Қазақстандағы қазiргi кезеңдегi атмосфералық ауаның ластану мәселесі


ЖОСПАР

Кіріспе3

1. Қазақстандағы қазiргi кезеңдегi атмосфералық ауаның ластану мәселесі. Ластайтын заттардың шекарааралық тасымалдаулары. 4

2. Парниктік газдардың шығарындылары5

Қорытынды8

Пайдаланған әдебиеттер9


Кіріспе

Үлкен қашықтықтарда ауаны трансшекаралық ластау туралы БҰҰ ЕЭК конвенциясы ластайтын заттардың шығарындыларын алдын-алу, бақылау, қысқарту бойынша іс-шаралар қабылдауды және олар туралы ақпаратпен алмасуды талап етеді. Конвенцияда және оған қатысты сегіз хаттамасында ластайтын заттардың шығарындыларын қысқартудың мақсатты көрсеткіштері анықталған, ластау көздері үшін жол берілетін шығарындылардың қатаң нормативтері белгіленді, ластанудың деңгейін қысқарту бойынша нақты іс-шаралар ұсынылды және ластайтын заттардың шығарындылары туралы деректерді ұсынуға қатысты нормалар әзірленді.

Тотығумен, эвтрофикациямен және жерге жақын озонмен күресу туралы Гётеборг хаттамасында SO х , NO х , NH 3 және НМЛОС шығарындыларын қысқарту бойынша мақсатты көрсеткіштер анықталды.

Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі, шешімдерді қабылдау үдерісінде қоғамның қатысуы және әділеттілікке қол жеткізу мүмкіндігі туралы Конвенцияға қатысты Шығарындылар тіркелімдерін және ластауыштарды тасымалдау (ШТЛТ) туралы хаттамасы атмосфераға шығарындыларды шығару туралы деректерді жинау мен ұсынуды талап етеді.

Тұрақты органикалық ластауыштар туралы Стокгольмдік конвенцияда тиісті шекті мәндер және жаһандық деңгейде есептілікті ұсыну талаптары анықталды.

2003 жылы «Европаның қоршаған ортасы» Министрлердің Киевтегі конференциясымен бекітілген ШЕКОА елдерінің экологиялық стратегиясы атмосфераға ластайтын заттардың шығарындыларын қысқартуға септігін тигізетін заңнамалық, нормативтік, экономикалық, қаржылық, техникалық және т. б. іс-шараларды енгізуді ескереді.

Көрсеткішті қалыптастыру бойынша ұсыныстар

Атмосфераға ластайтын заттардың шығарындыларының жалпы көлемі стационарлы және жылжымалы ластау көздерінен төгінділердің сомасы ретінде анықталады.

Шығарындылардың стационарлы көздері үшін күкірт диоксиді (SO 2 ), азот оксиді NO x (диоксид азотына қайта есптегенде), аммиак (NH 3 ), қатты бөлшектер (ҚБ 10 , ҚБ 2, 5 және қатты бөлшектердің (ҚБ) сомасы), көміртегі оксиді (СО), буға айналатын метанды емес органикалық қосылыстар (БМОҚ), тұрақты органикалық қосылыстар (ТОҚ, полихлорбифенилдерді қоса (ПХБ), диоксиндер/фурандар және полициклді хош иісті көмірсутектер (ПХК) ) және ауыр металдар (ең алдымен кадмий (Сd), қорғасын (Pb), және сынап (Hg) ), сондай-ақ спецификалық ластайтын заттар (хлор, фенол, бензол және оның қосылыстары) шығарындылары бойынша деректерді қадағалауды ұсынылады.


1. Қазақстандағы қазiргi кезеңдегi атмосфералық ауаның ластану мәселесі. Ластайтын заттардың шекарааралық тасымалдаулары.

Жылжымалы көздер үшін көміртегі оксиді (СО), азот оксидтері NО x (диоксид азотына қайта есптегенде), көмірсутектер (СН), күйе, күкірт диоксиді (SO 2 ), қорғасын қосылыстары, тұтастай транспорт құралдарының түрлері (автомобильік, теміржолдық, әуе, су, жол-құрылысы транспорты) бойынша формальдегид және бензапирен шығарындыларын қадағалау қажет.

Осы көрсеткішті тоннамен өлшеуге ұсынылады (үтірден кейін үш ондық санмен) .

Көрсеткішті тұтастай және «Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне» (ЭҚЖЖ) сәйкес экономикалық қызмет түрлері бойынша қадағалау қажет.

Мемлекет аралық салыстырулар үшін көрсеткішті мемлекет территориясының км 2 , жан басына және жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) бірлігіне шығарындылардың саны ретінде қалыптастырған жөн. ЖІӨ тұрақты бағаларда ұлттық валютада және АҚШ долларында, сондай-ақ АҚШ долларындағы сатып алу қабілеттілігінің паритетінде көрсетіледі. Осы көрсеткіш өндірілетін өнімнің бірлігіне (тонна, кВт-сағ және т. б. ) шығарындылардың килограммында (кг) көрсетілуі мүмкін.

Осы көрсеткішке одан әрі толық талдау жүзеге асыру мүмкіндігі үшін ауланған және залалсыздандырылған, соның ішінде кәдеге жартылған ластайтын заттардың көлемі туралы деректерді қадағалау қажет. Бұдан басқа, шығарындылардың ағымдық көлемін белгіленген жол берілетін шекті мәндермен салыстыруды жүргізген жөн.

Қазіргі кезде стационарлы көздерден атмосфераға ластайтын заттардың шығарындылары көрсеткішін қалыптастыру үшін ҚР Статистика агенттігі жүргізетін атмосфераға ластайтын заттардың жалпы шығарындыларының мөлшеріне және ластау көздерінің тазарту қондырғыларымен жабдықталғаны мен жабдықталмағанына тәуелсіз ауаны ластаудың стационарлы көздері бар барлық заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелері жартыжылдық кезеңділікпен қамтылатын 2-тп (ауа) нысаны бойынша статистикалық байқаудың деректері пайдаланылады.

Көрсеткішті қалыптастыруға кәсіпорында ұйымдастырылған алғашқы есепке алу, ластаудың стационарлы көздері мен олардың сипаттамаларын есепке алу журналдары, газдан тазарту және шаң ұстайтын қондырғылардың жұмысын есепке алу журналдары, сондай-ақ кәсіпорынның экологиялық паспортының деректері негіз болады.

Өнімді өндіру үдерісінде шикізат немесе жартылай фабрикат түрінде пайдаланылатын газдармен бөлінетін заттардың саны туралы деректер, егер бұл осы технологияның жобасымен басынан бастап қарастырылған болса атмосфераға ластайтын заттар шығарындыларының жалпы көлеміне жатқызылмауға тиіс. Атап айтқанда, техникалық көміртегі зуыттарындағы күйені өндіруде реакторлардан бөлінетін газдарды тазарту, фосфорлық зауыттарда сары фосфорды өндіруде кендік-термиялық пештерден бөлінетін газдарды тазарту, химиялық зауыттарда күкірт қышқылын өндіруде «қайнайтын қабат» пештерінен бөлінетін газдарды тазарту барысында қалыптасатын және кәдеге жаратылатын заттар есепке алынбайды. Технологиялық отын ретінде пайдаланылатын домналық газдардың құрамында болатын көміртегі тотығы қара металлургия кәсіпорындарында есепке алынбайды. «Қос адсорбция» және қос байланысу қондырғылары мен жүйелерімен ауланған, түсті және қара металлургия, химия, мұнайхимия және басқа салалар зауыттарынан бөлінетін газдардан өнімді алу үшін қызмет ететін заттар есепке алынбайды. Заттардың қалыптасуы мен шығарылуы келтірілген жағдайлардың атмосфераға жартылай аулау және технологиялық жабдықтардың герметикалық еместігі салдарынан газдардың жайылып кетуі нәтижесінде шығарылатын ластайтын заттар ғана есепке алынуға тиіс.

Атмосфералық ауаға жылжымалы көздерден ластайтын заттардың шығарындыларын есептеу транспорт түрлері, олардың жасы, жүріп өткен қашықтығы, пайдаланылатын отынның саны мен сапасы бойынша көлік құралдарының санына байланысты іске асыруға ұсынылады. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі есептеулер үшін методологиялық негіз ретінде Қазақстан Республикасы қоршаған ортаны қорғау министрінің 2008 жылғы 18 сәуірдегі №100-п. Бұйрығымен бекітілген «Автокөлік кәсіпорындарынан ластайтын заттардың шығарындыларын есептеу әдістемесі» және «Темір жол көлігі кәсіпорындарында атмосфераға ластайтын заттардың шығарындыларын есептеу әдістемесі» әзірленді.

Тікелей өлшеулер мен технологиялық есептеулер деректері жоқ салалар бойынша «Атмосфералық шығарындыларды түгендеу бойынша басшылығына» ЕМЕП/CORINAIR сәйкес қызмет түрлері бойынша статистикалық деректерді пайдаланудағы үлгілеуді (моделдеуді) қолданған жөн.

2. Парниктік газдардың шығарындылары

Осы көрсеткіш қоршаған ортаға парниктік газдар шығарындыларының бар және күтілетін әсерін анықтауға ғана емес, сонымен қатар мақсатты көрсеткіштермен салыстырғандағы парниктік газдардың шығарындыларын қысқартуға бағытталған жүргізілетін ұлттық саясаттың тиімділігін, сондай-ақ нақты мақсаттарға жету жолындағы елдің қозғалу дәрежесін айғақтайды.

Мәселенің түп мағынасы парниктік газдардың буға айналатын концентрацияларының, сондай-ақ экожүйелер, елді мекендр, ауыл шаруашылығы және басқа да әлеуметтіік-экономикалық қызмет түрлері үшін осы өзгерістің потенциалды қолайсыз салдарының Жердің жаһандық температурасына және ауа-райына негативті әсері болып табылады. Бұл СО 2 және басқа парниктік газдар шығарындыларының көлемі, экономикалық өсудің СО 2 шығарындылар санына тәуелділігін төмендету бойынша қол жеткізген белгілі бір үдеріске қарамастан көптеген елдерде бұрынғысынша ұлғаюда. Негізгі мәселелерге СО 2 және басқа да парниктік газдардың шығарындыларын шектеу, атмосферада олардың концентрацияларын ауа-райы жүйесіне негативті әсер етпейтін деңгейде тұрақтандыру жатады. Олардың шешімі халықаралық келісімдерге қол қою немесе сәйкес ұлттық стратегияларды іске асыру, қосымша мәселелерді жүзеге асыруға, сондай-ақ экономикалық өсудің парниктік газдар мәселелеріне тәуелділігін одан әрі төмендетуге бағытталған күштерді біріктіру жолымен парниктік газдардың шығарындыларын қысқарту мақсатты көрсеткіштеріне қол жеткізу жағдайында мүмкін болады. Келешектегі парниктік газдардың шығарындылар көлемі едәуір дәрежеде экономиканың даму тенденциясына, сондай-ақ технологияларды және әлеуметтік қайта құруларды қолдануға байланысты болады. Республикада қабылданатын шығарындылардың негізгі көздері болып табылатын экономиканың басым секторларына ерекше назар аударылатын дамудың мемлекеттік бағдарламалары парниктік газдардың шығарындыларын қысқартудың жорамалданатын тенденциялар мен стратегияларды жүзеге асырудың салдарын талдау үшін материалды білдіреді.

БҰҰ АӨНК Киот хаттаммасының А қосымшасына енгізілген парниктік газдардың тізіміне: көміртегінің қос тотығы (СО 2 ), метан (СН 4 ), азот закисі (N 2 O), гидрофторкөміртегілер (ГФУ), перфторкөміртегілер (ПФУ), алтыфторлы күкірт (SF 6 ) кіреді.

Көрсеткіш СО 2 -эквивалентінің миллион тоннасында өлшенеді. Мемлекетаралық салыстырулар мақсатында көрсеткішті сондай-ақ ел территориясының км 2 мың тоннамен қалыптастыруға ұсынылады.

Халықаралық келісімдер

БҰҰ АӨНК Жақтарды шығарындыларды қысқартуға, сәйкес ақпаратты жинауды қамтамасыз етуге және ауа-райының өзгеруін, сондай-ақ ғылыми зерттеулер және жаңа технологияларды әзірлеу саласында қарым-қатынасты реттеу бойынша стратегияларды әзірлеуге міндеттейді. БҰҰ АӨНК барлық Жақтарды парниктік газдардың инвентаризациясын үнемі жүргізуге, ал индустриалды дамыған елдерді - Жақтардың «ұлттық мәлімдемелер» Конвенцияларын үнемі ұсынуға міндеттейді.

Көрсеткішті қалыптастыру бойынша ұсынымдар

Парниктік газдардың жалпы көлемін тұтастай экономика бойынша және экономикалық қызмет түрлері бөлінісінде қалыптастырған жөн. Бұдан басқа, осы көрсеткішті жарияланымдарда халықтың жан басына және тұрақты бағаларда ұлттық валютада және АҚШ долларында, сондай-ақ сатып алудың қабілеттілік паритетінде (СҚП) АҚШ долларында көрсетілетін ЖІӨ бірлігіне есептеп көрсету қажет.

Парниктік газдардың әрбіреуі атмосферада болу уақытына және жылуды жұту қабілеттілігіне байланысты жаһандық жылудың үдерісіне өз ықпалын тигізеді. Үш парниктік газдың үлесіне, яғни СО 2 , СН 4 , N 2 O ауа-райының өзгеруіне себеп болатын экологиялық салмақтың 98% жуығы сәйкес келеді. Жиынтық эмиссияларды есептеу және ауа-райының өзгеру проблематикасын суреттейтін жалпы графикті қалыптастыру үшін әртүрлі парниктік газдардың шығарындылары туралы деректер жаһандық жылудың потенциалында (ЖЖП) негізделген СО 2 -эквивалентінде көрсетіледі. ЖЖП бұл белгілі бір уақыт кезеңінде (ереже ретінде 100 жыл) парниктік газдардың Жердің бетінен шығып жаһандық жылуға септігін тигізетін инфрақызыл сәулелерді (жылу радиациясын) жұту қабілеттілігін суреттейтін көрсеткіш. Мысалы, метанның (СН 4 ) ЖЖП мәні 21 құрайды, азот закисінің (N 2 O) мәні 310 құрайды. Бұл 1 кг метанның жаһандық жылу үдерісіне 1 кг көміртегі диоксидінен 21 есе, ал 1 кг N 2 O 1 кг СО 2 310 есе күшті әсер ететінін білдіреді.

Парниктік газдардың эмисияларын есептеу атмосферада парниктік газардың концентрацияларының өзгеруіне әкеліп соғатын қызмет түрлері бойынша мемлекеттік органдардың статистикалық деректеріне негіздеген жөн (парниктік газдардың көздері мен жұтылуын ескере отырып) . Мысалы, отынды өртеу көздерінен парниктік газдардың эмиссиялары туралы жыл сайынғы деректер бір жыл ішінде пайдаланылған отынның көлемі туралы мәліметтер негізінде есептелуі мүмкін. Ауыл шаруашылығындағы метанның эмиссиялары туралы жыл сайынғы деректер ішек ферментациясымен байланысты әртүрлі жануарлар түрлерінің саны туралы деректер негізінде есептелуі мүмкін. Эмиссияның аудару коэффициенттері шығарындылардың көлемін антропогендік қызмет туралы статистикалық деректермен байланыстырады. Парниктік газдардың шығарындыларының оңайлатылған есептеу әдісін келесідей көрсетуге болады:

Парниктік

газдардың

шығарындылары

=
Антропогендік қызмет туралы деректер
*
Эмиссия коэффициенті
(2)
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы ауаның ластануының экологиялық проблемалары
Қазақстандағы табиғи ресурстарды пайдаланудың осы заманғы жағдайы
Қоршаған ортаны қорғау міндеттерімен мақсаттары. Атмосфера экологиясы. Атмосфералық ауа жағдайы және оны негізгі ластаушылар
Қазақстанның табиғат ресурстары
Оңтүстік Қазақстан облысының климаттық - экологиялық жағдайы
ТАБИҒИ РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Оңтүстік Қазақстан облысына жылпы физикалық - географиялық сипаттама
Дүниежүзілік су әлемінің ластануы
Қашаған кен орны
Өсімдіктер мен жануарлар әлеміне антропогендік әсер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz