақтау
Негізгі зерттеулер өсімдіктің пісіп жетілуінің мезгілдік ритмін зерттеуге бағытталатын болады. Систематикалық фенологиялық бақылау тек өсімдік үшін жаңа жағдайда тіршілік процестері ритміндегі өзгерістерді ғана анықтауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге олардың тұрақтылығын, өнімділігін және декоративтілігін де анықтайды. Интродукцияның сәттілігі көбінесе бірінші кезекте, жас кездегі өсімдіктің өсу мен пісіп жетілу ерекшелігіне байланысты. Тұқымнан өсімдікті өсіру мен ауа-райы жағдайына байланысты жасанды суару жағдайында өмір сүрудің бірініші жылында екпе көшеттерді сақтау олардың одан арғы өсуін анықталды.
Қазақстанның оңтүстік жағдайында өмір сүрудің алғашқы жылында екпе көшеттердің өсу мен пісу динамикасын зерттеу айтарлықтай актуальді болып келеді, себебі шұғылконтинентальді климат жағдайында өмір сүрудің бірінші жылындағы екпе көшеттерді сақтау - қиын тапсырма. Сондықтан екпе көшеттердің өсу мен пісуінің ерекшелігін білмей отырып, отырғызылатын материалды өсірудің агротехникалық әлістерін жүргізу мүмкін емес.
Қазақстанның таулы экожүйелерiнiң аум. 18, 6 млн. га, яғни республика жерiнiң 7%-ы. Бұл ретте есепке алынып отырғаны 4 - 5 биiктiк белдеулi биiк таулар ғана. Таулы экожүйелердiң флорасын 3400 - 3600 түр құрайды деп шамаланады. Оның iшiнде 540 - 570 түр эндемик болып табылады. Тек Қаратаудың флорасында 165 - 170 эндемик түрлер бар. Олардың iшiнде, шыршалы (шренктiк шырша, сiбiрлiк шырша) ; май қарағайлы, самырсынды (сiбiрлiк самырсын, сiбiрлiк майқарағай) ; қылқан жапырақты ормандарды; алмалы (Сиверс алмасы, қырғыз алмасы), өрiктi (кәдiмгi өрiк), қайыңды-теректi (түктi қайың, көк терек) - жапырақты ағаш ормандарды атап өтуге болады. Таулы экожүйелерде итмұрын мен бөрiқарақаттың (зеректiң), аршаның, қылшаның, бетегенiң, сарыкүйiк қауымдастықтары да кең тараған. Қазақстанның табиғи флорасы - пайдалы өсiмдiктердiң қайнар көзi. Мұнда жем-шөптiк өсiмдiктердiң 700-ден астам түрi, дәрiлiк өсiмдiктердiң 400-ге жуық, әсемдiк-безендiрушiлiк 700 - 800, ширнелiк (300-ден астам), эфир-майлық (450-ге жуық), улы-зиянды (250-ден астам) өсiмдiктер түрлерi бар [1] .
Ағаш өсіру, оны күтіп, баптау бүкілхалықтық дәстүрге айналды. Кейінгі жылдары көгалдандыру ғылыми мекемелердің тәжірибелері, ауа райының және топырақ жағдайының, ауыл шаруашылығы өндірісі үшін қолайсыздығына қарамастан, Оңтүстік Қазақстаннын даласында агротехникалық шараларды уақтылы дұрыс әрі сапалы жүргізіп, ағашпен бұта тұқымдарын өсіру жолдары қарастырылды.
Оңтүстік Қазақстанның далалы және шөл далалы аймақтарында ауа райының, құрғақтығына, қарамастан, майда жапырақты шетершін көшеттері үш жыл ішінде 72, 5% өсіп шықты. Сондай-ақ көк жасыл жапырақты үйеңкінікі -
70-70, 3%, жасыл жапырақты шағандікі-83, 5%, төректікі - 71, 5% болды. Кейінгі жылдары облыстың орман шаруашылықтары шөл далалы және далалы жерлерде 3 мың гектарға жуық жерге және бұта тектес өсімдіктер отырғызылды [2] .
Дендробақтың мәнін түсіну үшін еркіндікте бірегей климаттық және топырақ жағдайларында өсетін ағаштардың біркелкі түрлерін салыстырайық (1-кестеде берілген) .
Кесте 1 - Әртүрлі жағдайда, ашық жерде және көрші ағаштарлын тығыз қоршауында өскен екі кәрі емендердің өлшенген деректері (П. С. Погребняк бойынша)
Сүрекдін
ішіндегі
ағаш, 112
жас (жыл)
Екінші ағаштың
біріншімен
салыстырғандағы пайыз
Бұтақтар көлемінін ағаштардың жалпы көлеміне пайызы
Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық паркін құрудағы басты мақсат - Батыс Тянь-Шаньның, яғни Тәңіртаудың Қазақстан бөлігіндегі таңғажайып табиғатын сақтап, қорғау және адам игілігіне ізгілікті ниетпен пайдалана білмекті жүзеге асыру. Табиғи және тарихи-мәдени кешендер мен нысандарды ғылыми негізде зерттеп-зерделеу, қалпына келтіру. Табиғи ресурстарлың тұрақтылығы мен тепе-теңдік күйін және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету. Ұлттық парктің 19 пайызы немесе барлық жер көлемінің 27553 гектары - орманды атыраптар. Жазиралы, далалы алқаптардан бастап биік-биік Альпі көкмайсаларына дейін кездесер. Аршаның алуан-алуандары 500-600, тіпті 4000 жылға дейін жасайды. Өгемсу мен Сайрамсудың бастапқы тұстарында ешбір жақтың қайыңдарына ұқсамас, қайыспас-қайсар қазақы қайың өседі. Жабайы алма мен жабайы жүзімнің таңғаларлық түрлері, өрік пен алша, сары долана, қызыл долана, жаңғақ, жиде, алмұрт сияқты жеміс ағаштары, шырғанақ, итмұрын, таупісте, қарақат, таушие сияқты емдік қасиеті көп жидекті, бұталы және шөптесін өсімдіктер қаншама.
Осы аймақтағы ормандардың тең жартысына жуығы бұталар. Ал 30, 2% қарағай, 10, 6% қайың, одан шағындау көлемді жерде теректер мекендейді [22] .
Деректерге қарағанда, Қазақстан жеріне ағашты қолдан егіп өсіре бастау жұмыстары бұдан жүз жыл бұрын басталған (В. А. Неофитов, 1960) .
1911 -1912 ж. қазіргі Солтүстік Қазақстан, Целиноград, Семей облыстарында ағаш тұқымын өсіретін кішігірім питомниктар ұйымдастырылып халық шаруашылығына өте қажет қарағай, бал қарағай, шырша, сүйелді қайың, бальзам терегі, тал, майда жапырақты шегершін, емен, үйеңкі, сары қарағай тағы басқа ағаштар өсірілген. Сол ағаштардан қазірге дейін жиырма түрлі ағаш және бұта тұқымдары сақталып келеді. Алғашқы ағаш егу жұмыстары қолмен атқарылған. Кейін егетін ағаш көлемі ұлғайған сайын жер көктемде, күзде ат және өгіз соқалармен жыртылып отырғызылды [23] .
Ағаш бұталы - өсімдіктердің көптеген пішіндерінен тұратын, жердегі өсімдік жамылғысының негізгі түрінің бірі, олардың ішінен ағаштар мен бұталар, екінші кезекте, бұташықтар, шөптер, мүктер, қыналар және тағы басқалар басты рөл атқарады.
«Денробақ - өзінің дамуы жолында биологиялық байланысты, бір-біріне және қоршаған ортаға әсер ететін ағаш, бұта, шөптесін тәрізді өсімдіктердің, жануарлар мен микроағзалардың қосындысынан тұратын географиялық ландшафтың бөлігі» [24] . Дендробақтың, қандай да болмасын, өсімдік тәрізді, коршаған ортамен тығыз байланыста және динамикалық бірлікте бола отырып, оны құрайтын өсімдіктердің бірге өсіп-өнетіндігі, бір-біріне әсер ететіндігі өзіне тән сипаты болып табылады.
Дендробақта өсетін ағаштардың желегі жоғары, көтеріңкі болады. Ағаштар жалпы орман шымылдығын құрайды да, топырақ бетіне жарықты аз жібереді, сол себепті олардың төменгі бұтақтары қурап қалады және көбіне бұтақшалардан жақсы тазарған толық сүректі діңдер өседі. Осындай ағаштар халық шаруашылығының сүрекке қажеттілігін қанағаттандыруда аса маңызды орын алады [25] .
Табиғи және жасанды текті, күрделі, аралас және жоғары өнімді орманда ағаштар санының балауса жасында кемуі қарапайым, таза және төмен өнімді орманнан гөрі карқынды жүреді (2-кестеде берілген) .
Өсімдікке қонатын шаңның құрамында, әсіресе, өндірістік заңдарда ауыр металдардың және микроэлементтердің қоспалары көп болады. өндіріс мекемелері төңірегіндегі тозаңның құрамында 37, 9 % (күлге шаққанда) темір, 15, 5 % алюминий, 2, 7 % мыс, 0, 9 % титан, 0, 8 % мырыш, 0, 2 % қорғасын болатыны анықталды.
Кесте 2 - Қарағай екпе ағаштарының табиғи сиреуі
мың
дана
мың
дана
мың
дана
мың
дана
мың
дана
мың
дана
Тіршілік үшін күресте жойылды. Бұл құбылысты мынандай күйде қарауға болады. Жас ағаштар (жас шыбыктар) әлі кішкентай болғанда, олар салыстырмалы окшаулықта өсті, барлығына кеңістік, ылғал, жарық және топырақтың қоректік заттары жетіп тұрды. Өсіп ұлғаюына қарай олар бірімен бірі жанаса бастайды және кеңістік, жарық, ылғал, коректік заттар үшін өзара бәсекелестік басталады, яғни, Дарвин атағандай тіршілік үшін күрес жүреді, соған байланысты орасан көп жеке жас шыбықтардан аса икемділері ғана өсіп, жетіледі.
Осы ауры металдардың қоспаларынынан ауаны тазартуда өсімдіктердің маңызы өте зор. Ауыр металдар өсімдіктің жапырақтарына, қабығы мен тамыр жүйелеріне жинақталады. Тамыр жүйелеріне ауыр металдар, әсіресе, құмдауыт жерлерде көбірек қонатын болады. Қылқан жапырақты (шырша, қарағай) және жалпақ жапырақты (тобылғы, долана, ырғай) ағаштардың кейбір түрлері ауыр металдарды бойына сіңіруде ерекше жоғары қабілеттілік көрсетеді. Соныдықтан ауысы ластанған жерлерге, автомобиль жолдарының бойына, өнеркәсіп мекемелерінің төңірегіне осы өсімдіктерден санитарлық- қорғау ағаш алаптарын салу өте- мөте қажет [30] .
Ағаштар санының кемуін табиғи сиреу деп атайды. Бұл әрқашанда болатын табиғи өскен және қолдан өсірілген (жасанды текті) барлық ағаш түрлеріне тән жалпы заңды құбылыс. Бұл табиғаттағы табиғи жіктеу заңында көрініс табатын ерекше белгі болып табылады. Ағаштар жер көлемі, жарық, су, қорек үшін болған бәсекелестік салдарынан, ылғалдың жетіспеуінен немесе оның шамадан тыс көптігінен жойылады.
Жасы ұлғайғанда, керісінше, сиреудің жылдамдығы өсіп-өнудің нашар жағдайларында жоғарылайды. Тез өсетін және жарықты сүйетін ағаш түрлері көлеңкеге төзімді және баяу өсетіндерден жылдам сирейді (3-кестеде берілген) .
Кесте 3 - Ағаш түрлерінің жарық сүйгіштігі мен өсу шапшаңдылығының алқа ағаштың қалыңдығына әсері
1 га-дағы
ағаштың
саны, дана
Бір ағаштың
қорек ауданы, м
Жағадағы
ағаштың
саны, дана
Бір ағаштың
корек ауданы, м~
1760
Олардың дамуын қиындатқан көптеген табиғи әсерлерді жеңе алмағандары жойылып кетеді немесе қолайсыз орта жағдайларына ауысады. Ауданның бір өлшеміне келетін ағаш санының кемуі - тіршілік үшін күрестің нәтижесі.
Ағаштардың өсуі бойынша жіктеудің алғашқысы және ең сәттісі - 1884 жылы таза бірыңғай жастағы сүрекдіндер үшін орманды күтіп-баптау мақсатында ұсынылған неміс орманшысы - Крафттың жіктеуі болып табылады.
Г. Крафт басымдылық және басыңқылық дәрежелері деген атау бойынша ағаштардың бес классын бөліп шығарды.
I класс, желегі қуатты дамыған және биіктігі мен діңдерінің диаметрі ірі
аса басымдылар немесе өте басымды ағаштар; алқа ағашта олар діңдердің
жалпы санынын 10 пайызға жуығын, бірақ, олар алқа ағаш қорының 20
пайызға дейінін құрайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz