Шырғанақ жидегінің сан қырлы сипатын ашып көрсету



Кіріспе 3
1 Шырғанақтың биологиясы 5
1.1 Шырғанақтың морфо.ботаникалық қасиеті
1.2 Емдік қасиеті 7
1.3 Шырғанақтың сорттары 12
2 Тәжірибелік бөлім 19
2.1 Шырғанақ өсімдігінің құрамы 19
2.2 ШЫРҒАНАҚ ЖƏНЕ ЗƏЙТҮН МАЙЛАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ ЯМР СПЕКТРОСКОПИЯ ƏДІСІ ЫРҚЫЛЫ ЗЕРТТЕУ
Қорытынды 26
Пайдаланған әдебиеттер 27
Қосымшалар 28
Соңғы кезде ауыл тұрғындары мен қалалықтар қайта өз үйлерінде, не болмаса қала сыртындағы өз саябақтарында жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін отырғызып есік алдын көгалдандырып, бау бақшалықпен айналысып жүр. Олары өте құптарлық іс.
Ол бұрыннан, ертеден таныс картоп, алма қарақат, шие, сәбіз, қызылша және басқа түрлер. Солармен қатар осы біздің жақта көп өсе бермейтін тек жабайы далалық орман өсімдіктерін, жоғары дәруменді жемісті дақылды өсімдіктерді де қолға алып өз қажеттілігімізге пайдалануға болады. Қанша дегенмен көптеген дала, орман жабайы өсімдіктерінің дәнді жемістері, жапырақтары, әр түрлі адам организіміне өте керек дәруменді заттарға бай ғой. Оны көпшілік толық білмесе де, зерттеліп ғылыми дәлелденген десек те, күні бүгінге дейін олардың құрамын,қалай өсіріп баптап, өнімдерін қандай түрде қолдану керектігін, оларды күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін әлі де дұрыс білмейді.
1. Ващенко И.М. Основа сельского хозяства- М. Просвещение 1987г
2. Ващенко И.М. Практикум по основым сельского хозяства М. 1982
3. Жанабаев С.А. Өсімдік өнімін өндіру технологиясы. Алматы 1996ж
4. Аяпов А.С. Жеміс жидек шаруашылығы Алматы 2001ж
5. Молдағүлов М.С. Ауыл шаруашылық негіздері практикумы А. Алматы 1976.
6. «Растениеводство с основами селекции и семеноводства»- Г.В. Коренев, Г.И.Подгорный- М.: Колос,1988-511 с.
7. «И назвали свеклу сахарной...»- С.В.Ильевич, Ф.А. Ливинский,-М.: ВО «Агропромиздат» 1988-175 с.
8. Чумаокв А.Е., Захарова Т.И. Вредоносность болезней сельскохозяйственных культур. Васхния, ВИЗР, М.: ВО «Агропромиздат», 1990-127 с.
9. Құлпыбаев С., Алдарбергенов С. «Қызылша шаруашылығындағы еңбек тиімділігі» - Алматы: Қайнар, 1979.
10. Өріспаев Қ., Әлдеков Н. «Қызылша өсірудің анықтамалығы» - Алматы: Қайнар, 1978.
11. Ә.О. Байоразов, «Жаршы» № 18 басылым «Өсімдік шаруашылығы»

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Кіріспе 3
1 Шырғанақтың биологиясы 5
1.1 Шырғанақтың морфо-ботаникалық қасиеті 5
1.2 Емдік қасиеті 7
1.3 Шырғанақтың сорттары 12
2 Тәжірибелік бөлім 19
2.1 Шырғанақ өсімдігінің құрамы 19
2.2 ШЫРҒАНАҚ ЖƏНЕ ЗƏЙТҮН МАЙЛАРЫНЫҢ ҚАСИЕТТЕРІН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ ЯМР СПЕКТРОСКОПИЯ ƏДІСІ ЫРҚЫЛЫ ЗЕРТТЕУ 23
Қорытынды 26
Пайдаланған әдебиеттер 27
Қосымшалар 28

Кіріспе

Соңғы кезде ауыл тұрғындары мен қалалықтар қайта өз үйлерінде, не болмаса қала сыртындағы өз саябақтарында жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін отырғызып есік алдын көгалдандырып, бау бақшалықпен айналысып жүр. Олары өте құптарлық іс.
Ол бұрыннан, ертеден таныс картоп, алма қарақат, шие, сәбіз, қызылша және басқа түрлер. Солармен қатар осы біздің жақта көп өсе бермейтін тек жабайы далалық орман өсімдіктерін, жоғары дәруменді жемісті дақылды өсімдіктерді де қолға алып өз қажеттілігімізге пайдалануға болады. Қанша дегенмен көптеген дала, орман жабайы өсімдіктерінің дәнді жемістері, жапырақтары, әр түрлі адам организіміне өте керек дәруменді заттарға бай ғой. Оны көпшілік толық білмесе де, зерттеліп ғылыми дәлелденген десек те, күні бүгінге дейін олардың құрамын,қалай өсіріп баптап, өнімдерін қандай түрде қолдану керектігін, оларды күнделікті өмірде қалай пайдалану керектігін әлі де дұрыс білмейді. Бұлар жайында талай ғалым биологтер, химиктер тәжірибе тексерісімен өз еңбектерін халық игілігіне қалдырған. Біз сол көп еңбектердің өзімізге керек, бар дегенін ойдағыдай жарата алып іске асырсақ қандай тамаша болар еді. Ол адамзат ағзасына, денсаулығына барша көмек, қосымша табиғи қорек дәрі болары анық. Ол талай жылдық тәжірибе тексеріспен дәлелденген.
Дәрумен-ол біздің адам организміне өте керекті әр түрлі химиялық түрдегі табиғи био заттар. Олардың күнделікті ішіп-жейтін тамаққа қарағанда өте аз мөлшерде бізге керектігі болса да соның өзінде оның біздің организмнің толық жағдайда жұмыс істеуіне көп көмегі барлығы дәлелденген. Өз денсаулығым өте жақсы, мықты деген адамға тәулігіне не бары бірнеше миллиграм әртүрлі дәрумендер тобы қажет. Олар күнделікті ішіп-жеген аспен келіп сол астардың толық қортылып адам ішкі құрылысына, клеткаларының толып бүлінбей өсуіне, барлық мүше организімінің жақсы дамуына көмектеседі. Бүгінде осы дәрумендер халықаралық бір стандартпен, өздерінің химиялық структурасына қарай А-ретинол; В1-тиамин; В2-рибофлавин; В3-никотиді қышқыл және басқа В түрлерімен қатар С-аскорбинді қышқыл; F-ерекше майлы қышқыл; Н-биотин және басқа да көптеген түрлерге бөлінеді. Сонымен қатар, олардың провитамин түрлері адам организмінде толық қанды витаминге айналатын түрлері де болады. Осы витаминдердің күнделікті денсаулығы жақсы деген адамның организміне келуі ол солардың әр түрлі ауруларға уақытында қарсы тұруына, жеңуіне көмектеседі. Ал олардың адам организмінде азайып не мүлде жоғалуы болса организм әлсіреп кейбір ауру түрлеріне әкелуі мүмкін. Біз көбіне сол дайын витамин түрлерін қолданбаймыз. Тек бір жер ауырып дәрігердің айтуымен ғана оларды іздеп сатып алып ішуіміз мүмкін. Ал солар көптеген биологиялық активті заттардың химиялық түрінде әр түрлі жеміс жидектер мен көкеніс түрлерінде көп мөлшерде кездеседі.
Қазірде жер шарында экологиялық жағдай мен адамзаттың көбейуінен көптеген орман тоғайлар әр түрлі апаттар мен адамдардың оны кесіп, тоқтаусыз алуынан азайып барады. Бізде өседі дегендерін жағдай жасап, өз бау-бақшаларымызда, үлкен үйлеріміздің алдында өсіріп көбейтіп керегімізге алып жаратсақ, артыған басқа жұртқа бере, үйретіп, олардың керектігін халыққа жеткізу керек ақ. Біз бұдан жақсылық көрмесек, жамандық көрмейтіндігіміз анық. Ал өнеркәсіпті жағдайда шаруашылықты үлкейтіп бірнеше гектарға отырғызуды қолға алса ол үлкен жұмыс.
Олардың біздің аймақта бейімделген жоғары витаминді кейбір түрлерін; шырғанақ (облепиха), мойыл (черемуха), долана (боярышник), итмұрын (шиповник) т.б. дұрыстап отырғызып, күтіп баптаса олардың гектарынан 30-100 центнерге дейін алуға болады екен. Қандай жағдай болса да ойланып қолға алып, ізденіп өз үй манайларына гүлдер, жеміс-жидектер отырғызып күтіп өсірген, қай жағынан болса да жақсылығы бар істердің бірі болар еді. Осындай адам өміріне пайдалы өсімдіктердің бірі - шырғанақ (облепиха).
Мақсаты: Шырғанақ жидегінің сан қырлы сипатын ашып көрсете отырып, оның адам ағзасына тигізетін орасан зор пайдасы мен емдік қасиеттерін айқындау.
Міндеттері:
- Шырғанақ жидегіне сипаттама беру;
- Шырғанақ жемісін жинаудағы ескеретін жағдайлар;
- Шырғанақтың емдік қасиеттерін айқындау;
- Шырғанақ және зәйтүн майларының қасиеттерін
салыстырмалы түрде ямр спектроскопия әдісі арқылы зерттеу.

1 Шырғанақтың биологиясы
1.1 Шырғанақтың морфо-ботаникалық қасиеті
Шырғанақ немесе Тікенжиде - жиде тұқымдасына жататын бұта.
Шырғанақ - бұталы немесе шағындау ағаш болып саналатын тікенді өсімдік. Жапырағы мен гүлі бір уақытта ашылады. Қазақстан жерінде бір ғана түрі кездеседі. Тау етегінде, тоғайлы алқапта, өзен-су жағалауларында, жартасты, тасты тау беткейлерінде өседі. Жапырағы күміс түстес. Сәуір, мамыр айларының аралығында гүлдейді. Гүлдеп біткен соң жеміс салады. Жемісі қазан айында піседі. Күзде жемісінде болатын ащы дәм алғашқы қара суықтан кейін жоғалады. Жемісінде 8 % шырғанақ майы бар, каротинге бай. Құрамындағы дәрумендердің қасиетін жоғалтпау үшін жемісін ағаш бөшкелерде, күн көзінен таса жерлерде сақтау керек. Шырғанақтың жемісінен шырынды сусындар, қайнатпа, тосап жасалады. Шырғанақ майы терідегі жаралар мен күйіктерді жазады. Адамның ішкі ағзасының жұмысын жақсартып, бауырдың негізгі қасиетін сақтауға көмектеседі. Көптеген қатерлі ісіктерді емдеуге, хирургиялық операциялардан кейін де қолданылады. Өсімдіктің бұтасы тығыз және қатты болып келеді. Сондықтан оны жылжитын құмдардың жолына егіп, таудағы жүретін көшкінге тосқауыл ретінде жартасты тау беткейлеріне егуге болады. Көгалдандыруда жеке немесе топтап егуге және жасыл қоршау ретінде өсіруге болады.
Шырғанақ - Жер шарының ең ұзақ өмір сүрушісі. Ғалымдардың пікірінше, оның жасы 24 миллин жыл шамасында. Шырғанақ - ағзаның барлық мүшесіне кешенді және тиімді әсер ететін дәрілік өсімдіктердің бірі. Шырғанақ - Elaeagnaceae тұқымдасына жататын, биіктігі 5 метрге жететін, өткір тікенекті, бұталы өсімдік. Қабығы көбінесе қара түсті болып келеді. Жапырақтары ұзынша келген, жіңішке, ұзындығы 8 сантиметр, ені 1 сантиметр, сағақтары қысқа. Өсімдік қос үйлі болып есептеледі.
Аталық гүлдері бір бұтақта, аналық гүлдері екінші бұтақта болады. Гүлдері бұталардың қуысында шоғырланса, аталық гүлдері кішігірім масақша тәрізді. Дөнгелек, сырты етті, исі жағымды, қызыл сүйекті жемісі болады. Сәуір-мамыр айларында гүлдейді. Шырғанақ өзендердің жағаларында, ылғалды шабындықтарда, батпақтардың айналасында, тау етектерінде өседі. Дәрі жасау үшін шырғанақтың жемісін пайдаланады. Құрамында орта есеппен 45 пайыз аскорбин қышқылы, аминқышқылдары, полиқанықпаған майлы қышқылдар, фосфолипидтер, флавоноидтар (кемпферол, кверцетин, изорамнетин, рутин), органикалық қышқылдар (салицил, шарап, алма, қымыздық, янтарь), макро- және микроэлементтер (кальций, железо, магний, никель, кремний, молибден) алма қышқылы, каротин, май, ксантофилл, кверцетин, Е, В1, В2, Р дәрумендері, илік заттар, фитонцидтер, кумариндер бар.
Шырғанақ майы қабынуға қарсы, антибактериалды әсерге ие, байыр тіндері сияқты жұмсақ тіндердің тотықсыздану үрдістерін ынталандыратын, ауруды басатын, жараны жазатын әсері бар. Асқазан мен 12 елі ішек жарасында тиімді. Гипо- және авитаминоз кезінде дәрумендік зат ретінде, ағзаның сәулелік зақымдалуларында, асқазан мен 12 елі ішектің шырышты қабатының генеративті өзгерістерінде қолданылады. Гинекологиялық тәжірибеде кольпит, эндоцервицит, жатыр мойны эрозиясында қолданылады. Шырғанақ майы - күшті косметикалық құрал, себебі құрамында сирек кездесетін полиқанықпаған қышқылдардың, А, F, E, K дәрумендерінің уникалды поливитаминдік кешені бар

Күтімі
Ашық күн көзінде өскенді қалайды.
Көбейтілуі
Шырғанақ тұқымынан да, тамыр және қалемшесімен де көбейеді. Жаңадан шыққан өскіні 4-5 жылдан кейін ғана жеміс бере бастайды. Тұқымы арқылы күз мезгілінде көбейеді.
Шәңгіш туралы тақпақ
Тау баурайы, өзен, су жағасында,
Кездеседі шырғанақ өсімдігі.
Дәруменнің көп түрі бар осында,
Емдік үшін адамдар жесін мұны.
Шырғанақ (лат. Hippóphaë rhamnoídes) -- гүлді өсімдіктердің қосжарнақтылар класындағы жиде тұқымдас кішкене ағаш немесе бұталы өсімдік . Биіктігі 1,5 -- 6 метр. Шырғанақ туыстардың 3 қана түрі бар . Ең көп тараған түрі -- итшомырт шырғанақ.
Шырғанақ - жиде тұқымдасынажататын биіктігі 1,5 -- 5 метрге дейінжететін ағаш немесе бұта. Шырғанақтың 3 қана түрі бар . Ең көп тараған түрі -- итшомырт шырғанақ. Қазақстанжерінде бір ғана түрі бар. Тау етегінде, тоғайлы алқапта, өзен-су жағалауында,жартасты, тасты тау беткейінде өседі. Жапырағы күміс түстес.
Шырғанақ топырақ талғамайды, жарық мол түсетін орындажақсы өседі, суыққа төзімді. Бұтасы тығыз және қатты болып келеді. Сондықтан,оны жылжитын құмның жолына егіп, таудағы жүретін көшкінге тосқауылретінде жартасты тау беткейлеріне егуге болады.
Өсімдіктің жапырағы мен гүлі бір уақытта ашылады. Сәуір,мамыр айларының аралығында гүлдейді. Гүлдеп біткен соң жеміс салады. Жемісіжеуге жарамды, хош иісті, ұзындығы 88 мм, ені 5-7 мм болады. Жемісі қыркүйек-қазан айларында піседі. Күзде жемісінде болатын ащы дәм алғашқықара суықтан кейін жоғалады.
Шырғанақтың құрамы аскорбин қышқылына, дәруменге, микроэлемен пен илік заттарға бай.
Өсімдіктің құрамындағы дәруменнің қасиетін жоғалтпау үшінжемісін ағаш бөшкеде, күн көзінен таса жерлерде сақтау керек. Шырғанақжемісінен шырынды сусын, қайнатпа, тосап, ликер,жасалады. Шикілей де жеугеболады.
Шырғанақ жапырақ төгетін бұта тектес ағаш. Жапырақтары қандауыр тәрізді сопақ, бозғылт болып келеді. Өн бойы тікенді, қабығы жылтыр қоңыр көп бұтақ шығарып өседі. Сарғыш гүл ашады. Жемісі тамыз айында піседі. Халық емшілері шырғанақты өте ерте кезден бастап дәріге қолданады. Оның жемісі, жапырағы, жас бұтақтары дәріге істетіледі. Ол таулы өңірлердегі өзен бойларында, жыра-жылғаларда да өсе береді. Республикамыздың Алтай, Ала - тау өңірлерінде көбірек кездеседі. Оны қолдан көшіріп егуге де болады. Шырғанақ қышқылдау, тәтті, дәмді, жағымды райлы, уытсыз болады. Жас бұтақтары мен жапырағын жазда, күзде алып кептіреді. Ал жемісін күзде немесе қар бір жауғанда алып, дәрі жасайды. Шырғанақтан алынатын май ерекше қызыл қоңыр түсті болады. Оны көптеген сыркаттарға тиімді дәрі ретінде қолданады.

Сары түсті, шырынды жемісі бұта басында тізбектеліп, жабысып өседі. Гүлдеу мерзімі - сәуір, мамыр айлары. Қыркүйек-қазан айларында жемістері піседі. Шырғанақтың жемісі аскорбин қышқылына, В1, В2, В6 дәрумендеріне, ал дәні майға (12,5 %), каротин мен В1, В2, Е дәрумендеріне бай. Жемісінен әртүрлі тосап, кисель тағы да басқа дәруменді заттар дайындайды. Шырғанақ - Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде көп

1.2 Емдік қасиеті

Дәрілік мақсатта шырғанақтың жемісімен жапырағы пайдаланылады. Жапырағын мамыр, ал жемісін - қыркүйек-қазанайларында жинаған абзал.
Шырғанақ жапырағының тұнбасы асқазан, ішек, ұлтабар ауруы менжарасына, ревматизмге, дәнінен алынған майы сыртқы жараларға, күйік пен үсіккеем. Тыныс жолдары (ауыз,мұрын) қабынғанда, ауыз ойылғанда қолданады.
Өсімдіктің жемісінен шырғанақ майы(облепиховоe масло) деген дәрі алынады. Бұл дәрі ғылыми медицинада өте жоғарыбағаланады. Әсіресе, радиоактивті сәуленің әсерінен пайда болған терідегіжараны емдеуде шипалық қасиеті зор.
Шырғанақ майытерідегі түрлі жара мен күйікті жазады.Адамның ішкі ағзасының жұмысын жақсартып,бауырдың негізгі қасиетін сақтауға көмектеседі. Аталмыш май көптеген қатерлі ісікті емдеу мақсатында қолданылады.Шырғанақ майын хирургиялық операциядан кейін де пайдалануға болады.
Шырғанақ жемісініңүлкен жапырағын 30 минут қайнатып, ресматизмге қарсы ем ретінде пайдаланады.
Көбейтілуі
Шырғанақ тұқымынанда тамыр және қалемшесімен де көбейеді.Жаңадан шыққан өскіні 4-5 жылдан кейін ғана жеміс бере бастайды. Тұқымы арқылы күз мезгілінде көбейтеді.
Ескерту! Емдік мақсатта пайдаланатын өсімдіктікөлік жүрмейтін, ауыл, қаладан алыс шалғын мен алаңқайлардан жинау керек.
Дәрілік мақсатта қолдануүшін өсімдікті толық гүлдеп тұрған кезде жинайды. Көлеңкеде кептіріп, дорбадасақтайды.
P.S. Химиялық тәсілмен жасалатын препараттарға қарағанда, өсімдіктерденалынатын дәрілердің артықшылығы өз алдына. Тіпті, сүт өнімдерінің сапасы да өсімдіккебайланысты. Өсімдік - өмір өзегі, - деп бекер айтылмаған.
Тікенжиде (Hippophae) - жиде тұқымдас өсімдіктердің бір туысы. Евразияның қоңыржай өңірінде өсетін 3 түрі бар. Өзен жағасы мен таулы, саздауыт жерде өсетiн өсiмдiк. Бұл биіктігі көбіне 2-6, кейде 10-12 м аласа ағаш не бұта, бұтақтары тікенді, жапырағының ұзындығы 2-8 см, ені 2-8 мм. Гүлі ұсақ, дара жынысты, сәуір немесе мамыр айыларында гүлдейді, ет-женді, сүйекті, жемісі тамыз және қырқүйек айларында піседі. Түсі сарғылт не қызғылт.
Қазақстанда Сарыарқаның шығысында, Зайсан, Балқаш - Алакөл атырабында, Алтай, Тарбағатай, Жоңғар, Іле, Күнгей, Кетпен, Теріскей, Қырғыз Алатауларында, Қаратау, Батыс Тянь-Шаньда өзен бойларында, тоғайда, кейде тау бөктерінде (2000 м-ге дейін) өседі. Тікенжидені әсемдік үшін құм, жырасай беткейін бекіту үшін өсіреді. Жемісінде витамин көп; жемісінен варенье, дәрілік май дайындалады. Тікенжиденің майы күйікті, ойықты, терінің сәуледен зақымдануын емдеуге, сондай-ақ асқазанның ойық жарасына қарсы қолданылады. Жапырағы - иілік шикізат.[1]
Сымбатты болуға көмектесетін арзан құралдың бірі -- шырғанақ майы.
1. Алақаныңызға кішігірім май құйып, шашыңызға жағыңыз. Аптасына бір рет қайталап тұрсаңыз, бір айдан кейін шашыңыздың қалыңдап, жылтырайтынына көз жеткізесіз.
2. Кесеге айран құйып, ыстық су құйылған тәрелкеге қойыңыз. Айран жылығанда 5 тамшы шырғанақ майын тамызып, қоспа дайындаңыз. Оны басыңызға жағып, полиэтиленді бас киім не пакетпен, оның үстінен сүлгімен ораңыз. 30 минуттан кейін шашты жуу керек. Нәтижесіне шашыңыз қалыңдап, түсуі азаяды.
3. Қайызғақтан құтылғыңыз келсе, шырғанақ майын қолдану керек. 1 стақан ыстық, қою шайға 1 шай қасық шырғанақ майын қосып, араластырыңыз. Шашты жууға бір сағат қалғанда басыңызға жағыңыз.
Сондай-ақ шырғанақ майы кірпік пен қас өсіруге көмектеседі. Ол үшін аптасына бірнеше рет кірпіктеріңізге шырғанақ майын жағу керек.
Шырғанақ майының бетке қандай пайдасы бар?
1. Бет массажы.
Ас қасықты оттың үстінен ұстап, қызғанынша күтіңіз. Содан соң шырғанақ майын құйыңыз. Әжімнен құтылу үшін пайдаланылатын бұл қоспаны бетке жағып, массаж жасаңыз.
2. Бетке арналған маска.
Жұмыртқаның саруызы мен 10 тамшы шырғанақ майынан қоспа дайындаңыз. Бетке жұқалау етіп жағып, 25 минуттан кейін жуып тастаңыз. Содан соң көк шаймен бетті шаюға болады. Сонда бетіңіз құрғақтанып кетуінің алдын аласыз. Сондай-ақ салқын ауа райы мен желдің салдарынан болатын беттің қабыршақтануына жол бермейді.
Шырғанақ майын жүкті әйелдер мен нәрестелерден басқа адамдардың барлығына қолдануға болады. Жалпы оның пайдасы өте көп. Бірақ сіздердің назарларыңызға оның ең пайдалы жақтарын ұсынып көреміз.

1. Түрлі жарақаттар, сызаттар, тыртықтар мен ара шаққан жерлерді шырғанақ майын жақса, жылдам жазылады.

2. Сүйел шырғанақ майын жаққаннан соң төрт аптада кетеді.

3. Май аяқтағы мүйізгекті де кетіруге болады.

4. Шырғанақ майы - кірпіктерді ұзартуға және шаштың жағдайын жақсартуға арналған керемет май.

5. Қайызғақтан құтылу үшін 2 ас қасық шырғанақ майы мен 2 ас қасық қырмызыгүл (календула) майын араластыру керек. Осы қоспаны бастың терісіне жағып, 20-30 минутқа орау керек. Сосын жуып тастаған дұрыс.

6. Конъюнктивит кезінде көзге күнінен 2 рет 1 тамшыдан тамызу керек.

7. Шырғанақ геморроймен күресуге де жақсы.

8. Суық тиген кезде, әсіресе қатты жөтел болғанда, шырғанақ майымен кеудені уқалау керек.

9. Шырғанақ жыныс инфекциялары мен қуық қалбыршағын емдеу үшін қолданылады.

10. Құрсақ бөлігіне жағу арқылы етеккір кезінде ауырсыну белгілерін жояды.

11. Бұл керемет май беттегі қара дақтарды ағартуға көмектеседі.

12. Шырғанақ майын пайдалана отырып жасалған массаж аяқтағы ауырсынуды азайтады.

13. Тітіркенген қызарған көзді де шырғанақ майының көмегімен қалпына келтіруге болады. 1 тамшы шырғанақ майын тамызып, көздегі шелден арылуға көмектеседі.

14. Шырғанақтың шаштың түсуіне қарсы да көмегі көп.

15. Шырғанақ майын ас қорыту жолдары мен ішек қабынған кезде, іш қатып, жел толған кезде ішуге болады.

16. Шырғанақтың ішті жүргізетін әсері артық салмақпен күрес кезінде көмектеседі.

Шырғанақ
Aug13

шырғанақ

1. Дәрумендердің жетіспестігінең болған қан аздыққа 3 ас қасық шырғанақ шырынын жарты стақан райхан жалбыздың қайнатылған тұнбасына қосып, оған бір ас қасық бал қосып араластырады да тоңазытқыштың астына қойып, екі сағат бұқтырады. Осыдан әр жолы жарты стақаннан астан бұрын екі рет ішеді. Бір емделу ба - рысы 14 күн.
2. Аллергиялық аурудан тері бүлінгенде бір ас қасық шырғанақ жемісін 250 г қайнап тұрған суға салып, 10 ми - нут ақырын қайнатады. Жарты сағат бұқтырады. Осыдан ас алдында 2 ас қасықтан ішеді. Суын жылытып, теріге компресс жасайды. Әр 15 минут сайын ауыстыруға болады. Бір емделу барысы 15 күн.
3. Сусамыры бар адамдардың зат алмасуы бұзылған кезде 3 ас қасық итмұрын жемісіне 1 шай қасық қаражидек жемісін қосып, 1 литр қайнап тұрған суға салып, жарты сағат жабық термоста ұстайды. Осыдан соң оны сүзіп, үстіне 4 ас қасық жылы шырғанақ шырынын, 3 ас қасық бал салып, бәрін араластырады да, 3 апта күніне 3 реттен жарты стақаннан ішеді. 21 күн осылай емделіп, 15 күн демалып, қайта жалғастыруға болады.
4. Тұмау тиіп жөтеліп қалған кезде бір стақан қайнап тұрған сүтке бір шай қасық шырғанақ майын, пышақтың ұшымен ас содасын қосып, араластырып, жатарда ішіп, жазылғанша жалғастыруға болады.
5. Тіс түбі босап, қанап ауырған кезде шырғанақ жапырағын 10 минут ақырын қайнатып, астан соң жылыдай ауызды шайып отырады. Күніне 5-6 рет. Бір апта жасаса нәтижесі көрінеді.
6. Жұтқыншақтың бірнеше түрлі ауруына, мұрынның іші ауырғанда таза дәкеге сіңірілген шырғанақ майымен ауыз қуысын, жұтқыншақ төңірегін, танау ішін ауық-ауық сүртіп отыру керек. Бір емделу барысы 10 күн.
7. Көз ауруларының бірі тауық соқыр деп аталады. Бұл көбінше кешке қарай көздің көру қабілеті төмендеп кетеді. Мұндайда бір стақан шырғанақ жемісін күні бойы жеп тауысып отырады. Ол аз немесе жоқ болғанда шырғанақтың жас бұтақтарынан аз мөлшерде алып, жарты литр қайнаған суға 10 минут ақырын қайнатып, термоста ұстайды. Осыдан әр жолы жарты стақаннан күніне үш рет ішеді. Емді бір айға жалғастырса нәтижесі көрінеді.
8. Ас қорыту жүйесінің жұмысын жақсартуға бір ас қасық шырғанақ жемісін қайнап тұрған суға салып, тағы біраз қыздырып, жарты сағат бұқтырады. Осыдан күн сайын ас алдында жарты стақаннан күніне үш рет ішеді. Қажетінше қолдануға болады.
9. Көбінше балалардың мұрын қуысына томпиып ет өседі. Ол бірден ота жасамаса алына қоймайды. Ота жасаудың өзіндік киындықтары бар. Сондықтан да оған шырғанақ майымен дәрі жасайды. 3 ас қасық шырғанақ майына бір ас қасық енді ғана сығылған пияз шырыны, 2 ас қасық зәйтүн майы, 1 ас қасық ерітілген бал қосып араластырады. Осыны дәкеге сіңдіріп, мұрынға 20 минуттан күніне екі рет қояды. Емді үш аптаға созса нәтижесі көріне бастайды.
10. Созылмалы іш қатуға бір ас қасық шырғанақ жемісін 300 г суға 15 минут ақырын қайнатып, бұқтырып, ас арасында бөліп-бөліп ішеді. Ішек жұмысы дұрысталғанша жалғастыруға болады.
11. Бауыр ауруларының алдын алуға шырғанақ жапырағынан, қарақат, шие, шырмалғыш шайшөптен тең мөлшерде алып араластырып, ас қасықты 500 г суға бір қайнатып, 2 сағат термоста бұқтырады. Осыдан жылыдай әр жолы 100 грамнан күніне 3-4 рет ішеді. Әр жолғы емді үш аптаға созып, жылына 4-5 рет қайталауға болады.
12. Жатыр мойнының эрозиясына шырғанақ майына батырылған таза дәкіні жатарда жатыр ауызына қойып отырады. Бір емделу барысы 10-12 күн. Арада бір апта өткізіп қайталауға болады.
13. Қатерлі ісігі бар адамдар 500 г жаңа жиналған шырғанақ жемісін қайнап тұрған суға бір салып алып, таза банкіге салып, үстінен бір килограмм ерітілген таза қарақұмық балынан құйып, салқын жерге бір ай жабық ыдыста ұстайды. Осыдан соң сығып таза ыдысқа құйып
алады да ас соңынан 2 ас қасықты ішіп, соңынан жаңа сауылған піскен сүт ішеді. Бір емделу екі аптаға созылады. Осыншама демалып, қайта жалғастыруға болады.
14. Ревматизм мен сор буын ауруына шырғанақ жапырағы мен жемісінен тең мөлшерде алып 500 г қайнап тұрған суға салып, тағы да 5 минут ақырын қайнатып, бұқтырады. Осыдан күнделікті астан 20 минут бұрын ішеді. Бір емделу барысы 20 күн. Осыны ішіп жүрген кезде аптасына 2-3 рет шөп моншасын жасауға болады. Ол үшін шырғанақтың жас бұтақтарын ұсақтап, қарағайдың жас қылқаны мен шишкаларын 1,5 литр суық суға салып, 2 сағаттан соң 20 минут ақырын қайнатып, астаудың суын 38-39 градус жылы ұстап қосады да шомылады. Соңынан жақсылап сүртіп, ауырған буынды күнбағыстың тазартылмаған майымен сылап орайды. 10-12 күнге созылады бір ем.
15. Жазылмай жүрген жараларға бір шай қасық шырғанақ майына жарты шай қасық алоэ шырынын қосып, таза дәкіге сіңдіріп, жараның үстінен орап таңады. Бір емделу барысы 10-15 күн.
16. Қан ұйып, тамыр тығындалған кезде астан соң шырғанақ жемісінің шырынынан бір шай қасықты ішіп, соңынан көк шай ішеді. Бір емделу барысы 10-14 күн.
17. Шаш ойылып түсе бастаса 2 ас қасық шырғанақ жас бұтағын ұсақтап, 300 г суға 7 минут ақырын қайнатып, 3 сағат бұқтырады. Осы сумен жылыдай шаш түбіне жұмсақ уқалап, сіңдіріп, басты полиэтиленмен жауып, сәлден соң алып тастайды да, орамалмен орап қояды. Бір сағаттан соң басты жылы сумен жуып тастайды. Мұны жатарда істеп, 2-3 айға созуға болады.
18. Шиқанға, іріңді котырларға 1,5 ас қасық шырғанақ майына бір шай қасық вишневский май қосып, араластырып, жатарда таза дәкімен аталған сырқаттарға жауып орайды. Жатарда жасап, жазылғанша жалғастыруға болады.
19. Асқазан жарасына, эрозиялық асқазан сырқаттарына да шырғанақ майын пайдаланса сырқаттың жылдам сауығуына ықпал жасайсыз.

1.3 Шырғанақтың сорттары

Смена - Москва жеміс шаруашылығы институтында шығарылған. Қазақстанның Алматы облысы мен солтүстік облыстарында аудандастырылған.
Бұталары биік өседі, аумақты, бұтақшаларында тікендері аздау. Суыққа өте төзімді, ақ ұнтақ ауруына да шалдыға бермейді. Орта есеппен әр гектардан 66-140 центнер өнім алынады.
Жидектерінің түсі -- қызғыш, пішіні домалақ. Асханалық сорт.
Мысовский 17 - Москва жеміс шаруашылығы институтында шығарылған. Қазақстаңда Талдықорған, Қызылорда, Қарағанды, Актөбе, Атырау облыстарында аудандастырылған.
Бұтақтарының өсуі орташадан биікке дейін ауытқиды, бұтақшалары түгелдей тікенді. Суыкқа, куаңшылыққа, сондай-ақ ақ ұнтақ ауруына төзімді. Өнімділігі орта есеппен әр гектардан 60-150 ц.
Жидектері орташа 2,8г, сопақша, түсі жасыл, сыртында балауыздары көк болады. Жемістері жас күйінде пайдалнылады, қышқылтым тәтті. Ерте пісетін сорт.
Мысовский 37 - Москва жеміс шаруашылығы институтында шығарылған. Қазақстанда Шығыс Қазақстан, Талдықорған, Алматы облыстарында аудандаетырылған. Ерте пісетін сорт.
Бұталары өте биік, қуатты, тікендері көбіне бір-бірден орналасқан. Суыкқа, қуаңшылыққа, ақ ұнтақ ауруына төзімді. Орта есеппен әр гектардан 23-53 ц өнім алынады.
Жидектері орташа 2,5-Зг, сыртында түктері бар. пшіні домалақ, әбден піскен кездегі түсі қызылқоңыр, сыртында балауыздары болады. Жемістері жас күйінде және қайта өңдеу үшін пайдаланылады,
Хаутон - Американдық сорт. Семей және Солтүстік Қазақстан облыстарында аудандастырылған.
Бұталары орташа өседі, бұтақшалары тікенді, доға тәрізді иілген. Суыққа, қуаңшылыққа және ақ ұнтақ ауруына төзімді. Әр гекгардан орта есеппен 44-116 ц өнім алынады.
Жидектері ұсақ 1,6-2г пішіні домалақ, түсі күңгірт қызыл, қышқылтым-тәтті. Жемісі жас күйінде және қайта өңдеу үшін пайдаланылады.
Памяшь королевы - Алтай тәжірибе станцасында шығарылған. Қазақстанда Орал, Талдықорған, Шығыс Қазақстан облыстарында аудандастырылған.
Бұталары аласа, қалың, тікендері қысқа, жіңішке. Суыққа және ақ ұнтақ ауруына төзімді. Әр гектардан орта есеппен 45-150 ц өнім алмнады.
Жидектері орташа 2,2- 3,1 г, пішіні домалақ, түсі ақшыл сары жасыл, түсі көк, тәтті. Жемісі жас күйінде және қайта өндеу үшін пйдаланылада. Ерте пісетін сорт.
Челябинский зеленый - Челябинскі жеміс-көкөніс селекциисы станциясында шығарлған. Қазақстанның солтүстік облыстарыңда аудандастырылған. Бұталары орташа өседі, салбыраңқы. Жас бұтақшаларында тікенді, ал өнім беретін бұтақшаларында тікендері өте сирек кездеседі. Суыққа төзімді, ақ ұнтақ ауруына төзімділігі орташа. Мол өнімді, орта есеппен әр гектардан 100-160ц өнім алынады.
Жидектер орташа 2,5-3 г, түсі ашық жасыл, тәтті. Жемісі жас күйінде және қайта өңдеу үшін пайдаланылады.
Орташа мерзімді сорт.

Кейінгі жылдары бақ дақылдары ішінде шырғанақ өсімдігі кеңінен таралып келеді. Оны мәдени дақыл ретінде отырғызып, өсіріп-өндіруді М.А.Лисавенко атындағы Сібірдің бақ шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ұсынған. ТМД елдерінде шырғанақ егілген жер 6000 гектарға жетеді. Жоғарыда аталған ғылыми-зерттеу қызметкерлерінің көмегімен оның жаңа сорттары шығарылып, өнеркәсіптік бағытта көлемін одан әрі ұлғайту мақсатында, Сібірдін топырағы мен табиғаты болып келетін Қазақстанның солтүстік өсірудің негізі қаланды.
Шырғанақ дағдылы жеміс-жидек дакылдарының ішінде адам организміне қажетті витаминдерге, органикалық қышқылдарға, сондай-ақ биологиялық заттарға өте бай. Мысалы оның жемісінде (пайызбен есептегенде) 2,44 органикалық қышқыл, 6,77 қанттар, 316 мг% аскорбин қышқылы, 10,9 каротин, 14,3 мг Е витамині болады, Шырғанақ түрлерінің сорттарында С витаминінің мөлшері 480 мг%, ал Р витаминін 2900 мг%-ке дейін жетеді. Осылармен қатар жемістерінде В1 В2 ВС фолий қышқылы витаминдері бар.
Жемістерінде 8,8%-дан, ал дәндерінде 12,5%-ға дейін шырғанақ майы болады, одан өте жоғары емдік-дәрілік препараттар дайындалады. Оларды әртүрлі ісік, жүйке, теміреткі, қан қысымы ауруларына, дененің мүшелері үсікке шалдыққанда, ішкі құрылыс зақымдалғанда, соңдай-ақ басқа да көптеген ауруларға ем ретінде өте көп қолданады.
Шырғанақ жапырақтары, гүлдері халық медицинасында ревматизмге, іш ауруына, ал дәнінің қайнатпасы жақсы іш жүргізетін ем ретінде қолданылады. Оның жемстері жаңа піскен күйінде жеуге келмейді, негізінен қайта өңдеу үшін пайдаланылады.
Шырғанақ итшомырт тәрізді жиде тұқымдастарына жатады. Ол дара жынысты, қос үйлі, желмен тозанданатын өсімдік. Аталық өсімдіктердегі гүл бүршіктер саны аналық бүршіктерге қарағанда 2-3 есе артық болады. Жеміс бүршіктері отырғызылғаннан кейін, жыл бойы өсу кезінде қаллыптасады. Тамыр жүйелері топырақ деңгейімен 0,5-1 м тереңдіктерде орналасады. Тамырлары әлсіз тармақганып, үзың өседі. Шырғанақ жарықты сүйгіш өсімдік, топырақта ылғал жеткілікті болған жағдайда жоғарғы температураға және ауаның төменгі ылғалдылығына төзімді келеді. Топырақтың құрғақ болуы, әрі жоғарғы температура өсімдіктің өсуін әлсіретіп, өнімділігін төмендетеді. М.А.Лисавенко атындағы Сібірдің бақ шаруашыльңы ғылыми-зерттеу институтының технологиясы бойынша шырғанақ егістігіне жеңіл сазды және құмды топырактар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балмұздақты қаптау және мұздату
Жеміс тұқымдарының ауданы
Жидек дақылдарының аурулары
Жидекті дақылдар
Нан өнімін өндіру
Дәрілік өсімдіктер туралы зерттеулер жүйесі
Ілияс Жансүгіров — ақын ,қоғам қайраткері
Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Көксу ауданында 76 га жерге бақ отырғызу
ДАЧА МЕН ҮЙ ІРГЕСІНДЕ ЖИДЕК АҒАШТАРЫН ӨСІРУ
Халықтың ұлы қоныс аудару
Пәндер