Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасуы



Кіріспе 3
1. Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері 5
2. Алтай дәуірі «алтай тілдері» теориясы 8
3. Алтай тілі . алтай халқының тілі. 9
Қорытынды 13
Пайдаланған әдебиеттер 15
Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты немесе жеке түркі тілінің өзіндік ерешелігі жайлы айтпас бұрын олардың бәріне тән ортақ заңдылықтар қандай дейтін мәселеге тоқтау орынды. Өйткені жалпы түркі тілдеріне ортақ заңдылықтар тән, екінші жағынан, бұл оларды басқа тілдік самьялардан ерекшелейтін белгілер болып табылады.
Түркологиялық зерттеулер бойынша, түркі тілдерінің барлық ьоптарына тән, оларды өз алдына дербес семья ретінде ерекшелейтін белгілір, мынадай болып келеді.
1. Фонетикалық жүйе бойынша
2. Морфологиялық құрылыс бойынша
3. Лексикалық қор бойынша
Түркі халықтары – бір-бірімен бөлініп, жеке-дара өмір сүрген халықтар емес, қайта өзара тайпа-тайпа болып, жіті араласып, тығыз қарым-қатынаста бірге жасап келе жатқан, кейде өзара жауласып, кейде одақтасып отырған этникалық топтар.
1. Томанов М. Түркі тілдерінің салыстырмалы грамматикасы
2. Баскаков Н.А. Историко-типологическая характеристика структуры тюрских языков. М. 1986
3. Ибатов А. Қазақ тіліндегі есімдіктердің тарихынан. Алматы, 1966.
4. Ысқақов А. Қазақ тілінің фономорфологиялық құрылысын тарихи тұрғыдан сараптау. Алматы., 1999

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері 5
2. Алтай дәуірі алтай тілдері теориясы 8
3. Алтай тілі - алтай халқының тілі. 9
Қорытынды 13
Пайдаланған әдебиеттер 15

Кіріспе

Түркі тілдері, олардың жалпы сипаты немесе жеке түркі тілінің өзіндік
ерешелігі жайлы айтпас бұрын олардың бәріне тән ортақ заңдылықтар қандай
дейтін мәселеге тоқтау орынды. Өйткені жалпы түркі тілдеріне ортақ
заңдылықтар тән, екінші жағынан, бұл оларды басқа тілдік самьялардан
ерекшелейтін белгілер болып табылады.
Түркологиялық зерттеулер бойынша, түркі тілдерінің барлық ьоптарына
тән, оларды өз алдына дербес семья ретінде ерекшелейтін белгілір, мынадай
болып келеді.
1. Фонетикалық жүйе бойынша
2. Морфологиялық құрылыс бойынша
3. Лексикалық қор бойынша
Түркі халықтары – бір-бірімен бөлініп, жеке-дара өмір сүрген халықтар
емес, қайта өзара тайпа-тайпа болып, жіті араласып, тығыз қарым-қатынаста
бірге жасап келе жатқан, кейде өзара жауласып, кейде одақтасып отырған
этникалық топтар. Сондықтан болар, көп .жағдайда олардың тарихы, әлеуметтік
жағдайы, мәдениеті, салт-дәстүрі, діні, тілі ортақ болып келген. Түркітану
бір жағынан, сол көне түркі тайпалары мен халықтарының көптеген ғасырға
созылған тарихын зерттеу барысында қалыптасқан пән болып саналса, екінші
жағынан, әлі жас, көптеген проблемалары шешіле қоймаған, әлі де дами түсуге
тиісті ғылым саласы.
Көне тарихта қолданылған түрк сөзі қазіргі кезде жаңа мазмұнға ие
болған. Егер түрк атауы тек ертедегі түрк будуны тіркесінде ғана
қолданылса, бүгінде түркі этнонимі түркі тілдес халықтарының, ру-
тайпалардың бәріне бірдей өкілеттік жасайтын жалпы терминге айналды. Қазан
төңкерісіне дейін түркі терминіне түрлі мағына беріліп, оны бірде татар,
енді бірде түркі-татар терминімен теңестіріліп келді. Қазір түрктүрік
термині Түркияның негізгі халқының атауына айналды. Түрк сөзі тарихи
уақиғаны білдіру үшін Түрк қағанаты деген тіркесте қолданылып жүр. Қалай
болса да, түрктүріктүркі атауларының түп төркіні бір сөз.
Республикамызда Түркологияға кіріспе деген пән 1985 жылдан бастап
жоғары оқу орындарында бағдарлама негізінде оқытыла бастады.
Түркі филологиясына кіріспе оқу құралының негізгі мақсаты –
студенттерге түркі тілдерінің зерттелу тарихынан, олардың
топтастырылып, жіктеліну принциптері жайынан мәлімет беру, әрбір түркі
тілінің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру, олардың бір-бірімен алыс-
жақындығын ажырата білуге үйрету, т.б. Авторлар түркі халықтарының
этникалық құрамы мен құрылымы туралы мәлімет бере отырып, олардың тарихи
дамуын тіл тарихымен байланыстыра анықтауды, тілдік сыбайластықтың тарихи
сырын анықтай білуді, салыстыра анықтауды үйретуді мақсат етті.

1. Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері

Түркі тілдерінің дамуындағы орта ғасыр дәуір ескерткіштер тіліне
талдау жүргізіледі.
Түркі тілдері – Қиыр Шығыстан Жер Орта теңізі мен Үнді мұхитына
дейінгі кең байтақ өлкеде тұрып жатқан ірілі-шақты 40 шақты туыс
халықтардың тілі. Түркі тілдері – алтай семьясы тілдерінің бір бөлігі.
Түркі тілдерінде қазіргі таңда 160 млн-ға жуық адам сөйлейді (1992).
Көне түркі жазуының шығу төркініне де айтылғандар тұрғысынан қараған
жөн. Белгілі ағылшын түркологы Герард Клосон Түркі руникалық жазуының
шығуы атты мақаласында бүл жазу VI ғасырда өмір сүрген Истеми қағанның
бұйрығы бойынша Согд-Иран жазулары үлгісінде қалыптасқан болу керек
деген жорамал айтады.
Түркі халықтарының тарихы тым әріден басталғанымен, олардан біздің
заманға жеткен жазба нұсқа дәуіріміздің VII ғасырынан басталады, соның
өзінде де қағазға жазылған мол материал түрінде емес, мола
басына қойылған ескерткіш қүлпы тастарға қашалып жазылған жазба түрінде
жетті. Мүндай нүсқа ғылымда эпитафия деп аталады. Эпитафиялық жазбаның
алғашқы түрі XVII ғасырда казіргі Тува автономиялык республикасы, Хакас
автономиялық облысы жеріндегі Енисей өзені бойынан табылған. Оны алғаш
байқап, ғылым әлеміне паш еткен Швед армиясының капитаны Филипп-Иоганн
Страленберг.
Бұл жазба табылған жерінін атымен Енисей ескерткіші деп те аталады.
Енисей ескерткішінің қай ғасырда жазылғаны белгісіз. Петербург
университетінің профессоры П.Мелиоранский Енисей ескерткішін түркі тілі
жазба ескерткішін түркі тілі жазба уақыты VІ-VІІ ғасырлар болу
керек десе, Л.Р.Кызласов, И.В.Комушев, И.А.Батманов, А.Н.Кононов
сиякты біраз ғалымдар ІХ-Х ғасырларда жазылған болар дейді.
Бүдан кейін 1889 жылы Сібір елкесін зерттеуші Николай Михайлович
Ядринцев1842-1894 Моңғолиядағы Орхон өзені бойынан белгісіз
жазуы бар екі құлпытас табады. Кейінде айқындалғандай, Орхон
жазуы деп аталып кеткен бүл нүсқаның бірі-түркі ханы Мағиланға Білге
қаған екіншісі оның туысы Күлтегінге арналған тарихтық биографиялық
ескерткіштер болған.
Түркі тілінің руникалық жазуын 1893 жылы алғаш танып окыған Дания
ғалымы, Копенгаген университетінің салыстырмалы тіл білімі кафедрасының
профессоры Вильгельм Томсен 1842-1927. Алдымен Томсен жазудың оңнан солға
қарай жазылғанын айқындайды. Содан соң жазбада барлығы 38 әріп, яғни таңба,
барлығын аныктайды. Үшінші кезекте дыбыстардың дауыстысы мен дауыссыз
түрлерін, олардың қалай орналасатынын ашуды кездейді.
Зерттеулер нәтижесінде қүлпы тастарды жырдың авторы және оны жаздырушы
Иоллығ-тегін деген ақын екендігі айқындалды. Иоллығ-тегін Білге ханның
Магилан баласы, Білге хан мен Күлтегін-Елтеріс ханның балалары. Білге хан
болған да, Күлтегін оның әскер басы батыры болған. Білге 734 жылы, Иоллығ
хан 739 жылы дүние салған.
Орхон-Енисей жазбалары деген жалпы атаумен топталған эпитафиялық
нүсқалар қүрамына Отанымыздың әр түрлі аймақтарынан табылған бірсыпыра
ескерткіштер енеді. Мысалы, Енесей езені бойындағы , Тува АССР-і мен Хакас
автономиялық облысы және Краснояр аймақтарынан табылған Талас, Турфан,
Лена, Байкал т.б. деп аталатын ескерткіштер де осы топқа жатады. Орхон
ескерткіші деп аталатын нүсқалар да Онгин, Күлтегін, Могилян, немесе Білге
қаған, Тоникук, Қүтлуг қаған, Күлі-шор, Мойын-шор, Суджи, Иха-Асхед, Хойто-
Тамир ескерткіштері дейтін бірнеше жазулардан құралады.
Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі туралы айтылған біраз пікірлер
бар. Мысалы, әйгілі түрколог, академик В.Радлов кене түркі жазба
ескерткіштерінің тілін үш түрлі диалектіге бөледі: оның бірі- кене
солтүстік диалектісі, екіншісі-оңтүстік диалектісімүны автор үйғыр тілі
деп те атайды, үшінші-аралас диалект. Бүлардың біріншісіне Күлтегін,
Могилан, Тоныкек, Онган т.б. ескерікіштердің тілдерін жатқызған. Екіншісіне-
үйғыр тілінде жазылғаи ескерткіштер тілі, үшіншіге солтүстік пен оңтүстік
диалектісінің араласуынан туған Манихей ескерткіші, Алтын жарық т.б.
ескерткіштер тілдері жатады. Автор әр диалектіге тән фонетикалық,
грамматикалық ескерткіштерді талдайды. Радлов жіктеуі жазудың сипатына ,
дыбыстық, морфологиялық белгілерге негізделген.
Көне түркі ескерткіштерінің грамматикалық қүрылысын зерттеумен белгілі
кеңес түркологы а.Н.Кононов та айналысты. Ол езінің !980жылы жарык көрген
Грамматика языка тюрксқих рунических памятников ҰІ-ІХ в.в. атты еңбегіңде
кене түркі жазба ескерткіштерінің табылу, оқылу тарихына шолу жасай келіп,
оны түрге жіктейді, шығу теркінін, оның тілінің фонетика-грамматикалык
қүрылысының зерттелу тарихына тоқталады және өз тарапынан ескерткіштің
дыбыстық, грамматикалық сипаттарына жан-жақты талдау жасайды.
Жазба ескерткіште барлығы 38 таңба бар, оның 8-і дауысты. Дауысты
дыбыстар қазірдегі тілдердегі сияқты жуан-жіңішке, еріндік-езулік, келте-
созынды, ашық-қысаң дауыстылар болып белінеді. Дауысты дыбыс жүйесінің
қазірдегідей ерекшелігі- сезде кебінесе таңбаланбайды, оның барлығы
дауыссыз дыбыстар тіркесінен сезіледі. Бүл -орхон-енисей жазуының
консонанты жазу болғандығын байқатады.
Көне түркі дәуіріне қатысты жазба нұсқалардың екінші түрі көне үйғыр
жазуы деп аталады. Бүл жазуды ғалымдар екі түрге беліп қарайды.Оның
алғашқысы Селенг және Суджи ескерткіштері деп аталатын кене үйлер
қабырғасына, тасқа жазылған эпитафиялық жазбалар, екіншісі-алдыңғыдан
қомақтырақ, қағазға жазылған Манихей ескерткіші мен Будда, христиан
діндерін уағыздайтын діни және юристік мазмүнды жазба нүсқалар. Бүлар
кейбір еңбектерде табылған жердің атымен Турфан, немесе Шығыс Түркістан
жазбалары деп те аталады. Кене үйғыр жазуы да негізінен соғды әліппесіне
негізделеді.
Соғдылардың жаңа әліппесіне негізделіп жасалған үйғыр жазуында 28
таңба болғанда, олар 28 дыбысты таңбалайтын болған. Үйғыр жазуы жоғарыдан
темен қарай жазылады, бүлай жазуды соңғолдар 1940-жылдар ішінде де
қолданылады. Үйғыр жазуында әріптер сездегі орнына қарай әр түрлі
таңбаланатын болған. Мүндағы дыбыстар жа қазіргі тілдердегі сиякты дауысты,
дауыссыз болып белінген. Дауысты дыбыстар саны 8 болған.

2. Алтай дәуірі алтай тілдері теориясы

Түркі халықтарының, олардың тілдерінің тарихын зерттеген ғалымдар
М.Н.Кастрен, В.Бартольд, В.Радлов, П.Мелиоранский т.б.
түркілердің ру-тайпа болып даму тарихын алты кезеңге бөліп қарайды. Олар:
І.Алтай дәуірі. 2.Ғүн дәуірі.З. Көне түркі дәуірі.4. Орта түркі дәуірі.5.
Жаңа түркі дәуірі. б.Кеңес дәуірі.
1. Алтай дәуірі. Бұл-ғылымда айқындалып жетпеген, өмір сүрген дәуірі
де нақты емес, ете көне дәуір. Бүл атауды қолданушылар біздің заманымыздан
көп бүрыңғы көне заманда түркі түқымдары монғол, түңғыс-манжур, жапон,
корей халықтарымен бірлікте болған, бүлардың тілдері де езара туыстас,
теркіндес тілдер.
Түркологияда Алтай дәуірі алтай тілдері теориясы еткен ғасырдың орта
кезінен бастап қалыптасты. Оны қалыптастырушылар неміс ғалымдары В.Шотт
және М.Кастрен. Бірақ бүл екеуінің теориясына түрткі болған түжырым
әріректен, XVIII ғасырдан басталады. І-Петр заманында болған швед соғысында
түтқындалып, үзақ жылдар бойы Сібір елкесінде Швед армиясының офицері
Таберт Страленберг 1730 жылы Стокгольмде Европа мен Азияның солтүстік және
шығыс бөлігі атты еңбек жариялайды. Осы еңбегінде Страленберг түркі,
монғол, түнғүс-манжур тілдері ' ол бабта бір негізден тараған туыстас,
төркіндес тілдер дейді де, оларды Алтай тілдері деген атаумен атайды.
Жоғарыда талған неміс ғалымдары Страленбергтің осы пікірін теориялық жақтан
терендете түсіп және аталған тілдер қүрамына угро-фин, самоди тілдерін де
қосып, оларға Орал-Алтай тілдері деген атау береді. Кейініректегі
зерттеушілер бүл топқа, семьяға жататын тілдер үстіне корей, жапон
тілдерін де қосып жүр.Е.Поливанов, Г.Рамстед
Түркі тілдері тарихының маманы Н.А.Баскаков пікірінше, түркі тілі
монғол, түнғыс-манжур тілдерімен туыстас, бүлар арасында тек типологиялық
қана емес, туыстастық, теркіндестікті білдіретін белгілер олардың фонетика
жүйесінен де, негізгі сездік қорынан да мол кездеседі. Алтай тілі деп
аталатындар да осылар дейді. Ал угро-фин тілімен ,яғни Орал тілі дегенмен,
Алтай тілі арасындағы жақындық туыстық емес, типологиялық, сондықтан
угрофин, самоди тілдерін Алтай тілімен туыстас дерлік дәлел жоқ деп жазады.
Ал, түрколог А.Н. Кононов түркі, монғол, түнғүс-манжур тілдері арасында
лексикалық та, фонетика-грамматикалық та үқсастықтың барлығы даусыз, бірақ
ол жақындықтың себеі нақтылы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдерінің салыстырмалы гарамматикасы
Көне түркі тіліндегі есім сөздер
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері. Алтай, Хұн дәуірлері
Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
Түркі тілдерін жіктеу тарихы мен болмысы
Орыс ғалымдарының түркітануға байланысты зерттеулері туралы ақпарат
Н. А. Баскаков классификациясы. Түркі тілдерінің батыс және шығыс хұн саласы, оған кіретін негізгі тілдерге шолу жасау
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері
Септік жалғауларының қалыптасуы
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері туралы
Пәндер