Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау жолдары
Зерттеу жұмысының тапсырмалары...
Диплом алды іс.тәжірибенің апталық есебі.
Диплом алды іс.тәжірибеде жүргізілген зерттеу жұмысы ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе..
1. Аналитикалық шолу: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті ... ... ... ..
2. Зерттеу әдістерімен танысу...
2.1 Биология сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту...
2.2 Ойлау туралы жалпы ұғым және ойлау саласындағы дара айырмашылықтар.
2.3 Биология сабақтарында тірек.сызба пайдаланудың маңызы ... ... ... ... ... ..
2.4 В.Ф.Шаталовтың ойды дамытудағы тірек.сызбамен оқыту әдісі ... ... ... ..
3. Оқу мен сызу арқылы логикалық ойлауды дамытудың ерекшеліктерін анықтаудың сабақ жоспары...
Қорытынды...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Өзіміздің оқу орнына қарасты кітапханамызда жетекшіммен бірге оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін қандай методтармен жұмыс істегенім дұрыс жайлы мағұлматтар жинадым. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба жұмыстарының түрлілігімен таныстым. Және де дипломдық жұмыстың тақырыбына сай зерттеу жасадық. Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы «Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау» осы тақырыпқа қажетті материалдармен жұмыс жасау барысында зерттеулер жүргізілді.
Осы аталған мәліметтер жайлы деректер қорын зерттеумен болдым.
1) Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмыстың жоспарына сәйкес әдебиеттермен танысу.
2) Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмыстың тақырыбы: «Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау» қатысты әдебиеттерден материалдар жинау.
3) Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша өзіндік зерттеу жүргізу.
4) Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмысын зерттеу нәтижелеріне анализ жасау.
5) Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмыстың тарауларын құрастыру және қорытындылау.

1. «Ақпараттық технология және қашықтықтан оқыту» Мұхамбетжанова С.Т. п.ғ.к., ББЖКБАРИ.
2. Қазақстан Республикасының бiлiм беру жүйесiн 2010 жылға дейiн дамытудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
3. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін 2015 жылға дейін дамыту тұжырымдамасы.
4. Бiлiм беру жүйесiн 2003-2005 жылға дейiн ақпараттандырудың Мемлекеттiк бағдарламасы.
5. Н.Ә. Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» (Ел президентінің халыққа жолдауы) 2007 ж.
6. Оқу – тәрбие үрдісінде ақпараттық – коммуникациялық технологияны қолдану қажеттілігі «Информатика негіздері » 2008 ж.-№ 4.
7. Биология қазақстан мектебінде № 2(32) – 2010
8. Педагогикалық ізденіс. /Құраст. И.Н. Баженова. – Алматы: Рауан, 1990 – 574 б.
9. Обаев С.Н. Биологияны оқыту әдістемесі (жалпы бөлім) / С.Н. Обаев, А.Кисымова. – Алматы:Абай атындағы ҚазҰПУ баспаханасы,2010. - 80 б.
10. Рахымбек Д. Оқушылардың логика методологиялық білімдерін жетілдіру. Алматы. РКБ, 1998ж.
11. Түркіменбаев Ә.Б. Қоғамдық – гиманитарлық бағыттағы мектептерде жаратылыстану пәндерін интерграциялап оқыту процесінің педагогикалық шарттары. Қазақстан мектебі. 2005. №7 9 – 12 б.
12. Тургынбаев А. Логика (Пособие для гимназии и лицеев). Алматы: Білім, 2000.
13. Сабыров Т.С. Оқушы жастардың танымдық әрекетін арттырудағы оқытудың әдістері мен формаларының дидактикалық жүйесін тиімді қолдануға мұғалімді даярлаудың теориялық негіздері: п.ғ.д…. дисс. 13.00.01. – Алматы, 1996. — 278 с.
14. Сағындықов Е. Ұлттық ойындарды оқу–тәрбие процесінде пайдалану. – Алматы: Рауан, 1993. – 76 б.
15. Сейдахметова А. Оқушылардың логикалық ойларын дамыту жолдары. - Алматы, 2000. 89- бет.

М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ДЕНЕ ТӘРБИЕСІ ЖӘНЕ СПОРТ ФАКУЛЬТЕТІ
БИОЛОГИЯНЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ КАФЕДРАСЫ
Фк-13-5к3 тобының студенті Ергешова Гүлжамалдың
Диплом алды іс-тәжірибеден өткен
есеп жұмыстары
Іс-тәжірибе базасы: Д.И.Менделлев атындағы №15 мектеп-лицейі
Жетекшісі: аға оқытушы Д. Тағайбекова
Шымкент, 2017 ж.
Диплом алды іс-тәжірибенің апталық есебі
I - апта
Мен іс-тәжірибенің алғашқы аптасында, диплом алды конференцияға қатысып іс-тәжірибенің міндеттері мен мақсаттарымен таныстым.
Университеттің өкімімен 13.03.2017ж - 15.03.2017 аралығында диплом алды іс-тәжірибеден Д.И.Менделлев атындағы №15 мектеп-лицейіне жетекшіммен барып, мектептің басшысымен кездесіп, мектеп ережесімен және күнделікті тәртіптерімен таныстым. Мектептегі жетекшім Қалиев Медет.
Кафедрадан тағайындалған жетекшім аға оқытушы Д.Тағайбекованың тапсырмалары мен жұмыс түрлерімен таныстым.
II - апта
Диплом алды іс-тәжірибеде алдыма қойған мақсаттарыма жету үшін зерттеу әдістерімен танысып, бірнеше ғылыми-әдебиеттерге сілтеме жасадым.
Д.И.Менделлев атындағы №15 мектеп-лицейінің техника қауіпсіздігімен таныстым. Бекітілген сыныппен таныстым.
III - апта
Мектепте жетекшілік жасаған биология пән мұғалімі Қалиев Медеттің кеңесімен Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау талдау жасап, өзіме таныс емес мәліметтер арқылы талдау жасап, керекті мәліметтерді конспекті жасадым.
IV - апта
Бұл аптада, өзім өткен сабақтардың кемшіліктерімен жетістігіне биология пән мұғалімі Қалиев Медеттің көмегімен анализ жасадым.
Зерттеу жұмыстары мен нәтижелерін жүргізуді жалғастыру.
Диплом алды іс-тәжірибенің есебін дайындау.
Диплом алды іс-тәжірибеде жүргізілген зерттеу жұмысы:
Дербес тапсырма бойынша: Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау
мақсатында жұмыстар жүргізілді.
1. Диплом алды іс-тәжірибенің дербес тапсырмалары бойынша дайындалған тақырыптар:
Диплом алды іс-тәжірибеде жүргізілген зерттеу жұмыстарын зерттеу объектісі ретінде 13.03.2017ж - 15.03.2017ж мерзімі аралығында
Мектеп - лицейінде биологияны тереңдетіп оқытатын сыныпты алдық.
Ғылыми жетекшінің басшылығымен диплом алды іс-тәжірибе барысында орта сынып оқушыларына биология пәнінің оқытушысы толықтырған мәліметтерге сүйене отырып, Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау тақырыбында, оқушыларға эволюция тақырыбы бойынша түрлі схема арқылы сабақ түсіндірілді және де дәрістер оқылды.
Зерттеу жұмысының материалдары диплом жұмысының мазмұнына енгізілді.
КІРІСПЕ
Мен Ергешова Гүлжамал ФК-13-5к3 тобының студенті, диплом алды іс-тәжірибемді Шымкент қаласындағы №15 Д.И.Менделеев атындағы мектеп лицейінде 13.03.17-15.04.17ж., аралығында өткіздім. Мен іс-тәжірибеге күнделікті барып отырдым. Менің іс-тәжірибелік жұмысымда 9 в - сынып оқушыларын биология пәніне баулу болды. Оларға ғылыми әдебиеттермен қалай жұмыс жасау керектігін таныстырдым. Оқушылармен бірге мектеп кітапханасында қазіргі таңда биология саласындағы өзекті тақырыптармен және дипломдық жұмысымның тақырыбына сай жұмыстар жүргіздім.
Өзіміздің оқу орнына қарасты кітапханамызда жетекшіммен бірге оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту үшін қандай методтармен жұмыс істегенім дұрыс жайлы мағұлматтар жинадым. Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба жұмыстарының түрлілігімен таныстым. Және де дипломдық жұмыстың тақырыбына сай зерттеу жасадық. Менің дипломдық жұмысымның тақырыбы Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау осы тақырыпқа қажетті материалдармен жұмыс жасау барысында зерттеулер жүргізілді.
Осы аталған мәліметтер жайлы деректер қорын зерттеумен болдым.
1) Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмыстың жоспарына сәйкес әдебиеттермен танысу.
2) Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмыстың тақырыбы: Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау қатысты әдебиеттерден материалдар жинау.
3) Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша өзіндік зерттеу жүргізу.
4) Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмысын зерттеу нәтижелеріне анализ жасау.
5) Диплом алды іс-тәжірибеде дипломдық жұмыстың тарауларын құрастыру және қорытындылау.
Мен іс-тәжірибенің алғашқы аптасында №15 Д.И.Менделеев атндағы мектеп лицейінің тарихымен, тахникалық қауіпсіздігімен және биология пәнінен сабақ беретін пән мұғалімдерімен, 9в сынып оқушыларымен және оның сынып жетекшілерімен таныстым.
9в сынып оқушыларына биология пәнінен сабақ беру барысымен құжаттарымен таныстым. Мектеп кітапханасында жетекшіммен бірге отырып дипломдық жұмысымның тақырыбына сәйкес әдебиеттермен танысып оларға шолу жасадым. Осылайша диплом алды іс-тәжірибемде бес аптада мектеп қабырғасында биология пәнінен сабақ беруге қажетті құжаттарды қалай дайындау керектігін, оқушыларды шығармашылық жұмыстарға баулуды және дипломдық жұмыстың тақырыбына байланысты жұмыстар жүргізілді.
Мазмұны
Зерттеу жұмысының тапсырмалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Диплом алды іс-тәжірибенің апталық есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..
Диплом алды іс-тәжірибеде жүргізілген зерттеу жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ...
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Аналитикалық шолу: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті ... ... ... ..
2. Зерттеу әдістерімен танысу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Биология сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту...
2.2 Ойлау туралы жалпы ұғым және ойлау саласындағы дара айырмашылықтар ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Биология сабақтарында тірек-сызба пайдаланудың маңызы ... ... ... ... ... ..
2.4 В.Ф.Шаталовтың ойды дамытудағы тірек-сызбамен оқыту әдісі ... ... ... ..
3. Оқу мен сызу арқылы логикалық ойлауды дамытудың ерекшеліктерін анықтаудың сабақ жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Ғылыми зерттеу жұмыстарының тапсырмалары
№
Тапсырма тақырыптары
Берілген мерзімі
1
Аналитикалық шолу
13.03.2017
2
Зерттеу әдістерімен танысу
15.03.17.
3
Ойлау туралы жалпы ұғым және ойлау саласындағы дара айырмашылықтар
18.03.17.
4
Биология сабақтарында тірек-сызба пайдаланудың маңызы
22.03.17.
5
Шаталовтың тірек-сызбамен оқыту әдісінің тиімділігі
27.03.17.
6
Оқу мен сызу арқылы логикалық ойлауды дамытудың ерекшеліктерін анықтаудың сабақ жоспары
6.04.2017.
7
Зерттеу жұмыстары мен нәтижелерін қортындылау
10.04.2017.
8
Іс-тәжірибенің есебін дайындау
15.04.2017.
Аналитикалық шолу
1 Оқушылардың логикалық ойлау қабілеті
Жаңа қоғамның тізгінін берік ұстайтын еркін елдің ертеңгі кемеңгерлерін оқыту, тәрбиелеу бесіктегі баланың нәрестелік шағынан басталып, үздіксіз дамыту барысында қалыптасатыны белгілі. Баланы оқыту мен тәрбиелеуде мектепке дейінгі мекемелер мен бастауыш сыныптың алатын орны ерекше.
Оқыту мен оқу әрекетітің тығыз байланыста болуы, баланың ойының дамуына зор үлес қосады. Ал оқыту барысында төменгі сынып оқышыларының ақыл-ойын дамыту, бүгінгі күннің басты талабы.
Ойлау дегеніміз - ақиқат дүниені өзара барлық байланыс қатынастарымен сәулелендіретін, мида жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленетін үдеріс.
Бастауыш сынып оқушыларының ойлауын дамытуда негізгі екі сатыға жіктеуге болады. Бірінші сатысында - бала мектеп жасына дейінгі дейінгі ойлауын еске түсіру арқылы жаңғыртады. Бұл жерде оқу материалдарын талдау көрнекі құралдарды пайдалану арқылы баланың жадын қалпына келтіруге болады. Яғни бала нақты заттарға немесе оның дәл баламаларын бейнелеуге сүйенеді.
Ойлауды дамытудың екінші сатысы мұғалім балаларға игерілетін материалдардың жекелеген элементтеріннің арасындағы байланысты көрсету үшін ерекше қадам жасайды. Жыл өткен сайын осындай байланысты күрделі тапсырмалар көлемін ұлғайтып отырылады.
Педагогикалық үдерісте оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамытуда өзіндік жұмыстың алар орны ерекше. Оқушыларға өз бетінше жасаған ой операцияларының дұрыс-бұрыстығын тексерткізу, бір мәселенің өзін түрлі жолдармен шешуге үнемі бағып беру, логикалық ойлауды қажет ететін мысалдар құрастыру, есептер шығару, шығармалар жазғызу, рөлдік ойындар ойнату - баланың логикалық ойлауын дамытудың тиімді жолдары.
Ой әрекеті барысында адам қоршаған ортаны танып, білу үшін ерекше ақын қызметін орындайды. Бұл нақты қызметіне талдау, біріктіру, салыстыру, нақтылау және қорытындылау арқылы жүзеге асады.
Балаларда логикалық ойлауды дамыту әдістемелері:
* Талдау
* Біріктіру
* Салыстыру
Логикалық ойлаудың ерекшелігі - қорытындылардың қисындылығы олардың шындыққа сай келуінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Оқушылардың жеке ойлау қабілетін дамыту үшін олардың өзіндік күш-қуаты мен сенімін арттыру қажет. Қолынан келетін көп істердің мүмкіндіктеріне бағып беріп отыру қажет. Оқушылардың білімді меңгеру үдерісі мына компонеттерден тұрады:
* Қабылдау
* Түсіну
* Есте сақтау
* Қорыту және жүйелеу
Балалардың ойлауын дамыту туралы М.Жұмабаев былай деген: Ойлауды өркендету жолдары. Ойлау - жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан тәрбиеші баланың өркендеткенде, сақтықпен басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, оқушының оқуға, білімге деген ынта-ықыласы, құштарлығы болуы керек.
Логикалық ойлаудың ерекшелігі - қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады. Ұғымдар арасындағы байланыстар мен қатынастар логикалық ойлау жолымен ашылады. Бұл байланыстар мен қатынастардың дұрыстығын теріске шығаруға болмайтыны пікірлерде көрсетіледі.
Сыныптағы оқушылардың білім деңгейі бірдей емес. Олардың ішінде математиканы сүйіп оқитын, оған деген ынтасы зор оқушылар да бар. Оларды жеңіл, бірыңғай жаттығулар орындау жалықтырады. Сондықтан мұғалім оқушыларға міндетті емес тапсырмаларды үнемі орындатып отыруы тиіс.
Оқушылардың логикалық ойлауын дамыту үшін:
* есепті, жаттығуларды талдай білу іскерліктерін қалыптастыру;
* сызба графиктік модель бойынша есеп объектілерінің арасындағы байланыстарды түсіндіру;
* Есептегі нақты заттарды оның моделімен ауыстыру;
* Пәнге деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру;
* Сыныпқа дұрыс психологиялық жағдай орнатуға мүмкіндік туғызу.
Оқу үдерісінде осындай іс-әрекеттердің арқасында қоғам талап етіп отырған шығармашылық қабілеті жоғары, өз ойын жүйелі де ашық айта алатын, қоғамға еркін сіңетін, өндіріске белсене араласатын азамат қалыптасады.
Мерзімі: 15.03.2017- 17.03.2017 аралығында жүргізілген зерттеу жұмыстары
2 Зерттеу әдістерімен танысу
2.1 Биология сабағында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту
Бүгінгі таңда жеке тұлғаны қалыптастыруды көздеген білім беру жүйесіне қойылатын талаптар күшейе түсуде. Сол талаптардың бірі - оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болып табылады. Оқу үрдісі қалыптастырушы іс-əрекет бола отырып, білім беріп қана қоймай, оқушылардың танымдық қабілетін, логикалық ойлау деңгейін арттыруға да бағытталуы тиіс. Іс-əрекеттің қалыптастырушы сипаты əрқашан да тұлғаның белсенділігіне байланысты. Дайын күйде алынған білімдер оқушылардың нақты тапсырмаларды орындау барысында қиындықтар туғызады. Сондықтан, оқушылардың логикалық ойлау қабілеттері мен алған білімдерін практикалық тұрғыдан пайдалана білуі бұл жерде көмекке келеді.
Логикалық ойлау дегеніміз логика заңдылықтарын пайдалана отырып, ой-пікірлерді, тұжырымдарды қолдануға негізделген ойлаудың бір түрі [1].
Танымдық ойлауға оқу материалдарын игеру, қызығушылық, танымдық белсенділік жатады. Логикалық ойлау əрекетін игеру жəне оқу материалдары бойынша тақырыптық тапсырмаларды орындау логикалық ойлау жүйесіне жатады.
Шығармашылық алгоритмін əдіс-тəсілдерін игеру; шығармашылыққа қадам жасау, түрлендіру, ой туындату, қорытынды жасау, шағын ғылыми-ізденіс жүргізу - бұлардың барлығы да шығармашылық ойлауға жатады [2].
Ойлау мəдениеті жеке тұлғаның туа біткен қасиеті болып табылмайды, ол таным үрдісі барысында қалыптасып, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына көмегін тигізеді, адамның танып-білу мүмкіндігі ұлғаяды, қарастырылып отырған мəселенің түп мəніне тереңірек үңілуге мүмкіндік туындайды.
Ойлаудың жүйелі түрде қалыптасуы барысында олардың таным əрекеті жоғарғы дəрежелі ойлау əрекеттерімен, ойлаудың шапшаңдығы, икемдігі, оралымдығымен, оқушылар бұрын кездеспеген жаңа, тың тапсырмаларға өзінің білімі, интеллектуалдық біліктілігі мен дағдыларын өз бетінше қолдана алуымен ерекшеленеді. Оқу əрекеті дағдыларын меңгермеген оқушылар өз жұмысын жоспарлап, уақытты дұрыс, тиімді пайдалана 3 алмайды.
Логикалық ойлаудың басты төрт негізгі заңы бар. Олар - тепе-теңдік заңы, қайшылықсыздық заңы, үшіншіні ескермеу заңы жəне жеткілікті негіз заңы. Бұлар логикалық ойлаудың түпкі қасиеттерін - анықталмағанын, қайшылықсыздығын, аяқталғанын, негізделгенін көрсетеді. Бұл қасиеттер ойлаудың барлық үрдістерінде, оның қандай да болсын формасына қарамастан əрекет етеді. Логикалық заңдар дұрыс ойлаудың міндетті шарты болып табылады.
Оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту барысында белгілі тəртіптік жүйе орнатпай, нəтижеге жету мүмкін емес. Сол себепті оқыту үрдісінде білім кеңістігіндегі логикалық ойлау əрекеттері қолданылады. Ойлау əрекеттері салыстыру, талдау, біріктіру, дерексіздендіру (абстракциялау), нақтылау жəне қорытындылау, басты бөлігін алып анықтау, жіктеу т.б. арқылы жүзеге асырылады. Оқушылардың ойлау жəне қабылдау 6 қабілетін дамытуда оларды жүйелі жəне мақсатты қолдануға жағдай жасау керек.
Салыстыру - əртүрлі заттар мен құбылыстардың, немесе ойлардың бөліктері арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды білуге бағышталған ой əрекеті. Күнделікті тұрмыста кең қолданылады. Білім алу барысында оқушылар алдымен анық байқалатын негізгі белгілер бойынша салыстыруға үйренеді, соңынан заттар, құбылыстар, үрдістер т.б. арасындағы айырмашылықты да айыра білуге үйренеді. Оқушылар өздеріне таныс заттар арасындағы ұқсастықтарды тез айыра алады, керісінше таныс емес заттар арасындағы айырмашылықтарды ғана айыра алады [4, 5].
Талдау (анализ) - ойша бүтінді жіктеу немесе бүтіннен оның түрлі аспектіден қарастырғанда əрекет не қатынас бірліктерін бөліп алу, қарапайым формадағы талдау арқылы əрбір затты практикалық қажеттілікке қарай құрама бөлшектерге ажырату. Талдау тəжірибелік жəне теориялық болып бөлінеді. Кіші мектеп жасындағы балаларда талдау логикалық ойлау əрекеттерінің басқа түрлерімен ұштаспағандықтан көбінесе механикалық сипатта болады. Оқушылардың талдау əрекеті жекелеген заттар, құбылыстар, үрдістер мен объектілерді талдаудан, олардың арасындағы қатынастарды талдауға бағытталады. Түсініктер арасындағы тіркестік, қарама қайшылық, жеке бөлік жəне жалпы тұтастық, функциональдық қатынастар, себеп-салдар қатынастар т.б. Себептер бойынша салдарды анықтау оңай, ал керісінше белгілі бір салдар туындауына əкелген түрлі себептерді түсіндіру біршама қиын.
Біріктіру (синтез) - талдау əдістеріне қарама-қарсы ойлау əрекеті, бұл əртүрлі бөлшектер, қасиеттер мен əрекет қимылдарды тұтас бірлікке топтастыру. Бұл əрекет барысында жеке заттар мен құбылыстар күрделі, бүтін құбылысқа қатысы бар бөлшек, элементтер тобы ретінде қар астырылады.
Дерексіздендіру (абстракциялау) - бұл заттардың қасиеттері мен сынын ойша белгілеп, бір мезгілде құбылыстарды жансыздан ажырату. Абстракцияның негізі болып нақтылау немесе жалпылау саналады.
Нақтылау (жалпылау) - бұл заттарды жалпылау жəне ойша біріктіру, құбылыстарды жалпы белгілері бойынша топтастыру. Оқыту үрдісінде нақтылаудың маңызы зор, ол алынған теориялық білімді өмірмен, практикамен байланыстырып дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Мысалы сурет түрінде, белгілі бір объектілер пайдалану арқылы ауызша немесе жазбаша түрде жүргізілетін Артығын анықта жаттығуларын орындау заттың маңызды бөліктерін бөліп көрсету жəне жалпылай білу дағдысын дамытады.
Қорытындылау - жалпыдан жалғызға ойша ауысу, бұл осы жалпыға сəйкес келеді. Қорытындылаудың екі түрін бөліп көрсетеді: формальды эмпирикалық жəне мазмұндық. Формальды эмпирикалық қорытынды бірнеше объектілерді салыстырып жəне олардың ұқсас жəне жалпы қасиеттерін бөліп көрсету негізінде, ал мазмұндық қорытынды объектілерге жан-жақты талдау жасау арқылы бірден көзге түсе бермейтін жалпы жəне 7 маңызды белгілер, қатынастар мен заңдылықтарды анықтау негізінде жасалады. Мектеп оқушыларында қорытындылау дағдылары жалпыдан біртіндеп дифференциальды қорытындылауға ауысады. Мысалы, алдымен өсімдіктердің жалпы сипаттамасы келтірілсе, кейіннен біртіндеп жекелеген тұқымдастар сипаттамасы немесе шаруашылық маңызы бойынша - жемшөптік, бөлме өсімдіктері, арамшөптер немесе улы өсімдіктер т.б. беріледі.
Жіктеу (классификациялау) - объектілерді белгілі бір белгілер бойынша топтастыру. Бұл жағдайда əрбір топтың тұрақты орны болады. Негізгі жіктеулер басты белгілер бойынша, ал жанама жіктеулер басты емес белгілер бойынша жүргізіледі. Жіктеу нəтижесінде ақпараттар қатаң тəртіпке жəне дəлдікке ие болады. Мектеп оқушыларына белгілі бір заттарды əртүрлі белгілер бойынша жіктеуге бағытталған тапсырмалар беруге болады:
- санаттар бойынша жіктеу;
- функциональды белгілері бойынша жіктеу;
- кеңістік белгілері бойынша жіктеу;
- аналитикалық тұрғыдан жіктеу;
Ойлау үрдісіндегі талдау (анализ) мен біріктіру (синтез) əрекеттері оқу жұмысында аса үлкен маңызға ие, тану үрдісінде бір бірімен тығыз байланысты. Биологияны оқыту барысында логикалық ойлаудың қалыптасуына жəне дамуына əсер ететін фактордың бірі болып мұғалімнің материалдарды дұрыс жəне жүйелі түсіндіруі саналады, сондай-ақ оқушылардың биологияның негізгі білімдерді жетік меңгеруі жатады. Мысалы, оқушыларға қандай да бір өсімдіктер туралы ақпарат бергенде алдымен оның морфологиялық құрамын сипаттаудан басталады (тамыры, сабағы, жапырағы, гүлі, жемісі немесе тұқымы). Яғни өсімдіктердің морфологиясы туралы білімдер олардың систематикасы, физиологиясы, эволюциясы мен экологиясын оқығанда база негіз болып саналады. Оқушылар жекелеп талдау арқылы өсімдіктердің сыртқы жəне ішкі құрылысын танып біледі, ал кейін сол білімдерінің негізінде олардың систематикалық орны, физиологиясы, эволюциясы мен экологиясын оқиды. Өсімдіктердің таралуына əсер ететін көптеген факторлардың, соның ішінде экологиялық факторлар (жарық, жылу, ылғалдылық т.б.) салдарын түсіндіруге болады, ал табиғаттағы өсімдіктердің алуан түрлігінің азаюы байқалса, оның себебін түсіндіру үшін түрлі бағыттағы зерттеу жұмыстарын ұйымдастырып, жан жақты талдау жасағанда ғана мүмкін болады.
Мерзімі: 18.03.2017 күні жүргізілген зерттеу жұмысы
3 Ойлау туралы жалпы ұғым және ойлау саласындағы дара айырмашылықтар
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауында XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз кажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз - делінген.
Ал мектеп бағдарламасы анықтайтын биологиялық білімін, іскерлік пен машықтың барлық жүйесін оқушылардың терең және саналы меңгеруін қамтамасыз ету; биологияны меңгеруге үйрету; оқушылардың нәрселер мен құбылыстардың арасындагы қатынастарды өздігінен орнату, іскерліктерін шыңдау, стандарт емес есептерді шығаруға, проблемалық ахуалдарға бағдарлануды үйрету; оқушылардың нақтылы шындықты математикалық әдістермен меңгеруіне көмектесу екенін ескерер болсақ, онда оқушыларды ойлауға үйрету маңызды мәселе.
Қазақстан Республикасы білім стандартында анықталғандай жаратылыстану пәндерін оқыту төмендегідей мақсаттармен анықталады:
Ақиқатты танудың нақты әдістері туралы оқушыларға
мағлұмат беру;
Логикалық ойлау қабілетін және кеңістікті елестете білуге қажетті элементтерді құрастыра білу;
Жалпылау, синтездеу, сұрыптау, салыстыру сияқты ойлана білуіне
қабілеттілігін қалыптастыру;
Мектептегі жаратылыстану пәндерінің негізгі мазмұны бойынша
ойлану-есептік білім мен іскерлігінің белгілі бір жүйесін оқушыларға
жеткізе білу;
Өмірде күнделікті кездесетін оңай мәселелерді шешу үшін және басқа да пәндерде қолдану мақсатында қажетті логикалық біліктілік пен дағдыларды оқушыларда қалыптастыру.
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті мен ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, іскерлігін арттыру, жалпылай алу, дедуктивті ойлау, логикалық икемділіктерін салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру жаратылыстану пәндерін оқытудың өн бойында жүзеге асыруға болатындай мүмкіндіктер өте көп.
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен кұбылыстарының байланыс - қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес.
Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бр түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір психологтардың (Л.Леви-Брюль т.б.) айтатынындай, мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Мысалы: атом бөлінбейді деген ұғым болса, қазіргі ғылым атом ядроларын сансыз бөліктерге бөліп отыр.
Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен карым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін - объективтік шындық. Адамға алдына мақсат койып, оны шешуге ұмтылдыратын оның қажеттері.
Ойлау - өзіндік қарама қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор. Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой-әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Ойлау - сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады. Затты не құбылысты тұспалдап айтатын жұмбақтардан, айтыс өнерінен ой процесінің небір көріністерін байқауға болады.
Адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа адам да қоюы мүмкін, өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетті тез аңғарады да, мәселе коя біледі, ой процесінің бағытын айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып есептеледі. Ойдың кейде шындықтан ауытқитын кездері де болады. Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып келеді. Қоғамдық тәжірибенің адам танымының тарихи дамуының барысында ғана бұлар біртіндеп, түзетіліп отырады. Түйсік пен қабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтсе де, ойлау құбылыстарының мәнін екі жақтан (теория меп тәжірибе) бірдей қарастырылып, тереңірек біліп отыратындыктан, қабылдау мен елестерге карағанда әлдеқайда жоғары түрады. Сөйтіп, ойлау сырткы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.
Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік шығармашылықтар бар. Мысалы, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерін, заңдылықтарын қарастырса, логика - бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл екеуі бірін-бірі толықтырып, ой мәдениетінің арта түсуіне көп пайдасын тигізеді.
Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесіндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау ми қабығының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші роль атқарады.
Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Ойлау -түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстың барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез -- бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі - бірінен-бірі ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу, анализ бен синтездің түрлі қиысуларын кажет етеді. Мысалы, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл - анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу, т.б. дағдылардьщ қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген. Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәжірибе т.б.) әр қилы көрініп отырады. Мысалы, бөбектің қағазды екіге бөлуі де, Эйнштейннің салыстырмалы теориясы да анализге жатады. Бірақ бірінен екіншісінің айырмашылығы жер мен көктей. Бөбектің кағазды екіге бөлуінде анализ практикалық амал ретінде көрінсе. Эйнштейннің салыстырмалы теориясында анализ теориялық ой тәсілі ретінде көрінеді.
Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері анықталады. Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсетумен қатар, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді. Мысалы, заттарды оның түсіне, түріне, кұрылысына, атқаратын қызметіне қарай салыстыруға болады.
Ойлау операциясының күрделі түрі - абстракциямен жалпылау. Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мысалы, квадрат, трапеция, паралеллограмм деген сөздерді төртбұрыш деген сөзбен белгілісек, соңғысы абстракция болады.
Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау - абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мысалы, жылқы деген жалпы ұғымды құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр, бие деп білетін болсак, мұндағы жылқының жеке түрлері нақтылауга мысал бола алады. Нақтылау абстракцияға қарағанда, ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді.
Жалпылау - дегеніміз бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білуі керек. Мысалы, алма, алмұрт, шабдалы, өрік т.б. ұқсас белгілері жиналып келіп, жеміс деген жалпы ұғымды береді. Жалпылау тәсілі бізге сыртқы дүние заттарының мәнді белгілерін ажырата алуға жәрдем береді, өйткені ең қарапайым корытынды жасалуы, ұғымдардың (пікірлердің, қорытындылардың) бастапкы және ен карапайым пайда болуы -дүниенің барған сайын неғұрлым терең объективтік байланысын адамның тануы деғен сөз.
Ойлау формалары. Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz