Мұнай өндіруді қарқындыландыру әдістері


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Мұнай өндіруді қарқындыландыру әдістері - мұнай өндірудің өсімділігін арттыру мақсатында жүргізілетін шаралар. Бұлар төмендегі іс-қарекеттер нәтижесінде жүзеге асады: а) Мұнайды динамикалық тұрғыдан ығыстырып шығару ("поршендік әсер" жасақтау) ; ә) қойнауқаттық флюидтің физикалық-химиялық қасиеттеріне әсер ету; б) койнауқаттың физикалық қасиеттеріне әсер ету. Мұнайды ығыстырып шығару қойнауқатқа су айдау (қойнауқатты сумен тоғыту) арқылы жүзеге асырылады ("Мұнайлы қойнауқатты сумен тоғыту" мақаласын қараңыз) . Мұнайды ығыстырып шығару кейде қойнауқатқа газ айдау арқылы да жүзеге асырылады (табиғи газды немесе ауаны) . Қойнаукттың өтімділігі жоғары болған жағдайда және оның еңістену бұрышы 10°-тан жоғары болғанда газ қойнауқаттың көтерілген бөлігіне айдалса, жынауыштың өтімділігі нашар және еңістену бұрышы 10°-тан төмен болған жағдайда газ қойнауқаттың бүкіл ауданына айдалатын болады. бұл әрекеттер нәтижесінде Мұнай өндіру көрсеткіші 5-25 % аралығында артады. Қойнауқаттық жағдайдағы Мұнайға әсер ету оның түтқырлығы мен беткейлік тартылысын азайтуға, фазалық өтімділігін өсіруге бағытталады. Бұл үшін қойнауқатқа беткейлік белсенділігі күшті заттар, яғни карбондалған су немесе көмірқышқыл, жоғары қысымдағы құрғақ және метанды газ, қоңды және сүйытылған газ (бұл Мұнайдың газ әсерінен еруін қамтамасыз етеді), мицеллярлық ерітінділер (Мұнайлық сульфонат, полимерлер), органикалық еріткіштер (ауыр спирттер, газды бензин) т. б. айдалады. бұл әрекеттер нәтижесінде Мұнай өндіру көрсеткіші 50-70 %-ға дейін өседі. Қойнауқатқа бу және ыстық су айдау Мұнай өнімділігін 15-25 %-ға арттырады. Сол сияқты, қойнауқат өңірінде жану көздерін қалыптастыру әдісі де қолданылады, мұның нәтижесінде, пайда болған газдың, будың т. б. көлемі күрт өсуге байланысты, Мұнайды ығыстырып шығару мұмкіндігі тіпті 75-90 %-ға шейін өсуі ықтимал. Қойнауқаттық судың физикалық-химиялық қасиеттеріне әр түрлі қоюлатқыштармен (сүйықшыны, шайырлар, полиакриамидтер т. б. ), сулы-газды қоспалармен және көбіктермен әсер ету Мұнайдың сумен ығыстырылып шығарылу процесін түрақтандырады және Мұнаймен ілесе өндірілетін су мөлшерінің азаюын қамтамасыз етеді (судың фазалық өтімділігі азаюына байланысты) . мұның нәтижесінде Мұнай өнімділігі 20 %-дай, тіпті одан да көбірек өсеіін болады. Қойнауқаттардың сапаландыру шаралары оларға карбондалған суды, көмірқышқылды, сілтілерді, күкірт қышқылын айдау нәтижесінде немесе күшті-күшті үйымдастыру арқылы жүзеге асады. Соңғы жағдайда қойнауқат болмысында жаңа жарықтар пайда болады немесе ескі жарықгар мен жарықшақтар кеңейе түседі. Мұнай өндіру өнімділігін арттырудың бактериялық әдістері бар

Барлық қорлардың 73% және барлық өндірілген өнім көлемінің 68% ӨМГ-нің үлесіне тиеді. 2000-2005 жылдары қарқынды өсуден кейін қазіргі уақытта ӨМГ және ЕМГ-нің негізгі кеніштерінде тұрақты деңгейге мұнай өндіріліп келеді. Өндіру мен шығындарды оңтайландыру бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр. Мұнай беруді арттыру технологиясы қолданылады.

Компания қызметінің басымдықты бағыттарының бірі - барынша ұтымдылық пен шығыстарды қысқартудың есебінен тиімділікті арттыру. Бұған Компанияның бейіндік емес және қосалқы активтерін сатудың, озық технологияларды енгізудің және халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес келудің нәтижесінде қол жеткізілетін болады.

Мұнай өндірудің артуы

ҚМГ БӨ Қазақстанның батысында 41 кен орнын игереді (2007-2010 жылдары сатып алынғандарды есепке алмағанда) . Компанияның маңызды міндеттерінің бірі мұнай өндірудің неғұрлым тиімді әдістері мен жаңа технологияларды пайдалана отырып негізгі кен орындарында өндіріс деңгейін ұстап тұру болып табылады.

1990-шы жылдардың бас кезі мен ортасындағы экономикалық қиындықтар мен қаржыландырудың жеткіліксіздігі ҚМГ БӨ кен орындарында өндіру көлемдерінің едәуір бәсеңдеуіне әкеп соқтырды. Алайда, 90-шы жылдардың соңына қарай Компания бастапқыда өндірістің құлдырауын тоқтатты, ал одан кейін өндірудің айтарлықтай өсуін қамтамасыз етті. 1998-2006 жылдар аралығында мұнай өндіру көлемі 80%-ға артты. Мұнай өндірудің артуы жаңа ұңғымаларды бұрғылаумен, тұрып қалған ұңғымаларды іске қосумен және олардың өнімділігін арттырумен қамтамасыз етілді. Жүргізілген ұңғымаларды жөндеу және қабаттарды сумен сөгу сияқты қазіргі заманғы технологияларды қолдану маңызды рөл атқарды. Нәтижесінде Компания барлық кен орындарында ол таяудағы жылдары ұстап тұруға ниеттеніп отырған өндірудің барынша жоғары деңгейіне шықты.

Мұнай мен газдың аралас қоспасы кеніштегі қайта өңдеу кешендерінің біріне түсіп, газ бен мұнай ағымдарына бөліну процесстерін өтеді. Мұнай бен газды бөлу (сепарациялау) қос сұйықты салқындату және гравитациялық тәсіл арқылы жүзеге асырылады.

Кейбір ұңғымалардың өнімі сондай-ақ сынақ сепараторына жіберіледі. Осындай үнемі бақылау мұнайгаз ұңғымаларының өндірістік көрсеткіштерін өлшеу үшін және жұмыс қысымын анықтау үшін қажет. Осындай өлшемдер инженерлерге кеніштегі өндіру көлемін жақсартуға мүмкіндік береді.
Барлық қайта өңдеу кешендеріне өндірістік процесстерді басқаратын қазіргі заманғы жүйе орнатылған, ол операторларға жұмыс қондырғыларын қадағалауға, ҚӨҚ-ның басқа кешендерімен ақпарат алмасып отыруға, газдың таза ауаға кетуін және өрт бола қалған жағдайда бірден анықтау жүйелер жұмысы кіретін барлық процесстерді басқаруға мүмкіндік береді. Онда қандайма болмасын жағдайда тиімді іс-қимыл жасай алатын, апаттарды жоя алатын қызметкерлер және өрт стансалары бар.

Мұнайдан бөлінген соң, газ бірнеше технологиялық фазалардан өтеді. Бұл фазаларды жазбастан бұрын, газдың өзі жөнінде біраздап білгеніміз маңызды. Істің мәнісі мынада: бөлінгеннен кейін газдың физикалық жағдайы оны тікелей пайдалануға мүмкіндік бермейді, өйткені оның құрамында азғантай сұйықтар бар, мысалы мұнай мен су, сондай-ақ ластанғыш заттар, атап айтқанда токсикалық күкіртсутектері мен көмірқышқылы диоксиді, олар газдың алдын-ала тазартылмай пайдалануға мүмкіндік бермейді. Мұндай газ қышқыл немесе күкірті бар деп аталады. Қышқыл газ кері сорылып, компрессорлар арқылы қысымның бірегей деңгейіне дейін келтіріледі, содан кейін ол тазартуға, сатуға немесе қайтадан жер қабатына айдауға мүмкін болады. Сонымен қатар, барлық өндірістік кешендерде буды қалпына келтіру компрессорлар жүйесі бар, факельдегі жанып жатқан газдың көлемін барынша азайтуға мүмкіндік береді.

Атырау МӨЗ

Атырау мұнай өңдеу зауыты өзінің айбынды тарихымен, дәстүрлерімен және еңбектегі жетістіктерімен мұнай айдау саласындағы алғашқы қазақстандық кәсіпорны болып табылады.

Зауыттың құрылысы 1943 жылы соғыс уақытының ауыр жағдайларында басталып, 1945 жылдың қыркүйек айында ол пайдалануға енгізілген болатын.

Бүгінде Атырау МӨЗ елдің ежелгі мұнай өндіру аймағында орналасқан қазіргі заманға сай ірі кәсіпорын болып табылады.

Атырау мұнай өңдеу зауыты Қазақстанның батыс аймағы кен орындарының құрамында парафин мөлшері жоғары ауыр мұнайды өңдейді. Өткен жүзжылдықтағы 60-жылдардың ортасынан бастап 80-жылдардың ортасына дейінгі кезеңде мұнайды өңдеу жөніндегі барлық технологиялық құрылғылардың техникалық қайта жарақтандырылуы жүзеге асырылды, бұл зауыттың қуаттылығын жылына 4, 3 миллион тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік берді.

Атырау МӨЗ қайта құрудың негізгі мақсаты ескірген құрылғыларды ауыстыру, Еуропалық Одақтың (ЕО) ерекшеліктеріне сәйкес жоғары сапалы өнімді шығару жолымен қоршаған ортаға зиянды әсерін азайту, қосылған құны жоғары ақшыл мұнай өнімдері өндірісінің көлемін ұлғайту, сондай-ақ қосымша жұмыс орындарын құру болатын.

Осы міндеттердің орындалуы үшін бензинді гидротазалаудың, дизель отынын гидротазалау/депарафиндеудің, изомерлеудің, газдарды аминді тазалаудың, сутегін алудың, ағынды суларды биологиялық тазартудың және күкірт өндірудің жаңа қондырғылары салынған болатын.

2007 жылдың басында Еуростандартқа (құрамындағы күкірт 150 ррм-нен артық емес) сәйкес келетін бензиннің және Еуростандартқа (құрамындағы күкірт 50 ррм-ге дейін және минус 35 градуста қататын) сәйкес келетін дизель отынының бірінші партиясы шығарылған болатын. Этилденген, қоршаған ортаға зиянды бензин өндірісі тоқтатылды, нәтижесінде Аи-80 маркалы бензиннен Аи-93/96 маркалы бензинге дейін жақсартылды.

Қазіргі кезде Атырау МӨЗ дамыту аясында мынадай инвестициялық жобалар іске асырылуда :

1. «ЭЛОУ-АВТ қондырғысының вакуум блогын қайта құру және баяу кокстау қондырғысы»

Жоба құрылыс сатысында.
Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2010 жыл.

2. «Хош иісті көмірсутегін өндіретін кешен салу».

Жобаның ТЭН және ЖСҚ әзірленіп, ҚР Мемлекеттік сараптамасы мақұлдады. ТЭН және ЖСҚ Axens (Франция) лицензиары үдерістерінің технология базасында орындалды. Құрылысқа арналып алаңдар дайындалды.
Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2013 жыл.

3. «Мұнайды терең өңдейтін кешен салу»
«Омскмұнайхимжоба» ААҚ Axens (Франция) лицензиары үдерістерінің технология базасында жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуде.
Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2014 жыл.

Жобалардың мақсаты :

теңгерімделген қуаттылықты жылына 5, 0 млн. тоннаға дейін ұлғайту; 84%-ға дейін мұнайды терең өңдеуді ұлғайту; ақшыл мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту; шығарылатын өнімдер ассортиментін, оның ішінде бензол мен параксилолды ұлғайту; ЕУРО-4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасын жақсарту. Шымкент МӨЗ

Шымкент мұнай өңдеу зауыты 1985 жылы пайдалануға берілді. Зауыттың мұнайды өңдеу бойынша жобалау қуаттылығы жылына 6 млн. тоннаны құрады. 2000 жылы зауыттың Құмкөл тобы кен орындарының мұнайына ауыстырылуына байланысты дизельді отын мен керосинді гидротазалау секциясын қайта құру жүргізілді. Қазіргі кезде зауыттың белгіленген қуаттылығы жылына 5, 25 млн. тоннаны құрайды.

Өңделетін мұнай - Құмкөл кен орындарынан 80% мұнай мен Батыс Сібір кен орындарынан 20% мұнайдың қоспасы.

Зауыттың өндірістік қуаты мынадай негізгі қондырғылардан тұрады: ЛК-6У құрама қондырғысы (атмосфералық айыру, каталитикалық риформиг, дизельді отынды гидротазалау, керосинді гидротазалау, газ фракциялайтын қондырғы), мазут пен висбрекингті вакумді айыру қондырғысы.

Мұнай өңдеу тереңдігін және мотор отыны өндірісінің көлемін ұлғайту мақсатында 1998 жылы мазуттың қуаттылығы жылына 1, 8 млн. тонна каталитикалық крекинг қондырғысының құрылысы басталған болатын, бірақ қаржы тапшылығынан құрылыс тоқтап қалды. Аяқталмаған құрылыс объектілерінің 57 %-ға дейінін қайта құру үшін пайдалануға болады.

2007 жылғы 6 шілдеде «ПетроКазахстан Ойл Продактс» ЖШС-тегі (Шымкент МӨЗ) 50%-ын сатып алу және оны «ҚазМұнайГаз» СҮ» АҚ-на беру бойынша мәміле жасалды.

2009 жылы «Honeywell-UOP» (АҚШ) компаниясының Шымкент МӨЗ қайта құру және жаңғырту жобасын іске асыру аясында жобаның ТЭН әзірленді.

Жобаның мақсаты :

мұнай өңдеу бойынша жобалық қуаттылығын жылына 6, 0 млн. тоннаға дейін қалпына келтіру; 90%-ға дейін мұнайды терең өңдеуді ұлғайту; 83%-ға дейін ақшыл мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту; ЕУРО-4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасын жақсарту. Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2014 жыл.

Ключевые направления реконструкции : Завершение строительства комплекса каталитического крекинга, строительство новых установок каталитического риформинга, производства водорода, производства серы, реконструкция установки гидроочистки дизтоплива, авиатоплива, ГФУ. Реконструкция существующей установки каталитического риформинга под изомеризацию.

После реализации проекта планируется перерабатывать 75 % Актюбинских и 25% Кумкольских нефтей.

Павлодар мұнай өңдеу зауыты

Павлодар мұнай өңдеу зауыты 1978 жылы пайдалануға берілді. Зауыттың мұнайды өңдеу бойынша жобалау қуаттылығы жылына 6 млн. тоннаны құрады. 1978 жылы битум өндірісі жөніндегі қондырғы пайдалануға берілді. 1983 жылы МӨЗ ауқымды кеңейтілуі болды, оның ішінде терең өңдеу кешенін іске қосу да бар. 1986 жылы баяу кокстау қондырғысы іске қосылды. Зауыт Омск-Павлодар мұнай құбыры бойынша түсетін батыс-сібір мұнайының қоспасын өңдейді.

Бүгінгі күні зауыттың белгіленген қуаты жылына 5, 0 млн. тонна шикі мұнайды құрайды.

МӨЗ негізгі технологиялық жабдығы екі кешеннен тұрады. Біріншісі - ЛК-6У қондырғысы (атмосфералық айыру, каталитикалық риформиг, дизельді отынды гидротазалау, керосинді гидротазалау, газ фракциялайтын қондырғы), ал екіншісі - КТ-1 кешені (вакуумді айыру қондырғысы, вакуумді газойлді гидротазалау қондырғысы, каталитикалық крекинг қондырғысы және газ фракциялайтын қондырғы) .

2008 жығы қыркүйекте зауытта сутегі өндіру қондырғысы пайдалануға берілді, ол гидрогенизациялық үрдістер үшін құрамында сутегі бар газдың тапшылығын жоюға және дайын өнімнің сапалы сипаттамасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

2009 жылы ПМӨЗ акциялық бақылау пакетін сатып алу бойынша мәміле аяқталды.

Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіп инфрақұрылымы объектілеріне инвестицияларды жүзеге асыру бойынша «ҚазМұнайГаз» ҚК АҚ (бұдан әрі - ҚМГ) және Италияның энергетикалық Eni s. p. a. » (бұдан әрі - ЭНИ) компаниясы арасындағы ынтымақтастық пен өзара түсіністік жөніндегі қол қойылған меморандумның негізінде 2009 жылғы қаңтардан бастап «ПМӨЗ» АҚ дамыту бағдарламасын әзірлеу бойынша жұмыстар басталды. Бағдарламаның бірінші кезеңі зауытты жаңғыртудың ұтымды сызбасын әзірлеуді және таңдап алуға негізделген. ТЭН және зауытты жаңғыртудың бас жоспарын әзірлеуді 2010 жылы аяқтау жоспарланып отыр, оның нәтижелері бойынша инвестициялардың көлемі нақтыланатын болады.

ҚМГ және ЭНИ өкілдерімен бірлесіп, ПМӨЗ жаңғырту жобасын басқару жөніндегі бірлескен комиссия құрылды, ол жоба бойынша атқарылатын жұмыстарды бақылауға жауап береді.

Жобаның мақсаты :

мұнай өңдеу бойынша жобалық қуаттылықты жылына 7, 5 млн. тоннаға дейін ұлғайту; 90%-ға дейін мұнайды терең өңдеуді ұлғайту; ақшыл мұнай өнімдерін өндіруді ұлғайту; ЕУРО-4 стандарттары деңгейіне дейін мотор отындарының сапасын жақсарту. Жобаны іске асыру мерзімі - 2008 - 2014 жыл.

Бренд - «ҚазМұнайГаз» («ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетинг» АҚ)

ЖЖМ бөлшек сауда нарығын маркетингтік зерттеулер нәтижелері және тұтынушылардың пікірлері бойынша жанармай құятын стансалардың брендін өзгерту туралы шешім қабылданды.

«ҚазМұнайГаз» жанармай құятын стансалардың жаңа дизайны инновациялық стильді және компанияның үздік әлемдік стандарттарға сәйкес болуға ұмтылысын білдіреді.
Модульдік жанармай құятын стансалардың жаңа корпоративтік дизайн үлгісіндегі алғашқы партиясы «ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетингі» АҚ еншілес ұйымдарының иелік етуіне тиді.

Жанармай құятын стансаларды автоматтандыру жүйесін енгізу жөніндегі алғашқы пилоттық жоба сәтті аяқталды, ол еңбек өнімділігін 9 пайызға арттыруға, жанармай құятын стансаларда мұнай өнімдерін бензин таситын машиналардан қабылдау кезінде шығынды азайтуға мүмкіндік берді.

Жаңа технологиялар сатылатын мұнай өнімдерінің сервис сапасын жақсартуға, тұтынушыларға қызмет көрсету уақытын азайтуға ықпал ететін болады.

«ҚазМұнайГаз» қайта өңдеу және маркетингі» АҚ ISO 9001:2000, ISO 14001:2004 и OHSAS 18001:1999 халықаралық стандарттар талаптарына сәйкес келетін басқарудың интеграцияланған жүйесі енгізілген.

Сапаны толассыз бақылау жүйесі құрылды - мұнай өнімдерін өндіруден бастап оларды жанармай құятын стансаларда отынның сараптамасы мен сапасын бақылау жөніндегі зертханалар желісінің көмегімен сатуға дейін.

Астана, Алматы және Атырау қалаларында орналасқан үш стационар зерхана белгілі еуропалық және американдық өндірушілердің (Petrotest Instruments, Grabner Instruments, Phase Technology, PSL, Varian, Mettler -Toledo и др. ) құралдарымен және жабдықтарымен жарақтандырылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнайды термиялық өңдеу процестерінің технологиясы
Мұнайды магистралдық құбырлармен тасымалдау
Газ ұнғымаларының жабдықтары
Мұнай өндіру процесі
Мұнай өндіру туралы түсінік
Газбен қаныққан мұнай
Мұнай кен орындарын игеру кезеңдері
Мұнай мен газ өндірісі
Битумды құмтастар
Мұнай газ өңдеу саласын жоспарлау негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz