Биология пәнін оқытуда жүгері өсімдігінің биологиялық және өнімділік ерекшеліктері


М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ» ФАКУЛЬТЕТІ
«БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» КАФЕДРАСЫ
Фк-13-5к3 тобының студенті Кәбір Мөлдірдің
Диплом алды іс-тәжірибеден өткен
есеп жұмыстары
Іс-тәжірибе базасы: Д. И. Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейі
Жетекшісі: аға оқытушы Г. Тұрабаева
Шымкент, 2017 ж.
Мазмұны
Диплом алды іс-тәжірибенің апталық есебі . . . 3
Кіріспе . . . … . . . 4
1 Іс - тәжірибе өтілетін орын жайлы мәлімет . . . 5
1. 1 Зертханалық аудиторияда техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері . . . 5
2. Аналитикалық шолу . . . 6
- Жүгері өсетін аудандардың климаты мен топырағының сипаттамасы . . . 6
- Тәлімі аймақтың табиғи жағдайлары. . 8
- Ауыспалы егістердегі жүгерінің өсу және даму ерекшеліктері. 10
2. 4 Топырақ ылғалдылығының ағымы және егістіктің ылғалмен қамтылу дәрежесі . . . 11
3 Тұқымның егістік өнгіштігі . . . 12
3. 1 Топырақтың қоректік режимі . . . 12
3. 2 Тамыр жүйесінің дамуы . . . … . . . 14
3. 3 Жүгері дақылының құрғақшылыққа төзімділігі және даму кезеңдерінің ұзақтығы . . . 15
4 Зерттеудің нәтижелері
4. 1 Тәжірибе үлгілері және зерттеулердің әдістемелері… . . . 19
4. 2 Sorhgum bicolor (L. ) Жүгері өсімдігінің биологиялық және өнімділік ерекшеліктері… . . . 22
Қорытынды . . . 28
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 29
Диплом алды іс-тәжірибенің апталық есебі
I - апта
Мен іс-тәжірибенің алғашқы аптасында, диплом алды конференцияға қатысып іс-тәжірибенің міндеттері мен мақсаттарымен таныстым.
Университеттің өкімімен 13. 03. 2017ж - 15. 03. 2017 аралығында диплом алды іс-тәжірибеден Д. И. Менделлев атындағы №15 мектеп-лицейіне жетекшіммен барып, мектептің басшысымен кездесіп, мектеп ережесімен және күнделікті тәртіптерімен таныстым. Мектептегі жетекшім Қалиев Медет.
Кафедрадан тағайындалған жетекшім аға оқытушы Г. Тұрабаеваның тапсырмалары мен жұмыс түрлерімен таныстым.
II - апта
Диплом алды іс-тәжірибеде алдыма қойған мақсаттарыма жету үшін зерттеу әдістерімен танысып, бірнеше ғылыми-әдебиеттерге сілтеме жасадым.
Д. И. Менделлев атындағы №15 мектеп-лицейінің техника қауіпсіздігімен таныстым. Бекітілген сыныппен таныстым.
III - апта
Мектепте жетекшілік жасаған биология пән мұғалімі Қалиев Медеттің кеңесімен «Биология пәнін оқытуда жүгері өсімдігінің биологиялық және өнімділік ерекшеліктері» талдау жасап, өзіме таныс емес мәліметтер арқылы талдау жасадым.
IV - апта
Бұл аптада, өзім өткен сабақтардың кемшіліктерімен жетістігіне биология пән мұғалімі Қалиев Медеттің көмегімен анализ жасадым.
V-апта
Диплом алды іс-тәжірибенің есебін дайындау.
Диплом алды іс-тәжірибеде жүргізілген зерттеу жұмысы:
Дербес тапсырма бойынша: «Биология пәнін оқытуда жүгері өсімдігінің биологиялық және өнімділік ерекшеліктері»мақсатында жұмыстар жүргізілді.
1. Диплом алды іс-тәжірибенің дербес тапсырмалары бойынша дайындалған тақырыптар:
Диплом алды іс-тәжірибеде жүргізілген зерттеу жұмыстарын зерттеу объектісі ретінде 13. 03. 2017ж - 15. 03. 2017ж мерзімі аралығында
Мектеп - лицейінде биологияны тереңдетіп оқытатын сыныпты алдық.
Ғылыми жетекшінің басшылығымен диплом алды іс-тәжірибе барысында орта сынып оқушыларына биология пәнінің оқытушысы толықтырған мәліметтерге сүйене отырып, «Биология пәнін оқытуда жүгері өсімдігінің биологиялық және өнімділік ерекшеліктері»тақырыбында, оқушыларға дәрістер оқылды. Зерттеу жұмысының материалдары диплом жұмысының мазмұнына енгізілді.
Кіріспе
Мен Кәбір Мөлдір ФК-13-5к3 тобының студенті, диплом алды іс-тәжірибемді Шымкент қаласындағы №15 Д. И. Менделеев атындағы мектеп лицейінде 13. 03. 17-15. 04. 17ж., аралығында өткіздім. Мен іс-тәжірибеге күнделікті барып отырдым. Менің іс-тәжірибелік жұмысымда 10 а - сынып оқушыларын биология пәніне баулу болды. Оларға ғылыми әдебиеттермен қалай жұмыс жасау керектігін таныстырдым. Оқушылармен бірге мектеп кітапханасында қазіргі таңда биология саласындағы өзекті тақырыптармен және дипломдық жұмысымның тақырыбына сай жұмыстар жүргіздім.
Өзіміздің оқу орнына қарасты кітапханамызда жетекшіммен бірге оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін қандай методтармен жұмыс істегенім дұрыс жайлы мағұлматтар жинадым. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба жұмыстарының түрлілігімен таныстым. Және де дипломдық жұмыстың тақырыбына сай зерттеу жасадық. Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Биология пәнін оқытуда жүгері өсімдігінің биологиялық және өнімділік ерекшеліктері» осы тақырыпқа қажетті материалдармен жұмыс жасау барысында зерттеулер жүргізілді.
Осы аталған мәліметтер жайлы деректер қорын зерттеумен болдым.
- Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмыстың жоспарына сәйкес әдебиеттермен танысу.
- Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау» қатысты әдебиеттерден материалдар жинау.
- Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша өзіндік зерттеу жүргізу.
- Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмысын зерттеу нәтижелеріне анализ жасау.
- Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмыстың тарауларын құрастыру және қорытындылау.
Мен іс-тәжірибенің алғашқы аптасында №15 Д. И. Менделеев атндағы мектеп лицейінің тарихымен, тахникалық қауіпсіздігімен және биология пәнінен сабақ беретін пән мұғалімдерімен, 10 а сынып оқушыларымен және оның сынып жетекшілерімен таныстым.
10 а сынып оқушыларына биология пәнінен сабақ беру барысымен құжаттарымен таныстым. Мектеп кітапханасында жетекшіммен бірге отырып дипломдық жұмысымның тақырыбына сәйкес әдебиеттермен танысып оларға шолу жасадым. Осылайша диплом алды іс-тәжірибемде бес аптада мектеп қабырғасында биология пәнінен сабақ беруге қажетті құжаттарды қалай дайындау керектігін, оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулуды және дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты жұмыстар жүргізілді.
1 Іс - тәжірибе өтілетін орын жайлы мәлімет
№15 Д. И. Менделеев атындағы мектеп - лицейінің тарихи анықтамалығы.
Д. И. Менделеев атындағы №15 мектеп - лицейі 1967 жылы №15 Н. К. Крупская атындағы орта мектебі болып құрылған.
15 мамыр 2000 жылы Шымкент қаласы әкімінің №667 шешімімен Д. И. Менделеев атындағы орта мектебі болып аталды. Оңтүстік Қазақстан облысынық Әділет басқармасының қайта тіркеу туралы №11957 - 1985 - ГУ санды куәлігімен 25 қазан 2001 жылы Д. И. Менделеев атындағы №15 химия-биологиялық мектеп-лицейі болып аталды.
Оңтүстік Қазақстан облысынық Әділет басқармасының қайта тіркеу туралы №11957 - 1958 - ММ санды куәлігімен 8 желтоқсан 2009 жылы Д. И. Менделеев атындағы №15 мектеп - лицейі мемлекеттік мекемесі болып қайта тіркелді.
Қазіргі уақытта мектеп директоры Саржанова Жанар Ержанқызы болып тағайындалған. Ол мұғалім Д. И. Менделеев атындағы №15 мектеп - лицейінде қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарады. Ол білікті де білімді маман.
№15 Д. И. Менделеев атындағы мектеп-лицей директорының ҒӘЖ орынбасары Жекеева Наталия Борисовна. Ол мұғалім бізге практика бойынша мектептегі жауапты адам. Жекеева Наталия Борисовна мектепте орыс сыныптарына химия пәнінен сабақ береді.
1. 1 Зертханалық аудиторияда техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері
1. Биология кабинеті - бұл мектептегі арнайы жабдықталған оқу кабинеті, ғылыми - әдістемелік, психикалық-педагогтік оқу және тәрбие үрдісін жүргізуге арналған. Кабинеттегі жұмыс осы көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
2. Биология кабинеті Мемлекеттік «Білім» бағдарламасын, Қазақстан Мемлекетінің Білім туралы Заңын, жалпыға бірдей орта білім беру мемлекеттік стандартын жүзеге асыруға арналған.
4. Кабинет демонстрациялау, зертханалык жұмыстар жүргізуге лайықталып оқу құрал - жабдықтарымен, жиһазбен, техникалық құралдармен, көрнекіліктерімен, оқу әдістемелік жинақтармен жабдықталады.
5. Кабинет жабдықталуы оқушыларға рухани - танымдық және эстетикалық тәрбие беруге жағдайластырылған, сонымен катар биология кабинетінің санитарлық жағдайы да талапқа сай қалыптасқан.
6. Кабинет сабақ басталардан 15 минут бұрын ашық тұруы
2. Аналитикалық шолу
2. 1 Жүгері өсетін аудандардың климаты мен топырағының сипаттамасы
Еліміздің біркатар шаруашылыіқтарында жүргізілген тәжірибелер силикат бактерияларыи қолдану шамамен алғанда енімділікті 11, 9%-ке дейін арттыратынын дәлелдеді
Жүгеріні суғару жүргісінің желісінің негізінде, оның суғару, топырақ қабатының жылу, ылғал және тұз тәртібін зерттеу арқылы, топырақ жүйесінің дамуына және гидрохимиялық жүрістің бағытына әсерін анықтауды негізге ала отырып, агроландшафттық жүйенің экологиялық-агромелиоративтік орнықтылығын қамтамасыз ететін ландшафттық-бейімделген суды тұтыну шамасының шектелген-мүмкіншілік мөлшерін бағалау.
Кез-келген жерде егіншілік жүйесін дамыту сол аймақтағы климат пен топырақ жағдайларына байланысты.
Топырақтың кұнарлылығын қашнама жақсартқанмен, климат, ауа райын өзгерту мүмкін емес. Мұның өзі шаруашылықты аймақтар бойынша мүмкіндігінше дұрыс мамандандыруды талап етеді. Ылғал жеткіліксіз болған жағдайда да, артық болған жағдайда да егіннің жақсы өнімін қамтамасыз етерліктей агротехникалық тәсілдерді қолдану осыған сәйкес техниканы дұрыс пайдалану мелиорацияны дамыту, тыңайтқыштарды неғұрлым тиімді, пайдалану сияқты ліаралардың бәрі қосылып, ауыл шаруашылығының ауа райына тәуелділігін азайтуға көмектеседі. Климат топырақ құралу процесінің бағытына және қарқынына әсер етеді. Метеорологиялық жағдайлардың ішінде топырақ құралудағы басты рольді жауын-шашын, температура және жел атқарады Еліміздің біркатар шаруашылыіқтарында жүргізілген тәжірибе-лер силикат бактерияларыи қолдану шамамен алғанда енімділікті 11, 9%-ке дейін арттыратынын дәлелдеді [1] .
Жүгеріні суғару жүргісінің желісінің негізінде, оның суғару, топырақ қабатының жылу, ылғал және тұз тәртібін зерттеу арқылы, топырақ жүйесінің дамуына және гидрохимиялық жүрістің бағытына әсерін анықтауды негізге ала отырып, агроландшафттық жүйенің экологиялық-агромелиоративтік орнықтылығын қамтамасыз ететін ландшафттық-бейімделген суды тұтыну шамасының шектелген-мүмкіншілік мөлшерін бағалау.
Топырақ ылғалының сарқылмас көзі және оның құнарлылығының басты элементі - жауын-шашын. Топырақтың ылғалдылығын жауын-шашыннын жылдың әр түрлі маусымдарындағы мөлшері анықтайды. Жауын суларының бір бөлегі жер бетінен буланатын болса, екінші бөлегі ылдиға қарай ағып кетеді. Тек үшінші бөлегі ғана топыраққа сіңіп, ылғал қорын жасайды. Оны есімдіктер пайдаланады. Топырақтан өткен су ондағы заттарды ерітіп, химиялық процестердің жеделдеуіне бағыттайды. Ал, топырақ үстімен аққан су оны жуып-шайып, эрозияға шалдықтырады. Топыраққа сінген су мөлшері жалпы жауын-шашын мөлшерімен ғана анықталмайды. Топырақтағы ылғал қоры булануға, ауа температурасына, жер бетіндегі ағысқа да байланысты болады. Сондықтан жылдық жауын-шашын мөлшері ауа температурасымен, жер бедерімен және топырақтың қасиеттерімен өзара байланыста болады және өзара тәуелді келеді.
Жүгері егістігінің қоректік эаттарды әртүрлі даму кезеңдерінде пайдалануын қадағалау - топырақтағы қоректік заттардың өзгеру заңдылығын қадағалау деген сөз. Бұл әрі жоспарланған өнімге қарай қажетті тыңайтқыштардың керекті тәсілдерін анықтауға да мүмкіндік береді. Бұған қосымша өсімдіктердің пайдаланған және топырақта қалған қоректік заттары арасындағы тепе-теңдікті анықтауға көмектеседі. Жүгері егістігі мол өнім бергенде топырақтағы қоректік элементтерді, оның ішінде азотты, фосфорды және калийді көп мөлшерде пайдаланады.
Қазақстанның ғылыми мекемелерінің мәліметтері бойынша, жүгері бір тонна дән беру үшін өзіне сай сабанымен топырақтан 30-34 кг азотты, 10-13 кг фосфорды және 40-42, килограм калийді, ал 100 центнер дәнді құрау үшін 300-400 кг азотты, 100-130 кг фосфорды және 400-420 кг калийді пайдаланады.
Осы өніммен бірге кеткен қоректік заттардың орнын топырақта қалған қоректік заттар қорымен толтыру әсте мүмкін емес. Бұған тек тыңайтқыштарды көбірек қолдану арқылы қол жеткізуге болады. Жүгері егістігі шашақтану кезеңдеріне келгенде 70-72 процент азотты, 48-50 процент фосфорды және 80-82 пайыз калийді жұмсайды. Шашақтану мен сүттеніп пісу аралығында ол 12-13 пайыз азотты, 25-27 процент фосфорды және 15-20 пайыз калийді пайдаланады. Жүгерінің азот пен фосфорды пайдалануы піскен кезеңдеріне созылса, калийді пайдалануы сүттеніп-қамырланған сатысына дейін ғана жүреді [10] .
Жүгерінің қоректік заттарды пайдалану қабілеті - олардың биологиялық ерекшеліктеріне, сортына, буданына, топырақтың агрохимиялық қасиеттеріне, сондай-ақ қолданылатын тыңайтқыштардың мөлшеріне байланысты. Сондықтан өсімдіктердің өсіп-өну сатыларында қоректік заттарды қажетсіну дәрежелерің анықтау - өсімдіктердің минералды тыңайтқыштарды қажетсіну мөлшерімен тығыз қатынаста болады. Минералды және органикалық тыңайтқыштар әртүрлі нормада қолданылып, жүгерінің даму кезеңдерінде оның құрамындағы қоректік заттарға өте жоғары әсер етеді. Өсімдіктер құрамындағы тек қана фосфорды тыңайтқыштарға тәуелді емес, азотты тыңайтқыштарды да қажет етеді [11] .
Ал топырақ құнарлылығы калийге жоғары дәрежелі жерлерде егілген жүгеріге қолданылған калийлі тыңайтқыштардың ешқандай әсері байқалмады. Мұның езі - жүгері өсу кезеңдерінде калийді тек қана топырақтан алатындығын керсетеді. Мұндайда калийлі тыңайтқыштарды қолдану тиімді болмайды. Демек жүгері егістігі өзінің даму кезеңдерінде қоректік заттарды әртүрлі мөлшерде пайдаланатыны осыдан көрінеді.
Жүгері егістігінің құрамындағы қоректік заттарға әртүрлі тыңайтқыштардың әсері әрқалай болады дедік. Ашық сұр топыраққа егілген жүгері егістігіне қолданылған
Жүгеріні минералдық заттармен қоректендіру - өсуін реттеп қана қоймай, сонымен бірге оның дамуын да тездетеді. Өсімдік өсуінің бастапқы кезеңінде қоректік заттар жетіспесе, өсімдіктер тіршілігіне елеулі зиян келетіні мәлім. Организміндегі зат алмасу ерекшелігіне, пайда болатын заттардың түрлеріне қарай әр өсімдіктің минералдық заттарды қабылдауда өзіндік талғампаздық қасиеті болады. Соған байланысты ол өзінде жүретін биохимиялық процестерге керек минералдық заттарды ғана қабылдайды. Сондықтан басқа дақылдар сияқты, жүгері егістігіне тыңайтқыштарды қолдану мерзімін және тәсілдерін білудің маңызы зор.
Тыңайтқыш топыраққа сеялка көмегімен күзде, жазғытұрым, егудің алдында, сүдігер, не парды өңдеуден бұрын біртегіс шашылады, кейін соқамен жер жыртқанда топыраққа тереңдете көміледі. Берілетін органикалық тыңайтқыштың барлығы, минералдық тыңайтқыштардың 70 пайыз, азотты тыңайтқыштардың жартысына жуығы осы тәсілмен шашылады. Дақылдарды егу кезіндегі тыңайту- көктемде тұқыммен, түйнекпен бір қатарға, немесе ұядан 2-3 см бір қатарға, немесе ұядан 2-3 см тереңірек шашылады.
2. 2 Тәлімі аймақтың табиғи жағдайлары
Табиғат жағдайларымен тығыз байланысты және көбінесе соларға тәуелді дамитын ауыл шаруашылығы өндірісіндей сала кемде-кем. Ауыл шаруашылығы өндірісіне әсіресе климат пен топырақ қабаттарының қасиеті үлкен ықпал жасайды. Аймақтың топырақ-климат жағдайларына рельефтің ерекшеліктері, температура мен жауын-шашын ғана емес, сондай-ақ климаттың басқа элементтері де бұлтқа, ауаның ылғалдығына, қардың қалыңдығына, желдің бағыты мен жылдамдығы ықпал жасайды.
Табиғаттың ауыл шаруашылығында маңызды орын алатын ең негізгі факторларының бірі - ауа райы. Оның жылу, ылғал, жарық сияқты элементтері өсімдіктердің өсіп-өнуі үшін аса қажет. Осы элементтер өсімдік организмдері мен органикалық заттарды құрау процесінде ассимиляцияланады.
Оңтүстік Қазақстан облысынының топырақ -климаттық жағдайы алуан түрлі бедерлігімен ерекшеленеді. Талас Алатауы мен Тянь-Шань тауының батыс тау сілемдерімен облыстың солтүстік -батыс жағы құмды шөлейт Бетпақ дала жазығымен жалғасып жатады.
Оңтүстік Қазақстан облысының климаты ерекше мінезімен тез құбылмалығымен, күн сәулесінің радиациясы және жылылығымен ерекшеленеді. Орташа суықсыз кезеңі 245-265 күнге созылып, яғни 00 жоғары температура 8-10 айды құрайды.
Оңтүстік өңірінде соңғы жылдары қыс қардың көп түсуімен ерекшеленеді. Қаңтар айының бірінші онкүндігінде түскен қар ақпан айының үшінші онкүндігіне дейін созылып жатты. Ауаның орташа температурасы қаңтар айында -15°С болды. Қардың қалыңдығы 30-40 см-ге жетті.
Көктем айлары жауын-шашынды болды. Айта кететін бір жағдай, жыл басы қар және су қоры жетерліктей болды.
Жаз айларында күн ыстық болып, шілде де ауаның орташа температурасы +30, +35°С-қа дейін көтерілді.
Ауа температурасының өте жоғары болуы және жыл маусымындағы жауынның аздығы топырақ пен ауа құрамындағы ылғалдықты төмендетеді.
Күз айларында жауын-шашынның аз түсуі, ауыл шаруашылық дақылдарды ысырапсыз жинап алуға мол мүмкіндік берді.
Көпжылдық орташа мәліметтер бойынша жауын-шашын түсімінің жиынтығы - 515 мм, оның ішінде 40, 0 % көктемде, жазда - 5, 2 %, күзде - 18, 6% және қыста - 36, 2% түседі.
Қазақстанның оңтүстік - шығысындағы сұр топырақты аймақтар тау етегіндегі жазықтықта және тау бөктерлерінде орналасқан. Аталған жерлер Тянь-Шань тауы жүйесінің тік биікті климаттық белдеулері ретінде танылып, негізінен тәлімі егіншілікте пайдаланылады.
Тәлімі егіншіліктің өзіне тән ерекшеліктерін ескере отырып, аталған табиғи-климат аймағындағы өсірілетін жаздық арпа үшін жапырақ алаңы мен фотосинтездің таза өнімділігінің оңтайлы ырғағы негізделген.
Тұқым шаруашылығының талаптарына сәйкес сүрі танаптағы қоректену аясы мен аумағының арпа өніміне, дәннің технологиялық және егістік сапасына әсері айқындалды.
Тау етегінен төмендеген сайын топырақ түзуші жыныстар жеңіл құмдақ пен саздаққа айналады. Сөйтіп шөл дала бағытына қарай биіктіктің төмендеуіне байланысты топырақ құрамында құм көбейеді де, керісінше лайлы фракция кеми түседі. Демек, тау етегіндегі жазықтықта топырақ түзуші жыныстардың генезисін анықтау кезінде тау биіктігіне және кеңістікке қатысты өзіндік табиғи жіктелу ағымы байқалады.
- тәлімі жер жағдайындағы ауыспалы егіс жүйесінде жүгерінің өсу орны;
- сұр топырақты ылғалы жеткіліксіз тәлімі аймақтағы жүгері егістіктерінің ылғалмен қамтылу дәрежесіне байланысты өнім қалыптастыру ерекшеліктері;
- алғы дақылға, қоректену аясы мен аумағына қарай жүгері өсімдіктерінің фитосанитарлық жағдайы мен фотосинтетикалық көрсеткіштерін оңтайландыру;
- көп факторлы егістік тәжірибедегі зерттелген агротехникалық тәсілдердің арпа өнімі мен оның құрамдас бөліктеріне тигізетін үлесін жіктеу;
- сүрі танапта қолданылатын минералды тыңайтқыштар мен тұқым себу мөлшеріне қарай түзілетін жүгері өнімі мен тұқымның егістік сапасын анықтау.
Ылғалмен қамтамасыз етілмеген тәлімі аймақтың климаты шұғыл континенталды, тәуліктік және жылдық ауа температурасының ауытқуы басым.
Ауаның жылдық орташа температурасы 7, 4 0 С, ал айлық орташа температура қаңтарда минус 9, 0 0 болса, шілде айында 25, 1 0 шамасына жетеді. Ең жылы ай мен суық ай екеуінің орта температурасының айырмасы 35-40 0 аралығында.
Тәжірибе танабының топырақ қыртысын түзуші жыныстары - жеңіл құмдақ пен саздаққа айналған кәдімгі сұр топырақ. Бұл топырақ түрінің жазықтағы таралу шекарасы теңіз деңгейінен 200-800 м биіктікте орналасқан. Зертханалық талдау барысында анықталғандай, оның жыртылмалы қабатында 1, 02-1, 11% қарашірігі, 0, 073-0, 080% азоты, 0, 14 пайызға жуық жалпы фосфоры бар екендігін көрсетеді. Жылжымалы фосфоры 16, 9-20, 8 мг/кг. Топырақтың көлемдік салмағы 1, 13 г/см 3 , солу ылғалдылығы 5, 52-6, 42% [12] .
Көп жылдық мөлшермен салыстырғанда зерттелген ішінде температуралық режим, жауын-шашын мөлшері және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы бойынша едәуір айырмашылықтар байқалды. Дегенмен тәлімі жердегі жаздық арпаның бірқалыпты өсіп-дамуы мен өнімінің ойдағыдай қалыптасуына оның өсу кезеңіндегі (сәуір-маусым айлары) метеорологиялық элементтердің маңызы зор.
2. 3 Ауыспалы егістердегі жүгерінің өсу және даму ерекшеліктері
Егіншілік мәдениетін арттыру өсірілетін дақылдардан сапалы және мол өнім алудың негізгі кепілі болып саналады. Осы күрделі мәселенің оңтайлы шешімін табу ауыспалы егіс жүйесін кеңінен игерудің арқасында іске асырылмақ. Нәтижесінде біз егістік жерлерді тиімді пайдаланып, топырақтың құнарлылығын сақтап әрі қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға толық мүмкіндік аламыз. Тәлімі жерлерде енгізілген ауыспалы егістердің негізі сүрі жыртылған танап болып есептеледі. Себебі ол жерде қыста-көктемде жауған жауын-шашын және қоректік заттар жиналып, арамшөптер, өсімдіктер зиянкестері және ауруларымен күресудің агртехникалық тәсілдері сәтті жүргізіледі.
Ал енді сүрі жыртылған танаптан кейін қандай дақылдың орналасуы тұрғысында ғалымдар арасында әртүрлі пікір қалыптасқан. Кейбіреулері сүрі жерден кейін екінші дақыл ретінде күздік бидай орналастыруды жөн көрсе, ал қалғандары тәлімі жерге жақсы бейімделген, ауа райының қолайсыз өзгерістеріне төзімді, жоғары өнім түзетін арпа дақылын себуді ұсынады. Біз осы ұсынысты қолдай отырып, аталған мәселені ғылыми тұрғыда анықтау үшін Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтына қарасты тәлімі егіншілік бөлімінің ғалымдарымен бірлесіп, тәлімі жерде орналасқан ауыспалы егістердегі жүгерінің орнын және оның егіс көлемін анықтау мақсатында бірсыпыра жұмыстар жүргізгенбіз. Зерттеулерге тиісті бағасын беріп, нақты қорытынды жасау үшін 1-тәжірибедегі ауыспалы егістің үлгілерін пайдаландық [13] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz