Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ» ФАКУЛЬТЕТІ

«БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ» КАФЕДРАСЫ

Фк-13-5к3 тобының студенті Шайқыбәсіре Ақеркенің

Диплом алды іс-тәжірибеден өткен

есеп жұмыстары

Іс-тәжірибе базасы: Д. И. Менделеев атындағы №15 мектеп-лицейі

Жетекшісі: аға оқытушы Г. Тұрабаева

Шымкент, 2017 ж

Мазмұны

Диплом алды іс-тәжірибенің апталық есебі . . . 3

Кіріспе . . . 4

1 Іс - тәжірибе өтілетін орын жайлы мәлімет . . . 5

1. 1 Зертханалық аудиторияда техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері . . . 5

2 Аналитикалық шолу . . . 6

2. 1 Жеміс жидек өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері . . . 6

2. 2 Жеміс - жидек өсімдіктерінің морфологиялық белгілері……… . . . 7

2. 3 Жеміс ағашының өсу және жеміс салу заңдылықтары . . . 9

3 Жеміс көшеттеріндегі көшеттер өсіру технологиясы . . . 12

3. 1 Жеміс- жидек өсімдіктерін көбейту әдістері…… . . . . . 12

3. 2 Жүзім өсірудегі тыңайтқыштарды пайдалану …… . . . …. 13

3. 3 Тамырыөзiндiкекпе көшеттер жері . . . … . . . 14

3. 4 Жас және өнім салып тұрған жүзімдіктерді күтіп-баптау…… . . . ……. . 16

4 Зерттеу нәтижелері

4. 1 Жеміс көшеттеріндегі көшеттерінің өсіру технологиясы… . . . ………17

4. 2 Бүлдіргенді өсіру технологиясы… . . . …18

4. 3 Қарақаты өсіру технологиясы . . . …19

4. 4 Таңқурай, құлпынай, бүлдірген көшеттерді отырғызу және зерттеу әдістері… . . . 20

Қорытынды… . . . 24

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 25

Диплом алды іс-тәжірибенің апталық есебі

I - апта

Мен іс-тәжірибенің алғашқы аптасында, диплом алды конференцияға қатысып іс-тәжірибенің міндеттері мен мақсаттарымен таныстым.

Университеттің өкімімен 13. 03. 2017ж - 15. 03. 2017 аралығында диплом алды іс-тәжірибеден Д. И. Менделлев атындағы №15 мектеп-лицейіне жетекшіммен барып, мектептің басшысымен кездесіп, мектеп ережесімен және күнделікті тәртіптерімен таныстым. Мектептегі жетекшім Қалиев Медет.

Кафедрадан тағайындалған жетекшім аға оқытушы Г. Тұрабаеваның тапсырмалары мен жұмыс түрлерімен таныстым.

II - апта

Диплом алды іс-тәжірибеде алдыма қойған мақсаттарыма жету үшін зерттеу әдістерімен танысып, бірнеше ғылыми-әдебиеттерге сілтеме жасадым.

Д. И. Менделлев атындағы №15 мектеп-лицейінің техника қауіпсіздігімен таныстым. Бекітілген сыныппен таныстым.

III - апта

Мектепте жетекшілік жасаған биология пән мұғалімі Қалиев Медеттің кеңесімен «Биология сабағында көкеніс дақылдарын өсіру тәсілдерін анықтау» талдау жасап, өзіме таныс емес мәліметтер арқылы талдау жасадым.

IV - апта

Бұл аптада, өзім өткен сабақтардың кемшіліктерімен жетістігіне биология пән мұғалімі Қалиев Медеттің көмегімен анализ жасадым.

V-апта

Диплом алды іс-тәжірибенің есебін дайындау.

Диплом алды іс-тәжірибеде жүргізілген зерттеу жұмысы:

Дербес тапсырма бойынша: «Биология сабағында көкеніс дақылдарын өсіру тәсілдерін анықтау»мақсатында жұмыстар жүргізілді.

1. Диплом алды іс-тәжірибенің дербес тапсырмалары бойынша дайындалған тақырыптар:

Диплом алды іс-тәжірибеде жүргізілген зерттеу жұмыстарын зерттеу объектісі ретінде 13. 03. 2017ж - 15. 03. 2017ж мерзімі аралығында

Мектеп - лицейінде биологияны тереңдетіп оқытатын сыныпты алдық.

Ғылыми жетекшінің басшылығымен диплом алды іс-тәжірибе барысында орта сынып оқушыларына биология пәнінің оқытушысы толықтырған мәліметтерге сүйене отырып, «Биология сабағында көкеніс дақылдарын өсіру тәсілдерін анықтау»тақырыбында, оқушыларға дәрістер оқылды. Зерттеу жұмысының материалдары диплом жұмысының мазмұнына енгізілді.

Кіріспе

Мен Шайқыбәсіре Ақерке ФК-13-5к3 тобының студенті, диплом алды іс-тәжірибемді Шымкент қаласындағы №15 Д. И. Менделеев атындағы мектеп лицейінде 13. 03. 17-15. 04. 17ж., аралығында өткіздім. Мен іс-тәжірибеге күнделікті барып отырдым. Менің іс-тәжірибелік жұмысымда 10 а - сынып оқушыларын биология пәніне баулу болды. Оларға ғылыми әдебиеттермен қалай жұмыс жасау керектігін таныстырдым. Оқушылармен бірге мектеп кітапханасында қазіргі таңда биология саласындағы өзекті тақырыптармен және дипломдық жұмысымның тақырыбына сай жұмыстар жүргіздім.

Өзіміздің оқу орнына қарасты кітапханамызда жетекшіммен бірге оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін қандай методтармен жұмыс істегенім дұрыс жайлы мағұлматтар жинадым. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба жұмыстарының түрлілігімен таныстым. Және де дипломдық жұмыстың тақырыбына сай зерттеу жасадық. Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Биология сабағында көкеніс дақылдарын өсіру тәсілдерін анықтау» осы тақырыпқа қажетті материалдармен жұмыс жасау барысында зерттеулер жүргізілді.

Осы аталған мәліметтер жайлы деректер қорын зерттеумен болдым.

  1. Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмыстың жоспарына сәйкес әдебиеттермен танысу.
  2. Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау» қатысты әдебиеттерден материалдар жинау.
  3. Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша өзіндік зерттеу жүргізу.
  4. Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмысын зерттеу нәтижелеріне анализ жасау.
  5. Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмыстың тарауларын құрастыру және қорытындылау.

Мен іс-тәжірибенің алғашқы аптасында №15 Д. И. Менделеев атндағы мектеп лицейінің тарихымен, тахникалық қауіпсіздігімен және биология пәнінен сабақ беретін пән мұғалімдерімен, 10 а сынып оқушыларымен және оның сынып жетекшілерімен таныстым.

10 а сынып оқушыларына биология пәнінен сабақ беру барысымен құжаттарымен таныстым. Мектеп кітапханасында жетекшіммен бірге отырып дипломдық жұмысымның тақырыбына сәйкес әдебиеттермен танысып оларға шолу жасадым. Осылайша диплом алды іс-тәжірибемде бес аптада мектеп қабырғасында биология пәнінен сабақ беруге қажетті құжаттарды қалай дайындау керектігін, оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулуды және дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты жұмыстар жүргізілді.

  1. Іс - тәжірибе өтілетін орын жайлы мәлімет

№15 Д. И. Менделеев атындағы мектеп - лицейінің тарихи анықтамалығы.

Д. И. Менделеев атындағы №15 мектеп - лицейі 1967 жылы №15 Н. К. Крупская атындағы орта мектебі болып құрылған.

15 мамыр 2000 жылы Шымкент қаласы әкімінің №667 шешімімен Д. И. Менделеев атындағы орта мектебі болып аталды. Оңтүстік Қазақстан облысынық Әділет басқармасының қайта тіркеу туралы №11957 - 1985 - ГУ санды куәлігімен 25 қазан 2001 жылы Д. И. Менделеев атындағы №15 химия-биологиялық мектеп-лицейі болып аталды.

Оңтүстік Қазақстан облысынық Әділет басқармасының қайта тіркеу туралы №11957 - 1958 - ММ санды куәлігімен 8 желтоқсан 2009 жылы Д. И. Менделеев атындағы №15 мектеп - лицейі мемлекеттік мекемесі болып қайта тіркелді.

Қазіргі уақытта мектеп директоры Саржанова Жанар Ержанқызы болып тағайындалған. Ол мұғалім Д. И. Менделеев атындағы №15 мектеп - лицейінде қазақ тілі және қазақ әдебиеті пәнінің мұғалімі болып жұмыс атқарады. Ол білікті де білімді маман.

№15 Д. И. Менделеев атындағы мектеп-лицей директорының ҒӘЖ орынбасары Жекеева Наталия Борисовна. Ол мұғалім бізге практика бойынша мектептегі жауапты адам. Жекеева Наталия Борисовна мектепте орыс сыныптарына химия пәнінен сабақ береді.

1. 1 Зертханалық аудиторияда техника қауіпсіздігінің негізгі ережелері

1. Биология кабинеті - бұл мектептегі арнайы жабдықталған оқу кабинеті, ғылыми - әдістемелік, психикалық-педагогтік оқу және тәрбие үрдісін жүргізуге арналған. Кабинеттегі жұмыс осы көрсетілген тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

2. Биология кабинеті Мемлекеттік «Білім» бағдарламасын, Қазақстан Мемлекетінің Білім туралы Заңын, жалпыға бірдей орта білім беру мемлекеттік стандартын жүзеге асыруға арналған.

4. Кабинет демонстрациялау, зертханалык жұмыстар жүргізуге лайықталып оқу құрал - жабдықтарымен, жиһазбен, техникалық құралдармен, көрнекіліктерімен, оқу әдістемелік жинақтармен жабдықталады.

5. Кабинет жабдықталуы оқушыларға рухани - танымдық және эстетикалық тәрбие беруге жағдайластырылған, сонымен катар биология кабинетінің санитарлық жағдайы да талапқа сай қалыптасқан.

6. Кабинет сабақ басталардан 15 минут бұрын ашық тұруы

  1. Аналитикалық шолу

2. 1 Жеміс жидек өсімдіктерінің биологиялық ерекшеліктері

Жеміс өсімдіктерін ботаникалық жіктеу және өндірістік-биологиялық топтарға бөлу. Жеміс өсімдіктерінің пайда болу және шығу тегінің, жемісінің құрылымы өсірілетін аймақтары және дақылдың Қазақстандағы болашағы.

Жеміс өсімдіктерінің морфологиясы. Жер үсті бөлігі діңгек ағаш жартылай қаңқалық және түкше бұтақтар, бұтақтану реті мен типтері. Өркеннің құрылысы, жіктелуі олардың орналасу заңдылықтары.

Бүршік, олардың жіктелуі, биологиялық қасиеттері, ерте өнгіштігі. Өркен пайда болу және өркенді гүлдер, гүл шоғырлары, жемістер, олардың құрылысы және типтері.

Тамыр жүйесі, тамыр жүйелерінің типтері және олардың жіктелуі: шығу тегіне қарай (ұрықтық және қосалқы тамырлар), топырақта орналасуына қарай (көлденең, тік), анатомиялық құрылысына және орындайтын қызметіне қарай (өскіш, сорғыш, ауыспалы, өткізгіш) .

Көкөніс шаруашылығы мен жеміс шаруашылығын өрлеуідамытқан орыс ғалымдары А. Т. Болотов, М. В. Рытов, Р. И. Шредер, Н. И. Кичунов, көкөніс шаруасында ғылыми негізін қалап және алғашқы оқулықтарын жазған (М. В. Рытов, Р. И. Шредер) . Н. И. Кичунов бақшашылық тәжірибесін жинақтап, қорытынды жасады [1, 2, 3, 4, 5] .

Көкөніс шаруашылығының ғылыми негіз қалаған В. И. Эдельштейн - отандық ғылыми көкөніс шаруашылығынғылыми зерттеулерінің нәтижесі ашық және қорғаулы жерлерде көкөніс өсімдіктерін өсірудің негізі болды[6] .

Көкөніс шаруашылығы мен жеміс шаруашылығының дамуындағы ғылымның рөлі. Көкөніс шаруашылығы мен жеміс шаруашылығын өрлеуінде ғылым маңызды рөлге ие. Орыс ғалымдары А. Т. Болотов, М. В. Рытов, Р. И. Шредер, Н. И. Кичунов, сондай-ақ тәжірибелі көкөнісшілер көкөніс шаруашылығының ғылыми негізін қалады және алғашқы оқулықтарын жазды (М. В. Рытов, Р. И. Шредер) [1, 2, 3] .

Н. И. Кичунов ресейдің революцияға дейінгі бақшашылық тәжірибесін жинақтап, қорытынды жасады. Көкөніс шаруашылығының ғылыми негіздерін әзірлеуге үлкен үлес қосты[4, 5] .

Ғылыми жеміс шаруашылығы - белгілі ғалым-бағбандардың И. В. Мичуриннің, В. В. Пашкевичтің, Л. П. Симиренконың еңбектеріне негізделінген. Н. И. Вавиловтың ежелгі егіншілік елдеріне жасаған экспедициялары, селекциялық жұмыстар үшін құнды материал[7, 8, 9, 10, 11, 20] .

Ауыл шаруашылық (оның ішінде көкөністік, бақшалық, жеміс-жидек) дақылдардың әлемдік топтамасын (коллекциясын) жинауға мүмкіндік берді. Н. И. Вавиловтың маңызды мәдени дақылдардың шығу орталығы туралы жасаған ілімі өсімдік биологиясын білудің теориялық негізі болып табылады.

ХХ-шы ғасырдың ортасында Ресейде және басқа да елдерде бақ шаруашылығының дамуына өз үлестерін белгілі ғалымдар: П. Н. Яковлев, С. Ф. Черненко, С. Н. Степанов, В. А. Колесников, З. А. Метлицкий, А. П. Драгавцев, П. Г. Шитт, В. И. Будиговский, және т. б. қосты[12, 13, 1415, 17, 18, 19, 21] .

Қазақстанда жеміс-көкөніс шаруашылығының дамуына Қазақ бақ шаруашылығы және жүзім шаруашылығы ҒЗИ-ы, Қазақ ұлттық аграрлық университеті, облыстық тәжірибе стансалары өз үлестерін қосуда.

Г. Т. Каплина - Қазақстанның белгілі ғалым - көкөніс өсірушісі ғылыми-зерттеу іс-әрекетін ерте көкөністің көшетінің мәселесін шешуге арнаған. Ол Қазақстанның оңтүстігінде көшетті синтетикалық жарғақтарда өсірудің ғылыми негізін даярлаудың алғашқыларының бірі болды[22] .

Бақ шаруашылығының дамуына баға жетпес үлесті А. Д. Жанғалиев, К. Байжан Қазақстанның көкөніс және жеміс өсірушілерінің қолдан түсірмейтін кітаптарына айналды[23, 24] .

Қазақстанның оңтүстігінде көкөніс шаруашылығының даму тарихы.

Оңтүстік Қазақстанда жеміс-жидек екпелерінің 230 га ғана болды, оның 282 га шаруашылықтарда болса, 25 га - әуестенушілерді. Бақтағы негізгі тұқымдық - алма (50 %) болды, сүйектілер (шие, алхоры) - 3 %, жидектілер - 47 %. Жидектілердің ішінде таңқурайдың үлесі 43 %, қарақаттікі - 49 және қарлығанікі - 28 %. Бүлдірген бүкіл жидек екпелерінің 38% алды.

Қазақстанның оңтүстігінде көкөніс шаруашылығы және жемісшаруашылығы өте күшті дамуын тың және тыңайған жерлерді игерукезінде бастады.

Қазақ жеміс-жидек және жүзім шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты - бақ, жидек, жеміс, жүзім, көшет шаруашылықтарын бір-бірімен үйлестіретін бас мекеме.

2. 2 Жеміс - жидек өсімдіктерінің морфологиялық белгілері

Барлық жеміс дақылдары морфологиялық өсу ерекшеліктеріне, көлеміне және өмір сүру ұзақтығына байланысты төмендегідей топтарға бөлінеді - ағаштар, бұталар, бұтақтестер, шырмауық тектестер, көпжылдық шөптектестер.

Қазақстанның солтүстігінде өсетін жеміс және жидек өсімдіктері 5 орталықтан тараған (Еуропа-сібірлік, Ортаазиялық, Алдыңғы азиялық, Қытай-жапондық, Солтүстік америкалық) . Жеміс және жидек өсімдіктерінің шығу орталығын анықтау (білу) және олардың морфологиялық және биологиялық белгілері мен қасиеттерінің бекуіне мүмкіндік жасайтын жер жағдайын зерделеу теориялық негіздеу. Негізінен кез келген өсімдіктің жер үсті бөлігі сабақтан және онда орналасқан бүршіктен, жапырақтан, гүлден, жемісі мен дәнінен, түрі өзгерген сабақтардан (тікеншелер мен мұртшалар) тұрады. Жеміс ағаштарында бастапқы, сабақша бүршігінен алғашқы сабақ қалыптасады, ол кейіннен жанама бұтақтары бар орталық діңгекке айналады. Кейбір ағаштардың екі және одан да көп діңгегі болады. Қатты өсетін бұталарда (орман жаңғағы, шырғанақ, қара шетен) бас діңгек болмайды бірнеше жіңішке діңгектері болады, оларда ағаштармен салыстырғанда қысқалау өркендер мен бұтақтар орналасқан[30] .

Жемісті шыбық, - ұзындығы 15-25 см-ге дейінгі, жемісті бүршікпен аяқталатын бұтақша. Әдетте, олар төменге немесе 6ip жанына қарай иілген, ұзына бойы біркелкі жуандықта болады. Кейбір алма, алмұрт сорттарында, осы шыбықтың жоғарғы жапырағының қолтығында жеміс бүршіктері пайда болады. Жемісті тармақ - көп жыл жеміс берген, әрі жиі тармақталған жеміссап. Олар 10-15 жылға дейін өз міндетін атқара алады, дегенмен де ең сапалы өнімді б- 8-жылдарға дейін береді. Жемісбаста орналасқан жеміс бүршігінен жемістермен қатар, бір-екі алмастырушы өркендер де пайда болады. Бұл өркендер сақиналы, найзатүр бұтақшалар, жемісті шыбықтар, кейде өскелең өркен типтес болып келуі де мүмкін, Алмастырушы өркендер типі - ағаштың күтімі мен дақылдық-сортты ерекшеліктеріне байланысты.

Сүйекті жеміс дақылдардың жеміс салатын бұтақшалары шекілдеуікті дақылдардың осындай жеміс салатын бұтақшаларымен сәйкес келеді, бірақ олардың өзіндік морфологиялық ерекшеліктері болады. Олар: аралас өркен, жемісті өркен, шоқ бүршікті бұтақша, сүйір бұтақша деп аталады.

Аралас өркен - ұзына бойында жеміс және өркен бүршіктер аралас орналасқан, ұзындығы 20-см-ден асатын біржылдық өркен. Төбесіндегі бүршік әрқашан өркендік, бұл барлық сүйекті жемістілер. Кейбір дақылдар (шабдалы, алша, шие т. б. ) мен сорттарда өнімнің басым бөлігі осы өркендерде орналасады. Жемісті өркен - ұзына бойында тек жемістік бүршіктер, ал төбесінде өркен бүршігі орналасқан, ұзындығы 10-40 см аралығындағы біржылдық өркен. Бұл өркендер шабдалы, алша мен шиенің кейбір сорттарына тән[31] .

Шоқбүршікті бұтақша немесе шоқ бұтақша - қысқа, ұзындығы 0, 5-5 см-ден 10 см-ге дейін болатын, бүршіктері топтасып бас жағына орналасқан қысқа бұтақша. Олардың төбе бүршігі өркендік жемістік болады.

Сүйір бұтақша - төбесінде өркен бүршігі, ал жанама бойында бір немесе бірнеше жеміс бүршіктері орналасқан, қысқа, 15 см-ге дейінгі бұтақша. Сүйір бұтақшаның тікен сияқты үшкірленіп бітуі де жиі кездеседі. Мұндай бұтақшалар алхорыға, алшаға, шабдалы мен өріктің кейбір сорттарына тән.

Жидек дақылдарының бұтақшалары төмендегідей: қара қарақат пен тошалада сақиналы бұтақша және жеміссап; қызыл қарақатта - шоқ бүршікті бұтақша және сүйір бұтақша тәріздестер; таңқурай мен бөрткенде - жеміс салатын жапырақты өркен; бүлдіргенде - мүйізше.

Бүршіктер. Өркеннің кез келген түрі бүршіктегі тыныштық күйіндегі бастапқы сабақшадан пайда болады. Бүршік - өстен, өсу конусынан, бастапқы жапырақша немесе гүлден бүршіктерден қабыршақшалардан тұрады.

Егер бүршік қабыршақшалары болмаса, бүршік ашық немесе жалаңаш деп аталады (бүлдірген, таңқурай және басқалары), егер олар болса, жеміс өсімдіктерінің көпшілігі жабық бүршіктер деп аталады.

Бастапқы мүшелері типіне және олардан пайда болатын мүшелерге байланысты бүршіктер вегетативті, генеративті болып бөлінеді. Бүрші өркендер өсіп шығатын әртүрлі дақылдар мен сорттарда әртүрлі болып келеді. Олар оянған бүршіктерден әртүрлі ұзындықтағы өркендер өсіп шығады. Олардың тек аз ғана бөлігі өскін типтес (10 см-ден ұзын), ал қалғандары түкше, майда бұтақтар болып келеді. Гүлдер және гүлшоғырлары. Гүл бүршіктерінен бір немесе бірнеше гүлдері (гүлшоғыры) бар түрі өзгерген өркендер қалыптасады.

Жеміс және тұқым құрылымы. Жеміс өсімдіктері жемісінің құрылымы бойынша жабықтұқымдастарға жатады. Бір немесе бірнеше гүлдер тозаңданып, ұрықтанғаннан кейін ғана жеміс пайда болады. Егер жеміс тек гүл түйінінен пайда болса, оны - нағыз жеміс деп атайды, (сүйекті жемістілер), ал оның құрамына гүл түйінімен қатар, гүлтабан мен тостаған жапырақшалар да кіретін болса, олар - жасанды (жалған) жеміс деп аталады[32] .

Тамыр жүйесі - бүкіл өсімдік ажырамас, әрі аса маңызды бөлігі болып табылады. Тамыр жүйесінің атқаратын қызметі жан-жақты:

Өсімдіктерді топырақта бекем ұстап тұру. Өсімдіктің барлық мүшелерін сумен және онда еріген минералды заттармен тамырларды жапырақта түзілген органикалық қосындыларын қамтамасыз ету.

Артық қоректік заттарды сақтау. Кейбір өсімдіктердің (шие, беке, орман жаңғағы, таңқурай т. б. ) көбеюмүшесі. Топырақтағы микроағзалармен симбиозда болу т. б. Тамыр жүйелері пайда болуына байланысты екі түрге бөлінеді: ұрықтық және вегетативті. Дәннен өскен немесе себінді телітушіге ұластырылған өсімдіктердің ұрықтық тамыр жүйесі болады.

2. 3 Жеміс ағашының өсу және жеміс салу заңдылықтары

Ұрықтық, ұластырылған және тамыры өзіндік өсімдіктер онтогенезіндегі ерекшеліктер. Гетерозиготалық және мутациялық өзгергіштік. Сорт және клон туралы түсінік.

Қазақстан Республикасында аудандастырылған дақылдар мен сорттар. Ағаш, бұтатектес және шөптектес жеміс және жидек өсімдіктеріндегі жас шамасына қарай болатын өзгерушіліктер. Каратаев Е. Сбойынша өсімдіктің қартайуы және жасаруы. П. Г Шитт бойынша өсу және жеміс салудың өмір кезеңдері, олардың агротехникалық маңызы. Өсіп-өнудің жылдық циклы, вегетация және тыныштық кезеңдері. Жеміс өсімдіктерінің гүлдеу, тозаңдану және ұрықтану ерекшеліктері [18, 33] .

Жеміс салу заңдылықтары. Жеміс өсімдіктерінің жеміс сала бастауы, оның биологиялық маңыздылығы.

Жемісті қалыптастыру: гүлдер мен гүл түйінінің түсуі, жемістің өсуі және пісіп жетілуі. Жеміс дақылдарының өнімділігі. Жыл сайын және жоғары өнім алудың биологиялық негіздері. Ботаникалық жағынан жеміс өсімдіктері - 20 тұқымдастың өкілі, бірақ раушангүлділер мен тасжарғыштар тұқымдастарының өкілдері басымдылыққа ие. Жеміс өсімдіктері төмендегі тұқымдастықтарға жатады:

Жидектердің пісіп-жетілуі үшін қолайлы температура - 28-32 °С. Ерте түскен күзгі суық - 4-6 °С болғанда қыстап шығатын бүрлердің орталық бүршіктері зақымданады, ал көктемгі суықтан жас өркендер мен жапырақтар зақымданады. Қыстыгүнгі -22-25 °С аяз жүзімнің бүрлерін, жеке күйінде бұтақтарды және ашаларды зақымдайды. Жүзімнің тамыр жүйесі суыққа өте сезімтал келеді, ол - 6-7 °С температурада үсиді1-кестеде берілген.

Жүзім - жарық сүйгіш өсімдік.

Егер жарық жетіспейтін болса, онда жапырақ аппаратының қалыпты жұмысы бұзылады, жеміс бұтақшалары пайда болмайды, өнімділік пен ауа райының қолайсыз жағдайларына төзімділігі нашарлайды.

Кесте 1 - Жүзімнің пісіп-жетілуі үшін қажетті қолайлы жылудың жиынтығы мен кезеңнің ұзақтығы

Пісу мерзімі бойынша сорттардың топтары
Жылудың жиынтығы 0 С
Күндер саны
Пісу мерзімі бойынша сорттардың топтары:

Өте ерте пісетін өсімдіктер

Ерте пісетін

Орташа пісетін

Кеш және өте кеш пісетін

Жылудың жиынтығы0С:

2200-2400

2400-2500

2600-2800

2800-ден жоғары

Күндер саны:

100-120

120-130

130-145

145- ден жоғары

Ылғалдың сыртқы орта фактор ретінде үлкен маңызы бар. Жүзім құрғақшылыққа салыстырмалы түрде төзімді деп есептелгенмен, топырақтың ылғалдылығының жоғары болуы оған жақсы әсер етеді. Ауа райы құрғақ болса, жүзім әлсірейді, өнімінің көлемі мен сапасына кері әсерін тигізеді[35] .

Суару арқылы топырақтың ылғалдылығын 70-80% (ең аз ылғал сыйымдылары ) деңгейде ұстап тұруға болады және өсімдіктің өсіп-даму процестеріне қолайлы әсер етеді. Жүзімді тау беткейлерінде, тегіс жерлерде, су тоғандарының қасында, теңіз деңгейінен едеуір биіктікте де өсіруге болады.

Жүзімді көбейтудің негізгі әдістері.

Жүзімді вегетативті әдіспен (қалемшелермен, сұлама бұтақтармен, ұластыру арқылы) және тұқымы арқылы көбейтеді. Тұқым арқылы көбейту әдісі селекциялық жұмыста қолданылады. Өнеркәсіптік жүзім шаруашылығында жүзімді көбейтудің вегетативті әдісі қолданылады.

Қалемшелермен көбейту - өзінің меншікті тамыры бар жүзім өсімдіктерін өсіріп алудың ең қарапайым және кең тараған әдісі.

Қалемше - біржылдың жетілген өркеннің бөлігі. Дайындалатын қалемшелердің ұзындығы жүзімді отырғызу тереңдігіне байланысты болады және ол 50-60 см аралығында болады. Қалемшелерді дайындау мерзімі жүзімнің бұтақтарын қырқу уақытымен сәйкес келеді. Жүзімнің бұталарын көметін аймақта жүзімді қырқу екі мерзімде жүргізіледі: күзде қырқу (алдын ала қырқу) және көктемде (ақырғы қырқу) .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау жолдары
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау жасау
Биологиядан жалпы әдістемелік құралдарға талдау
Биология сабақтарында әдістемелік құралдары қолдану жолдары
Биология сабақтарында қолданылатын әдістемелік құралдар және олардың маңызы туралы
Қазақ тілі сабағында тірек сызбалар арқылы оқыту
Биология пәнінде тірек-сызбаны қолдану әдістемесі
Модульдік технологияның гипотезасы
Биология пәнінен зертханалық және практикалық жұмыстардың айырмашылығы
Модульдік оқыту технологиясы жайлы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz