Ғүн дәуірі



Кіріспе 3
1. Батыс Хун тілі. 5
2. Ғүн дәуірі 6
Қорытынды 10
Пайдаланған әдебиеттер 12
Түркі халықтары – бір-бірімен бөлініп, жеке-дара өмір сүрген халықтар емес, қайта өзара тайпа-тайпа болып, жіті араласып, тығыз қарым-қатынаста бірге жасап келе жатқан, кейде өзара жауласып, кейде одақтасып отырған этникалық топтар. Сондықтан болар, көп .жағдайда олардың тарихы, әлеуметтік жағдайы, мәдениеті, салт-дәстүрі, діні, тілі ортақ болып келген. Түркітану бір жағынан, сол көне түркі тайпалары мен халықтарының көптеген ғасырға созылған тарихын зерттеу барысында қалыптасқан пән болып саналса, екінші жағынан, әлі жас, көптеген проблемалары шешіле қоймаған, әлі де дами түсуге тиісті ғылым саласы.
Көне тарихта қолданылған «түрк» сөзі қазіргі кезде жаңа мазмұнға ие болған. Егер түрк атауы тек ертедегі «түрк будуны» тіркесінде ғана қолданылса, бүгінде «түркі» этнонимі түркі тілдес халықтарының, ру-тайпалардың бәріне бірдей өкілеттік жасайтын жалпы терминге айналды. Қазан төңкерісіне дейін «түркі» терминіне түрлі мағына беріліп, оны бірде татар, енді бірде түркі-татар терминімен теңестіріліп келді. Қазір түрк//түрік термині Түркияның негізгі халқының атауына айналды. Түрк сөзі тарихи уақиғаны білдіру үшін «Түрк қағанаты» деген тіркесте қолданылып жүр. Қалай болса да, түрк//түрік//түркі атауларының түп төркіні бір сөз.
1. Бүркіт О. Түркітану. Алматы, 2002.
2. Тұрсынова М.А. Қазақ, қырғыз, өзбек тілдерінің салыстырмалы фонетикасы. Қарағанды, 2006
3. Есенқұлов А. Көне түркі жазба ескерткіштеріндегі қосымшалар. Алматы: Ғылым, 1976.
4. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. Алматы: Мектеп, 1988.
5. Айдаров Ғ., Құрышжанов Ә., Томанов М. Көне түркі жазба ескерткіштерінің тілі. Алматы: Мектеп, 1971.
6. Мұсабаев Ғ. Қазақ тілі тарихынан. Алматы: Мектеп, 1988.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
Кіріспе 3
1. Батыс Хун тілі. 5
2. Ғүн дәуірі 6
Қорытынды 10
Пайдаланған әдебиеттер 12

Кіріспе

Түркі халықтары – бір-бірімен бөлініп, жеке-дара өмір сүрген халықтар
емес, қайта өзара тайпа-тайпа болып, жіті араласып, тығыз қарым-қатынаста
бірге жасап келе жатқан, кейде өзара жауласып, кейде одақтасып отырған
этникалық топтар. Сондықтан болар, көп .жағдайда олардың тарихы, әлеуметтік
жағдайы, мәдениеті, салт-дәстүрі, діні, тілі ортақ болып келген. Түркітану
бір жағынан, сол көне түркі тайпалары мен халықтарының көптеген ғасырға
созылған тарихын зерттеу барысында қалыптасқан пән болып саналса, екінші
жағынан, әлі жас, көптеген проблемалары шешіле қоймаған, әлі де дами түсуге
тиісті ғылым саласы.
Көне тарихта қолданылған түрк сөзі қазіргі кезде жаңа мазмұнға ие
болған. Егер түрк атауы тек ертедегі түрк будуны тіркесінде ғана
қолданылса, бүгінде түркі этнонимі түркі тілдес халықтарының, ру-
тайпалардың бәріне бірдей өкілеттік жасайтын жалпы терминге айналды. Қазан
төңкерісіне дейін түркі терминіне түрлі мағына беріліп, оны бірде татар,
енді бірде түркі-татар терминімен теңестіріліп келді. Қазір түрктүрік
термині Түркияның негізгі халқының атауына айналды. Түрк сөзі тарихи
уақиғаны білдіру үшін Түрк қағанаты деген тіркесте қолданылып жүр. Қалай
болса да, түрктүріктүркі атауларының түп төркіні бір сөз.
Республикамызда Түркологияға кіріспе деген пән 1985 жылдан бастап
жоғары оқу орындарында бағдарлама негізінде оқытыла бастады.
Түркі филологиясына кіріспе оқу құралының негізгі мақсаты –
студенттерге түркі тілдерінің зерттелу тарихынан, олардың
топтастырылып, жіктеліну принциптері жайынан мәлімет беру, әрбір түркі
тілінің өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру, олардың бір-бірімен алыс-
жақындығын ажырата білуге үйрету, т.б. Авторлар түркі халықтарының
этникалық құрамы мен құрылымы туралы мәлімет бере отырып, олардың тарихи
дамуын тіл тарихымен байланыстыра анықтауды, тілдік сыбайластықтың тарихи
сырын анықтай білуді, салыстыра анықтауды үйретуді мақсат етті.
Кіріспесінде қазак тілі түркі тілдері ішіндегі ең таза, ең бай тіл,
диалектілерге белінбейтін біртүтас тіл дейді. 1897 жылы В.В.Катаринскийдің
Грамматика киргизского языка, фонетика, этимология и синтаксис деп
аталатын еңбегі жарияланды. Осы еңбек 1906 жылы қайта басылды. Фонетика деп
аталатын 1-нші бөлімде қазақ тіліндегі дыбыстарды таңбалауға араб
графикасынан гөрі орыс графикасының анағүрлым қолайлы екендігі, қазақ тілі
дыбыстарының бір-бірімен байланысуындағы заңдылықтары, сөйлеу процесінлегі
қүбылыстары дегендерге тоқталады. Сонымен қатар, этимология, синтаксис
салалары туралы айтылады. Қазан төңкерісіне дейін орыс тілінде' жарық
көрген еңбек авторларына байланысты есте үстауды қажет ететін бір жағдай -
олардың ешқайсысының да қазақ тілін сөйлеу тілі ретінде қолданбайтыны,
практикалық түрғыда білмегендіктері. Сондықтан олар қазақ тілі мәселелерін
сез еткенде, өздеріне белгілі, өздерінің ана тілі болып есептелетін орыс
тілі үлгісіне сүйенді, соған негіздеп, қазақ тілі туралы топшылаулар
жасады.

1. Батыс Хун тілі.

Бұлғар, оғыз, қыпшақ, қарлұқ тобы
Тілдердің туысқандық жақтан жіктеу жасау тіл білімі үшін берері мол.
Тілдердің туыстық белгісін анықтап, олардың қаншалықты алыс-жақын екендігін
көрсетіп беретін салыстырмалы-тарихи зерттеулер екендігі белгілі. Әрине
лексикалық құрамы мендыбыстау жүйесі жақын тілдерді анықтау онша қиындық
туғыза қоймайды.
Тілдерге туысқандық жақтан жіктеу жасау тіл біліқ-мі үшін берері мол.
Тілдердің туыстық белгісін анықтап, олардың қаншалықты алыс-жақын екендігін
көрсетіп беретін салыстырмалы-тарихи зерттеулер екендігін айттық. Әрине,
лексикалық құрамы мен дыбыстау жүйесі жағынан жақын тілдерді анықтау оңша
қиындық туғыза қоймайды. Мысалы, қазақ тілі мен қарақалпақ тілінің туыстас
тіл екендігін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ. Бірақ туыстас тілдердің барлығы
да қазақ, қарақалпақ тілдері сияқты лексикалық, фонетикалық, грамматикалық
жағынан толық сәйкес келе бер-мейді. Мысалы, түркі тілдері тобына енетін
қазақ тілі мен чуваш тілдерінің материалдарын салыстырып қарайтын болсақ,
бұлардың аралығында үлкен алшақтық бар, түркі тілдес болса да, чуваш пен
қазақ өз тілдерінде сөйлесе кетсе, бір-бірін түсіне алмайды. Төмендегі
сөздерді салыстырып көрейік:
қазақша қыз су же- бар- қарын аяқ көз арқа
чуьашша хер шыв си- гур- хырам ура кус суран
қазақша бар тірі арт кір қазан сүт балық балта
чувашша пур чере қыс кер хұран сет пула пурта
Туыстас тілдердің материалдарын өзара салыстырып қарайтын болсақ, кей
тілдер өте жақын туыстық қатынаста болып, ұқсастық белгілері айқын көрініп
жатса, екінші бір тілдер арасында ондай ұқсастық аз болады, тіпті
кейбіреулерінің [мыс, чуваш пен қазақ тілдерінің] туыстық қатынасын анықтау
арнайы ғылыми талдауды қажет етеді. Бұл олардың тарихи даму жолына да, жеке
тіл ретінде қалыптасу кезеңіне де, көрші тілдердің әсеріне де байланысты
болады. Қазақ, қарақалпақ, ноғай тілдерініқ ұқсас белгілері өте кеп,
олардың туыстығын дәлелдеп жату қажет те емес. Себебі олар ру, тайпа
тілдері ретінде ұзақ уақыт бойына бірге дамып, тек XIV ғасырдан кейін ғана
жеке тіл ретінде қалыптаса бастады. Бұл халықтардыц құрамына енген ру-
тайпалар өзара тығыз араласып, бір территорияда [Ноғай ордасы мен Өзбек
ордасының қүрамында] өмір сүрген .Сондықтан бұл халықтардың тілінде ортақ
белгілердің көп болуы заңды да. Ал чуваштар болса, Орта Азия мен
Қазақстанда тұратын тайпалармен қатынасын ертерек үзген. Олар көбіне угро-
фин тілдес тайпалардың орта-сында қалып, солармен қатынаста болған. Сөйтіп,
қазақ тілі де, чуваш тілі де өзіндік бағытта дамып, қалыптасқан. Тілдер
арасындағы алыс-жақындық міне осындай даму процесінің ерекшеліктеріне
байланысты болса керек.
Дүние жүзіндегі тілдерді салыстырмалы-тарихи зерттеулер негізінде іштей
бірнеше туыстас топтарға бөліл қарау — көптен келе жатқан ғылыми дәстүр.
Дегенмен, күні бүгінге дейін тілдерді туысқандық жақтан топтас-тырудың әлі
де шешімін таба алмай жүрген мәселелері жоқ емес. Бұған себеп, біріншіден,
дүние жүзі тілдерінің бәрі бірдей толық зерттелмегендігінде болса,
екіншіден, тіл элементтерінің күрделілігі мен сан қырлылығына байланысты.
Мәселен, үнді европа, түркі тілдері біршама толық зерттелінген тілдерге
жатса, америка индеецтерінің тілдері жөнінде оны айта алмаймыз. Тіпті
зерттелген, грамматикалық, дыбыстық жүйесі анықталынған түркі тілдерінің
өздерін де ғылыми тұрғыдан жан-жақты толық анықтадық деп айтудың өзі қиын.
Түркі тілдерін туысқандық, тарихи, морфологиялық т. б. ерекшеліктеріне
байланысты топтастыру мәселесі белгілі дәрежеде дұрыс шешілсе де, оның әлі
де зерттей түсетін, толықтыра, жетілдіре түсетін жақтары баршылық. Бұл
салада салыстырмалы-тарихи зерттеулердін, ролі ерекше .
Тілдерге туысқандық талдау жасауда қиындық туғызатын екінші бір мәселе
— бірде-бір таза тіл болмайды. Өйткені жеке, саяқ өмір сүретін тіл
кездеспейді. Жер жүзіндегі барлық тілдер, соның ішінде түркі ха-лықтарыньщ
тілдері де, басқа көршілес тілдермен ұзақ уақыт бойына қарым-қатынас жасап
келеді. Осының нәтижесінде бір тілден екінші тілге сөз, дыбыс не
грамматикалық элементтер ауысып отырады. Сондай-ақ, о бастағы негізі бір
туыс тілдер өзара жіктеліп жеке, дербес тіл құруы да, немесе бірнеше басқа
тілдердің құрамына еніп, жаңа ерекшеліктерге ие болуы мүмкін. Дәлел ретінде
өзбек тілін кәрсетуге болады. Өзбек тілі, кеп-шілік тілшілердің пікірінше,
түркі тілдерінін, қарлұқ тобына жатады.

2. Ғүн дәуірі

Бұл - түркі тілдері дамуынын Алтай дәуірінен кейінгі екінші кезеңі. Бүл
кезең, яғни, ғүн дәуірі, жыл санауымыздан бүрынғы III ғасырдан бастап,
біздің заманның V ғасыры арасын қамтиды. Бүл дәуірде түркілер мен
моңғолдар, түңғыстар мен манжурлар ғүн деп аталатын үлы да күшті империя
қалыптастырған. Осы империяның омір сүрген дәуірі ғүн дәуірі деп аталады.
Европалық тілдерде ғүн, көне грек тілінде скиф, парсылар тілінде сақ деп
түрліше аталатын бүл империяны ғалымдар Қазақстан мен Орта Азияда пайда
болған алғашқы тапты қоғам деп есептейді. Қазіргі түркі халықтарының,
солардың ішінде қазақ халқының да, түпкі төркіні осы ғүндар болса керек.
Тарихи деректерге қарағанда ғүн империясы Орта Азиядан бастап Шығыс
Европаға дейінгі кең алқапты жайлайды. Жыл санауымыздың бірінші ғасырының
орта кезінде581ж хандыққа, билікке таласып, өзара жауласудың және сыртқы
дүшпандардан, әсіресе, қытайлардың тынымсыз шабуылдары нәтижесінде ғүн
империясы Батыс ғүн, Шығыс ғүн болып екі мемлекетке белінеді. Кейбір түрік
қағандығы, Шығыс түрік қағандығы деп те атайды. Батыс түрік қағандығы
Жетісу, Шығыс Түркістан, Тянь-Шань, Орта Азия аймақтарын жайлаған. Ғалымдар
оны біздің заманымыздың 503 жылынан бастап емір сүрген ерте феодалдық
мемлекет деп есептейді. Батыс ғүн қүрамына бүлғар, оғыз, қыпшақ, қарлүқ деп
аталатын тайпалар және осы тайпалардың атымен аталатын бүлғар тілі, оғыз
тілі, қыпшақ тілі, қарлүқ тілдері енген. Бүған қүрамында болғаны байқалады.
Шығыс ғүн бірлестігі қүрамына үйғыр-оғыз, қырғыз-қыпшақ деп аталатын екі
тайпа одақтары және олардың тілдері енген. Н.А.Баскаков Тюркские языки
дейтін еңбегінде жоғарыда аталған тайпалар тілдерінің бір-бірінен
фонетикалық және грамматикалық біраз езгешеліктерін керсетеді.
Түркологияда көне түркі дәуірі үш кезеңге белінеді:
І.түрки, бүл-У-ҮШ ғасырлар арасын қамтиды; 2.үйғыр, немесе қарлүқтар
дәуірі деп аталады. Бүл УІІІ-ІХ ғасырларды қамтиды; З.Көне қырғыз немесе
яғмалар дәурі. Бүл ІХ-Х ғасырларды қамтиды.
Көне түркі тілі – қазіргі түркі халықтарының түп негізі саналатын
халықтар тілі. Көне түркі тілінің кейбір материалдары топонимика мен
ономастика тарихында, көршілес елдердің жылнама жазбаларында кездеседі.
Басты мәліметтер көне түркі жазба ескерткіштері (5–8 ғ.) мен көне ұйғыр
жазба ескерткіштерінде (5–13 ғ.) сақталып қалған. Олар жеке тайпалық тілдер
негізінде жасалған. Қазіргі түркі тілдерінің жетілу барысындағы белгілі бір
кезеңді танытатын тарихи нұсқа Көне түркі тілінің грамматикалық құрылысы,
фонетикалық жүйесі және оның негізгі сөздік қоры осы күнгі түркі тілдерінде
түгелдей сақталған. Кейбір өзгешеліктері мынадай:
• 1) граммат. ерекшеліктер: Көне түркі тілі типол. жағынан жалғамалы
топқа жатады, оның морфологиялық құрылысының негізі – аффиксация:
түбір – жұрнақ жалғау. Түбір көбінесе бір буынды, кейде екі буынды
болып келеді, аффикстік көрсеткіштер де осы іспеттес. Көне түркі
тілінде тек (род) категориясы болмаған. Атау тұлғада тұрған сөздің
көптеген мағынасы болған. жіктеу есімдіктері мен сілтеу есімдіктері –
этимол. жағынан өзара төркіндес. Қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері туралы
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері. Алтай, Хұн дәуірлері
Түркі тілдерінің дамуы мен қалыптасу кезеңдері жайлы мәлімет
Қазақ халқының шығу тегі
Қазақ халқының қалыптасуының кезеңдері
Алғашқы қауымдық құрылыс тұсындағы Қазақстанның мәдениеті
Ежелгі түркі өркениетінің ерекшелігі
Көшпелі мал шаруашылығы
Бірқатар авторлардың пікірі бойынша палеолит екі дәуірге бөлінеді - ежелгі дәуір мен соңғы дәуір
Түркі тілдерінің фонетикалық жүйесі
Пәндер