Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі



1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау 3
2. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері ұлттық идеология 4
Қорытынды 6
Пайдаланған әдебиеттер 7
КСРО-ның ыдырау барысын тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жөнінде Конституциялық Заң қабылдауы улкен айтыс-тартыстың арқауы болды. Сөз жоқ, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігі жөніндегі Заң көптеген қарсылықтарға ұшырар еді, 1991 жылдың соңғы 4 айының ішіндегі саяси процестер тығырықтан шығудың табиғи жолына бастап әкелді: Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. «Мұндай заңды көп ұлтты Қазақстан халқы көптен күткен еді, - деп мәлімдеді республиканың халық депутаты С.Сартаев, - егер де оны біздің халқымыздың көптеген ұрпақтары жақындата түсті десем, ақиқатқа қарсы айтқан болмас едім. Тәуелсіздік үшін күрес үздіксіз дерлік жүргізіліп келді».
1. Қазақстан тарихы. 5 томдық. 1-5-томдар. –Алматы., 1996, 1997, 2000, 2010.
2. Қазақстан тарихы: Лекциялар курсы. / Ред. басқ. т.ғ.д., проф. Қ.С. Қаражан. – Алматы: Нұрпресс, 2011. – 376 б.
3. Қазақстанның қазіргі заман тарихы. Хрестоматия. (1917-1939). 1т. Ред. басқарған Қ. С. Қаражан. Алматы, 2007.
4. Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. Алматы: Атамұра, 1999
5. Кан Г.В. История Казахстана: Учебное пособие для вузов. – Алматы, 2005.
6. Қазақстан (Қазақ елі) тарихы. – 4 кітаптан тұратын оқулық. Алматы, Қазақ университеті, 2016.
7. Ұлы Дала тарихы: учебное пособие/Кан Г.В., Тугжанов Е.Л. – Астана: Zhasyl Orda, 2015. – 328 стр.
8. Аяған Б.Ғ., Әбжанов Х.М., Махат Д.А. Қазіргі Қазақстан тарихы. – Алматы, 2010.
9. Қазіргі Қазақстан тарихы: Хрестоматия /Б.Ғ.Аяғанның ред. – Алматы, 2010.
10. Қазақстан тарихы: Оқу құралы. / Ред. басқ. проф. Б.С. Сайлан. – Алматы: ҚазМемҚызПУ, 2012. – 452-б.
11. Артыкбаев Ж.О.; Раздыков С.З. История Казахастана: Учебник. – Астана: Фолиант, 2007. – 344 с.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау 3
2. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері ұлттық идеология 4
Қорытынды 6
Пайдаланған әдебиеттер 7

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігін жариялау
КСРО-ның ыдырау барысын тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының тәуелсіздік жөнінде Конституциялық Заң қабылдауы улкен айтыс-тартыстың арқауы болды. Сөз жоқ, осыдан бір жыл бұрын Қазақстанның тәуелсіздігі жөніндегі Заң көптеген қарсылықтарға ұшырар еді, 1991 жылдың соңғы 4 айының ішіндегі саяси процестер тығырықтан шығудың табиғи жолына бастап әкелді: Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Мұндай заңды көп ұлтты Қазақстан халқы көптен күткен еді, - деп мәлімдеді республиканың халық депутаты С.Сартаев, - егер де оны біздің халқымыздың көптеген ұрпақтары жақындата түсті десем, ақиқатқа қарсы айтқан болмас едім. Тәуелсіздік үшін күрес үздіксіз дерлік жүргізіліп келді.
Қабылданған құжаттың 1-бабында Қазақстан Республикасы тәуелсіз, демократиялық, унитарлық және құқықтық мемлекет деп анықтама берілген. Ол өз аумағында барлық өкімет билігін толық жүзеге асырады, ішкі және сыртқы саясатын дербес жүргізеді, басқа мемлекеттермен өзара қарым-қатынасын халықаралық құқық қағидалары негізінде құрады. Қазақстан аумағы біртұтас, бөлінбейтін және қол сұғылмайтын болып табылды.
Заңның 2-бабында республика азаматтары ұлтына, діни сеніміне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстығына, шыққан тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, кәсібіне, тұрған жеріне қарамастан барлық құқықтар мен міндеттерді, бостандықтарды пайдалана алатыны атап көрсетілді. Егемендіктің бірден-бір иесі және мемлекеттіліктің қайнар көзі республика азаматтары болып табылады. Республика аумағынан кетуге мәжбүр болған және басқа мемлекеттерде тұратын қазақтарға өздері азаматтары болған мемлекеттің заңдарына қайшы келмесе, Қазақстан Республикасының азаматтығын да қоса алу құқығы берілді. Республика аумағынан жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру, басқа да адамгершілікке қайшы акциялар барысында қашып шыққандар мен олардың ұрпақтарының елге оралуына қолайлы жағдайлар жасалды.
Мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі қазақ ұлты және Қазақстанда тұратын басқа ұлттар мен ұлт өкілдері мәдениетінің қайта өрлеуі мен дамуына қамқорлық жасау болып табылады. 3-бапта Қазақстан Республикасы Мемлекеттік өкімет органдарының құрылымы анықталды. Қазақстан Республикасының және оның атқарушы өкіметінің басшысы - Президент болып табылады. Республика мемлекеттік тәуелсіздігінің экономикалық негіздері анықталған 4-баптa республиканың тәуелсіз мемлекет мәртебесіне сәйкес келетін және меншіктің барлық түрлерінің көпқырлылығы мен теңдігіне негізделген дербес экономикалық жүйесінің болатыны атап көрсетілді. Жер мен оның қойнауы, су, әуе кеңістігі, өсімдіктер және жануарлар дүниесі, басқа да табиғи байланыстар, ғылыми-техникалық және экономикалык мүмкіндіктер Қазақстан Республикасының меншігіне жатады.

2. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері ұлттық идеология
Қазақстан тәуелсіздік алғаннан бері ұлттық идеология жөнінде көп айтылып, көп жазылып жүр. Бірақта күні бүгінге дейін, ол қандай идеология болуы керек және алға қандай мақсаттар қойып, оны қалай іске асыруға болатыны жөнінде нақты жүйеленген бағдарлама әлі жасалынған жоқ. Біздің егеменді ел болғанымызға мүшел жас толды. Енді балалық аурудан айығып, алдымызға үлкен мақсат қойып, соған қалай жетудің жолын іздестіретін уақыт келді. Ол үшін бізді адастырмай, сол мақсатқа тура апаратын компас сияқты идеологиялық бағдарламамыз болуға тиіс. Қоғам да тірі организм. Егерде байыпты ойлап қарасақ, қоғамның құрылымы адамның дене құрылысына өте ұқсайды. Адамның организмі тіршілік жасауы үшін дененің әрбір мүшесі бір - бірімен тығыз байланыста болып және әрқайсысы өзінің жеке функциясын атқарып отыратын болса, қоғам да сол сияқты, оның әрбір саласы бір - бірімен тығыз байланыста болып және әрқайсысы өзінің тиісті міндетін атқаруы керек.
Саясат - қоғамдағы билікті басқарудың әдіс - тәсілдерін іске асырудың құралы болса, имандылық - сол қоғамдағы өмір сүретін адамдардың рухани қасиетін тәрбиелеудің дұрыс жолы, ал экономика болса, қоғамдағы әлеуметтік өмір тіршілігінің басты тірегі. Олай болса, осы үш сала ұлттық идеологиямыздың негізгі арқауы болуға тиіс. Сондықтан, қоғамымыз дұрыс дамуы үшін, оның әуелі идеясы, осы идеяның дұрыс - бұрыстығын тексеретін оның ғылыми теориясы, сонымен қатар, оны іске асырудың тәсілдерін көрсететін стратегиясы мен тактикасы болуға тиіс. Осы айтылғандардың бәрін қосқанда ол біздің ұлттық идеологиямыз болып шығады. Біздің санамыздағы ұлттық рух - негізінен дінімізден, тілімізден, салт - дәстүрімізден нәр алып, нығайып, дамып отырады. Сол себепті ұлттық рухымызды байытқымыз келсе - дінімізді сақтап, тілімізді жетілдіріп, салт -- дәстүрімізді өркендетуге тиіспіз. Бүгінгі күнгі қоғамымыздағы шындап қолға алынбай, ақсап жатқан басты проблема осы болып отыр. Рухани тәуелсіздігіміз берік болмаса, саяси, экономикалық тәуелсіздігіміз де баянды болмақ емес. Себебі, адамдардың санасы төмен болса, ұлттық рухани құндылықтарымызды дұрыс бағаламаса, олардың патриоттық сезімі де әлсіз болады. Патриоттық сезім болмаған жерде отанына деген сүйіспеншілік, халқына деген жанашырлық, мәдениетіне деген қамқорлық болмайды. Біздің қазіргі қоғамымызда жүріп жатқан процестер осының айқын айғағы. Бізге ұлттық идеология керек дегенде Қазақстанда тұратын халықтарды руға, жүзге, нәсілге, дінге, тапқа бөлетін идеология емес, қайта олардың басын біріктіріп, адамзат баласына ортақ құндылықтарды насихаттайтын идеология қажет. Яғни, ұлттық идеология қоғамдағы әлеуметтік топтардың идеяларынан жоғары тұруға тиіс.
Дүние жүзінде құрылған 200-дей мемлекеттердің басым бөлігі ұлттық сипаттағы мемлекеттер. Әрбір мемлекеттің өзегі болып саналатын басты ұлт сол мемлекеттің мүддесін қорғайды, ол ұлт Қазақстан бойынша қазақ ұлты болып табылады. Бізде ұлттық идеологияны кейбіреулер Бұл тек қазақ ұлтының идеологиясы, ал Қазақстан болса көп ұлтты мемлекет, сонда, басқа ұлттардың мүддесін кім қорғауы керек деп жаңсақ түсінеді. Шын мәнісінде Қазақстан көп ұлтты мемлекет емес, бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Судьяның тәуелсіздігі және оның тек қана заңға бағынуы
Сот билігі және әділ сот
Сот жүйесіндегі судьяның тәуелсіздігі және оның маңызы
Қазақстан Республикасындағы сот билігі. Судьяның тәуелсіздігі
Судьяның тәуелсіздігі қағидатының сот билігінің басқа қағидаттарымен ара қатынасын айқындау
Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі
Сот жүйесіндегі судьяның тәуелсіздігі
Азаматтық қоғам институттарын дамытудың кұқықтық негіздері
Шет мемлекеттерде сот билігін ұйымдастырудың жалпы сипаттамасы
Егемендігі туралы декларация
Пәндер