Үлкен жарылыс, Әлем эволюциясының негізгі кезеңдері


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе3

1. Үлкен жарылыс, Әлем эволюциясының негізгі кезеңдері5

2. Жойқын жарылыс теориясы моделі: ғалам өте тығыз және ыстық нүктеден кеңейіп бүгінге жеткен6

Қорытынды13

Пайдаланған әдебиеттер14

Кіріспе

Жарылыстар - бұл қысқа уақыт аралығында шектеулі көлемде энергияның үлкен санының босауы. Ол қысымы өте жоғары қатты ысыған газдың пайда болуына алып келеді, аяқ асты кеңейген жағдайда қоршаған денеге соққылық, механикалық әсер етеді. Жарылыс қатты ортада төңірегін бұзып, ұсақтайды, ауа мен судың жойқын әсердегі ауалық немесе гидравликалық соққы толқындарын құрайды.

Жарылу қаупі бар объектілерге қорғаныс, мұнай өндіруші және ұқсатушы, мұнай - химия, газ, химия, тоқыма объектілер, нан өнімдері мен дәрі - дәрмек өнеркәсібі, жылдам тұтанатын және жанатын сұйықтар, сұйытылатын газ қоймалары жатады.

Кәсіпорында ауаның, бензиннің, табиғи газдың буынан, қант және ағаш шаңынан және т. б. жинақталуынан пайда болған ауа қоспасы жарылысын болдырмау үшін, бірінші кезекте ықтимал от шығу көздерін жояды және кәсіпорындарды қорғауға бағытталған шараларды жүргізеді, олардың негізгілері мыналар:

 Жарылыс кезінде ең жоғарғы қысымға тең жүктемені көтеруге қабілетті берік қоршауды, құрылғыларды жобалау;

 Жарылу қауіпі бар аймақтарда оттегі құрамы қажетті жанудан аз болатын инертті ортаны, берік қабырғалар мен жарылу қауіпі бар аймақты оқшауландыру;

 Жарылу қаупі бар өндірісті жарылыс болған жағдайда қоршаған отаға залал келмейтін жерлерге орналастыру;

 Жарылыс кезінде пайда болған қысымы н шығару үшін арнайы сақтандырғыш клапандарын орнату;

 Жарылысты жаншу (жарылу қаупі бар қоспаны тұтана бастаған кезде алғашқы сәтте баяу көтерілетіндігін ескере отыра рнайы датчиктер дабылы бойынша жалынның таралуын шектейтін қондырғы қосылады) ;

Жарылыс және өрт шығу қауіпі бар объектілердегі авария салдарын әлсіретуге, өртке қарсы шараларды өз уақытында өткізу ықпал етеді, олар өрт ошақтарын жоюды немесе пайда болуын қиындатуды ғана емес, сондай - ақ пайда болған жалын мен өртті жедел жоюды және өртенген ғимараттағы адамды, мүлікті құтқаруды қамтамассыз етуге тиіс.

1989 жылы 20 мамырда Алматы - 2 темір жол станциясында сұйық пропан құйылған цистернаның жарылысы кезінде 34 адам қаза болып, 100 адам жарақат алды.

2000 жылы республикада газды пайдалану бұзудан тұрғын үй секторында 35 жарылыс болды. Бұдан 49 адам зардап шегіп, оның 9 - ы қаза болды.

Өрт - бұл адамдардың, хайуаннаттардың қаза болуына және материалдық құндылықтардың жойылуына алып келетін, бақылаусыз жану процессі. Өрт елді-мекендегі ғимараттар, ағаш көпірлер, электр желілері мен ағаш бағаналардағы байланыс, мұнай өнімдері қоймаларында және басқа материалдар мен адамдар, ауылшаруашылық малдары өртке шалдығуы мүмкін. Орман алқабындағы шөптерден, бұталардан, ағаш түбіртектерінен, шырпылардан өрт шалады. Ауа-райы құрғақ болған жылдары жоғарғы өрт желдің есебінен ағаштардың ұшар басынан қоқан жапырақты ағаштарын өрт шалады. Төменгі өрт тарау жылдамдығы минутына 0, 1-ден 3 метрге дейін, ал жоғарғы өрт желдің бағытына қарай 100 метрге дейін жетеді.

1. Үлкен жарылыс, Әлем эволюциясының негізгі кезеңдері

Шартәрізді шоғырлардағы ең кәрі жұлдыздардың химиялық құрамы біздің әлемге 13-15 млрд жыл болғанын көрсетті.

Аспан денелері мен олардың жүйелерінің (мәселен галактикалар) эволюциялық өзгерісіне тұрақсыз құбылыстар және жарылыс процестері (жұлдыздың тұтануы, асқын жаңа жұлдыздардың жарылуы т. б. ) негізгі себепші болған.

Бұдан 15 млрд жылдай бұрын алапат жарылыс біздің әлемді жасады. Кеңістікті, уақытты, барлық материяны және бізді қоршаған энергияны тудырған "Үлкен жарылыс" деп аталған табиғат өзгерісінен кейін барлық әлем пайда бо лды деп айту ақылға қонымсыз сияқты.

Әлем ерекше тез кеңею сатысын басынан өткізді. Кеңістік орасан зор мөлшерде энергия бөліп шығара отырып өзінен өзі кеңейе берді. Осы сәтте Әлем пайда болды. Ол кеңейген сәтте салқындай бастады. Алғашында Әлем белгісіз көлем мен концентрациядағы элементтерден тұрды. Осы күйде заттар өте жоғары температураға дейін қызған және кеңеюдің бірінші секундында сәуле шығарумен жылулық тепе-тендікте болды. Үлкен жарылыс кезінде жанып тұрған отты шар жан-жаққа лақтырылып, барлық бағытта шашырап кеткен. Отты энергияның жарылысы болып ол кейін салқындай келе материяға айналды. Әлем 300 мың жыл бойы өзара әрекеттесетін және барлық Әлемді біркелкі толтыратын электрондардан, протондардан, нейтрондардан және сәуле шығарудан тұрды. Әрі қарай Әлемнің кеңею процесінде заттардың тығыздығы және сәуле шығаруы, температуралары төмендеді. Температура 4000 К жеткенде соуле шығару заттармен әрекеттесуін тоқтатты. Сөйтіп, олардың әрқайсысының эволюциясы өз бетінше жүрді. Әлемнің кеңеюінің басталғанына шамамен миллион жыл өткеннен соң тұрақты атомдардың қалыптасу уақыты келді.

Жарылыстан кейінгі көптеген миллион жылдар бойы сол жарылыстың энергиясынан пайда болған жарықтан әлем жарқырап тұрды. Әлемнің пайда болуының жарылыстың сипатын дәлелдейтін деректерді ғалымдар осы уақытта да тауып жатыр.

2. Жойқын жарылыс теориясы моделі: ғалам өте тығыз және ыстық нүктеден кеңейіп бүгінге жеткен

Жойқын жарылыс (ағылш. Big Bang ) - Әлемнің бұдан 13. 7 миллиард жыл бұрын жойқын ғарыштық жарылыс нәтижесінде пайда болғанын және өзгеріп бүгінге жеткенін сипаттайтын ортақ космологиялық модел. . Бұл модел қазіргі ғылыми зерттеу мен өлшеулер арқылы белгілі бір деңгейге дейін расталып отыр. Космологтар дәріптейтін бұл теория бойынша, әлем бұрын шекті уақыттың алдында айырықша тығыз, ерекше жоғары темпратураға ие алғашқы күйден өзгеріп келген. 2013 жылғы Планк спутнигі қол жеткізген ең жоғары өлшеулер арқылы аталмыш жойқын жарылыс бұдан 13. 798 (± 0. 37) миллиард жыл бұрын болған көрінеді.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/3/37/Universe_expansion2.png/200px-Universe_expansion2.png

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/5/52/Lemaitre.jpg/200px-Lemaitre.jpg

Ж. Леметр

Жойқын жарылыс теориясы моделі Эйнштейннің Жалпы салыстырмалылық теориясын негіз етіп, өріс теңдеулері шешімін (мысалы кеңістіктің біркелкілігі мен біртұтастығы) табуды біршама жеңілдетті.

1922 жылы КСРО космологі және математигі Александр Фридман Эйнштейннің Жалпы салыстырмалылық теориясын пайдаланып ағынды денелерді зерттеп, осы моделдің өріс теңдеуін ұсынды.

1927 жылы бельгиялық физик, діни қызметкер Жорж Леметр өз еңбегінде кеңейген әлем өз бастауын алғашқы нүктедегі жарылысқа апарып тірейтіні сөзсіз деп есептеп, Жойқын жарылыс моделі мен Тұрақты күй моделін салыстырып, алдыңғысының шындыққа тіпті де жақын екеніне көптеген практикалық дәлелдер келтірді. Оның тұжырымы Фридман теңдеуі мәнімен бірдей болғандықтан, біртұтас Фридман - Леметр - Робертсон - Уокер метрикасы деп аталды. Аталған теңдеу былай көрсетіледі:

Мұнда R (Т) ғарыштық масштаб коэффициентін көрсетеді.

  • k=1 -ге тең болғанда үш өлшемді кеңістік сфералды болады, оның жалпы көлемі шектеулі болып, мәні 2R(t) тең.
  • K = -1 -ге тең болғанда үш өлшемді кеңістік гиперболалық кеңістік болады және жалпы көлемі шексіз.
  • К= 0 -ге тең болғанда үш өлшемді кеңістік тегіс болып, жалпы көлемі шексіз болады.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/d/db/History_of_the_Universe.svg/200px-History_of_the_Universe.svg.png

Әлемнің тарихы - гравитациялық толқындар жойқын жарылыстан кейін ғарыштың үздіксіз кеңеюін, қозғалыстың баяулауын туғызды

1929 жылы АҚШ ғалымы Эдвин Хаббл астрономиялық күзетулер мен есептеулер арқылы жер шарынан алыс жұлдыздар мен галактикалар үздіксіз алыстап, қызарып жатқанын байқады және осы негізде Кеңейген әлем түсінігін туғызды. Бұл теория ғалымдар, әсіресе, физиктер арасында кеңінен таралып, қазіргі әлемнің басталу тарихы бар деп қабылданды.

Δz=Δλ / λ =Hr / c (Хаббл заңы)

Хабблдың есептеулері арқылы, ең алыс галактикалар мен үйіржұлдыздар біздің бақылауымыз тұрғысынан бізден алыстап бара жатыр, олардың бергісіне қарағанда арғысының алыстау жылдамдығы тіпті де зор екен. Демек бұл барша нәрсе бір-бірінен өзара алыстап, әлем кеңейіп бара жатқанын көрсетеді.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c7/1958_Hans_Breinlinger_-_Urknall.jpg/300px-1958_Hans_Breinlinger_-_Urknall.jpg

Жойқын жарылыс. Hans Breinlinger 1958ж. сызған.

Егер ғарыштағы жұлдыздар мен галактикалар бір-бірінен алыстап, әлем ұлғайып бара жатқан болса, онда олар кезінде бір-біріне өте жақын болғанын көрсетеді. Физиктер бұдан ары ғылыми қорытынды жасап, онда әлем ең арғы алқашқы сәтте өте тығыз және өте шағын болған деген қорытынды шығаруға болады. Бөлшектік ірі үдеткіштер арқылы жүргізілген ғылыми тәжірибелер бұл теорияны растай түсті. Дегенмен, қазіргі технологияның шектемесінен, әсіресе Ірі үдеткіштердің мүмкіндігі әлі де шекті болғандықтан, әлем кеңеюінің алғашқы сәтін тіке/жанама тәсілмен айқын түсіндіру әлі де қиын болып тұр. Жойқын жарылыс теориясы әлемнің алғашқы кезеңі туралы әлі ештеңені нақты түсіндіре алмайды, оның бар мүмкіндігі сол алғашқы кезеңнен кейінгі өзгерістерді жорамалға негізделген күйде түсіндірумен ғана шектеледі.

Қазіргі өлшеулер мен есептеулер бойынша, ғарышта Жеңіл элементтер айырықша мол екені анықталды. Жойқын жарылыс теориясында айтылатын ғарыштың алғашқы тез кеңеюі (жарылысы) мен біртіндеп суу барысында алғашқы бірнеше минутта термоядролық реакциядан осы Жеңіл элементтердің мол қоры қалыптасқаны анық. Сандық және сапалық анықтау бойынша, жеңіл элементтердің молдығы алғашқы сол жарылыста пайда болған жеңіл элементтердің мөлшері мен сипатына сай келеді.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/c/c2/Lambda-Cold_Dark_Matter%2C_Accelerated_Expansion_of_the_Universe%2C_Big_Bang-Inflation.jpg/400px-Lambda-Cold_Dark_Matter%2C_Accelerated_Expansion_of_the_Universe%2C_Big_Bang-Inflation.jpg

Л пішінді (Лямбда) уақыт-кеңістік - суық қараңғы материя, Әлемнің жедел кеңеюі, жойқын жарылыс - ұлғаю (уақыттың тарихы)

Бастапқы кезде Жойқын жарылыс теориясы «Динамикалық эволюциаланған үлгі» деп аталған. Big Bang сөзін ең алғаш британ астрономы Фред Хойл қолданған болатын. Бір қызығы, Хойл әлемді түсіндіретін теориялар ішінде осы Жойқын жарылыс теориясына қарсы шығып, материяның "үздіксіз туу" гипотезасын ұстанып, түрақты күй теориясын жақтаған екен. Ол, 1949 жылы наурызда BBC радиосының бір бағдарламасына қатысып, «Заттардың табиғаты» деген дәріс оқу барысында Леметр секілді кісілердің моделін сынап, "the Big Bang theory" - "Жойқын жарылыс теориясы" деген сөзді қолданған. Хойл осы теорияны мұқатып осылай атаған деушілер көп болғанымен, Хойлдың өзі кейінірек "бұлай атауда еш мазақтау мәні жоқ, тек бұл екі түрлі теорияны өзара ажырату үшін осылай атадым" деп ақталған болатын. Хойл кейін Жұлдыз өзегіндегі термоядролық реакция туралы зерттеулері арқылы ғылымға үлкен үлес қосты. Дәл сол жұлдыз өзегіндегі термоядролық реакциялар арқылы жеңіл элементтерден (Сутегі, Гелий) басқа ауыр элементтер (темір қатарлылар) жасалу барысы айқындалды. Басқа тілдерге бұл теория ағылшын тіліндегі "Big Bang" сөзі арқылы аударылып жалпыласты. Қазақ тілінде бұл сөзді "Үлкен Жарылыс" деп аудару біршама жиі кездеседі. Бірақ біз аталған жарылыстың жай мағынадағы "үлкен" ғана еместігін ескеріп, "Жойқын жарылыс" деп атауды жөн санадық. Дегенмен, бұл соңғы шешім емес, тегі қалай атау мәселесі қазақ тілінде шындап бірлікке келген деп айту қиын. Бұл туралы әлі де іргелі ізденіс керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемнің ұлғаюы
Жаратылыстану концепциялары
БИОСФЕРА МЕН БИОТА ЭВОЛЮЦИЯЛАРЫНЫҢ МЕХАНИЗМДЕРІ МЕН ТРИГГЕРЛЕРІ
Магнитті дауылдар және олардың биосфераға әсері
Биосфера мен биота эволюциялары
Адам барлық қоғамдық өндіріс түрлерінің шешуші факторы
Аспан жұлдыздарының аспан сферасына проекциялануы
Ғалам эволюциясының идеясы
Ғалам эволюциясы идеясының қалыптасуы
Қазіргі кезеңнің әлеуметтік экологиялық мәселелері адам санының өсуі адам демографиясының әлеуметтік-географиялық ерекшеліктері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz