Айналым капиталы түсінігі



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Айналым капитал түсінігі, құрамы мен құрылымы
2. Кәсіпорын капиталының айналымы және толық айналымы

ІІІ. Қорытынды
ІV.Қолданылған әдебиеттер
Айналым капиталы — өндіргіш капиталдың бір бөлігі. Оның құрамына тұрақты капиталдың шикізат, материалдар, отын, өндірістің аяқталмаған элементтері және өзгермелі капитал (жұмысшы күшіне жұмсалатын шығын) кіреді.
Тұрақты капиталдың материалдық элементтерінің бір бөлігі (шикізат, материалдар) өндірілген өнімге өз құнын көшіре отырып, оның материалдық субстанциясын (алғашқы негізін) жасайды, ал басқа бөлігі (отын) тек өз құнын көшіреді, бірақ сол субстанцияны (зат негізін) жасауға қатыспайды. Айналым капиталының шикізат пен материалдар түріндегі құны өндірістің толық уақытына авансыланады. Сондықтан тұрақты капиталдың ұзақ кезеңді салалардағы айналым шапшаңдығы өндірістің қысқа кезеңді салаларына қарағанда аз болып келеді. (қ. Капитал айналымы). Тауар сатылған соң айналым капиталының құны айналым саласынан ақшалай күйде толық қайтып оралады және қайтадан өндіргіш капитал элементтеріне айналуы мүмкін.
1. Қазақ энциклопедиясы, 1-том
2. http://www.studfiles.ru/preview/5271590/
3. http://bigox.kz/kasiporynnyn-ajnalym-kapitalynyn-mani-kuramy-kurylymy/

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан инновациялық - технологиялық университеті
Тілдер және менеджмент факультеті

Экономика және менеджмент кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Айналым капиталы

Орындаған: 231 - тобының студенті Кульчикова Н.С

Тексерген: аға оқытушы, Тлесова Ж. А

Орал - 2016 жыл
Жоспар:

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1. Айналым капитал түсінігі, құрамы мен құрылымы
2. Кәсіпорын капиталының айналымы және толық айналымы

ІІІ. Қорытынды
ІV.Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Айналым капиталы -- өндіргіш капиталдың бір бөлігі. Оның құрамына тұрақты капиталдың шикізат, материалдар, отын, өндірістің аяқталмаған элементтері және өзгермелі капитал (жұмысшы күшіне жұмсалатын шығын) кіреді.
Тұрақты капиталдың материалдық элементтерінің бір бөлігі (шикізат, материалдар) өндірілген өнімге өз құнын көшіре отырып, оның материалдық субстанциясын (алғашқы негізін) жасайды, ал басқа бөлігі (отын) тек өз құнын көшіреді, бірақ сол субстанцияны (зат негізін) жасауға қатыспайды. Айналым капиталының шикізат пен материалдар түріндегі құны өндірістің толық уақытына авансыланады. Сондықтан тұрақты капиталдың ұзақ кезеңді салалардағы айналым шапшаңдығы өндірістің қысқа кезеңді салаларына қарағанда аз болып келеді. (қ. Капитал айналымы). Тауар сатылған соң айналым капиталының құны айналым саласынан ақшалай күйде толық қайтып оралады және қайтадан өндіргіш капитал элементтеріне айналуы мүмкін.
Қолданыстағы айналым капиталының мөлшері өндіріс көлемі мен айналым уақыты арқылы анықталады. Ауыспалы айналым процесінде капитал құнының бір бөлігі өндірістік айналым капиталының материалдық қоры түрінде болады. Егер капитал айналымы бәсеңдесе өндіріс процесінің тоқтап қалмауын қамтамасыз ету үшін кәсіпкерлер айналым капиталына қосымша қаржы жұмсауға мәжбүр болады. Ал айналым тездеген жағдайда, керісінше, айналым капиталы құнының бір бөлігін босатуға мүмкіндік туады.
Негізгі капиталдың қорлануы мен өндірістің өсуі өндіріске қажетті қорларды көбейтуді қажет етеді. Мұны жүзеге асыру үшін таза пайданың бір бөлігін капиталға айналдыру немесе несие алуға тура келеді. Егер айналым капиталының кейбір элементтерінің бағасы өссе, кәсіпкерлер нақты өнім көлемін бұрынғы деңгейде сақтау үшін қосымша қаржы жұмсауы керек.

ІІ.Негізгі бөлім
Айналым капитал түсінігі, құрамы мен құрылымы
Кәсіпорынның айналым қоры мен айналым капиталы түсінігін, оның мәнін, қызметі мен құрамын қарастырайық. Бұл түсініктер барабар ұғымдар емес екенін естен шығармау керек. Айналым қоры - бұл өндірістік үдерістің міндетті, ал өнімнің өзіндік құнының негізгі бөлігі (элементі). Оның негізгі өндірістік қорлардан ерекшелігі-айналым қоры әрбір өндірістік циклде толығымен тұтынылып, өзінің құнын өндірілген өнімге толығымен өткізеді.
Айналым қоры өндірісте пайдалануға немесе белгілі бір жұмыс пен қызметті орындауға арналған шикізаттар, материалдар, сатып алынған жартылай өңделген өнімдер, құрастырушы өнімдер, отын, ыдыс, ыдысқа арналған материалдар, қосалқы бөлшектер және басқа да материалдар аяқталмаған өндіріс түрінде болады. Өнім бірлігіне жұмсалған шикізат, материалдар, отын мен энергия шығыны неғұрлым аз болса, өнімді өндіруге және дайындауға жұмсалатын еңбек шығыны солғұрлым үнемді, әрі оның өзіндік құны арзан болады.
Айналым қорына қарағанда айналым капиталы экономикалық санат ретінде кең мағынаны білдіреді. Ол айналым қоры мен айналыс қорынан тұрады.
Айналыс қоры қызмет барысында сатуға шығарылған дайын өнім, тауарлар, сондай-ақ кәсіпорын кассасындағы немесе банкінің есеп айырысу шотындағы қаржылар және дебиторлық қарыздар түрінде көрінде.
Айналыс қорлары құн түзуге қатыспайды, бірақ түзілген құнды жеткізуші болып табылады. Айналыс қорының негізгі қызметі - ақшалай қаражат арқылы айналымның үздіксіздігі мен бір қалыптылығын қамтамасыз ету.
Кәсіпорындардың іс-әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт-қолда бар айналым капиталының (айналым қаражаттары) болуы. Айналым капиталы - бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамасыз ету үшін авансылаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым капиталының мәні -- ұдайы өндірістік процестердің қажеттілігін қамтамасыз етудегі экономикалық ролімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше рет қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады. Әдетте, өзінің табиғи нысанын сақтамайды және аяқталғаннан кейін ақшалай нысанда қайтарылады.
Айналым капиталының элементтері шаруашылық операциялары үздіксіз ағынының бөлігі болып табылады. Сатып алу өндірістік запастың және кредиторлық берешектің ұлғаюына әкеп соқтырады; өндіріс даяр өнімнің артуына жол ашады; сатып алу дебиторлық берешектің, сондай-ақ кассадағы және есеп айырысу шотындағы ақшалай қаражаттың ұлғаюына себеп болады. Осы операциялар циклі көп есе кайталанады және корытындысында ақшалай түсім және ақшалай төлем түседі.
Ақшалай қаражаттың айналымы жасалатын уақыт кезеңі өндірістік-коммерциялық циклдің ұзақтығы деп аталады.
Аталмыш цикл шикізат пен материалға ақша төлеу және даяр өнім сатудан ақша түсу арасындагы уақыттың бір бөлігінен құралады. Осы циклдің ұзактығына жеткізушінің кәсіпорынды кредиттеу кезеңі, кәсіпорынның сатып алушыны кредиттеу кезеңі, шикізат пен материал запаста болатын кезең, даяр өнім шығару және оны қоймада сақтау кезеңі ыкпал етеді.
Айналым капиталының жекелеген элементтері немесе олардың құраушы бөліктері арасындағы меншікті қатынасы айналым қорының құрылымы деп аталады.
Айналым капиталын жоспарлау, есептеу және талдау практикасында келесі белгілер бойынша топтастырылады:
1) өндіріс процесіндегі функционалдық рөліне байланысты-өндірістік айналым қоры (құрал-жабдық) және айналыс қоры (2-кесте);
2) бақылау, жоспарлау және басқару практикасына байланысты -- нормаланатын айналым капиталы және нормаланбайтын қарыз капиталы;
3) айналым капитал қалыптасатын көзге байланысты -- меншік айналым капиталы және қарыз айналымкапиталы;
4) өтімділікке (ақшалай қаражатқа айналу жылдамдығы) байланысты -- абсолютті өтімді қаражат, жылдам сатылатын айналым қаражаты, баяу сатылатын айналым қаражаты;
5) капиталды салу тәуекелінің дәрежесіне байланысты -- салу тәуекелі барынша аз айналым капиталы, салу тәуекелі шамалы айналым капиталы, салу тәуекелі орташа айналым капиталы, салу тәуекелі жоғары айналым капиталы;
6) материалдық-мүліктік маңызына байланысты -- енбек құралы (шикізат, материал, отын, аяқталмаған өндіріс және т.б.), даяр өнім мен тауар, есептердегі ақшалай қаражат пен құрал-жабдық.
Айналым қаражатының өндіріс және айналыс процесінде болатын уақытты жеке есептеп талдау үшін айналым капиталы функционалдық белгі бойынша айналым қорына және айналыс қорына бөлінеді.
1 кесте
Айналым каражатынын өндіріс процесіндегі функционалдык рөлі бойынша кұрамы мен кұрылымы
Айналым қаражатының топтары

Өндірістік айналым қоры (өндіріс саласындағы және өндіріс процесіндегі айналым қаражаты)
1.1. Өндірістік запас:
-- Шикізат;
-- Негізгі материал;
-- Сатып алынатын жартылай фабрикат;
-- Қосалқы материал;
-- Арзан бағалы және тозғыш зат.
1.2. Өндіріс процесіндегі құрал жабдық:
-- Аяқталмаған құрылыс;
-- Меншікті өндірістегі жартылай фабрикат;
-- Алдағы кезеңнің шығысы.
Айналыс қоры (айналыстағы айналым қаражаты)
2.1. Сатылмаған өнім:
-- Кәсіпорын қоймасындағы, алайда әлі төленбеген даяр өнім;
-- Қайта сатуға арналған тауар.
2.2. Ақшалай қаражат:
-- Касса;
-- Есеп айырысу шоты;
-- Валюталық шот;
-- Бағалы қағаз;
-- Өзге ақшалай қаражат.
* Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы, Алматы: Экономика, 2008 ж
Өндірістік айналым қорына алдағы уақытта өндіріске қажет материалдық запастар мен аяқталмаған өндіріс өнімі жатады. Айналым капиталының едәуір бөлігі (шамамен 80%-ы) өндіріс саласында қамтылған, себебі тек өндіру барысында ғана жаңадан құн түзіледі. Айналым капиталының барлық жиынтығын пайдалану кезіндегі тиімділігі, олардың өндіріс саласындағы үлесіне әуелді. Айналыс шеңберіндегі айналым капиталы өндіру үдерісінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді.
Айналым қаражаты басқарылу дәрежесі бойынша нормаланатын және нормаланбайтынға бөлінеді. Нормаланатын қаражатқа, әдетте, барлық өндірістік айналым қоры, сондай-ақ айналыс қорының кәсіпорын қоймасындағы сатылмаған даяр өнімнің қалдығы түріндегі бөлігі жатады.
Нормаланбайтын қаражатқа айналыс қорының қалған элементтері, яғни тұтынушыларға жіберілген, алайда әлі төленбеген өнім мен ақшалай қаражаттың және есеп айырысудың барлық түрі жатады. Алайда нормалардың болмауы айналым қаражатының осы элементтерінің мөлшерлері өз бетімен әрі шексіз өзгеруі мүмкін және олар бақыланбайды деп түсінуге болмайды. Кәсіпорындар арасындағы есеп айырысудың қолданылатын тәртібінде мемлекет тарапынан төлемеудің артуына қарсы қолданылатын экономикалык санкциялар жүйесі қарастырылған.
Нормаланатын айналым қаражаты кәсіпорынның қаржы жоспарында (бизнес-жоспарында) көрсетіледі, ал нормаланбайтын айналым қаражаты іс жүзінде жоспарланбайтын объект болып табылады.
Айналым капиталының нормативі әрқашан да өндірістің нақты мұқтажын қанағаттандырып отыруы тиіс. Нормативтің деңгейі аз болған жағдайда кәсіпорын өндірісті келешекте қажет болатын қормен қамтамасыз ете алмайды және өнім жеткізушілер, жұмыскерлер, қызметкерлер және тағы сол сияқты басқалармен дер кезінде есеп айырыса алмайды.
Норматив тым жоғары болса, нормативтен тыс қорлар пайда болып, қосымша шығынға ұшыратады. Сонымен қатар, айналым капиталының қажеттілігінен жоғары болатын норматив өнімнің табыстылық деңгейінің төмендеуіне, кәсіпорын мүліктерінің құнын өсіре отырып, төлемдер мөлшерінің артуына әкеп соқтырады.
Айналым каражатын меншікті және қарыз қаражатына бөлу кәсіпорынға тұракты немесе уақытша пайдалануға берілген айналым қаражатының шыккан тегі мен оньің нысандарын көрсетеді.
Меншікті айналым қаражаты кәсіпорынның меншік капиталы (жарғылык капитал, резервтегі капитал, жинақталған пайда және т.б.) есебінен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Айналым капиталының қалыптасу көздері
Корпорациялардың қаржы механизмі
Капитал құрылымын оңтайландыру
Айналыс қорлары
Меншікті капиталдың маңызы, орындайтын функциялары мен құру тәртібі
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы
Кәсіпорынның қаржылық айналымдары мен қаржылық ағымдарының экономикалық сипаттамасы
Кәсіпорынның айналым капиталын жетілдіру жолдары
Капиталдың алғашқы қорлануы және оның Қазақстандағы ерекшеліктері
КӘСІПОРЫН КАПИТАЛЫНЫҢ (ҚОРЛАРЫНЫҢ) АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫМДЫЛЫҒЫ
Пәндер