Жасушаның құрамындағы бейорганикалық заттар



Жасушаның атомдық және молекулалық құрылымы.
Д, И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі кездесетін 110 элементтің 80-ге жуығы тірі жасушаның құрамында болатындығы дәлелденді. Олар жасушадағы мөлшеріне қарай үш топқа белінеді. Бірінші топқа: оттек, сутек, көміртек және азот сияқты органикалық және бейорганикалық заттардың молекулаларының негізін құрайтын элементтер жатады. Бұлардың жасушадағы мөлшері 98%-ға жуық болғандықтан, олар макроэлементтер деп аталады. Сонымен қатар бұл топқа нәруыз (белок) бен нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін күкірт пен фосфор да кіреді. Бұларды биоэлементтер деп атайды.
Екінші топқа: ион түрінде кездесетін калий, натрий, кальций, магний, темір, хлор сияқты және т.б. элементтер жатады. Бұлардың жасушадағы жалпы мөлшері 1%-ға жуық. Бұл элементтердің қысқаша жасушада ерекше қызметтер атқарады. Мысалы, кальций мен фосфор сүйек ұлпасының құрамына кіреді, оның беріктігін арттырады. Сонымен қатар кальций элементі қанның ұюына қатысады. Ал гемоглобин нәруызының құрамында темір болады, ол оттекті өкпеден ұлпаларға тасымалдайды. Өсімдік жасушасындағы хлорофилл пигментінің құрамындағы магний элементі фотосинтез процесін тездетеді. Үшінші топқа: жасушада өте аз мөлшерде кездесетін элементтер жатады. Олардың жасушадағы мөлшері 0,02% болатындықтан микроэлементтер деп аталады. Микроэлементтер өсімдіктер мен жануарлар жасушаларында жүріп жатқан биохимиялық процестерге тікелей қатысады.
Топырақтың құрамындағы микроэлементтердің өсімдіктер мен жануарлар тіршілігіндегі маңызы ерекше. Өсімдіктер мен жануарлар белгілі бір микроэлементтерді табиғаттан алып, өз жасушаларында жинақтайды. Мысалы, теңіз балдырлары судан йодты сіңірсе, ал кейбір өсімдіктер судағы кобальтты жинақтайды. Жануарлар жасушаларында да әр түрлі элементтер жинақталады. Мысалы, никель — ұйқы безінде, молибден — мидың ақ затында, қалайы — тілдің сілемейлі қабықшасында, кадмий — бүйректе, барий — көздің торлы қабығында, бор — май ұлпаларында, хром— гипофиз безінде және т.б. жинақталатындығы анықталған. Әйткенмен де, топырақтың құрамындағы микроэлементтердің мөлшерінің кемуі немесе артуы

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Жасушаның құрамындағы бейорганикалық заттар
1. Жасушаның атомдық және молекулалық құрылымы
2. Су
3. Тұздар

Жасушаның құрамындағы бейорганикалық заттар
Жасушаның атомдық және молекулалық құрылымы.
Д, И. Менделеев жасаған химиялық элементтердің периодтық жүйесіндегі
кездесетін 110 элементтің 80-ге жуығы тірі жасушаның құрамында болатындығы
дәлелденді. Олар жасушадағы мөлшеріне қарай үш топқа белінеді. Бірінші
топқа: оттек, сутек, көміртек және азот сияқты органикалық және
бейорганикалық заттардың молекулаларының негізін құрайтын элементтер
жатады. Бұлардың жасушадағы мөлшері 98%-ға жуық болғандықтан, олар
макроэлементтер деп аталады. Сонымен қатар бұл топқа нәруыз (белок) бен
нуклеин қышқылдарының құрамына кіретін күкірт пен фосфор да кіреді. Бұларды
биоэлементтер деп атайды.
Екінші топқа: ион түрінде кездесетін калий, натрий, кальций, магний,
темір, хлор сияқты және т.б. элементтер жатады. Бұлардың жасушадағы жалпы
мөлшері 1%-ға жуық. Бұл элементтердің қысқаша жасушада ерекше қызметтер
атқарады. Мысалы, кальций мен фосфор сүйек ұлпасының құрамына кіреді, оның
беріктігін арттырады. Сонымен қатар кальций элементі қанның ұюына қатысады.
Ал гемоглобин нәруызының құрамында темір болады, ол оттекті өкпеден
ұлпаларға тасымалдайды. Өсімдік жасушасындағы хлорофилл пигментінің
құрамындағы магний элементі фотосинтез процесін тездетеді. Үшінші топқа:
жасушада өте аз мөлшерде кездесетін элементтер жатады. Олардың жасушадағы
мөлшері 0,02% болатындықтан микроэлементтер деп аталады. Микроэлементтер
өсімдіктер мен жануарлар жасушаларында жүріп жатқан биохимиялық процестерге
тікелей қатысады.
Топырақтың құрамындағы микроэлементтердің өсімдіктер мен жануарлар
тіршілігіндегі маңызы ерекше. Өсімдіктер мен жануарлар белгілі бір
микроэлементтерді табиғаттан алып, өз жасушаларында жинақтайды. Мысалы,
теңіз балдырлары судан йодты сіңірсе, ал кейбір өсімдіктер судағы кобальтты
жинақтайды. Жануарлар жасушаларында да әр түрлі элементтер жинақталады.
Мысалы, никель — ұйқы безінде, молибден — мидың ақ затында, қалайы — тілдің
сілемейлі қабықшасында, кадмий — бүйректе, барий — көздің торлы қабығында,
бор — май ұлпаларында, хром— гипофиз безінде және т.б. жинақталатындығы
анықталған. Әйткенмен де, топырақтың құрамындағы микроэлементтердің
мөлшерінің кемуі немесе артуы организмге қатты әсер етеді. Мысалы,
топырақта бордың жеткіліксіз болуынан қант қызылшасы, зығыр және т.б.
мәдени өсімдіктер ауруға ұшыраса, мырыштың мөлшерінің азаюынан өсімдік
жапырақтары теңбіл ауруына шалдығады, ал магний жеткіліксіз болса, астық
тұқымдастарының жасушаларында хлорофилдің мөлшері кемиді.
Демек, топырақтың құрамындағы микроэлементтердің жетіспеуі ауыл
шаруашылығы дақылдарының өнімділігін төмендетіп жіберетіндігі тәжірибе
жүзінде дәлелденді. Сондықтан ауыл шаруашылығы дақылдары мен көкөністердің
өнімділігін арттыру үшін әр түрлі тыңайтқыштар колданылады. Мысалы, бор
элементанің қосылыстары— қант қызылшасы, сұлы, жоңышқа, беде, зығыр,
кексағыз, жүгері және көкөніс дақылдары мен картоптың түсімін арттырады.
Жануарлардың жасушаларында фтор мөлшерден көп болса, тіс пен сүйек ауруға
шалдығады, өсімдіктің құрамында селен элементінің мөлшері артса, онымен
қоректенген малдың жүні түсіп, тұяғы дұрыс өспейді. Сол сияқты минералды
тұздардың жасушадағы мөлшерінің ауытқуына байланысты организм әр түрлі
ауруларға шалдығады. Оның дәлелі ретінде, Тараз қаласындағы фосфор зауыты
мен Өскемен қаласындағы мыс-мырыш зауыттарынан шығарылатын қалдықтардың
адам организміне тигізетін зиянды әсерлерін мысалға алсақ та жеткілікті.
Қорыта айтқанда, макроэлементтер жасушадағы бейорганикалық және
органикалық заттардың молекулаларының құрамына кіреді. Ал ион түріндегі
элементтер мен микроэлементтер жасушадағы биохимиялык реакциялардың
белсенділігін арттырып, организм тіршілігінде маңызды қызметтер атқарады.
Су. Жасушаның құрамында су едәуір мөлшерде болады, яғни жасушаның 75%-ға
жуығы судан тұрады. Судың мөлшері әр түрлі жасушада түрліше. Оның
мөлшерінің көп болуы жасушадағы зат алмасу әрекетінің белсенділігіне
байланысты. Мысалы, эмбрион жасушаларының 95%-ы, ми жасушаларының 80%-ға
жуығы су болса, ал белсенділігі төмен ескі жасушаларда 60%-дан аспайды.
Тірі жасушадағы судың қасиеттері, оның молекуласының құрамына байланысты.
Су молекуласындағы бір атом оттек екі атом сутекпен берік ковалентті
полюсті байланыс түзетіндіктен, оның молекуласы кеңістікте бұрыш жасай
орналасады. Оттектің электрон бұлты сутектің электрон бұлттарымен араласады
да, молекуланың беріктігін арттырады. Бұл беріктіктің, әсіресе жасушадағы
зат алмасу процесін реттеудегі рөлі ерекше. Мұны судың мынадай биологиялық
қасиеттерінен байқауға болады:
1.Су ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Клетканың химиялық құрамы
Бейорганикалық заттар
Цитология негіздері. Жасушаның химиялық құрылысы
Жасуша
Биологиялық макромолекула құрылысы және қызметі
Протопласт өнімдері
Жасушаны зерттеу
Ауыз қуысында астың қорытылуы
Катаболизм мен анаболизм арасындағы энергия алмасуы
Биология сабақтарында цитологиялық білімдерді қолдану әдістемесі
Пәндер