Негізгі өндіріс шығын есебі



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Шығындар есебінің мәні және жіктелуі.
2. Өндіріс шығындарының жиынтық есебі.
3. Шығындарды топтастыру мен бөлу.

ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер мен сілтемелер
Шығындарды жіктеудің осы немесе басқа жүйелерін таңдауда, алдымен «шығын» деген ұғымның өзін жете түсіну қажет, яғни оның термиологиялық мәнін, шығындарды топтастырудың қағидаларын және есебін түсіндіру керек.
«Шығындар, деп жазады Лисович Г.М., Ткаченко И.Ю – бұл қолдағы бардың сатып алуға жұмсалғанын және оны шаруашылық субъектінің балансында актив ретінде көрсетілетін, келешекте табыс әкелуге қабілетті қаражаттар».
«Шығындар» ұғымына өндіріс шығындарының пайда болуымен байланысты активтердің азаюы (материалдар, ақшалай қаражаттар) немесе міндеттемелердің артуы (әсіресе, кредиторлық қарыз) енеді. Бухгалтерлік есептің стандарттары бойынша «актив» келешекте одан табыс әкелінеді деп күтілетін және өткен оқиғалар нәтижесі ретінде, субъект бақылайтын ресурстар тұрғысынан қарастырылады. «Шығындар» мен «шығыстар» ұғымдарын толық деңгейде ұқсас деуге болмайды. «Шығыстар» — бұл ағымдағы есептік кезеңге жатқызылатын шығындар баптары. Шығыстар ағымдағы кезең бойынша табыс табу үшін пайдаланылған ресурстарды көрсетеді.
1. В.К Радостовец “Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп”;
2. В.Л Назарова “Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп”

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Батыс Қазақстан инновациялық - технологиялық университеті
Тілдер және менеджмент факультеті

Есеп және аудит кафедрасы

РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Негізгі өндіріс шығын есебі

Орындаған: 231 - топ студенті Еспосинова Ж.Б
Тексерген: аға оқытушы Жанекенова К.Б

Орал - 2016жыл
Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
1.Шығындар есебінің мәні және жіктелуі.
2. Өндіріс шығындарының жиынтық есебі.
3. Шығындарды топтастыру мен бөлу.

ІІІ. Қорытынды
ІV. Қолданылған әдебиеттер мен сілтемелер

Кіріспе

Шығындарды жіктеудің осы немесе басқа жүйелерін таңдауда, алдымен шығын деген ұғымның өзін жете түсіну қажет, яғни оның термиологиялық мәнін, шығындарды топтастырудың қағидаларын және есебін түсіндіру керек.
Шығындар, деп жазады Лисович Г.М., Ткаченко И.Ю - бұл қолдағы бардың сатып алуға жұмсалғанын және оны шаруашылық субъектінің балансында актив ретінде көрсетілетін, келешекте табыс әкелуге қабілетті қаражаттар.
Шығындар ұғымына өндіріс шығындарының пайда болуымен байланысты активтердің азаюы (материалдар, ақшалай қаражаттар) немесе міндеттемелердің артуы (әсіресе, кредиторлық қарыз) енеді. Бухгалтерлік есептің стандарттары бойынша актив келешекте одан табыс әкелінеді деп күтілетін және өткен оқиғалар нәтижесі ретінде, субъект бақылайтын ресурстар тұрғысынан қарастырылады. Шығындар мен шығыстар ұғымдарын толық деңгейде ұқсас деуге болмайды. Шығыстар -- бұл ағымдағы есептік кезеңге жатқызылатын шығындар баптары. Шығыстар ағымдағы кезең бойынша табыс табу үшін пайдаланылған ресурстарды көрсетеді.
Бухгалтерлік есептің стандарттары бойынша Шығыстар есепті кезеңде активтерді пайдалану немесе есептен шығару жағдайында табыстың азаюын, сондай-ақ капиталдың азаюына әкелетін және соған сәйкес міндеттемелердің пайда болуы мүмкін.
Енді біз шығындардың мәнін түсіну үшін, оны үш жақты қарастыру керек. Біріншіден, шығындар ресурстарды пайдаланумен анықталады. Екіншіден, шығындар ақшалай өлшеммен көрсетілген, кез-келген бөлімшенің қызметі, өнімді өндіруді, яғни олардың іске асырылу жайын салыстырады.
Осыдан келіп, шығындар өзіндік құнға қарағанда едәуір кең және бір мезгілде белгілі бір мақсаттарға ақшалай көріністе ресурстарды пайдалану деңгейін көрсетеді.

ІІ.Негізгі бөлім
1.Шығындар есебінің мәні және жіктелуі.

Жалпы кәсіпорын немесе оның бөлімшелері өндірісінің тиімділігін сипаттайтын көрсеткіштер жүйесінде басты орынды өнімнің өзіндік кұны алады. Өзіндік құн құрамы оны құрайтын шығындармен анықталады.
Құрылыс саласында өндіріс шығындарын басқару -- күрделі процесс. Өзінің мәні жағынан ол кәсіпорынның бүкіл қызметін басқаруды білдіреді, өйткені болып жатқан өндіріс процестерінің барлық жақтарын қамтиды.
Шығындар есебі мәнінің көпшілік қабылдаған анықтамасы, бұл -- шығындар есебі кәсіпорында белгілі уақыт аралығында болған жабдықтау, өндіріс және өнім өткізу процестерін, оларды сандық өлшеу, заттай және құнды көрсеткіштермен тіркеу, топтастыру және талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай көрсету кәсіпорынды (немесе кәсіпорындар бірлестігін) басқару мен оның қызметін қаржы нәтижелерін анықтау арқылы бағалауға қажетті мәлімет алуды қамтамасыз етеді.
Бірақ, мұндай тәсіл басқару есебінің даму барысында және дамыған өндірістік есеп теориясында пайдалану бағыттары бойынша шектелген. Біздің ойымызша, өндіріске жұмсалған шығындар есебінің маңызын анықтау, техникалық жағынан басқа, өндіріске жұмсалған шығындар есебін түрлендіруді немесе басқару есебінің өндірістік қызметін ұйымдастыруға әртүрлі тәсілдерді қамтуы тиіс. Осылайша, шығындар есебінің мазмұнын анықтау кәсіпорындарда оны ұйымдастыруды үлгілеудің шынайы алғышарттарын жасайды. Басқарудың кері процесіне сәйкес, есеп ақпараттық жүйе ретінде тек қана іс-әрекетті ғана емес, сондай-ақ болашақта кәсіпорын экономикасын белгілі бір бағыт үшін ақпараттар дайындайды.
Егер өндіріске жұмсалған шығындар есебі басқару үлгісіне сәйкестендіріліп бұрынғы, қазіргі және болашақтағы өндірістік қызметі нәтижелері мен шығындарын пайдалануды көрсету процесі ретінде қарастырылса, онда есептің мұндай жүйесі өзіндік құнды басқарудың негізгі міндеттеріне сәйкес келеді.
Нақты бір кәсіпорынның өндіріске жұмсалған шығындары есебінің негізгі міндеттері:
1) кәсіпорын әкімшілігін басқару шешімдерін қабылдау үшін ақпаратпен қамтамасыз ету;
2) болашақтағы экономикалық стратегияны қалыптастыру мен ауыртпашылықтарды табу мақсатында нақты шығын деңгейін мөлшерлі және жоспарлы шығындармен салыстыра отырып бақылау;
3) дайын өнімді бағалау және қаржылық нәтижелерді есептеу үшін шығарылатын өнімнің өзіндік құнын есептеу;
4) құрылымдық бөлімшелердің өндірістік қызметінің экономикалық нәтижелерін анықтау және бағалау;
5) ұзақмерзімді сипатқа ие, өндірістік және технологиялық бағдарламалардың өзін-өзі ақтауы, өнім түрлерінің пайдалылығы, негізгі қорлар мен өндірістік қосалқыларға салынған күрделі салымдардың тиімділігі туралы шешімдер қабылдау үшін өндірістік қызметті басқару есебінің ақпараттарын жүйелендіру.
Кез келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен байланысты. Сондықтан да шығындарды жіктеу өндірістік есептің маңызды элементі болып табылады. Әдетте, топтау қағидаларына калькуляция баптарының номенклатурасы сәйкес келеді. Өзіндік шығындарды дұрыс есептеу үшін оның ғылыми негізделген жіктелімі аса қажет. Құрылыс саласында шығындарды өндірістік үрдістің барлық жағын қамти отырып, яғни оның ерекшеліктеріне қарай белгілі бір топқа жатқыза отырып, орындау қажет.
Өндірілген өнімді калькуляциялау және бағалау үшін шығындар былай топталады:
-- негізгі -- өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты (шикізатты, технологиялық қажеттіліктерге кеткен материалдық шығындар, негізгі өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу, машиналар мен құрал-жабдықтарды ұстау мен пайдалануға кеткен шығындар т.б.);
-- үстеме шығындар (өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету және басқарумен тікелей байланыста пайда болады);
-- тікелей -- өлімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты және оның өзіндік құнына тікелей кіреді;
-- жанама шығындар жекелеген өнім түрлерінің құнына тікелей емес, жанама түрде бөлінеді. Олар өнімнің өзіндік құнына әртүрлі әдістердің көмегімен (ставка, пайыз, коэффициенттер) жанама жолмен қосылады;
-- кірістік шығындар -- қолда бар және сатып алынған ресурстар, келешекте табыс әкелуі ықтимал;
-- өткен шығындар, олар келешекте табыс әкелу қабілетін жойған ресурстар.
Тәжірибеде шығындар келесідей топтастырылады:
-- құрамы бойынша;
-- түрлері бойынша;
-- өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша;
-- өнімнің өзіндік құнына жатқызу тәсілі бойынша;
-- өндіріс көлемі бойынша;
-- шығындардың тиімділігі бойынша.
Құрамы бойынша бір элементті және кешенді шығындар деп жіктеледі. Бір элементті шығындар -- бір элементтен тұратын шығындар (еңбекақы, материалдар, ақша аударулар). Кешенді шығындар -- бірнеше элементтен тұратын шығындар (барлық элементтер кіретін цехтық шығындар).
Шығындардың түрлері бойынша шығындар екі топқа топтастырылады -- шығындар элементі бойынша және калькуляция баптары бойынша.
Шығындардың экономикалық мазмұнына сәйкес, құрылыс кәсіпорынының өндірістік және коммерциялық қызметтерде орын алатын шығындары келесі элементтері бойынша топтастырылады:
-- материалдық шығындар;
-- еңбекті өтеуге жұмсалатын шығындар;
-- әлеуметтік қажеттіліктерге ақша аударулар;
-- құрал-жабдықтардың тозуы (амортизация);
-- басқа да шығындар.
Сонымен, пайда болу орны бойынша жіктелетін шығындар жиынтығы нақты өндіріс көлемінің шығындар сметасын құруға, құрылыс кәсіпорынының қызметінің сапалық көрсеткіштерін анықтауға, сондай-ақ өнімнің (жұмыстың, көрсетілген қызметтің) өндірістік өзіндік құнын белгілеуге мүмкіндік береді.
Мердігерлік құрылыс кәсіпорынының шығындары келесі баптар бойынша топтастырылады:
-- материалдар;
-- жұмысшының еңбегін өтеуге кеткен шығындар;
-- құрылыс машиналары мен тетіктерін ұстау мен пайдалану бойынша шығындар;
-- үстеме шығындар;
-- өндірістік жұмысшылардың еңбекақысы.
Өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша шығындар негізгі және қосымша деп екіге бөлінеді:
-- негізгі шығындар -- өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты негізгі шығындар (шикізат пен материалдар, қосалқы материалдар);
-- қосымша шығындар -- өндірісті ұйымдастыру мен оған қызмет етуге оны басқарумен байланысты пайда болатын шығындар. Үстеме шығындар өз кезегінде өндірістік және өндірістік емес, тұрақты және айнымалы шығындар деп бөлінеді.
Өндірістік үстеме шығындарға: өндірістік құрылыс жайлар мен құрылыс-жабдықтарды, ағымдағы күтумен, жөндеумен байланысты шығындар, қосалқы материалды қалпына келтіру бойынша шығындар, жұмысшылардың әлеуметтік салықтық аударымдары бар еңбекақы шығындары, құрылыс кәсіпорынының өндірістік бөлімшелерін жылумен, жарықпен қамтамасыз етумен байланысты шығындар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шығын есебімен калькуляциялау тәсілдерінің түрлері
Басқару есебі туралы жалпы ұғым
Директ-костинг әдісі туралы
Тікелей шығындар есебі
Калькуляциялау принципі
Негізгі өндіріс шығындарының есебі
Көмекші өндіріс есебі
Дайын өнімнің есебі
Калькуляциялаудың бөлістік тәсілі
Шығын есебі, мен оның калькуляциялау тәсілдерінің түрлері
Пәндер