Мағжанның лирикасы


Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 1 - 3

I тарау

Мағжанның лирикасы . . . 4 -9

II тарау

Мағжанның әдеби-танымдық эстетикасы . . .

2. 1. «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе жоқ» . . . 10 - 14

2. 2. «Күңіреніп ойлағанда алаш жайын» . . . 15 - 20

2. 3. Мағжантану жүріп өткен жол . . . 21 - 27

2. 4 Мағжан Жұмабаев туралы . . . 28 - 31

Қорытынды . . . 32 - 33

Пайдаланған әдебиет тертізімі . . . 34

Кіріспе

Әдетте Абайды философ ақын,

Мағжанды лирик ақын дейміз.

Абай ақылдың ақыны да,

Мағжан сезімнің ақыны

(С. Мұқанов) .

Ұлылар ешкімге ұқсамайды, олардың әрқайсысы өзінше өзгеше. Қахақтың екі ұлы ақынының өзгешеліктері де осы жақтарында жатыр. Абайда ой басым болса, Мағжанда сезім басым. Абай әлеуметтік лириканы шыңға шығарса, Мағжан адам жанының сиқырлы сезімдерін жырлауда алдына жан салмады.

Махаббат - әлем поэзиясында мәңгілік тақырыптардың бірі болса, қазақ поэзиясында Абай арқылы жаңаша жаңғырды. Ол жырлаған «Айттым сәлем, Қаламқас», «Көзімнің қарасы» сияқты қлеңдері мазаббат сезімдерін асқақ гимнге айналдырып жіберді. Ал табиғатынан лирик М. Жұмабаевтың шығармашылығында да махаббат тақырыбы айрықша орынға ие. Мағжанды өз кезінде ақын ретінде танытқан да осы махаббат жайлы өлеңдері болатын. Бұл турасында кезінде Ж. Аймауытов «Ақын махаббатқа сенеді: жүрегі сезеді, махаббатсыз өмірде мағына бар деп білмейді. «Көңілді ашатын, жалынды басатын, жалғыздыққа, зарыққанда, талыққанда жүрекке ем болатын жалғыз ғана махаббат, адам шын сүйсе, махаббат - жүректі жаралайтын тікенек! Жар сүйсу жүрек жазылады, сүймесе өледі, махаббат - бір тәтті у, дүниенің у-шуы жүрекке махаббаттай күшті әсер бере алмайды», міне ақынның махаббатына көзқарасы. Бірақ махаббатты мәңгі деп ұқпайды. Кейде махаббат тез сөніп қалуға мүмкін деп қарайды» (Мағжан Жұмабаев Шығармалары. А., 1989, 421-бет) - деп жазған болатын. Бұл жолдарды Жүсіппек Мағжанның

«Махаббат - ьір тікенек,

Жүрекке барып қадалар.

Бақытсыз ғой бұл жүрек,

Тамшылап одан қан ағар.

Тез жазылмақ бүл жара,

Бал тілімен сүйсы жар.

Сүймесе жүрек, дариға,

Өлер жүрек, қансырар.

Махаббат - бір тәтті у,

Ішер жүрек, болар мас.

Дүниедегі у мен шу,

Мас жүректі оятпас» (сонда, 144-бет)

Деген шумақтарын оқып отырып жазған сияқты. Содан соң «Суйген анық» атты өлеңіндегі сезімнің, яғни махаббаттың да өзгеретіндігін жырлаған.

«Алдағаным жоқ,

Арбағаным жоқ,

Сен сөзіме, сұлу қыз!

Тап сол сағат Сүйгенім хақ,

Куә мынау көп жұлдыз!» -

деген жолдарды меңзеп отырғандай.

Махаббат - деп жырлаған ақын үшін махаббаттан қүшті нәрсе жоқ. Өмірлегі ең қымбат, ең асыл - махаббат. Ол оны тақ пен тәжге де, дүниенің бар байлығына да айырбастамайды. Өйткені Шын ғашық болудан артық бақыт жоқ. Сүйгенімен ләззатты шақты бірге көру - адам ғұмырының жұлдызды шағы, өміріне нәр беретін, әр беретін бақытты шағы. Сондықтан да ақын:

«Сүй, жан сәулем, тағы да сүй, тағы да!

Жылы, тәтті у тарады қаныма.

Бұл ләзаттың бір минутын бермеймін

Патша тағы, бүкіл дүние малына», -

Деп жырлайды. Сезімді бұлайша асқақтата жырлау бұрын-соңды қазақ поэзиясында кездесе бермейтін. Мағжан Абайдың «Айтты сәлем, Қаламқас» «саған құрбан мал мен бас»деген ойларды ары қарай дамыта, тереңдете алып кетіп, махаббаттың сиқырлы сезімінің құдірет күшін жан дүниесімен жайып салады. Абай: «махаббатсыз дүние бос, хайуанға оны қосыңдар» десе, Мағжан махаббатсыз көп күндерден адамның ең асыл сезімі патшалық құрған бір күнді артық санайды. Өйткені адам - сезіммен адам. Сүйіспеншілік сезімдерінсіз адамдардан адамдық істер күтуге болмайды. Махаббат - адам өмірінің мәні. Ақын тағы бірде ғашығыңды:

«Жалындап күйіп,

Бір ғана сүйіп,

Өлсең де болмай ма?» -

Деп, сауал тастай жырлайды. Өйткені адамды адам қып тұрған - махаббат. Ақынды ақын қылатын да - махаббат. Гүл болмаса, бұлбұлдың сайрамайтындығы сияқты, ғашық болмаған ақын да жырлай алмайды. Шын сүйген ақын ғана шабыттанып, шын жырлай біледі. Сондықтан да ақын тағы бірде өзін гүлден гүлді қуалап ұшатын қөбелекке теңейді («Жас сұлуға») .

Сүйіспеншілік - Мағжан поэзиясының өзегі, қаны, жаны, бүлкілдеп соғып тұрған жүрегі. Оның «Сүй, жан сәулем», «Төгілген шашы», «Күміс нұрлы ай», «Шолпан», «N-ға», «Сүйгенім анық», «Хор сипатты қарындас», «Жас сұлуға», «Сәуле», «Гүлсім ханымға», «3-ға», «Жұлдызды - жүзік, айды - алқа қып берейін», т. б. өлеңдерінде адам жанының сүйгеніне деген не бір тылсым сырлары әсем өрнек тапқан. Осы өлеңдердің қай-қайсысы болса да өзінше бір әлем; бір бірін қайталамайды. Шетінен самалдай соғып, жібектей желпіп, жүректі тербетіп, ғажап бір күйге бөлейді.

І тарау

Мағжанның лирикасы

Мағжанның балғын поэзиясы екі ғасырдың жалғасқан жалдарына тура келеді. Қоюлана түскентарихи оқиғалар, тар күресінің жалын ата, айналасын түгел жаңғырта түскен, болашақтың ұшқын оттары жалтылдайбастаған кезең еді ол. Уақытты өз қалауына бағындырып, ертеңінің мақсат-мұратын ұлы идеалға айналдырған Россия өзге халықтармен бірге көшбелі қазақ елінің де бетін болашаққа жаот бұрғызды. Әсіресе, 1905 жылдың революциялық толқынын ерекше сезінген, кей жерде басынан да кешірген қазақ интеллтигенциясы, оның ағартушылары мен ақын-жазушылары - кеше ғана біге өз жолдарын тапсырып кеткен Абай, Шоқан, Ыбырайлар дәстүрін жаңа жағдайда қызу қимылдата бастады. Біз «Оян, қазақ» деген жаңа ұрандар ести бастадық. Жаңа газеттер, жаңа журналдар шығып, халықты білім жолына шақырды.

Елімен бетпе-бет сөйлескен Ахмет Байтұрсынов ағарту, үгітші жырларымен қатар:

Бар пайдаң өз басыңнан артылмаса,

Мал құрлы мағына жоқ тұрысыңда, -

деп жұртты намысқа, кісілікке шақырды. Бұл XX ғасырдың алғашқы он жылдарының ішінде қимылдардың көрінісі еді. Сол жылдары ана сүті ернінен кеуіп үлгермеген, бірақ ақындық қуатын ішіне сыйдыра алмаған Мағжан Жұмабаев туған даласына қарап:

Кең дала, көресің ғой, ана жатқан,

Жібектей жасыл шөптер бетін жапқан.

Асқар тау, тәтті сулары бар

Әне сол анам еді мені тапқан, -

деп оқырман қауымына өзінің жырымен жазылған ұлттық паспортын ұсынды.

Мағжанның ұлттық санасы сол халықтың Россиядағы революцияя толқынымен ояна бастаған кезінде туып, қалыптаса бастады. Ақындағы патшалығының қатал үстемдігіне қарсы сезім - орыс пролетариатының ұлы күресінің әсеріне тікелей байланысты. Жас лапылдаған шабытпен бәрңн қамтып, барын айтқысы келген ақын ойындағының бәрін айта беруге мүмкін емес екенін ұзамай-ақ түсінді.

Жаңа ғана мақтан боп айтылған жасыл дала енді оның жанын жаралайтын шындыққа айналып бара жатқанын сезді. Жаз жайлау, қыс қонысынан айрылған дала мұңдылығы оның жүрегін қатты жаралады. Оның жүрегін революциядан бұрын сатылған болыс, билер, шен таққан шенеуніктер де аз ауыртқан жоқ. Сонда ауыр күрсінген ақын:

Жүрегім, мен зарлымын, жаралыға

Сұм өмір абақты ғой саналыға.

Қызыл тіл, қолым емес, кісендеулі

Сондықтан жаным күйіп-жанады да, -

деді.

Барлық даусымен, шынғырған жан даусымен ең ащы сөздерін айтты. Біз ешкімген ұсамаған, зарлы да өкінішті ой-сезімдерін, қиналған жаным ерекше таныта алатын ғажайып ақынды көрдік.

Ой сезімдерін ерекше құдіретпен жеткізе білетін Мағжан, тағы да жан даусымен сөйледі:

Азамат! Анау қаза қаным десең,

Ұжмақтың суын апар, жаным десең.

Болмаса, ібіліс бол да у алып бер,

Тоқтатам тұншықтырып қаным десең.

Оқырман қауым еріксіз сілкініп бойын жазып, басын көтерді. Тіпті жаңаша айтылан сөз пайғамбар лебізіндей қабылданды.

Осы азаматтық лирикаға жататын күшті жырлар Мағжанда өте мол. Олардың көбі тек қана поэетикалық асқынған сөздерге ғана құрылмай, ақынның ішкі мұңы мен ашу-кегіне табиғи байланысып отыратын бояулы, әуенді өлеңдер. «Мен кім?», «Мен жастарға сенемін», «Айда атыңды, Сәрсенбай», «М. Д. абақтыдан шыққанда», «Өткен күн» сияқты бір шоқ өлең өзіне бір төбе. Барынша қуатты, жігерлі жазылған «Орал», «Орал тауы», «Түркістан» сияқты өлеңдер де осы циклға жатады. Бірақ бұл үш өлеңдегі ұлттық сезім әсіре ширатылып, кей шумақтарда түрікшілік идеямен де шектесіп кетеді. Оған мына:

Ұзын орал - күн мен түн шекарасы,

Бір жағы - күн, бір жағы - түн баласы.

Арғы жағы - көк көзді жын ұясы,

Бергі жағы - түріктің сары даласы, -

дейтін шумақ дәлел. Орал, Азия мен Еуропа шекарасы екенін ғылымның өзі растайды. Мағжан ойы да сол, бірақ айтылуы шамадын тыс ащы. Бұл кемшілігін кейін ақынның өзі де мойындаған.

Қала, рас, өнер-білім қайнаған жер,

Тұтқын ғып надандықты байлыған жер -

деген ақын даланы қалаға қарсы қоя берудің сыңаржақтылығын аңғарған соң айтқан.

Мағжан жүрегіндегі халқына деген махаббат оның поэзиясынан ерекше орын алады. Ол езу көрген, қорғансыздыққа ұшыраған, күйзелу үстіндегі халықты қанша аяса да, жаралы жанның ыңыранған ауыр күйін суреттесе де, халқты бейшаралыққа айналдырмайды. Ол жырлаған халық тағдырына қол қусырған, жерге ғана үңілген, аяғының астынан арғыны көрмейтін, титығы жеткен мүсәпір халық емес. Мағжан поэзиясында үнемі ой үстінде, қимыл үстінде көрінетін халық бар. Кең даладағы шапқан ат, ат құлағында ойнаған, асаумен алысқан, сағыныштарын, ән-күйін түсіндіретін, жасыл даласын, жайқалған орманын, көл-дариясын сүйетін халық бар. Адам мен жер - Мағжан поэзиясының ең күшті халықтық рухы. Халық ат-мекенін қалай сүйсе, Мағжан да солай сүйген.

. . . Құшам Мұса аяғын,

Өлеңім ізгі таяғым.

Көкшеге мен де шығамын.

Аяқ басып арсыға,

Жүгініп барып қарсына

Тәңірімнің тілін ұғамын, -

(«Көкшетаудан»)

дейді ақын. Қайда барса асасымен жол ашқан аққан дарияны тоқтатып өтетін Тұр тауында тәңірмен тілдесетін Мұса пайғамбарға біздің ақын ағамыз да өзін теңейді. Өзінің де, туған халқының да ірілігін көрсетеді.

Мағжан Жұмабаевтың адамның жастық сезіміне жақын ақын екені әр өлеңінен-ақ танымал. Әсіресе, оның махаббат өлеңдері жас оқырман үшін үлкен бір бақыттай сезіледі. Біздің осы ойымызды оның балаларға арналған лирикалы мен ертегі поэмалары да растайды.

«Бесік жыры», «Туған жер», «Бала мен құс», «Жұмбақ» сияқты өңшең ойнақы, тілге жеңіл, ойға қонымды өлеңдер балалар үшін сұранып тұр. Осыларға ақынның атақты «Жүсіп хан» поэмасын оссақ, балалар әлеміне арналған келісімді бір дүние жарқ етіп тағы да шыға келеді.

Қазақ поэзиясының атасы Абайды сүйетіндігін айта келіп Мұхтар Әуезов (1929 жыл) : «Бұдан соң Мағжанды сүйемін. Еуропалығын, жарқырағын, әшекейін сүйемін. Қазақ ақындарының қара қордалы ауылында туып, Еуропадағы мәдениет пен сұлулық сарайына барып жайлауы жарасқан Арқа қызын көріп сезгендей боламын. Мағжан культурасы зор ақын. Сыртқы кестенің келісімі мен күйшілдігіне қарағанда, бұл бір заманның шегінен асқандай, сезімі жетілмеген қазақ қауымынан ертерек шыққандай, бірақ түбінде әдебиет таратушылары газетпен қосақталып, күндегі өмірінің тереңін терген ақын болмайды, заманнан басы озып, ілгерілеп кеткен ақын болады. Әдебиет әдебиет үшін деген таңба айқын болмай, нәрлі әдебиет болуға дол жоқ. Сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып, артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжанның сөзі. Одан басқамыздың бәріміздікі күмәнді, өте сенімсіз деп білемін » («Қазақ әдебиеті», 1988 жыл, 23 желтоқсан) .

Әдебиет халық үшін екенін Мұхаңның да біледі. Әйтпесе өлгенше халқым деп өтер ме еді. Мұханның бұл жерле айтып отырғаны әдебиеттің эстетикалық мұраты туралы болу керек. Ондай дәрежеге көтерілу үшін әдебиеттің әлеуметтік міндетінің үстіне, ірі талантқа қоса, өнер шеберлігіне жетістік міндеті тұр. Оны біз әдебиеттегі ең күрделі ғылымдық сала деп түсінеміз.

Осы тұрғыдан келгенде Мағжан культурасының биіктігі бүгін де оқшау тұр. Көп өлеңдерінде-ақ Мағжан - өзі бір жанып тұрған жарық сияқты. Біз ақынның ішкі иірімдерімен, ой-сезім толғаныстарымен қатар оның өзін қоршаға төңірегін де түгел танимыз. Ол төңірек дегеніміз көрініп тұрған адамдар, жан-жануарлар ғана емес, эфирдегі нәзік бояулар мен дыбыстар, жер бетіндегі көбімізге беймәлім құбылыстар.

Сылдыр, сылдыр, сылдырлап,

Бірінің сырын бірі ұрлап,

Толқынды толқын қуады,

Жарын бад береді,

Береді де өледі,

Өледі толқын, тынады.

Аққан өзен, тұнған теңіз дүниесі де ақын өмірінің бір шындығы секілді. Судағы қуанышдың қалай басталып, қалай аяқталғаны алты жолдық өлеңді ұзақ хикаяға айналдырып жібергендей. Жырдың архитектоникалық бейнесі мен музыкалық үндестігі сондай сұлу келісім тапқан, өз деміңмен бірге жаралған дүниедей сезінесің.

Ақынның «Шолпы» өлеңін оқығанда ұшы- қиыры жоқ қазақтың кең даласы, жайлауға шыққан жалпақ ел, қызыл- жасыл киініп, бір- бірімен әзілдесіп, шүйіркелесіп, кетіп бара жатқан жастар, солардың ішінде екі иықтың арасына бос тастаған қос бұрымдағы шолпысы сыңғырлаған сұлу қыз көз алдыңызға келеді. Мұхтар Әуезов суреттеген Абайдың Тоғжаныелестейді. Шолпан - қазақ қызының ажырамас атрибуты . Шолпы таққан қыз бұрынғысынан да әсем, бұрынғысынан да сұлу болып көрінеді. Оның үстіне қыздың шолпы тағуы - оның есейіп, оң- солын танып, бойын түзеп жан- жағына қарай бастауының, бойжеткендігінің де белгісі. Сондықтан да шолпының сыңғыры ақынға ерекше әсер етеді; сезімін оятып, ерекше бір дегбірсіз күйге түсіреді:

«Сылдыр, сылдыр, сылдыр . . .

Қанымды қайнатты құрғыр.

Шық- шық жүрекке тиеді,

Құлпара талқан боп сылғыр!»

Дыбыс пен сөз қайталау шебер қолданылған өлеңді оқып шыққында, айналаңнаң бәрі сылдырлап, сылдыр, сылдыр дыбысқа толып кеткендей болады.

Сұлулық - шартты ұғым. Олай дейтініміз, эстетиканың заңдылықтарына сай, жалпы жұрт мойындаған сұлулық бар да, әркімнің өз сұлуы тағы да бар. Шығыс пен Батыстың, әр ұлттың сұлулық туралы ұғымдары мулдем өзгеше. Сұлулық - ұлттық категория. Сұлулық туралы талғам ұлттық ерекшеліктерге, әдет- ғұрыпқа, салт- санаға, тұрмыс- тіршілікке, қоршаған ортаға, тәлім- тәрбиеге, білім дәрежесіне, кәсібіне орай қалыптасады. Ауылда өскен адам үшін « ботагөзден » асқан көз жоқ. Ал еуропалықтар үшін ең сұлу - көк көз. Сол сияқты өскен ортасына, алған тәрбиесіне байланысты әр адамның өз сұлуы тағы бар. «Талғамға таласпайды», «сұлу - сұлу емес, сүйген сұлу» деу осыған байланысты айтылса керек. Демек, әркімнің өз сұлуы бар. Ұлы Абайдың өзі де:

«Жарқ етпес қара көңілім не қылса да,

Аспанда ай менен күн шағылса да.

Дүниеде, сірә, сендей маған жар жоқ,

Саған жар менен артық табылса да» -

Деп жырлаған. Сол сияқты Мағжанның да өз сұлуы бар. Ол - оның сүйгені. Ақын « Сен сұлу » деген өлеңінде өз сүйгенін еш нәрсеге тең келтірмейді. Ақынға «жанға жайлы май», «қызықты орман, көңілді еркін кең дала», «күміс табақ көкте жүзген ай», «кешкі ескен жібек жылы жел», «хош иісті түрлі- түсті гүл», «әдемі аспан - төбедегі көк шатыр», «асқар тауы, дариясымен жер», «сылқ- сылқ күліп сылдыр қаққан су», «көлге қонып қаңқылдаған қу», «бейне айнадай жарқыраған айдыннан күн шығарда

«шаңқай тусте өткір алтын күн», «жымыңдаған жұлдыздармен түн» сұлу, бірақ та:

«Толып жатыр турлі сұлу дүниеде,

Бәрінен де маған, сәулем, сен сұлу!»

Тағы бірде ол:

«Көзінде көк нұры жоқ,

Ауызында жұмақ жыры жоқ,

Жалынсыз, усыз құшағы.

Иірілмейді жалындай,

Сөзі де жоқ құрандай,

Білгені - қазан- ошағы.

Жабайы ғана жарым бар,

Неге екенін білмеймін -

Сол жарымды сүйемін. » -

(« Сүйемін ») -

деп, ағынан жарылады. Асыл жардың сырты сұлу болуы аз, оның үстіне жұбайлық тіршілікте отасып бірге тұду үшін, шаңырақтың түтіні түзу шығу үшін басқа да бірқатар адами қасиеттердің де керек екенін аңғартады. Бұл жерде Мағжанның эстетикалық талғам - түсінігінің Абайдың сұлулық туралы көзқарастарымен біршама түйісіп жатқандығын байқатады.

Ананы жырламаған ақын кемде- кем. Адам үшін өмірден қымбат еш нәрсе жоқ болса, сол өмірді сыйлаған - ана. Мағжан да ананы жырға қосқан. «Сүйемін» деген өлеңінде ол асыл анасын, сүйген жарын, өскен елін, туған жері Арқаны сүйетінін жырлайды. Осылардың ішінде ананы бірінші қояды. Адам жақсы нәрсені ұнатады. Мағжан анасын сұлу болғандықтан емес, анасы болғандықтан жақсы көреді.

«Күлдей күңгірт шашы бар,

Тоқсан бесте жасы бар,

Көз дегенің сұп- сұр көр.

Тасбиық санап бүгіліп,

Жереге қарап үңіліп,

Көрсе ауыр күрсінер,

Менің бір қарт анам бар,

Неге екенін білмеймін -

Сол анамды сүйемін»

«Анама» деген өлеңінде нәзік жанды ақын ананың балаға деген ыстық махаббаты мен мөлдір сезімін шынайы суреттейді. Лирикалық киіпкер анасына аялы алақанға салып, мәпелеп өсірдің, түн ұйқыңды төрт бөлдің, тентектігімді кешірдің, тәтті қылығыма сүйсіндің, тәрбиеледің, сөйтіп ер жеткіздің, енді өмірдің ұзақ жолдары күтіп тұр, ақ батаңды бер дейді:

«Жаным анам - жібек тілді ақ көңіл,

Жазу болып, шегер болсам ұзын жол,

Шет жерлерде теріс жолдан сақтарға,

Жан балаңа ақ батаңды бере көр!»

(« Алаш » деген елім бар»)

ІІ тарау

Мағжанның әдеби - танымдық әстетикасы

2. 1 «Ұлтқа тілінен қымбат нәрсе жоқ»

Өмірге ғашық ақын ана сүтімен бойына дарыған ана тілін де сүйеді. Отаршылдық кездегі қысымға түскен қазақ тілінің жай-күйі ақын жағын мазалап, жүрегін сыздатады. Бұл тектен - тек емес еді. Ақын жүрегі халықтың барометрі іспеттес: тіл - ұлттың туы, тіл - ұлттың қаны, тіл - ұлттың жүрегі.

«Күш кеміді, айбынды ту құлады;

Кеше батыр - бүгін қорқақ бұғады.

Ерікке ұмтылған ұшқыр жаны кісенде,

Қан суынған, жүрек солғын тартады. »

Тілдің кемуі салдарынан

«Қыран құстың қос қанаты қырқылды,

Күндей күшті, күркіреген ел тыңды.

Асқар Алтай - алтын ана есте жоқ,

Батыр, хандар - асқан жандар ұмтылды!» -

деп күңіренеді. Білімнен айырылған халық бәрін де жоғалтады, ең бастысы ұлттық рухы кеміп, ұлттық болмысы азайған:

«Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың

Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың . . . »

Ұлт үшін тілден артық нәрсе жоқ;

«Алтын Күннен бағасыз бір белгі боп,

Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!»

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мағжан - сыршыл ақын
М. жұмабаевтың шығармашылығының жалпы қазақ әдебиетінде алатын орны
Мағжан өлеңдерінің өрнегі
Мағжан лирикасындағы өлең өрнектері
Бернияз романтизміндегі ұлттық идея
ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
Мағжан Жұмабаев – лирик ақын
ХХ басында қазақ жазба әдебиеті
Мағжан Жұмабаев – қазақ жерінің жыршысы
Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығын талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz