Швециядағы бухгалтерлік есеп негіздері


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Батыс Қазақстан инновациялық - технологиялық университеті

Тілдер және менеджмент факультеті

Есеп және аудит кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Швециядағы бухгалтерлік есеп негіздері»

Орындаған: 231 - топ студенті Еспосинова Ж. Б

Тексерген: аға оқытушы Жанекенова К. Б

Орал - 2016жыл

Жоспар:

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

1. Швециядағы бухгалтерлік есептің дамуы

2. Швециядағы бухгалтерлік есептің жүйесі және негіздері

ІІІ. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер МЕН СІЛТЕМЕЛЕР

Кіріспе

Саясат және идеология сияқты бухгалтерлік есеп те ұлттық шекараларды білмейді. Есептілік технологиялар әр түрлі елдерде бір-біріне ұқсас болып келеді, себебі олар барлық елдерге таратыла береді. Бұл жағдай ұлттық есеп жүйесін классификациялауға мүмкіндік береді.

Бухгалтерлік есептің даму дәрежесі мен факторлары тығыз байланыста болады. Экономикалық шаруашылықты қатаң құқықтық бақылауда ұстайтын көптеген елдер банктер мен үкіметті негізгі кредиторлар ретінде қарастырды, ал қалған жалпы құқықтық нормаларды ұстанатын елдер қаржылық қамтамасыздандыру мақсатында акционерлік қоғамдарды және бағалы қағаздар нарығын ұлғайтуға тырысады. Осылайша, егер де қоршаған ортаның бухгалтерлік есептілікке әсері бар деп айту дұрыс деп ойласақ, онда әлеуметтік-экономикалық жағдайлары ұқсас елдердің арасында бір ұқсастық бар деп айтуға болады.

Бухгалтерлік есепті әлемдегі барлық шаруашылық жүргізуші субьектілер жүргізеді. Оның негізгі функциясы қаржылық ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Алайда, бухгалтерлік есеп басқа да түрлі мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін. Осылайша, кейбір елдерде, мысалға АҚШ-та мұндай ақпарат инвесторлар мен кредиторлардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Оңтүстік Американың басым көпшілік елдерінде ең басты орында бухгалтерлік есеп мемлекеттік органдарға шынайы есептілікті жеткізу үшін, яғни салық мәселелерін шешу үшін қолданылады. Ал кейбір елдерде бухгалтерлік есеп макроэкономикалық мақсаттарда құрылып, пайдаланылады.

Әр түрлі елдерде бухгалтерлік есептің басты мақсаты барлық компаниялардың, фирмалардың және кәсіпорындардың экономикалық жағдайларын және даму үрдісін қадағалау үшін керек екені сөзсіз.

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ

  1. Швециядағы бухгалтерлік есептің дамуы

Швециядағы есеп жүйесі мен бухгалтерлік тәжірибе құрылымы өте өзгеше болып келеді. Бұл ғылымның көптеген теоретиктері Швециялық бухгалтерлік есеп мектебін барлық белгілі моделдерге жатқызуға тырысқанымен, Швециялық бухгалтерлік осы модельдерден өзгеше есеп жүйесін ұстанатынын айтты.

Соңғы оңжылдықта Швеция мемлекеті бухгатерлік шаруашылықпен тікелей айналысқан болатын, және де бұл жағдайды нағыз корпоративтік үлгі деп санауға болады. Мысалы, 1997 жылы арнайы заңнаманың арқасында болат пен ағаштан бұйымдарды негізгі шығарушы компания «Uddeholm AB» банкроттықтан аман қалған болатын. Бұл заң бойынша кредиттік айналымының жүзеге асырылуы мерзімі ұзартылды және бұл компанияға бұл кредитті өз активтерінің бір бөлігі ретінде есепке алуға рұқсат етілді. Сондықтан да бұл тәжірибеге сүйене отырып, Швециядағы бухгалтерлік есепті ұлттық экономикалық саясаттың құралы деп айтуға болады.

Швециядағы бухгалтерлік есеп шаруашылығының тарихы XVII ғасырдан бастау алды. Аудиторлық қорытынды туралы ең алғашқы мәлімдеме 1652 жылға жатқызуға болады, ал 1855 жылы бухгалтерлік есеп туралы ең алғашқы заңнама шыққан болатын.

XIX ғасырда Швециялық заңңама дәл көптеген еуропалық елдері сияқты франциялық Коммерциялық кодексінің әсерінде болған еді, алайдаXXғасырдың басында немістік бухгалтерлік мектебі бұл елге әсерін тигізе бастайды. Мұның себебі бұл ғылым бойынша білім берген Стокгольм және Гетерборг университетіндегі профессорларының көбі неміс ұлтының болуы. Уақыт өтегелі немістік әсер әлсірей бастады және де XX ғасырдың 60 жж соңында шведтік үкімет американдық моделіне көше бастайды, мұның барлығы жеке сектордың ролінің өсуімен байланстыруға болады.

Елдегі бухгалтерлік шаруашылығын нормативті реттеушілікке мамандандырылған кәсіпорындардың әсері өте зор. Есептілікке қол қойған бухгалтерлер мен аудиторлық мамандықтарға қойылатын жауапкершіліктіөте үлкенталап етеді. Ірі компаниялардың есептеріне тек қана тексеріс процессіне жауапты аудиторлық маманның қолы қойылады. Көптеген жағдайларды бизнестерде тексеріс жүргізген аудиторлық компания туралы емес, ал сол компаниянын аудиторының жұмысы туралы айтылады.

Швециядағы ірі компаниялардан аудиторлық есепті талап ету туралы 1895 жылы заң бекітілген болатын, сол кездерден бастап қазіргі кезге дейін аудиторлық және басшылық жауапкершілік жылдан жылға қатаң түрде тексеріледі. Олардың құжаттары өте мұқият және қателерсіз болуы аудитордың жауапкершілігінде қалды.

Соңғы 30 жылдар бойы Швецияда бухгалтерлік есптілікті реттеу үшін екі үлкен заңңамалық актілерді басып шығарды. Соңғысы бухгалтерлік есепте Жетінші және Төртнші директивтің болуын талап етеді және де мұны орындалуын міндетті етіп жасап қойды.

  1. Швециядағы бухгалтерлік есептің жүйесі және негіздері.

Швециядағы бухгалтерлік есеп пен есептілік жүйесін реттеу мыналармен жүзеге асырылады:

• Заң бойынша, жылдық есептілікте баптарды бағалау қағидалары, есептілік формалары бойынша барлық ірі жіне кіші ұйымдардан шаруашылығы туралы нақты және толық ақпарат болуы талап етіледі. (1995ж) ;

• Ұсақ фирмалардағы бухгалтерлік есептілікті реттеу туралы заң (1967) .

Ұлттық мамандырылған стандарттарды Шведтік Қаржылық есептілік Кеңесі жасап шығарады. Олардың мазмұндары халықаралық стандарттарға жақын(IAS) .

Халықаралық бухгалтерлік стандарттардың ролінінің күшейіп бара жатқанына қарамастан, бухгалтерлік маандар шведтік бухгалтерлік есептілікті жүргізу тәртібі мен тәжірибесіне көпшілік назар аударады.

Жылдық есептілік туралы заң Швециядағы негізгі есептілік формалар мен құрылымынның негізгісі болып табылады. Оларға:баланс, залал мен пайда туралы есеп, басқарушылық есеп, жылдың ішінде қаржлық өзгерстер туралы есептілік және де есептілік түсініктмесі бар хаттама жатады. Егер де бизнестің бір өзгешілігі болса, онда оған заңдық формалардан ауытқитын есептілікті жазуға рұқсат беріледі.

Елдегі салық заңңамасы ұйымдарға салықтанбайтын резерветерді құруға мүмкндік береді, бірақ бұл резервтер кіріс пен шығыс туралы есептілікте пайданы тарату ретінде көрсетілуі тиіс. Бұл заң ұйымдарға сондай резервтерге табысының 30 %-ға дейін салық төленетін мөлшерін азайту мақсатындла қолдануға мүмкіндік береді. Алайда, мұндай резервтерді жылдық есептілікте көрсетілуін талап ету халықаралық стандарттарға қарама- қайшы болып келеді.

Бұл мәселені шешуде шведтік бухгалтерлердың біліктілігі көрініс тапты. Олар халықаралық және ұлттық бухгалтерлік стандарттарды сәйкестендіруге болатыншығыс пен кіріс туралы есептіліктің арнайы түрін шығарды: біріншісіне сәйкес жалпы көрсеткіші бар «таратуға дейінгі пайда» есептілігі құрылады, сосын шведтік заңңамаға сай, есептіліктің төменгі бөлігінде оның таратылу көздері көрсетіледі. Соңғы жылдар ішінде бұл есептілік тәжірибесін барлық скандинавиялық елдер қабылдады.

Бұл заң бойынша есептілік құжаттамаларының толық пакетін әрбір шаруашылық жүргізуші субьектілерден және де дәл сол сияқты топшаланған компаниялардан да талап етіледі. Консолидациялық есептілік тек негізгі компанияның қолында дауыс беруші акциялардың 50 %-дан жоғары болған жағдайда және бұл ұйым еншілес ұйымның үстінен оперативті бақылау жасаған жағдайда құрылады.

Шведтік балнстағы «Өзіндік капитал және резервтер» бөлімі міндетті және міндетті емес баптар деп екіге бөлінеді. Міндеттілерге: жарғылық капитал, қосымлған капитал, қайта бағалау резерві және өзге резервтер жатқызылады. Міндетті еместерге: өткен жылдар мен есептілік жылдың бөлінбеген пайдасы, және заңмен алдын-ала көрсетілмеген бірақ ұйымның есеп саясатына сай келетін резервтер жатады.

Егер де акционерлік капитал акциялардың түрлі үлгілерінің нәтижесінде құрылған болса, онд оның әрқайсысы баланста бөлек бағада көрсетілуі тиіс. Осы бөлімдегі боған өзгерістер оған дейінгі құрылған баланстың сәтінен бастап, түсініктемелік хаттамасында көрсетіліп, жазылуы тиіс.

Қайта бағалау резерві өзіндік капиталдың міндетті емес баптарын жабуға болмайтын қаржылық және материялдық айналымнан тыс активтерді қайта бағалау нәтижесі негізінде құрылады. Егер де акционерлік капиталдың көлемі белгілі бір уақыттың ішінде тым болмаса шығындардың соммасына жетпесе, онда қайта бағалау резервін пайдалану шешімі акционерлерге 3 жылға дейін дивидденттерді төленуіне тыйым салынады. Сонымен қатар, амортизациясы соңына дейін орындалмаған шығарылған кезде қайта бағаланатын резерв азаяды. Қосылған капитал тек қана акциялардың эмиссиясы номиналды құңынан жоғары бағамен өткізілген кезде құрылады.

Өзге резервтер ұйымның таза пайдасынан құрылады (мұндай резервті құруға жарғалық капиталдың соммалары 20 %-дан аспаған кезде ғана жіберіледі) немесе ол компанияның иесінен жіберілген ретінде құрылады.

Егер де жарғылық капиталдың көлемін ұлғайту мақсатында таратылмаған пайда жетіспей қалса, онда қосылған капитал мен өзге резервтер шығындарды жабушы ретінде пайдаланылады.

Салық есептіліктерін пайдалану рұқсаттылығы шведтік бухгалтерлерге арнайы салықтық резервтерін құруға мүмкіндік береді. 1990-шы жылдары нормадан тыс қорлар, инвестициялар және қосымша амортизацияға арналған резервтер құрылған болатын. Алайда қазіргі сәтте ұйымдарда бұл резервтердің көбі алынып тасталған. Қазіргі кезде жүзеге асырылатын заңңааға сай, ұйымдар үшін салықтық есептілік ретінде тек қана қосылған амортизация резервін пайдаланған тиімді.

Мұндай тәжірибе шведтік заңнама шығарушылардың және білікті бухгалтерлердің бірігіп нормаларды жасау нәтижесі болып табылады және ғаламшардың ешбір жерінде кезектірілмейді, өйткені ол халықаралық стандарттарға сай келмейді. Соңғы жылдары шведтік үкіметтің есептілік шаруашылықты халықаралық стандарттарға сай дұрыстау шешімімен байланысты, ұйымдардың көпшілігі салық салушылықты оптимизациялау мақсатында осы тәжірибені пайдаланады және мұндай резервтері қосылмайтын қарапайым есептіліктермен бірге құрастырылады. Көбінесе, барлық шведтік консолидацияланған қаржылық есептіліктерIAS-қа сай және де салықпен қамтамасыз етілмейтін резервтері көрсетілмейтінесептер құрылады. Баланстық құрылымы Ресейдікіне сай келеді. Ең қызығы, шведтік бухгалтерлер активтерді айнымалыға жатқызғанда «операциондық цикл» деген түсінікті қолданбайды. Актитердің жылдық айналым мерзімі ең жалғыз критерийі болып табылады.

Баланстағы қысқа және ұзақ мерзімді қарыздар мен кредиторлық берешектердің көрсетілуі толықтай ресейлік және халықаралық стандарттарға сай келеді. Швециядағы ұлттық ерекешелігі шарттық міндеттемелер көрсетілуі қажеттілігі болып табылады. Төлену ықтималдығы жоғары болатын бөлігі баланстың өзінде, ал қалғандары баланстан кейінгі меморандумда көрсетіледі. Есепте көрсетілуі тиіс шарттық міндеттемелеріне: зейнетақы міндеттемелері(зейнетақы қорымен жабылмаған) ; берілген кепілдемелер; жарияланған жеңілдіктер; өзге белгілі шығындар жатқызылады.

Жалпы айтқанда, нормативтік деңгейде шарттық міндеттемелерді түсіндірілуі анықталмаған. Алайда, ірі шведтік компаниялардың тәжірибиелетін бухгалтерлері тұтынушыларға олардың компанияларының пасивтері туралы есепте толық көрінісін беретін өздері тәсілдерін ойлап шығарады.

Айналымнан тыс активтер олардың алғашқы құңы бойынша ескеріледі. Заңнама активтердің көпшілігіне жұмыс істеу мерзімін қоймайды(тек кейбір машиналар мен жабдықтарды санамағанда-мерзімі 5 жыл) және бухгалтерлер олардың құңын есептен шығару мерзімдерін және әдістерін өздері таңдайды. Әдетте, материалдық емес активтердің амортизация мерзімі (егер де оларды келешектегі пайдаланылуы ықтималдығы болмаса) 5жыл. Жылжымайтын мүліктердің көбі үшін амортизациясының нормасы- 1 %. Көптеген жағдайларда заңңама мен стандарттар басқаларын пайдалануға тыйым салмағандарына қарамастан активтерді есептен шығару үшін сызықтық(линейный) тәсіл қолданылады

Активтің құңдылығын ұлғайтатын реконструкцияның құңы баланста капитализацияланады, ал ағымдағы ремонтқа жойылған сомма бірден есептен шығарылады. Активтерді реконструкциялауға кеткен кредиттік пайыздар да капитализациланады. Айналымдағы қаражаттарды толтыруға алынған мен мерзімдері ұзақ болған кезде ғана(мысалға, ірімшік немесе шарап өндірісі) капитализацияланады.

Халықаралық стандарттардың талаптарынан өзгешілігі ретінде мынаны айтуғ болады: шведтік бухгалтерлік тәжірибе қаржылық жал ретінде тек обьектіні сатып алуды көдейтін лизингтік операцияларды ғана көрсетеді. Тек осындай активтер баланста көрсетіледі.

Қорларды бағалау нарықтық және сатылу бойынша ең төмен бағаларымен жүзеге асырылады. Берілген активті өткізуге болатын баға-нарықтық құң болып табылады. Қораларды есептен шығару ФИФО әдісі бойынша жүргізіледі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аудит даму кезеңдері
Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген түрлеріне салық салудың теориялық негіздері
Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерінде ішкі шаруашылық экономикалық өзара қатынастарды ұйымдастыру
Кооперацияның ғылыми негіздері
Швед “моделі”
Нарықтық экономика жағдайында мотивация жүйесінің теориялық негіздері
Американың экономикалық жүйесі
Қайырымдылықтың қалыптасуы мен көмектердің қоғамда орнығуы
Скандинавиялықтардың алғашқы орта ғасырлардағы қоғамдық құрылысы
Қазақстан Республикасы мен Швеция Корольдігі арасындағы қатынастар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz