Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамуы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе
: 1
Кіріспе: Әдебиетке шолу
:
: 1. 1
Кіріспе: Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны
:
: 1. 2
Кіріспе: 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін айқындау мәселелері
:
: 1. 3
Кіріспе: Әлемдік оқу үрдісінің өзегінің бірі - жаңа технологиялар
:
: 1. 4
Кіріспе: Биология сабағында қазіргі биологияның негіздерін зерттеу
:
: 1. 5
Кіріспе: Педагогикалық зерттеу барысында тұлға қалыптастырудағы педагогикалық практиканың мәні
:
: 1. 6
Кіріспе: Жылдық мектепте жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлғатты тәрбие беру
:
: 1. 7
Кіріспе: Қазіргі заман талабына сай шығармашылық қабілеттің дамуына бағытталған білім
:
: 1. 8
Кіріспе: Жаңашылдықтың мәні және оның қажеттілігі
:
: 1. 9
Кіріспе:

Жаңа технологялар арқылы оқушыларды шығармашылыққа

баулу

:
: 1. 10
Кіріспе: 12 жылдық жалпы орта білім берудің басты мақсаты мен күтілетін нәтижелері
:
: 2
Кіріспе: Ғылыми - зерттеу бөлімі
:
: 2. 1
Кіріспе: 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу - әлемдік білім негізі
:
: 2. 2
Кіріспе: Білім беруді жаңарту -үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі зерттеу
:
: 2. 3
Кіріспе: 12 жылдық білім беру жағдайында жаңа тұрпатты биология маманын дайындау мәселелері
:
: 2. 3. 1
Кіріспе: Биологияны оқытуда оқушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыру
:
: 2. 3. 2
Кіріспе: 12 жылдық білім беруде биология сабағында кұзіреттіліктерді қалыптастыру
:
: 2. 3. 3
Кіріспе: Биология оқытуда оқушыларды сын тұрғыдан ойлауға үйрету
:
: 2. 4
Кіріспе: 12 жылдық білім беру де биологиялық білім беру мәселелері
:
: 2. 5
Кіріспе: Қазіргі даму кезеңі білім беру жүйедегі жаңашылдықты дамыту
:
:
Кіріспе: Қорытынды
:
:
Кіріспе: Пайдаланған әдебиеттер:
:

Анықтамалар

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны.

Портфолио дегеніміз - білім алушының білім саласындағы жетістіктерінің жинағы.

Жасуша - тірі организмнің тым ұсақ құрылымдық бірлігі.

Оқытушы - тәрбие үрдісінің мазмұнына және ұйымдастырылуына комплексті тұрғыда қарайтын, зерттеушілік ыңғайға бейім, теория мен практика іс - әрекетін біріктіре білетін, өмірлік құндылық қағидалары - адамгершілік, ізгілік еңбекқорлық, парасатты мінез - құлық қасиеттерді бойына сіңірген ұстаз.

Шығармашылық дегеніміз - бұл, тани білу, жаңа бір нәрсені анықтауға ұмтылу және өз тәжірибесін терең түйсіне білу қабілеті.

Тұлға - өз-өзіне тұтас дүниемен өзара қатынастарын үнемі баяндайтын және ойдағы әңгімелесушімен ішкі полемика барысында өзін-өзі анықтайтын, кіналайтын, қорғайтын, өзін-өзі жетілдіріп, өзгертетін адам.

Тұлға дегеніміз - қарым-қатынастың, сонымен бірге адамдармен байланысудың толып жатқан басқа да түрлерінің нәтижесі.

Электрондық оқулықтар - ғылыми негізде дайындалған педагогикалық ақпараттық өнім.

Білім беруді жаңарту -үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, бұл білім беруде кезең-кезеңімен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзету енгізіліп, талданатын өзгерістер.

Дамыта оқыту дегеніміз - ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы

Қысқартылған сөздер

т. б. - тағы басқа

ДНҚ

РНҚ

АКТ - Ақпараттық - коммуникациялық технологияны

Кіріспе

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Биология саласын оқытуда жаңа шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасау және ендіру.

Жұмыстың мақсаты: Еліміздегі жаңа білім беру реформасы 12 жылдық білім беруге көшу арқылы шығармашылықпен дамыған, жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа ұлттық үлгіні жасауды, «жалпыға арналған білімнен», «білім әркімге өмір бойы» үлгісіне көшуді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. Сондықтанда кәсіби деңгейі жоғары биология мамандығын дайындауға сапалы білім беру, оқытушының басты міндеті.

12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу-қоғамдағы елеулі өзгерістер мен адамдар арасындағы қарым-қатынас құралдарының қарыштап дамуына байланысты жаңа адамды қалыптастыруды көздеген заман талабы. Биологияны оқытуда әлемдік білім кеңістігіндегі озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны шынайы бәсеке арқылы меңгерген, адал бәсекеге қабілетті биология мамандарын дайындауды қамтамасыз ету.

12 жылдық білім беру жағдайында биология саласын оқытуда оқытудың басты мақсаты: биология ғылымын жетік меңгеріп жан-жақты зерттейге қабілетті, және қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілетті, өзін-өзі дамытуға, өз ойын еркін айта білуге, өз қалауымен қоғам талабына сай өзін көрсете білуге бейім, жоғары білімді шығармашыл дамыған кәсіби деңгейі жетік тұлғаны дайындау.

Жұмыстың міндеті: - Биологиялық білім беру мен ғылыми тәжірибе жүргізу аясында сапалы жұмыс жасауға қабілетті, білім беруді жалғастыруға және меңгерген әмбебеп және кәсіби біліктілігінің негізінде жаңашыл әрекет етуге дайын түлекті кәсіби деңгейде қалыптастыру;

-Білім беру саласын 12 жылдық жүйеге көшірудің басты негізі - жеке тұлғаның құзыреттілігін қалыптастыру жолдарын зерттеу;

-Оқу мен өмір жағдаяттарын шешу кезінде білім алушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны, сондай-ақ білім алудың сан-салалы тәсілдерін, тәжірибеге бағдарланған білім негіздерін зерттеу;

-Тәуелсіз Қазақстан Республикасында да жас ұрпақты әлемдік озық технологияны меңгертуге мүмкіндік беретін 12 жылдық білім беру жүйесіне көшірудің өзіндік ерекшелігі жан-жақты талдау және тәжірибе жүзінде іске асырылуын зерттеу.

12 жылдық мектептің басты ерекшелігі - оқушының жан-жақты дамуына, өз пікірі мен ойын ашық жеткізуіне, әр адамға табиғатынан берілген шығармашылық әлеуетін толық іске асыруына ықпал ететін, өзін-өзі танып, келешегін айқындауға саналы түрде дайын болуға, қоғамның экономикалық, мәдени, саяси, өміріне белсенді араласуға мүмкіндік беретін ұлттық мүдесі жоғары тұлға тәрбиелеу.

Зерттеу нысаны: М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің биология мамандығы бойынша оқитын студенттерінің зерттеушілік біліктіліктерін дамыту. Жоғары биологиялық білім берудің мақсаты жауапкершілігі жоғары, биологиялық білім беру мен ғылыми тәжірибе жүргізу аясында сапалы жұмыс жасауға қабілетті, білім беруді жалғастыруға және меңгерген әмбебеп және кәсіби біліктілігінің негізінде жаңашыл әрекет етуге дайын түлекті кәсіби деңгейде қалыптастыру.

Биолог мамандарды дайындауда жергілікті жерде өсетін өсімдік түрлеріне, жылыжайда өсірген өсімдік түрлеріне, ботаникалық бақта өсірілген өсімдіктерге фенологиялық бақылауға үйретудің маңызы зор. Себебі, фенологиялық бақылау биология саласы бойынша ғылыми зерттеу жүргізудің арнайы зерттеу әдістерінің бірі. Осы әдісті меңгеру олардың биология пәніне қызығушылығын арттырады, сонымен қатар, мектепте оқушыларды табиғи нысандарға бақылау жасауға үйретуде кәсіби әдістемелік дайындығын іске асырады.

Күтілетін нәтиже: Өзінің және қоғамның мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру. Жаңащыл биология мамандарын дайындау. Эксперименттердің барлық категорияларын қамтитын, педагогикалық тиімділігі мен әлеуметтік әсерін айқындау мақсатында мониторингтер жүргізіледі. Биология саласын оқытуда жаңа шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жинақ құрастырылды.

1 Әдебиетке шолу

  1. Әлемдік білім кеңістігіндегі оқытудың озық технологияларын қамтитын жаңа білім мазмұны

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» делінген. Осыған байланысты оқытудың басты мақсаты әрбір студенттің өз тәжірибесін, мүмкіндіктерін, шығармашылық әлеуетін жүзеге асыруына жан-жақты жағдай туғызу болып табылады.

Жоғары педагогикалық білім беруді дамыту болашағы іргелі және практикалық бағдарланған білімді біріктірумен тікелей байланысты. Жоғары педагогикалық мектепті реформалаудың маңызды ұстанымы іргелендіру - нарықтық еңбек жағдайында студентті кәсіби қызметке және өмірге теориялық және практикалық дайындаудың өзара байланысын арттыру. Студент тәжірибеде білімнің орнын және ролін ұғынып, оны жүзеге асыру жолдарын және құралдарын табуға және теорияны өз тәжірибесінде пайдалануға, теория мен практиканың өзара байланысын ұғынуға міндетті.

Бүгінгі күні әлемде жалпы білім берудің 12-жылдық мектепке арналған халықаралық стандарты қалыптасып отыр. Орта мектептегі 12-жылдық білім АҚШ, Канада, Жапония, Швеция, Францияда; Германия, Чехия, Италия, Швейцарияда - 13 жылдық ; Голландияда - 14 жылдық жүйе қабылданған.

12 жылдық білім берудің негізі адамның жеке тұлғалық қасиетін қалыптастыру болып табылады. [ ]

Адам тұлға болып тумайды, ол өмір сүру барысында тәрбие арқылы қалыптасады. Тұлғалық туралы адам өзін-өзі танып, өз өмірін өзі жасай бастағанда сөз ету керек. Білімді, шығармашыл, бәсекелік қабілеті мол тұлға тәрбиелеу негізінде Қазақстан Республикасында 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы жасалып отыр. 2020 жылға арналған орта жалпы білім беру орындарының құрылымы мен мазмұнын құруда республикалық эксперимент шеңберінде тәжірибелік-эксперменталды жұмыс жүргізілуде. Егер 2020 жылға бұл экспериментке 52 мектеп қатысса, олардың саны 104- ке жетті, ал ауылдық жерлерде олардың 45-і, қалалық 59 мектепті құрайды. Қазірдің өзінде 12-жылдық білім модельдерін байқаудан өткізу жөніндегі эксперименталды ұйымдар туралы оң деректер бар.

12 жылдық білім 3 сатыдан тұрады. Бірінші - бастауыш (1-4 сыныптар) сыныптардың педагогтары олардың оқуға деген ынтасын арттыруға көп көңіл бөледі, екінші - (5-10) сыныптар оқушылардың базалық білімін анықтап, қарым-қатынас мәдениетін, ғылыми әдістерді түсінуге баулу, ал үшінші - (11-12 сыныптар) болашақ мамандық таңдауды негізге алады. Бұлардан басқа да толықтыратын, өзгертетін проблемалар, 12 жылдық оқуға ауысудың басқа да әдістерін табу мәселелері толып жатыр. Осы іспеттес тапсырма дәл осы мақсатта арнайы құрылған Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «12-жылдық білім мәселелерінің Республикалық ғылыми-тәжірибелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның құзырына берілген. [ 3; 19 ]

ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бастап-ақ білім берудегі күтілетін нәтижелердің жетістіктерін бағалауды халықаралық критерий бойынша жүргізуге салыстырмалы зерттеулер жасап, оқушылардың білімділігінің үлгісі мен білім берудің құзыреттілігіне баса назар аударуды. [ ]

Тәуелсіз Қазақстан Республикасында да жас ұрпақты әлемдік озық технологияны меңгертуге мүмкіндік беретін 12 жылдық білім беру жүйесіне көшірудің өзіндік ерекшелігі жан-жақты талданып, тәжірибе жүзінде іске асырылу үстінде. [ ]

Білім беру жүйесі - сабақтастығы бар білім беру бағдарламалары мен әр түрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, оларды әртүрлі ұйымдастыру құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиыны. Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк - экономикалық дамуында жетекшi роль атқарады, сондай - ақ оны әрi қарай айқындай түседi. Ал бiлiмнiң қалыптасып, дамуының жалпы шарттары философияның негiзгi мәселесi - рухтың материяға, сананың болмысқа қатынасы тұрғысынан зерттелетiн iлiм таным теориясы деп аталады. Таным теориясының басқа ғылыми теориялардан түбiрлi айырмашылығы - ол бiлiмнiң қалыптасуы мен негiзделуiнiң жалпы ұстанымдарын, объективтiк қатынастарды қалыптастырады.

Орыс педагогі К. Д. Ушинский айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін - білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс - тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде. [ ]

1. 2 12 жылдық білім беру үрдісіне көшу қажеттігін айқындау мәселелері

Ғылыми - технология өркендеп, барынша қанат жайған қазіргі таңдағы білім беру саясатындағы басым бағыт - 12 жылдық білім жүйесіне көшу болып табылады. Білім берудің аталмыш үлгісі әлем елдерінің 80%-ында қолданылуда. 1992 жылғы Еуропа Кеңесі Декларациясының келісімімен әлемдік білім беру кеңістігінде орта білім берудің 12 жылдық жүйесі жүзеге асырылып, экономикалық ынтымақтастық пен әлемнің даму ұйымына мүше елдер Бұл орайда, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының міндеті - әлемдік стандартқа сай білім беру, ал олардан алынған дипломдар дүние жүзі мойындайтындай болуы қажет»[ 1, 53], - деп, болашақ мамандарды дайындауға қойылатын талапты ерекше атап көрсеткен. Ал болашақ мамандыққа баулу ісінің түп арнасы мектеп қабырғасындағы білім негізінен бастау алары сөзсіз.

Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың: «Білім мен ғылымды өз дәрежесінде меңгерген елдер ғана әлемдік дамудың алдында болады. Ендеше біз халыққа білім беру және ғылымды дамыту, оларды реформалау ісін қарқынды жолға қоюымыз керек»[2], - деген сөзін басшылыққа алған жөн.

Қазақстандағы орта білім беру саласын 12 жылдық білім беру жүйесіне көшіру саясаты жаңа мазмұнды тұжырымдамалық сипатымен ерекшеленеді. Жалпы білім беру жүйесіндегі 12 жылдық білім беру стандартының жалпы қағидалары мен ұстанымдары Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында нақтыланып, Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемелекеттік бағдарламасында тұжырымдалған.

Білімді ізгілендіру адамның тұлға ретінде жан-жақты дамуына, еркіндікке, бақытқа, өз қабілетін дамыту мен жұзеге асыру құқығына ие болуға мүмкіндік береді. Жаңа білім беру реформасының мәні мен маңызы азаматтардың қажеттіліктеріне бағдарланып, өз бетінше білім алу мен өмірлік ұстанымдарын тиімді құру, материалдық және моральдық жетістікке жету мүмкіндігін жүзеге асыруға негізделген. Қазіргі таңда жүзеге асырылуға бағытталып жатқан 12 жылдық білім берудің педагогикалық, психологиялық мақсаты мен міндетіне - жан-жақты дамыған, ой-өрісі кеңейген, ой түйіндей алатын жеке тұлғаны оқытып, тәрбиелеп шығару. Бұл мақсат пен міндетті жүзеге асыру жолында орындалатын басты жұмыс - білім мазмұны мен көлемін, әлемдік деңгейге көтеру, кәсіптік бағдар беру ісінде әр тұлғаның мүмкіндігі мен қабілет-қарымына қарай мамандыққа баулу, әр оқушының психологиялық, физиологиялық ерекшеліктерін зерттеп, білім мен тәрбие үдерісінде басшылыққа алып отыру, оқушының өзіндік ойлау, ойын еркін жеткізу мүмкіндіктерін кеңейтуді басты назарда ұстау.

Қазіргі ғылым мен техниканың қарыштап дамыған кезінде оқу-білімнің, соның ішінде болашағымыз - бүгінгі мектеп оқушысының білімі мен тәрбиесі маңызды мәселе. Еліміздің әлеуметтік экономикасының дамуына өзіндік үлес қоса алатын, өзіндік ой - пікірі бар, жан-жақты дамыған, білімді де білікті тұлғаны дайындап, тәрбиелеу - аса құрметті қоғамдық міндет. Себебі, ел тұтқасын жан - жақты білімді ұрпақ ұстанған шақта ғана өркениет алға дамымақ.

Жас ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу - әр ұстаздың, әрбір мектептің ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде.

Оқушыны айналаны өз бетімен танып білуге деген табиғи ұмтылысы негізінде құрылған оқытудағы зерттеу тәсілін пайдалану ерекше орын алады. Зерттеуге бағытталған оқытудың басты мақсаты - адамзат мәдениетінің кез - келген саласындағы іс - әрекеттің жаңа тәсілдерін оқушының өз бетімен, шығармашылықпен, меңгеру қабілеті мен дайындығын қалыптастыру.

Оқушыны оқытуда зерттеу тәсілін қолданудың қажеттілігі оқушы болмысының білмекке құмарлығымен, оның қоршаған дүниені зерделеуге деген қызығушылығымен түсіндіріледі. Оқушылардың өзіндік зерттеулері, олардың жеке қажеттіліктері сұраныстарын қанағаттандыруға септігін тигізеді. Сонымен қатар, өзіндік зерттеулер интеллектуалды және шығармашылық қабілеттерді, ойлау және зерттеу біліктерін дамытуға мүмкіндік береді. Өзіндік зерттеулердің көмегімен оқушылар дүниені тани келе, өздері үшін жаңа білімдерді дайын күйде алмай, өз бетімен ашады. Зерттеушілік жұмыс оқушылардың өз қызығушылығынан басталады.

12 жылдық білім беру технологияларының ерекшелік жағы ол жеке тұлғалық қасиеттерге бағдарланған оқыту, проблемалық бағытқа және шығармашылық сипатқа ие, оның басты бағдары - білім беру, жаңа дүниені ашу мен іздену арқылы білімді іс жүзінде қолдану; оқушының жалпы және арнайы қабілеттерін дамыту, білім біліктерді игеру мүмкіндіктерімен оларды қолдану жолдарын көрсетеді. Қазіргі кездегі оқушының интеллектісіне, дербес ойлауын дамытуға бағытталған, өз бетімен ізденуге даярлайтын жеке жұмыстар көптеп беруге болады. Оқушыларды мектепке дайындау, мектепке бейімделуін және оқытудың жетістігін қамтамасыз ететін маңызды құрамы психологиялық дайындық компоненттері болып табылады.

Оқушының жеке тұлғасының даму мәселесін шешу, оқытудың тиімділігін арттыру, оқушылардың мектепте оқуының дайындық деңгейін дұрыс ескере отырып, жұмыс жасау керек.

Интеллектуалдық дайындық - оқушының мектепке интеллектуалды дайындық компоненті оның ой - өрісін, нақты білім қорын қарастырады. Жалпы айтқанда, мектепте оқытуға интеллектуалды дайындықтың дамуы былай болады:

- Дифференциалдық қабылдау;

- Аналитикалық ойлау;

- Болымсызға рационалды жақындау (фантазия рөлі) ;

- Есте сақтау;

- Білімге қызығушылық;

- Ести отырып сөйлеу және түсіну, әр түрлі символдарды қолдана білуі;

- Қол қимылдарының, көру, қимыл кординацияларының дамуы.

12 жылдық білім беру жағдайында мұғалім биологияны оқытудың әр алуан компоненттеріне сүйене отырып, әрбір технологияны өздік жолда әдіс - тәсілдермен ерекшелендіріп, өз өмірлік және оқытушы тәжірибесін пайдаланып, оқушыларды бірлескен әрекеттерге тартудың әр алуан түрлі әдістерін, өз бойында бар мүмкіндіктерін жүзеге асыру. [4; 10]

Биология пәнінен білім беруде, білім алушыларды еліміздің тұтқасы етіп тәрбиелеу - әр оқытушының міндеті, әрбір оқу орнының ең қасиетті міндеті. Осы міндеттерді орындау мақсатында білім беру саласында да елеулі әрі ауқымды өзгерістер өрістеуде. Осы мақсатта мемлекетіміздің білім сапасын арттыратын түрлі құжаттар қабылданып, бағдарламалар енгізілуде.

12 жылдық жалпы орта білім берудің құрылымдық-мазмұндық моделі төмендегі ұстанымдар негізінде ұйымдастырылады: - жеке тұлғаның жас кезеңдерінің ескерілуі; - күтілетін нәтижелердің жетістіктеріне бағыттылығы; - оқытудың сабақтастығы; - әрбір оқыту сатысының даралығы; Жалпы 12 жылдық орта білімге көшу барысында мына мәселелерге аса көңіл аударылып отыр: 1. Білім беруге арналған оқулықтар мен оқу құралдарының оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі. 2. Мұғалімдердің білім беру барысында қолданатын әдіс - тәсілдерінің оқушылармен жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызу жағдайы. 3. Бірінші сынып оқушыларына білім берудің ойын әрекетіне негізделіп, біртіндеп оқу әрекетіне көшу талабының орындалуы, алты жасар оқушының ерекшеліктерін ескеру мүмкіндігі. 4. Оқушының ойы мен тілін дамытудың, олардың еркін сөйлеуін, пікір сайысына қатысу деңгейін байқау. 5. Берілетін білімнің өмірмен, ұлттық салт-дәстүрлермен, жергілікті өлкетану материалдарымен байланысын қамтамасыз ету мүмкіндігі. 6. Білім беру барысында мұғалімнің бақылау, тәжірибе әдістерін ұтымды жерінде қолдана білу шеберлігі. 7. Сабақ мерзімінің 30-35 минуттан аспауы. 8. Мұғалімнің оқу - әдістемелік кешендерді пайдалану және оған талдау жасау шеберлігі. 9. Мектеп басшылары мен қоғамдық ұйымдар тарапынан эксперименттік сыныптар мұғалімдеріне көмек беру деңгейі. 12 жылдық оқытуға көшу жалпы алғанда қазақстандық білім беруді реформалаудың стратегиялық мақсатын: білім берудің ойлы, шығармашыл тұлғаны қалыптастыруға бағдарланған жаңа ұлттық үлгісін дамытуға, «баршаға білім беру» үлгісінен» әрбір адамға өмір бойында білім беру» үлгісіне өтуге мүмкіндік береді және әлемдік білім беру кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді[ ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Білімге қызығушылық
12 жылдық оқытуда қарқынды дамып келе жатқан ортада өмір сүруге қабілеттерін ашу
12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖАЙЛЫ
12 жылдық білім беру мақсаты
ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІ
Әлемде жалпы білім берудің халықаралық стандарты қалыптасуы
Коммуникативті құзыреттілік
Алғаш баланы мектепке берерде оның биологиялық жасы мен мектепке психологиялық даярлығының көрсеткішін өлшеп шығару - бүгінгі күн талабы
Теориялық білімін тәжірибе жүзінде пайдалана алуы
Қазіргі әлеуметтік-мәдени жағдайлардағы білім берудің рөлі мен ерекшеліктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz