Тіршіліктану курсын оқыту барысында оқушыларға ғылыми көзқарасты қалыптастыру


Ф. 7. 04-08
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Тілес Роза Жұмаханқызы
Тіршіліктану курсын оқыту барысында оқушыларға ғылыми көзқарасты қалыптастыру
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Мамандығы 5В011300 -«Биология»
Шымкент, 2015ж.
Ф. 7. 04-09
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«Биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
а. ш. ғ. к., доцент
Қылышбаева Г. Б.
(ғыл. дәрежесі, атағы, Т. А. Ә)
«___»2015 ж.
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тіршіліктану курсын оқыту барысында оқушыларға ғылыми көзқарасты қалыптастыру
5В060700 мамандығы- «Биология»
Орындаған Тілес Р. Ж.
Ғылыми жетекшісі,
а. ш. ғ. к., доцент Мырзабаева Ж. К.
Шымкент, 2017
Ф. 7. 04-10
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
Дене тәрбиесі және спорт факультеті
«Биологияны оқытудың теориясы мен әдістемесі» кафедрасы
Мамандығы «Биология» 5В060700
«БЕКІТЕМІН»
«Биологияны оқытудың теориясы
мен әдістемесі» кафедрасының
меңгерушісі
Қылышбаева Г. Б.
«___»2015 ж.
д и п л о м д ы қ ж ұ м ы с т ы о р ы н д а у ғ а
Т А П С Ы Р М А №___
Студент Тилес Р. Ж. ФК-13-5К-1
(аты, жөні, тегі) (тобының)
Жұмыстың тақырыбы: Тіршіліктану курсын оқыту барысында оқушыларға ғылыми көзқарасты қалыптастыру
Университет бойынша бұйрығымен бекітілген
Жұмысты аяқтау мерзімі
Жұмысты орындауға берілген мәліметтер
Дипломдық жұмыста қарастырылатын сұрақтардың тізімі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫҢ
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБАСЫНЫҢ МАЗМҰНЫ
№
қ/с
Кеңесшінің
Т. А. Ә.,
Қолы
Ұсынылған негізгі әдебиеттер
Тапсырманың берілген күні 2015 ж.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі Ж. К. Мырзабаева
(қолы)
Тапсырманы орындауға алған студент Р. Ж. Тілес
(қолы)
Ф. 7. 04. -11
Дипломдық жұмысты орындаудың
КҮНТІЗБЕЛІК КЕСТЕСІ
Орын-
далуы
%
Орын-
алу мер
-зімі
Тапсыр-
ма
Беріл
-ген
күн
Кеңес-шінің
қолы
Негізгі бөлім
3. 1 Зерттеу әдістерімен зерттеулер
3. 2 зерттеу нәтижелері
30
35
Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі
Дипломдық жұмыстың ғылыми жетекшісі
( қолы, күні)
Студент
( қолы, күні)
Нормоконтроль
(аты, жөні, қолы, күні)
АННОТАЦИЯ
Бұл диплом жұмысында мектептегі оқу тәрбие жұмысының барысында тіршіліктану пәнінің «Кіріспе» тақырыбы бойынша оқушыларға биологиялық білім беру, ғылыми көзқарасты қалыптастыру, эволюциялық дамудың негізгі жолдарымен, бағыттарымен таныстыру, сонымен бірге қазіргі биологиялық ғылымдардың зерттеу әдістерін пайдалана отырып, органикалық тіршіліктің тарихи дамуын танып, білуге болатынына көз жеткізді.
Осы мақсатта төмендегі міндеттер қарастырылды:
1. Биология ғылымдарының дамуына және оның әртүрлі бағыттарына жалпы түсінік беру.
2. «Тіршіліктің қасиеттері мен заңдылықтары» тақырыбы бойынша сабақтарға бөлу, жоспарын түзу.
3. «Тіршілік дегеніміз не?», «Тіршіліктің көріністері», «Жер бетіндегі тіршілік тарихы мен негізгі белгілері мен кезеңдері», және «Органикалық дүниенің даму тарихы» тақырыптары бойынша ғылыми көзқарастарды қалыптастыру мақсатында алуан түрлі әдістер мен әдістемелерді оқыту барысында қолданудың және оның тәрбиелік, білімдік деңгейлерін ашу, өңдеулер мен нұсқаулар жасау.
Жалпы көлемі бет, кесте, сурет.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 ӘДЕБИ ДЕРЕКТЕРГЕ ШОЛУ
1. 1. Тіршіліктану пәніне арналған оқу бағдарламасының құрылым ерекшеліктері
1. 2 Тіршіліктану курсын оқыту барысында оқушыларға ғылыми көзқарасты қалыптастыру және тәрбиелеу мәселелері, мұғалімнің іс-әрекеті
1. 3 Тіршіліктің жер бетінде шығу тегі болжамдары мен теориялары туралы мәліметтер
ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІ
2. 1 Креоцианизм теориясы-тіршіліктің табиғаттан жоғары күштің әсерінен бір мезетте пайда болуы.
2. 2 Тіршіліктің өздігінен пайда болу теориясы.
2. 3 Тіршілік мәңгілік - «Тұрақты күй» теориясы.
2. 4 Панспермия теориясы.
2. 5 Биохимиялық эволюция теориясы.
III. Тіршіліктану пәнінен «Кіріспе» тақырыбын оқытуға арналған әдістемелер мен тәсілдер.
3. 1 «Кіріспе» тақырыбындағы оқушыларға қалыптастыратын ұғымдар және тақырыпты оқыту әдістері мен тәсілдеріне жалпы сипаттама.
3. 2 Күнтізбе жоспары.
3. 3 Тақырыпқа арналған екі сабақтың әдістемелері.
IV. Қорытынды.
V. Әдебиеттер.
НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1. Қазақстан Республикасында «Білім беруді дамытудың 2015-2020 жылға дейінгі» тұжырымдамасы.
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру жүйесі. Жоғары оқу орындарында диплом жұмыстарын( жобаны) орындау ережесі. Негізгі ережелер ҚР МЖМБС 5. 04. 020 - 2008
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»;
АНЫҚТАМАЛАР
БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
т. б. - тағы басқалар
% -пайыз
См -сантиметр
М - метр
Ккал - килокалорий
Г - грам
Мг - милиграм
кг/га - килограмм/ гектар
л/га - литр/ гектар
ФБР - Фотосинтетикалық белсенді радиация
к. э - концентраты эмульсия
Кіріспе
Тіршілік табиғаты, оның шығу тегі, тірі ағзалардың алуан түрлілігі, оларды байланыстарын құрылымдық және функционалдық жақындық әр уақытта биологияның өзекті проблемаларының тұғыры болған. Тіршіліктің пайда болуы, оның шығу тегі адамзатты ерте заманнан бастап-ақ толғандырған. Оған дәлел көне Грек ғалымдары мен философтарының еңбектеріндегі тіршіліктің пайда болуы туралы алуан түрлі ойлар мен тұжырымдамалар, болжамдар болып табылады. Мысалы, Аристотель, Қытай философтары, Үнді философтары осы мәселе бойынша бүткіл ғұмырында айналысқан.
Тіршіліктің даму тарихын оқып білуде әдетте доктринаға сүйенеді. Доктрина - саналы түрде, соқыр сеніммен бір ілімнің, қандайда бір болмасын сенімнің жолын ұстаушылық болып табылады. Мәселенің бабына бұл жолмен жету ғылымнан алшақ жатыр және ол ой - өріске қиянат жасау болып табылады.
Сондықтан жұмыстың барысында мектеп оқушыларына осы проблема бойынша білім қалыптастыруда тіршіліктің шығу теориясының көпшілікке танымал жорамалдары қарастырылып, сонымен бірге оқушылар тіршіліктің дамуы туралы алуан түрлі көзқарастар мен таныса алады.
Тіршіліктің пайда болу теориялары мен болжамдарының алуан түрлі нұсқалары қарастырылып семинар сабағында талқыға салынады. Түрлердің пайда болу жолдары туралы мәліметтер беріледі.
Теориялардың негізінде алған тұжырымдамалары тек ой жүзінде ғана қабылданады, себебі тіршіліктің пайда болу кезеңіндегі болған іс - әрекеттер мен оқиғаларды көрнекті түрде дәлелмен, суретін дәл күйінде беру мүмкін емес. Бұл жағдай ғылыми және теориялық болжамдардың құрылымына тән көрініс. Дегенменде эволюциялық теорияны - барлық ғылыми болжамдардың жиынтығы ретінде көп жұртшылық қабылдайды.
Кез келген педагогикалық технологияның философиялық және әдістемелік негізі болады. Қазіргі кездегі педагогикалы технологиялар негізінен гуманистік бағытта, қарым-қатынаста тепе-теңдік позициясы мен жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталады. 1994 жылы күшіне енген «Балалардың құқығы туралы конвенцияда» «Қазақстан Республикасындағы бала құқығы туралы» заңда көрсетілгендей, мемлекеттік және жас ұрпақтың білім алуына, әр азаматтың жалпы азаматтық өзіндік сана сезімі қалыптасқан белсенді қағам мүшесі болуына, оған қажетті сапаларды игеруіне, қазіргі заманғы технологияларды пайдалануға мүмкіндік туғызады. Бірақ кейбір педагогикалық оқыту технологиялары әдістемелік және білімдік сипатқа ғана бағытталады. Педагогикалық оқыту техноглогияларына талдау жасай отырып, бұлар да мына үш бөлімнің бар екенін байқауға болады: концептуальды, мазмұнды, процесуальды.
Қазіргі кезде педагогикалық оқыту технологиялары пайдалану қажеттілігінің жоғарылауына байланысты педагогикалық оқыту технологияларын қанағаттандыруға тиісті бірнеше талаптар анықталды.
Қазіргі заманғы педагогикалық оқыту технологияларының критерийлері толық және нақты анықталған. Бұларға технологияның концептуальдылығы, басқарушылығы, жүйелілігі, тиімділігі, пайдалануға қолайлығы жатады.
Педагогикалық технология концептуальдылығы-оқыту технологиясының белгілі бір философиялық ғылыми концепцияға негізделуі. Жүйелілігі-білім беру технологиясының жүелі, әр болімінің бір-бірімен тығыз байланыста болуы.
Басқарушылығы, басқару мүмкіндігінің болуы-оқыту технологиясы оқу процесін мақсатқа сәйекес жоспарлауға, оның әр кезеңде материалды қабылдау деңгейін анықтап, қажет болса, түзетулер енгізу мүмкіндігінің болуы.
Тиімділігі-оқыту технологиясының қазіргі нарықтық жағдай, бәсекелестік талабына сай, нәтижесінің белгілі бір білім стандарттарына сай жоғары болы.
Пайдалануға қолайлылығы-технолгия сәйекс тәжірибені қайта зерттеу нәтижесіндеоны пайдалану мүмкіндігінің жоғары болуы.
Оқыту технологяларының түрлерімен танысу, оған қойылатын талаптарды ескеру, оларды білім парадиагмаларына сәйекес келу, оқыту процесін технологияландыру, осы принциптерге сәекес оқу бағдарламаларын жасау. А. К. Ахметов/1/және басқалар жұмыстарында қарастырылады.
Қазіргі заманғы оқыту технологяларына келесі талаптар қойылады. Оқыту мақсатының нақты қойылуы мен оның ғылыми негізделуі мақсаттың уақыт талабына сай болуы; технологияның оқытушыға да, оқушыға да пайдалануға ыңғайлы болуы; технологялық құралдар мен дидактикалық материалдарды бірге пайдалану мүмкіндігінің болуы; оқу іс-әрекетінің нәтижесінің жоғары сапалы болуы; оқу материалын толы қабылдау мүмкіндігінің болуы; оқу процесінде қарым-қатынастың еркін болуы; үнемі жетілдіріп, толықтырылып отыру мүмкіндігінің болуы.
Осы заманғы кезкелген оқыту технологиясы оқу процесін ұйымдастыру кезеңінде технологияның бар мүмкіндіктерін үнемі шығармашылықпен пайдалану қажеттілігіне көңіл аударады.
Педагогикалық оқыту технологиясының түрлерін қарастырып көрелік . Қазіргі кездеоқыту процесін технологияландыру білім прагдимасының өзгеруіне байланысты біртұтас педагогикалық процеске өндіру қажеттілігі туындады.
Жан-жақты білімді, жеке тұлғаның қалыптасуы негізінен мектептік жылдарда жүретіндігі ғылымда дәлелденген. Бұл жылдарда мектеп жеке тұлғаның бойындағы сапалық қасиеттердің қалыптасып дамуына, ал кейде, керісінше, адам психологиясына кері әсер ете алатындығын естен шығармаған дұрыс. Көптеген жағдайда мектеп «үлгерім проценттері» жағдайына ғана көп көңіл аударып, оқушының даму, қалыптасу, тұлғалық сапаларына көңіл аударылмай келе жатқандығы жалпыға белгілі жағдай.
Мектептегі авторитарлық ұстаным оқушыға өзінің жеке қабілетін дамытуға мүмкіндік бермейді. Мектеп тек білім беруге ғана мән беріп, өсіп келе жатқан ұрпақтың тек тұлға ретінде моральдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға көңіл аудармайды. Көптеген мұғалімдер оқушыға оның жан-жақты қажеттілігінекөңіл аудармайды, оған тек өзі әсер етен объект ретінде қарайды. Жүргізілген зерттеулер нәтижесіне қарасақ, көптеген оқушылар мектептегі уақытты «қуанышты кезең» деп есептемейді. Мысалы: оқушылардың 36 пайызы демалыс уақытын қуанышты кезең деп есептемейді, 50 пайызы мейрамдарды күтеді, ал сабаққа қызығатындардың үлесінде небәрі 14 пайыз. Мұғалім ауырып қалып сабақ болмауы, балаларға қуанышты жағдай екендігі жасырын емес. Сондықтан да қазіргі мектептегі оқу процесі оқушы қажетін қанағаттандыратындай, оның сұранысына сай, оған керекті, оны болашақ өмірге дайындап, оң болу қажет. Осылай болғанда ғана мектеп оқушының қызығып қатынасатын қажетті орнына айналады. Қазіргі кездегі мұғалімнің ролі мыналарды қамтуы қажет: оқушы белсенділігін арттыруы, баға критерилерін тиімді анықтауы, интерактивті оқыту түрлерін енгізу, болашақ өмірге дайындауы.
Тақырыптың өзектілігі. Оқушыларға білім беруде мұғалімнің көздеген негізгі мақсаты, оқушылардың ғылыми көзқарасын қалыптастыру. Сонымен бірге оқушылардың логикалық ойлауын дамыту, өз беттерінше тіршіліктің пайда болуы туралы көзқарасты таңдай білуге үйрету. Жұмыстың екінші бөлімінде, тірі ағзалардың пайда болуымен алуан түрлілігін, бір-бірімен тығыз байланыстағы құбылыстар арқылы ғылыми тұрғыда сипаттайтын тұрғыда берілген.
Осылай бола тұра тіршіліктің пайда болу көрінісін дәл мағынасындағы ақиқат деуге де болмайды, басқа да проблемаларды шешуде кездесетін күрделі жағдайлар сияқты бұл мәселені, жаратылыс ғылымдарына немесе метафизикаға жататыны дәл мағынасында анықталмаған.
Тиімділігі-оқыту технологиясының қазіргі нарықтық жағдай, бәсекелестік талабына сай, нәтижесінің белгілі бір білім стандарттарына сай жоғары болы.
Пайдалануға қолайлылығы-технолгия сәйекс тәжірибені қайта зерттеу нәтижесіндеоны пайдалану мүмкіндігінің жоғары болуы.
Тіршіліктің дамуына, оның көріністеріне қабылдауға болатын болжамдар нәтижесінде мейлінше көптеген дәлелдемелер келтіріп нақты гипотезалық сипат берілді. Жалпы жұмыстың барысында қозғалған мәселелер бүгінгі күн талабына сай, адамзаттың көзқарасына сай берілген. Ал көзқарастардың алуан түрлілігі әрбір адамның білім деңгейіне рухани жан дүниесіне байланысты қарастырылады.
Жұмыстың мақсаты:
Мектептегі оқу тәрбие жұмысының барысында тіршіліктану пәнінің «Кіріспе» тақырыбы бойынша оқушыларға биологиялық білім беру, ғылыми көзқарасты қалыптастыру, эволюциялық дамудың негізгі жолдарымен, бағыттарымен таныстыру, сонымен бірге қазіргі биологиялық ғылымдардың зерттеу әдістерін пайдалана отырып, органикалық тіршіліктің тарихи дамуын танып, білуге болатынына көз жеткізу.
Жұмыстың міндеттері:
1. Биология ғылымдарының дамуына және оның әртүрлі бағыттарына жалпы түсінік беру.
2. «Тіршіліктің қасиеттері мен заңдылықтары» тақырыбы бойынша сабақтарға бөлу, жоспарын түзу.
3. «Тіршілік дегеніміз не?», «Тіршіліктің көріністері», «Жер бетіндегі тіршілік тарихы мен негізгі белгілері мен кезеңдері», және «Органикалық дүниенің даму тарихы» тақырыптары бойынша ғылыми көзқарастарды қалыптастыру мақсатында алуан түрлі әдістер мен әдістемелерді оқыту барысында қолданудың және оның тәрбиелік, білімдік деңгейлерін ашу, өңдеулер мен нұсқаулар жасау.
Зерттеу объектісі:
Мектептегі педагогикалық іс-тәжірибе барысында оқушыларға аталған тақырыптар бойынша биологиялық білім мен ғылыми көзқарасты қалыптастырудың әдістері мен тәсілдерін іс жүзінде қолдану және оның тәрбиелік білімдік, дамутышылық деңгейін анықтау.
Жұмыстың жаңашылдығы:
1. Бағдарламада осы тақырып бойынша берілген 1 сағатқа үнемделген сағат санынан бір сағат қосып, тақырып 2 сағатқа бөлінді.
2. Тақырыптар бойынша екі сабақтың методикалық өңдеулерінің жаңаша формаларының нұсқасы жасалынды.
1 ӘДЕБИ ДЕРЕКТЕРГЕ ШОЛУ
1. 1. Тіршіліктану пәніне арналған оқу бағдарламасының құрылым ерекшеліктері
Қазіргі заманда орта мектептің мұғалімдеріне өзінің әрекетінде бағдарлама және әдебиет таңдауына мүмкіндік беріледі. Мектеп биология курсының әр бөлімінде бірнеше альтернативті бағдарламалар жасалған. Сонымен қатар тәжірибелі мұғалімге өзінің жеке оқушыларға арналған оқу бағдарламасын қолдануына мүмкіндік береді. Осыдан жауабын тез табылуын қажет ететін сұрақтар туады.
1. Қазіргі заман биология пәніне арналған оқу бағдарламасы қандай болуы қажет?
2. Оқу бағдарламасын дұрыс жасауға және педагогикалық тұрғыдан биология пәнінің мұғалімі дайын ба?
Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
Оқу бағдарламасы - бұл ең бірінші қазіргі заман білім есебіне және мақсатқа жету үшін бағытталған оқушылар мен мұғалімдер арасындағы бірігу әрекеті. Оқушылар мен мұғалімдер үшін оқу құралының қымбаттылығы ондағы берілген материал, мектеп бағдарламасына сай оңай түрде айтылады және күрделі жалпыбиологиялық заңдылықтар оңай есте сақталады және түсінікті етіп беріледі. Оқу материалы жақсы жүйеленіп берілген. Осы құралда берілген сөздік-логикалық схемаларды, салыстырмалы жалпылама таблицаларды мұғалім биология сабағында қолдана отырып үлкен табыстарға жетуі көзделген. Бұлай материалды жүйелеу келесі нәтижелерге мүмкіндік береді:
- Оқушылардың жақсы меңгеруі үшін мәтіннен негізгі атаулармен түсініктерді бөліп алуға;
- Негізгі оқу құралын қысқа түрде, дәптерге жазып алуға оңай және есте сақтау үшін ұсынылады;
- Оқу материалының фрагменттері логикалық байланысын анықтап нақты қалыптастыратын білім блогының құрылымындағы орнын анықтау.
Құралда берілген схемаларды мұғалім сабақ өту барысында тақтаға сызуына болады. Құралдың мәтіні педагогқа бұл схемаларды сауатты және мазмұнды етіп түсіндіруіне, ал оқушыларға берілген материалдың қисынын жақсы түсінуге мүмкіндік береді. Тақырыптың соңындағы жинақтап қорытындылау сабағын сабақтың үстінде немесе бос сағатта өтуге болады. Қорытындылау сабағы оқушылардың осы тақырыпта алған жалпы білімдерін тексеруге тиімді. Оның ішінде міндетті түрде мақсаттары, есептері, оқу әрекетінің мотивтері, оның мазмұнды аспектісі, процесті аспекті, оқу процесінің қорытындылары және олардың сұраныстары қажет. Осы оймен келісе отырып биология оқу бағдарламасы тақырыптар және түсініктер тізбегі бола алмайды. Бағдарламада процесуалдық жағын көрсету керек, себебі бір тақырыптың материалы оқушылаға әртүрлі болып үйретілуі мүмкін, бірыңғайлы немесе әртүрлі оқу әрекетін, практикалық немесе теориялық жоспар түрінде, көрнекі құралдарды пайдалану арқылы.
Оқу қорытындылары бұл жағдайда әр түрлі болуы түсінікті. Сонымен қатар әр нақты тақырыпты оқу базалық немесе тереңдетіліп оқыту саласында бағдарламада көрсетілгендей өз тәсілі болады. Әйтпесе, берілген тақырыптың құралдарын, әдістерін дұрыс анықтауға, педагогикалық технологияны таңдап алуға, сабақтың логикалық жүйесін құруға мүмкіндік болмайды. Бағдарламада берілген түсініктеме хатында қысқа түрде негізгі дидактикалық, психологиялық және әдістемелік ойлары нақты оқу бағдарламасының бөлігі болуы керек.
Қазіргі заман мұғалімдерден қалыптасқан стереотиптерден бас тартып, творчествалық ізденіспен батыл қадамдар жасап жаңа әдістер мен технологияларды пайдалану керек. Күнделікті өтіп жүрген сабағымыздың структурасын қарастырып көрелікші.
Сіз оқушыға сабақ тақырыбын, оның мақсатын толық жеткізіңіз, оқушы оны дәптеріне жазады, одан соң сіз 20-25 минут бойы жаңа тақырыпты түсіндіріңіз, жаңа сабақты пысықтаңыз, үй тапсырмасын 3-4 оқушыдан сұрадыңыз, оларды бағалаңыз. Келесі сабақта сіз жарты сағат бойы түсіндірген тақырыпты бірнеше оқушы ғана меңгерген болады, ал оқушылардың негізгі бөлігі үй тапсырмасын орындамаған, орындаса да жете түсінбейтін болып шығады. Себебі неде? Себебі сабақта сіз ғана жұмыс істедіңіз, оқушы тек тыңдаушы болды, ал егер адам бес минуттан артық зейін қойып тыңдай алмайтынын ескерсек, оқушы сіздің түсіндіргеніңіздің басын ғана меңгереді. Сондықтан егер білім сапасын көтергіміз келсе оқушыны сабақ үстінде белсенді ойлауға, жұмыс жасауға мүмкіншілік жасауымыз керек. Жаңа технологиялар балаға белсенді түрде білім алуға жағдай жасайды, сабақ процесінде ол тыңдаушы емес, оқушы, еңбек етуші, өз пікірін ашық айтушы. Бір сабақтың үстінде ол жаңа тақырыпты меңгеріп, тиісті бағасын алып, үйде ол сол сабақта алған білімін өз бетінше тереңдетіп, ізденуі керек. келесі сабақта өткен тақырыпты тек еске түсіріп, жаңа тақырыппен байланыстырады. Яғни оқушы үйдеемес негізгі жұмыстың бәрін мектепте атқарады. Сіз оны келесі сабақта еркін жауап беруіне жағдай жасадыңыз.
Бірнеше жылдан бері «Жаңа технологияларды пайдалану арқылы әр оқушының бойындағы икемділіктер мен дарындылық қабілеттерін ашу, проблемалық ситуациялар арқылы ойлау қабілетін дамыту»аттыпедагогикалық тақырыппен жұмыс істеп келемін. Жаңа әдістер сабақ үстінде оқушылардың икемділігін анықтауға, дарынды балаларды ғылыми-зерттеу жұмыстарына баулуға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz