Физика мен биология байланысы



1 Физиканың биология ғылымдарымен байланысы
2 Физика мен техникадағы аса маңызды жаңалықтар
3 Биология сабағында деңгейлеп және дамыта оқыту технологиясынының элеметтерін қолдана отырып, оқушылардың өз бетінше іздене білім алуға дағдыландыру
4 Физиканы басқа ғылымдармен байланыстыра оқыту
Қорытынды
Физика мен биология байланысы. Физиканың биология ғылымдарымен байланысы ерекше өріс алды. Бұл биофизика, агрофизика, бионика сияқты ғылымдардың пайда болуымен түсіндіріледі. Бұл аралық байланыстар орта мектепте тиісті оқу пәндерін оқып үйренгенде көрініс табады. Мысалы: биологиялық пәндерді оқығанда жылу, температура, энергия, жарық, ылғалдылық сияқты физикалық ұғымдар пайдаланылады. Газдардың, сұйықтардың, қатты денелердің қасиеттерінің көріністерімен танысады. Таразыны, лупаны, микроскопты т.с.с. құралдарын пайдаланады. Электрді оқып-үйренгенде электр зарядтары мен электр өрісінің жасушалардың қызметтеріндегі ролін, ағзадағы биотоктар жөнінде айтып беруге болады. Биологиялық нысандардың қасиеттерін физикалық тұрғыдан түсіндіріп, мүмкін болса көрсетіп (демонстрациялап), есептер шешіп отыру аралық байланысты нығайта түседі.

Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
3. Физика мен биология байланысы. Физиканың биология ғылымдарымен байланысы ерекше өріс алды. Бұл биофизика, агрофизика, бионика сияқты ғылымдардың пайда болуымен түсіндіріледі. Бұл аралық байланыстар орта мектепте тиісті оқу пәндерін оқып үйренгенде көрініс табады. Мысалы: биологиялық пәндерді оқығанда жылу, температура, энергия, жарық, ылғалдылық сияқты физикалық ұғымдар пайдаланылады. Газдардың, сұйықтардың, қатты денелердің қасиеттерінің көріністерімен танысады. Таразыны, лупаны, микроскопты т.с.с. құралдарын пайдаланады. Электрді оқып-үйренгенде электр зарядтары мен электр өрісінің жасушалардың қызметтеріндегі ролін, ағзадағы биотоктар жөнінде айтып беруге болады. Биологиялық нысандардың қасиеттерін физикалық тұрғыдан түсіндіріп, мүмкін болса көрсетіп (демонстрациялап), есептер шешіп отыру аралық байланысты нығайта түседі. 4. Физиканың дүниетану,жаратылыстану және геогрфиямен байланысы. Бастауыш сыныптан бастап оқушылар дүниетану, жаратылыстану және география сабақтарында заттың үш күйін, ауаның жылуды нашар өткізетіндігін және серпімділік қасиетін, сондай-ақ қыздырғанда денелердің ұлғаятындығын оқып-үйренеді. Жердің қозғалысы, пішіні мен өлшемі,магнит өрісін анықтауда құлабызды қолдану, атмосфераның құрылысы, сынап және металл барометрлерімен атмосфералық қысымды өлшеу жөнінде мағлұматтар алады. Табиғаттағы судың айналуы (су - бу - бұлт - жауын - су), өзендер мен желдің энергиясын пайдалану т.б. құбылыстардың себептерімен танысады. Аталған мәселелерді физика курсының көптеген тақырыптарын тереңірек оқып - үйренуге пайдалану тиімді нәтиже береді. Қазіргі уақытта табиғатты қорғау және экология жөніндегі ғаламдық мәселелерге үлкен мән беріледі. Бұл өзекті мәселені шешуде физиканың атқаратын ролі зор.
Бізге қазіргі кездегі белгілі табиғаттағы заттар негізгі үш бөлшектен (протон, нейтрон, электрон) құралса, Әлемнің басқа бір түкпірінде антибөлшектерден (антипротон, антинейтрон, позитрон) құралған материя да (антизат) болуы мүмкін. Бұл жайт тәжірибе жүзінде айқындалып, шындыққа да айнала бастады. 1965 ж. Брукхейвен мұндағы (АҚШ) энергиясы 30 Гэв-тік протондық үдеткіште, бериллийден жасалған нысананы протонның өткір шоғымен атқылау нәтижесінде алғашқы құранды антиядро -- антидейтрон алынды. 1970 ж. Серпуховтагы (СССР) энергиясы 70 Гэв-тік протондық үдеткіштің көмегімен Менделеевтің периодты системасындағы екінші химия элемент -- гелийдің антиядросы -- анти-гелий-3 ашылды. Антизаттың ашылуына байланысты, қазіргі кезде ғалымдар арасында, Әлемнің алыс түкпірінде антизаттан түзілген антидүние болуы мүмкін деген болжам да бар.
Затта, антизатта негізгі элементар бөлшектер мен олардың антибөлшектерінен тұрады. Дүние кірпіштері қызметін атқаратын бұл бөлшектерге берілген, элементар деген аттың өзі де, оның әрі қарай бөлінбейтін қарапайымдылырында болуы керек. Ал қазіргі кезде ғалымдар элементар бөлшектердің элементарлырына да шек келтіріп жүр. Элементар бөлшектердің де өзіндік ішкі құрылысы болатындығын дәлелдейтін құбылыстар байқалуда. Қазіргі үстем болып тұрған көзқарастың бірі бойынша шын мәнінде бөлінбейтін бөлшек бар, ал қалған бөлшектер олардың түрліше болып құралуынан түзіледі. Осы пікір негізінде дамып, кең тараған болжам -- кварктер теориясы. Бұл болжам бойынша элементар бөлшектердің басым көпшілігі осы кварктерден тұрады. Кварктердің де антибөлшегі -- а н т и к -в а р к т е р болуға тиіс.
Ядролық физикада 20 ғ-дың 2-жартысында қауырт дами бастады. Атом және сутек бомбалары жасалды. 1954 ж. СССР-дө алғашқы атом әлектр станциясы іске қосылды. И. В. Курчатов бастаған ғалымдар мен инженерлер тобы ядролық энергетиканың негізін қалауға елеулі еңбек сіңірді. Сутек ядррларының синтезделуі арқылы жүретін басқарылатын термоядролық реакциялар зерттеле бастады. И. Е. Тамм т. б. ғалымдар плазманы термоизоляциялаудың магниттік принципін ұсынды (1950). 1976 жылдан плазманы термоизоляциялаудың тиімді тәсілі қолданылған қондырғы -- Токомак-10 (негізін Л. А. Арцимович т. б. қалаған) жұмыс істей бастады. Бұл қондырғының жәрдемімен темпрасы 7-ІО6 -- 10-Ю6 К шамасында (импульсының ұзақтығы 0,5 сек) плазма алынды. Қазіргі кезде аса қуатты лазерлердің көмегімен темпрасы жоғары болып келген плазманы алуға бағытталған термоядролық зерттеулер де кең өріс алуда.
Күрделі теориялық және эксперименттік зерттеулер нәтижесінде қол жеткен табыстар физиканың барлық саласының қауырт дамуына қолайлы жағдай жасады. Молекулалық физика саласында кристалдар физикасы (қ. Кристалло физика) жедел дамыды. Іс жүзінде елеулі маңызы бар жартылай өткізгіштер теориясы да күрделі проблема болып саналады. А. Ф. Иоффе бастаған совет физиктері дүние жүзінде алғаш рет жартылай өткізгіштерден жасалған термоэлектрлік генераторды (1950, Л. С. Стильбанс т. б.), сонансоң жартылай өткізгішті тоңазытқыш құрылғыларды жасады. Сондай-ақ металдар мен қорытпаларды (қ. Металдар, Металлофизика, Металлтану) зерттеу ісінде де едәуір табысты нәтижелер алынды. Магнетизм саласында, оның ішінде ферромагнетизм құбылысын зерттеуде аса күрделі табыстарра қол жетті. Ферромагнетизм теориясын дамытуда совет физиктері С. П. Шубин, С. В. Вонсовский т. б. жемісті еңбек етуде. Төмен температуралар саласындағы зерттеулер де кең өріс алды. Газдарды сұйылту техникасына П. Л. Капица қомақты үлес қосты.
20 ғ-дың бірінші жартысындағы жемісті бағыттардың бірі вакуумдық электроника болды. Мұның негізінде техниканың біраз салалары, оның ішінде электрондық микроскопия дамыды. Электрондық микроскоп микро-объектілердің кескінін ұлғайтып түсіру және олардың құрылысын мұқият зерттеу үшін қолданылады. Осы күнгі электрондық микроскоп нәрсенің кескінін бірнеше мың есе ұлғайтады, екі нүктені айырып бақылауға мүмкіндік береді. Электроника сантиметрлік және миллиметрлік толқындарды зерттейтін радиофизикамен тығыз байланысты. Радиофизиканың қолданылу саласына радиолокация, радиоастрономия, радиометеорология жатады. Радиотехникалық құрылғылар шапшаң өтетін құбылыстар мен ядролық процестерді зерттейтін маңызды құралға айналды. Радиоспектроскопия да кең қанат жайды. Ондаған мың электрондық лампылар мен жартылай өткізгішті диодтарды пайдаланатын есептеуіш аналитикалық мағаналардың жасалуы ғылми-техникалық прогрестің дамуында елеулі орын алды (қ. Есептеуіш машина). Есептеуіш машиналар электрондық техниканың жетістіктеріне сай күрделеніп, кемелденіп келеді. Қазіргі есептеуіш машиналар сан мыңдаған транзисторлардан, резисторлардан және диодтардан құралатын интегралдық схемалардан тұрады.
Оптика саласында да талай маңызды жаңалыңтар ашылып, жемісті нә-тижелер алынды. Спектроскопиякыц тәсілдері жаратылыс тану гылымдары мен техникада кеңінен қолданыла бастады. Қолданылу аясы кең қанат жайған люминесценцияның теориясы жасалды. Люминесцепттік анализ жедел дамыды. Люминесценцияланатын заттардың (қ. Люминофор) жаңа, жетілдірілген түрлері жасалып, ғылым мен техниканың әр түрлі салаларында көптеп қолданыла бастады. Молекулалық оптикадағы күрделі жаңалықтардың бірі -- жарықтың комбинациялық шашырауы болды (Г. С. Ландсберг, Л. И. Манделъштам, үнді физиктері Ч. В. Раман, К. С. Кришнан). 1934 ж. II. А. Черенков таза сұйықтық радиоактивті ваттардың әсерінен жарқырау құбылысын ашты (қ. Черенков -- Вавилов сәуле шығаруы). И. Е. Тамм мен И. М. Франк бұл құбылысты теория жүзінде толық түсіндірді (1937). Осы құбылысты ашып, дәлелдегені үшін Черенков, Тамм және Франкқа 1958 ж. Нобель сыйлығы берілді. Ультрадыбыс, радио-хабар, архитектура және муз. аспаптар жасау проблемаларына байланысты акустикаға ерекше мән беріле бастады. Осыған орай гидроакустика мен злектроакустика бөлініп шықты.
Физика мен техникадағы аса маңызды жаңалықтардың бірі -- кванттық электрониканың пайда болуы. Кванттық электроника оптика мея аса жоғары жиіліктегі раджофизиканың жаңа салаларын туғызды. Кванттық электрониканың негізін салған ғалымдарға (Н. Г. Басов, А. М. Прохоров жәяе Ч. Таунсца) 1964 ж. Нобель сыйлығы берілді.
Басқа ғылымдармен қатар физиканыңда Қазақстанда дамуына Совет өкіметі тұсында кең жол ашылды. Физ. ғыл.зерт. жұмыстары негізінен Қаз. ССР РА-ның Ядр. физ. институтында, Жоғары энергия физикасы институтында, Астрофизика институтында, Энергетика ғыл.-зерт. институтында, сондай-ақ көптеген жоғары оқу орындарындағы физ. кафедраларында жүргізіледі. Қазіргі кезде Қазақстандың физиктер физиканың көптеген салалары бойынша зерттеулер жүргізіп, елеулі нәтижелер алды. Проф. Л. А. Вулис және оның шәкірттері (В. П. Кашкаров, Н.Ц.Косовт.б.) жылу физикасы, газ динамикасы саласында еңбек етіп келеді. Жоғары энергия физикасы және космостық сәулелер саласында құнды деректер алынды (Ж. С. Тәкібаев т. б.). Қатты денелер физикасы (М. И. Корсунский, С. Е. Ерматов, Т. Әбдісадықов т. б.), металлофизика (А. А. Пресняков т. б.) және спектроскопия (С. К. Калинин т. б.) салалары бойынша да практикалық маңызы зор зерттеулер жүргізіліп келеді. Қаз. ССР РА-ның Ядр. физ. институтының (Ш. Ш. Ибраеимов, Д. Ң. Қайыпов т. б.), сондай-ақ Қазақ политехника институтының (Т. X. Шорманов т. б.) ғалымдары күрделі проблемаларды қамтитын физиканың біраз салаларымен айналысады.
Қазіргі физиканың техникамен және басқа табиғаттану ғылымдарымен байланысы. Рылымның бүгінгі таңдағы кезеңі олардың өзара байланысының әлдеқайда күшейіп, бір-бірімен араласуының едәуір үдей түскендігімен сипатталады. Мысалы, соңғы кезде физиканың, математиканың, биологияның, психологияның, химияның, радиоэлектрониканың, сондай-ақ тірі организмдерді зерттейтін ғылымдардың мәліметтерін пайдаланатын бионика ғылымы пайда болды. Әсіресе физика математика ғылымымен тығыз байланысты.
Физика теникалық мәселелерді шешу барысында дамиды, жетіледі. Техника физиканың алдына өзі мұқтаж болып отырған мәселелерді көлденең тартып, оның дамуына ықпал жасайды. Техника сонымен бірге физиканы приборлармен, аса күрделі қондырғылармен жабдықтайды. Ал физиканың жетістіктері техниканың әр түрлі саласына ене отырып, олардың теориялық негізін байытады, онан әрі дами түсуіне, жетілуіне ықпал етеді.
Физиканың зерттеу тәсілдері барлық жаратылыс тану ғылымдарында кеңінен қолданылуда. Әлектрондық микроскоптар жеке молекулаларды бақылауға мүмкіндік жасады. Рентгендік анализ заттың атомның құрылысы мен кристалдық құрылысын тексеруге қолданылады. Спектрлік анализ геология мен анорганикалық химиядағы ең тиімді тәсілдердің біріне айналды. Масс- спектрограф атомдар мен молекулалардың массасын аса үлкен дәлдікпен өлшейді. Радиотехникапық және ос-циллографиялық тәсілдер секундтің миллиондық, тіпті миллиардтық үлесі ішінде өтетін процестерді бақылауға мумкіндік береді. Радиоактивті изотоптардың көмегімен химиялық элементтердің, тіпті жеке атомның қозгалысын бақылауға болады.
Қазіргі кезде бүкіл табиғаттану ғылымдарының арасында да физиканың маңызы арта түсуде. Салыстырмалық теориясы мен ядролык, физика астрономияның күрделі бөлімі астрофизиканың қауырт дамуына әсер етті. Ал астрофизикада алынған нәтижелер физикаға жаңа сипат беріп отыр. Кванттық теория химиялық реакциялар жайындағы ілімнің негізіне алынады (қ. Кванттық химия). Физиканың биологияға да ықпалы артуда. Осыған орай биофизика өз алдына дербес ғылым ретінде қалыптасты.
Ф. Егшіет пен Вавилон ескерткіштерінен бастап, атом электр станциясына, лазерлерге, космостык, ұшу сапарының жүзеге асуына дейінгі дәуірді қамтитын ұзақ жолды жүріп өтті. Осы жол үстінде ол қалыптасты, дамыды, жетілді. Қазіргі физика -- гылыми техникалық прогрестің дамуында жетекші қызмет атқаратын, тамырын кең жайған, сан салалы ғылым.
Сабақты талдау
Пән: биология, физика
Мұғалім: Рахимова Анар Сайлауовна (биология пәні )
Омирбаева Асем Нуралыевна (физика пәні )

Биология мұғалімінің өзіндік білім көтеру тақырыбы: "Биология сабағында деңгейлеп және дамыта оқыту технологиясынының элеметтерін қолдана отырып, оқушылардың өз бетінше іздене білім алуға дағдыландыру" ( Жаңа қосымша тақырып: "Биология сабағында интерактивті тақта арқылы оқушылардың біліктілігін арттыру" )
Физика мұғалімінің өзіндік білім көтеру тақырыбы Оқушыларға физика пәнінен логикалық есептерді шығаруды үйрету

Мақсаты
Қазіргі заман талабына сай жаңа педагогикалық технологиялардың түрлерімен танысып, қолайлы элементтерін өз тәжірибемізге еңгізіп, қолдану

Міндеттері:
Жаңа педагогикалық технологиялардың түрлерімен танысу және қолдану;
Интерактивті технологияны қолдану.

Оқушылардың даму үшін:
Оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру, білімді өз бетінше меңгеру, ойлау, есте сақтау, ауызша және жазбаша қабілеттерін дамыту;
Пәнге деген қызығушылығын арттыру;
Ғылым мен білімге ізденіс қалыптастыру.

Біз 8Асыныбында Табиғаттағы электр құбылыстарытақырыбы бойынша практикалық жұмыс: Жемістер мен көкөністердегі ( лимон, алма, қияр, картоп) электр құбылыс, ЭКГGLX модуль арқылысабақ өткіздім.

Сабақтың негізгі мақсаты
Оқушылардың айналадағы электр құбылыстары туралы білімін қалыптастыру және практика жүзінде оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру .

Сабақтың міндеттері:
1. Электр құбылыстары туралы алған мәлімет арқылы оқушылардың функционалды сауаттылығын арттыру;
2. Оқушымен жақсы қарым-қатынасты орнату;
3. Баланың дамуына жағдай тұғызу және өзіндік сенімін арттыру.

Сабақ жоспары:
1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй тапсырмасы
3.Жаңа материалды түсіндіру
4. Қорытындылау. Оқушылардың тәжірибе жұмысы
5.Бекіту кезеңі
6.Үйге тапсырма
7.Оқушыларды бағалау
8.Сабақты қорытындылау, рефлексия
2. Сабақ барысы үй тапсырмасын сұрақ - жауап арқылытексеруден басталды.
Физика мұғалімі:
- Электр тогы дегеніміз не?
- Электрленген дене дегеніміз не?
- Аттас заряд, әраттас заряд дегеніміз не?
- Алғаш рет Электр тогы түсінігін физикаға енгізген ғалым кім?

Бұл кезеңде оқушылар оқулықтағы мәтінді талдағандары еске түседі.Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттері дамиды.
3.Жаңа тақырып Найзағай бейнетаспасын көрсетуден басталды, сонан соң сұрақ-жауап арқылы түсіндірілді.

Биология мұғалімі:слайд Биофизика
- Найзағайдың өсімдіктерге, жануарларға және адамдарға қандай әсері бар?

- Найзағайдан қорғанудың қауіпсіздік шаралары (ережелері)
Физика мұғалімі:слайд Биофизика
- Найзағай электрлік құбылыс екенің кімдер дәлелдеді?

- Найзағайдан басқа қандай денелерде электр құбылыстарды байқаймыз?
(шаштың электрленуі,киімнің әсіресе, синтетикалық маталардан тігілген киімдер, ауа шарды шашқа үйкелесе, шар электрлінеді де, жоғары қарай көтеріледі).
Биология мұғалімі:слайд Биофизика
-Қандай жануарларда электр құбылысты байқауға болады?

Луиджи Гальванидің тәжірибесі бейнетаспасын көрсету.

Биология мұғалімі:
Бұл көрініс туралы не айтасыңдар?
Гальвани элементі Луиджи Гальванидің құрметіне аталған ,ол атмосферадағы электр тогының бақа бұлшық еттеріне әсерін зерттеген. 1786 жылы Гальвани бақаның табанын кесе салысымен ,оны металмен жалғап, оның бұлшық еттерінің конвульсиялық (тырысу,селкілдеу)жиырылуын байқады.Осы құбылысты жан-жақты зерттей отырып,"Бұлшық еттердің қозғалысы кезіндегі электр күші туралы трактаттар"атты кітабында толығымен сипаттады. Гальвани ойлағандай бақа бойында "тірі электр тогы жоқ , оның бұлшық етінің жиырылуы түрлі өткізгішті жалғағанда пайда болатын электр тогының бақа денесінің өтуі деп дәлелдеді.

Физика мұғалімі:слайд Биофизика
-Гальваникалық элементтер туралы не айтасыңдар?

батарейкалар, аккумуляторлар

Биология мұғалімі:
-Өсімдіктерде электр құбылысын байқауға бола ма?

Бұл кезде оқушының ойлауын, есте сақтауын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын, жалпы танымдық қабілеті дамиды.

4.Тақырыпты қорытындылау кезеңінде топпен жұмыс жүргізілді. Оқушылар жемістер мен көкөністердегі электр құбылысын GLX модуль,электр тізбек жинағы, амперметр арқылы анықтады.

1. электр тізбекті жинақтау ( картоп)
2. электр тізбекті жинақтау (лимон)
3. электр тізбекті жинақтау (алма)
4. электр тізбекті жинақтау (қияр)
5. электр тізбекті жинақтау (батарея арқылы электр көзді жандыру)

Физика мұғалімі:
-Электр тоқтың пайдасы неде? Электро тоғын өмірдің қандай да болса жағдайына пайдаланады.
Биология мұғалімі: Медицина саласында электр тоғы арқылы жұмыс істейтін қандай құрал -жабдықтарды білесіңдер?

Электрофарез, дефибрилляция, электрокардиограмма
Топпен жұмыс. Оқушылар тыныштық күйде, 10 рет отырып тұрғаннан кейінGLX модульЭКГ қондырғысыарқылы өздерінің қан кысымын тәжірибе жүзінде анықтады.

Мұндай тәжірибені оқушылар бар ынтасымен орындады. Бұл кезеңде оқушылардың функционалды сауаттылығы және пәнге деген қызығушылығы арттады.

5.Бекіту кезеңінде тест жұмысы ACTIVOTE арқылы оқушылардың білімі тексерілді

Бұл кезеңде өздік жұмысын орындап, білімдерін мониторингтік жүйе арқылы өздері бағалап, диагностикалауға қол жеткізеді.

6. Үйге тапсырма ретінде Біздің өмірімізде электр тоғының мәні туралы эссе жазу берілді..

Бізді қоршаған материалдық дүниедегі барлық құбылыстар мен өзгерістер өзара тығыз байланыста екендігі белгілі. Соның бірі айғағы ретінде биология ғылымының биологиялық жүйелердегі құбылыстарды танып білуде дәл ғылымдардың заңдылықтары мен ондағы түсініктерді қолдану арқылы ғана одан ары дамитындығына көз жеткізді. Осындай себептерден биология және физика ғылымдарының түйісінде биофизика атты жаңа ғылыми бағыт пайда болды.
Биологиялық физика биологиялық жүйені субмолекулалық, молекулалық, жасушалық, ұлпалық, мүшелік және ағзалық деңгейлердегі дамуын физика- химиялық тұрғыдан зерттейтін ғылым. Биофизика термині алғаш рет 1892 жылы Карл Пирсонның Ғылым грамматикасы атты ғылыми еңбегінде ...биологиялық фактілер- морфология, эмбриология және физиология физикалық заңдылықтардың дербес бір көрінісі, сондықтан оның этиологиясы... деп жазды. Кейін А.Фик және немістің басқа да ғалымдары бұл саланы Медициналық физика деп атаған.
1961 жылғы І-Дүниежүзілік биофизиктердің халықаралық конгресінде биофизика өз алдына жеке ғылым ретінде танылды. Осы конгрестің шешіміне сәйкес биофизика - молекулалық биофизика, жасуша биофизикасы, күрделі жүйелер биофизикасыдеген бөлімдерден тұрады.
1. Молекулалық биофизика бөлімі- биологиялық макромолекулалар (ақуыздарды, нуклейн қышқылдарын т.б.) мен молекулалық деңгейдегі биологиялық жүйелердің құрлысы мен физикалық қасиеттерін зерттейді. Биофизиканың бұл бөлімінің пайда болуына Л.Полингтың ақуыздың кеңістіктік құрылымын мен Ф.Криктің өмір спиралыДНК анықтауы үлкен себеп болды. Сонымен қатар молекулалық биофизика молекулалық деңгейде энергияның түрленуі мен миграциясын да қарастырады.
2. Жасуша биофизикасы- жасауша мен оның органелдерінің құрылымын, ондағы физика-химиялық үрдістерді, биопотенциалдың пайда болу механизмін, жасуша арқылы заттарды тасымалдауды, жасуша термодинамикасын зерттейді. Биофизиканың бұл бөлімінің дамуына Бернштейннің, А.Ходжкинның, Хакслидың және т.б. ғалымдардың қосқан үлестері орасан зор.
3. Күрделі жүйелердің биофизикасы. Биофизиканың бұл бөлімі молекулалық деңгейден бастап жасушаға дейінгі деңгейдегі биологиялық жүйедегі өз ара байланыстарды зерттеумен және оны моделдеумен айналысады.
4. Мүшелердің сезім биофизикасы.Бұл бөлім көру, есту, сезу секілді тірі биологиялық құрылымдағы құбылыстарды зерттеумен, сыртқы тітіркендіргіштердің әсерінен тірі объектінің сезу мүшелерінде, рецепторларда пайда болатын энергияның электр сигналына айналу механизмін қарстырады.
Биофизика бұл аталған бөлімдерімен қатар адам ағзасынатүрлі физиалық факторлардың - шудың, механикалық тербелістің, электр тогы мен электромагниттік өрістің, иондаушы сәулелердің және т.б. әсерлерін де зерттеумен айналысады.
Қазіпгі кезеңде биофизика жеке ғылым ретінде физиология, биология, химия, физика, математика, компьютерлік технология, нанотехнология және т.б. ғылыми бағыттардағы ғылыми жаңалықтарды қолдана отырып және солармен бірге даму үстінде, бұл өз аралық байланыс 1- суреттегі сызбада (схемада) бейнеленген.

1- сурет

Әрине, бұл схемада қазіргі замаңғы ғылыми бағыттардың барлығы ескерілді деп айтуға болмас, бірақ биофизиканың негізгі жаратылыстану ғылымдарымен өз ара байланысы көрсетілді.
Медициналық биофизика медицина және фармация ғылымдарымен бірлесе отырып мынадай мәселелерді зерттеумен айналысады:
-Азға күйін диагностикалауда жаңа физикалық әдістерді қарастыру және негіздеу (электрография, хемилюминеенция, ЭПР, ЯМР, спектроскопия т.б.).
- Тірі ағзаға сыртқы ортадағы физикалық факторларының зиянды әсер ету механизімін зерттеу (механикалық діріл, салмақсыздық, радиосәулелер т.б.)
Биофизикалық зерттеулерде физикалық, физика-хиимиялық әдістер кеңінен қолданылады. Оларға:
-рентген сәулесінің дифракциялық кескіні арқылы зат құрылысын анықтауға арналған рентгендік құрылымдық талдау әдісі;
- электрон ағынын пайдаланып зат құрылысын көруді қамтамасыз ететін электрондық микроскопты қолдану;
- зертелінетін заттардың түрлі сәулелерді жұты мен шығаруына негізделген спектроскопия әдісі.
- зертелінетін заттардың радиодиапазондағы электромагниттік толқындарды таңдамалы түрде жұтуына негізделген ЭМР және ЯПР радиоспектроскопиялық әдістер
Қазіргі заманда іргелес ғылымдардың бір- бірін қолдап, сол арқылы одан ары дамуы кең түрде байқалуда, бұл ретте биофизиканы физиканың, химияның және биологияның яғни іргелес үш ғылымның жиынтығы деп қарастырған дұрыс.
Кіріспе
Еліміз ғылым мен техниканың әр саласында мамандар дайындағандағы өз саясатын нақты анықтап алды. Ондағы басым бағыттардың бірі мемлекеттік тілді еркін меңгерген, жан - жақты білімі, осы заманғы ғылым мен техниканы жан-жатық білетін іскер мамандарды дайындау болып саналады. Сондықтан да, оқушының білімдік қызығушылықтарын қалыптастыру мақсатында пәндерді байланыстыра оқытудың маңызы ерекше.
Педагогика тарихына үңілсек пәнаралық байланыс 300 жылдан астам уақыт қолданылып келеді. Қазақ халқының біртума ғұламалары Ы. Алтынсарин, М. Жұмабаев, А. Байтұрсыновтар да өз еңбектерінде ол туралы айтып кеткен.
Олай болса, осы үрдісті одан әрі дамытып, пәнаралық байланыс интеграциясының жолдарын іздеу керек.

ІІ. Негізгі бөлім

Физиканы басқа ғылымдармен байланыстыра оқыту терең білім алуға, ғылыми ұжымдарды және заңдарды және заңдарды меңгеруге, оқу - тәрбиелік процестерді жетілдіруге, ғылыми көзқарасты қалыптастыруға септігін тигізді. Сонымен қатар, білім деңгейін көтеріп, логикалық ойлау қабілетін жетілдіреді. Шығармашылық қабілеттерін және ғылыми деңгейдің дамуына ықпалын тигізеді.
Жаратылыстану ғылымдарының зерттейтін объектілері өмірдегі нақты заттар мен құбылыстар. Тек әр ғылым өзіне тиісті саланы қарастырады. Мысалы: Биология тірі организмдерді , химия заттардың құбылысы мен құрамын, астрономия аспан денелерін, информатика ақпараттық процестерді, физика табиғаттағы құбылыстарды зерттейді. Бұл ғылымдардың арасында сөзсіз байланыстар бар. Жалпы физика пәнін медицинамен, еңбектен, денешынықтырумен, әдебиетпен, музыкамен, суретпен байланыстыра өтсе, оқушылардың логикалық ойлау қабілеті, ой -- өрісі сөзсіз дамиды.
Мысалы: 7 - сыныпта Қысым туралы өткенде физиканы биологиямен байланыстыруға болады.
Сұйық ішіндегі қысымның теңдікке тәуелді болатынын адам суға сүңгу кезінде есте ұстауы қажет. Арнайы жаттығусыз үлкен тереңдікке түсу мүмкін емес, өйткені жоғары қысымның әсерінен адам қаны атмосфералық азотпен қанығады. Судың бетіне тез көтерілуге де болмайды, себебі: қысымның кенеттен азаюынан азот көпіршік түрінде қаннан бөлініп шығады, яғни қан қайнағандай болады. Азот көпіршіктері қан тамырларын бітеп тастайды да, көп жағдайда адамды ауыр науқасқа шалдықтырады.9 - сыныптың Механикалық толқындар тарауын өткенде физиканы медицинамен, музыкамен байланысын ашып айту керек.
Бізді қоршаған орта әр түрлі дыбыстарға бай. Осы дыбыс толқындарының адам ағзасына тигізетін пайдасы да, кері әсері де бар. Адам есту мүшесі арқылы айналасындағы дыбыстарды естіп, сонымен байланыста болады. Дыбыстың адамға, сондай - ақ барлық тіршілікке әсері зор. Оған мынадай статистикалық мәлімет келтірсем түсінікті болар: тышқанның қасына бірнеше уақыт бойы айқай - шу, жағымсыз дыбыстар жібергенде, ол есінен танып қалған, ол өсіп тұрған гүлдің қасына осындай дыбыспен әсер еткенде, гүл сола бастаған. Осындай айқай - шу мен жағымсыз дыбыстар адамның құлағының бірте - бірте естімей қалуына әкеледі, мидың есту орталығын зақымдайды.
Кейбір дыбыс көздері шығаратын дыбыстың қаттылық деңгейнің мәндері, дБ

Дыбыс көзі
Дыбыс қаттылығы,ДБ
Құлақтың ауыртпалықты сезіну шегі
130
Ұшақтың көтерілуі
120
Дискотекадағы музык
120 - 110
5 - 7 метр қашықтықтығы автомобиль сигналы
100
Жүк машинасының жұмыс істеп тұрған қозғалтқышының шуы
8
Көше шув
70 -80
3м қашықтықтағы шаңшорғыш дыбысы
70
Тас жолдағы автомобиль қозғалысы
50 - 60
Әңгіме - сұхпат
40
Тұрғын үйлердегі шу нормасы
20 -- 30
Жапырақтың сыбдыры
10
Физика сабағында биофизикалық материалдарды қолдану оқытудың білімділік, тәрбиелік және дамытушылық міндеттерін жүйелі жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Мысалы Тербелістер мен толқындар тарауын өткенде тербеліс тірі организмдерге де тән құбылыс. Айналадағы дыбыс құлақтың мембранасын тербелтеді, соның нәтижесінде біз дыбысты естиміз. Адамның жан дүниесін тебіренте әсерлі сезімге бөлейтін музыка, музыкалық аспап ішегінің, күй табақтың тербелісінің нәтижесі. Ақырында, жүрегіміздің соғуы, дем алған кезіміздегі өкпеміздің ұлғайып-кішіреюі, тоңған денеміздің тітіркенуі, жүрген кезіміздегі аяғымыздың қозғалысы - барлығыда тербелістің тірі организм табиғатына тән екендігін көрсетеді. Адамның денесіндегі тербелістерге қатысты, адам организмінің күйін зерттеуге бағытталған ауқымды жұмыстар-инженерлік ізденістердің жемісі. Бұл мәселелердің көпшілігі жасанды жүрек, өкпе, бүйрек жасаудан бастап, теңіз толқындарымен күресу мәселеріне дейінгі барлық шаралар-тербелісті процестермен тығыз байланысты.
Әрбір сабақ қызықты, оқушы жадында ұзақ сақталу үшін сабақта жаңа технология элементтерін қолданумен қатар, 45 минут уақытты тиімді пайдалана білу қажет. 7 сыныпта Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы тақырыбын өткенде биология, химия пәндерімен байланысқа баса назар аударамын. Атомдар мен молекулалар. Заттардың молекулалық құрылысы туралы электронды оқулықты, Д.И.Менделеевтің периодтық кестесін пайдаланып қысқаша тоқталып өтіп, тақырыпты оқушылардың өздеріне оқуға беремін.

Қорытынды

Оқу мен тәрбиенің, негізгі және қосымша бөлімінің, сынып және сыныптан тыс жұмыстардың, инвариативті және вариативті білімнің , білім, білік, дағдының, сабақтың білім беру, тәрбие беру, дамытушылық мақсаттарының сабақтастығын ешкім де жорққа шығара алмайды. Яғни интеграцияға баратын жол осы салалардың бірігуімен басталады,. Интеграциялық білім оқушының ақпараттық және коммуникативті құзіреттілігін қалыптастырады. Пәнаралық байланыс арқылы бір ғылым саласының заңдылығын айқын, дәл білу үшін басқа ғылым саласындағы ұқсас құбылыспен байланыстырып, салыстыруға мүмкіндік туады. Интеграция-ғылымдардың жақындай отырып байланысуы.
Оқушының дүниетанымын қалыптастыру барлық пәндердің міндеті. Пәнралық байланыс дүниетанымды бір жүйеге келтіреді, бір ізді, үйлесімді дамытады. Білімді жалпылау, жалпыны бірлікте көру, жалпы тұрғыдан ерекшелікті таныту-әлемнің біртұтас бейнесін танытудағы бірден бір жол.
Бүгінгі қоғамда білімнің ғаламдану салдарынан пәнаралық байланыстың төртінші түрі қалыптасты. Ол әлемдік ашық білім кеңістігіне байланысты білім мазмұнының тасымалдануына және интеграциялануына байланысты туып отыр. Яғни елімізде ғаламдық интеграциялық үрдістің пайда болу нәтижесінде халықаралық дәрежеде білім берудің негізі қаланып жатыр. Қорыта айтқанда, әрбір ұстаз-өз заманының алдыңғы қатарлы білімдар өкілі. Ол өз бойына ғұламаларымыз Әл-Фараби, Ш.Уәлиханов, М,Әуезов, Қ.Сәтбаев т.б. жинаған энциоклопедиялық білімнің негіздерін жинап, осы қасиетті шәкірттеріне сіңіре білуі қажет.
Ол үшін әр сабағында пәнішілік, пәнаралық байланыстан бастау алатын интеграциялық білімнің біртұтас жүйесін ендіріп, оқушыларын әлемдік ақыл ойдың қол жеткен табыстар мен сусындауына, өз бетінше білім алуына, шығармашыл бастамаларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстар
Биологияны оқытуда пәнаралық байланыстардың қызметтері
Пәнаралық байланыс функциялары
Орта мектеп оқушыларына биологияны оқытудың пәнаралық байланыс арқылы оқытудың барысы
Физиканы оқыту үдерісінде пәнаралық байланыстар
Ғылым философиясы туралы
Химияны пәнаралық байланыста негіздеп оқытудың маңыздылығы
Мектептерде химияның жаратылыстану ғылымдарымен байланысын инновациялық оқыту
Психология табиғи және гуманитарлық ғылым саласы ретінде
Биологияны оқыту әдістемесінің пәні
Пәндер