Ойлау туралы жалпы ұғым және ойлау саласындағы дара айырмашылықтар
1 Оқушылардың шығармашылық іс.әрекеті мен ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру
2 Ойлаудың физиологиялық негіздері
3 Ойлау формалары
4 Биология сабақтарында тірек.сызба пайдаланудың маңызы
5 В.Ф.Шаталовтың ойды дамытудағы тірек.сызбамен оқыту әдісі

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауында «XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз кажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз» - делінген.
Ал мектеп бағдарламасы анықтайтын биологиялық білімін, іскерлік пен машықтың барлық жүйесін оқушылардың терең және саналы меңгеруін қамтамасыз ету; биологияны меңгеруге үйрету; оқушылардың нәрселер мен құбылыстардың арасындагы қатынастарды өздігінен орнату, іскерліктерін шыңдау, стандарт емес есептерді шығаруға, проблемалық ахуалдарға бағдарлануды үйрету; оқушылардың нақтылы шындықты математикалық әдістермен меңгеруіне көмектесу екенін ескерер болсақ, онда оқушыларды ойлауға үйрету маңызды мәселе.

Ғылыми зерттеу жұмыстарының тапсырмалары
№
Тапсырма тақырыптары
Берілген мерзімі
1
Аналитикалық шолу
13.03.2017
2
Зерттеу әдістерімен танысу
15.03.17.
3
Ойлау туралы жалпы ұғым және ойлау саласындағы дара
айырмашылықтар
16.03.17.
4
Шаталовтың тірек-сызбамен оқыту әдісінің тиімділігі
23.03.17.
5
Биология сабақтарында тірек-сызба пайдаланудың маңызы
30.03.17.
6
Оқу мен сызу арқылы логикалық ойлауды дамытудың ерекшеліктерін анықтаудың сабақ жоспары
6.04.2017.
7
Зерттеу жұмыстары мен нәтижелерін қортындылау
10.04.2017.
8
Іс-тәжірибенің есебін дайындау
15.04.2017.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Халқына жолдауында XXI ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Біздің болашақтың жоғары технологиялық және ғылыми қамтымды өндірістері үшін кадрлар қорын жасақтауымыз кажет. Осы заманғы білім беру жүйесінсіз әрі алысты барлап, кең ауқымда ойлай білетін осы заманғы басқарушыларсыз біз инновациялық экономика құра алмаймыз - делінген.

Қазақстан Республикасы білім стандартында анықталғандай жаратылыстану пәндерін оқыту төмендегідей мақсаттармен анықталады:
Ақиқатты танудың нақты әдістері туралы оқушыларға
мағлұмат беру;
Логикалық ойлау қабілетін және кеңістікті елестете білуге қажетті элементтерді құрастыра білу;
Жалпылау, синтездеу, сұрыптау, салыстыру сияқты ойлана білуіне
қабілеттілігін қалыптастыру;
Мектептегі жаратылыстану пәндерінің негізгі мазмұны бойынша
ойлану-есептік білім мен іскерлігінің белгілі бір жүйесін оқушыларға
жеткізе білу;
Өмірде күнделікті кездесетін оңай мәселелерді шешу үшін және басқа да пәндерде қолдану мақсатында қажетті логикалық біліктілік пен дағдыларды оқушыларда қалыптастыру.
Оқушылардың шығармашылық іс-әрекеті мен ізденімпаздық дағдыларын қалыптастыру, жүйелі қорытынды жасай білу, іскерлігін арттыру, жалпылай алу, дедуктивті ойлау, логикалық икемділіктерін салыстыру, талдау, жинақтау, жүйеге келтіру жаратылыстану пәндерін оқытудың өн бойында жүзеге асыруға болатындай мүмкіндіктер өте көп.
Сыртқы дүниені толық тануға түйсік, қабылдау, елестер жеткіліксіз болады. Біз тікелей біле алмайтын заттар мен құбылыстарды тек ойлау арқылы ғана білеміз.
Ойлау дегеніміз сыртқы дүние заттары мен кұбылыстарының байланыс - қатынастарының миымызда жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі.
Ойлау қабылдау елестермен тығыз байланысты. Түйсік пен қабылдау танымның бірінші баспалдағы болғандықтан, олардан тыс ешбір ойлау болмайды. Ойлау сезім мүшелері арқылы алынған мәліметтерді өңдейді. Ойлау сезімдік мағлұматтардың негізінде ғана мүмкін болатын нәрсе. Елестерде жалпылағыш элементтер мол болғанмен, оның таным мүмкіндігі ойлаудан әлдеқайда төмен. Ойлаудың қамтитын шеңбері өте кең.
Адамның ойы әрқашанда сөз арқылы білдіріледі. Біреу екінші біреуге пікірін білдіргенде өзін естісін деп дауыстап сөйлейді. Ой толық сөз күйінде білдірілгенде ғана айқындалып, дәйектелініп, дәлелдене түседі. Ойлау мен сөйлеу бірдей нәрсе деп, бұлардың арасына теңдік белгісін қою дұрыс емес.
Ой сыртқы дүниені бейнелеудің ең жоғары формасы, сөз ойды басқа адамдарға жеткізетін құрал.
Бала тілі шықпай тұрған кезде де ойлай алады. Нәресте айналасындағы дүниені бірінші сигнал жүйесінің қызметі арқылы танып біледі. Ойлаудың бр түрі оның танымын онша кеңіте алмайды. Баланың тілі шығып, сөз арқылы үлкендермен қарым-қатынасқа түскенде ғана оның ойлау шеңбері кеңейетін болады.
Сөйлеумен тығыз байланысты жүріп отыратын ойлау процесі тек адам баласының психикасына ғана тән процесс болып табылады. Кейбір психологтардың (Л.Леви-Брюль т.б.) айтатынындай, мәдени дамудан артта қалған халықтардың ойлауы төмен, логикасы шорқақ дейтін теориялар ғылыми жағынан дәйексіз болып есептелінеді. Адам ойлауының эволюциялық даму жолы өте ұзақ. Ойлаудың ішкі мазмұны қоғам дамуымен бірге өзгеріп отырады. Қоғам ілгері дамып, оның ғылымы мен техникасы өскен сайын жаңа ұғымдар пайда болып қалыптасады, бұрынғылары ескіріп қатардан шығады. Мысалы: атом бөлінбейді деген ұғым болса, қазіргі ғылым атом ядроларын сансыз бөліктерге бөліп отыр.
Адам сыртқы дүние құбылыстарының сырын көбірек білген сайын оның ойлауы да жетіле түседі, қазір ойлаудың практикалық әрекетпен байланысқан сан-салалы түрлері пайда болды. Адам өз ойлауының ақиқаттығын, яғни шындығы мен құдіреттілігін, өмірге жарасымдылығын практика жүзінде дәлелдеуге тиіс. Ойлау заңдылықтары мен ережелері сансыз қайталаудың және тәжірибеде тексерілудің нәтижесінде адам санасында бекіп, зор шындыққа айналды.
Ойлау адамның сыртқы дүниемен карым-қатынас жасау процесінде туындап отырады. Адам ойлауының мазмұнын билейтін - объективтік шындық. Адамға алдына мақсат койып, оны шешуге ұмтылдыратын оның қажеттері.
Ойлау - өзіндік қарама қарсы қайшылықтарға толы процесс. Бұл оның дамуының және іске асуының қозғаушы күштері болып табылады. Ойлаудың пайда болуында жаңа, белгісіз нәрселерге зер салып, қызығудың да маңызы зор. Әлде де белгісіз, түсініксіз нәрсені білуге деген ынтызарлық, түрлі сұрақтарға жауап іздеп, ой-әрекетімен шұғылдануға адамды итермелейді. Ойлау - сұраққа жауап қайтарудан, мәселені шешуден, оның мән-мағынасына түсіне білуден жақсы байқалады. Затты не құбылысты тұспалдап айтатын жұмбақтардан, айтыс өнерінен ой процесінің небір көріністерін байқауға болады.
Адам әркез өзінің алдына мақсат, міндет қоя білуі қажет. Бұларды басқа адам да қоюы мүмкін, өмір тәжірибесі мен білімі жеткілікті кісі алда тұрған міндетті тез аңғарады да, мәселе коя біледі, ой процесінің бағытын айқындайды. Бұдан соң мәселені шешу, яғни ойдың негізгі кезеңі басталады. Бұл адам психологиясына ерекше әсер ететін өзекті, аса мәнді кезең болып есептеледі. Ойдың кейде шындықтан ауытқитын кездері де болады. Бұл адамды шындықтағы құбылыстар жөнінде қате көзқарасқа, теріс пікірлерге де алып келеді. Қоғамдық тәжірибенің адам танымының тарихи дамуының барысында ғана бұлар біртіндеп, түзетіліп отырады. Түйсік пен қабылдауға қарағанда ойлауда қателесуге мүмкіндік бар, әйтсе де, ойлау құбылыстарының мәнін екі жақтан (теория меп тәжірибе) бірдей қарастырылып, тереңірек біліп отыратындыктан, қабылдау мен елестерге карағанда әлдеқайда жоғары түрады. Сөйтіп, ойлау сырткы дүниені мида бейнелеудің ең жоғары формасы.
Ойлау аса күрделі психикалық процесс. Оны зерттеумен бірнеше ғылым айналысады. Бұлардың ішінде логика мен психологияның орны ерекше. Осы екі ғылымның ойды зерттеудегі әдіс-тәсілдерінде де өзіндік шығармашылықтар бар. Мысалы, психология түрлі жас мөлшеріндегі адам ойының пайда болу, даму, қалыптасу жолын, яғни жеке адамның ойлау ерекшеліктерін, заңдылықтарын қарастырса, логика - бүкіл адамзатқа ортақ ой әрекетінің заңдары мен формаларын айқындайды, адам ойының нақты нәтижесі болып табылатын ұғым, пікір, дәлел, ой формаларының табиғатын зерттейді. Кей жағдайда бұл екеуі бірін-бірі толықтырып, ой мәдениетінің арта түсуіне көп пайдасын тигізеді.
Ойлаудың физиологиялық негіздері И.П.Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесіндегі іліміне байланысты түсіндіріледі. Ойлау ми қабығының күрделі формадағы анализдік-синтездік қызметінің нәтижесі, екінші сигнал жүйесінің уақытша жүйке байланыстары жетекші роль атқарады.
Ойлау әрқашан анализ және синтез процестерінен басталады. Ойлау -түйсік пен қабылдаудағы анализ бен синтездің жаңа мазмұнға ие болған түрі. Анализ дегеніміз ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөлу. Синтезде ой арқылы заттың құбылыстың барлық элементтері біріктіріледі. Анализ бен синтез -- бірімен-бірі тығыз байланысты, бірінсіз-бірі болмайтын құбылыс. Бұл екеуі - бірінен-бірі ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі. Кез келген сұраққа жауап табу, қандай болмасын бір мәселені шеше алу, анализ бен синтездің түрлі қиысуларын кажет етеді. Мысалы, мылтықты жеке бөліктерге ажыратсақ, бұл - анализ (талдау) болады да, кейіннен осы бөліктерді белгілі тәртіппен құрастырсақ синтез (топтастыру) болады. Балаларда оқу, жазу, есептеу, т.б. дағдылардьщ қалыптасу жолы да осы анализ, синтез операцияларының принциптеріне негізделген. Адам ойлауына анализ бен синтездің дәрежесі түрлі жағдайларға байланысты (жас, білім, тәжірибе т.б.) әр қилы көрініп отырады. Мысалы, бөбектің қағазды екіге бөлуі де, Эйнштейннің салыстырмалы теориясы да анализге жатады. Бірақ бірінен екіншісінің айырмашылығы жер мен көктей. Бөбектің кағазды екіге бөлуінде анализ практикалық амал ретінде көрінсе. Эйнштейннің салыстырмалы теориясында анализ теориялық ой тәсілі ретінде көрінеді.
Анализ бен синтездің негізінде салыстыру деп аталатын ой операциясы пайда болады. Салыстыруда заттардың ұқсастық, айырмашылық қасиеттері анықталады. Бұл операция салыстыратын заттардың бір түрлі белгілерін көрсетумен қатар, басқа белгілеріндегі айырмашылықтарын да айырып көрсетеді. Мысалы, заттарды оның түсіне, түріне, кұрылысына, атқаратын қызметіне қарай салыстыруға болады.
Ойлау операциясының күрделі түрі - абстракциямен жалпылау. Шындықтағы заттар мен құбылыстарды жалпылау арқылы оның елеулі қасиеттерін басқа қасиеттерінен ойша бөліп алуды абстракция дейді. Мысалы, квадрат, трапеция, паралеллограмм деген сөздерді төртбұрыш деген сөзбен белгілісек, соңғысы абстракция болады.
Абстракцияға қарама-қарсы процесті нақтылау деп атайды. Нақтылау - абстракциялық ұғымды соған сәйкес келетін жеке ұғымдармен түсіндіру, яғни жеке заттар мен нәрселер туралы ой. Мысалы, жылқы деген жалпы ұғымды құлын, тай, құнан, дөнен, айғыр, бие деп білетін болсак, мұндағы жылқының жеке түрлері нақтылауга мысал бола алады. Нақтылау абстракцияға қарағанда, ұғымды көрнекі етіп түсіндіруге мүмкіндік береді.
Жалпылау - дегеніміз бір текті заттардың, құбылыстардың ортақ қасиеттерін оймен біріктіру. Жалпылау үшін заттардың ерекше маңызды белгілерін таба білуі керек. Мысалы, алма, алмұрт, шабдалы, өрік т.б. ұқсас белгілері жиналып келіп, жеміс деген жалпы ұғымды береді. Жалпылау тәсілі бізге сыртқы дүние заттарының мәнді белгілерін ажырата алуға жәрдем береді, өйткені ең қарапайым корытынды жасалуы, ұғымдардың (пікірлердің, қорытындылардың) бастапкы және ен карапайым пайда болуы -дүниенің барған сайын неғұрлым терең объективтік байланысын адамның тануы деғен сөз.
Ойлау формалары. Ойлау ой операцияларымен қоса ой формаларынан да тұрады. Ойдың бастапқы формасы болып ұғым есептеледі. Ұғым дегеніміз заттар мен құбылыстар туралы ой. Ұғымда заттардың жалпы және негізгі касиеттері бейнеленеді. (Мысалы, мұғалім, оқушы, мектеп т.б. әр текті ұғымдар). Ұғымдар арқылы адам танымының ұзақ процесінің нәтижесі қорытылады. Адамның ұғымдары қозғалмайды емес, қайта мәңгі қозғалып тұрады, бірі екіншісіне құйылып отырады, мұнысыз олар нағыз өмірді көрсетпейтін болады.
Ұғымдар дара және жалпы болып бөлінеді. Мысалы, Шымкент қаласы, Ғ.Мұратбаев дара ұғым болса, кітап, адам, жұлдыз т.б. жалпы ұғым болады. Бала мектепке келгесін ғылыми ұғымдарды меңгере бастайды, оның білім, дағдыларының түсуі ғылыми ұғымдардың негізін меңгере білуге қолайлы жағдай туғызады. Әрбір ұғымда белгілі мазмұн болғандықтан, ол ұғымды бірден меңгеру оңай емес. Бұл үшін ойлау тәсілін меңгере білу кажет. Баланың логикасын дамыту, ұғымдарын өсіру науқандық жұмыс емес. Ол әрбір сабақ үстінде мектептегі барлық тәлім-тәрбие процесінің барысында ұдайы жүргізілетін жұмыс. Мұнда оқушылардың жас ерекшелігі де қатты ескеріледі. Мысалы, биология сабағында флора, фауна сияқты ұғымдарды бірінен-бірі олардың өзіндік белгілеріне қарай түсіндіріп, ажыратқызса, оқушы ұғымының қалыптасуы ойдағыдай жүріп отырады. Кез келген ұғым - жалпылай алудың нәтижесі.
Оқушылар құбылыстардың сырттай ұқсастықтарына көбірек мән беретіндіктен, жалпылау көбінесе олардың сыртқы белгілеріне беріледі. Мысалы, оқушыларға күн, өсімдік, жануар ұғымдарын сіңдіргенде, күн жарқырайды немесе жылытады, өсімдік өседі, шөпті мал жейді, сиыр үй жануары, ол сүт береді, кұс ұшады, ұшпайдыт.б. деп келеді де аталған нәрселердің тек сыртқы белгілерін келтіріп, оның ішкі мәніне бармайды. Бала өзі көрмеген нәрселерді жалпылауға келгенде қиналады. Мысалы, төменгі сынып оқушылары китті көбінесе балық деп санайды. өйткені киттің суда жүзетіндігі, суда жүзетіндігі, сыртқы түрі балыққа ұқсас екендігі рас. Мұғалім киттің ауамен дем алатынын, балаларын сүтпен қоректендіретінш айтып түсіндіргенде де бала оны балықтың бір түріне жатады деп ойлайды.
2 Зерттеу әдістері мен нәтижелері
2.1 Биология сабақтарында тірек-сызба пайдаланудың маңызы
Оқушылардың ой қабілеттіліктерін арттыру мақсатында логикалық тапсырмалардың рөлі өте зор. Логикалық тапсырмалар оқушыларды белсенділікке тəрбиелеу, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру, сондай-ақ оқушыларды икемділікпен шеберлікке баулу мақсатында кең пайдаланылады. Логикалық тапсырмалар арқылы оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамыту төмендегі бағытта іске асырылады:
а) қызығушылығын арттыру;
ə) ойлау жəне қабылдау қабілетін дамыту;
б) шығармашылық ізденісін дамыту.
Биологияны оқытудың əрбір кезеңінде оқушылардың бағдарламалық материалды игеруі қабылдауға терең де берік білімдеріне, іс-əрекеттеріне жəне дағдыларына, сонымен бірге, биологияны оқытудағы қызығушылығын дамытуға да байланысты болады. Жоғары сынып оқушылары үшін осындай тапсырмалардың бірі - тақырып немесе тарауға арнап жасалынған тірек сызба конспектісі. Тірек конспектілері немесе тірек-сызба бұл арнайы принцип бойынша құрылған оқытудын көрнекі құралы, онда материалдың негізгі мазмұны, белгілері қысқартылып берілген және мнемониктік эффектіні көтерудің графиктік әдісі қолданылған (мнемониктік эффект - бір нәрсені ұмытып қалмас үшін қолданылатын әдіс.
Тірек белгілері - тірек конспектісінің қарапайым бөлігі, оқу материaлының мазмұны мен көлемі бойынша маңызды жерлерінің үзігі. Тірек белгілерін таңдап алу мен құрудың принципінде олар (белгілер) 20-дан аспауы керек. Әрбір тірек сигналы осы принциптердің жартысынан көбіне жауап беруі керек. Сондықтан тірек конспектілері кездейсоқ белгілермен кұралады деген ешқандай негізсіз.
- тірек сигналдары 20-дан аспауы қажет.
- әрбір тірек белгісі бір дидактикалық әдіске сәйкес болуы керек. Тірек конспектлерін құрудың негізгі принциптері мыналар:
- көрнекілік;
- ықшамдылық;
- бірліктердің (блоктардың) құрылымдылылығы, ассимметриалылығы;
- тірек белгілерінің көптүрлілігі;
- сурет сызықтарының және түрлі-түстілігінің жіктелуі;
- практикалық бағыттылығы;
-тірек конспектісі бойынша сөз түзілімінің көп нұсқaлылығы, өзгермелілігі;
- тірек белгілерінің жинақылығы (жұмылдырылғандығы);
- тиімділігі;
- есте сақталуы.
Тірек конспектлерін колдану негізінде жатқан маңызды әдістемелік ой- пікірлер екеу.
1. Тақта алдында жауап берген кезде оқушыға екі киындықты бірдей жеңуге тура келеді:
а) не жөнінде және қандай ретпен айту қажeттiгін анықтау;
б)жауап ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz