Түс туралы ғылымның сипаттамасы



1 Хроматикалық және ахроматикалық түстер.
2 Ахроматикалық түстер
3 Түстік контрастар заңын түсіну
Түс– композицияда түстердің үйлесімділігі үлкен роль атқарады. Әр-түрлі түстер адамға эмоциялық әсер береді. Мысалы, күңгірт, қара түстер адамға кері әсер етіп, ашық түстер жақсы әсер беріп, көңіл-күйді көтереді. Түстер екі түрге бөлінеді, олар
Хроматикалық және ахроматикалық түстер.
Хроматикалық түстер екі түрге бөлінеді. Олар жылы және суық реңктегі түстер. Жылы реңкті түстерге қызыл,сары, қызыл-сары, сарғыш реңкті барлық түстер ал,
суық реңктегі түстерге барлық көкшіл реңктегі түстер жатады. Күн сәулесін линза арқылы шағылыстырсақ түстердің спектірлік жолақтарын көреміз. Спектрдің негізгі 7- түрлі түсі бар:
Ызыл, қызылсары, сары, жасыл-сары, жасыл, көк, көгілдір түстер. Негізгі түстердің арасында аралас күлгін түстер бар. Олар 30-шақты шамасында болады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тус туралы ғылымның сипаттамасы

Түс - композицияда түстердің үйлесімділігі үлкен роль атқарады. Әр-түрлі түстер адамға эмоциялық әсер береді. Мысалы, күңгірт, қара түстер адамға кері әсер етіп, ашық түстер жақсы әсер беріп, көңіл-күйді көтереді. Түстер екі түрге бөлінеді, олар
Хроматикалық және ахроматикалық түстер.
Хроматикалық түстер екі түрге бөлінеді. Олар жылы және суық реңктегі түстер. Жылы реңкті түстерге қызыл,сары, қызыл-сары, сарғыш реңкті барлық түстер ал,
суық реңктегі түстерге барлық көкшіл реңктегі түстер жатады. Күн сәулесін линза арқылы шағылыстырсақ түстердің спектірлік жолақтарын көреміз. Спектрдің негізгі 7- түрлі түсі бар:
Ызыл, қызылсары, сары, жасыл-сары, жасыл, көк, көгілдір түстер. Негізгі түстердің арасында аралас күлгін түстер бар. Олар 30-шақты шамасында болады.
Спектрдің барлық түстерін хроматикалық түстер деп атайды. Ахроматикалық түстерге түссіз ақ, қара, сұр жатады
Түстану -- түс туралы ғылым -- бояулармен істес болатын суретші таныс болуға тиісті көптеген мәселелерді зерттейді. Күннің ақ жарығы шын мәнінде өте күрделі екені және көптеген түстерден тұратыны сендерге физика курсынан мәлім. Нәзік күн сәулесін шыны призма арқылы өткізген кезде ол бұзыла отырып, спектр деп аталатынды, яғни түстердің үздіксіз қатарын құрады, мұнда олар мынадай тәртіппен орналасады: қызыл, қызғылт сары, сары-жасыл, жасыл, жасыл-көгілдір, көк, күлгін түстер. Олардың арасында қатаң шекара жоқ: сары-жасыл, мысалы, жасылға, жасыл -- жасыл-көгілдірге және т б. елеусіз ауыса береді.
Біз көретін заттардың түсі оларға түскен ақ жарықтың тек қайсы бір бөлігін, яғни спектрдің қайсыбір бөлігін ғана шағылыстыруға, ал оның екінші бөлігін жұтып қоюға олардың қабылетілігімен анықталады. Бұл құбылыс іріктеп жұту деп аталады. Мәселен, жасыл дене спектрдің жасыл бөлігін ғана шағылыстырады, ал қалған сәулелерді бойына сіңіреді. Егер осы денеге қызыл шыны арқылы қарайтын болсақ, ол бізге қап-қара болып көрінеді, өйткені қызыл шыны өз кезегінде дене шағылыстырған жасыл сәулелерді жұтып қояды (ал қалғандарын дененің өзі жұтып қойған).
Барлық спектрдің түстері және күн спектрінде жетіспейтін қан қызыл (ең шеткі қызыл және күлгін түстердің аралығындағы) түстер түстердің хроматикалық (түстік) шкаласы деп аталатынды құрайды. Ақ заттар бүкіл спектрді шағылыстырады, ал қара заттар, керісінше, бүкіл спектрді жұтып қояды.
Ахроматикалық түстербір-бірінен тек бір белгісі бойынша -- ашықтығы (ашық-сұрғылт немесе қара-сұрғылт) бойынша ерекшеленеді. Хроматикалық түс, ашықтығы жағынан ерекшеленумен қатар, тағы да екі басты белгілермен -- түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Түстік өң -- бұл қызыл, сары және т. б. сөздермен анықталатын нәрсе және мұның өзі бір түсті екіншісінен ерекшелеп тұрады. Бірақ қызыл таза қызыл немесе ахроматикалық, мысалы, сұрғылт қоспасы бар болуы мүмкін. Соның өзінде ол бәрі бір қызыл болып қалады -- сұрғылт қоспа оның түстік өңін өзгертпейді. Егер осындай ашықтықтағы сұрғылт түсті алсақ, онда жаңа (араластырылған) қызылдың ашықтығы да өзгермейді. Алайда түс қалай дегенмен басқаша болады: онда оның үшінші белгісі -- қанықтылығы өзгереді. Ахроматикалықтың қоспасынан хроматикалық түстің қанықтылығы азаяды. Мұндай қоспада ахроматикалық түс неғұрлым аз болған сайын, оның қанықтылығы да арта түседі.
Сонымен, барлық хроматикалық түс үш параметрмен -- ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады.
Хроматикалық түстерді жылы және суық түстердеп шартты түрде бөледі. Жылы түске спектрдің сары-қызыл бөлігі, ал суық түске көк-көгілдір бөлігі жатады.Бұл топтар өзінің жылы және суық түстер деген атауын бірі -- күн мен от түсімен ойша байланыстырылу, екіншісі -- аспанның, су мен мұздың түсімен ойша байланыстырылу арқылы алған. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайға ие болады және алуан түрлі нақты жағдайларда, үйлесімге байланысты бірде жылы, бірде суық түске жатқызылуы мүмкін.
Егер бүкіл көршілес түстер біртіндеп өзгере отырып, бірінен екіншісіне ауысатын спектрлік бөлісуді алып, сақинаша исек, онда бүл сақина бірікпейді, себебі, жоғарыда айтып өткеніміздей, шеткі түстердің -- қызыл және күлгін түстердің -- арасында өтпелі қызыл-күлгін (қара қошқыл) түстер жетіспейді. Егер оларды қоссақ, шеңбер бірігеді. Мұндай түстік шеңбер бізге түстер жөнінде көп нәрсені түсінуге көмектеседі.
Кез келген хроматикалық түске қоспа күйінде алдымен ахроматикалық (іс жүзінде қараға жақын) түс беретін басқа түсті іріктеп алуға болады. Түстердің мұндай жұбы қосымша түстер деп аталады. Мәселен, қызыл-күрең түске жасыл-көгілдір, сары-жасылға -- қан қызыл-күлгін қосымша болады және т. б. Іс жүзінде түстік шеңберде мұндай қосымша түстер қарама-қарсы жатады.
Бейнелеу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түс концептісін (қызыл) ағылшын және қазақ мәдениеттерінде салыстырмалы түрде талдау
Психологияның дамуы
Аспалы төбе технологиясы
Қиял жайлы
Түс мағынасын білдіретін фразеологиялық бірліктердің ерекшеліктері
Тағам өнеркәсібінде қолданылатын микроорганизмдер
Фрейд психоанализ туралы
Картаны жасаудағы безендірудің рөлі
Ежелгі түркі ғұламаларының психологиялық тағылымдары
Фарабидің философиялық көзқарастары
Пәндер